Болгария табиғаты мен тарихы


БОЛГАРИЯ (Блъгария ) - Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет.
Жері 110 мың км. Негізгі халқы Болгарлар (85%), бұған қоса түрік,
сыған, армиян, грек, т. б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы София
қаласы (1, 5 млн) . Мемлекеттік тілі - Болгар тілі. Халқының көпшілігі
православие дінін ұстанады, 13% мұсылмандар (1995) . Болгария -
парламенттік республика, Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы
заң шығарушы органы - бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы
билікті Министрлер кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін
Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті және оңтүстігін Стара -
Платина тауы (Балкан) алып жатыр. Басты өзендері Дунай, Искыр,
Марица, Струма, т. б. Көлдердің басым көпшілігі Рила, Пирин
тауларында. Жерінің 30%-ы орманды алқаб. Қара теңіз жағалауында
көптеген демалыс орындары орналасқан. Балкан жерін адамдар
палиолит дәуірінде қоныстана бастаған. 1 ғасырда фракилерді
Рим империясы бағындырып, мұнда Мезия мен Фракия провин-
цияларын құрады. 395 жылы Блогария жері Византия империясының
құрамына кіреді. 7 ғасырдың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан бас-
таған бұлғарлар (түркі тайпалары) Азов теңізі маңы мен солтүстік
Кавказ өңірінен көшіп келіп, 680 жылы Балкан таулары мен Дунайдың
төменгі ағысында славиян - бұлғар тайпалары мемлекеттің негізін қала-
ды. 9 ғасырда Сердиканы, Адрианопольді және т. б. аймақтарды қосып
алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді.
ТАБИҒАТЫ. Болгария қоңыржай белдеуде орналасқан. Солтүстігіндегі
бел- белесті Дунай жазығы шығыста Добруджа үстірті мен оңтустікте
Стара- Планина тауымен ұласады. Елдің орталық бөлігінде Стара- Планина
және Средна - Гора тауларын бір- бірінен Қазанлық, Карлово т. б. тектон-
иялық қазан шұңқырлар бөліп тұрады. Топырағы өте құнарлы. Жоғарғы
Фракия ойпаты Родоп және Средна - Гора тауларының аралығында жатыр.
Оны Қара теңіз жағалауындағы жазықтан бұйратты Тунджан аймағы
бөледі.
Болгарияның геологиялық құрылымы жағынан Жерорта теңізіне тән
қатпарлы белдеуге жатады. Болгарияның солтүстігінде докембри жыныс-
тарының үстіндегі палеозой, мезозой және кайнозой қабаттарнан түзілген
Мизия платформасы бар. Орталық Болгарияда палезой, юра, триас,
жыныстарынан құралған Стара - Планина мегантиклинорииі мен метаморф-
тық палезой, докембрий жынысты горстантиклинорийден құралған Средна-
Гора аймағы жайласқан. Оңтүстік Болгарияны палиогендік жамылған
докембрий жынысты Родоп массиві алып жатыр. Маңызды пайдалы
қазбалары көмір, темір рудасы, қорғасын, мырыш рудалары, мұнай
т. б. Климаты көп жерінде қоыржай континентік, тек оңтүстігінде ғана
жерортатеңіздік болып келеді. Жауын- шашынның жылдық мөлшері жазық-
ты жерде 450 - 600 мм, таулы аймақта 850 - 1300 мм. Дунай жазығы не-
гізінен күлгін топырақты, ал жоғарға Фракия жазығы өте құнарлы және
тығыз қара топырақты болып келеді.
ТАРИХЫ. Болгария жерін адам палеолит дәуірінде мекендеген. Неолит
дәуірінде егіншілік мәдениеті дамыған. Қола дәуірінде біраз мәдениет
дамыған, тегінде ол кездегі адамдар бақташылықпен шұғылданса керек.
Б. з. б. 8 - 6 ғасырлардағы грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жер-
лерді фракилер қоныстанған. 395 жылы болгария жері Византия империя-
сының құрамына енеді. 7 ғасырдың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан
бастаған бұлғарлар (түрік тайпалары ) Азов теңізі маңы мен солтүстік Кавказ
өңірінен көшіп келіп, 680 жылы Балкан таулары мен Дунайдың төменгі
ағысында славиян - бұлғар тайпалары мемлекеттің негізін қалады.
Бірінші Болгар патшалығы (1018 - 1186 жж) Византияға бағынған. 1187 -
1396 жылдардағы Екінші Болгар патшалығы алғашқыда Батуға салық
төлесе, 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Ноғай ордасына тәуел-
ді болды. Бытыраңқылықтағы Болгария жерлерін 14 ғасырдың аяғында
Осман Сұлтандығы өзіне бағындырды. 15 ғасырдан бастап қалалар көркейіп
елдің әл-ауқаты артты болгар шонжарларының бір бөлігі ислам дінін
қабылдады. Орыс - Түрік соғыстары (18 - 19 ғ. ғ. ) болгарларды тәуелсіздік
үшін күреске жұмылдырды. «Ізгілікті жасақ»(1862 ж), «Орталық астыртын
болгар комитеті» (1866 ж), «Болгар қоғамы» (1868 ж) секілді Бухаресте
құрылған ұлттық ұйымдар Осман сұлтандығы шеңберінде Болгарияға
автономия беруді талап етті. 1877 - 1878 жылдардағы орыс- түік соғысына
болгар жасақтары Ресей жағында соғысты. Сан - Стефан бітім шарты
(1878ж) бойынша, Болгария дербес мемлекет құруға қол жеткізеді.
Бірақ, Берлин конгресінің шешімімен (1878ж) солтүстік бөлігінде Туркияға
тәуелді Болгария князьдігі (1879жылдан астанасы София қаласы), оңтүстік
бөлігінде Осман сұлтандығы құрамында автономиялық Шығыс Румеля
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz