Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу


АҢДАТПА
Дипломдық жұмыста нарық жағдайындағы кәсiпорынның инвестициялық стратегиясы (мысалда “Торғай-Петролеум”) ұсынылды. “Торғай-Петролеум” ЖАҚ-ың инвестициялық iс-әрекетi және техникалық - экономикалық сипаттамалары қарастырылды.
Нарық жағдайындағы кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру және iс-әрекетi жайлы талдам жасалынған. Сондай-ақ, кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу жоспары құрылған.
Қазақстан Республикасы ғылым және бiлiм
Министрлiгi
Қ . И . Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық
Техникалық Университетi
Эколого-экономикалық институт
Экономика және минералды ресурстарды
басқару кафедрасы
Қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi
Экон. ғыл. докторы, проф., акад.
А. К. Ерали
«__» 2005 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖұМЫС
Тақырыбы: Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Стандарттау жөнiндегi кеңесшi Жетекшi
мұғалiм Экон. ғыл. канд, доц
С. К. Серiкбаев К. С. Мұхтарова
«__» 2005 ж «__» 2005 ж
Рецензент Студент
Экон. ғыл. канд, доц Тебеев А. Ч.
Ш. С. Ахметова Мамандығы 0702
«__» 2005 ж Тобы ЭТК-00-01қ
Алматы - 2005
Қ . И . Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық
Техникалық Университетi
Эколого-экономикалық институты
0702-Экономика және менеджмент әлеуметтiк ортада және салалар бойынша мамандығы
Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы
Диплом жобасын (жұмысын ) орындауға
Тапсырма
Студентке Тебеев Адайға
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Кәсiпорынның инвестициялық iс - әрекетiн жүргiзу
Жоғары оқу орны бойынша«__»___№___
бұйрықпен бекiтiлген
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзiмi «__»
Жобаның (жұмыстың) негiзгi деректерi
«Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ың инвестициялық iс-әрекетi және техникалық-экономикалық сипаттамалары
Диплом жобасында зерттелетiн мәселелердiң тiзiмi немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
а) Нарықтық жағдайдағы кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру. Инвестициялық процесстiң мағынасы және экономикалық мәндерi . ҚР-ғы инвестициялық ахуал.
ә) «Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ның инвестициялық тарту талдамы және оны қаржыландыру көздерi
б) Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу.
График материалдарының тiзiмi (мiндеттi сызбалардың дәл көрсетiлуiмен)
«Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ның техника-экономикалық көрсеткiштерi; Аймақ шетел инвестицияларының үлестерi
ұсынылатын негiзгi әдебиет Экономическая стратегия фирмы: Учебное пособие / колл. авт. под. ред. Ковалев В. В., Волкова О. Н.
Анализ хозяйственной деятельности предприятия. -М:ПБОЮЛ Гриженко Е. М. ; 2000. -424 с.
Тараулары көрсетiлген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер
Диплом жобасын (жұмысын) дайындау кестесi
Тапсырма берiлген күнi «__»
Кафедра меңгерушiсi Ерали А. К.
(қолы)
Жоба (жұмыс) жетекшiсi Мұхтарова Қ. С.
(қолы)
Тапсырманы орындауға
қабылдады студент Тебеев А. Ч.
(қолы)
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу Торғай-Петролеум ЖАҚ мысалында диплом жұмысы
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе5
I. Бөлiм. Нарықтық жағдайдағы кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру. 11
1. 1 Инвестициялық процесстiң мағынасы және экономикалық мәнi11
1. 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал30
1. 3 Қазақстан Республикасындағы кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн мемлекеттiк реттеу. 44
2. Бөлiм. «Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ның инвестициялық iс-әрекетi жайлы талдам54
2. 1. «Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ның техника-экономика сипаттамасы54
2. 2. «Торғай-Петролеум» ЖАҚ-ғы инвестицияны тарту талдамы70
2. 3 Кәсiпорындағы инвестициялық тұтынушылық және оны қаржыландыру көздерi90
3. Бөлiм. Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу102
3. 1 Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру102
Қорытынды және ұсыныс120
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi126
Кiрiспе
Қазақстан өз тәуелсiздiк мезгiлiнде көптеген мемлекеттiк iлгерiлеу мен өркендеуге қол жеткiздi. Қазақстан мемлекеттiк экономикалық инвесторларды өзiне тартуда қоғамдық кеңiстiктегi бiрден-бiр жетекшi роль атқарды. Ол тек стратегиялық шикiзат түрлерiн экспортқа шығаратын мемлекет қана емес, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асырудағы қолайлы орта мен құқықтық база болып табылады. Қазiргi кездерде Қазақстан экономикасының негiзгi инвесторлары болып АҚШ, Азия және Еуропа компаниялары болып табылады. Егер олармен жасалған жоба инвестициялық көлемге қолайлы болса, онда ол заңды деген сөз.
Қазақсатнның өркендеуiндегi ұзақ мерзiмдi басым жоспарлардың бiрi Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы, яғни “Қазақстан-2030” бағдарламасы болып отыр. Онда «экономикалық өсу, шетел инвесторларын жоғары деңгейде тарту экономикалық өркендеуде бағытталады» - деп аталып көрсетiлген.
Қазақстан Республикасының экономикаға көшудегi негiзгi өркендеуiн, қорлардың сақталуын, жоғары технологиямен экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуiн инвестицияның мәнiнсiз елестету мүмкiн емес. Әлемдiк тәжрибе дәлелдеп отырғандай ЖIӨ- нiң әрбiр өсу пайызына мемлекет кем дегенде 3% өндiрiстiк инвестиция бөлуi керек.
ҚР пайдалы қазбалар қорына кең көлемдi ауыл-шаруашылықтың пайдалы жерлерiне, маманданған кадрларға, сондай-ақ белгiлi деңгейдегi өнеркәсiптiк әлеуметке өте бай, бiрақ оларды тиiмдi пайдалануға инвестиция жеткiлiксiз .
Қазақстан экономикасының өркендеуiне Үкiмет қана емес, iшкi инвесторлардың өздерi де толық алып кетуге дайын емес. Сондықтан сыртқы инвестицияларды, онда да отын -энергетикалық немесе минералды шикiзат секiлдi стратегиялық салаларды тартуға тура келуде.
Бүгiнгi күндерi халықаралық қорды импорттау Қазақстан экономикасын жылдам өсiрудiң бiрден-бiр жолы болып отыр. Бiздiң республикаға инвестицияларды тарту тиiмдi болу үшiн, шетел инвесторларына барлық жағдайды жасау керек, яғни қолайлы инвестициялық ахуал туғызу қажет.
Инвестициялық ахуалды жақсарту үшiн шетелдiк және отандық қормен технология масштабын қамтамасыз ету керек. Егер республикалық кен ресурстары жоғарғы потенциялдық мүмкiндiктермен бiрге пайдалы қазба бағамының саны мен коммуналдық меншiк құны нақты облыстық қарыз - несие қорымен есептелсе, онда iшкi және шетел инвесторларын тарту нақтылы алғы шарт бойынша жүзеге асады.
Мұнай негiзгi отын ресурсы болғандықтан, ағымдағы ұзақ мерзiмде, қазiргi заман энергетикасының шикiзат көзi болып қалады және осы ресурстармен қамтамасыз ету сұрақтары немесе жеткiзу кепiлдiктерi белгiленген бағада негiзгi стратегиялық даму бойынша қалыптасады, сондай-ақ әлемдiк шаруашылықтың негiзгi мәселесi болып табылады. Әлемдiк елдерде энергетикалық баланс бойынша мұнай мен газ үлесi, энергияның көздерiне қарағанда тез өседi. Егер энергияға сұраныс бiр жылда орташа 5%-ке өссе, онда мұнайға 7-8%-ке дейiн көтерiледi.
Экономикалық дағдарыстағы Қазақстанның өркендеуiнiң негiзгi мөлшерiн мұнай құрап отыр. Мұнай мен газдың қосалқы қоры жуықтағанда 2, 1 млрд тонна мұнай мен 1, 65 триллион м 3 газды құрайды.
Мұнайдың негiзгi шығатын жерi Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Атырау облыстары) және 80 жылдардағы Қызылорда облысының терри- ториясындағы Құлкөл кенiшi болып табылады. Бұлар Қазақстанның жылдық мұнай деңгейiнiң өсуiн сипаттайтын бiр ғана өнiм . Мұнай өнiмi жаңа ұңғыларды енгiзуге байланысты, қазiрше тек интенсивтi ғана емес, сондай-ақ экстенсивтi сипатта болып отыр.
Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiне талдам жасау және инвестициялық тартуларды жоғарылату жолдарын анықтау. Талдам мен қарастырудың негiзгi мақсаты көзi (объектiсi) болып:
- Қазақстан Республикасы Қызылорда облысындағы «Торғай-Петролеум» ЖАҚ табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшiн келесi түрдегi мiндеттердi орындаған жөн:
- кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiнiң теориялық негiзiн оқу;
- Қызылорда облысындағы инвестициялық ортаны қазiргi заманға сәйкес бағалау;
- құқықтық базалардың қамтылуын қарастыру ;
- кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау;
- инвестициялық iс-әрекетке талдам жасау ;
- инвестициялық тартудағы тиiмдiлiктi жоғарлатудың негiзгi жолдары және т. б.
Диплом жұмысын орындау кезiнде шетелдiк және отандық ғалым - экономистердiң инвести- циялық сұрақтары туралы еңбегi, ҚР ұлттық агенттiгiнiң негiзгi көрсеткiштерi, сондай-ақ “Торғай- Петролеум “ ЖАҚ -ның 2001- 2003 жылдардағы бухгалтерлiк есебi қолданылған .
I. Бөлiм. Нарықтық жағдайдағы кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру.
1. 1 Инвестициялық процесстiң мағынасы және экономикалық мәнi
Экономикалық жүйенiң үздiксiз жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн өндiрiстiк процесс ресурстар шығынын әрдайым жаңғыртып отыруы керек . Экономикалық ресурстардың бiрi өндiрiстiк қор жиынтығы - капитал (қор) болып табылады . Өндiрiстiк қорды (негiзгi капиталды) iске асыру, кеңейту, оған жағдай жасау инвестицилық процесс кезiнде жүредi . Инвестициялық процесс 2 түрде қарастырылады : кәсiпорынның негiзгi қорындағы құндық ағын бойынша және келешек қосымша қор түрiнде . Сондықтан, инвестицияны кейде iс-әрекетiне қарай күрделi қаржы жұмсау процесi, ал оның нәтижесi - “капитал (қор) игiлiгi “ деп түсiндiрiледi .
Инвестиция объектiсi келесi түрде болады:
- жоба масштабы (шағын жобалы және мега жобалы) ;
- жобалық бағдар (коммерциялық, әлеуметтiк, мемлекеттiк қызығушылыққа байланысты, т. б)
- инвестициялық циклдың мағынасы және сипаттамасы (өмiрлiк циклдың барлық этабында немесе бiр ғана этапта) ;
- Мемлекеттiң қатысу деңгейiне және сипатына қарай (мемлекеттiк күрделi қаржы, акция пакетi, салық жеңiлдiктерi, кепiлдiк, т. б. формалар) ;
- қор салудың негiзгi құндылығы және деңгейi;
Инвестициялық қызмет субъектiсi инвесторлар (инвесторлық iс-әрекет жүргiзетiн заңды және жеке тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмыс атқарушылар, инвесторлық iс- әрекет объектiсiн қолдаушылар, сондай- ақ жабдықтаушылар, заңды тұлғалар (банктiк сақтандыру және делдалдық ұйымдар, инвесторлық қорлар) және инвесторлық процесстiң басқа да қатысушылары болып табылады.
Инвесторлық қызмет субъектiсiн тұтынушылар болып, инвесторлар сондай- ақ заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мунипалдық ұйымдар, инвесторлық объектiсi қалыптасқан шетел мемлекетi және халықаралық ұйымдар табылады.
Инвесторлық қызмет объектiсi инвестицияны тәжiрибелi өткiзудегi инвестициялық аяда ( салада) iске асырылады.
Инвестициялық ая ( сала) құрамына кiретiндер:
- негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қор саласындағы инвестициялық қаржы жүретiн күрделi құрылыс аясы;
- ғылыми техникалық өнiм мен интеллектуалдық капитал өндiретiн инновациялық ая;
- қаржы капиталы айналысының аясы (ақшалай, саудалық және әртүрлi жағдайлардағы қаржылық мiндеттер) .
Инвестиция бiр жағдайдан екiншiге ауысуға қолайлы экономиялық жүйенiң даму көзi болып табылады. Мағынасына қарай, инвестициялық процесстi өндiру әлеуметтiк- экономиялық жүйе жағдайындағы анықталған өзгерiстерге байланысты және инвестиция мақсатын сипаттайтын параметрлер көмегiмен көрсетiлген, белгiленген жағдайдағы мақсатты бағыттағы процесс.
Инвестициялық процесстiң өзiн экономикалық жүйе негiзiнде көруге болады. Оның жұмыс iстеуi күрделi өзара iс- әрекеттегi кешеннiң iшкi және сыртқы факторы бойынша жүзеге асады.
Инвестициялық процесс кестесi
S H IYI S k
IXI
IZI
IZ 1 I
IXI - бастапқы жағдайдағы вектор
- нәтижелер векторы
IZI- iшкi факторлар векторы
IZ 1 I - iшкi қоршаған орта әрекетiнiң векторы
IS k I- кәсiпорынның соңғы ( қалауы бойынша) жағдайы
IS H I- кәсiпорынның бастапқы жағдайы.
Инвестиция - экономиканың әр түрлi саласындағы ұзақ мерзiмдi сақтауға және ұлғайтуға салынған күрделi қаржы. Елдi қызықтыратын инвестициялық капиталды қолдану белгiсiне, ұсыну жағдайына үш түрлi каналға бөлуге болады.
А тобы, экспорттық несиенi құрайды, яғни тек экспорттық елдердiң қызметi немесе тауар сатып алуына қарай берiлген несие түрiндегi бiр немесе топтасқан жоба. Олар 2 негiзгi түрде жүзеге асырылады:
- Инвестициялық, яғни 3 жылдан жоғары ұсынылған технология, құралдарды жеткiзу мақсатындағы;
- дайын тұтыну тауарын, сондай-ақ инвестициялық жобаға негiзсiз құралдар мен қосымша бөлшектердi жеткiзу
(3 жылға дейiнгi мерзiм) .
Әлемдiк тәжiрибеде ыңғайлы экспорттық несиелер iрi, сенiмдi банктердiң кепiлдiгiмен ғана берiледi. Бiрақ, экономикалық өтпелi елдерде саяси және экономикалық тәуекелдiлiк бойынша экспортерлар үкiметтiк кепiлiдiктi қажет етедi. Бұл жағдайда кепiлдiк үш деңгейдi қамтиды:
Соңғы қарызгердiң қарсы кепiлдiгi; қарызгер елдердiң банктiк қарсы кепiлдiгi; қарызгер мемлекет кепiлдiгi. Бұдан несиенi өтеу жауапкершiлiгi ең бiрiншi қарызгерге, тәуекелдiлiк есебi бойынша банкке, содан кейiн бюджетке жүктеледi. Үкiметтiк кепiлдiк - банк бекiткен несие туралы келiсiмнiң негiзгiсi болып табылады.
Б тобы, дамуға байланысты арнайы көмектi (ДАК) құрайды. Экономикалық дамудағы арнайы көмек мемлекетке үкiмет аралық деңгейде ұсынылады және оның екi формасы бар: техникалық және қаржылық.
Техникалық көмек әртүрлi аумақтағы қызмет көрсету: ; оқуға, кеңес беруге, құрал-жабдықтарды сатып алуда жүргiзiледi. Бұндай көмек 2 түрде жүредi:
- Грант - техникалық көмек алушы елдерге өтеусiз, тегiн беру;
- Қарыз - техникалық көмектi төлеммен жылдам және қайтарылым негiзiнде беру.
Қаржылық көмек әлеуметтiк - экономикалық мiндеттердi шешуге қажеттi инвестициялық жобасындағы импорттық тауар мен төлемдiк байланысты қолдануға жүргiзiледi.
В тобына, шетел қаржыларының елдiң экономикасына келiп түсуiндегi қосымша құн бөлiмi бойынша қаржыланған инвестиция жатады. Ол 2 түрге бөлiнедi:
Тура инвестиция (нақтылы немесе қаржылық үлгiдегi) - кәсiпорынның жеке тәуелдiлiгi бойынша ел экономикасына шетел қаржыларын салу және қоржындық инвестиция қаржыларын салу және қоржындық инвестиция(қаржылық) - жалған капи- талға қаржылық қор салу: акция және т. б бағалы қағаздар . В тобындағы инвестицияның тартымдылығы (үкiмет үшiн) кепiлдiктi қажет ететiндiгi болып табылады.
Халықаралық қоржындық инвестиция мемле- кеттiк төлем балансы бойынша мемлекеттiң қаржысын әр түрлi iшкi және сыртқы факторлардың әсерiнен реттеп отырады. Инвестицияланатын экономикалық даму бойынша ұзақ мерзiмдi тура инвестициядан айырмашылығындағы басты мақсаты элемент бойынша жеке және қарыз капиталы көлемiнiң өсуiне байланысты қаржылық қор алу.
Олар қысқа мерзiмдi толқу бойынша макроэкономикалық жағдайдағы өте сезiмтал, әрi әсерлi және де әлемдiк нарық жағдайының өзгеруiне байланысты көп жұмылдыруымен сипатталады. Төлемдiк байланыстағы қоржындық инвестиция акция бойынша, содай-ақ орталық банктiң валюталық және тура активтер құрамы арқылы келетiн ұзақ және қысқа мерзiмдi қарыздық бағалы қағаз бойынша операция жүргiзiледi. Қоржындық инвестициядағы компанияның акционерлiк қорына иелiк үлес құқығын беретiн бағалы қағаздарға 100% акциядан аз бейрезиденттер немесе кәсiпорынның акционерлiк капитал көлемiне байланысты американдық ғалым депозиттiк қолхаттар жатады. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы жергiлiктi нарық қорындағы еркiн тәртiптегi бейрезидентке қол жеткiзу бойынша түсiндiрiледi. Шетелдiк қоржындық инвестиция республикада шексiз. Қазақстандағы нарықтық жағдайдың дамуындағы негiзгi факторлар шетел инвестицияларын тарту болып табылады. Сыртқы инвестицияларды тартудың негiзгi себебi экономикалық саладағы көптеген шаруашылық субъектiлердiң қаржылық - экономикалық жағдайына байланысты болып отыр. Бiрiншiден, осы кәсiпорындағы өндiрiс көлемi 50 пайызға және одан да көпке төмендеген. Құнсыздықтың өсуi айналым капиталын қысқарта отырып, жеке айналым қорынсыз қалуда. Екiншiден, амортизациялық саясаттың болмауы. Үшiншiден, ТМД елдерiндегi, сондай-ақ Қазақстанда қазақстандық өнiмдердi тұтынушылар ауыр жағдайға душар болуда және уақтылы төлем мүмкiндiгi жоқ болғандықтан төлемнiң өсу жағдайына әкелуде. Бiрақ шетелдiк инвестициялық ресурстарды тарту мүмкiндiгi тек таза қаржылық аспект бойынша анықталынады. Отандық машина құрылымын қолданбау және өндiрiстiк құралдардың тозуы көптеген экономикалық салалардың құрал-жабдықтарды шетелдерден валютаға сатып алуына әкеп соғуда. Бұл жағдайда шетелдiк инвестиция iшкi дамуды жылдамдатқыш болып есептеледi.
Шетелдiк инвестициялар, шетелдiк несие түрiнде және шетелдiк тура инвестиция түрiнде келедi. Тиiмдiсi болып тура инвестиция табылады және ол басқа формаларға қарағанда экономикалық жәрдем бойынша артықшылыққа ие. Олар өндiрiстiк тауармен қызмет көрсету, қамтамасыз ету, әлемдiк технологияны тарту, басқарудың берiлу әдiсi және маркетинг бойынша күрделi қаржыны тартудың негiзгi көзi.
Тура инвестиция несиеге қарағанда елдiң iшкi қарыздарының қоспасына ауыртпалық әкелмейдi. Шешiм қабылдауда шетелдiк серiктестер мен шетелдiк ресурстарды тартуда ынтымақтастықтың әртүрлi болатындығын ескерген жөн. Олардың iшiндегi келесi түрлерiн атауға болады:
- жөнелтiлетiн технологияның кәсiпорындағы халықаралық коорпорациясы немесе кейде жеке бiрiккен ұйым құру;
- шетелдiк несиелер алу;
- лизинг негiзiнде шетелдiк құрал - жабдықтар алу;
- өтiмдiк негiзде несие алу;
- әр түрлi шетелдiк үлестердiң қатысуымен бiрiккен кәсiпорын құру жолындағы кәсiпкер лiк түрдегi шетел қаржыларын тарту, сондай -ақ шетелдiк инвесторларға акция сату;
- шетелдiк капиталға толық жататын кәсiпорын құру;
- заңды тұлғалардың қатысуынсыз келiсiм базасы бойынша кәсiпорынның дамуы үшiн шетелдiк компаниялармен ынтымақтастық құру;
- келiсiм шарт негiзiнде немесе кәсiпорынның келiсiм бөлiмi бойынша шетелдiк капиталдарды тарту;
- белгiленген аймақтарда шетел капиталдарын тарту бойынша белсендi бағыттағы арнайы экономикалық аймақ құру.
Аталған барлық шетелдiк инвестиция тарту формалары ұзақ мерзiмдi сипаттайды. Олар iстiң дұрыс құрылуына, құрылымдық мәселелердi шешуге, аз инвестициялық шығындар арқылы салалық және салааралық экономиканың өзгеруiне көмек бередi. Сондай -ақ олар басты индустралды елдерде технологиялық әлсiздiгiнiң қысқартуын жылдамдатуға көмектеседi.
Осы ынтымақтастық формалардың барлығы Қазақстан экономикасының көтерiлуiне және мiндеттердi тұрақты шешуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ, олардың iс-әрекетi мен құлдырауы экономикалық саяси тұрғыда тұрақсыз екендiгiн атап өткен жөн.
Экспорттық бағалау бойынша, инвестицияның Қазақстанға енуi жеткiлiктi жағдайда тұрақталуда. Жуықтағы талдамдар бойынша тура инвестициялар 2003 жылы 15337, 9 млн АҚШ долларын құраса, 2002 жылы бұл көрсеткiш 1333, 3 млн АҚШ доллары деңгейiнде болған . 1997-2003 жылдарда шетелдiк тура инвестициялардың жалпы жиынтық ағымы 9267, 1 млн АҚШ долларын құраған.
Шетелдiк тура инвестициялардың жалпы ағымы мұнай-газ секторы бойынша 49, 2 %, түрлi-түстi металдар бойынша 22, 8%, энергетикалық кешен бойынша 4, 3% құрайды.
Нарықтық экономикада барлық бөлiмше экономикасының орта негiзiнде жұмыс iстейдi. Нарықтыш реттеуiш қатынастарға өту нарықты реттейтiн негiзгi инвесторлық процесстердiң түбегейлi өзгеруiне әкеледi. Реттеудiң негiзгi объектiсi болып инвестиция табылады. Олар басқа да ақша, қаржы, несие, пайда, баға секiлдi өндiрiстiк негiзгi қорлармен айналым қорларын сипаттайтын құндық категорияларды қолданудың бастапқы базасы болады.
Инвестиция мүлiктiк және зиялы құндылықтың барлық түрiн сипаттайды. Және нәтижесi пайда бойынша немесе әлеуметтiк тиiмдiлiкке жету негiзiнде қалыптасады.
Бұндай құндылықтарғы:
- Қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк (ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. материалдық құндылықтар), яғни өндiрiсте қолданылатын немесе өнiмдi болып табылатын физикалық активтер;
- Ақша қоры, мақсатты жағдайлардағы банктiк салымдар, несиелер, акция және т. б. бағалы қағаздар, яғни ақша сомасын алуға құқығы бар ақшалай активтер;
- Ақшалай құқықтан туындайтын мүлiктiк құқық «ноу-хау» лицензиясының тәжiрибесi және интеллектуалдық құндылықтар, жер және басқа да табиғи ресурстарды қолдану құқығы, сондай-ақ материалдық емес активтер. «Ноу-хау» дегенiмiз - өндiрiстi ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжiрибелер, жаңалықтар, техникалық құжаттарды безендiру, бiлiм, коммерция, техника, технологиялық жаңалықтар ашу. «Ноу-хау» әр түрлi деңгейде болады, яғни ғылыми-техникалық, басқарудағы қаржылық жағдайда;
Инвестицияны нақтылы активтерге дайындау және талдам жасау, оның түрiне байланысты, яғни кәсiпорынның алдында тұрған негiзгi мiндеттерiне шешуге көмектесуiне байланысты . Осыған орай мүмкiн болатын инвестиция түрлерiн келесi жағдайдағы негiзгi топтарға жiктеуге болады:
- Тиiмдiлiктi жоғарлататын инвестиция Бұның негiзгi мақсаты құрал-жабдықтарды ауыстыра отырып, фирманың шығынын азайту, қызметкерлердi оқыту немесе өндiрiске тиiмдi жағдайдағы өндiрiстiк құндылықты арттыру.
- Өндiрiстi кеңейту мақсатындағы инвестиция. Бұның мақсаты нарықта өз орны бар кәсiпорынның шығарған тауарларын көбейту.
- Жаңа өндiрiс құрудағы инвестиция. Бұндай инвестициялар жаңа тауар түрiн шығаратын кәсiпорындар ашу немесе нарықта бар тауарларға жаңа өзгерiстер енгiзу.
- Мемлекеттiк басқару ұйымдарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатындағы инвестициялар. Бұл инвестиция жоғарғы орындарда экологиялық стандарт бөлiмi бойынша, өнiмнiң қауiпсiздiгi жағынан немесе басқа да iс-әрекетi жағынан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Инвестицияға мұндай классификация енгiзудегi себеп әр- түрлi деңгейдегi тәуекелдiлiк болып отыр. Инвестиция типтерi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланысты келесi түрдегi кестеден көруге болады
1. 1. кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz