Күрделі аталымдардың ғылыми негіздері мен басты ұстанымдары



Қоғам өміріндегі қарым-қатынастың ең басты құралы саналатын тілді халық жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Қоғамның дамуы, өмірдегі өзгерістер, әр түрлі құбылыстардың бәрі де тілден көрініс тауып, аталым ретінде халық қазынасына айналады. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – оның сөзжасам, терминдік жүйесі. Тілде жаңа аталым және термин жасау, оның сөздік құрамын, сөзжасамдық, терминдік жүйесін реттеудің негізгі көзі біріншіден, ұлттық тілдің сөздік құрамы, әдеби тілі, лексикалық қабаты болып саналады.
Қазақ тілінде атау, сөз жасау күрделі мәселелердің қатарына жатады. Ол – негізінен тілдегі сөзжасам үдерісінің аясына енетін мәселе. Сөзжасам үдерісінде, оның ішінде күрделі аталым мәселесінде тілшілердің тірек ететін негізгі қазақ тілінің лексикалық қоры, оның негізгі сөздік құрамы. Жаңа аталым сөздік қордағы байырғы сөздердің негізінде, яғни түбірлер негізінде жасалады. Сөзжасам саласында әр түрлі құрылымдық типтер (түбір, туынды түбір, күрделі аталым (сөз), тіркесті атаулар т.б.) молынан кездеседі.
Күрделі аталымның қоғамдық өмірде қолданыс аясы кең. Тіл білімінде тілдік бірлік ретінде танылатын күрделі сөзге тән және оны сөз тіркесінен ажырататын семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық құрылымдық белгілері алынады.
Түркітануда Ф.А.Ганиевтің «Образования сложных слов в татарском языке» деген еңбегінде татар тілінде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздердің құрылымы туралы:
• сыңарлардың атрибутивтік қатынаста келуі;
• сыңарлардың комплетивтік қатынастағы сөзқосымдар.
Ғалым қазіргі татар тілінде күрделі сөздің көбі сыңарлардың атрибутивтік қолданыста келуінен жасалған деген пікір білдіреді. Бұл тәсіл бойынша бірінші сыңар екінші сыңардың атрибуты ретінде қызмет атқарады. Күрделі сөздердің сыңарларының арақатынасы, байланысы жайында жаңа бағытта Б.Қасымның докторлық диссертациясына теориялық негіздерін аталым және уәждеме теориясына негізделген ұстанымдары көрсетілген. Күрделі аталымдардың сыңарлардың мағыналық үйлесімдік сәйкестігі, қарым-қатынастағы мағыналық, семантикалық үйлесімдік т.б. сыңарлардың мағыналық дәрежесіне қатысты шығады. Осыдан барып, күрделі сөздердің сыңарларының уәжділік дәрежесі қалыптасып, жалпы күрделі аталымның біртұтас мағыналық құрылымы қалыптасады:
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1976-1984 ж.
2. Қазақ тілінің сөздігі. –Алматы, 1999.
3. Орфографиялық сөздік. –Алматы, 2007.-480 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Б.Қасым – Абай атындағы ҚазҰПУ,
Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессор

Күрделі аталымдардың ғылыми негіздері мен басты ұстанымдары

Қоғам өміріндегі қарым-қатынастың ең басты құралы саналатын тілді халық
жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Қоғамның
дамуы, өмірдегі өзгерістер, әр түрлі құбылыстардың бәрі де тілден көрініс
тауып, аталым ретінде халық қазынасына айналады. Оның басты
көрсеткіштерінің бірі – оның сөзжасам, терминдік жүйесі. Тілде жаңа аталым
және термин жасау, оның сөздік құрамын, сөзжасамдық, терминдік жүйесін
реттеудің негізгі көзі біріншіден, ұлттық тілдің сөздік құрамы, әдеби тілі,
лексикалық қабаты болып саналады.
Қазақ тілінде атау, сөз жасау күрделі мәселелердің қатарына жатады. Ол
– негізінен тілдегі сөзжасам үдерісінің аясына енетін мәселе. Сөзжасам
үдерісінде, оның ішінде күрделі аталым мәселесінде тілшілердің тірек ететін
негізгі қазақ тілінің лексикалық қоры, оның негізгі сөздік құрамы. Жаңа
аталым сөздік қордағы байырғы сөздердің негізінде, яғни түбірлер негізінде
жасалады. Сөзжасам саласында әр түрлі құрылымдық типтер (түбір, туынды
түбір, күрделі аталым (сөз), тіркесті атаулар т.б.) молынан кездеседі.
Күрделі аталымның қоғамдық өмірде қолданыс аясы кең. Тіл білімінде
тілдік бірлік ретінде танылатын күрделі сөзге тән және оны сөз тіркесінен
ажырататын семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік
тұтастық құрылымдық белгілері алынады.
Түркітануда Ф.А.Ганиевтің Образования сложных слов в татарском языке
деген еңбегінде татар тілінде сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сөздердің
құрылымы туралы:
( сыңарлардың атрибутивтік қатынаста келуі;
( сыңарлардың комплетивтік қатынастағы сөзқосымдар.
Ғалым қазіргі татар тілінде күрделі сөздің көбі сыңарлардың
атрибутивтік қолданыста келуінен жасалған деген пікір білдіреді. Бұл тәсіл
бойынша бірінші сыңар екінші сыңардың атрибуты ретінде қызмет атқарады.
Күрделі сөздердің сыңарларының арақатынасы, байланысы жайында жаңа бағытта
Б.Қасымның докторлық диссертациясына теориялық негіздерін аталым және
уәждеме теориясына негізделген ұстанымдары көрсетілген. Күрделі
аталымдардың сыңарлардың мағыналық үйлесімдік сәйкестігі, қарым-қатынастағы
мағыналық, семантикалық үйлесімдік т.б. сыңарлардың мағыналық дәрежесіне
қатысты шығады. Осыдан барып, күрделі сөздердің сыңарларының уәжділік
дәрежесі қалыптасып, жалпы күрделі аталымның біртұтас мағыналық құрылымы
қалыптасады:
Күрделі атау – тілдік аталым құралы, тілде туынды лексема ретінде
қалыптасқан сөздер. Дәлірек айтқанда, лексикалық күрделі атауларды
қалыптастыру – тілдік қордағы бар байырғы сөздерді, сөзжасамдық құралдарды
қолдану, пайдалану, сол арқылы жаңа атау сөз жасау. Күрделі атаулар тілдік
және тілден тыс ұғымдардың зат → таным → ұғым → мазмұн → мағына → белгі →
таңба т.б. жиынтығынан тоғысып, бір-бірімен байланысып түзілетін лексикалық
бірліктер. Сөзжасам негізінде жасалған күрделі атауларды даяр тілдік
бірліктер десек, олардың ішкі мағыналық құрылымы (ішкі мағыналық құрылым -
внутрення форма слова) – жаңа күрделі аталымдардың табиғатын айқындауға жол
сілтейтін шешуге мүмкіндік жасайтын негізгі тәсіл. Ол күрделі атаудың
мағынасын қалыптастырудағы негізгі құрал.
Ал сыңардың мағынасы жайлы түркологияда толық жүйеленіп, бірізге
түскен жоқ. Бірақ мұны мүлдем айтылмаған деуге болмайды. Әр түрлі дәрежеде,
әр түрлі пікірде зерттеулер бар. Мысалы, Э.В.Севтортян Словообразование в
тюркских языках, Ф.А.Ганиевтің Образования сложных слов в татарском
языке еңбектерін айтуға болады.
Тіл ғылымында сөзжасамдық зерттеуге және оның қоғам үшін мәнін, маңызын
анықтауда Е.С.Кубрякова, А.И.Моисеев, О.И.Блинова, Н.Д.Голев,
Б.О.Орузбаевалардың т.б. және қазақ тілі сөзжасамы және терминінің алғашқы
іргетасын, негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев,
М.Балақаев, К.Аханов т.б ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Қазіргі
қазақ тіл білімінде бұл сала арнайы зерттеу нысаны, белгілі бағыт-бағдары
бар, ауқымды лингвистиканың саласына айналды. Осы саланы терең зерттеп, ой-
пікір айтып жүрген тілшілер Н.Оралбай, Ғ.Қалиев, Ө.Айтбаев, Н.Уәли,
Б.Қасым, А.Салқынбай, Ш.Құрманбекұлы т.б. сонымен қатар арнайы зерттеп
жүрген жас тілшілерді атауға болады.
Жаңа сөз, атау, жаңа термин жасаудың тілдерде оның ішінде, әсіресе
түркі тілдерінде қалыптасқан бірнеше жолын атап көрсетуге болады:
семантикалық тәсіл, ситетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл және калькалау
тәсілі. Бүгінгі күні баспасөз беттерінен көрініс тауып, қалыптасып жатқан
жатқан жаңа атауларды айтуға болады. Солардың бірі – күрделі аталымдар
(сөздер). Күрделі сөзге қатысты толымды ойлар мен ұсыныстар, әркімді
толғандырып жүрген өзекті мәселелер баршылық. Солардың бірі – күрделі
аталымдардың жазу емлесі әлі күнге дейін дұрыс жүйеленбеген, жазу
мәселесінде бірізділік байқала бермейді, бір ізге түспеген (нормаланбаған).
Әлбетте, жазу емлесі барша жұртшылыққа бірдей болғандықтан, оның ереже-
емлесі де көпшілікке, қалың қауымға ортақ, тұрақты болуы тиіс. Жазу белгілі
жүйеге, тәртіпке бағыну керек. Ол сауаттылықтың негізі, ұстанымы болуы
тиіс. Әсіресе, күрделі сөздер мен сөз тіркестері бір ізге түспегендіктен,
бүгінгі баспасөз беттеріндегі, БАҚ, жарнамадағы қателіктерден аяқ алып жүре
алмайсыз. Қалың жұртшылықты толғантып жүрген мәселе де осы күрделі сөздің
төңірегінде. Мысалы, әлем тілдерінің ішінде: неміс, ағылшын, орыс
тілдеріндегі күрделі сөздер номинациялық қызметке жетсе, оларды міндетті
түрде бірге жазу ұстанымдарын (принципін) ұстайды. Дәлел ретінде мына
сөздерді келтірейік: орыс. зубопротезирование, бензозаправка, грузотакси,
цветомузыка, цветопсихолог т.б.
Қазақ тілінде соңғы оншақты жылдың ішінде саяси, әлеуметтік, мәдени
өміріміздегі жаңа ұғымдармен байланысты қаншама күрделі сөздер еніп отыр.
Бұл сөздер – жазу тәжірибемізде көп қиыншылық тудырып келе жатқаны да
белгілі және өзекті мәселе. Мысалы, бетбұрыс, елбасы, елтаңба, әнұран,
елорда, ақорда, атазаң, ататек, тілашар, бағдаршам, отбасы, ойсана,
ойтолқын, ойпікір, әуежай, әуеайлақ, ұжымшар, мұражай, пікірхат, ғаламшар,
ғарышжай, айыппұл, төлқұжат, жолсерік, ақтаңдақтар, зілзала, өмірдерек,
мерейтой, тұрғынжай, жұмыр жер, ғарыш айлағы, қазылар алқасы, пресс-хатшы,
пресс-брифинг, пресс-конференция, конгресс-холл, астана-холдинг, бизнес-
семинар, көрме-жәрмеңке, КМҚК, ТМД, ААҚ, ЕҚЫҰ, ЖШС, ЖАК, ЭЕМ, ҰҒА, т.б.
сияқты сөздер жаңа мағынада жұмсалатын күрделі сөздер. Бірақ осы сөздердің
жазылуы сөздіктерден бастап, күнделікті баспасөз беттеріндегі ала-құлалықты
байқайсыз.
Күрделі сөздерді бірге немесе бөлек жазуға қағида, ережелер баршылық.
Мәселе жазу ережесінде емес, соған сәйкес келетін күрделі сөздерді басқа
тілдік құбылыстардан ажыратуда. Ол үшін күрделі сөздің номинациялық негізін
(мотивін) анықтап, сөздік (лексема) дәрежесіне қай уақытта жетеді, соны шек
келтірмейтіндей ғылыми дәрежеде дәлелдеп, анықтау. Күрделі аталым (сөз) –
дара сөз секілді қатысым (коммуникативтік) және атаулық тілдік қызмет
атқаруымен қатар, бірінші кезекте, тілдік атауыш (номинация) құралы, тілде
туынды лексема ретінде қалыптасқан сөздер. Күрделі сөздер (күрделі зат есім
де) бүкіл тілдік деңгейлердің жиынтығынан (ұғым, мазмұн, мағына, белгі,
таңба т.б.) түзіледі. Сөйтіп, кез келген күрделі аталымның қалыптасуы тіл
жүйесіндегі сөзжасамдық үрдістер мен түрлі заңдылықтарға байланысты
қалыптасатынын байқауға болады. Демек, жаңа атаусөз – жаңа лексема.
Сөзжасам негізінде жасалған күрделі атаусөздерді даяр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы заңды
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Сөздерді топтастыру принциптері
Органикалық қосылыстардын жіктелімі мен атау тізімі
Қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың метафоралануы
Кәсіби терминдерді қазақшалау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау
Пәндер