Банктік реформа және теңге жүйесі


Банктік реформа және теңге жүйесі
2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және бақылау туралы” Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа ықпал ету болып табылады, ал бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттер ретінде мыналар айқындалған:
- валюталық құндылықтардың айналыста болу тәртібін белгілеу;
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі енуіне жағдай жасау;
- валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын қамтамасыз ету.
Осы Заңның нормалары 2005 жылдан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылған валюталық режімді ырықтандырудың ақырғы сатысына көшуді қамтамасыз етті. Мәселен, Заңға сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап капитал қозғалысының валюталық операцияларын жүргізуге және заңды және жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашуына рұқсат етілген тәртіп толық алынып тасталды, экспорттық валюталық түсімді қайтаруға арналған 180 күн болып бірыңғай белгіленген мерзім жойылды. Осылайша, капитал қозғалысы операцияларына қойылған тікелей шектеулер болмай, теңгенің ағымдағы операциялар бойынша ғана емес, сонымен қатар күрделі операциялар бойынша да толық айырбасталымдылығына жағдай жасалды.
Қабылданған валюталық заңнаманы ырықтандыру - Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі қосылу мақсатын іске асыруға арналған қажетті қадам. Дегенмен, бір жағынан, егер валюталық шектеулерді алып тастау және капиталдар қозғалысының еркіндігі кәсіпкерлік қызметтің үлкен еркіндігін білдірсе және сыртқы экономикалық қызметті дамытуға түрткі болса, онда, екінші жағынан, капиталдың жоғары деңгейде жұмылдырылуы (капитал ағындары бағытының кенеттен өзгеру мүмкіндігі) елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді ұлғайтады.
Заңда сыртқы экономикалық конъюнктураның күрт өзгеруіне жедел әрекет жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сыртқы күйзелістерге жауап ретінде арнайы шаралар қабылдау мүмкіндігі белгіленген. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті валюталақ операциялар жүргізуге арнайы рұқсат режімін енгізуге құқылы. Заңда белгіленген арнайы рұқсат режімін енгізудің талаптары осы тетікті қолданудың айрықшалылығын және дағдарыс шешілгеннен кейін ырықтандырылған валюталық режімге қайта оралудың міндеттілігін нақты ескереді.
Валюталық операцияларды жүргізуге қойылған тікелей шектеулерді алып тастаған кезде, осындай валюталық операцияларды жүргізудің экономикалық тұрғыдан лайықтылығына ықпал ететін жанама шаралар қолдану арқылы валюталық реттеудің мақсатына жетуге болады, - мысалы, салықты реттеу, қаржы ұйымдарына арналған нормативтерді белгілеу шаралары және т. б. Арнайы рұқсат режімін енгізу қажеттігін бағалауды қоса алғанда, осындай макроэкономикалық саясат шараларын қабылдаудың күшті талдамалық және ақпараттық негізі болуы тиіс.
Бүгінгі күні кездесетін валюталық реттеу үдерістері:
- ірі валюталық операцияларды тіркеу,
- мейлінше маңызды валюталық операциялар туралы хабарлау,
- экспорттық-импорттық валюталық бақылау,
операцияларды жүргізу фактісінің өзіне шектеулер қоймастан, өзінің алдына валюталық операциялардың сипаты және көлемі туралы шынайы ақпарат жинау мақсатын қояды.
Тиісінше валюталық бақылаудың негізгі мақсаттарының бірі резиденттер ұсынатын ақпараттың уақтылығын және шынайылығын қамтамасыз ету болып табылады.
- Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялау жойылғаны белгілі. Мұндай жағдайда валюталық бақылау қалай жүзеге асырылады?
- Лицензиялау режимі валюталық бақылау тетігінің құрамдас бөліктерінің бірі болды, сондықтан лицензиялауды алып тастау валюталық операцияларға бақылау жоқ дегенді білдірмейді, одан гөрі ақпараттың тиісті сапасын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, валюталық операциялардың мониторингін жүргізу мақсатында валюталық бақылау тәсілдерін қайта қарау туралы сөз болатын сияқты. 2007 жылдан бері валюталық бақылау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылау. Уәкілетті банктер арқылы валюталық төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде Заңда белгіленген ақпарат ұсыну туралы талаптар валюталық операциялардың жедел мониторингінің негізі болып қызмет етеді және бұдан әрі осы ақпаратты қаржы мониторингінің мақсаттары үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Экспорт бойынша валюталық түсімді және импорттық операциялар бойынша пайдаланылмаған авансты (экспорттық-импорттық валюталық бақылау) қайтаруды бақылау. Бақылау сыртқы сауда келісім-шартының талаптарына байланысты белгіленетін мерзімде қаражатты банктердегі шоттарға қайтару талабына негізделеді. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті қандай да бір жолмен шектемей, валютаны қайтаруды бақылау жүйесі экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша капитал ағындары жөнінде толық және жан-жақты ақпарат алу мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Валюталық операциялардың жекелеген санаттарын жүргізу кезінде валюталық реттеу режімдері - тіркеу және хабарлау шеңберінде уақтылы және шынайы мәліметтер ұсынуды бақылау. Тіркеудің және хабарлаудың негізгі мақсаты жүргізілетін мәмілелердің сипатын және табиғатын ашатын капитал қозғалысының валюталық операциялары жөнінде ақпарат алу болып табылады. Бұл ақпарат валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын толықтыруға, төлем балансының және сыртқы борыштың статистикасын қалыптастыруға және сыртқы сектордағы ахуалдың дамуын бақылауға арналған маңызды дерек көзі саналады. Ұлттық банк валюталық реттеу режімдері шеңберінде алынған ақпараттың негізінде кепілдік берілмеген сыртқы борыштың мониторингін жүргізеді.
- Қазақстанда ырықтандыру үдерісі аяқталды ма, яғни ұлттық валютаның жұмысы үшін жаңа кезең басталды деп санауға бола ма?
- Жоғарыда атап өткендей, мақсаты Қазақстан теңгесінің еркін айырбасталымдылығын қамтамасыз ету болып табылған валюталық режімді ырықтандыру үдерісі соңғы сатысына енді. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап капитал қозғалысының валюталық операцияларына қойылған тікелей шектеулердің алынып тасталуы нәтижесінде теңгенің ағымдағы операциялар, сол сияқты күрделі операциялар бойынша да айырбасталымдылығы үшін жағдай жасалды. Болашақта теңге еркін айырбасталатын валюта бола ма, - мұның өзі халықаралық есептерде және басқа елдердің валюта нарықтарында теңгенің кеңінен пайдаланылуын білдірер еді - бұл, ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуына және біздің еліміздің әлемдік экономикаға ену деңгейіне байланысты болады.
- Капитал қозғалысымен байланысты тәуекелдер қалай реттеледі? Бұл жағдайда Ұлттық банктің және Қаржы қадағалау агенттігінің салық және кеден органдарымен жұмысы қалай ұйымдастырылған?
- Жоғарыда атап өткендей, валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл база капитал қозғалысымен байланысты тәуекелдерді орынды бағалау, пруденциалдық және салықтық-бюджеттік реттеу тарапынан қажетті шараларды әзірлеу және оларды ендірудің тиімділігін бағалау үшін ақпараттық негіз болып табылады.
Ұлттық банктің және мемлекеттік басқару органдарының арасында тұрақты түрде жүзеге асырылған ақпараттық өзара іс-әрекет қазір сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Қазіргі кезде Ұлттық банк Қаржы қадағалау агенттігімен және республика Үкіметімен бірлесіп, ведомстволардың Қаржы тұрақтылығы туралы меморандум шеңберінде өзара іс-әрекет жасау рәсімдерін және тетігін құру жөнінде жұмыс жүргізуде. Бұл меморандумның негізгі міндеті мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің тиімді жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы тәуекелдерін реттеу жөнінде үйлестірілген саясат жүргізу болып табылады.
Кеден органдарымен өзара іс-әрекет экспорттық-импорттық бақылауды тиімді жүзеге асыруға бағытталған негізгі элемент болып табылады, сондықтан Ұлттық банк бұл бағытта да - ЭИВБ бағдарламалық қамтамасыз етуін бірлесіп ендіру және өңдеу бойынша да көп жұмыс жүргізуде, барынша өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс топтары құрылуда. Сондай-ақ салық органдары да жүзеге асырылатын іс-шаралардың келісілуін қамтамасыз етуге қатысты көп жұмыс жүргізуде.
- Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету тәртібі туралы айтсаңыз. Азаматтарда төлем кәртішкелерінің болуы белгіленген нормалардың бұзылуына әкеліп соқпай ма?
- Жеке тұлғалар-резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасынан баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алып шығуға құқылы. Балама шекарадан өтетін күні белгіленген Ұлттық банктің ресми бағамдары негізінде есептелген шетел валютасының АҚШ долларына қатысты кросс-бағамдарын пайдалану арқылы айқындалады.
Есепке алу мақсатында баламасы 3 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларация тапсыру талабы енгізілді.
Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол валютаны әкету үшін жеке тұлға - резиденттер және резидент еместер кеден органына әкетілетін валютаның шығу заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Төлем кәртішкесінің болуы қолма-қол шетел валютасын алып жүру жөніндегі белгіленген ережелерді бұзбайды, себебі қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыруды көздейді және төлем кәртішкесінің эмитент банкінде бар төлем кәртішкесінің иесі және ол жүзеге асыратын аударымдар туралы деректер барлық есепке алу талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
- Ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін талдауды негізге ала отырып қандай тұжырым жасауға болады?
- Талдау көрсеткеніндей, ішкі валюта нарығындағы ұсыныс көздері - республика банктері тартқан сыртқы заем ресурстарының түсімі және экспорттық валюта түсімі, ал сұраныстың көздері тауарлар мен қызмет көрсетулердің импорты үшін ақы төлеу және сыртқы заемдық міндеттемелерге қызмет көрсету (транзакциялық сұраныс) болып табылады. Бұл ретте банктік қарыз алудың ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігін қалыптастырудағы рөлі экспорттық валюталық түсімнің динамикасына қарағанда мейлінше маңызды.
Экспортерлердің ірі кәсіпорындарының қызметі тек валюталық түсімдерді ғана емес, сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты үшін ақы төлеу және сол сияқты сыртқы қаржы міндеттемелеріне қызмет көрсету кезінде едәуір валюталық шығыстарды да (сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету, дивиденд төлеу) болжайды, бұл кәсіпорындардың ішкі валюта нарығында айырбастауға бағыттайтын экспорттық валюта түсімінің көлемін біршама қысқартады. Сонымен қатар, мұнайгаз секторының ірі кәсіпорындары бойынша осындай төлемдердің едәуір бөлігі Қазақстан банктеріндегі шоттарға есепке алынбастан шетел банктеріндегі шоттарға жүзеге асырылады, ал Қазақстан бюджетіне валюталық төлемдер тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түседі, бұл әлуетінде экспорттық кірістер көрсетуі мүмкін қысымның дәрежесін төмендетеді.
Шын мәнінде тұтастай алғанда Қазақстанның банк жүйесінде экспортер банктердің клиенттері қалыптастырған валюта ұсынысы банктердің тауарлар мен қызмет көрсетулердің таза импортерлері болып табылатын және валюталық заемдарды өтеуге және қызмет көрсетуге қажеттілігі бар клиенттері тарапынан валютаға сұраныспен өтеледі.
Валютаға сұраныс пен ұсынысты талдау сондай-ақ еуромен және Ресей рублімен есеп айырысу үлесі едәуір баяу қарқынмен өсіп отырғанын көрсетеді, сұраныс тарапынан, сол сияқты ұсыныс тарапынан да бұрынғыша АҚШ долларымен жүргізілетін операциялар басым болып отыр.
.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ТМД-нің басқа елдерімен салыстырғанда барлық сегменттерде құрылымдық реформаны жүзеге асырып, қаржы секторын реформалауда және дамытуда көп жағдайда алға озып кетті. Нәтижесінде іс жүзінде бүкіл институционалды негіз құрылды.
Бұл ретте соңғы бірнеше жылда қаржы жүйесі сегменттерінің орнықтылығын жетілдіру және нығайту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2006 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аяқталды, оның негізгі мақсаты тұрақты және тиімді жұмыс істейтін, экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қаржы институттарына еркін бәсекелестік жағдайында сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылды. Осы Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижелері туралы айтсақ, жалпы алғанда, онда қойылған міндеттердің орындалғанын атап өткен жөн.
Мәселен, Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша:
- ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру және оны Еуропа Одағы елдерінің стандарттарына жақындату жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылды;
- 2003 жылы неғұрлым тиімді және экономикалық тұрғыдан ақталатын валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулерді алып тастауды белгілеген Қазақстан Республикасында валюта режімін ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды;
- қаржы нарығына қатысушылардың қызметін бірыңғай мемлекеттік қадағалау органы - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) құрылды;
- банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын үш деңгейлі кредиттеу жүйесі құрылды, олардың қызметін реттейтін қажетті заңнамалық актілер қабылданды;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды;
- республикадағы бірінші кредит бюросы құрылды және жұмыс істейді;
- “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Заң қабылданды;
- бірқатар міндетті сақтандыру түрлері енгізілді, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компания, экспорттық-импорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шет елдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді;
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді;
- Қазақстан Республикасының пошта-жинақ жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Сонымен, қазіргі кезеңде Қазақстанда барлық негізгі қаржылық реформалар жүзеге асырылды, ал қаржы институттарын реттеу дамыған елдерде қабылданған халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылуда.
Дегенмен, мейлінше сапалы және жоғары мақсаттар қоя отырып, қаржы секторының дамуында оң үрдістердің нығаюы жағдайында сегменттерді одан әрі дамыту қажет. Енді мемлекетте қаржы секторын дамытудың келесі кезеңінің міндеттерін шешуге өту қажеттігі туындады, мұның өзі қаржы секторын дамытудың келесі орташа мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамасын әзірлеуді қажет етті.
Мәселен, 2006 жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚҚА-мен, Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, елдің қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.
Нәтижесінде, республика Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №1284 қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдасы бекітілді, оның аясында қаржы секторын дамытудың негізгі басымдықтары, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттік реттеудің бағыттары мен тәсілдері айқындалды.
Сонымен бірге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың жүйелілік және сабақтастық қағидаты және Қазақстан Республикасының бұрын белгіленген бастамаларын жалғастыру ескерілді.
Жаңа Тұжырымдамаға сәйкес қаржы секторын одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасын қаржы ағындарын ТМД және Орталық Азия аймағы шеңберінде тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін аймақтың қаржы орталығына айналдыру керек сияқты.
Қазақстанның ТМД-да және Орталық Азияда қаржы секторында аймақтық көшбасшы болуына қол жеткізу үшін 2007-2011 жылдар аралығында негізгі күш-жігер Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын арттыруға, кәсіпорындарды және халықты қаржы секторының қызмет көрсетуімен қамтуға оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамытуға бағытталады, мұның өзі қазақстандық қаржы ұйымдарының ішкі нарықтағы позицияларын күшейтіп, аймақта оның қаржы тарту және ауқымды аймақтық экспансия орталығы болып қалыптасуына негіз болады.
Бұл ретте негізгі міндеттердің бірі қаржы секторының бәсекелестік қабілетін арттыру болып табылады, бұл Қазақстанның алда болатын Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі жағдайында аса маңызды. Жалпы алғанда, біздің қаржы секторымыз шетелдік компаниялардың келуіне дайын. Алайда, тәжірибе тіпті айтарлықтай дамыған және ірі қаржы секторы бар елдердің де тура БСҰ-ға кіргеннен кейін шетелдік ойыншылардың тарапынан болған бәсекелестіктің күрт өсуі салдарынан өз дамуында проблемаларға кездескенін көрсетеді. Сондықтан қаржы секторының төлем қабілетін күшейту үшін күш-жігерді оны капиталдандыруға жұмылдыру қажет, бұл тек қаржы институттары қызметінің айқындығын арттырған жағдайда ғана мүмкін.
Жалпы алғанда, қаржы секторының одан әрі дамуы:
- қаржы секторының және оның құралдарының орнықтылығы мен тұрақтылығын арттыруға;
- қаржы секторының қызмет көрсету сапасын және оларға қол жеткізуді арттыруға;
- өтімді қор нарығын және оның құрамдастарын қалыптастыруға;
- қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыруға;
- қаржылық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті арттыру мақсатында қаржы секторын одан әрі ырықтандыруға бағытталуы тиіс.
Бұдан басқа, адал бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қаржы ұйымдарының монополияға қарсы реттеуін жетілдірген жөн.
Қаржы секторын дамытудың маңызды бағыты Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) идеясын іске асыру болып қала береді. АӨҚО құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын, оның халықаралық капитал нарықтарына қосылуын дамыту, Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталды шетелдік бағалы қағаздар нарығына шығару болып табылады.
Қаржы орталығының міндеттері шетелдік, сол сияқты қазақстандық инвесторларды, эмитенттерді және кәсіби қатысушыларды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына тарту, еліміздің бағалы қағаздар нарығын тиімді дамыту үшін жаңа қаржы құралдарын әзірлеу және ендіру, сондай-ақ қаржы орталығын одан әрі дамыту болып табылады.
Жалпы алғанда, бұл үшін заңнамалық база қалыптасқан. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік құрылды, ол 2006 жылғы 31 қазаннан бастап қаржы орталығына қатысушыларды тіркеді.
Ойға алған жобаны жемісті іске асыру үшін шетелдік биржа ойыншыларын жергілікті қор нарығына тарту жөніндегі шаралар қажет.
Сонымен бірге, елдің қор нарығын дамытуға құрылған “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингінің және “Қазына” тұрақты даму қорының нарықта олардың құрамына кіретін компаниялар акцияларының үлесін орналастыру жөніндегі қызметі ықпал ететін болады.
Сонымен, осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі жұмыс басталып та кетті және Ұлттық банк пен Үкіметке оны іске асырудың барысы туралы 2007 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жиынтық ақпарат ұсынды.
Ақша-кредит саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы
Кез келген мемлекеттің экономика саласындағы түпкілікті мақсаты экономиканың тұрақты өсуін, баға тұрақтылығын және сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсат жалпыэкономикалық реттеу барысында іске асады, оның маңызды құрамдас бөлігінің бірі - мемлекеттің ақша-кредит саясаты болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық банк тарапынан мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты негізгі міндеттерді шешу талап етіледі.
Мемлекеттің ақша-кредит саясаты жалпыэкономикалық реттеудің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Ол инфляцияны тежеу, белсенді нарық конъюнктурасын сақтау, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздыққа жол бермеу мақсатында әзірленіп, іске асырылады. Ұзақ мерзімді кезеңге баға тұрақтылығын сақтай отырып, баламалық ақша-кредит саясаты нарықтық экономиканың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады.
Қазақстан соңғы жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізді, бұл еліміздегі реформалардың табысты жүргізілуіне, сол сияқты сыртқы экономикалық жағдайдың қолайлы болуына байланысты. Соңғы бірнеше жылда ЖІӨ Қазақстан экономикасының тұрақты даму динамикасын көрсетуде. 2005 жылға қарағанда ЖІӨ-нің өсуі 10, 6% болды, ал 1991 жылдың (тәуелсіздік алған жылы) деңгейі 41%-ға көтерілді. 2006 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ соңғы 6 жылда 4 есеге ұлғайып, 5083 АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның экономикасының дамуындағы жетістіктерді көптеген дамушы елдер мойындап, халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктері атап көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша ЖІӨ 2006 жылдың ішінде экономиканың тұрақты дамуы туралы куәландыратын өсудің тұрақты серпінін көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz