Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

  1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ… . . . 5

1. 1 Дағдарыс түсінігі және экономикалық мәні . . . 5 1. 2 Дүниежүзілік дағдарыстың бастау алған себептері . . . 14

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ . . . 17

2. 1 Қазақстан Республикасы экономикасына әлемдік дағдарыстың тигізген зардабы . . . 17

2. 2 Қазақстандағы дағдарысқа қарсы қолданылып жатқан шаралар . . . 18 2. 3 Қазақстандығы дағдарыстан шығу жолдарын зерттеу . . . 24

2. 4 Елбасының ұсынған дағдарысқа қарсы бес жолы . . . 29

  1. «IPONT» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫНА ШОЛУ . . . 40«Ipoint» компаниясының жалпы сипаттамасы . . . 40Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабіліттілігін талдау талдау . . . 45Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары және табыстылығын талдау . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Дүниежүзі бойынша қаржылық нарықта 2007 жылдың жартысынан орын алған тұрақсыз жағдай Қазақстан елінің дамуына да әсер етті. Негізінде, бұл дағдарыс банк пен тұрғын үй секторын ғана емес, сонымен қатар экономиканың экспорт саласын да еліктірді.

Банк саласындағы дағдарыс отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарымен иелену мүмкіндіктері төмендеп нәтижесінде ішкі экономикадағы несиелеу көлемінің азаюына алып келді.

Тек 2008 жылы Қазақстан банктері шетелдіктерге 10-12 млрд. доллар төлеуге мәжбүр болды. Бұл жағжай ішкі несиелеу жүйесін азайтты, себебі банктегі қаржы жинақталып, аяғында оның барлығы қарызды өтеуге кететін болды.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыпсыздық тұрғын үй бағасының төменедеуіне әкеліп, тұрғын үйдің түріне және мекен-жайына қарай бағасы 25-40 пайызға қысқарды. Кезінде банктен жедел қарқынмен несие алған көптеген құрылыс кәсіпорындар қазіргі таңда тоқырауға ұшырап отыр.

Экономиканың экспорт саласындағы дағдарыс, әлемдік экономикалық дағдарыстың екінші толқыны экспорт саласына да әсер етті: Қазастан экспорт тауарларына деген сұраныс та азайды, әсіресе мұнай мен металдар. Осы жағдайдан соң кәсіпорындар қиын жағдайға тап болды.

Соған орай шағын және орта бизнес өкілдері де сұраныстың төмендеуіне байланысты қиындыққа тірелді[1, б. 3] .

4 ақпан 2009 жылы Халық Банк тенгенің девальвациялануын жариялады. Сол кезде Халық Банкінің берген ақша айырбастау көлемі 150 теңге бір долларға тең болды. Девальвацияның жақсы жағы - ұлттық теңгені бір қалыпта ұстау үшін ай сайын 2млрд доллармен толтырып тұру қажеттілігі алынды. Екіншіден, отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттілігін арттырып, олардың сұранысын тұрақты қылады.

Алайда импорттен айналысатын жеке кәсіпкерлер бұдан зардап шекті. Себебі олар төлемді теңгеде жүргізбейді.

Сонымен қоса, барлық отандық шикізат өндіретін қазақстандық кәсіпкерлер қазақстан техгологиясын қолданғандықтан жеңеді.

Қазақстан Халық Банкі соңғы онжылдықта ақшаның құнсыздануына қарсы шаралары көршілес елдердің орталық банктеріне қарағанда тиімдірек болып келе жатыр. Ұстанған қаржылық саясат ақшаның құнсыздану зардабын төмендетуге көмек береді.

Елдің сатып алу қабілеттілігін арттыру үшін қандай шара қолдану керек?

Еліміздің бір артықшылығы - Қазақстан өз еншісіне Ұлттық Қор мен алтын-валюта резервтерін жинақтап, дағарысқа қарсы үкімет бағдарламасын енгізді, соның ішінде:

- Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық,

- Жылжымайтын дүние-мүлік саласын қолдау,

- Шағын және орта бизнесті қолдау және оларды банк пен микронесие ұйымдары арқылы қаржыландыру,

- Ауыл шаруашылығына салым,

- Басым инвестициялық және инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру[2, б. 12] .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі - ҚР-сының әлемдік дағдарыстан шығуына қол жеткізу, экономиканы одан әрі жетілдіру, болашақта дағдарыстың болдырмауына үлес салу болып табылады және «Ipoint» компаниясы мысалында қаржылық талдау жүргізу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - ҚР-сы экономикасының дағдарыстан шығу жолдарын талдау және шығу жолдарын іздестіру.

Зерттеу объектісі- «Ipoint» компаниясы.

Зерттеу пәні - ҚР-сы экономикасының дағдарыстан шығу жолдарын зерттеу және оны компания мысалында талдау.

Бұл дипломдық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, ұйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - дипломдық зерттеудің нәтижелері - Қазақстан Республикасы экономикасында дағдарыстың пайда болуы, оған қарсы қолданылып жатқан шаралары, болашақта дағдарыстың қайталанбауына менің ұсыныстарым,

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде дағдарыстың түсінігі, мәні, сонымен қатар дүниежүзілік дағдарыстың бастау алған себептері және Қазақстан Республикасы экономикасына әлемдік дағдарыстың тигізген зардабы туралы жазылған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі Қазақстандағы дағдарысқа қарсы қолданылып жатқан шаралар, одан шығу жолдарын зерттеу және де Елбасының дағдарысқа қарсы бес жолы ұсыныстары туралы айтылған.

Үшінші бөлімде «Ipoint» компаниясы мысалында қаржылық талдау жүргізіліп, дағдарыстан шығу жолдары талқыланған.

Жұмыс қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

1. 1Дағдарыс түсінігі және экономикалық дағдарыс мәні

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады.

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес[3, б. 20] .

Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жүмыс істеу және даму.

Жұмыс істеу - бұл тіршілік әрекетін ұстап тұру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау.

Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

Жұмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бүл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1) .

Жұмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жүмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды.

Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар [4, б 3] .

Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бұл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т. б. ) арасында.

Сурет 1- Ұйымдағы дағдарыс қауіпінің пайда болуы

Ескерту - құрастырылған әдебиет бойынша[5, б. 18]

Дағдарыс - бұл ұйымның қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі (сурет 1) .

Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, модернизацияның циклдық тұтыну және қайта қүрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа.

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті үйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі.

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қауіпі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіреді. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты: оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.

Сурет 2- Дағдарыстың себептері

Ескерту - құрастырылған әдебиет бойынша[5, б. 22] .

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу.

Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жұмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (Сурет 3)

Сурет 3 - Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Ескерту - құрастырылған әдебиет бойынша[5, б. 22] .

Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады [5, б. 23] .

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты көрінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс мәселені немесе топтық мәселені қамтиды.

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туындайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде[6, б. 80]

Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан қатаң барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп - капиталистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық тұрғыдан қарастырсақ:

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бүзылуы байқалмады[7, б. 125] .

Тауар өндірісінде, өндірісті ұйымдастырудың үстемдік етуші формасы болып, ал нарық оның реттеушісі болғалы, өндіріс пен тұтыну арасындағы айырма уақытпен де және кеңістіктеде тез күшейе түсті. Стихиялық және анархиялық жағдайда өндірістегі экономикалық дағдарыстар объективті заңдылық бола бастады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуына әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлем қабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, ұдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің құлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде, болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан. Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар».

Маркстік емес мектеп өкілдері алғашында, экономикалық циклдардың бо-латындығын теріске шығарып, дәстүрлі нарық механизмі шеңберіндегі құбылыс сияқты циклдықты жеңу мүмкіндігін дәлелдеп бақты. Әлемдік экономиканың XX ғасырдағы дамуы артық өндіріс процесіндегі циклдық көзқарасы шегінен бастартуға әкелді.

Экономикалық дағдарыстар себептеріне деген көзқарастар біршама қарама-қайшы. Және бұған объективті себептер аз емес. Артық өндіріс циклдлығына әсер ететін бір ғана факторлардың, әр кезеңде әр түрлі және же-келей елдерде көрініс табуы өзіндік ерекшеліктерге ие. Көптеген экономистер циклдылықтың ұзақтылығын ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) байланы-стырады. Негізгі капиталдың активті бөлігі 10-12 жылда моральды тозуға ұшырап отырады. Бұл экономикалық жандануға стимул болу үшін оларды жаңартып отыруды талап етеді. Алғашқы серпіліс болып, құрал - жабдықтар

мен технологияны ауыстыру болса, ал негізгі капиталдың жаңаруы, экономи-калық циклдлықтың материалды негізін қалайды.

Цикл кезеңінің кезекті қысқарулары, қазіргі әлемдегі ҒТП әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.

Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатымен байланыстырмай басқа да себептерін ұсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз тұтынуы. Жеткіліксіз тұтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды. Дағдарыс дәрісі ретінде тұтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ тұтынудың жетіспеушігілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ эко-номистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда болуы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сұранысты ынталандыру) туындайды[8, б. 107] .

Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік пси-хологиялық суреттемесі бар. Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының тұрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «экономика» кітабында циклдық пен дағдарыстар теориясының бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:

  • ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар) ;
  • жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашалық еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен) ;
  • психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар) ;

- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдар-
ды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар) ;

- мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау больга табылады. (Хайек, Мизис және басқалар) ;

Циклдлық пен оның себептері көзқарастарын бағалау кезінде, уақыт жағдайында олардың түрлерінің өзгеруі, әлеуметтік-экономиканың да шын мәнінде өзгеруін ескерген жөн. Осыған орай, Ресей экономистерінің эконо-микалық циклдер көзқарасын өзгертуге бағытталган үш этапы назар аударуға лайықты[9, б 63] .

Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сұраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсынады. Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты.

Экономикалық циклдық себептерін зерттеудің үшінші кезеңы болып 60 -шы жылдардың ортасынан қазіргі күнге дейінгі кезең. Бұл кезеңде, біріншіден, нарықтык экономика циклдлығының экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) себептерінің шектелуіне аса көңіл бөліне бастады, әсіресе эндогенді факторларға айрықша көңіл бөлінеді. Екіншіден, бірқатар мамандар позициясы анықталды, олардың ойынша, көптеген дамыған елдер үкіметі экономикалық теңдік тұрақтылығын және циклдық ауытқуларды бәсеңдетуге бағытталган дағдарысқа қарсы реттеуге аса көңіл бөлмей, керісінше проциклдық саясат жүргізеді, яғни циклдылықты қолдайды.

Циклдық фазалары және оныц көрініс табуы

Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан түрады.

Бірінші фаза -дағдарыс (құлдырау) . Бүл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономиканың дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен түрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған салаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сұйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

Екінші - депрессия (стагнация) . Бүл фаза (ұзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бүл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Экономикалық даму
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz