Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ.
ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДIК
ТӘЖIРИБЕ . . . 5
1. 1. Шағын бизнес дамуының шетелдік тәжірибесі . … . . . 9
1. 2. Шағын инновациялық кәсіпорындар қызметі . . . 16
ІІ ТАРАУ.
Қазақстандағы Шағын бизнес дамуының
мәселелері
2. 1. Шағын бизнес дамуының құқықтық негізі . . . 21
2. 2. Шағын бизнесті несиелендіру мәселелері . . . 23
2. 3. Шағын бизнестің дамуы . . . 25
ІІІ ТАРАУ.
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК - МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЛЫПТАСУЫ
3. 1. Шағын бизнестің мәні және оның экономикадағы рөлі . . . 27
3. 2. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің
қалыптасу ерекшеліктері . . . 30
3. 3. Шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 37
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Америка Құрама Штаттарындағы кәсіпкерліктің 200 жылдан астам тарихы бар. Соңғы бір деректер бойынша онда 20 миллионнан астам кәсіпорындар бар екен. Соның 6 пайызы ғана шағын және орта бизнесті жүргізген кәсіпорындардың екі ғысырда түгелге жуық ірі кәсіпорындарға айналып кеткенін көрсетеді.
Біздің қоғам дамуында республикамызда шағын және орта бизнес 14, облысымызда 13 пайызды құрайды. Бұл біздің елімізде әлі майда кәсіпорындардың орнының көптігін көрсетеді. Кіші кәсіпкерліктің пайдалы бір жағы, кешегі 1997-1998 жылдардағы Азиялық дағдарысты көрінеді. Қытай, Тайланд,, Малайзия елдерінде ішкі өнім өндірушілердің 70 пайызын осы кіші кәсіпкерлік құрайды.
Біздің елімсіздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғарғы сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі - ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтармен қақтығысын, түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап ғана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым-өндіріс тізбегін дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық. Рынокты экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға шағын инновациялык кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты - шағын бизнестің шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасындағы қалыптасып даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
І. ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДIК ТӘЖIРИБЕ
Әлемде нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын монополиясыздандыру бағдарламарын өнiмнiң әрбiр түрiн өндiрудi басқа кәсiпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейдi. Бұл тұрғыдан алғанда өз өнiмiн барынша тез игеретiн және жаңартатын бизнес ретiнде шағын бизнестi барынша кең пайдалану белгiленiп отыр. Монополизмге қарсы күрестiң ең тиiмдi жолдарының бiрi iрi, орташа және шағын кәсiпорындардың тиiмдi ұштастырылуына қол жеткiзу. Бұл жағдайда шағын кәсiпорындардың iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бiрқатар артықшылықтары бар:
- тауар өндiру мен қызмет көрсетуде кәсiпкерлiк пен бәсекенi дамыту;
- тұтыну сұранымының өзгеруiн тез сезiну;
- өнiм мен қызмет сапасын арттыру;
- баға белгiлеудiң табиғи тетiгiн пайдалану;
- монополизмдi жою;
- өндiрiстiң ғылыми-техникалық дамуын жеделдету;
- тиiмдi басқару құрылымдарын қалыптастыру мен пайдалану;
- кадрларды ұтымды пайдалану;
- орталықтандырылған күрделi қаржыны пайдаланбастан коммерциялық негiзде жаңа өндiрiстiк қуаттарды тез арада жасау.
Қазақстан Республикасының нарыққа көшуiнiң басталуы кәсiпкерлiктiң шағын нысандарының өндiрiстiк, техникалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық функцияларына қайта баға берудi қажет еттi. Бiрқатар елдердiң тәжiрибесi экономикалық реформаларды жүзеге асыруда және дағдарысты жағдайдан шығу кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң үлкен рөлi атқаратынын көрсеттi. Алайда шағын кәсiпкерлiк өз жолында көптеген қиыншылықтарға тап болуда, оларды жоюға ең алдымен оны дамытудың мемлекеттiк концепциясының жоқтығы бөгет болып отыр.
Қазiргi кезде шағын бизнестiң дамуында шағын кәсiпорындар саны өсуiнiң төмендеуiне, олардың өндiрiстiк салаларда жеткiлiксiз тарауына, импорттық өнiммен салыстырғанда олардың өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiнiң төмен болуына, шағын кәсiпорындардың "көлеңке экономика" саласына кетуiне байланысты бiрқатар терiс тенденциялар байқалып отыр.
Қазақстанда шағын бизнестi дамытуда көп қателердi болдырмас үшiн, алғашында әлем тәжiрибесiн ескере отырып, осы салада шетел мемлекеттерiнiң шарықтауы мен құлдырауының нәтижесiнде қалыптасқан шағын кәсiпкерлiктi түсiну қажет.
Әлем тәжiрибесi бойынша шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы экономикалық және әлеуметтiк орта қалыптастыру мақсатында мыналар көздеу қажет:
- кәсiпкерлiк секторға мемлекеттiк қолдау ұйымдастыру шараларын әзiрлеу мен орындау, соның iшiнде салық жеңiлдiктерi мен банк несиелерiн алу, қаржымен қолдау көрсету қорларын ұйымдастыру, материалдық техникалық ресурстарын қамтамасыз ету;
- кәсiпорындарға аудиторлық қызмет көрсету жүйесiн әзiрлеу мен бақылау;
- мүлiктiк және коммерциялық сақтандыру жүйесiн әзiрлеу мен бақылау;
- кәсiпкерлiктi дамыту проблемалары бойынша қоғамдық бiрлестiктермен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл.
Статистика бойынша, шағын кәсiпкерлiктiң үлесiнiң белсендi өсiмi 70 жылдардың ортасынан бастап 90 жылдарға дейiн жалғасты. Қазiргi күнде Батыстың дамыған мемлекеттерiнде кәсiпкерлiк фирмалар үлесiнiң 70-90 пайызын шағын фирмалар құрады. Салыстыру үшiн мысалға, АҚШ-тың халық тұрғындарының 53 пайызы шағын бизнеспен айналысады, Жапония - 71, 7 пайыз және ЕС мемлекеттерiнде жұмысқа қабiлеттi халықтың шамамен жартысы еңбек етедi. Келтiрiлген таблицаға қарап АҚШ-тың экономикасында жұмыс орындарының үлесi шағын бизнеске тиетiнi әбден анық.
АҚШ-тың өнеркәсiп салалары мен жұмыскерлердiң санына
байланысты шағын мекемелердi бөлу, %
Шикiзат өндiретiн
өнеркәсiп
Жаңа технологиялар жасау мен шығарудың 90 пайызын шағын кәсiпкерлiктер мен тәуелсiз өнертапқыштар iске асырады, ал iрi кәсiпкерлiктер тек қана 10 пайыз үлесiн қосады.
АҚШ пен Германияда жаңа технологияның үлесi, %
АҚШ бюджетiнiң таза кiрiс 34, 9 пайызы шағын бизнестен шығарылады, ал Жапонияда өңдеушi өнеркәсiп өнiмiнiң шамамен 56, 6 пайызын шағын бизнес өндiредi. Осы келтiрiлген сандар шағын бизнестiң экономиканы дамытуда үлкен ықпал беретiнiн дәлелдейдi.
Кәсiпкерлiк сектор қалыптастыру проблемасының кешендi сипаты оған қолдау көрсетудiң тиiмдi инвестициялық-қаржы механизмiн жасауды қажет етедi. Осы күрделi әдеттен тыс проблеманы қолда бар әдiстермен жоспарлаудың қазiргi жүйесi жағдайларында шешу екiталай. Оны тек жүйелi түрде қолға алу негiзiнде ғана шешуге болады, мұның өзi жекелеген элементтер мен жай байланыстарға талдау жасаудан мақсат ортақтығы бiрiктiрген түрлi элементтер жиынтығын зерттеуге көшу деген сөз.
Кәсiпкерлiк жұмысы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылып жатқан және материалдық игiлiктер жасап, қызмет көрсетiп жатқан кәсiпкерлер, мемлекеттiк емес жеке меншiк кәсiпорындарының қызметкерлерi жөнiнде халық арасында дұрыс пiкiр туғызу мақсатында - кәсiпкерлер қызметiнiң оң тәжiрибесiн насихаттайтын, олардың проблемалары мен қажеттерiн, нақты жұмыс тәжiрибесiн ашып көрсететiн бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету көзделген.
Кәсiпкерлiктi дамыту туралы мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асырудың аса маңызды шарттарының бiрi - отандық тауар өндiрушiлердi қолдау. Бүгiнгi таңда АҚШ-тың өзiнiң отандық шағын бизнесiн қолдауда жеткен тәжiрибесiн көрсетуге болады.
1. 1. Шағын бизнес дамуының шетелдік тәжірибесі
АҚШ -та шағын бизнес ішкі жалпы өнімнің 50 пайызға дейін жуығын береді. Қазіргі таңда, Құрама Штаттарды 25 миллионға жуық кәсіпорын бар. Бұл кәсіпорындар халықтың 53 пайызын жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ 75 пайызға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Міне, мұндай көрсеткіштерге қол жету АҚШ мемлекетінің шағын бизнесті қолдаудағы белсенді әрекетінің нәтижесі болып келеді. Осыдан тура жарты ғасыр уақыт бұрын, яғни 1953 жылы АҚШ-та шағын бизнес әкімшілігі құрылған. Оның бас кеңсесі ел астанасы Вашингтонда орналасқан. Осы басқарманың шағын бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламасы кәсіпкерді оқытумен қатар оларға қаржылық, техникалық, құқықтық және консультациялық көмек беруді, сондай-ақ федеральдық келісімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Шағын бизнес әкімшілігінің білім беруі несиелендіру саласында мыңдаған әріптес ұйымдары бар. Осы ұйымдардың әкімшілікке көрсететін ең басты көмегі - кепілге қарыз беру арқылы қаржыландыру. Шағын кәсіпорындарға қарыз беруші банкілер сол ақшаны қайтарып алуына кепіл болу үшін. АҚ үйден берліген қаражаттың 85 пайызын, яғни - 150 мың доллардан аспайтын ақша алады. Егер де қарыз беруші банкетрдің қаржылық жағдайлары нашарлап жатса, әкімшілік алынған сомадағы ақшаны түгел қайтаруды міндетіне алады. Әкімшіліктің банікке қайтаратын қарыз қаражатының көлемі 1 миллион доллардан аспауы мүмкін. АҚШ-та шағын бизнес субъектілері қаржылық көмектен өзге де қолдауларға ие. Мәселен, кәсіпкерлерге кеңес беретін және оқытатын арнайы бағдарламалар да қарастырылған. Смалл бизнес класрум (Шағын бизнес дәрісханасы) - Смалл бизнес дерелопмент сентер (Шағын бизнесті дамыту орталығы) және - бизнес информатинн сентре (Ақпараттық бизнес орталығы) бағдарламалары.
Шағын бизнес дәрсіханасы бағдарламасы тәулігіне 24 сағат дәрс беретін электрондық поштаның ВЕБ - беттерінің бизнес-курсы негізінде жасалған . Бұл бизнес курс кәсіпкерлерег ғана емес, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға да арналған. Электрондық дәріс беру курсы бизнесті дамытудың түрлі аспектілерін оқытады. Ал шағын бизнесті дамту орталығы бағдарламасы - ол кәсіпкерлерег консультация, тхника және білім беру бағыттары бойынша көмектеседі. Сондай-ақ Орталық қаржылық, ұжымдық, нарықтық, өндірістік мәселелерді шешуге қол ұшын береді. Американың әрбір штатында бизнесті дамыту орталығы бар. Сонымен қатар, бұл алпауыт елде мыңға жуық біріккен желілік орталықтар бар. Олар колледждерде, университтерде, коммерциялық палатар мен корпораицяларда орналасқан.
Орталыққа бас сұққан әрбір кәсіпкер ол жерден өзін қызықтыратны сұраққа жауап алады және білікті мамандармен кеңесу мүмкіндігіне ие болады. АҚШ-та дәл қазір мұндай орталықтар 70-тен асып жығылады. Ақпараттық-бизнес орталығы шағын бизнесті дамтуы орталығымен бірлесіп кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысады. Орталық соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Орталықта тәжірибелі менеджерлер жұмыс істейді. Олар істі енді бастаған кәсіпкерге қандай да бір мәселден шығудың жолдарын және шағын бизнесті тиімді ұйымдастыруды, басқару әдістері туралы кеңес береді.
Әкімшілік бұған қоса түрлі категориядағы кәсіпкерлерге кеңес беру үшін арнайы бағдарламаларды жузеге асырады . Мәселен, кәсіпкер әйелдерге, ардагер-кәсіпкерлерге, аз ұлт өкілінен шыққан кәсіпкерлерге арналағн арнайы бағдарламалар да жоқ емес.
Әлемдегі бизнесі өркендеген бірден-бір мемлекет қайсы? Десек, “ол - АҚШ” деп айтарымыз анық. Төрткүл дүниенің экономикасына саясат үстемдігін жүргізуге ұмтылған алпауыт елдің шағын бизнесі де азулы екені даусыз. Сондықтан бизнесін өмір салтына айналдырған елдің тәжірибесін пайдалану бүгінгі күннің ісі екенін түсіне алсақ қана, меніңше ұтарымыз анық.
Қазақстанда экономиканы реформалау соңғы бiрнеше жыл бойы бiрқатар проблемаларға тап болып, олар нарықтық қатынастарға көшудiң ол үшiн пайдаланатын модельдерiнiң, әдiстерiнiң және құралдарының бiрдей емес екенiн көрсеттi.
Осы саладағы мамандар мемлекет алдында тұрған негiзгi мiндеттер мыналар деп санайды:
- негiзгi инфрақұрылымдық: шарттық, ақша-қаржылық және инвестициялық механизмдердi жаңа принциптердi жаңғырту жолымен басқарылатын нарық концепциясына көшу;
- институциялық жаңғыртуларды жалғастыру соның iшiнде жекешелендiрудi дәйектi түрде одан әрi жалғастыру, бәсекелестiктi, жеке кәсiпкерлiктi дамыту, экономиканы монополиясыздандыру және т. б.
Мұның өзi шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсету және жаңа тиiмдi жұмыс орындарын ашу мүмкiндiктерi мен бағыттарын белгiлейдi.
Осы саладағы мемлекеттiк шаралар арасында шағын нарықтық инфрақұрылымды дамыту басты орын алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiктiң ұлттық экономикада аса маңызды функциялар орындайтынын: сұраныс пен ұсынысты теңдестiру арқылы нарықтық қатынастарды үдетудiң ерекше механизмiн қамтамасыз ететiн, жалпыұлттық өнiмнiң тең жартысынан астамын өндiретiнiнiң, жаңа жұмыс орындарының 70 пайызға жуығын ашатынын, адам ресурстарының жандандырылуына және инновациялық потенциалға елеулi ықпал жасайтынын дәлелдейдi. Қазiргi кезеңнiң негiзгi мiндетi - жинақталған тәжiрибенi зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиiмдi кәсiпорындарды дамыта отырып, қолдау көрсетудiң кешендi жүйесiн жасауға жақындау, бар тәжiрибенi басқа аймақтарға тарату болып келедi.
Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады . Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 процентке жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.
Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі - ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.
Жапондық мамандардың есептеуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір себепші болған « нәрое» - шағын кәсіпкерлікті дамыту. 1980 жылдар-дың екінші жартысында Жапонияның тек өңдеуші өнеркәсібінде ғана 6, 5 млн шағын және орта кәсіпорын қызметі немесе бұл олардың жалпы санының 99 процентке дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн адам жұмыс істеді, яғни бұл осы сала жұмыскерлерінің 81 проценті болып табылады.
Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы "айсбергінің шыңы" ғана деп айтуға болады. Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және галантерея өндірісінде, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алады.
Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ -та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардын 99 процентін құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87 процентінде саны 20-дан аспайтын, ал 80 процентінде 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. 80-жылдардын аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалды. Мысалы тек 1988 жылдың өзінде ғана 1 млн шағын кәсіпорын пайда болса ал 1989 жылы 1, 3 млн шағын фирмалар құрылды. Мұнын алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.
АҚШ -та шағын және орта фирмалар жалпы үлттық өнімнің 40 процентін өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте - 21 процент, құрылыста 80, көтерме саудада -86, қызмет көрсету саласында - 81 процент.
АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы - ең алдымен меншік кұқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорын қызметінің ашықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлықжағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші - істі жанұялык, негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден - шағын кәсіпкерліктің тағы бірсипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сомасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады: 1) белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педагогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар) ; 2) жұмыс істейтіндер саны 1 ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар; 3) жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдықайналымы 1 миллионнан 100 млн-ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz