Коньяк өнімдерінің тарихы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Әдебиеттерге шолу

  1. 1. Коньяк өнімдерінің тарихы
  1. 2. Коньяк нарығының дамуы
  2. Негізгі бөлім

2. 1. ЖШС «ЛИЯ» фирмасының қысқаша сипаттамасы. Ассртименттік саясат

2. 2. Нормативтік сілтемелер

2. 3. Терминдер мен анықтамалар

2. 4. Сертификаттау ережесі мен коньякты сынау

2. 5. Органолептикалық бағалау

2. 6. Коньяктың физико - химиялық көрсеткіші

2. 7. Коньяк өндірісіндегі технологиялық үрдісінің сапасы

2. 8. Фальсификаттау

3. Еңбек қорғау

4. Қортынды және ұсыныстар

5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

1990 жылдар басында Қазақстанның ішкі нарығында түрлі тауарлар тола бастады. Олардың көбісі шетел өнімдері еді. Көп жағдайда тауарлардың сапалары талап, ережелерге сай келмей, тіпті сапасыздары да кездесіп жатты. Бұндай жағдайлар міндетті сертификаттауды енгізуге әкелді.

Қоғамның нарықтық қатынастарға өтуін білдіретін өзгерістер жасаулары сертификаттаудың принциптерін халықаралық талаптар мен тәртіптерге сай құрастыруға мүмкіндік бермеді. Алайда құқықтық, нормативтік қамтамасыздандырулар ИСО/МЭК рекомендациялары мен басшылықтары негізінде алынған еді.

Қазақстандағы тұрақты сертификаттау нәтижесі болып, мемлекеттік сертификаттауды негіз ете отырып жасалған, сертификаттау және сынау инфраструктуралары қарастырылады. Бұл өте маңызды себебі:Мемстандарт мамандарының айтуынша, сәйкестікті шығарушы декларациясымен растау қосымша қаржыны кетірмейді.

Қазіргі кезде сертификаттау елімізде өндірілетін өнімдердің 75 % құрайды. Мемстандарт мәліметтері бойынша қауіпті өнімдер номенклатурасы 90 % құрайды.

Концепцияда анықталған мәселелерге байланысты міндетті сертификаттауға жататын тауарлар болып аздап қаупі барлар кіреді

Егер сертификаттау өнім кауіпсіздігін анықтау үшін жасалса, қауіпсіздік нормалары мен сипаттамалары регламенттелген арнайы . Бұл берілген мақсатта жасалған нормативтік құжаттар болуы мүмкін.

Егер өнім қауіпсіздікке сертификатталса, белгілі бір өнім түріне қатысты арнайы сәйкестік белгілерімен, я болмаса ауқымды сипатта болып, тұтынушыларды тауарлар қауіпсіздігімен ақпараттандырады.

  1. Әдебиеттерге шолуКоньяк өнімдерінің тарихы

Коньяк - таңдаулы жүзім сорттарынан жасалған ақ шарапты айдау арқылы алынатын бүкіл әлемге танымал сусын түрі. Ол антикалық дәуірде белгісіз болған шарап арағына жатады. Айдау(не дистильдеу) Европаға Таяу Шығыстан келген. "Алкоголь", "алхимия", "алалебик"(айдау кубы) араб сөздері. Арабтар дистильдеуді ерте ортағасырларда білген еді. Ішу мақсатында - шарап, ал басқаға ұнау мақсатында алкоголь шыққан. Арабтар қара ұнтақты дистелдеген, содан алынған сұйықты қайнатып, конденсецияланған бу қатты затқа айналып отырған. Сөйтіп әйелдер көздерін бояуға пайдаланатын "Khol" - бояу пайда болған. Кейін айдау нәтижесінде спиртті алған соң оған "al Khol"сөзінен алынған "алкоголь" сөзін берген. Одан кейін Испаниядан айдау технологиясы Европаға таралып, онда шараптан шарап арағын ала бастады. Шарап арағының дәмін жақсарту үшін оған түрлі қоспалар, емдік шөптер қоса бастады. (Глазгунов А. И, Царанц И. Н, 1988)

"Ұзақ жасау" сусынын ойлап шығару кезінде шіркеу зертханаларында алғаш ликер жасалды. Европада пайда болған Антиль аралының тросник қанты мен специлері ликер дәмін өзгертті. Ал XIXғасырда айдау аппараттарының жетілгені сонша, олар спирт құрамындағы кез келген жағымсыз иісті кетіріп, бүгінгі күні ликердің негізгі құраушысы болып табылатын жидек және өсімдіктерді қосты. (Т. Г. Катарьян, 1997)

Коньякты қарастырсақ, ол түрлі жастағы шарап арақтарының слизь нен алынады. Сусын сапасының шешуші факторы (түрлі жастағы) - оларды емен бөшкелерінде сақтау, онда біртіндеп қышқылдану кезінде жағымды иіс пен дәм (спирттің айдау кубынан шығарда мүлде түсі болмайды ) . Сондықтан ағашқа жоғары талап қойылады. (В. М. Малтабар, Г. И. Фертман, 1991)

  1. Францияда 50-170 жастағы бөрененің төменгі жақтары пайдаланылады. Құяр алдында дистильденген су құю арқылы коньяк спирттілігі 40 %-ке дейін төмендейді. Сусынның аты Коньяк деген Франция қаласы құрметіне қойылған. Францияның 1909 жылы қабылданған заңы бойынша аудан орталықтары, Коньяк қаласы мен қала төңірегіндегі жерлерде ғана өздері шығарған өнімді солай атай алды. Басқа жерлерде оны «арманьяк», «виньяк» деп атады. Жалпы атауы - бренди. Франциялық коньяк, арманьяк жасына, құрамына қарай сатылу орындарына түрлі атаулармен түседі. (Виноделие. Техника, технология, химия, микробиология вин, безалкогольных соков и коньяков. Всесоюз «МАГАРАЧ» Труды Т 15, 1967) Коньяк нарығының дамуы. Қазақстан, Ресей және Таяу Шетел коньяктары

Қазақстандық ең танымал АҚ «Бахус» компаниясының мынадай коньяк өнімдері бар:

«Қазақстандық» - 50 жылдық еменде 3 жыл сақталған коньяк өнімдерімен классикалық технология бойынша дайындалған. Жеңіл коньяк хош иісі мен жұмсақ дәмге ие. ( Екі алтын медаль: Алматы, 2000; Ялта, 2000. Күміс: Мәскеу, 2000) .

«Асанали» - 50 жылдық еменде 5 жыл сақталған коньяк өнімдерімен классикалық технология бойынша дайындалған. Ерекше жұмсақ дәм және өзіндік коьяктық хош иіс.

«Байтерек» - 14 жылдан аса бапталған таңдаулы коньяк. Ол ең алдымен күн жылуы мен кәрі емен даналығы бар бірегей сусын. Коньяктың бай, күрделі букеті баптаудың жарқын өңдерінің нәзік таңдаулы хош иісімен шырмаланып кетеді. Алғаш ұрттағанннан-ақ соңынан ұзақ жағымды ашылатын дәмге ұласатын жұмсақ, бүркеуіш дәм сезіледі. «Байтерек» таңдаулы коньягі - араластыру шеберлерімен мұқият бақыланған баптау біртумасы.

«Батыр» - жоғары сапалы бабына келген коньяк. Бірегей маркалы бабына келген жоғары сорттық коньяк, 10 жылдық коньяк спиртінен арнайы технология бойынша өндірілген, айыру, араластыру және сақтау өнірінің жемісі болып табылады. Нәзік таңдаулы дәм мен хош иіске ие. Әлдендіреді, тамырларды жаттықтандырады, жүрек жұмысын қалпына келтіреді. (Екі алтын медаль: Алматы 1996; Санкт-Петербург, 1999. Қола: Санкт-Петербург, 1997)

«Каһарман» - бабына келген жоғары сапалы коньяк. Қолдан жасалған 50 жылдық емен бөшкелерінде 8 жыл сақталған ең жақсы коньяк спиртінен жасалған маркалы бабына келген жоғары сапалы коньяк. (Алтын: Ялта, 2004; Алтын: Мәскеу, 2004)

«Женис» - маркалы бабына келген коньяк. Емен бөшкелерде 7 жыл сақталған коньяк спирттерінен 1967 жылдан бері өндірледі. (Екі алтын медаль: Ялта, 1999; Алматы, 2000. Қола: Санкт-Петербург, 2000)

Дәмінің сапасына байланысты Ресей және Таяу Шығыс коньяктарын 3 топқа бөлуге I болады: жоғары экстрактивті - қатты иісті, ванильді реңкті(азербайджандық, армян, дағыстандық, өзбек) ; жеңіл экстрактивті - хош, балғын иісті, гүлдердің реңкі бар(грузин, краснодарлық) ; екінші топтағыдан да экстрактивтілігі әлсіз - үйлесімді, ваниль иісті, өзіндік қосындылары бар(украина, молдавиялық) .

«Абхазети» - КЕ сортына жататын коньяк түрі, коньяк спирті 10 жыл сақталған. Коньяк өнімдері етіп Шығыс Грузияда (Дигоми, Мухрани, Гори аудандарында) өсірілген арнайы жүзім сорттары пайдаланылады. Олар ашық алтын түсті, күрделі қоспалы, жағымды дәмді. Спирт мөлшері 42 %, қанты 1, 2 %.

«Азербайджан» - бұл да 10 жыл сақталған КЕ сортына жатады. Алтын түстес, қою(смолистый) ванильді дәмі бар. Спирт мөлшері45%, қант1, 5%.

«Ай - Петри» - коньяк спирті 8 - 10 жыл сақталған КҰЖС маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Қырымда өсірілген Ркацители, Тербаш, Баян ширей, Шабаш, Гарандмак жүзім сорттарынан алынады. Алтын, қою алтын түсті, күрделі құрамды, шоколадты-ваниль дәмі бар, спирті 42 %, қанты 0, 7 %.

«Ани» - спирті 5-6 жыл сақталған орпдинарлы коньяк сорты. Оларды алу үшін Арменияда өсірілген европалық жүзім сорттары пайдаланылады. Купаж кезінде Ереван маңындағы Катнахбюр қайнарынан алынған бұлақ суы пайдаланылады. Ашық қоңыр алтын түстес реңкі бар. Спирті 42 %, қанты1, 5 %.

«Арианда» - 10 жыл сақталған, өнімге Украинаның оңтүстігінде өсірілген жүзім сорттары қолданылады. Түсі янтарлы- алтын тәріздес, құрамы дамыған, жағымды, дәмі жұмсақ. Спирті 45 %, қанты 0, 7 %.

«Аркадия» - коньяк өнімдері 10 жылдан артық сақталған, КЕ маркалы сортына жататын коньяк тобы. Оны дайындауда Одесса облысында өсірілетін европалық жүзімдер пайдаланылады. Янтарлы- алтын түсті, спирті 45 %, қанты 0, 7 %.

«Армения» - өнімдері 10 жылдан артық сақталған, КҰ сортына жататын коньяк тобы. оларды Арментяда өсірілген европалық жүзім сорттарынан алады. Қою алтын түсті, үйлесімді, жақсы ванильді реңкі бар. Купажға Ереван маңынан алынған Катнахбюр бұлақ суы пайдаланылады. «Армения» коллекциялық коньягін алу үшіндайын коньякты бөшкелерде 3жылдай сақтайды. Спирт көлемі 45 %, қанты 0, 7 %.

«Ахтамар» - Өнімі 10, одан да ұзақ сақталатын КҰ маркалы коньяк. Коньяк спиртін Арменияда өсірілген европалық жүзім сорттарынан жасайды. Алтын тәріздес түсі бар. Купажды Ереван маңындағы Катнахбюрг бұлақ суымен жасайды. Коллекциялық «Ахтамар» коньягы өндіріледі, оларды 3жыл бөшкелерде сақтайды. Спирт көлемі 42 %, қанты 1, 0 %.

«Багратион» - 20 жыл сақталған коньяк спиртінен жасалатын КҰ сортына жататын маркалы коньяк. Қою янтарь түсті, Құрамы дамыған, жұмсақ шоколадты- ваниль реңкті, дәмі жеңіл, жұмсақ, үйлесімді. Спирт мөлшері 50 %, қант 0, 7 %.

«Баку» - коньяк спирті 10 жылдан артық сақталған КҰЖС сортына жататын маркалы коньяк. Оны Азербайджанда өсірілген жүзімдерден жасайды. Коңыркай реңкі бар ашық алтын тәріздес түсті. Спирт көлемі 43 %, қанты 1, 2 %.

«Башлам» - спирті 6-7 жыл сақталған КҰ сортына жататын

маркалы коньяк. Оны дайындауда Шешенстанда өсетін Ркацители (70 %) және Алый терский (30 %) жүзімдерін пайдаланады. Түсі қою алтын тәріздес, спирт мөлшері 42 %, қанты 1, 2 %.

«Ақ құтан(аист) » - Коньяк спирті 5-6 жыл сақталатын арнаулы атаулы ординарлы коньяк. Онда 6жылдық 15 %-тен аспайтын спирт қосылады, Молдавияда өндіріледі. Түсі қою алтын тәріздес. Спирттің көлемі 40 %, қант 1, 5 %

«Үлкен сыйлық» - спирті 6 -7 жыл сақталған КҰ сортына жататын маркалы коньяк. Коньяк өнімдерін Краснодар өңірлерінде өсірілетін европалық ақ жүзім сорттарынан алынады. Ақшыл қоңыр түсті алтын реңкті, маркалы коньякқа тән жағымды дәмі бар. Спирті 42 %, қант 1, 2 %.

«Букурия» - коньяк спирті 10 жыл сақталған КҰЖС сортына жататын маркалы коньяк. Ақшыл шай түстес, жағымды реңкті. Құрамы күрделі, жұмсақ, айқын ванильді. Дәмі толық, жұмсақ, бірқалыпты. Спирттің көлемі 43 %, қанты 0, 7 %.

«Вайнах» (Ұлттар достастығы) - коньяк спиртінің орташа жасы 8-10 жасты КВВК сортты маркалы коньяк. Коньяк өнімдерін алу үшін Шешенстанда және Ингушетиде өсетін Алый терскии әрі Ркацители жүзім сорттары пайдаланылады. Түсі қою алтын тәріздес. Спирт көлемі 43 %, қанты1, 2 %.

«Вардзия» - орташа жасы 20-30 жастағы КЕ сортына жататын маркалы коньяктар пайдаланылады. Коньяк өніміне Грузияда, Шильда- Кварели, Цинандалида өсетін жергілікті жүзім сорттары алынады. Бұл марка 1966 жылы атақты грузиялық ақын, ойшыл Шота Руставели құрметіне жасалған еді. Дәмі жұмсақ, үйлесімді, түсі алтын тәріздес, құрамы күрделі, ванильді. Спирт көлемі 43 %, қанты 0, 7 %.

«Варцихе» - спирті 6- 7жыл сақталған КҰ маркалы коньяк. Оларды дайындау үшін Шығыс Грузияда (Варцихе ауданы, тб) өсірілген жергілікті жүзім сорттары алынады. Толық жұмсақ дәмді, Ашық алтын түстес, спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«Васпуракан» - спирті 18 және одан да көп сақталған КЕ сортына жататынмаркалы коньяк. Купажға Арменияда өсірілген европалық жүзім сорттары алынады. Купаж құрамына Ереван маңынан алынған Катнахбюр бұлақ суы қосылады. Түсі қою алтын түстес, құрамы армян коньягіне тән. Спирт көлемі 40%, қанты 1%.

«Виктория» - коньяк спиртінің орташа жасы 25 жыл болатын КЕ топты маркалы коньяк. Коньяк өніміне Молдавияда өсірілетін европалық коньяк алынады. Түсі қою алтын тәріздестен янтарлыға дейін болады. Құрамы қарқынды, энантты эфир тәрізді. Спирт көлемі 42%, қанты1, 0%.

«Гек- Гель» - Азербайджанжда өндірілетін, спирті 6- 7жыл сақталатын КҰ маркалы коньягі. Түсі - ашық алтын. Жұмсақ, үйлесімді дәмді. Спирт көлемі 42%, қанты1, 2%.

«Греми» - спирті 8-10жыл сақталатын КҰЖС топты маркалы коньяк. Коньяк өнімдерін Гурджаани, Кварели, Сачхере (Грузия) сияқты жергілікті жүзім сортынан даярлайды. Қүрпамы есте қаларлық, ұзақ сақталған. Дәмі жағымды, жұмсақ. Спирті 43%, қанты 0, 7%.

«Гянджа» - Азербайджанда өндірілетін 8-10жыл сақталатын КҰЖС тобының маркалы коньягынан алынады. Алтын түстен алтын реңкті ашық қоңыр түске дейін болады. Спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«Дагестан» - сприті 13жыл сақталатын КЕ тобының маркалы коньягы. Коньяк өнімдеріне Дағыстанда өсетін Алый терскии және Кизлярскии черный жүзімдері пайдаланылады. Түсі қою янтар түстес. Жоғары құндылықтарға ие. Спирті 44%, қанты%.

«Двин» - коньяк спирті 10 және одан көп сақталатын КЕ топты маркалы коньяк. Коньяк өніміне Арменияда өсетін европалық жүзім сорттары пайдаланылады. Купажға Катнахбюр бұлақ суы қосылады. Қою алтын түстес. Спирт көлемі 50%, қанты 0, 7%.

«Дервент» - Спирті 6-7жыл сақталатын КҰ тобының маркалы коньягы. Янтар түсті. Құрамы дамыған, жағымды. Дәмі толық, біріктірілген. Спирт көлемі 42%, қанты 1%.

«Днипро» - спирті 10 және одан да көп сақталатын КЕ маркалы коньягы. Коньяк өнімдерін европалық жүзімдерден жасайды. Қою алтын түстес, құрамы гүлдік. Спирт көлемі 40%, қанты 0, 7%.

«Дойна» - спирті 8-10жыл сақталған КҰЖС тобының маркалы коньягі. Өнімдерді Молдавияда өсетін европалық жүзім соттарынан жасайды. Түсі ашық алтын түстес янтарлы реңкі бар, құрамы смолисто-ванильді реңкпен. Спирт көлемі 45%, қанты 0, 7%.

«Домбай» - Спирті 8-10жыл сақталатын КҰЖС тобының маркалы коньягінен жасалады. Коньяк өнімдерін әзірлеуде Ставропольде өсірілетін ақ жүзім сорттарры пайдаланылады. Янтар түстес. Спирті 42%, қанты 0, 7%.

«Дон» - спирті 6-7жыл сақталатын КҰ тобына жататын маркалы коньяк. Өнімдерін Ростов өңірінде болатын домалақ ақ, Алиготе, Сильвонер сорттарынан алады. Түстері ашық алтыннан, ашық қоңырға дейін болады. Спирті42%, қанты 0, 8%.

«Ереван» - сприті 8-10жыл сақталатын КС тобының коньягы. Оларды алуда Арменияда өсетін европалық жүзімдер қолданылады. Қою алтын түстес, құрамы үйлесімді. Купажға Ереван маңындағы Катнахбюр бұлақ суы алынады. Спирті 57%, қанты 2, 0%.

«Женис» спирті 6-7жыл сақталады. Қазақстанда өсетін жүзім сорттарынан жасалады. Түсі - алтындай, құрамы - дамыған, Дәмі - ерен. Спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«Казбеги» - спирті 10жылдай сақталатын КС тобының маркалы коньягы. Коньяк өнімдерін Грузияда өсетін жергілікті Зестафони, Гурджаани, Амбролаури жүзім сорттарынан алады. Алтын түстес, құрамы күрделі, әрі бай, жұмсақ дәмді. Спирт көлемі 45%, қанты 0, 7%.

«Калараш» - спирті 6-7жыл сақталатын КВ маркалы коньягы. Коньяк өнімдерін европалық жүзім сорттарынан алады. Түсі қою алтыннан янтар тәріздеске дейін, дәмінде жұмсақ ванильді реңк сезіледі. Спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«Карпаты» - коньяк спирті 8жылдан кем емес сақталған КВВК маркалы коньягі. Оны жасауда Украинада өсірілетін европалық жүзім сортын пайдаланады. Алтын түсті, құрамы күрделі, дәмінде аздап шоколад сезіледі. Спирт көлемі 43%, қанты0, 7%.

«Каспий» - спирті 8-10жыл сақталатын КВВК тобының маркалы коньягі. Коньяк өнімдерін Дағыстанның оңтүстігінде өсірілетін Ркацители сортынан алады. Қою алтын түстес, ванильді-гүлдес құрамы бар, толық үйлесімді дәм. Спирт көлемі 43%, қанты 1%.

«Каховка» - спирті 8-10жыл сақталатын КВВК тобының маркалы коньягінен жасайды. Өнімдерді Украинаның Херсон ауданында өсетін европалық жүзімдерінен даярлайды. Түсі ашық қоңыр алтын түстес реңкпен, құрамы гүлдесін және ваниль реңкі бар. Спирті 43%, қанты 0, 7%.

«Киев» - спирті 15жылдан кем емес сақталатын КС тобына жататын маркалы коньягі. Коньяк өнімдерін дайындау үшін украиналық европа жүзімдері қолданылады. Янтарлы алтын түстес, құрамы жағымды ваниль реңкті. Спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«Кизляр» - коньяк спирті 10жылдан кем емес сақталатын КС маркалы коньягі. Коньяк өнімдерін Дағыстанда өсетін европалық жүзім сорттарынан алады. Қою янтар түстес, құрамы жақсы сақталған смолисто-ванильді . Спирт көлемі 43%, қанты 1, 3%.

«Кодру» - спирті 20жылдан кем емес сақталатын КС тобының маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Молдавияда өсірілетін европалық сорттардан алынады. Қою алтын түстен янтарлы түске дейін, құрамы күрделі эфирно-смолистый тоны бар. Дәмі біркелкі. Спирт көлемі 43%, қанты 0, 8%.

«Коктобель» - спирті 6-7жыл сақталған КВ маркалы коньягі. Өнімдері Қырымда өсетін Ркацители, Тербаш, Шабаш жүзім сорттарынан алады. Купажға 4жылдан кем емес 10% жас коньяк спирті қолданылады. Янтарлы- алтын түстес, құрамы жеңіл ванильді. Спирт көлемі 42%, қанты 1, 2%.

«ОС» - Грузияда өсетін жүзімдерден алынатын, спирті 10-12жыл сақталатын КС маркалы коньягі. Қою алтын түсті, құрамында ванильді тон бар. Спирті 43%, қанты 0, 7%.

«Краснодар» - спирті 10жылдан кем емес сақталатын КС маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Краснодар және Кубаньда өсетін Алиготе, Плавай жүзім сорттарынан алады. Алтын реңкі бар янтар түстес, құрамы күрделі, шоколад тонымен, дәмі біркелкі. Спирті 40%, қанты 1, 0%.

«Крым» - спирті 10жылдан кем емес сақталатын КС маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Қырымның далалы және тау етектерінде өсетін Тербаш, Ркацители, ашхабадтық Кара узюм жүзімдерінен алады. Алтын реңкі бар ашық қоңыр, құрамы иісі ванильді-шоколад тәріздес. Спирті 43%, қанты 1, 0%.

«Кубань» - спирті 8-10жыл сақталатын КВВК маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Краснодар өңірінде өсетін ақ, қызыл жүзім сорттарынан алынады. Алтын реңкті янтар түстес, құрамы күрделі, ванильді. 1873жылдан бастап шығарылады. Спирті 43%, қанты 1, 0%.

«Кыргызстан» - спирті 6-7жыл сақталатын КВ маркалы коньягі. Қырғызстанның Шу алқабында өсетін Ркацители, Баян ширей, Плавай, Буденшури жүзім сорттарынан алынады. Алтын түстес, құрамы шоколадты-кофе тәріздес. Спирт мөлшері 42%, қанты 2, 0%.

«Лезгинка» - спирті 6-7жыл сақталатын КС тобының маркалы коньягі. Дағыстанда өсетін Ркацители, Алый терский, қара Кизлярский жүзім сорттарынан алады. Алтын түсті, құрамы күрделі, смолистый, әрі гүлді-ванильді. Спирт мөлшері 42%, қанты1, 2%.

«Лучезарный» - спирті 12-14жыл сақталған КС тобының маркалы коньягі, өнімдерін молдавиялық европа жүзімдерінен алмаыз. Алтын реңкті янтар түсті, құрамы күрделі, күнбағыс және смолистый реңкі бар. Сприті 43%, қанты 1, 0%.

«Манас» - спирті 8-9жыл сақталатын КВВК тобының маркалы коньягі. Коньяк өнімдері Қырғызстанда өсетін Европалық жүзім сорттары: Ркацители, Серексия, Баян ширей, Буденшури, Плавайлардан алады. Түсі қою алтын, құрамы шоколадты кофедей. Спирттік көлем мөлшері 40%, қанты 1, 0%.

«Махачкала» - спирті 15жылдан кем емес КС маркалы коньягі. Коньяк өнімдерін Дағыстанда өсетін европалық жүзім сорттарынан алады. Алтын реңкті янтар түстес, құрамы күрделі және шоколадты- ванильді. Дәмі жұмсақ, тонкий. . Спирті 42%, қанты 0, 7%.

«Молдава» - спирті 6-7жыл сақталатын КВмаркалы коньгі. Оны өндіруде молдавалық европа жүзімдері қолданылады. Алтын түсті, құрамында гүлдердің, ванильдің иістері басым. Спирт мөлшері 42%, қанты 0, 7%.

«Москва» - спирті 12жыл сақталатын КВ маркалы коньягі. Коньяк өнімдеріне Азербайджанда өсетін европалық жүзімдер қолданылады. Алтын реңкті ашық қоңыр түсті. Құрамы шоколадты, әрі ванильді. Спирт көлемі 45%, қанты 0, 7%.

«Наири» - спирті 12жыл сақталатын армян маркалы коньягі. Өнімдерді жергілікті жүзім сорттарынан алады. Купаж құрамына катнахбюрлық бұлақ суы пайдаланылады. Қою янтарлы түсті, құрамы ванильді, дәмі толық, үйлесімді. Спирт мөлшері 42%, қанты 0, 7%.

«Нарын-Кала» - Спирті 10жылдан кем емес сақталатын КС маркалы конягі. Коньяк өнімдеріне Дағыстанда өсетін европалық жүзім сорттары қолданылады. Алтын реңкті янтар түсті. Құрамы шоколадты- ванильді, гүлді. Дәмі толық, үйлесімді, жұмсақ, смолистый. Спирттің мөлшерлік көлемі 42%, қанты 0, 7%.

«Нистру» - спирті 8жыл сақталатын молдавалық КВВК маркалы коньягі. Өнімдерін европалық жүзімдерден алады. Алтын янтар түсті, құрамы ванильді, күрделі, гүлді, дәмі жұмсақ, үйлесімді. Спирт көлемі 43%, қанты 2, 5%.

«Норок» - спирті 20жыл сақталатын КС маркалы коньягі. Қою алтын түстен янтарлы түске дейін. Құрамы күрделі, смолисто- ванильді. Дәмі біркелкі, тонкий. Спирт көлемі 42% , қанты 0, 7%.

«Одесса» - спирті 11жылдан артық сақталатын КС маркалы коньягі. Коньяк өнімдеріне Украинада өсетін европалық жүзім сорттарынан алынады. Түсі янтарлы- алтын. Дәмі ванильді- шоколадты. Спирт көлемі 43%, қанты 1, 2%.

«Отборный» - спирті 6жыл сақталатын КВ маркалы коньягі. Өнімдерді жергілікті жүзім сорттарынан алады. Алтын түстес, купажға Ереван маңындағы Катнахбюр бұлақ суы пайдаланылады. Спирті 42%, қанты 1, 2%.

«Праздничный» - спирті 12жыл сақталатын КС маркалы коньягі. Өнімдеріне Молдавада өсетін европалық жүзімдер қолданылады. Алтын реңкті шәйлі- янтар түстес, құрамы күрделі, цветочно- смолистый , Спирті 44%, қанты 0, 9%.

«Праздничный» - спирті 15жылдан және одан да көп сақталатын КС армян маркалы коньягі. Жылтыр алтын түстес. Купажға катнахбюрлық бұлақ суы қолданылады. КС коньягі негізінде бөшкеде 3жыл сақталған коллекциялық «Праздничный» коньягі алынады. Спирті 42%, қанты 1, 2%.

«Россия» - спирті 15жыл сақталатын КС маркалы коньягі. Өнімдерді өндіру үшін Дағыстанда өсетін европалық жүзімдер қолданылады. Қою янтар түстес, құрамы күрделі, смолистый. Спирті 4, 0%, қанты 1, 0%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзім өңдеудің жалпы технологиясы және шарап материалдарын алу
Қазақстан Республикасындағы алкогольды сусындар нарығы
Салық жүйесіндегі акциздің рөлі және алатын орны
Коньяк
АЛАЗ АҚ-ң қаржылық – экономикалық қызметін талдау
Акциздердің жанама салық салудағы орны
Салық жүйесіндегі жанама салықтар
Ескі кондитер цехындағы өндірілетін өнім түрлері
Акциздің экономикалық мәні. Салық жүйесіндегі акциздің рөлі және алатын орны
Қазақстан Республикасының салық жүйесi: мәселелері мен даму болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz