ХХ ғ. 60-70 жж. АКТ мен ЕЭҚ қатынастары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы
Еуропалық Одақ - АКТ: ынтымақтастықтың мәселелері, ұстанымдары және болашағы
Бітіру жұмысы
Орындаған 4 курс студенті Жакупова А. Т.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші _ Мырзабеков М. С.
(қолы, күні) т. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы Бюжеева Б. З.
(қолы, күні) т. ғ. к., доцент
Кафедра меңгерушісінің
Рұқсатымен қорғауға жіберілді Черных И. А.
(қолы, күні) т. ғ. к., доцент
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 3
І. ТАРАУ. ХХ Ғ. 60-70 жж. АКТ МЕН ЕЭҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
1. 1. «Ортақ нарық» және «Еурафрика» жоспары және олардың мәні . . . 9
1. 2. ХХ ғ. 60-70 жж. ЕЭҚ пен АКТ елдері арасында Ассоциация негізіндегі
қатынастардың эволюциясы . . . 17
1. 3. ХХ ғ. 80-90 жж. АКТ елдерінің Батыс Еуропа елдері үшін маңызының
арта түсуі (Африка мысалында) . . . 25
1. 4. Дүниезүзілік сауда және АКТ елдерінің Доха келіссөздеріндегі
позициялары . . . 30
ІІ. АКТ МЕН ЕО-ның ЛОМЕ КОНВЕНЦИЯЛАРЫ МЕН КОТОНУ
ШАРТЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫ
2. 1. ІҮ Ломе конвенциясы төңірегіндегі пікір таластар және Котону
Шартының қабылдануы . . . 36
2. 2. Котону Шарты және оның негізгі ұстанымдары . . . 47
2. 3. Еуропалық Одақтың АКТ елдеріне қатысты саясатының жаңа
кезеңі (1990-2000 жж) . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
ҚОСЫМШАЛАР . . . 71
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Тәуелсіздіктерін жеңіп алған АКТ елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономикалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. АКТ-ның тәуелсіз мемлекеттері өздерінің саяси құрылысы мен экономикалық даму моделін таңдау алдында тұрды. Бірақ бұл мемлекеттердің басым бөлігі өздерінің болашақтағы тағдырын бұрынғы метрополиялармен байланыстыруды жөн көрді.
АКТ мен ЕО арасындағы қазіргі кездегі әріптестік негізіндегі ынтымақтастық байланыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеудің өзектілігі әртүрлі геосаяси жағдайлар мен мүдделер өрісіндегі сан-алуан ұлттар мен этностардың бұрынғы меторополиялармен табысты қатынастар орнатуының алғышарттары мен себептерін ашып көрсетуге байланысты арта түсуде.
Қазіргі кездегі АКТ мен ЕО арасындағы сан-саланы қамтитын ынтымақтастық байланыстар халықаралық қатынастар тәжірибесінде ұжымдық дипломатияның жаңа бір саласы ретінде көрініс беруде. КСРО-ның ыдырауы салдарынан биполярлы әлемдік тәртіптік жүйенің жойылуы, халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа халықаралық субъектілердің пайда болуына алып келді. Құрамына Қазақстан Республикасы да кіретін халықаралық қатынастардың бұл субъектілері әлемдік экономикалық жүйеге кірігу барысында көптеген халықаралық әмбебап (БҰҰ) және аймақтық әскери-саяси (НАТО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ) экономикалық (ДСҰ, ХВҚ) ұйымдар мен институттарға мүше болумен қатар олардың құрылтайшылары болып табылатын мемлекеттермен де әріптестік, ынтымақтастық байланыстар орнатты. Әлемдік экономикалық-шаруашылық жүйеде өз орнын дәл анықтап, орнығып, бекіну жаңа тәуелсіз мемлекеттерге оңай соқпайды. Олар үшін бұл бағыттағы талпыныс пен ұмтылыстарын жүзеге асыруда оларға дейін осындай жолды жүріп өткен елдердің тәжрибесін ғылыми тұрғыдан зерделеп өз пайдасына қолдану ықтималды қатерлерге әкеліп соғатын шалыс қадамдардың алдын алуға себін тигізеді.
Тақырыптың өзектілігін айқындайтын тағы бір жәйт, ол, Қазақстанның да кезінде отар ел болғандығы және қазіргі жаһандану үрдісі жағдайында еліміз АКТ елдері басынан кешіріп отырған оқиғаларға ұқсас жайттармен (тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу, халықаралық экономикалық және қаржы институттарымен ынтымақтасу, әлемдік экономикалық-шаруашылық жүйедегі өз орнын табу, ұлттық экономикаға сыртқы күштердің инвестиция, қаржылай несие, түрінде еніп ықпал етуі және т. б. ) ұшырасып келеді. Сондықтан АКТ мен ЕО арасында отарлық жүйеден осы кезге дейін қалыптасқан әріптестік байланыстардың эволюциясын зерделей отырып, еліміздің болашақтағы даму барысын нақ айқындау үшін және ықтималды қателіктермен қиындықтардың алдын алуда «отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып-түсінуді қажет ететіндігін» әрдайым есте ұстау қажет. Сонымен бірге, президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың: «Асылы қазақ ұлтының экоәлеуметтік жүйемен біте қайнасқан тіршілігін түсіну үшін империялық және кеңестік отаршылдықтың айырмашылығына ден қоюдан гөрі, олардың түбірлі ұқсастығын танып-түсінген мәндірек болар», деген сөзі біздің еліміздің бұрынғы отарлық мемлекеттермен қарым-қатынастар орнатуда назарда болатын негізгі мәселелерге көңіл аударуды меңзейтіндей [1] .
Зерттеу тақырыбының өзектілігін нақтылай түсетін тағы да бір жайт - АКТ мен ЕО арасында жаһандану жағдайында ұжымдық дипломатияның пәрменді қызмет ету мүмкіндіктерін зерттеуге де байланысты. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде бұрынғы отарлар мен метрополиялар арасында жаңа сападағы бір-біріне тиімді саяси, әскери және сауда-экономикалық байланыстардың қарқындап дамуы, тараптардың (АКТ мен ЕО) жарты ғасырға созылған қоян-қолтық өзара әрекетінің арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан ЕО мен АКТ қарым-қатынастарының даму эволюциясын ғылыми тұрғыдан зерделеп, оның аспектілеріне баға беру, дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сонымен қатар ХХІ ғасырда адамзат басынан кешіріп жатқан кедейшілік, жергілікті немесе аймақтық қақтығыстарға ұласып жатқан тұрақсыздық жағдайлар, демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын қадірлеу сияқты мәселелер АКТ елдерінің бірқатарында әлі де болса шешімін таппай келеді. Осы орайда, ЕО сыртқы саясатында маңызды орындардың бірін иемденетін АКТ елдерінде орын алып жатқан жоғарыда аталған мәселелерді реттеп оларды жүзеге асырудағы Еуропа Одағының іс-шарасы мен тәжірибесін сараптау аталмыш тақырыптың өзектілігін нақтылай түсетіндігі дау тудырмайды.
Отарлық жүйе ыдырағаннан кейінгі бұрынғы отарлар мен метрополиялалардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал, сондай-ақ, құрамына әлемнің 79 мемлекеті кіретін АКТ мен құрамында 27 мүше-мемлекеті бар ЕО арасындағы ынтымақтастықтың даму динамикасы мен эволюциясы, дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып және ондағы фактілерді жүйелей келе, бітіру жұмысын жазу барысында төмендегідей мақсат алға қойылды: отарлық жүйе жойылуының бұрынғы отарлар мен метрополиялардың ішкі және сыртқы саяси-экономикалық жағдайларының өзгеруіне тигізген әсерін ашып көрсету. Англия және Франция сияқты алып отаршыл мемлекеттедің бұрынғы отарларға өз ықпалдарын сақтап қалу амалдарын анықтау. «Еурафрика» жоспары мен «Ассоциация» институтының пайда болуын сәулелендіре отырып, оның себептеріне талдау жасау. АКТ елдерінің ЕО-мен қазіргі ынтымақтастығының пәрменділігі мен прогрессивтілігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі кездегі Еуропа елдеріндегі саяси және академиялық топтарының отарлау, деколонизация және интеграция мен еуропалық біртектілік идеяларына қатысты қөзқарастарын саралау. Осы орайда бітіру жұмысында белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Отарлық жүйе күйрегеннен кейінгі кезеңде бұрынғы метрополиялар мен жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы экономикалық, сауда, әскери, саяси және мәдени байланыстардың үзілуі салдарының тараптардың ішкі және сыртқы саяси, экономикалық дамуы жағдайларына кері әсерін көрсете отырып, АКТ мен Еуропа елдерінің, негізінен Англия мен Францияның бұрынғы отар мемлекеттермен жаңа сападағы ынтымақтастық қатынастарды орнатуға деген өзара ұмтылыстарының себептері мен маңызын анықтау.
- АКТ мен ЕО елдері арасындағы осы күнгі сауда-экономикалық және адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа алып келген байланыстардың дәйекті қалыптасуына АКТ мен ЕО-ның да мүдделер үйлесімдігі негіз болғандығын нақтылау.
- ЕО-ның қазіргі таңдағы АКТ елдерінің бірқатарындағы ұлттық экономикасын реформалауға көрсеткен қолғабысын саралай отырып, біздің республикамызда жүзеге асырылған реформалармен ұқсастығы мен алшақтық тұстарын анықтап баға беру.
- АКТ мен ЕО-ның бірлесе күш салып отырған «кедейшілік», «адам құқықтары», «демократиялық ұстанымдарды» орнатып нығайту, «мигранттар» мәселелерін шешудің жолдары мен тәсілдерін ашып көрсету.
- АКТ мен ЕО арасындағы ынтымақтастық байланыстардың кенже қалған және нашар дамыған салаларын анықтау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері АКТ мен ЕО арасындағы қазіргі кездегі экономикалық, сауда және саяси байланыстардың орнауы мен дамуы деңгейі мен қарқындылығын және олардың саяси-экономикалық сипатын толық ашып көрсетуге мүмкіндік беретін ХХ ғ. 40 жж. екінші жартысынан, яғни, әлемдік отарлық жүйенің ыдырау үрдісінің басталу кезеңінен 2000 ж. Котону шартына қол қойылған кейінгі уақыт аралығын қамтумен шектеледі. Тараптардың бұндай ұмтылыстары ХХ ғ. 50-70 жж. «Еурафрика» жоспары мен «Ассоциация» институты ауқымында Еуропалық Қауымдастық пен АКТ арасындағы «Ортақ нарық» елдерімен жаңа сападағы әріптестік байланыстардың орнап, дамуының идеялық бағытына ұласты.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға негіз болаған деректерді сипаты мен маңызына қарай келесідей топтарға бөлуге болады. Олар: АКТ елдері мен ЕО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық конституциялары, заң актілері және қаулылары; мемлекет қайраткерлерінің мемуарлары мен сұхбаттары; дипломатиялық құжаттар; бұқаралық ақпарат материалдары; статистикалық жинақтар мен анықтамалар.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. АКТ мен ЕО арасындағы экономикалық, сауда, саяси-әскери және мәдени салаларды арнайы зерттеген жұмыстар кеңестік және батыстық тарих ғылымында баршылық. Дегенмен, АКТ мен ЕО арасындағы қазіргі кездегі байланыстардың қырларын баяндайтын және оларға баға беретін еңбектер өте тапшы.
ХХ ғ. 50-60 жж. ширегінде АКТ мен Еуропа елдері арасында жаңа сатыдағы қатынастар енді дамып келе жатқандықтан, тараптар арасындағы саяси байланыстардың мәселелері мен дипломатиялық қатынастардың деңгейі мен сипатын және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің аймақтық интеграциялық ұмтылыстары мен олардың жаһандық халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен маңызын арнайы қарастырған кеңестік және орыс зерттеушілердің қатарында П. П. Черкасовты атауға болады. Ол өзінің «Распад колониальной империи Франции: кризис французской колониальной политики в 1939-1985 гг. . » деген еңбегінде әлемдік отарлық алпауыт мемлекет болып табылатын Францияның екінші дүниежүзілік соғыс кезінен ХХ ғ. 80-жж. бірінші жартысына дейінгі отарларындағы әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси жағдайды зерттеп, француздық отарлық жүйенің ыдырау ерекшеліктерін ашып көрсеткен .
« Африка в международных отношениях», «Глобальные проблемы современности и Африка», «Политика Англии в Африке» және «Развивающиеся страны в мировой политике» деген авторлар ұжымының еңбектерінде Африка елдеріне қатысты АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Франция және Португалия сияқты мемлекеттердің ұстанған саясатының принциптеріне талдау жасалған [3] .
Дамушы тәуелсіз елдердің сыртқы саясаты мен олардың болашақта ұстанатын даму бағытын зерттеп білу сол кездегі өзекті мәселе болды. Сондықтан бұл тақырыпқа соқпай кеткен зерттеушілер кемде-кем болды. Осы тақырыпқа арналған іргелі зерттеулердің қатарында: В. С. Шилов, Г. В. Фокеев, Б. М. Колкер, Л. В. Скрипникова, А. М. Хазанов, Н. Егорова, Г. Н. Коломиец, Г. М. Мирский, К. Н. Брутенц, В. Г. Селедников, М. Збигнев, Клепацкийдің еңбектерін атауға болады [4] .
АКТ мен ЕЭҚ елдерінің арасындағы жаңа байланыстардың тарихи қажеттіліктен туындайтын заңды құбылыс екендігін айқындап беруде батыстық зерттеушілер: J. Woddis, D. Ingram, M. Ayearst, M. Howard, G. Shepard, I. Walleistein, A. J. Hanna, H. Wilson, R. Welensky, P. C. Lloyd, D. Austin, еңбектерінің маңызы ерекше [5] .
АКТ мен Еуропа арасындағы экономикалық, сауда және банктік жүйелердің қалыптасып дамуын зерттеген батыстық авторлардың қатарында: R. Emerson, S. Hempstone, V. Andrew, L. Kamarck, F. Whitman, W. Mc Cord, D. Dodge, W. Hovne, I. Mclean. A. L. Epstein іргелі зерттеу жүргізгендігін атап өтуге болады. Аталмыш авторлар өз зерттеулерінде Еуропа мен АКТ арасындағы экономикалық қатынастарға егжей-тегжейлі тоқталып, бұл салалардағы ынтымақтастықтың болашағына болжам жасау көрініс тапқандықтан өзінің құндылығымен ерекшеленеді[6] .
Азия және Африка халықтарының ұлт-азаттық күресі және отарлық жүйенің ыдырауы мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдар да өз үлестерін қосты. Олардың қатарында профессор Ж. О. Ибрашевты ерекше атауға болады. Ол өзінің «Политическая концепция Ш. де Голля» деген зерттеуінде көлемі жағынан екінші орынды алатын француздық отарлық жүйенің ыдырауын және осы процестегі Франция президенті Ш. де Голлдің ролін көрсетеді. Француз отарлық жүйенің ыдырауына әсер еткен әлемдік тарихи факторларға баға береді [7] .
Отарлық жүйенің ыдырауы және ондағы ұлт-азаттық күрестің маңызы туралы көлемді зерттеу жүргізген отандық ғалым профессор К. Қ. Қожахметов. Ол аталмыш тақырыпқа бірнеше еңбегін арнаған [8] . Сондай-ақ, отарлық жүйенің күйреуі тақырыбына қалам тарқан ұжымдық еңбектер де жоқ емес.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Жұмыста тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері колданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмыстарына арқау болды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. АКТ мен ЕО елдері арасындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылатын ХХ ғ. 50-90 жж. аралығындағы сауда, экономикалық, саяси және мәдени, гуманитарлық байланыстарға кейінгі кездері айналымға енгізілген бірқатар жаңа деректердің негізінде зерттеу жүргізілді.
- тәуелсіздіктерін алғаннан кейінгі АКТ елдерінің Еуропа Одағымен ынтымақастығының деңгейін ашуға талпыныс жасалынды.
- Еуропа Одағының АКТ елдеріне қатысты сыртқы саясатының негіздері ашылды. Халықаралық жағдайдың өзгеруіне, жаһандану заманының талаптарына, интеграциялық үрдістердің дамуына және әртүрлі объективті жағдайлар мен қажетттіліктерге сәйкес Еуропа Одағының АКТ елдеріне қатысты сыртқы саясатындағы басымды бағыттар қарастырылды.
- Еуропа Одағы мен АКТ елдері арасындағы өзара байланыстардың қалыптасуы мен олардың даму үрдістерінің ерекшеліктері көрсетілді.
- Еуропа Одағы мен АКТ елдері арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Тең құқылы және өзара тиімділік ұстанымдары негізінде тараптар арасындағы өзара қатынастардың басымды жақтарына талдау жасалынып, ортақ жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Бітіру жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізігі тұжырымдар мыналар:
1. АКТ өзінің ЕО экономикасы үшін маңызды стратегиялық геоэкономикалық аймақ болып табылады.
2. ЕО- ның АКТ елдеріне қатысты сыртқы саясатының теориялық негізін ашумен қатар ЕО сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен ұстанымдарын айқындау тараптар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуындағы мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді
3. ЕО мен АКТ арасындағы негізгі мүдде экономикалық байланыстар ынтымақтастықтың маңызды саласы болып табылады
4. Әділ басқару, адам құқығы, мен демократиялық құндылықтары құрметтеу, қақтығыстарға араласпау ЕО мен АКТ арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы негізгі шарттар болып табылады.
5. Құрамына әлемнің дамушы 78 мемлекеті кіретін АКТ мен ЕО арасындағы сан-саланы қамтитын әріпсетік байланыстар қазіргі кездегі ұжымды дипломатияның зор жемісі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
І. ТАРАУ. ХХ Ғ. 60-70 жж. АКТ МЕН ЕЭҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
1. 1. «Ортақ нарық» және «Еурафрика» жоспары және олардың мәні
Еуропалық Көмір және Болат Қауымдастығының құрылуына және кейіннен Еуропалық Экономикалық қауымдастықтың қалыптасуына бастапқыда неміс мәселесі мен «Қырғи-қабақ» соғыстың салдарынан пайда болған жаңа биполярлық әлемдік тәртіп пен Еуропалық интеграциялық үрдістің алғашқы кезеңдеріндегі Еуропа мемлекеттерінің отарлық саясатының дағдарысқа ұшырауы да белгілі бір деңгейде өз ықпалын тигізді. Сол кездегі және қазіргі кездегі (әсіресе, Котону шартына қол қою қарсаңында-авт. ескертпесі) Еуропаның академиялық және сарапшылар топтарында көптеген еңбектер, атап айтқанда, отаршылдық саясаттың Еуропадағы ұқсастыққа тигізген әсерлері және еуропалық ұқсастықтың тарихи тамырлары мен оның өткен шақ пен қазіргі кездегі түсініктерін зерттеп баға беруге талпынған басылымдар жарық көре бастады. Бұл еңбектердің бірқатары Еуропалық интеграция мен Еуропалық ұқсастық негізінде отаршылдық саясатқа баға беріп, деколонизация қозғалысымен жоғарыда аталған екі үрдістің (Еуропалық интеграция мен Еуропалық ұқсастық- авт. ескертпесі) арасындағы өзара байланыстың деңгейлеріне ғылыми тұрғыдан сараптама берілген. Бір сөзбен айтқанда бұл ғылыми еңбектердің ортақ мақсаты Еуропалық интеграция мен Еуропалық ұқсастық және колонизация мен деколонизация контекстінде аталмыш байланыстардың берік екендігін негіздеу болды.
Еуропалық Одақпен ассоциациаланған Африка, Кариб теңізі және Тынық мұхиты (АКТ) елдері арасында орнаған жаңа қатынастар АКТ елдерін әлемдік өндіріс жүйесінен шалғай жатқан аймақтан біршама жақын жатқан аймаққа айналдыруға өз себін тигізді. Мұндай қалыптасқан жағдай ХХ-шы ғасырдың 60-70 жж. аралығында дамушы мемлекеттер, атап айтқанда, Африка елдері тарапынан бұл елдердің экономикалық мешеулігін пайда болған мәселелерді тең құқылы негізде шешуге ықпал ететін жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнату жолында табанды күрес жүргізуге итермеледі. АКТ елдері негізінен еуропалық мемлекеттердің БҰҰ шеңберінде өздеріне қабылдаған қаржылай және техникалық көмек көрсету туралы міндеттемелерін орындауын талап етті.
АКТ елдерінің әлемдік шаруашылық жүйенің маңызды бір бөлігі ретіндегі орнымен ерекшеленуі, сондай-ақ бұл елдердің биполярлы әлемдік тәртіптің бәсекелес аймағына айналуы, екі идеологияның жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы негізгі күш-қуатын жұмсаған аймағына айналды. Осы орайда, Батыс пен Шығыс арасында идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың негізгі нысанына айналған АКТ елдері жаңа әлемдік тәртіптің екі негізгі полюсы АҚШ пен КСРО-ның әрқайсысының өздеріне тән қоғамдық-экономикалық формацияларының өміршеңдігін дәлелдейтін нысанға айналды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан әлсіреп шыққан батыс еуропалық мемлекеттер үшін өздерінің бұрынғы отарлық иеліктерін сақтап қалу мәселелерінен өзге жаңа мәселе - біртұтас еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары тұрды. Еуропалық мемлекеттер (Ұлыбритания, Франция) өздерінің бұрынғы әлемдік саясаттағы ықпалдарын ішінара жоғалтқанымен соғыстан кейін қалыптасқан жаңа геосаяси шынайылықтарды есепке ала отырып, өздерінің отарлық иеліктерін сақтау және ол жерлердегі позицияларын нығайту мақсатында, сондай-ақ еуропалық істерде белгілі бір деңгейде өздеріне тән бұрынғы маңыздылығын қорғап қалуға тырысқандығымен ерекшеленеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жаңа геосаяси жағдай Англия, Франция және басқа да еуропалық отаршыл мемлекеттер үшін үлкен сын болды. Батыс еуропалық мемлекеттер соғыстан кейін қалыптасқан жаңа қатерлерден өзге біртіндеп өздерінің тәуелсіздігі мен азаттық үшін ұмтылған Азия және Африка халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына әскери-саяси, дипломатиялық және қаржы-экономикалық шараларды жүзеге асыру арқылы әсер етуге тырысты .
«Ортақ нарықтың» құрылуының алғашқы кезеңінде батысеуропалық мемлекеттердің Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен өзара қатынастарына ерекше көңіл бөлінген жоқ. Тіпті бұл мәселелер 1957 ж. Рим шартының негізі ретінде қабылданған көпке танымал Анри Спаактың баяндамасында да өз көрінісін тапқан жоқ. Тек қана Еуропалық экономикалық қауымдастықты құру туралы келіссөздердің аяққы кезеңдерінде, «Ортақ нарыққа» қатысушы - мемлекеттердің отарлық иеліктерінде қосу туралы шешім қабылданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz