Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ . . . 7

1. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы . . . 7

1. 2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру . . . 10

1. 3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру . . . 14

1. 4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру . . . 14

2 ДЕНСАУЛЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА ОРТАША ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 15

2. 1 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің объектісі . . . 15

2. 2 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің объективтік жағы…… . . . 19

2. 3 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің субъектісі . . . 23

2. 4 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің субъективтік жағы… . . . 26

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ. 31

3. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын-алу . . . 31

3. 2 Денсаулыққа орташа жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелері . . . 32

3. 3 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері . . . 35

3. 4 Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік . . . 37

3. 5 Қасақаналық және оның түрлері . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 51

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.

Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқықтық ғылымда денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіруге байланысты қылмыстардың түрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Осы мәселелерді шешуге үлес қосқандар: Рахметов С. М., Алауханов Е. О., Борчашвили И. Ш., Данилин И. Н., Ефимов М. А., Ағыбаев А. Н., Гаухман Л. Д., Абельцев С. Н., Абсатаров Х. Х., Абдрашит А. А., Иванов В. Д., Алексеев М. А., Авдеев Ю. И., Матышевский П. С., Горшенков Г. Н.

Осы мәселеге ғалымдардың ойларының көпжақтылығы және ғылымда жеткілікті дәрежеде жетілмегендіктен құқық қолдану тәжірибеде қиындық туғызады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.

Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады [1] .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 104 - бабымен көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104 - бабында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 104 - бабының 1 - бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 104 - бабының 2 - бөлігі), ерекше сараланған құрамы берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тәнін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 - ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне жатқызады.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.

Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек[2, 124б. ]

Осы дипломдық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:

Осы дипломдық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат - ол денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипатын ашу. Сондықтан да жоғарыда айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық - адам өміріндегі негізгі байлығы болып есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.

Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар[1] .

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының Контитуциясынан, Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О., Сапарғалиев Ғ., Төлеубеков Б. К., Смитенко В. Н. тағы басқа да атақты ғалымдарымыздың еңбектерінен және кітаптарынан жазылды.

Қазіргі зерттеу әмбебап диалектикалық әдіске негізделеді. Сонымен қатар осы жұмыста формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық әдістері қолданған.

Осы дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдеріндегі адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығына тоқталсақ:

Адамның денсаулығын сақтау құқығы - бұл мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін қарастыруға болады.

Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;

2. Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;

3. Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;

4. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру;

5. Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.

Осы дипломдық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстың обьектісі, субьектісі туралы түсініктер жан-жақты қаралды.

Қорғауға ұсынылған негізгі ережелер:

1) азаматтардың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты анықтау тәуелсіз сот билігінің және отандық сот жүйесінің дамуының маңызды құқықтық құрамы болып табылады.

2) осы жұмыста зерттеліп жатқан қылмыстың қосымша тікелей обьектісі ретінде, адам және азаматтың, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекет мүдделері мен конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесін мойындау қажеттігі көрсетіліп отыр.

3) зерттеліп жатқан қылмыстың құрамы материалдық сипатта болады ҚР ҚК 104 бабында көрсетілген әрекетерді жасаған сәттен бастап, қылмыс аяқталды деп есептеледі.

4) қылмыстың ауырлатылған құрамы (ҚР ҚК-нің 104-бабының 2-бөлігі) формальды-материалдық сипатта болады.

5) субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъекті 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.

6) дипломдық жұмыста, шешім қабылдауда орын алатын денсаулыққа зиян келудің дәрежесін анықтау талданып көрсетілген.

Зерттеудің объектісі болып денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын саралау кезінде туындайтын қылмыстық құқықтық қатынас.

Зерттеудің пәні денсаулыққа қасақана орташа зиян келтру қылмысының құрамын белгілейтін нормалар.

Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдамалар сот - тергеу тәжірибесінде, қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты қолданыла алады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы оның ережелерін, қорытындыларын және ұсыныстарын азаматтардың денсаулығын қорғаудың қылмыстық-құқықтық шараларын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығына қарсы қылмыстарды зерттеу жүргізуде қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, эксперименттік бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, теориялық әдіснамалық негізі және жұмыстың құрылымы айқындалған. Қорытындыда, зерттеудің нәтижелері мен негізгі тұжырымдамалары көрсетілген.

1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері

1. 1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы

Әрбip жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Ceбeбi адам денсаулығы - оның нeгiзгi байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселсі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әpбip азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшeci денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі 6ip шаралар қолданып, қоғам үшін біршама ceптiгiн тигізуі керек. Қaзipгi кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ici жөніндегі агентігі жұмыс icтeп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әpi кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әcipece өciп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жузеге асырып отыр[2, 120 б. ]

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әpi қалыпты жұмыс icтeyi. Яғни, адам организмінің әpбip органы, әpбip мүшeci сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бip функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде, бip адам екінші бip адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қayiптi іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктермен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетін әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіру мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бip көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) ; 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап) ; 3) денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіру (105-бап) ; 4) ұрып-соғу (106-бап) ; 5) азаптау (107-бап) ; 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ; 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ; 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ; 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ; 10) қорқыту (112-бап) ; 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ; 12) медицина қызметкерін кәciптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ; 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ; 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (116-бап) ; 15) заңсыз аборт жасау (117-баптын 4-тармағы) ; 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) ; қayiптi жағдайда қалдыру (119-бап) [3] .

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі - бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы - басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көpiнic табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ., механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (токпен ұру), термикалық веер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұктыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бip адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жургізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі 6ip зардаптарға жауап бермейді, ceбeбi жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мумкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда онын әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудін субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайылдық) . "Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бip адамның екінші бip адамға дене жарақатын келтіpyдi тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тилемейді, бipaқ оған саналы түрде жол береди. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардын, яғни дене жарақатынын болуын көре алады, бipaқ ол салдар бола қоймас - ау деген өзше сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бipaқ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінін 15 - бабының 2 - тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) ; 2) ауырлататын мән - жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы) .

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша eci дұрыс субьектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ; 2) ұрып-соғу (100-бап) ; 3) азаптау (107-бап) ; 4) денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру (108-бап) ; 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ; 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ; 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ; 8) қорқыту (112-бап) ; 9) соз ауруларын жұктыру (115-бап) ; 10) адамның иммун тапшылығы 11) вирусын жұқтыру (116-бап) ; 12) зансыз аборт жасау (117-бап) ; 13) қayiптi жағадайда қалдыру (119-бап) .

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасағанда дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап) ; 2) медицина кызметкерің, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ; 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ; 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) . Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас, ал кейбір субьектілер үшін 16 жас.

Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субьектілер де бар[4, 109-110б. ] .

Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түcipy деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс icтeyiн бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: "Адамның өмipiнe қayiптi немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана-ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмipгe қayiптi немесе еңбек қaбiлетінің кемінде үштен бipiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру[5] .

1. 2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік : «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес :

а) Адамның өміріне қауіпті зиынға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат, бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы ; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы ; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы ; бел омыртқаны ауыр зақымдау, адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т. б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Қылмыстық құқықтық пәні
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz