Айтыс
Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Бәдік айтысы.
Жұмбақ айтысы.
Салт айтысы.
Ақындар айтысы, оның ерекшелігі.
Бәдік айтысы.
Жұмбақ айтысы.
Салт айтысы.
Ақындар айтысы, оның ерекшелігі.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыс сондай-ақ арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ал ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: 1. Бәдік. 2. Жар-жар. 3. Жануарлар мен адамның айтысы. 4. Өлі мен тірінің айтысы. 5. Жұмбақ айтысы. 6. Салт айтысы — қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы. 7. Осы күнгі айтыстар.
Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.
Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі — айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз төңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.
Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. «Үшкіру», «шақыру» арқылы сол індеттерден құтылуға болады деп білген.
Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет — айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі — бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрын ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп «бәдік» айтатын болған.

АЙТЫС
Сөздің мәні айта білсе ашылар. (Мақал.)
Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу
негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да
айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс
қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып
отыр.
Айтыс сондай-ақ арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес
елдердің бірқатарында, ал ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: 1. Бәдік. 2. Жар-
жар. 3. Жануарлар мен адамның айтысы. 4. Өлі мен тірінің айтысы. 5. Жұмбақ
айтысы. 6. Салт айтысы — қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы. 7. Осы
күнгі айтыстар.

Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі — айтыс жырларының көне түрі. Ол
адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм діни нанымына
байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған,
солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының
бәрінің өз төңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған,
солардан медет тілеген.
Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі
бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. Үшкіру, шақыру
арқылы сол індеттерден құтылуға болады деп білген.
Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет — айналшық
(айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі —
бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрын ауыл жастары жиналып, кеш
өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек.
Жастар екі жақ боп бәдік айтатын болған.
Айт дегенде айтьамын – ау бәдікті,
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене бір кәдікті,
Көш! Көш!
Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қоныс-жайға
ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке
ұсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.
Адамның ой-санасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни
нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді
жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым.
Жігіт:
Қаратауым дегенде, Қаратауым,
Тау басынан соғады қара дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,
Қаптай көшіп келеді біздін ауыл.
Қыз:
Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,
Таудан арғы бұлтпенен араласып.
Енді екеуіміз бәдікті тауып алып,
Шын құмардан шығалық сабаласып.
Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге
құмартқан жастар әзілі ғана бар.
Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше
орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі
мен сиырының айтысын алайық.
Иесі:
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?
Сиыры:
Шиыршықтап қыл арқан ескенінде,
Қу шолақты соялық дескеніңде,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкенінді.
Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз
әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір
кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.
Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі — жұмбақ
айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-
тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған
жетектеу, әсіресе жастардың ой-санасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан
ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ой-сананы
өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты,
жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды.
Бұл — бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері соңырақ
туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.
Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл
айтысқа түсу үшін өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар
ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ
айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің
әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін
айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан
жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.
Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың
таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай айтқан жұмбағының мағынасы
кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне
Қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп
білетіндігі таңғалдырады.
Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі — Сапарғали мен Нұржан
айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлык, өнерлілік танытқан.
Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің
Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау
етеді.
Мысалы:
Сапарғали:
Бір кұс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
Ұшырса, қондырса да еркі адамда
Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.
Нұржан:
Мысалы жайса зонтик құс секілді,
Тетігі қолда болған іс секілді,
Жауса пана, күн шықса көлеңкесі
Достығы бейне сіз бен біз секілді.
Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де,
сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның
шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.
Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да
кездеседі.
Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ой-
санасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының
орны ерекше.
Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар
айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Қыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz