Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.9
1 Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ.САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.30
1.1 Өскен ортасы мен қоғамдық.саяси көзқарастарының қалыптасуы10.23
1.2 Ә. Бөкейхановтың Ақпан революциясына дейінгі қоғамдық.саяси
жұмыстарға араласуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.30
2 Ә.БӨКЕЙХАНОВ ХХ ҒАСЫРДЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ...31.45
2.1 Ә. Бөкейханов және «Алаш» партиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.39
2.2 1920.30жж қоғамдық.саяси өмір және Ә. Бөкейханов ... ... ... ... ... ... .39.45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46.47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ...48.51

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің саяси, рухани өмірі бостандық лебін бойына сіңіре бастаған кезеңде халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық мәдениеті мен оның құрамдас бөлігі – тәуелсіз еліміздің шынайы тарихын, сол тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Болашағымыздың өскелең ұрпақтарын ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тәрбиелеу туралы сөз еткенде, нақ осы мәселенің арқауы – халқымыздың талай сын сағаттарында суырылып шыққан көсемдерінің есімін айтпай кету мүмкін емес болды.
Тоталитарлық жүйе өзінің “қанды шеңгеліне” түсіріп, есімдерін халықтың жадынан шығарып, тарих көшінен біржолата аластату ниетіне тырысқанына қарамастан ұлт зиялыларының қазақ елінің түпкілікті қоғамдық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері бүгінгі таңда қайта жаңғыруы заңды үрдіс.
Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: “Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес” – деп жазды [1].
Соған орай еліміз тәуелсіздік алып, жеке іргелі мемлекет болып жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын, оның белсенді қайраткерлерінің өмірін, қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеу үшін Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды. Жалпы Алаш тарихын зерттеу Қазақстандық тарихнамада ел танудың, замантанудың оңтайлы шарасы ретінде қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар, тарих ғылымында жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді. Ол қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды. Алайда Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы жемісті еңбектермен қатар қасіретке де толы болды. Сол себепті де Әлихан Бөкейхановсынды қайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне баға беріп, нақтылай түсу тақырыбымыздың өзектілігін аша түседі.

1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1996. – 296 б.
2. 2.Абдрахманова К. Ғажайып тұлға: Ә.Бөкейхановтың туғанына - 140 жыл //Орталық Қазақстан.- 2006.-27 сәуір.-7 б.
3. Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. (Архив Президента РК). – Алматы: Қазақстан, 1998. – 336 с.
4. “Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау” туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. – 1993. – 18 мамыр.
5. Сборник нормативно – правовых актов о реабилитации жертв массовых политических репрессиии. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 64 с.
6. Президент Республики Казахстан. Об установлении Дня памяти жертв политических репрессии: Указ // Казахстанская правда. – 1997. – 6 апреля.
7. Аққұлұлы С. Әлихан Бөкейхан (1866-1937): /ХХ ғасыр: ұлт тұлғалары ұлағаты // Үкiмет Жаршысы.- Алматы, 2000.-N3.- 68-69б; Аққұлұлы С. Әлихан Бөкейхан. Зерттеу // Жұлдыз.- 1991.- N1.- 3-62 б.
8. Қойгелдиев М. Әлихан Бөкейханов // Ақиқат.- 1992. - №6.
9. Бөкейханов Ә. Қазақтың қамын ойлаумен…/Алғы сөзін жазған С.Жәмкенұлы/ //Ақиқат. – 1992.-№2.- 39-43 б.
10. Бектұров Ж. Үш Әлекең: /Бөкейханов туралы/ //Орталық Қазақстан. - 1989. –29 тамыз;30 тамыз;31 тамыз; 1 қыркүйек; 6 қыркүйек; 7 қыркүйек; 13 қыркүйек.
11. Жұртбай Т. Ел ардақтаған азамат // Ақиқат.-1995. N3.- 60-65б.
12. Махмут Жарылғап. Алаштың Ақтоғайы / құраст.:А.Сейдiахметов,Ж.Махмұт.- Қарағанды: Полиграфия, 1998.- 31бет.
13. Бөкейхан Ә. Таңдамалы: Шығармалар жинағы. 2 кiтап.- Алматы: Өлке, 2003.- 224 бет.-(Алаш мұрасы)
29Бөкейхан Ә. Шығармалар.- Алматы; Қазақстан, 1994.-384 б.
14. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 365 б.
15. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 253 б.
16. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474 б.
17. Козыбаев М. Отечественная история ΧΧ века: мифы и реальность // Казахстанская правда. – 2000. – 24, 26, 28 мая.
18. Қойгелдиев М. Алашорда ХХ ғасырдың ұлттық мемлекеті // Ақиқат. – 1993. – № 1. – 32-38 бб.
19. Нұрпейісов К. Қазақ интелегенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында) // Столичное обозрение. – 1998. – 12 маусым.
20. Абжанов К. Формирование и судьбы казахской интелегенций // Мысль.
– 1993. – № 5. – С. 83-87.
21. Тастанов Ш. Казахская интелегенция в ретроспективе и перспективе // Мысль. – 1995. – № 12. – С. 25-30.
22. Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография: Уч. пособие.
– Семипалатинск: Семипалатинский пединститут им. Шакарима, 1994.216 с.
23. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана-
24. тілі, 1993. – 208 б.
25. Кудерина Л.Д. Геноцид в Казахстане. – Москва: Скорпион, 1994. – 63 с.
26. Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368 б.
27. Қуандықов Е.С. Сүрең салған сұрқия саясат. Ғылыми мақалалар мен
28. зерттеулер. – Алматы, 1999. – 104 б.
29. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихы және тарихнамасына
– ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 388 б.
30. Мамырбаева А. Общественно-политическое развитие Казахстана начала
– ΧΧ века и Алихан Букейханов: Автореф. дис. канд. ист. наук. Алматы,27 с.
31. Бөкейханов Ә. Керек сөз. Балқан соғысы. Тағы соғыс [1913-
– 14ж.ж.] // Қазақ тарихы. – N2.- 30-32 б.
32. Хрестоматия по новейшей истории Казахстана (1917-1939 гг.) / Под ред.
– К.С. Каражан: В 2-х т. – Алматы: Санат, 2002. – Т.1. – 408 с.
33. Материалы по истории Казахской ССР. Т. 4. Алматы, 1948.
34. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Алматы:
– Атамұра, 2002. – 3 т. – 768 б.
35. Қойгелдиев М Алашты бұғаудан қашан босатамыз // Арай. – 1990. – № 8. – 6-8 бб.
36. Бөкейханов Ә. Талқан соғысы. Тағы соғыс. /1913-14 жж/ //Қазақ тарихы. –1999. –№2.- 30-32 б.
37. Айтқожина Ш. Алаш қозғалысына қатысқан қазақ зиялылары: "Алашорда" өкіметінің құрылғанына - 90 жыл // Орталық Қазақстан.- 2007.- 13 желтоқсан.-3б.
38. Арiнұлы А.Қазақ елiне ортақ тұлғалар // Қарқаралы.-2001.-3ақпан
39. Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі (1870-1937ж.) // Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні / Редакциясын басқарғандар Қ.С.Алдажұманов пен А.З.Бейсенов. – Алматы, - 2004. – 433-438 б.
40. Әлихан Бөкейханов //Жүз тұңғыш. Жинақ.2-кітап /Құрастырған Б.Нұржекеұлы. –Алматы:«Жалын»ЖШС,2005.
– –11-18б.
41. Әлихан Бөкейханұлы //Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.-Алматы:Қазақстан даму институты: ІІтом. Тарихитұлғалар.-1998.-138-140б.
42. Әбдiрахманұлы О.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс және қазақ зиялылары. //Азия Транзит.-2002.-N2.-46-49б.
43. Әміртайұлы Т. Азаттықты аңсаған алып тұлға: алаштың ардақтылары //Орталық Қазақстан.- 2007.- 20қазан.-4 б.
44. Әшкеева Н. Әлихан Бөкейханов және алашорда үкiметi // Iзденiс.-2002.№2.-228-233б.
45. Байсеркин Қ.Әлекеңніңбауырлары:Ә.Бөкейхановтың туғанына -140жыл//ОрталықҚазақстан.-2006.-26қазан-6б.
46. Балташұлы Е. Қазақ рухын асқақтатқан құжат: Қарқаралы петициясына -100жыл.//Орт.Қазақстан.-2005.-24 қыркүйек.-5б.
47. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. –Алматы:Атамұра, 2006. – 193-194б.
48. Жолдасбекұлы М. Бөкейханов Әлихан //Елтұтқа: [Мәтiн]: ел тарихының әйгiлi тұлғалары /М.Жодасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдiмбек.-Астана: KULTEGIN баспасы, 2001.-253-259б.
49. Қаһарлы 1916 жыл:(Құжаттар мен материалдар жинағы); (Сб.док.и материалов).Т.2.-Алматы:Қазақстан,1998.-247б.
50. Омарбекұлы М. Алаш көсемiнiң Қарқаралыдағы iздерi:Қарқаралының 180 жылдығы //Қарқаралы.-2004.-24, 31қаңтар. Орталық Қазақстан.-2004.-3ақпан.-4б. Қарқаралы.-2005.-N1.-48-50б.
51. 50.Репрессированная тюркология / Под ред. Ф.Д. Ашнина., В.М. Алпатова.,
52. Д.М. Насилова. – М.: Восточная литература, 2002. – 296 с.
53. 51. Қойгелдиев М. Қазақстандағы қуғын-сүргіннің сипаты мен ерекшеліктері
– // Әділеттің ғылыми еңбектері – Научные труды “Адилет”. – 2003. – № 2.
– 160-164 бб.
54. 52. Сыдықов Е. Тродцкидің хаты немесе Алаш арыстары айтқан ақиқат//ЕгеменҚазақстан.-2006.-3наурыз.(№53).-6б.
55. Зауал: Мақалалар, естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 272 б.
56. Тасымбеков А. Жан дауысы: Деректі публицистикалық повестъ: (1937
57. жылдағы қуғын-сүргінді бастарынан кешірген аналардың естеліктері).
– Алматы: Жалын, 1994. – 176 б.
58. Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстанның өзекті мәселелері.
– Алматы:ҚАЗапарат,2001. – 522 б.
59. Бухонова И., Грибанова Е. Мирзоян и политические репрессии в Казахстане
60. // Фемида. – 1998. – № 8. – С. 61-63.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Орындаған
__________________Мухамедқалиев Е.
4 курс студент (қолы, айы-күні)
Ғылыми жетекшісі
.
т.ғ.к., доцент __________________
Мекебаев Т.Қ.
(қолы, айы-күні)
Қорғауға жіберілді:
Қазақстанның жаңа және қазіргі
заман тарихы кафедрасының
меңгерушісі, т.ғ.д., профессор
_______________ Қ.С. Қаражан
____ маусым 2010 ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-9
1 Ә.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10-30
1.1 Өскен ортасы мен қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы10-23
1.2 Ә. Бөкейхановтың Ақпан революциясына дейінгі қоғамдық-саяси
жұмыстарға
араласуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24-30
2 Ә.БӨКЕЙХАНОВ ХХ ҒАСЫРДЫҢ ІРІ ТҰЛҒАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ...31-45
2.1 Ә. Бөкейханов және Алаш
партиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-39
2.2 1920-30жж қоғамдық-саяси өмір және Ә.
Бөкейханов ... ... ... ... ... ... . 39-45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 46- 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ...48-51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің саяси, рухани өмірі бостандық лебін
бойына сіңіре бастаған кезеңде халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық
мәдениеті мен оның құрамдас бөлігі – тәуелсіз еліміздің шынайы тарихын, сол
тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеу
қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Болашағымыздың
өскелең ұрпақтарын ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тәрбиелеу туралы
сөз еткенде, нақ осы мәселенің арқауы – халқымыздың талай сын сағаттарында
суырылып шыққан көсемдерінің есімін айтпай кету мүмкін емес болды.
Тоталитарлық жүйе өзінің “қанды шеңгеліне” түсіріп, есімдерін халықтың
жадынан шығарып, тарих көшінен біржолата аластату ниетіне тырысқанына
қарамастан ұлт зиялыларының қазақ елінің түпкілікті қоғамдық мәселелері
туралы айтқан ой-пікірлері бүгінгі таңда қайта жаңғыруы заңды үрдіс.
Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев “Тарих толқынында” атты
кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: “Ғасыр басында мемлекет
мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды.
Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының
қасіреті мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі
тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де
осы заманмен үндес” – деп жазды [1].
Соған орай еліміз тәуелсіздік алып, жеке іргелі мемлекет болып
жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын, оның белсенді
қайраткерлерінің өмірін, қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеу үшін Қазақстан
ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды. Жалпы Алаш тарихын зерттеу
Қазақстандық тарихнамада ел танудың, замантанудың оңтайлы шарасы ретінде
қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар, тарих
ғылымында жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді. Ол
қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі
көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық
Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы,
экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан
қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды. Алайда Әлихан
Бөкейхановтың өмір жолы жемісті еңбектермен қатар қасіретке де толы болды.
Сол себепті де Әлихан Бөкейхановсынды қайраткердің қоғамдық-саяси
қызметіне баға беріп, нақтылай түсу тақырыбымыздың өзектілігін аша түседі.
Кеңестік тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тым біржақты,
қатаң таптық көзқарастар тұрғысынан жазылғандығы белгілі. Оларда негізінен,
марксистік доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің бағыт-
бағдарының толықтай салтанат құрғаны концептуалды тұжырым ретінде
басшылыққа алынды. Содан болар, Кеңестер Одағында пролетариаттың
диктатурасы мен бірпартиялық жүйенің орнауы заңдылық болып есептеліп,
басқаша балама жолдардың тек кедергіге ұшырайтыны халық санасына
сіңірілумен болды. Соның негізінде таптық, партиялық жетекшілік ерекшеленіп
жеке тұлғалар мен қайраткерлер рөлі көмескілендірілді. Тек ұлттық сананың
қайта жаңғырған тұсында төл тарихымыздың жаңа мазмұн алып, ақиқаты
айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, шынайы бағасын
беруге деген талпыныс күшейе түсті. Бүгінгі таңда жеке адамның қоғамдағы
ролін зерттеу дәстүрге айналып, тарихта ерекше көрініс беріп, қолдау
табуда. Осы тұрғыдан алғанда Әлхан Бөкейханов сынды ұлтымыздың біртуар
азматының қоғамдық-саяси қызметі мен оның халқына берген мол мұрасын
қарастыру диплом жұмысының негізгі талабы болып отыр.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың көрнекті ғалымдарының бірі
Әлихан Бөкейхановтың жалған айыптармен “халық жауы” атанып, соған орай
атылып кеткен отызыншы жылдардың екінші жартысынан кейінгі тұста (ол
азаматтық және саяси тұрғыдан ақталғанға дейін) оның қоғамдық-ағартушылық
және ғылыми мұраларын зерттеуге тиым салынды.
Ғылыми әдебиеттерде Ә. Бөкейханұлының қоғамдық-саяси қызметінің түрлі
кезеңдеріне қатысты және оның шығармашылық мұраларына байланысты бағалар
берілген. Ол берілген бағалар өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Ә. Бөкейхановқа қатысты айтылған алғашқы пікірлер 20-жылдардың орта
тұсынан бастау алады. Аталған кезеңдегі еңбектерде (естеліктер, партиялық
баспасөздегі мақалалар, хаттар) Ә. Бөкейханұылының өмірінің белестері
туралы пікірлер берілген. Мәселен, Қазақ жерін зерттеуге үлес қосқан орыс
ғалымы Сергей Порфиревич Швецов Әлихан Бөкейхановтың Щербина экспедициясына
қатысуы мен ондағы атқарған істеріне алғаш рет жоғары бағалағаны туралы
мәлімет кездеседі [2].
Кеңестік тарих ғылымы сталиндік асыра сілтеушіліктің, бұдан кейінгі
валюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау идеологиясының шырмауына түсіп
келген 1930-1980 жылдардың орта тұсына дейінгі аралықта қазақ зиялыларының
қоғамдық-саяси қызметтеріне біржақты баға беруі барысында зерттеу
жұмыстарының жасалуына мүмкіндік берілмеді. Бұл жағдай үкіметтің 1938
жылдың маусым айындағы “Қазақ және орыс тілдеріндегі алынуға тиіс кітаптар
мен кітапшалар тізімін” [3, 227-228 бб.] көрсеткен қаулысынан кейін қиындай
түсті. Аталған қаулының негізінде қазақ зиялыларының қазақ-орыс тілдерінде
жарық көрген 97 кітап пен кітапшаларының арнайы жабық қорға қайтару, әрі
оларды оқуға тиым салу шаралары басталды. Осы тізімге
Ә. Бөкейхановтың да кітаптары кірген болатын.
Араға біраз уақыт салып, 50-ші жылдардың аяғында И.В. Сталиннің
кезіндегі жеке басқа табынушылық әрекеттерін сынап, жазықсыз қуғын-сүргін
шарасына ұшыраған азаматтардың істерін қайта қарап жатқан тұста
Әлихан Бөкейхановты да еске салушылар болды. Алайда, Әлихан
Бөкейханұлының есімін толықтай ақталып, халық зердесінен орын алуына әлі
де біршама уақыт қажет болды.
Еліміз егемендік алып, іргесін бекіткен тұста ғана тарихымыздың ақтаңдақ
беттерін ашуға мол мүмкіндіктер туғаны белгілі. Соған орай, мемлекет
тарапынан 1990 жылы 13 тамыздағы КСРО Президумының “20-50 жылдардағы саяси
репрессиялау құрбандарының барлық құқықтарын қалпына келтіру” туралы
қаулысы [4], ал 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің
“Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы” [5] заңы
қабылданды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл “Жалпы ұлттық татулық пен саяси
қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы” болып аталынды. Саяси қуғын-
сүргінге жазықсыз ұшыраған тұлғаларды жас ұрпақтың мәңгілік есте сақтауы
үшін 31 мамыр қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні ретінде белгіленді
[6]. Осыған байланысты Әлихан Бөкейхановтың да есімін халық ортасына қайта
оралтудың мол мүмкіндігі туды.
Алғаш рет Аққұлұлы С, Қойгелдиев М, Жәмкенұлы С, Бектұров Ж, Жұртбай Т,
Махмут Жарылғап сынды зерттеуші-ғалымдар тобы Әлихан Бөкейханов туралы
зерттеулерін ұсынды [7-12] .
Алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейхановты еске салушылардың қатарында
Ж Бектұров болды. Ол Үш Әлекең: Бөкейханов туралы туралы мақаласында
қазақтың ірі тұлғасы және оның ел тарихындағы орны туралы атап өтті [10].
Ал тарихшылар тарапынан М. Қойгелдиев алғашқылардың бірі ретінде
М.Қойгелдиев:ӘлиханБөкейхановатты Ақиқатжурналында ғылыми-көпшілік
мақала жария етіп, онда Әлихан Бөкейхановтың Алаш партиясының төрағасы
қызметін атқара отырып, қоғамдық-саяси қызметінің қырларын сипаттайды [8].
Көп уақыт өтпей-ақ тікелей М. Қойгелдиевтың атсалысуымен
Ә. Бөкейхановтың шығармалар жинағы да жарық көріп үлгереді
[13].
Әлихан Бөкейханов мұрасына қызығушылық танытқан С.А. Жүсiпов
Ә.Н.Бөкейханның өмiрi мен әдеби-публицистикалық мұрасыатты тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғаса, көп уақыт өтпей-ақ зерттеуші Мамырбаева
А. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ΧΧ века и Алихан
Букейханов атты тақырыпта тарихи тұрғыдағы канидаттығын қорғаған болатын.
Аталған диссертацияларда қайраткердің өмірі мен шығармашылық, қоғамдық-
саяси қызметіне қатысты кең көлемде зерттелген.
Ал 2006 жылы Орталық Қазақстанда Ә.Бөкейхановтың туғанына - 140 жыл
толуына орай өткен ғылыми-теориялық халықаралық конференцияда Алаш
тұлғасының бейнесі әр қырынан зерттелді.
Қазақ зиялыларының қоғамдық саяси өмірдегі қызметтері мен Алаш қозғалысы
турасында саралап жүрген тарих ғылымдарының докторы
М. Қойгелдиевтің “Алаш қозғалысы” атты еңбегінің маңызы зор [14]. Зерттеу
жұмысында Әлихан Бөкейханов нағыз Алаш тұлғасы ретінде қарастырылса,
кейіннен автордың тікелей құрастыруымен Ә. Бөкейхановтың Таңдамалы жинағы
жарыққа шықты.
Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде
ой-тұжырымдар жасаған көрнекті ғалым К. Нұрпейісовтің “Алаш һәм Алашорда”
монографиялық еңбегі де алаштықтардың тарихын зерттеу ісінде аса құнды
екені еш даусыз. Аталған еңбекте К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы тарихындағы
ерекше орны бар Әлихан Бөкейханов тұлғасын алғашқы кезекке қояды [15].
Сондай-ақ Алаш зиялылары турасында қалам тартып жүрген әдебиеттанушы
ғалымдарымыздың бірі Д. Қамзабекұлы да Әлихан бөкейхановты назарынан тыс:
“Әділін айту керек, Әлихан Бөкейханов сынды қазақ азаматы қазақ тарихында
кемде- ” – деп, өз таңданысын жасырмайды. Сондай-ақ Д. Қамзабекұлы ғалым
мұрасын толықтай зерттеп, баға беру зерттеушілердің парызы екенін де еске
салып өтеді [16].
ΧΧ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының Алаш қозғалысындағы қызметін қажетті
деңгейде айқындап көрсету соңғы жылдардың ең өзекті тақырыптардың біріне
айналды. Соған орай ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің
ерекшеліктеріне, олардың ұстанған позицияларына байланысты зерттеулер,
еңбектер, мақалалар көптеп жазыла бастады. Олардың қатарында М. Қозыбаев,
М. Қойгелдиев, К. Нұрпейісов, Х. Әбжанов, Ш. Тастанов, Д.
Аманжолова, М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков, Л. Кудерина еңбектері жарық
көрді [17-24].
Бұл ретте тарихи шындықты ашқан алғашқы ғылыми еңбек академик
М. Қозыбаевтың “Ақтаңдақтар ақиқаты” болды [17]. Еңбек тарихымыздың
“ақтаңдақ беттерін” қарастыру мәселесіне қатысты теориялық-методологиялық
негіз қалыптастыруда маңызы зор.
Сондай-ақ Т. Жұртбаев қазақ зиялыларының бірі, жазушы М. Әуезовтің істі
болу тарихына арналған “Талқы” атты еңбегінде Алаш қозғалысы турасында ой
қозғайды. Автор 1936-1938 жылдардағы зиялылардың жазықсыз жапа шегуін
мұрағат құжаттары арқылы оқырманға ұсынады [25]. Ал Д. Аманжолова өзінің
“Партия Алаш: история и историография” [22] атты монографиялық еңбегінде
Алаш қозғалысы турасындағы көптеген құнды құжаттар тобын ғылыми айналымға
қосты.
Зерттеуші Е. Қуандықов өзінің ғылыми мақалалар мен зерттеулер түрінде
баяндалып жазылған “Сүрең салған сұрқия саясат” [26] атты еңбегінде 20
жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдар ішінде қоғамда орын алған келеңсіз
оқиғалар турасында толғамды ой-тұжырымдар жасайды.
Қуғындалған қазақ зиялылары өкілдерінің тарихи көзқарастарын
тарихнамалық тұрғыдан талдау мәселесі де соңғы жылдары кеңінен қолға алына
бастады. Бұл ретте тарихшы-ғалымдарымыз Т. Омарбеков пен
Ш. Омарбековтың “Қазақ тарихы мен тарихнамасына ұлттық көзқарас” атты
монографиясының орны ерекше. Қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи
көзқарастарына тарихнамалық тұрғыдан талдау жасай келе “алдағы уақытта
Т. Шонанұлынан қалған тарихи мұраларды тарихнамалық
тұрғыда талдау – қазақ тарихшыларының қасиетті міндеті” – деп [27,165 б.],
Әлихан Бөкейхановтың елі мен жерінің бостандығын қалыптастыру мақсатындағы
еңбегін атай отырып, оның Щербина экспедициясына қатысуын ғылыми тұрғыдан
тұжырымдап өтеді
Ал ғалым З.О. Дүкенбаеваның “Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының
тарихы (1917-1941)” атты монографиясында Әлихан мұрасы естен шығарылмайды.
[28].
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының алға қойған мақсаты
жоғарыда аталынып өткен зерттеу еңбектері мен деректер тобын пайдалана
отырып, Әлихан Бөкейхановтың омірі мен оның қоғамдық-саяси қызметіне
қатысты тұжырым жасау болып отыр. Осы аталған мақсатқа сай төмендегідей
міндеттер тобын шешуді көздейді:
– Әлихан Бөкейхановтың жастық шағынан бері кезеңдегі қоғамдық
көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен өскен ортасының әсерін анықтау;
– қайраткердің Бөкейхановтың революцияға дейінгі қоғамдық-саяси
жұмыстарға араласуы мен оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу;
- Ә. Бөкейхановты ХХ ғасырдың ірі тұлғасы ретінде бағалай отырып, оның
Алаш партиясының құрылуы мен қызметіне қатысты сіңірген мол еңбегіне
талдау жасау;
- 1920-30жж қоғамдық-саяси өмір мен оған Ә. Бөкейханов араласуы, ақыр
соңында 1937-38 жылдардағы тарихи зұламатқа ілініп, жазықсыз қуғын-сүргін
құрбанына айналуының себептерін айқындау болып отыр.
Диплом жұмысының деректік негізі. Ә. Бөкейхановтың өмір жолын, қоғамдық-
саяси, ағартушылық қызметін зерттеуде пайдаланылған негізгі дерек көздерін:
1. Әлихан Бөкейхановтың ғылыми еңбектері мен мақалаларының қолжазбалары; 2.
мерзімді баспасөз материалдары; 3. жарияланған құжаттар жинағы материалдары
деп бөліп қарастыруымызға болады.
Деректік мәліметтердің бірінші тобын Әлихан Бөкейхановтың өз еңбектері,
ғылыми мақалалары құрады. Яғни, қайраткер елдің қоғамдық-саяси өміріне
белсене араласа отырып, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, аудармашы ретінде түрлі зерттеу жұмыстарын жазып отырған.
Екінші топты құрайтын деректік мәліметтердің негізін мерзімді басылым
материалдары да толықтырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының
сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры бөлімінен 20-30 жылдары
шыққан араб, латын әріптерімен жазылған мерзімді басылымдардың
түпнұсқаларында Ә. Бөкейханов Қалмақбай, Н.Ш. деген бүркеншік есімдерді
пайдалана отырып, сол тұстағы әр түрлі баспа беттерінде еңбектерін
жариялаумен бірге, үлкен ғылыми маңызға ие 8 монографияның авторы да аталып
үлгерген 29.
Деректік мәліметтердің үшінші тобын жарияланған құжаттар мен материалдар
жинақтары құрайды. Осы орайда 1998 жылы Л.Д. Дегитаеваның редакторлығымен
шыққан “Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг” атты құжаттар
жинағында тоталитарлық жүйенің саяси қуғын-сүргініне байланысты мұрағат
құжаттарынан алынған 119 дерек жарияланды. Қарастырылып отырған мәселеге
қатысты құжатта 1938 жылдың 28 маусымындағы “Қазақ және орыс тілдеріндегі
алынуға тиіс кітаптар мен кітапшалар тізімі” атты қаулысының негізінде тиым
салынған 97 кітаптың тізімі көрсетілген, соның ішіндеӘлихан Бөкейхановтың
да еңбектері болған [3]. Айта кетерлік жайт, кәсіби мұрағатшылардың жинап,
сұрыптап құрастырған бұл құжаттар жинағы тарихшыларға үлкен көмек көрсетіп,
тоталитарлық жүйенің мәнін, барысын аша түсуге септігін тигізетін құнды
дерек көзі болып табылады.
Сондай-ақ 2002 жылы Қ.С. Қаражанның редакторлығымен шыққан “Хрестоматия
по новейшей истории Казахстана (1917-1939 гг.)” атты құжаттар жинағында
Әлихан Бөкейхановқа қатысты мәліметтер тобы кездеседі [30]. Ал Қаһарлы
1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы); (Сб. док. и материалов). атты
шығарылымынң екінші томында Әлихан Бөкейхановтың 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыс тұсындағы ұлт зиялысы ретінде халқына берген көмек шаралары туралы
баяндалып өтіледі [31].
Жұмыстың мерзімдік шегі: Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген жылдары, яғни
1866-1938 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қайраткердің туған ортасынан
бастап, өмір жолының барлық тұстарын және оның саяси қуғын-сүргіннің
құрбаны болған кезеңге дейінгі уақытты қамтиды.
Жұмыстың нысаны ретінде Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси
қызметі және бағыттары, ағартушылық, ғылыми жұмыстары алынды.
Зерттеудің методологиялық негізі: Бүгінгі таңда дүниежүзілік ғылыми ойды
теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеуде плюралистік, яғни басқалардың
көзқарастары мен тұжырымдарына төзімділікпен қарау, бірнеше бағыттың қатар
өмір сүруі мен пайдаланылуына мүмкіндік беру бағыты басым болып отырғаны
белгілі. Соған орай жұмыста тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен
талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра
талдау, жүйелілік т.б. басшылықтарын есепке ала отырып жазу негізе алынды
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (әр бөлім екі
тараушадан), және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Өскен ортасы мен қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы.
ΧІΧ ғасыр мен ΧΧ ғасырдың тоғысында бұған дейін Ресей империясының толық
отарына айналып, нәтижесінде ұлттық рухы мен мемлекеттілігінен айырылған
туған елінің саяси, рухани және экономикалық негізін жаңаша дамыту
қажеттілігін түсінген ұлтжанды қазақтың зиялы қауымы қалыптасты.
Зиялылардың қазақ қоғамы үшін атқарған қызметі, халық мүддесі үшін көтерген
жүгі қашан да ауыр болып келді. Халық бұқарасы әр кезеңде өзінің зиялы
оқыған азаматтарына үлкен үміт артып, басына қиын-қыстау күн туған уақытта
арқа тұтты. Ал зиялылар халқының жарқын болашағы үшін аянып қалған жоқ.
Ұлттық мүддені қорғаған қазақ интелегенциясының саны аз болғанына
қарамастан, олар өз кезегінде халықтың саяси санасының қалыптасуында үлкен
рөл атқарды. Бірақ, тоталитарлық жүйеге қызмет еткен моно идеология ұзақ
жылдар бойы қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылық қызметтерін ұлтшылдық
ретінде бағалап, олардың еңбектері мен саяси идеяларын оқып-зерделеуге,
мәндерін танып-білуге тиым салып отырды. Соңғы жылдары осыған байланысты
өмірлерін ұлт мүддесі жолындағы күреске арнап өткен Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Х. Досмухамедов, М. Шоқай, С.
Сәдуақасов, Ж. Аймауытов және тағы да басқа қайраткерлердің өмірі мен
қоғамдық, шығармашылық, ғылыми қызметтері туралы жаңа көзқарастар
тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жазыла бастады. Ұлттың әл-
ауқатын, тұрмысын, руханиятын ілгерілетуге біреуі қоғамдық-саяси
белсенділігімен, енді біреуі ғалымдық ізденістері мен зерттеу жұмыстары
арқылы үлес қосты.Ал Әлихан Бөкейханов болса Алаш қайраткері нағыз ұлтының
патриоты ретінде ұлты үшін барлық әрекеттерге төзіп, қоғамдық-саяси
қызметтер атқарған еді.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының тарихындағы аса
елеулi әрi күрделi кезең болды. Бұл крепосниктiк қалдықтан құтылып
капиталистiк қатынасқа аяқ басқан Ресей империясында ендi төңкерiс дауылы
көтерiлiп, халықтардың сана сезiмi ояна бастаған, азаттыққа, жарыққа, өнер
бiлiмге құлаш ұрған, жансала ұмтылған кезең едi. Ресейдегi әлеуметтiк
серпiлiс пен экономикалық өзгерiстер орыстың үстемдiгiне бойы үйрене
бастаған қазақ даласында да жаңғырыпын тауып жатты.
Ресей империясының қол астына бодан болып енгеннен кейiнгi кезеңдегi
қазақ халқынық ұлттық қозғалысы ерекше сипатта дамыды. ХIХ ғасырдың екiншi
жартысынан бастап, шамамен Ресей дамудың “капиталистiк” қарым-қатынастар
дәуiрiне бет бұрған тұста, орыстың қол астындағы мұсылман халытары секiлдi
қазақ халқының ел басылары да орыс ұлтшылдығы немесе, басқаша айтқанда,
шовинизм қатерiн сезiне бастаған-ды. Отар халықтардың ұстанған дiнiне,
тұтынған мәдени және әлеуметтiк-экономикалық тiршiлiгiне ашық қауiп төндi.
Орыстың мұндай ұлтшылдық саясатына әуелi мәдени тұрғыда дүниеге келiп,
кейiн саяси қозғалысқа айналған жәдидизм қарама-қарсы тұрды. Едiл, Қырым
татарлары iшiнде пайда болып таралған жәдидшiлдiк Ресей қол астына қараған
бүкiл мұсылман жұртшылығына тез тарай бастады. әйтсе де, қазақ даласында
ол, басқа мұсылман халықтарына қарағанда, әсiресе кең қанат жайып, аса
драмалық жағдайда дамыды. Қазақстандағы жәдидшiлдiк қозғалыс татар,
әзербайжан түрiк тектiлерi және Тркiстандағыдай емес, ерекше, қайталанбас
сипат алды. қазақ сахарасындағы бұл қозғалыстың мұншалық ерекше сипатта
өркендеуi және қазақтың ұлттық қозғалысының одан рухтануының өзiндiк
тарихы, арқа сүйер негiздерi болды.
Оның бастысы – дала өңiрiн жаулап алудың сипатында болатын. қазақ халқы
Ресейдiң қол астына енген соң орыстың “қамқорлығы” бiртiндеп күштеп жер
тартып алу немесе колониалдық саясатқа айналды. Ресейдiң iшкi
губернелерiнен өз еркiмен көшiп келген шаруалар мен қашып келген
қылмыскерлер қазақтардан жер алып қоныстана бердi. 1890 жылдардан бастап
қазақ елiн отарлау – Ресей билiгiн орнықтыру, бекiту және орыстандыру
мақсатында жоспарлы түрде өрiстедi. Орыс-қазақ колониялары бiртiндеп Орал,
Орынбор, Ақмола, Семей облыстары мен Жетiсу өңiрiнiң неғұрлым құнарлы
жерлерiне орналасты. Қазақтың хандық басқару институты ығыстырылып, дала
өлкесiн билеуге арнайы шығарылған “Степное Положениеге” арқа сүйей отырып,
олар өзiнiң басқару дүниесiн қазақтың дәстрлi феодалдық-әкiмшiлiк тетiгiмен
қаз-қатар енгiзе бердi. Колониялдық саясатқа елеулi тосқауыл болған 1840-
1847 жылдардағы Кенесары қозғалысын атамағанда, даланы отарлау мен
бағындыру жағдайда жүрiп жатты. Тоқ етерiн айтқанда, ХIХ ғасырдың 90-
жылдарына дейiнгi орыстың заңдары қазақ халқының дәстрлi тұрмыс-тiршiлiгiне
пәлендей зиян келтiрген жоқ едi. Оның үстiне орыс императоры 1731 жылы
тапсырған “Грамота” бойынша, қазақ халқы орыс әскерiне қызметке шақыруға
жатпайтын “бұратана” жұрт есебiнде болды.
Сөйтiп, ХIХ ғасырдың соңына дейiн қазақ қауымы өзiнiң ұлттық әдет-ғұрпын
сақтап, шектеулi болса да, өзiн-өзi басқарып тұрды.
Қазақ халқының 90-жылдарға дейiнгi жәдидшiлдiк пен ұлттық қозғалысының
тағы да бiр ерекшелiгi – оның саяси және интеллектуалдық басшылығының
әлеуметтiк құрамында жатыр. 1917-1919 жылдардағы Ақпан-қазан төңкерiстерi
мен азамат соғысына дейiнгi аралықта саяси-интеллектуалдық жетекшiлiк
негiзiнен бай-шонжарлардың, ру басылары мен би-сұлтандардың iшiнен шыққан
аз ғана топтың қолында болған едi. Дала өлкесiнде Едiл-Қазан татарларындай
сауда буржуазиясының билiгi болған жоқ-ты. Халқының дүние танымы мен
мәдениетiнiң қазығы ұстанған дiне тәуелдi емес деп есептенген қазақтың бұл
зиялылары мен бетке ұстар азаматтары алғашқыда орыстың колониалдық
саясатына қарсылық көрсетуден бұрын, татар ноғайдың дiни-мәдени
үстемдiгiнен құтылуға көбiрек көңiл бөлдi.
Бұл қазақтың ұлттық қозғалысының ХIХ ғасырдың 90-жылдарына дейiнгi
кезеңi болатын. Қозғалыстың басында Еуропаның мәдениетi мен өнерiне адамзат
дамуының үлгiсi деп қараған жаңашылдар мен жалынды батысшылдар тұрды.
Оларға шонжар, төре, билерден шыққан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин
және Абай сынды ағартушылар мен демократ ақын-жазушылар жатататын. Бұлардың
алға қойған мақсаты халқының ауыр тұрмыс-жағдайын жақсарту үшiн орыстарға
жүгiну, орыспен ынтымақтасу, орыстан үйрену керек деп түсiндi. қазақ
халқының ұлттық қозғалысының осы “орысшыл” кезеңi 90-жылдарға дейiн келiп
аяқталады.
1890 жылдан басталып, әәсiресе 1905 жылғы “17 қазан Манифесiнен” 1917
жылғы Ақпан төңкерiсiне дейiн дерлiк созылған аралықта қазақтың ұлттық
азаттық қозғалысы анағұрлым саяси сипат ала бастады. Бұл аралықта қазақ
қоғамында екi саяси ағым iрiктелiп көрiне бастады. Бұл екi ағымның пайда
болу себеп-салдары мен тарихы жөнiнде азаттық сол кезеңдегi ұлт-азаттық
қозғалысының теориялық негiзiн қалаушы және оның саяси көсемi болған Әлихан
Нұрмұұхамедұлы Бөкейхан өзiнiң “қазақтар”, (Киргизы) атты ғылыми еңбегiнде
былай деп сипаттап жазды: “Орыстандыру саясатынан зардап шеккен өлкелердiң
қай-қайсысы сияқты, қазақ халқы да ескi үлгiдегi үкiметке наразы болды және
орыс оппозициялық партияларына iш тартады. қазақ арасында қалыптасқан екi
саяси бағытқа сәйкес, Далалық өлкеде таяу уақыттың iшiнде екi саяси партия
ұйымдастыру мүмкiн. Оның бiрi, бәлкiм, ұлттық-дiни аталар, оның мақсаты
қазақтарды өзге мұсылман халықтарымен дiни негiзде бiрiктiру. Екiншi,
батыстық бағыт қазақ даласының болашағы – осы сөздiң барынша кең
мағынасында, - батыс мәдениетiн саналы түрде игеру деп бiледi. Алғашқысы,
сiрә мұсылман татар партияларының үлгiсiн, екiншiсi – оппозициялы орыс
партияларының, оның iшiнде, Халық бостандығы партиясының жолын ұстанатын
болар”. Әлихан жазып отырғандай, бiрiншi бағытты татар-ноғай, немесе шығыс
елдерiнiң медреселерiнде тәлiм-тәрбие алған қайраткерлер ұстанды. Екiншi
бағыт батысшыл, Еуропа мәдениетi негiзiнде болды, олар халықты Еуропа
мәдениетiне жеткiзудi көздедi. Бұл, бiр жағынан, iргесiн Шоқан, Ыбырай,
Абай қалап кеткен “батысшыл” қозғалыстың сабақтас жалғасы болса, екiншiден
– жәдидшiлдiктiң жаңа сапаға көтерiлген демелi, “батысшылдық” сипаты
басымырақ келесi сатысы болатын қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының екiншi
кезеңi қазақ даласына орыс келiмсектерiнiң көлдей ашылуымен басталады десек
қателеспеймiз. Жоғарыда айтылғандай-ақ алғашқыда жөн-жосықсыз басталған
колонизация 90-жылдардан бастап үкiмет тарапынан жоспарлы, ұйымдасқан түрде
жүргiзiледi әсiресе 1892-93 жылы Сiбiр темiр жолы iске қосылғаннан кейiн,
Ресейдiң орталық губернелерiнен келген шаруалар мен Украинадан келген
босқындар қазақстанның сол кездегi солтстiк, шығыс облыстары мен Жетiсу
өңiрiнiң шырайлы жерлерiне лек-легiмен қоныстанып жатты. Мәселен,
Түркiстандағы жүргiзiлген колонизаторлық саясаттың тiрегi болған генерал-
губернатор А.Н.Куропаткин өзiнiң бiр есебiнде: “қазақтар соңғы 30 жыл
iшiнде, әсiресе соңғы 12 жылда жан-жағынан ығыстырылды; көбiнесе ол жерлер
қазақтардың өмiрлiк қажетiне керек пе, жоқ па, оған қарамай, 1904 жылы бiр
ғана Жетiсу облысында олардың бiрнеше миллион десетина жерi тартып алынды”,
- деп мойындады. (Красный архив, 1929, № 34, 65-бет). Егер де 1893 жылдан
1905 жылға дейiн қазақтың 4 миллион десетине жерi тартып алынса, кiмет
басына П.А.Столыпин бастаған реакцияшыл кабинет келген 1906-1912 жылдар
аралығында – 17 миллион десетина жер келiмсектерiн үлесiне берiлдi. 1917
жылға таман қазақтың бас аяғы 45 миллион десетина құнарлы жер-суы
орыстардың үлесiне кеттi. Шаруаларды қоныстандыру Ресейдiң орталық
губернелерiндегi аграрлық реформаны iске асыру мақсатымен қатар,
келiмсектердi қоныстандыру арқылы үкiмет өзiнiң колонияларындағы
үстемдiгiн, билiгiн нығайтуды басты мақсат етiп алды [32].
Осындай саяси, жаңа, әлеуметтiк экономикалық аса ауыр кезеңде қазақ
жәдидшiлдерi ұсынған – Ресей үкiметiмен ынтымақтасу жолын қабылдау мүмкiн
емес-тi. Бұл қазақ халқы тарихындағы аса ерекше, ауыр кезең болды. ұлттық
мемлекет басқарудың дәстүрлi жүйелерi түгел жойылып, Қазақстан Ресей
империясының отарына бiржола айналды. Туған жерi мен суынан жұрдай болып,
орыс келiмсектерiнiң жаппай қоныстауы, табиғат байлықтарын жыртқыштықпен
талан-таражға салуы, дәстүрлi мал шаруашылығының ойрандалуы және күштеп
шоғындыру мен орыстандыру саясаты - қазақ халқын жер бетiнен этнос ретiнде
жойылып кету қаупiне әкелiп тақады. Халықтың ұлттық мәдениетi мен рухани
байлығы аяққа тапталды, ұлттық тiлi күнделiктi пайдаланудан шығып, жойылуға
айналды.
Осылай күрделi де аса ауыр жағдайда тарихи сахнада орыс мектептерiнде
тәлiм-тәрбие алған бiр топ зиялы азаматтар шықты. Ол аз ғана топтың басында
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан
Тынышбайұлы, Бақытжан Қаратайұлы, Жақып Ақбайұлы, Мiржақып Дулатұлы,
Жиханша Сейдалыұлы, Мағжан Жұмабайұы, Жиханша Досмұхамедұлы, Халел
Досмұхамедұлы сынды зиялылар мен ақын-жазушылар тұрды. Ресей империясы
қазақ халқының жерiн отарлап, билеу саясатына елеулi қарсылық көрсете алған
Кенесары қозғалысы және одан кейiнгi кезеңде болған дүркiн-дүркiн
көтерiлiстердiң жеңiлiске ұшырау себептерiн ескере отырып, бұл зиялы
азаматтар күш-қуаты мол Ресейге қарсы ашықтан-ашық қарулы күрестiң заманы
әлi де болса тумағанын анық сезiндi. Сондықтан да олар саяси ұстамдылық
танытып, отарлау мен орыстандыру саясатына төтеп беретiн басқа бейбiт,
конституциялық жолдар iздестiрдi. Атап айтқанда халқының мұң-мүддесiн
конституциялық тұрғыда монархиялық қоғам құрылысында жариялы түрде қорғауға
ұмтылды. Осы мақсатта олар патша үкiметiне оппозициялық бағыт ұстанған
орыстың саяси партияларымен байланысты күшейттi. Мысалыға, Әлихан Бөкейхан
бастаған зиялылар тобы Ресейде конституциялық Республика орнатуды көздеген
“Халық бостандығы” немесе “Конституциялы - демократия” партиясымен қол
ұстасты, Мұхамеджан Тынышбайұлы және бiрнеше зиялы азамат орыстың өнеркәсiп
иелерi ұйымдастырған саяси партияның Орталық комитетiне мүше болып кiрдi.
Алайда бұдан қазақ зиялылары Ресеймен мәңгiлiк бiрге болуды көздедi
деген жаңсақ пiкiр тумауы керек. Бұл - қазақ зиялыларының саяси, қоғамдық-
әлеуметтiк жағдайды ескере отырып қолданған саяси тактикасы болатын.
Ал, олардың, яғни ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың
ұлт-азаматтық қозғалысы көсемдерiнiң ұстанған стратегиялық бағыты, оның
негiзi басқада едi [27].
Бұл бағыт ұлт қозғалысы арыстарының бiрi – Ахмет Байтұрсынұлының “қазақ”
газетiндегi 1913 жылғы 2 санында жарияланған бас мақаласынан анық көрiнедi.
Мақала ол былай деп жазды: “Бөтендер кiрiскенде (мұнда автор орыс үкiметi
мен славян келiмсектерiн айтып отыр.С.Ж.) халiмiз қандай болар? Тарих
жолына қарағанда: келiмсек жұрт күштi болса, тұрғын жұрт аяқ асты болып,
азып-тозып жоғалмақшы. Тұрғын жұрт күштi болса, келiмсек жұрт сiңiп, тұрғын
жұрттың түрiне түсiп, бөтендiгi жоғалмақшы. Екеуi де тең болса: бiр-бiрiнен
кем болмай, бiрiн-бiрi жем болмай, қатар тұрып күнелтiп, әәрқайсысы өз
алдына ұлт болып тұрмақ. Iстiң бәрi жалғыз-ақ тамақ асырап күн көруге
қалса, өз бетiмен күн көре алмаса, өзге жұрттың есiгiнде жүрiп, малайлық
пен тамақ асырап, қазақ тiршiлiк етер ғой.
Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Едiлден Ертiске, Оралдан
Ауғанға шейiн тұтас тұрған халық едiк. Арамызға әәр түрлi жұрт кiрiскенде,
солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы
бiздiң төсекте дөңбекшiп ұйқымызды бөлетiн нәрсе. Басқа жұртпен
араласқанда, өз алдына ұлт болып, өз алдына тiлi бар, өз тiлiнде жазылған
сөзi (әдебиетi) бар жұрттар ғана тұрады. өз тiлiмен сөйлескен, өз тiлiмен
жазған жұрттың ұлттың, еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. ұлттық
сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенiң ең қуаттысы – ТIЛ.
Сөзi жоғалған жұрттың өзi де жоғалады. өз ұлтына басқа жұртты қосамын
дегендер әуелi сол жұрттың тiлiн аздыруға тырысады. Егер де бiз қазақ деген
ұлт болып тұруды тiлесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тiлiмiздiң де
сақталу қамын қатар ойлау керек. қазақтың осы күнгi iсiнiң бетiне қарағанда
һәм мұнан былай iсiмiздiң бетi осы болса, қазақ тiлi азып жоғалуы ықтимал:
бiз келiмсек жұрттан кем болмас үшiн оқымай тұра алмаймыз: оқымасақ
басқалармен қатар тiршiлiк ете алмайтынымыз еттей ақ, күндей жарық.
Оқығанда iсiмiз осы қалпында болса, тiлiмiздiң азып жоғалуы да анық”. Демек
қазатың ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерiнiң алға қойған басты мақсаты –
алдымен халықты ғасырлардан берi келе жатқан қараңғылық пен надандық
шырмауынан босату, халықтың сана-сезiмiн ояту, халықты оқыту-ағарту, сөйтiп
қазақ ұлтының ұлттық тiлiн, ұлттық жазба әдебиетiн қалыптастыру, яғни
халықтың жалпы ұлттық мәдениетiн өркендетiп болған.
Олар халықты ғасырлық ұйқысынан “масадай” шағып “ояту” керек деп
түсiндi. Халықтың алдына олар озғандарға жету керек, жеткендерiмiзден озу
керек. Дүниеден төрiне тырысқандар төрден орын алып жатыр: есiкте қалмай,
төрге тырмысайық; басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, бiзде солардың
iстегенiн iстейiк”, - деген талап қояды Ахаң [33].
Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда (өзінің тергеуде берген
жауабынан) бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-
ауылында туған. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре
тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі
Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан
Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Оның туылған жылы туралы деректер әр түрлі. Себебі оның жасы туралы
келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған
құжатта қайраткерді Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде
187879-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге
оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлекең училищеге 1878 жылы 16
қыркүйекте түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867
болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Сондықтан оның
1866 жылы туғаны күмән туғызбаса керек.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың
қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы
мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы
қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте жақсы деген бағамен
бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық
училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза
болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор
кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып,
Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына
түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси,
әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып,
студенттік толқуларға қатысады[34].
Ә.Бөкейханов 1890 жылдары Семей және Ақмола облыстары уездерiнде қазақ
жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина экспедициясына қатысып, қазақ
халқының әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен тарихына қатысты
бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазады. 1896 жылы Ішкі істер министрлігі
жанынан Қоныс аудару басқармасы ашылды. 1905 жылғы мамыр айында ол жаңа
құрылған егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің қарамағына өтті.
Бұл мекемеге империя көлеміндегі қоныс аудару істері жүктелді. 1904-1905
жылдары үкімет орындары Қазақстан аумағын қоныс аударатын бес ауданға
бөлді. Олар Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аудандары
еді. 1904-1906 жылдары бұл аталған облыстардың бәрінде қоныстандыру
мекемелері ашылды. Қоныстандыру мекемелері әкімшілік құрылымы тұрғысынан
ғана емес, жұмыс жасау әдісі, атқарған міндеті жағынан да таза отаршылдық
мазмұндағы мекемелер. Қоныстандыру мекемелерінің өздері құрылған бетте
қолға алған негізгі жұмысы, қазақ елінің пайдалануындағы басы “артық”
жерлерді іздеп тауып, қоныстандыру учаскілерін жасау болды. Ф. Щербина
экспедициясына қатынасқан Ә. Бөкейханов 1913 жылы өзінің пікірін былайша
білдірді: “казакқа қалдырған Щербина нормасы қазаққа көп жер қалдырды,
қазақ ұтып кетті деп, қазақты қайта жазды; бұрынғы қазаққа Щербина
нормасымен қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп шұнтитып көшпелі
қазаққа деп жаңа норма шығарды” [27, 15 б.].
1903 жылы Ә.Н.Бөкейхан Сергей Порфириевич Швецов бастаған экономикалық
экспедицияның қатарына шақырылады. Сiбiр темiр жолы басқармасының шақыруы
мен қаржысына жасақталған бұл экспедицияның мақсаты – Сiбiр темiр жолы
маңайын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығы жағдайын зерттеу болатын,
сол маңайдағы қой, жылқы және iрi қара мал шаруашылығының экономикалық
тиiмдiлiгiн анықтау болып табылатын. Ә.Н.Бөкейхан өзiнiң алдына қойылған
мiндеттi айдағыдай орындап, бiрнеше iргелi ғылыми монография жазып шығады.
Ол монографиялар экспедицияның басқа материалдарымен бiрге “Материалы по
экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги” деген жалпы
атаумен бiрнеше том болып 190405 жылдары Том (Томск) қаласынан жарық
көредi [35].
Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе
отырып, Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы атты көп
томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның
тарауларын жазуға қатысқан. Ол қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп,
қазақтарды асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен дүние танымы, ежелгі
мәдениеті мен тарихы сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын аңғартады.
Ә.Н.Бөкейхан “Омбы кезеңiнiң” алғашқы жылдарынан-ақ көптеген ғылыми
қоғам мен ерiктi қоғамдық ұйымдардың жұмысына да белсене араласқан.
Айталық, 1896 жылы ол – Ресейдiң императорлық География қоғамының Омбыдағы
Батыс Сiбiр бөлiмiне толық мүшелiгiне (“действительный член”) қабылданған.
“Шербина экспедициясының” жұмыстары тоқтатылғаннан кейiн, экспедиция
құрамындағы оның орасан зор ғылыми жұмыстары және ғылымның тарих,
этнография, орман шаруашылығы секiлдi салаларындағы iргелi зерттеулерi
ескерiлiп, бөлiм мүшелерi оны бiрауыздан басқару комитетiне мүше етiп (в
члены Распорядительного Комитета) сайлайды. Батыс Сiбiр бiлiмiнiң 1901
жылғы 29 қараша күнi өткен кезектi мәжiлiсiнiң хаттамасы қолжазбасы Омбы
архивiнде сақтаулы. Ең қызығы – мәжiлiс хаттамасы (протоколы) Әлиханның
қолымен жазылып, соңына оның өз қолтаңбасы қойылыпты. География қоғамы
Батыс Сiбiр бiлiмiнiң басқару комитетi мүшелiгiне ол нақ осы күнгi
мәжiлiсте қабылданған едi.
1905 жыл. Әлихан Омбыдағы переселен басқармасының чиновнигi қызметiнде
жүрген едi: “1905 жылы Бөкейхан Омбы переселен басқармасының чиновнигi
қызметiн атқарды”. Бұл Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы қатты
күйзелiске ұшырап, кең байтақ империя халықтарының, оның iшiнде колониалдық
тәуелдiкте отырған қазақ елiнiң ұлттық сана-сезiмi оянған және ол ел
мекендеген жазық даланы бұрын-соңды болмаған саяси митингiлер мен
манифестациялар, съездер мен жиындардың өрiстеген уақыты едi. Қысқасы осы
жылы басталған бiрнеше орыс ревоюциялық толқыны қазақ даласына да келiп
жеткен едi. Iстiң насырға шабуынан сескенген Ресей монархы халыққа едәуiр
бостандық беруге мәжбр болған кезеңi едi бұл.
1905 жыл, сондай-ақ, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның “бүкiл дала
халқының дiни-саяси”, яғни ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы, дем
берушiсi әрi оның көрнектi көсемi ретiнде Ресейдiң түкпiр-түкпiрiне кең
танылған жыл болатын. әсiресе осы жылғы “17 қазан Манифесi” жарыққа
шыққаннан кейiн оның есiмi Омбы мен С.Петербордың прогрессивтiк бағыттағы
газет-журнал бетiнен және колониалдық үкiметтiң жазалаушы органдарының
“құпия iс-қағаздарының” iшiнен жиi-жиi көрiне бастаған-ды. Мұның себеп-
салдары көп. Оның бiрi – Семей қазақтарының 1905 жылғы “ақ патша” атына
жолданған әйгiлi “петициясы”. Бұл қазақ халқының отаршыл үкiмет алдына
қойған тұңғыш саяси талап-тiлегiнiң өмiрге келуi, оның орыс тiлiне
аударылып, патша алдына жетуiне үлкен “себеп” болған ...Әлихан-ды. Бұл
жайында қайраткердiң өзi бiр естелiгiнде былай деп суреттейдi. “18 ақпан
жарлығынан кейiн қазақ өкiлдерi бас қосып, өздерiнiң мұң-мүддесiн, саяси
талап-тiлегiн тiзiп петиция қылып жазды. Алайда, С.Петерборға жiбермек
болғанымызда пошта қабылдамай қойды, онан соң петиция салынған пакетiмiздi
жақын арадағы (400 шақырым) қалаға алып барсақ, дәл солай әурелендiк, тек
үшiншi бiр қаланың (760 шақырым) поштасы ғана мейiрiмдiлiк көрсетiп
пакетiмiздi қабылдап алды”. Одан кейiнгi – әйгiлi “қарқаралы оқиғасы”.
Полиция департаментiнiң құпия iс-қағаздарында мынадай айғақ бар: “Биылғы
жылдың 14 ноябрь күнi қарқаралы қаласында ереуiл болды. Жергiлiктi жандарм
өкiметiнiң анықтауынша, қазақтар арасындағы ең беделдi кiсi - қоныс аудару
басқармасының қызметкерi Бөкейхан көрiнедi [35, 14-б].”. Шынында да
Әлиханның “Қарқаралы оқиғасына” қатынасы ерекше болды. Оны қайраткердiң өзi
“Все тайное станет явным” атты мақаласында тартымды суреттейдi: “Қарқаралы
уйезiнiң бастығы Оссовский: Маған, сенiп тапсырылған уйезде көтерiлiс
басталды, оны басу үшiн төтенше шара қодану керек”, - деп генерал-
губернаторға құпия хабар жеткiздi. Оған көмекке қазақтар аттандырғалы отыр
деген қауесет бар. Олай болатын болса, қарқаралы уйезi заңсыздық пен әүңгiр
таяқтың астында қалатын қаупi төнiп тұр. Мәселе сонда неде?
Төменде өз қолтаңбамды қоя отырып, мен қазақ халқын танымайтын және
өкiнiшке орай, оның даласын талан-таражға салып отырған безбүйректер
жазықсыз халықтың қанын төккелi жатқанын бiлген соң, қарқаралыға мынадай
телеграм-сұрау жiбердiм: “қарқаралы. Шыңғысұлына – Байтұрсынұлына. 29.ХI.
күнi прокурор Жданович қарқаралыға жүрiп кеттi. Оссовский Сухотинге
көтерiлiс туралы баяндайды. Ақиқатты хабарлаңдар. Мен Мәскеу мен
С.Петерборға хабарлаймын. Бөкейхан. 2.ХII.1905 [36].
Әлихан жауапқа Ахмет Байтұрсынұлы мен қаланың қазақ-орыс зиялыларының
қолы қойылған, барлығы 32 кiсi, “Оссовскийдiң ояздағы әлдеқандай блiк
туралы ақпараты жалған”- деген телеграм алады да, ол хабарды және генерал-
губернатор бастаған жергiлiктi чиновниктердiң заңсыз әрекеттерiн үкiмет
басы С.Ю.Виттеге, әдiлет министрi Шегловитовға және С.Петербор мен
Мәскеудегi “союз союзов”, “земгорсоюз” секiлдi бедел-ықпалы мол саяси
ұйымдар мен газет-журналдарға жариялайды. Ресей Федерациясының Орталық
Мемлекеттiк архивiнде оның бес адреске жолдаған телеграмы сақтаулы жатыр.
Астаналық басылымдарға, мысалға “Сын отечества” газетiне жарияланған
маөаласы да табылып отыр.Қорыта айтқанда А.Байтұрсынұлы, Жақып мырза
Ақбайұлы сынды қайраткерлердiң ұйымдастыруымен өткен бейбiт митингiнi
асырып “көтерiлiс болды” деп, оның белсендiлерiн әскер алдырып жазаға
тартпақ болғанда, Әлихан араға батыл араша түсiп, оның жоғарыдағыдай әрекет-
қимылының арөасында Ахмет, Жақып және бiр топ қазақ-орыс зиялылары “ит
жеккеннен” аман қалған едi. әйтсе де, Н.Бөкейханның жергiлiктi әкiмшiлiк
алдындағы басты “қылмысы” басқада болатын. Атап айтсақ, оның бiрi “17 қазан
Манифесi” жарыққа шыға бере Омбы қаласына саяси жер ауып келгендер мен
жергiлiктi алдыңғы қатарлы зиялылар конституциялы демократия партиясының
(немесе “Халық бостандығы” партиясы) Омбы қалалық комитетiн ұйымдастыруда
болған-ды. Кешегi ССРО Мемлекеттiк қауiпсiз комитетiнiң бұқарамен байланыс
орталығынан келiп тскен архивтiк материалдардың бiрiндегi “1908 жылы
Бөкейхан конституциялық-демократия партиясының Ақмола облыстық ұйымы
басшыларының бiрi болды” деген жолдары пiкiрiмiздi құптайды. Бiрақ құжатта
Омбы қалалық комитетiнiң қатары өсе келе Ақмола облыстық комитетiне дейiн
ұұлғайған кезi (Омбы қаласы ол кезде Ақмола облысына қараған) айтылып тұр.
құжатта айтылғандай, комитеттi ұйымдастырған және оның басшыларының бiрi -
Әлихан едi. Ал екiншiден – комитет басшылары мұнымен қоймай, “Манифесте”
берiлiп отырған сөз, баспасөз, сайлау, жиналыс, дiн бостандығын талап еткен
тұрғындарын көтерiп, қолдарына ал қызыл жалау көтерiп, саяси шеруге
(демонстрацияға) шығады. Мiне, осылай бейбiт түрде басталған демонстрация
соңы қырғын қантөгiспен аяқталды. Генерал-губернатор мен губернатор
халықтың толқуынан қояндай үркiп, қалаға атты казак әскерiн шақыртып,
демонстранттарды қылыш пен қамшының астына алады, ат тұяғымен таптайды.
Мұны Әлиханның орталыққа жiберген шұғыл телеграмынан көремiз. Генерал-
губернатор мен губернатор оны ұйымдастырушыларды, оның iшiнде Әлихан да
бар, ұстағанын абақтыға жауып, ұсталмағандарының соңыға жансыз агенттерiн
салып қояды. Ал Омбы қалалық комитеттiң бiрiншi және екiншi хатшылары
В.Пищиков пен Ә.Бөкейхан жасырынып, бас сауғалап жүрiп, 1905 жылдың
қарашасында Мәскеуде өткен “Ресейдiң қалалық және жергiлiктi қоғам
қайраткерлерi съезiне” барады: бiрi Сiбiр мен қазақ өлкесiне көшiп келген
орыс тұрғындары атынан, Әлихан Бөкейхан – бүкiл қазақ халқы атынан сайланып
барған-ды. Съездiң биiк мiнбесiнен Ресейдiң қол астына кiргеннен кейiнгi
тарихында қазақ халқында қазақ халқының мұңы шағылып сөз сөйленедi: “Мен
Алтайдан Оралға дейiн, Сiбiр темiр жолы торабынан Омбыға дейiнгi орасан кең
алқапты мекендеген 4 миллион қазақ халқының өкiлi боламын. Осындағы поляк,
аз орыс (малороссы) және латыштардың айтқан сөздерiн тыңдап қарасам, мен
ескi бiр кiтапты қайта оқығандай сезiндiм. Өйткенi бiзде де қазақ тiлiндегi
мектептер қуғынға ұшыраған-ды, бiздi де цензура бас көтертпейдi. Крестьян
бастықтары (көбiнесе бұрынғы ротмистрлер) бiрлi-жарым iс қарай қалса, қазақ
тiлiн жолатпайды.” Баяндамасын қазақ ұлтының жалғыз өкiлi былай деп
аяқтайды: - “Қазақтың бүгiнгi күнi асқан мұңы – ана тiлiн қолдану
бостандығы, оның қажеттiлiгi сайлауға қарсы үгiт-насихат жұмысын жүргiзу
қарсаңында әсiресе артып отыр және осыған байланысты менiң съезден өтiнерiм
– жергiлiктi тiлдердiң хұқын шектейтiн заңның тез арада қайта қаралуы талап
етiлсiн”. Ұлт көсемiнiң бұл баяндамасын кейiн Семейдiң “Семипалатинский
листок” газетi қысқартып басады.
Ал съезден кейiн колониалдық полиция Департаментiнiң “құпия iс-
қағаздарына” қарағанда, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханды қазақтың “дiни-
саяси”, яғни ұлт-азаттық қозғалысының дем берушiсi (“бывший душою”),
қозғалыстың теориялық негiзiн қалаушы (“пропагандист”,
“противоправительственный агитатор”, “главный иницатор религиозно-
политического движения”) және оның көрнектi көсемi (“главный руководитель”)
ретiнде туған халқы мен саяси әрiптестерi ғана емес, сондай-ақ колониалдық
үкiметтiң ресми жазалаушы мекемелерi де ерiксiз мойындап отыр. Яғни
Әлиханның ұлт-азаттық қозғалыстың серкесi (лидерi), ұлт көсемi кең танылған
уақыт – 1905 жыл болып табылады. Бұл оның өмiрi мен қайраткерлiк қызметiнiң
“Омбы кезеңi” болатын [37].
Омбы қаласында орыс генералының қызына үйленедi. Тоқсаныншы жылдары
Петерборда орман шаруашылығы институтын тәмамдап, экономика саласынан
диплом алады. Ол содан былай әдеби, ғылыми, қоғамдық, мемлекеттiк
жұмыстарға белсене араласа бастайды дейдi. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz