Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Кіріспе.
1.Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Негізгі бөлім.
1)Достықтың сипаты мен маңызы
2).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам өміріндегі достықтың орны
3).Әл.Фараби философиясындағы адам өміріндегі достықтың орны
4).Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам өміріндегі достықтың орны
5).Абай философиясындағы адам өміріндегі достықтың орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі:Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ…
Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту – достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес, сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен.
Достық деген – ақылдың серігі екен. (М.Мақатаев)
Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы.

1.А.Қасабеке, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы: Ер-Дәулет, 1996ж.
2. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы, 2002ж. 408бет.
3. Философия. Құрастырған Т.Ғабитов. Алматы: Раритет-2004ж. 392бет.
4. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Ғылым, 1998,ж. 307бет.
5. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Ғылым, 1996ж. 208бет.
6. Ғ.Есім. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар.) –Алматы: Қазақ Университеті, 2004ж. 330бет.
7. Қазақ даласының ойшылдары. –Алматы: Ғылым, 1995. 160бет.
8. Көбесов А. Сөнбес жұлдыздар. Алматы: Жазушы, 1973ж. 160бет.
9. Сөнбес жұлдыздар. Алматы: Қазақстан, 1989ж. 272бет.
10. Аль-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым,-1975ж. 418бет.
11. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. –Алматы, 1994ж. 333бет.
12. Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-философиялық зерттеу)-А., 1995. 12бет.
13. Н.Ж.Байтенова, А.С.Қабылова, А.Қ.Ромашева. Шығыс философия- сындағы кемелденген адам өміріндегі достықтың орны . А., 2000ж. 49бет.
14. Ғ.Есім. Абай ағартушы болған ба? //Сана болмысы. А., 1996ж. 95бет.
15. Абай. Қара сөз. Поэмалар. А., 1993ж. 76-бет.
16. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. А., 1995ж. 77бет.
17. Ғ.Есім. Фалсафа тарихы. –А: «Ратирет», 2004.-47бет.

М а з м ұ н ы
Кіріспе.
1.Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Негізгі бөлім.
1)Достықтың сипаты мен маңызы
2).Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам өміріндегі
достықтың орны
3).Әл-Фараби философиясындағы адам өміріндегі достықтың орны
4).Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам өміріндегі достықтың орны
5).Абай философиясындағы адам өміріндегі достықтың орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір
арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың
өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс
тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-
бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы
адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады
дейтін түсінік жоқ...
Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос
болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса
болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін
сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту –
достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес,
сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе
алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша
алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да
қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды
басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші
сыңарың.
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен.
Достық деген – ақылдың серігі екен. (М.Мақатаев)
Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш.
Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты,
досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз
достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны
нағыз досыңды тапқанда ғана егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда
бұл да бір өкініш болғандай екен ғой деп ойлап, сезесің.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты
сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ.
Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң өзіңнің көңіліңді өзің аулап
керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез
келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін
өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту
үшін ол мұны қалай қабылдауы мүмкін деп ойлануың керек болады кейде.
Немесе Қойшы, бәлкім түсінбей қалар деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің
жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған
айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол
сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің
болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады.
Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін,
айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып
қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы.
Тақырыптың объектісі: адам өміріндегі достықтың рөлі
Зерттеу мақсаты: адам өміріндегі достықтың рөлі анықтау
Адам өміріндегі достықтың орны философия ғылымымен құрдас десе де болады.
Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі,
оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан
туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель
философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін,
түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде
жатыр деп болжам жасады. 1.
Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға
субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге)
қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және
оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен
қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі
философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Философиядағы адам өміріндегі достықтың орны (оның шығу тегі,
мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық
тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған
философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша
адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды. Адам туралы
алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады.
Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен
алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының
мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды 2.
Ертедегі Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философия жүйелерінің
негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы
Мысырлықтар философиясының объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп
біледі. Бұдан 25ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі Қытай философы Конфуций өз
ілімінде адам, адам-сүйгіштік жэнь проблемасын алды. Оның түркі
тұжырымы ретінде аспан концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен
адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де
білдіреді. Оның философия
негізін адам, оның өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік
сипат алады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие
болған адам мораль заңына –даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл
қасиеттерді оқу үрдісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты
Конфуций концепсиясына сай идеялды адам, қайырымды ер (цзюнь-цзы)
деңгейіне, жету болып табылады. цзюнь-цзыға жету үшін әрбір адам
бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі өзіңе
қаламағанды өзгеге жасама деген ережесі сай отбасы мен мемлекеттегі
адамдар арасындағы идеалды, қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы
(адамшылдық, имандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Конфуций және оның
ізбасарлары ілімі мен қатар ерте қытай философиясындағы келесі бір бағыт-
даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы саналады.
Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім. Доа-бұл жекелеген адамның қылығы
және ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын
қамтитын заңы.
Ежелгі үнді әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі
туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар
арасындағы шекара және өткелі. Алайда өзінің эмперикалық болмысындағы
құмарлықтың азат болып, еркіндікке ұмтылуы тек адамға ғана тән. Уланишад
бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Ол
джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, иога ілімдеріне мол әсерін тигізді.
Этникалық білім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм
философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп
қойды. Бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның
азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы-
құдайға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм керісінше, өмірдің
өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету
құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол
адамның өзіне байланысты; сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні:
бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу. Бұл
жайды буддизм Нирвана деп атайды. (өшу, сөну мағнасында)
Оған жеткен адам (архат)-азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да
жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, о дүниемен бұ
дүниенің айырмашылығын сезініп аңғару шегінен алысқа кеткен адам.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді,
тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір
қатынастар жүйесінде өмір сүреді.
Тікелей антропологияға өту софистердің сыншыл, ағартушылық
әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен
байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі
әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. 1. Ол игілік-білім
деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін
негіздейді.
Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және
әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі
адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз
адамгершілігіңнің мәнін ұғуға бағытталады.
Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі.
Демокрит бойынша адам- табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан
тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Демокритпен салыстырғанда
Платон жан мен тән антропалогиялық дуализм позициясын ұстанды. Бірақ жан
ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ол тән оған қарсы
материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның
мақсаты және әлеуметтік статусы жанның санасына тәуелді. Адам жаны үнемі
идеялардың транссцендентті әлемінде тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім
тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және
жан мен тәннің қарама-қарсылығында. Аристотель концепциясында адам
қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Адамның бұл әлеуметтік
табиғаты оны жануарлардан да, адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден де,
жоғары адамнан да ерекшелендіреді. Оның айтуынша адамның тағы бір ерекше
белгісі-оның ақылдылығы, адам – ол ең алдымен ақыл – ой. Аристотельдің
пікірінше, адам ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтілік пен ақылдылық - оны
жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттама.
Ежелгі Грециядағы адам өміріндегі достықтың орны өз
мемлекеттеріне, бағыттар мен позицияларына қарай әр түрлі болып келеді.
Ортағасырлық адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәрбиенің
бөлігі ретінде қарастырылады. Аврелий Августиннің пікірінше, адам- бір-
біріне тәуелсіз жан мен тәннің қарама қайшылығы. Бұл оның жеке иммунитеттік
субстанциясы 2.
Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы адами тұлғаның дамуы.
Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотель
философиясын пайдаланды. Адам-бұл жануарлар мен періштелер арасындағы жан.
Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді, бірақ жан тәннің қозғаушысы және
адамның мәнін анықтайды.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан
капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми
білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғыру дәуірінің
философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге
тырысады. Адамның әуел бастағы күнәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның
қайырымдылыққа, бақытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысты бекітеді. Бұл
философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт, адамзат
өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады. Декарттың
айтуынша, дене өзіндік машина болып табылады. Бұл адамды машина ретінде
қарастырған механистік көзқарас жаңа заман философиясына кеңінен таралды.
Ж.Ламетрдің Адам-машина деп аталатын жұмысында механистік
материализм көзқарасы негізделеді. 1.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық
зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та
антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, оның дуализмі жан мен тән
дуализмі емес, адамгершілік- табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір
жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік, еркіндік
пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Гегельдің антропологиялық концепциясы,
оның бүкіл философиясы сияқты рационолизмге тұнып тұр. 2. Ол адамның
рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ой тасымалдаушысы
ретіндегі жағдайын дәлелдеді. Фейербах болса тірі, эмперикалық адамның
маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-
тәндік жан ретінде таниды.
Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады.
Қоғамдық болмыс-қоғамдық сананы анықтайды.
Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде
органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени тарихи мәнде
түсіндірілетін өмір феноменінен көрінеді. Экзистенциализм, ең біріншіден,
индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады.
Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар
әлеуметтік факторлар да маңызды роль атқаратын эволюциялық даму өкілі деп
тұжырымдауға мүмкіндік береді. Адамның мәні адам туралы философиялық
ілімнің өзегін құрайды.
Курстық жұмыс әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу,
педагогикалық зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық
тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша
зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Курстық жұмыс жұмысының құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Достықтың сипаты мен маңызы
Достық- адамдардың бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі,
ортақ қараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілікпен
қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз Достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен
қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Доажарандардың
мінездері әр-түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы: біреуінде қызбалық не
шабандық, екіншісінде, тұйықтық және жігерсіздік байқалса да, бұлар
Достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз Достық осындай кемшіліктерден
арылуға көмектеседі. Сатқындық екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік
Достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде Достыққа үлкен
көңіл бөлінеді. Халық арасында Достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті.
Дос жылатып дұшпан күлдіріп айтады Досы жақсының, өзі де жақсы
Дүниеде адамның жалғыз қалғаны-өлгені, қайғының бәрі соның басында
Достыққа қарама-қарсы ұғым-қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос
дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік
мақсаттардың бірі.
1.Достық сипаты.
Дүниеде адам мен адам танысып түсініскенінен артық байлық жоқ
Сэнт-Экзюкери Достық өз бойына қаншама сан- алуан пайдалы
нәрселерді біріктірген десеңізші қайда барсаңызда,ол сізге қызмет
етеді,ол барлық жерде бар,ол ешқашанда мезі қылмайды,ешқашанда орынсыз
килігетін жері болмайды,ол сәттілікке жаңа сәулет береді,ол ортақтасқан
сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады.
Цицерон Жолдастықтың өткен қасиетті
байланыс жоқ! Әке өзінің баласын шеше өзінің баласын жақсы көреді,бала
әке мен шешесін жақсы көреді.Бірақ бұл ағайындар-ау басқа нәрсе ,аңда
өзінің баласын жақсы көреді,бірақ қаны жағынан емес,жан –жүрегі мен
туысып кету адамның ғана келеді.
Н.Т.Гоголь
.Достық негізгі еріктің ,талғамның,пікірдің толық үндеуінен туады.
Цицерон. Достық баға жетпес нәрсе
ғана емес ,сонымен қатар тамаша да нәрсе ; біз өзінің достарын жақсы
көретін адамды мадақтаймыз және көп досы болу бәрінен тамаша көрінді,ал
кейбір адамдарға тіпті жақсы адам болу –бір ғана нәрсе секілді.
Аристотель.Үйдің сәні –достары ,оның
келушілері .
Эмерсон.
Егер тағдыр адамға ерекше пейілі түсіп оған әлемдегі ең зор бақ
–ырыс сыйлағысы келсе ,ол сенімді достар береді.
Э.Тельман.
Бұл дүниенің күллі сый –құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды .
Ф.Вольтер Достық -өмір үшін ең қажетті нәрсе
,өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да
,дос –жарамсыз өмірді қаламақ емес. Аристотель.
Өміріміздегі ең ізгі нәрсе- біздің достығымыз.
А.Герцен. Жақсы дос өзін
сөзбен емес ,іспен көрсетер.
Калидаса. Жақсыменен
дос болсаң,
Алдыңнан шығар елбектеп,
Жаманменен дос болсаң,
Сыртынан жүрер өсектеп .
Махамбет
Жердің жемісі жылына бір мәрте шықса ,достық жемісі күн сайын өніп-
өнеді.
(Пифагор) Достық - өмірдің ең
зор қуаныштарының бірі,- сырыңды айтатын адамның болуы.
А. Манузони
Достық негіздері
Достықты қолдап, сақтаудың ең жақсы тәсілі- өзіміздің не істеп,
жатқандарымыз жөнінде өзара хабарлап отыру. Адамдар бір-бірімен өздерінің
іс-қимылдары арқылы анағұрлым табысады.
И. Гете
Маххабат пен достықтағы теңді-қасиетті нәрсе
И. А. Крылов
Сенім-достықтың бірінші шартты.
Ж. Лабрюйер
Ұсақ-түйек кемшілікті бір-біріне кешіре алатын адамдар ғана шынайы
достық байланыста бола алады.
У. Шекспир
3. Достық парызы.
Ең мысты достық әрқашан дерлік достардың басына қиын- қыстау күн
туған замандарға тиесілі.
К. Колтон
Достар бір-біріне қол ұшын беру үшін өмір сүреді.
Р. Роллан.
Достар бақытты жағдайларда –тек қана шақырумен, ал бақытсыздықта
шарусыз, өздігінен келуге тиіс.
Исократ
Достық ең алдымен шынайылық, жолдастық қателіктерін сынау. Достар
жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау
керек.
Н. А.Островский
Достықтың ұлы ерлігі досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету
емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне көрсету.
Ф. Ларошфука
Бір ғана жағдайда: мәселе досқа шындықты ашып айтың, сол арқылы
оған өзінің адалдығын дәлелдеу жайында болып отырған кезде ғана бізге
достық намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.
Цицерон Егерде сен досыңа ол
туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті
қатаң түрде айта алмасаңне одан өзің туралыдәл сондай шындықты құлақ асып
тыңдай алмасаң, онда сендер бір-біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір-біріңді
түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер
2.Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардығы адам өміріндегі
достықтың орны .
Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи
шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-
санасының өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра
жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей ұзақ та жемісті
философия тарихы өзінің көл-көсір
молдығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де
халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады. 1.
Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі-бар ешқандай
бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың
әртүрлі қалыптарына өміршеңдігіне, даналығына көз жеткізіміз. Шығыс
философиясының бұтағы болған қазақ философиясының тарихы кейін зерттеліп
келеді. Қазақ философиясының тарихи дамуы қай кезеңнен басталады? деген
сұрақ даулы, әрі қиын. Қасиетті қазақ даласының тарихы шексіз болса, ондағы
даналық содан кем емес. Біздің эрамызға дейінгі VIIғ.гректің жеті
ғұламасының бірі деп танылған, Платонның айтуы бойынша аты аңызға айналған
скиф Анарсис (Анарыс), одан кейінгі IX-XIIIғғ. аралығында өмір сүрген әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки,
Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ойшыл философтардың асыл мұраларын,
философиялық дүниетанымымен, одан кейінгі XV-XVIIIғғ. өмір сүрген қазақ
ақын-жырауларының философиялық ойлары, XIXғ. екінші жартысындағы
философиялық ойдың дамуы, ағартушылар философиясы 2.
Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу
XXғасырдың басынан қолға алына бастады. Қазақ философиясындағы адам
өміріндегі достықтың орны де оның тарихи дамуынан тыс қалған жоқ деуге
болады. Ұлы Абай айтқандай Адам бол! идеясы бұрынғы фальклордан бастап
осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан
идея.
Әл-Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы
әрқашан нақты адам қоғамына, бақытқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға
бет бұрған 3.
Осындай жалпы қазақ философиясына тән ортақ дәстүрлермен қатар,
оның өзінің ішкі бағыттары орын тепті. 60-80 жылдардағы қазақ
философиясындағы жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды,
мәдениетімізді жан-жақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады.
1. А.Қасабек, Ж.Алтаев. Қазақ философиясы. Алматы, 1996ж. 3бет.
2. Бұл да сонда. 5бет.
3. Бұл да сонда. 20бет.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас
бөлігі ретінде осыдан екі жарым мың жыл шамасында өмір сүріп, грек
философиясында скифтердің ой-үрдісінен өшпес із қалдырған Анарсисті
(Анарыс) айтуға болады. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір
сүріп, ел басқарған атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел
билеудің жолын айтып отырады екен: Ең ақылды адам-ел билеуден аулақ адам
- депті бабамыз деп, аузынан тастамайды екен.
Латыншаланып кеткен Анахарсис Скифский дегеніміз осы бабамыз
айтқан Анарыс бабамыз.
Қазақ философиясының мол үлгісі фольклорда жатыр. Қазақ
философиясының дүниетанымдық негізі, рухани қазынасы байырғы ауыз
әдебиеті, тұрмыс –салт жырлары, аңыз-ертегілер, мифология, батырлар жыры,
лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар болып табылады. Біздің бабаларымыз
кезінде өмір құбылыстарын, табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, болмыстың мәні
мен мақсатын, образдық ой арқылы жеткізе білді. Қазақтың көшпенділер
философиясында, халық фольклорына адамдық сапа, ұлттық қасиет ерекшелігі
бар, біз оны жоғалтпай сақтай білуіміз керек. Көшпенділер үшін философия-
адам, өмір болмысы. Қазақ фольклорындағы философиялық ой-пікірлердің
философиялық тұрғыды зерттелуі әлі аз.
Қазақ философиясының өзіндік ерекшелігі адам, бақыт, сұлулық, тән,
көркемдік, өмір мен өлім, дүние, әлем, болмыс, батырлық, адам мен табиғат
үйлесімі мәселелері. Қазақ фольклорында өзінің молдығымен, көркемдік,
сұлулығымен, тарихи деректілігімен, сыршылдығымен ерекше орын алады. Қазақ
халқының фольклорында адам, табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей
келе, бүкіл халықтық ой-санаға айналған. Халық күнделікті тұрмысқа қажетті
қарапайым нәрседен бастап, күрделі құбылысқа дейін сөз етеді.
Фольклорлық шығарманың тақырыбында табиғат, адам, төрт түлік мал,
тәрбие, тарих, этнография, мәдениет араласып келіп отырады. Философияның
басты категорияларының бірі адам өміріндегі достықтың орны – фольклорда
басты мәселе деуге болады. Ақылды Аяз би жаман атанса да бәрінен озып
шығады. Жақсы адам және жаман адам өміріндегі достықтың орны даналық
түрінде анық көрінеді. Алдар көсе, тазша бала бейнелері арқылы-халық
тапқырлығының жарқын көрінісін көреміз.
Фольклор тарихын этнографиялық, археологиялық, әлеуметтік –
психологиялық мағлұматтармен қабаттастыра зерттеу қажет. Мысала, неолит
адамдарының көзқарасының шешуші мәнге ие болған нәтижелерінің бірі- өздерін
табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде емес, ол бүкіл табиғатпен бетпе-бет, екі
жақ болып тұрғандығынан сезіне бастауы болды. Осының арқасында осы екі
жақтың бірі-адамдар дүниесі, екінші – табиғаттың тылсым күштер дүниесі.
Бүкіл әлемнің тіршілігі осы екі дүние қарым-қатынастары ауқымында өтіп
жатқандай болып ұғылатын болды. Табиғат дүниесі билеуші, бағындырушы ролін,
ал адам дүниесі – бағынушы, икемдеуші ролін атқарған мұндай түсініктер адам
санасында сақталып келді.1. Полеолит адамдары өздерін-өздері бүкіл
табиғат дүниесінен айырмаған, өздерін бүкіл табиғаттың ажырамас бір
бөлшегі деп ұғынған.
Халық арасында дала аңызына айналған Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыз
толып жатыр. Қорқыт халық ұғымында болашақты көре білген қобызшы, философ.
Қорқыт – ежелгі түркі тайпаларының IX-Xғасырда Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы
ойшыл, философы, жырауы, қобызшысы және Кітаби Қорқыт жырларын тудырған,
үлкен эпос айтушы. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз тұстасып кеткен, оның
ақиқаты қайсы, аңызы қайсы, ол, біз біліп болар шаруа емес. Қорқыт ажалдан
қашқаны үшін тарихта қалмас еді. Мәселе, Қорқыттың аса ақылдылығы мен
даналығында, оның кереметтігінде. Яғни, оның ажалмен күресі бергі әңгіме,
мәселе тереңде. Қорқыттың аясалға қатысты аңызға айналуы-акциденциялық іс.
Мәселе ажалда емес, мәселе адам болмысының жұмбақтығында.2. Қорқыт
дүниетанымының қызығы-ажал, мәңгілік өмір емес, адам, оның болмысы. Өмір
философиясын айтып отырған Қорқыт адам қызықтырған мұндай проблеманы,
жоғарыда айтып кеткендей Ф.Ницше (1814-1900), Б.Шпенглер, Ортега-и-Гассет,
Хайдеггер т.б. көтерген.
Қорқыт болса, VIII ғасырда Ғұмыр философиясын және Өмір сүру
философиясын бірге көтерген. Алғашқысы көлеңкеде қалып, екіншісі
акциденция ретінде көрініп, Қорқыт есімі ажалмен байланыста қарастырылған.
Ал, анығында Қорқыттың нысаны – адам, оның болмысы, яғни адам табиғатының
дәрменсіздігі, әрі оның бұл өмірге бейімделгендігі. Өмірге адам-бөгде.3.
Аңызда адамның, яғни Қорқыттың еркінен тыс, оған көр қазып жатады. Бұл
жерде жеке адам еркі және тағдыр деген мәселе тұр.
Қорқыт дүниетанымының басты ұғымы – адам болмысы. Адам
табиғатынан, туа бітісінен өзінің шектеулі кеңістігінде ғұмыр кешеді.
Қорқыт дүниетанымы адамның шамасы туралы.4.
Қорқыт адамның шамасы туралы толғанысқа түскен. Адам табиғатынан
(әуел бастан) шамасы шектеулі. Олай болса, адамның мына сұрағы көп
ғұмырдағы орны қандай ? Адамның білетінінен білмейтіні көп, онда пенде
қайтіп өмір сүрмек? Міне Қорқыт дүниетанымының басты арналары.5.
Көшпенділердің философы атанған Асан қайғының айтқан сөздерін халық қанша
уақыт өтсе де өз жадында сақтады. Асан қайғы туралы қазақ фольклорындағы
сақталып қалған аңыздар – халық даналығынан туған, шынайы философиялық
толғаулар. Асан қайғы туралы көп зерттеген Ш.Уалиханов оны көшпелі ноғай,
қазақ ұлысының философиясы деп атайды.
Еуразия Ұлы даласында өмір сүрген көшпелілер әлемінің өз
философиясы, өз дүниетанымы болды. Қазақ фольклорын миф-ертегі, аңыздары
мен эпос жырларын төл философиямыздың дүниетанымдық негізі аясы болған деп
түсінеміз.
3. Әл-Фараби философиясындағы адам өміріндегі достықтың орны .
Шығыс философиясының бұтағы болған қазақ философиясының тарихы кейін
зерттеліп келеді. Қазақ философиясының тарихи дамуы қай кезеңнен
басталады? деген сұрақ даулы, әрі қиын. Қасиетті қазақ даласының тарихы
шексіз болса, ондағы даналық содан кем емес.

бет бұрған.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл талай азаматтары ортақ
тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың
ішінде әлемге жайылғандары аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы
жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда Әл-Фараби 870- жылы
Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб)
отрарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.1. Әл-Фарабидің грек
философиясын, әсіресе Аристотельді жетік білгені үшін оны екінші ұстаз
деп атаған. Әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте
дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан
танысқаны жөнінде бізде дерек бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың
жетілуі мен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі
ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде, саяхат жасап, сол замандағы мәдени
әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам),
Алеппада, Каирда (Мысыр) болған, өз өмірінің көп жылдарын ол араб
халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз
білімін әбден тиянақты меңгеріп толықтырды. 950-жылы Сирияның Дамаск
қаласында қайтыс болады.2. Әл-Фараби Аристотельдің, әл-Кинидің ізін қуып,
философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді.
Фараби шығармаларының саны 160-тан асады. Фараби философия саласында грек
ойшылы Аристотельдің Категориялар, Метафизика, Герменевтика,
Софистикасына түсініктемелер жазды. Ол еңбектері
күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Өз тарапынан Ғылымдардың
шығуы, Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі, Ізгі қала тұрғындарының
көзқарасы, Музыканың үлкен кітабы, Философияны аңсап үйрену үшін алдын
ала не білу қажеттігі жайлы, Ақылдың мәні туралы, Әлеуметтік этикалық
трактаттар, Философиялық трактаттар т.б. сияқты көптеген философиялық
еңбектер жазған. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін
қойылатын ең бірінші талап, ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл
адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз
құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны
үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Фараби трактаттарында адам өміріндегі достықтың орны де тыс қалған
емес. Ол Бақыт жолын сілтеу трактатында: Бақытқа, оған жетуге бастайтын
жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт
туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-
өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан, өтуі керек.
Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да
істеуге бірдей мүмкіндік береді.
Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп
бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады. Әл-Фараби
адам өміріндегі жақсылық пен жамандық тәңірден болмай, оларды адам
адамның өзі таңдайтын болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қандай зор
маңыз бергенін көрсетеді. 1.
Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана
байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп
отыруға тиіс екен, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы
жетіледі, деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары өзінің
Фусул ал-мадани (мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері) трактатында
қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір
мақсатқа- адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің
өзіне тән бір ерекшелік сипаты-денелік және рухани құбылыстардың салыстырып
отыратындығы. 2.
Фараби Азаматтық саясатта адам қоғамдарын талдауды қаладан
бастаса, Нақыл сөздерде... ол мұны ең кішкене ұядан от басынан немесе
үйден бастайды.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді.
Өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін
жамандыққа айналдырады.
Әл-Фараби адамзат болмысының жеке қырларын қарастыра келіп, адам
өмірінің мақсаты шынайы бақытқа жету, ендеше ол бақыттың не екенін біліп
алып, оны өзінің мақсатына айналдырып, соған қарай қадам басуы қажет деп
айтты. Әл-Фарабише пайымдасақ, жалпы құрылым мен болмыстың мәнін, қоғамның
әлеуметтік бейнесін, жеке адамның рухани өмірін жете білмей бақытқа жетуге
болмайды. Біз бақытқа өзімізге әсемдік бізге тек философия өнері арқылы
ғана жетеміз деген қорытынды шығарамыз. 1.
Әл-Фараби таным теориясына келетін болсақ, ол сол кездегі жаратылыс
тану ғылымындағы үлкен жаңалықтарға білімге сүйенеді. Адам- табиғат
эволюциясының өзегі- адамның іс-әрекеті. Адам әл-Фарабидің таным
теориясында танымдық субъекті ретінде қарастырылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz