Мемлекеттік жер кадастры туралы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
- Кіріспе бөлім
Мемлекеттік жер кадастры туралы жалпы түсінік.
- Негізгі бөлімЖер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу туралы істерді қарау . Жерді ақшалай бағалғанда талап етілетін құжаттардың көрсетілуі.
- Қортынды бөлім
Жер учаскесімен басқа да жылжымайтын объектілермен қатар нарықтық құнының көрсетілуі.
- Қосымша бөлім
Қазақстандағы жерді ақшалай бағалау
Кіріспе бөлім:
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи, шаруашылық жағдайы, орналасқан жері, жер учаскесінің шекарасы мен көлемі, оның сапалық жағдайы, жер учаскесін есепке алу мен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер жүйесін құрайды.
Жер кадастрындағы жер учаскелері мен жер ресурсының мүмкіндігі туралы ақпараттар жер ресурсын тиімді жоспарлауды және басқаруды ұыймдастыруға ықпал етеді.
Жер заңдарына байланысты, жер кадастрын ұйымдастыруды жүргізу жер ресурстарын басқару жөніндегі құзырлы орталық орган мен оның жергілікті органдарына жатады. Жер кадастрын енгізу жұмыстарын мемлекеттік билікке жататын жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіке бағынышты мемлекеттік арнаулы өндіріс орындары атқарады.
Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік жер кадастрын құру мен оның жоғарғы дәрежедегі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сай, аудандық, облыстық және республикалық деңгейде жүргізіледі.
Республикада соңғы 10 жыл ішінде осы сала инфрақұрылымының негізі қалыптасты, яғни мұнда мынадай басты-басты жұмыстар атқарылды:
Кварталдардың кодын есепке алу мен шекараларын анықтау, жерді аймақтарға бөлуде жер-кадастр бойынша жұмыстар жүргізу;
Жер-кадастр картасы; мемлекеттік жер-кадастр кітабы; жер-кадастр іс-қағазы; осындай жер-кадастр құжаттарының жаңа формасы жасалды;
Стандарттау мен оның технологиясы базасында кварталдық есеп жүргізу мен аудандарда жер-кадастр карталарының технологиясы жетілдірілуде;
Жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамту жетілдіруде;
өндірістік бөлімшелерін техникалық және бағдарламалық тұрғыдан жаңарту жүргізілуде, еншілес мемлекеттік кәсіпорындары құрылымының облыс орталықтарында жер кадастрының автоматтандырылған мәліметтері жиынтығы құрылымы (ЖКААЖ) жасақталуда, аудандық кадастрлық филиалдар құрылуда;
Жер кадастрын енгізудің толық жүйесін қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бірыңғай технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын енгізуде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу орталықтарымен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен, өзге де мемлекеттік басқару органдарымен өзара байланыс және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. /1/.
Негізгі бөлім:
Жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою (сатып алу) туралы істерді қарау кезінде көрсетілген құқықтық қатынастарды реттейтін заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Жер кодексінен (бұдан әрі-Жер кодексі), "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан (бұдан әрі-Тұрғын үй қатынастары туралы Заң), сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұратынын соттар назарда ұстаулары қажет.
Көрсетілген құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талаптарды атқарушы орган мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қоюға жататын жер учаскелері орналасқан аудандық (қалалық) сотқа қояды. Бұл орайда, егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiнен жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келіспесе, не сатып алынатын жер учаскесiнің бағасы туралы немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы онымен келiсiмге қол жеткiзiлмесе, жер учаскесін алып қою (сатып алу) туралы шешiм қабылдаған жергілікті атқарушы орган Жер кодексінің 88-бабына сәйкес, сотқа тиісті талап қоя алатынын соттар назарда ұстаула
ры қажет. /2/
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылатын меншік иелері, жер пайдаланушылар, заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, үй құрылысын немесе жер учаскесін кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын азаматтар талаптарда жауапкерлер болып көрсетілген жағдайларда мұндай талаптар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға қойылады.
Жерді ақшалай бағалаанда мына құжаттардың болуын тексереді, ал қажет болған жағдайда, тараптарға мынадай тиісті жазбаша дәлелдемелерді беруді ұсынады:
1) жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою (сатып алу) туралы жергілікті атқарушы органның шешімі, оған тіркелген қаланың (елді мекеннің) бас жоспары, нақтыланған жоспары, аумақты аймақтарға бөлу схемасы және белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы немесе жерге орналастыру жөніндегі өзге де құжаттамалар;
2) органның қабылданған шешімі туралы, оның меншік иесіне, мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға жіберілген күні көрсетілген, меншік иесінің оны алғаны туралы белгісі бар жазбаша хабарламасы;
3) жекешелендіру, сатып алу-сату, сыйға тарту шарты және (немесе) жер учаскесіне, үй құрылысына меншік құқығын немесе жер учаскесін пайдалану құқығын беретін құқық белгілейтін басқа да құжаттар, сондай-ақ үй құрылысын пайдалануға қабылдау туралы акт, техникалық паспорт, үй құрылысы мен жер учаскесінің жоспарлары, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы құқықтық кадастр мәліметтері;
4) бағалау туралы есеп не жер учаскесiнiң нарықтық құнын немесе оған және онда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды растайтын өзге құжат, сондай-ақ жер учаскесін алып қоюға (сатып алуға) байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығындарды, үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты олар шеккен шығындарды және жоғалтылған пайданы қоса алғанда өтемақы мөлшері туралы есеп;
5) жергілікті атқарушы органның тең бағадағы басқа жер учаскесін, жайлы тұрғын үйді беру туралы ұсынысын растайтын құжат.
Талапкер ұсынған ақшалай өтемақының орнына жауапкердің бағасы тең басқа жер учаскесін, жайлы тұрғын үй беру туралы талапкерге қойған талаптары қарсы талаптар болып табылмайды. Сондықтан меншік иесінің өтем түрін таңдауға байланысты барлық мәселелерін соттар жергілікті атқарушы органдар мәлімдеген талап шегінде және Жер кодексінің 87-бабының 3-тармағының, 88-бабының, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 15-бабының, 29-бабының екінші тармағының және 119-1-бабының, сондай-ақ меншік иесінің құқықтарын қорғайтын басқа да нормалардың талаптарын сақтай отырып шешуге тиіс.
Жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу туралы жер учаскесінің меншік иесін және мемлекеттік емес жер пайдаланушыны бір жыл бұрын, ал Астана мен Алматы қалаларында - үш айдан кешіктірмей алдағы уақытта сатып алуға дейін жазбаша хабардар ету туралы заң нормаларын талапкердің орындамауы, сол сияқты меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға хабарлама жіберілген сәттен бастап екі жылдан кейін қойылған осындай талап арыз қанағаттандырусыз қалдыруға негіз болып табылады, себебі жоғарыда көрсетілген мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру заң актілерімен көзделмеген.
Жер учаскесінің меншік иесін немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыны жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу туралы қайтадан хабардар ету заңмен көзделмеген, бұл жер учаскесін сот тәртібімен сатып алудың заң актілерімен белгіленген мерзімдерін ұзартпайды, тоқтатпайды, үзбейді және олардың күшін жоймайды.
Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қоюға (сатып алуға) орай азаматтарды басқа жайлы тұрғын үй беріп шығару туралы дауларды шешу кезінде, егер атқарушы орган меншік иесіне уақытша тұруға арналған үй-жай (уақытша тұрғын үй) не қолайсыз тұрғын үй берсе, соттар мұндай талаптарды қанағаттандырмауға тиіс.
Алып қойылатын (сатылып алынатын) объектілердің меншік иелері болып табылатын тұлғаларға ғана меншік құқығы тоқтағанға дейін жайлы тұрғын үй, жер учаскесі беріледі, ақшалай өтемақы төленеді.
Егер жер учаскесі ортақ меншік үлесі құқығымен бірнеше меншік иелеріне тиесілі болса, олардың әрқайсысы жеке жер учаскесiн меншiгiне алуға және (немесе) заңдарда көзделген өзге де өтем алуға құқылы.
Есептерді, мамандардың жазбаша берген консультацияларын және бағалау қызметімен байланысты басқа да құжаттарды зерттеу кезінде, соттар олардың жер учаскесін (жер пайдалану құқығын), үй құрылыстарын, басқа да жылжымайтын объектілерді, сондай-ақ бағалауға жататын басқа мүлікті нарықтық құны бойынша бағалаудың тәртібі мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкестігін тексергендері жөн. Бұл орайда, алып қойылатын жер учаскесі үшін ақшалай өтемақының мөлшері, олар жер учаскесінің нарықтық құнын көрсетпейтіндіктен, оның нормативтік немесе кадастрлық бағасы негізге алына отырып белгіленуге тиіс емес.
Бағалау қызметімен байланысты құжаттардың күнібұрын белгіленген күші болмайды, сондықтан олар іс бойынша басқа да дәлелдемелермен қатар соттың бағалауына жатады.
Егер тараптар ұсынған бағалау құжаттарында қайшылықтар болып, солардың нәтижесінде алып қойылатын мүлік үшін өтемақының мөлшерін анықтау мүмкін болмаса, онда жазбаша консультациялар беруі үшін сот бағалау қызметі саласындағы маманды шақыртуы мүмкін. /3/
Қортынды бөлім:
.
Ақшалай өтемақының мөлшерін анықтау туралы дауларды қарау кезінде жер учаскесінің мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылуына байланысты меншік құқығының тоқтауына орай келтірілген шығындарды меншік иесіне өтеудің барлық мәселелерін шешеді, бұл орайда мүлік оның нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады.
Жер учаскесімен, жоспарлы құрылыстармен, көпжылғы жасыл екпелермен және басқа да жылжымайтын объектілермен қатар, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсы және абаттандыру элементтерiнің нарықтық құны ескерілетінін, бұларды салу үшін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 2-тармағының күші бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алу талап етілмейтінін соттар назарда ұстағандары жөн.
Сонымен қатар, меншiк иесiнің (жер пайдаланушының) жергілікті атқарушы орган жер учаскесін сатып алу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап жер учаскесiндегi жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейтуге немесе қайта жаңғыртуға байланысты шығындар мен залалды өздерiне алуға тәуекел ету-етпеу мәселесін зерттегендері жөн.
Жер учаскесін мемлекет қажеттіктері үшін сатып алу жолымен алып қою туралы талап қанағаттандырылған жағдайда, соттар Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 15-бабы 1-тармағының күші бойынша, шешімді меншік иесін шығару және тұрғын үйді бұзу бөлігінде орындау туралы мәселе оған жайлы тұрғын үй берілген соң немесе ақшалай төлемақы төленгеннен кейін ғана шешілуге тиіс екендігін шешімнің қарар бөлімінде көрсеткендері жөн. /4/
Қосымша бөлім:
Жерді РФ әрекет етуші заңдылығымен бағалау
Федеральді заңға сәйкес 1988 жылыдың 29 шілдесінен бастап «Ресей федерациясындағы бағалау қызмсеті туралы» (РГ - 1988 - 6 авг. ) бағалау әрекеті астарында объектіге қатысты базар немесе басқа құндылық бағасының орнатылуы түсіндіріледі. Осыған сапй бағалау объектісінің нарықтық құндылығы ретінде барлық қажетті ақпаратты тарата отырып, келісім жақтары орынды әрекет еткенде, берілген бағалау объектісі ашық нарықта бәсеке жағдайында иеліктен шығарылуы мүмкін болатын баға қабылданады, ал келісім бағасы шамасында қандай-да бір келеңсіз жағдайлар кескінделмейді. Сонымен келісімнің бір жағы бағалау объектісін шектетуге міндетті емес, ал басқа жағы орындауды қабылдауға міндетті емес; келісім жақтары келісім заттары туралы жақсы мәлімет алған және өз қызығушылықтарында әрекет етеді; бағалау объектісі ашық базарға ашықтан-ашық әйгілі түрде шығарылған; келісім бағасы бағалау объектісі үшін орынды ақы төлеу болып саналады және келсіім жақтарына қатысты келісімді жүзеге асыруға деген мәжбүрлі ешқандай жақтан көрсетілмеген; бағалау объектісі үшін төлем ақша түрінде Ресей Федерациясы, оның субъектілі немесе муниципиальды түзілістер, физикалық, заңды тұлғалар өздеріне тиісті кез-келген бағалау объектісіне, аталған федеральдық заңмен қаралған жағдайлар негізінде бағалау жүргізе алады.
Бағалау объектісіне бағалау жүргізу құқығы мүбәсіз болып табылады және мемлекеттік статистикалық есеп пен бухгалтерлік есепті жүзеге асырудың орнатылған федеральдық заңнамасына тәуелді емес. Берілген құқық бағалау объектісін қайтадан бағалауға да таралған. Объектіге бағалау жүргізу нәтижелері берілген бухгалтерлік есепті түзету үшін қолданылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz