Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметке салық салу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
1. 1 Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметінің орны мен ролі және ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері
1. 2 Салық жүйесінің әлеуметтік және экономикалық процесске тигізетін әсері . . .
1. 3 Шетелдегі шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары . . .
11
22
26
2. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ . . .
2. 1 Қазақмыс Корпорациясы ЖШС тарихы, құрылымы және өндірістік қызметі . . .
2. 2 Қазақмыс Корпорациясы ЖШС қаржы шаруашылық қызметін талдау . . .
2. 3 Қазақмыс Корпорациясы ЖШС қызметіне салық салу ерекшеліктері . . .
32
35
46
3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1 Салықтан жалтару мәселесін қолға алу . . .
3. 2 Кәсіпорындарды салықтық-әкімшілік реттеуді жетілдіру жолдары
3. 3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары
68
63
71
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
78
80
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы алғанда шағын және орта бизнес өптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, экономиканың инновациялық әлеуетінің дамуын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеу және енгізу, сату және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік - елдің тұрақты дамуы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуының негізі.
Сондықтан да шағын және орта бизнесті қолдау саясаты жүзеге асырылуы қажет және де бұл қолдау мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асуда. Бұл мемлекеттік қолдау салық жеңілдіктері негізінде жүзеге асады. Салық жеңілдіктері шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырады. Бұл бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мен шағын және орта кәсіпкерлер өндірген өнімдер мен қызметтердің үлесі елдің ЖІӨ құрылымында айтарлықтай өсті.
Ел экономикасының дамып, өркениетті алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін салық жүйесіне, соның ішінде ел экономикасынан негізгі орын алатын шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу барысын оңтайландыру көзделген. Осы шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін тиімді құру - шағын бизнес субъектілері дамуының негізгі алғышарты ретінде қарастыруға болатыны белгілі. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін онструктивтік бизнес-идея, тиімді басқару және қаржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Шағын және орта бизнес ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде және жаңа технологияларды енгізуде шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады [1, 224 б. ] .
Шағын және орта кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және т. б. көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Призеденті Н. Ә. Назарбаевтің қазақстан халқына жолдауында айтылды. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады.
Шағын және орта бизнес - жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады.
Кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындарды біле тұра жол берген әкімшілік-жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекелі - табысты жұмысқа қуатты ынта. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып табылады және халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп, өте ірі салалар мен жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнес - жаңа бастау алып келе жатқан кәсіпкерлер арасында капиталды инвестициялау тәсілі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде маңызға ие.
Тақырыптың ғылыми тұрғыда зерттелу дәрежесі. Салық жүйесінің әлеуметтік - экономикалық мәні мен мағынасы А. Смит, Д. Рикардо, Ж. С. Сисмонди, У. Петти, Ф. Кенэ, Дж. Кейнс, А. Лаффер, М. Фридман және өзге де көптеген ойшылдардың еңбектеріне арқау болды. Олар, өз еңбектерінде сол кездегі өздері ұстанып отырған экономикалық концепцияларға сүйене отырып, салықтардың мәні мен мазмұнын, атқаратын қызметтерін ашып көрсеткен болатын.
Салық жүйесінің нарықтық процесстерге деген кері әсерінің деңгейін төмендету мәселесі бойынша оны жетілдіру бағыттары Дж. Бьюкенена, А. Оукен, У. Хеллераның еңбектерінде қарастырылады. Салық жүйесі экономикалық басқару құралы ретінде көптеген жылдар бойы қолданылмай келгені баршаға аян. Сондықтан, кейбір авторлар дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибесін қарастырумен айналысып келді. Осыған байланысты мынандай ресейлік ғалымдардың мақалалары мен монографияларын атап өту қажет: В. Т. Князев, В. Я. Савченко, В. Т. Пансков, В. М. Пушкарева, Д. Г. Черник, Т. Ф. Юткина, А. И. Худяков және т. б.
Экономикалық дамуға салық салудың тигізетін кері әсерлерін төмендетуге ат салысып және сол бойынша Қазақстандағы салық жүйесін реформалауға үлкен үлес қосқан әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді де атап өтуге болады. Аталған зерттеулерге С. Ш. Әуелбаев, У. Б. Баймуратов, А. Б. Зейнелгабдин, С. Ж. Интыкбаева, Ж. О. Ихданов, Г. Карагусова, Н. К. Кучукова, С. Қ. Құлпыбаев, В. Д. Ли, Н. К. Мамыров, В. Д. Мельников, А. А. Нурумов, М. Т. Оспанов, К. С. Сағадиев, Х. Н. Сансызбаева, Р. У. Смагулова, Э. Қ. Ыдырысова және т. б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен, аталған әдебиеттерде салық жүйесінің мәселелері көбінесе фискалдық сипаты жағынан, оны көтеру және оның жекелеген экономикалық субъектілерге тигізетін әсері туралы жеткілікті түрде қарастырылып, тереңірек зерттелген болса, ал әлеуметтік проблемалардың басым бөлігін тегістей алатын салық жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қызмет ететіндігіне аса назар аударылмаған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шағын бизнестің құрылуы мен дамуы және маңызын анықтау. Қазіргі кезеңде шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы ролі мен даму тиімділігін және қызмет барысын білу, шағын кәсіпкерліктің дамуының өзекті мәселелерін шет елдер тәжірибесімен салыстыра отырып қарастыру. Сонымен бірге қазіргі кездегі салық салудың кәсіпкерлік қызметке салдарларын анықтау және салық жүйесін әлеуметтік тұрғыдан оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, дипломдық жұмыста мынадай сұрақтар қарастырылды:
- Кәсіпкерлік қызметтің теориялық механизмі және құқықтық-ұйымдық нысандары;
- Кәсіпкерлік қызметтің өзекті проблемалары және олар шешу жолдарын іздестіру.
- Салық салудың теориясы мен практикасына талдау, салықтық қатынастардың әлеуметтік процесстердегі атқаратын рөлін зерттеу;
- индустриалды дамыған елдердің салық жүйесінің қоғамдық процесстерге, оның ішінде әлеуметтік салаға қаншалықты ықпал ететіндігін сипаттау;
- салық салудың әлеуметтік салдарларын білдіретін критерийлерді анықтау;
- Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке салық салудың әлеуметтік сипатына баға беру және оны әлеуметтік тұрғыда жетілдіру барысында ұсыныстар жасау.
Зерттеу Қазақмыс Корпорациясы ЖШС болып табылады.
Зерттеу пәні - кәсіпорындарда салық салу ерекшелітері және салық салу кезіндегі туындайтын мәселелер.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі қазіргі кездегі салық саясатындағы әлеуметтік- экономикалық ілімнің жетістіктерінен құралды. Нарықтық қатынастарды салықтық реттеуге байланысты жазылған алыс - жақын шет елдердің және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері пайдаланылды, сонымен бірге, салық жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Халыққа жолдауы, ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені және ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің ресми мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметінің орны мен ролі және ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері
Кәсіпкерліктің маңызы өте зор, әсіресе экономикалық дағдарыс жағдайларында, өйткені ол қоғамның болашақ гүлденуінің негізі болып табылады. Оның мүмкіншіліктерімен инициативалары өндірістің тиімділігімен, ішкі экономикалық қызметтің дамуы, іс этика нормаларын тарату, жаңашыл құрылыстардың құрылуымен байланысты.
Кәсіпкерліктің құрылуы механизмін, мәнін түсіну, шаруашылықтың тиімді түрлерімен әдістерін іздеу мүмкіншілігін құрады.
Кәсіпкерліктің қоғамдық орнын тарихи түсіну осы немесе басқа елдердің тарихи жолдарының әр түрлі кесіндісіндегі оның құрылуының бөлек кезеңдерін байқауға мүмкіндік береді. Сонымен, Г. К. Гинс әр түрлі тарихи кезеңдерге сәйкес келетін кәсіпкерліктің бірнеше типін көрсетеді. Кәсіпкерлер типінің біріншісіне ол, тұтыну мүмкіншіліктерін арттыру үшін байлық жинау идеясы сай келетін Ежелгі Греция, Рим теңіз қарақшылары мен құл иеленушілерін жатқызады. Екінші типке феодалдар, епископтар, көпестерді, оның ішінде бәрі кәсіпкерлер емес, бірақ олардың бәрі жаңа жоспарлар мен жаңа байлық құрады. Үшінші тип, кредиттік, сыртқы сауда операцияларымен өздерінің байлығын құрған кәсіпкерлер пайда болған, Шығыс елдерді колонизациялау кезінде құрылған. Дәл осы кезеңде Ж. Б. Сэй, Р. Кантильон, А. Смит, сияқты ғалымдармен кәсіпкерліктің негізі салынды. А. Смиттің айтуы бойынша кәсіпкерлік қызметі тек жеке меншік иелерімен ғана орындалады. Ал, Ж. Б. Сэй мен Р. Кантильонның пікірлері бойынша кәсіпкерлер жеке меншік иелері болуы міндетті емес еді.
Ж. Б. Сэй мен Р. Кантильоннның пікірлері бойынша, кәсіпкер ресурстарды төмен кіріс саласынан жоғары кіріс саласына көтеруші, бұл арқылы салынған капиталға қарапайым кірістен ерекше пайда алатын адам.
Төртінші тип капитализм дамуымен құрылды. Сол кездегі кәсіпкерліктің ерекшеліктері Т. Веблен, В. Зомбарт, М. Вебер еңбектерінде көрініс алған. ХVIII ғасырдағы индустриялық шаруашылықтың дамуына байланысты кәсіпкер деп жұмыс берушілерді санаған. Бұл түсінік жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарама-қайшылыққа әкеліп соқты [2, 25 б. ] .
Нәтижесінде, капитал немесе “өндіріс құралдарына” иелік етуге негізгі назар аударылған. Сол кезеңде К. Маркстің еңбекшілерді пайдалану теориясы кең тарады және де әр бір капиталист кәсіпкерлікпен айналыспада кәсіпкерлерді капиталистермен ұқсастырады. Кәсіпкерліктің функцияларын классикалық саяси экономика мен марксизм өкілдері кәсіпкерлік кіріс алу мақсатымен қосымша пайда табуда көрді. Индустрияның кейінгі дамуы қаржы ресурстарына ақша салу-экономикалық табыстың жалғыз факторы емес деп көрсетті, оның маңызды қосындысы ретінде өндірістің рационалдық ұйымы да саналды. Сонымен, өндірісті тиімді, сәтті пайдалану арқылы ірі нәтижелерге жету кәсіпкердің ерекше өзгешеліктері деп атайды. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің жаңа типі пайда болады - менеджерлер, олардың көбі өнеркәсіптің жеке меншік иелері болып табылмайды. Осы кезеңдегі кәсіпкерліктің теориясын өңдеуге И. Шумпетер үлкен үлес қосты.
И. Шумпетердің кәсіпкерлік теориясының маңызы сол кезде өте зор болды, тек кейінгі зерттеушілер ғана өзінің жеке позициясын оның көзқарасына қарама-қайшы қоюға батылы жетті.
Сонымен, даму процесінде “кәсіпкер” түсінігінде қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдайлармен экономикалық мүдделер, өсудің тарихи шарттары байқалады.
Кәсіпкерлік - еңбек түрі, мамандық, өндірістік күш, өндіріс факторы, психологиялық белгілер жиынтығы, экономикалық жүріс-тұрыс формасы ретінде қарастырылды.
Кәсіпкерліктің қазіргі кездегі экономикалық мәнін ұғыну оны өте терең түсінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде ғалымдар бұл проблеманың әр түрлі аспектілерін талқылауда. Кәсіпкерлік сипаттамасы үшін олармен экономикалық ресурстар жүйесі, функциялары т. б. ретінде келтірілген қосымша параметрлер енгізілген. Мысалы, кәсіпкерлік қызметтің негізгі функцияларын атап өтуге болады /1-кесте/, олардың ішінде шығармашылық, ұйымдық ресурстық функцияларды атап өтейік.
Ал қазіргі таңда Қазақстандық ғалымдар осы тарихи жағдайларға сүйене отырып “кәсіпкерлік” мәнін анықтауда. Оның біздің елде, нарықтық экономика жағдайындағы маңызын қарастыруда.
Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарықтық экономикаға көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әр түрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару жүйесінде білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекеттің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың көлемінде жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз.
1 кесте Кәсіпкерлік қызметтің функциялары*
- өндіріс технологиясымен өнімдерді шығару;
- бастапқы игіліктерді жаңа сапамен шығару;
- өндірістің жаңа тәсілдерін енгізу;
- өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу;
- өнімнің жаңа нарықтарын жаулап алу;
- бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- шикі заттың жаңа түрлерін пайдалну;
*Ескерту [3, 210б. ] .
Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекеттегі сұраныстармен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады.
Осы жайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жәй кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдануына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерліктің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі. Себебі бюрократиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемімеуі.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік - аумақтық кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады[4, 5б. ] .
Енді аздап кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек келешегі бар концепцияда адамның іс-қимыл әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін-ерікті қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген. Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол жүзеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат - мүлкіне негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленген шектен шықпаулары қажет. Өйткені мемлекет мүддесіне зиян келуі мүмкін.
Мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі ерікті сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органның мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функцияларына, әдістеріне және т. б. негізделгендіктен қызметістеу болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшеленеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік /коммерциялық/ қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше /мүмкіндігінше толығымен жекешелендірілген/ жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабында дәл айтылған сияқты. “Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға /жұмысқа, қызметке/ сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке /жеке кәсіпкерлік/ не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына /мемлекеттік кәсіпкерлік/ негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерліктің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік бере кету қажет. Кәсіпкер деп өз атының және өз қаражаттары /меншікті немесе қарызға алған/ есебінен тауарлар мен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті /кәсіпкерлік қызметті/ ұдайы/ тұрақты/ негізде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз”.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға апатент алған кезден бастап құқылы. Патент бір мезгілде азаматтардың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады. Ал шаруа /фермер/ қожалығы құрамында мердігерлік шарт және өзге де азаматтық - құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын, көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық - түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.
Өз қызметтерінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін/ коммерциялық/ ұйым заңды тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер, сенім /коммандиттік/ серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz