Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. 1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай

1. 2 Қоғамның еңбек әлеуетін қалыптастырудың жағдайы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Демографиялық жағдай мен еңбек әлеуеті тығыз байланысты, өйткені халық саны көбейген сайын жұмыс орны де көбею керек, жаңа зауыт, мекемелер жұмыс орнымен қамту қажет. Қазақстанда демографиялық жағдай 2009 жылы жақсы нәтижелер көрсетті, бірақ жұмыс орындары көбейген жоқ деп есептеймін. Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым-қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.

Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.

Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан, еңбек шынвнда да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың «мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Және де нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.

Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай

Қазіргі кезде біздің Республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55 %-дан астамы қазақтар, 35 %-ы орыстар. Ал 1920 жылы республикамызда не бары 4 миллион 400 мың халық болды. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен.

Республикада 70 жылда астам уақыт ішінде демографиялық қозғалыстар қандай болды? (1940 жылға дейінгі нақты статистикалық есептің жоқтығына байланысты бұл туралы кейінгі жылдарда жарияланған материялдарға сүйенеміз) .

Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі - демографиялық процесс көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері - 40, ал 1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есеге жуық өскен, соған қарамастан, туу екі есе кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған шығыны 350 мың адам (әскер қатарында 4 - 5 - 6 жыл болғандарды есептегенде) . Соған байланысты ер адамдарның шығынын туу процесіне кері әсерін тигізгені белгілі.

1940 жылмен салыстырғанда туылған бала саны үш есе азайып, 21, 4 %-дан 7, 6 %- ға кеміді. 1970 жылы 306 мың бала өмірге келген. Соның ішінде үш, одан да көбірек бала тапқан аналар 148 мың болды (яғни 48, 5 %-ы) . Олай болса, аналардың жартысы үш және оданда көп бала туған. Ал осындай аналардың есебінен өмірге келген балалар саны 1988 жылы 33, 6 % болды, яғни үш және одан көп бала туған әйелдер саны 15, 5%-ға кеміген.

1988 жылғы есеп бойынша әрбір үш баланың бірін 20 - 29 жас арасындағы әйелдер, ал 35-тен жоғары жастағы әйелдаер өмірге келген балалардың 3 - 4 %-ын ғана туған.

Ерлер мен әйендер санының арақатынасында да біршама айырмашылықтар бар. 1989 жылғы санақ бойынша 16, 5миллион халықтың 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48, 5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51, 5% болған. Олай болса, қалада тұратын ер адамдар саны аз да, ауылда әйелдер саны көп екен.

Адам өмірінің ұзақтығы әр кезде әр түрлі болды: 1978 - 1988 жылдар арасында жалпы халықтың орта жасы 67, 4 - 69, 8 жыл болды. Оның ішінде ерлердің орта жасы - 61, 9 - 64, 8, әйелдердің орта жасы 72, 4 - 74, 1 жыл болды. Жалпы алғанда, әйелдер ерлерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның негізігі себептері: әйелдер ерлермен салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы бала тәрбиелеу, немесе қарау сияқты жұмыс түрлері еөбейе түседі. Ал ер адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия, Голландия, т. б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991 - 1997 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қыйындық адам өміріне кері әсерін тигізетіні сөзсіз. 1993 - 1994 жылдардағы есеп бойынша Республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып отыр.

1991 жылғы есеп бойынша халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметкерлер саны 6, 5 миллион болды, оның 72, 3%-ы материялдық өндірістің саласында, ал материялдық емес салаларда 27, 7%-ы жұмыс істеді. Қазір өндірістің көптеген саласының дағдарысқа ұшырауына байланысты жағдай өзгерді. бұрын зауыттар, фабрикалар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, театрлар, т. б. мәдени ғимараттар қалалы жерлерге салынды. Өндіріс орындарының көптеп салынуына байланысты көне қаланар жаңарды, жаңа қалалар пайда болды.

Қазір 1, 5 миллион халқы бар Алматыда 1939 жылы 220 мың халық тұрған еді. Ақтөбе, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Теміртау, Астана, Шымкент сияқты қалалардың халқы соңғы 20 - 25 жылдарда 2 - 3 есе өсті.

Сөйтіп, дүние жүзіндегі дамыған елдерге тән урбандау(лат. urbanus - қалалық ) біздің республикамызда да өріс алап келеді. 1970 жылдардан бастап әсіресе батыс және оңтүстік өлкелерден ауылдағы қазақ жастары қалаға келіп, орыс жұмысшыларын алмастыра бастады.

Қоғамның еңбек әлеуетін қалыптастырудың жағдайы

Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл шаруашылығында төмендеді. 1991- 1995 жылдар бойы экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа шамасының төмендеуі 3, 7%. Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және сапалық қолайсыз ұақытында өтті.

Республиканың агрорлық секторвндағы өндіріс көлемінің түсуі осы саладағы тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуіне қатты ықпал жасады.

Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне орай кәсіпорынның еңбектік потенциалын сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық, сонымен бірге, есепке алуға және реттеуге көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің және көлеңкелі нарықтың кеңеюі сияқты арнайы құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрді.

Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға керекті басты бағыттарды анықтап берді:

-Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;

-Еңбектен босанған қызметшілерді санациялық шаралары мен босатылғандарды әлеуметтік қорғау үшін кәсіпорындарды реабилитациялау жолдарын біріктіре отырып реттеу;

-Еңбек етуге жарамды тұрғындардың кәсіпкерлік жинақтауларына жұмыссыз азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды кәсіптік оқып - үйретудің тиімділігін арттыру мен көлемін кеңейту жолымен көмектесу, босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету және қайта даярлықтан өткізуді іске асыру;

-Еңбек нарықтың нормативті- құқықтық инфрақұрылымын дамыту;

-Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды мемлекеттік кепілдік пен нормативтердің жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді қамтамасыз ету;

-Еңбек нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау;

Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді . Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптан басқа (жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрену мен қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру), еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кәсіпорындарға орналастыру мен тұрғындарды басқа аймақтарға бөлу қарастырылды. Бірақ бағдарламада салынған болжамдар өзін- өзі ақтамады. Жұмыссыздардың еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185 мыңның әрбір екіншісі ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді; 45%-кәсіптік оқуға және қайта даярлықтан өтуге жіберілді, 34%- жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы алып тұрады, 12%- қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сөйтіп, әлеуметтік қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық берілді.

1994 жылы Министірлер кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге қызметшілерді босатуға тоқтау салатын т. б. шығындарға тиім салатын әрқатар қаулылар қабылдады. Сондықтан осы кезеңде әлеуметтік қорғаудың тек жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақысын төлеу, дайындау мен қайта даярлықтан өту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары бөлінді.

1995 жылы Республиканың әлеуметтік- экономикалық дамуы еңбек нарығын қалыптастыруды маңызды әсер көрсете алды. Республиканың барлық аймақтарында іс жүзінде әлеуметтік қорғаудың баяулау шаралары басымырақ болды.

1996 жылы саясат үш кезеңге созылды. Сөйтіп, бірінші кезеңде (1996ж. ) еңбекпен қамтамасыз ету саясаты жұмыссыздарға кешенді әлеуметтік қолдау жасауды көздеген еді (жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша төленетін төлемдермен стипендия төлеу, оларға материалдық көиек көрсету, қажетті мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау, қағамдық жұмыстарға орналастыру т. б. )

1996 жылы жұмыссыздардың саны 392 мың адамды құрады, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5, 6% жетті

Екінші кезеңде (1997ж. ) бірінші кезеңде басталған құрылымды- инвестицияның саясаттың іске асырылуымен мемлекеттің нығаюына, өндіріс орындарының және жұмыс орындарының және жұмыс орындарын ұсынушы қызметтердің, жұмыссыздық бойынша алдын- ала қорғаудың қосылуларымен үш деңгейлік қаржыландыру қалпын құру негізінде еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыптастыруын қамтамасыз ететін қаржылық реформалар іске асырылды.

Үшінші кезең (1998 және одан әрі) еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің еңбек нарығына ыңғайлануының шаралары бойынша бағыттарды іске асыруға мүмкіндік беретін, тоқырауға байланысты қиратылған оның шешуші бөліктерін қалпына келтіру мен дамытуға және еңбек нарығының бәсекелестігіне жауап беретін мамандардың екпінді кәсіптік құрылымын қамтамасыз етуге орай есептеледі.

Қазақстан Республикасының «1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына және Қ. Р. Үкіметінің 1999 жылдың 29-қаңтарында №68 «Қазақстан республикасының тұрғындарының еңбекпен қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтерін және еңбекпен қамтамасыз ету мемлекеттік қоры мәселелері» қаулысына сәйкес жұмыссыздарға жұмыссыздығы бойынша төленетін әлеуметтік төлемақы төлеу қаржыландырылған қаражаттардың еңбекпен қамтамасыз ету қоры, және оның басқару органдары жойылды.

Кедейленудің мен тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етуінің деңгейінің өсуін есепке ала отырып 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000- 2002 жылдар аралығында жұмыссыздықпен және кедейленуімен күрес жүргізу бойынша бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның мақсаты- Қазақстанның көлемінде кедейленуді қысқарту, еңбекпен қамтамасыз ету саясатын белсенді іске асыру арқылы жұмыссыздықты төмендету және кедейлерге тікелей әлеуметтік көмек көрсетуді өткізу. Бағдарламаны іске асыру ең аз дегенде Қазақстандық отбасының әрқайсысының бір мүшесінің еңбекпен қамтамасыз етілуін қамсыздандыруға мүмкіндік береді және бос тұрғындарды еңбектік іс- әрекетпен айналысуға тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынады. Бағдарламаның шеңберінде 2000 жылы әлеуметтік қамтамасыздандыру мен әлеуметтік көмекке мемлекеттік және жергілікті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz