Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары мен олардың дамуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Жұмыстың тақырыбы: Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары мен олардың дамуы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . 6

1. Бөлім. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің мәні . . . 5

1. 1. Банктің депозиттік операциялардың экономикалық мәні . . . 5

1. 2. «Delta Bank» АҚ қызметіне сипаттама. Банктің даму тарихы . . .

2. Бөлім. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік операциялары . . . 19

2. 1. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік операцияларына талдау . . . . . . 19

2. 2. «Delta Bank» АҚ депозиттік салымдары. Банктің депозиттік операцияларына талдау . . .

2. 3. «Delta Bank» АҚ несие және депозиттер бойынша пайыздық саясаты мен тәуекелді басқару . . .

3. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары . . . 34

3. 1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары . . . …. . 34

3. 2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі . . . …. . 45

Қорытынды . . . …. . 59

Қолданылған әдебиеттер . . . …. 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Банктің депозиттік қызметі - қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мұндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, бітіру жұмыстың мақсаты - банктің депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе, депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.

Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады :

1. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.

2. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.

Зерттеу объектісіне : ҚР-ның екінші деңгейлі банкі «Delta Bank» АҚ

Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында ҚР Ұлттық банкінің заңы, С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, Г. С. Сейтқасымовтың «Банковское дело» кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2007-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерін пайдаландым.

Жалпы “банктік қызмет” біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын ұлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ бұл жерде, банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.

Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни, бұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты зерттеулерді жүргізіп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.

Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен қатар - депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту, несиелер беру және есеп-айырысу - кассалық операцияларын жүргізумен қатар, қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді, клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу, валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып отыр .

Бұл диплом жұмысы 3 негізгі тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.

1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің экономикалық мәні

1. 1. Банктің депозиттік операциялардың экономикалық мәні

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозитте;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар;

Сондай- ақ оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • басқа;

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

- жеке тұлғалардың шоттарына;

-кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

-қаржылық мекемелердің шоттарына;

- шетелдік азаматтардың шоттарына;

Талап етуіне дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар .

Отандық банктің тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындарды, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялы құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі масатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың оттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаржаттар шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақашалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналыстырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма- қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл саламның ерекшелігі- талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті- мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Депозит иесі - келісілген мерзімнен бұрын болған жағдайда банк айыппұл ретінде оған төленетін пайызды, төлемей қалуға толық құқылы.

формуламен есептеледі.

Мерзімді салымдармен алдын- ала хабарлау салымдары арасында айырмашылықтар болады. Мерзімді салымдар банктің иелігіне келісім шартқа сай белгілі бір мерзімге берілген және мерзімі өткен соң иесімен кез- келген уақытта алынатын қаражатты білдіреді. Мерзімді салымдар бойынша клиентке төленетін пайыз мөлшерлемесі, оның мерзіміне, сомасына, шартты орындауына байланысты болып келеді. Іс- жүзінде мерзімді салымдар мерзімі 1, 3, 6, 9, 12 айларға және ұзақ мерзімге салынады

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттерідің түрі- жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кіиапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа саламдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін көрсетеді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаржаттар сақтауда тұрақты мерзімі болиайды;
  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай- заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталы салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар- бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с. с. ) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаржаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының біпр түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаты- бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының балығын куәландыратын банк- эмитенттің жазбаша куәлігі .

Депозиттік және сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

  • атаулы сертификатар;
  • мәлімдеуші сертификаттар;

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты- жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем туралы немесе есеп- айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынандай екі түрі бар:

  • аударылатын;
  • аударылмайтын;

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертифткаттар басқа бір тұлғалараға екінші нарықта сатып алу, сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімдіоігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды. /1/

Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадай слымдардың түрлерін жеке тұлғаларға ұсынады:

  • “НАРОДНЫЙ” салымы- жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны

мерзімінің соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы- 2000

тенге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3, 6, 12 және 24 ай.

“СЕНІМ- ПЛЮС” салымы- ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым. Төменгі сомасы- 1000 тенге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3, 6, 12 және 24 ай.

  • “НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС” салымы- қорлану мерзімі 1 жыл, 3 жыл

және 5 жылдық қорлану салымдары. Төменгі сомасы- 2000 тенге не 50

АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.

  • “ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД” салымы- салымды ашқан күні пайызды

төлейтін мерзімді салым. Төменгі сомасы- 1000 тенге не 100АҚШ

доллары немесе 100 еуро. Мерзімі: 3 жыл не 6 ай.

  • “ПРЕМИАЛЬНЫЙ” салымы- сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебеп

талап етуге дейін салым. Төменгі сома- 500 тенге.

  • “ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ ” салымы- 50 жасқа толған адамдар мен

зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым- 100 тенге.

Мерзімі: 90 күн.

  • “АҚ БОТА” салымы- арнайы балаларға арналған салым. Төменгі

салым- 500 тенге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.

  • “ИНТЕРНЕТ” салымы- Интернет- Банкинг жүйесінде ашылған салым.

Төменгі салым 1 тенге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн,

90 күн, 180 күн, 270 күн, 360 күн.

Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгені АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы сомасы жылдардағы экономикалық асу ықпал етуде.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің актвтік операцияларын қаржыландырудың басты кезі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында комерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың

мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта

пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді

депозиттер мен мерзімді салымдардың көбіре таратылуына көңіл бөлу;

  • салым иелерініңсанын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар

түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1999жылдың қарашасында екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті түрде ұжымдық сақтандыру Ережесі енгізілді, 1999 жылы 15 қарашада «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры » ЖАҚ құрылды. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі болып табылады, ол оның жарғылық капиталына 1 миллиард теңге берді. 2000жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» 1995жылғы 31 тамыздағы № 2444заңына «Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесі» аталатын 52-ші бап енгізілді.

Қордың негізгі міндеттері- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу және қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау. Осы міндеттерді орындау үшін Қор мынандай функцияларды орындайды:

  • кепілдік берілген өтемді төлейді;
  • депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;
  • өз активтерін инвестициялайды;
  • кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв қалаптастырады;
  • конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
  • қатысушы банкті консервациялау кезеңінде немесе барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алу кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына, сонымен бірге мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының және кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.

Осыған сәйкес жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайтын « Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы » заңы қабылданды. Бұл заң 2007жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заң Қазақстан банктері салымшыларының құқықтарын қоғауға бағытталған, депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай- ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесіне қатысуының тәртібін айқындайды.

Осы заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының депозиттерге міндеттi кепілдік беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Бұл заңды қажеттігі Қазақстанның депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесін таңдаулы халықаралық практикаға жақындата түсуге, жүйенің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай- ақ оған тән болатын тәуекелдерді азайтуға ұмтылыстан туып отыр. Заң әлемдік тәжірибені және халықаралық ұйымдардың депозиттері сақтандыру саласындағы ұсыныстарын, олардың отандық шарттарға бейімделуін зерттеу және талдау негізінде жасалады. /2/

Заңға сәйкес кепілдік берілетін өтем мөлшері 400 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін көбейтілді. Сонымен бірге кепілдік берілетін депозиттердің тізбесі кеңейтіледі: жаңа заңға сәйкес жеке тұлғалардың барлық депозиттеріне теңгемен және шетел валютасымен сомасына шек қойылмай кепілдік берілуге тиіс. Бұл дегеніңіз 2007жылдан бастап коммерциялық банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда жеке салымшылардың бәрі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан кепілдік берілген өтемді салым мөлшерінде, бірақ 700 мың теңгеден аспайтын мөлшерде алынатынын білдіреді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңына ( 2007. 03. 28. берілген өзгерістер мен толықтырулар) 36-1-бабында сәйкес, Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

Бірінші бөлімді қорытындылый келе, мен депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінуі туралы және олардың түрлеріне, мерзімдеріне, ерекшеліктеріне тоқталып өттім.

1. 2. «Delta Bank» АҚ қызметіне сипаттама. Банктің даму тарихы

Банктің таза пайдасы 2007 жылы алдағы жылдың тап сондай көрсеткішімен салыстырған 391, 9% ұлғайды және 297, 8 млн теңгені құрады. Таза пайданы ұлғайту өсімнен және операциялық табыстардың өсуінің есебінен орын алды. Бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялар бойынша табыстар өсті.

«Delta Bank» АҚ активтері 2008 жылғы 1-ші қаңтарға қарай жағдайы бойынша 19 991 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 63, 05% ұлғайды, бұл орайда Банктің міндеттемелері 42, 8% өсті және14 193 млн. теңгені құрады. Банктің меншік капиталы 149, 42% ұлғайды және жыл басына қарай 5 798 млн. теңгені құрады

Бүгінгі күнге «Delta Bank» АҚ динамикалы даму үстіндегі қаржы институты, оның қызметі нарықтық ұсыныстар мен клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдері мен қызметтерінің кең ауқымын көрсетуге бағытталған.

Батыс Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының бастамасы бойынша Ақтау қаласында 1993 жылғы 1-ші қыркүйекте негізі қаланған Банк өз тірлігінің 14 жылдық тарихында еліміздің қаржы нарығында өзінің позицияларын едәуір нығайтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Банктердің дамуы
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Банктердің депозиттік операциялары, Қазақстанда депозит нарығын дамыту
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Казкоммерцбанк туралы ақпарат
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz