Ювеналды юстиция


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЮВЕНАЛДЫ ЮСТИЦИЯНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ 8
1. 1 Ювеналды юстицияның түсінігі 8
1. 2 Кәмелеттік жас - ювеналды юстицияның құқықтық қайнар көзі 21
1. 3 Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша сот - ювеналды юстицияның орталық негізі 24
1. 4 Ювеналды юстицияның тарихи жолы 25
2 ЖЕКЕЛЕГЕН МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ЮВЕНАЛДЫ ЮСТИЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС АТҚАРУЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА 32
2. 1 АҚШ және Англия 32
2. 2 Франция және Германия 36
2. 3Ресей Федерациясы 38
3 ЮВЕНАЛДЫ ЮСТИЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ІС-ҚИМЫЛДАРЫ 43
3. 1Отбасы соты 43
3. 2 Кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын әкімшілік орган. Соттың баламасы 44
3. 3 Ювеналды юстиция халықаралық аренада. Халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары 48
3. 4 Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция 53
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасында ювеналды юстицияның тиімді жүйесін және оның маңызды элементі ретінде ювеналды сот ісін жүргізу институтын қалыптастырумен байланысты проблемалық мәселелердің теориялық және практикалық маңыздылығынан туындайды.
Осы зерттеу бағытын таңдап алуға мынандай факторлар ықпал етті:
Біздің қоғам өмірінің мемлекеттік-құқықтық саласын реформалау жағдайында жас ұрпаққа тәрбие беру, олардың имандылық және тәндік саулығын сақтау мен нығайту тұрғысынан тиімді шаралар қолдану, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығына ықпал ететін әлеуметтік-жағымсыз көріністерге қарсы іс-қимыл мәселесі ерекше назар аударатын нысана болып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балалар мемлекеттің қорғауында.
Кәмелетке толмағандардың алаңсыз өмір сүруі, олардың имандылық және тәндік саулығы қоғамға болашақта ұлттық байлық жасауға жоғары біліктілікпен қатысуға қабілетті, экономикалық, әлеуметтік, саяси проблемаларды табысты шеше алатын, интеллектуалдық жағынан жетілген тұлғалар өсіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі заң ғылымында кәмелетке толмағандар бір жағынан мемлекеттің лайықты өмір салтын қамтамасыз етуге және ата-ана тәрбиесіндегі олқылықтың орнын толтыруға бағытталған қамқорлығының обьектісі ретінде, екінші жағынан, кей жағдайда, зиянды зардапқа соқтыратын әлеуметтік-құқықтық ауытқуларға бейім субьект ретінде қарастырылады. Сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесінің мәні мен мазмұнын түсінумен байлынысты ғылыми түсініктерді нақтылау қажеттігі туады.
Ювеналды қылмыс фактісін мойындау, қылмыстың кәмелетке толмаған субьектісінің тұжырымдамасының болуын болжайды. Алайда, мұндай тұжырымдаманың әліге дейін талдап-жасалмағанын айтуға тура келеді. Теориялық базаның жоқтығы кәмелетке толмағандар қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қорғау қызметін регламенттейтін заңнамада едәуір олқылықтың болуына әкеп соғады. Осы аталған проблеманы шешу, кәмелетке толмаған адамдардың құқық қатынастары субьектілері мен құқық бұзушылық субьектілері жүйесіндегі орнын анықтауға ағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Кәмелетке толмағандар қылмысын құқыққа қарсы ауытқудың дербес түрі ретінде бөліп көрсету бұған тиісінше құзырет берілген органдар мен лауазымды адамдардың мамандануын қажет етеді. Қазіргі кезде мұндай мамандану атқарушы билік органдарына (IIO, жазаны атқару органдары) ғана тән. Сот ісін жүргізу саласында мамандандырылған ювеналды сот жүйесінің енді ғана құрылғандығы, осы саладағы құқық қорғау қызметінің тиімділігін едәуір төмендетеді.
Ювеналды соттар кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүддесін қорғаумен байланысты мәселелерді кешенді тұрғыдан шешуге мүмкіндік беріп, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау саласындағы халықаралық құқық ережелерінің орнындалуын толықтай қамтамасыз етеді. Республика судьяларының IV-съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға мамандандырылған соттарды одан әрі дамыту ықпал етеді. Мүмкін, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және басқадай мамандандырылған соттар құруды ойластырған жөн болар» - деп атап өтті [l] . Соттарды мамандандыру кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрелігі саласына да қатысты болуға тиіс, бұған «Қазақстандағы ювеналды юстиция» халықаралық жобасын іске асыру ықпал етеді. Мемлекетімізде ювеналды соттарды құру Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында да қарастырылған [2] .
Кәмелетке толмаған маргиналдармен және девианттармен барынша тиімді жұмыс істеу үшін ювеналды юстицияның біртұтас ұйымдық оқшауландырылған жүйесін қалыптастыру қажет, оның орталық буыны ювеналды сот болуға тиіс екендігі сөзсіз. Аталған мәселені шешу зерттеушілерден пәнаралық көзқарас шеңберінде ювеналды юстиция моделін кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғаудың пәрменді институты және сонымен бір мезгілде жастар арасындағы қылмыстылықпен күресу құралы ретінде әзірлеуді талап етеді.
Жоғарыдағы аталған факторлар таңдап алынған проблеманың өзектілігін айқындап, диплом жұмысының зерттеу тақырыбының таңдалу себебін түсіндіреді.
Диплом жұмысын зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
Белгіленген мақсатқа жету мынадай ғылыми міндеттерді шешумен байланысты:
- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесінің мәні мен мазмұнын ашу;
- Елімізде ювеналды юстицияны дамыту проблемаларын ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік жастар құқықтық саясатын талдау;
- Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың заңдық жауапкершілігін іске асырудың институттық-құқықтық механизімін зерттеп, сот төрелігі институтының осы механизмдегі орнын айқындау;
- Қазақстандағы кәмелетке толмағандар істері бойынша соттарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің нормативтік құқықтық және құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрелігі жүйесін қазіргі жағдайларға орай, демократиялық құқықтық мемлекеттілікті қалыптастыру сұранысына жауап беретіндей етіп жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
Дипломның зерттеу обьектісі - ювеналды саясат және әділет саласында қалыптасатын, атап айтқанда Қазақстан Республикасында соттардың кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі актілерін жүзеге асырумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Зерттеу нысанасын кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесін сипаттайтын нормативтік құқықтық және доктриналық қағидалар; сот төрелігі институтының кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесіне заңдық кепілдік беру жүйесіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің ерекшелігі аясындағы кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың заңдық жауапкершілігін іске асыру механизміндегі орны мен рөлі құрайды.
Дипломдық зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми танымның ғылыми әдістері кешені және жалпы принциптері құрайды. Зерттеу барысында диплом жұмысының авторы осы проблеманың күрделігін ескере отырып, ғылыми танымның дәстүрлі, сондай-ақ өзге де әдістерін: жүйелік, диалектикалық, тарихи, социологиялық әдістерді, құрылымдық-функционалдық талдау әдістерін, салыстырмалы-құқықтық, талдау мен синтездеу, теориялық моделдеу әдістерін және басқа да әдістерді пайдаланады.
Қаралатын проблемаларға тарихилық пен қисындылықтың, абстрактылық пен нақтылықтың жалпылық пен ерекшеліліктің бірлігі принциптерін қолдана отырып кешенді әдіснамалық көзқараспен келу диплом жұмысының авторына зерттелетін мәселелерді олардың өзара байланысты және жүйелілік тұтас тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.
Дипломдық зерттеудің нормативтік базасын халықаралық құқық нормалары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрелігінің ұйымдық-құқықтық мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері, бұрынғы КСРО-ның және шетелдердің заңнамасы, сондай-ақ заң жобалары құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ювеналды юстицияның дамуына, халықаралық аренадағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігін іске асырудың мәніне, мазмұнына және нысанына талдау жасауға автордың кешенді тұрғыдан қарауымен анықталады.
Қазақстанның құқықтық ғылымында тұңғыш рет кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот төрелігі мемлекеттік биліктің дербес және тәуелсіз институты ретінде талданып отыр. Диплом жұмысын жазушы ювеналды юстицияның халықаралық аренадағы орны мен дамуына саралап, сондай-ақ Қазақстанда қалыптасып жатқан ювеналды әділеттің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды.
Қорғауға шығарылатын негізгі еределер:
- Ювеналды әділеттің дербес жүйесін қалыптастыру қажет. Қазіргі жағдайда кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының профилактикасы және олардың жолын кесу, олар жасайтын қылмыстық әрекеттерді тергеу, халықаралық аренада ювеналды қылмыстылықпен байланысты істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру, сондай-ақ кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жаза шараларын іске асыру жөніндегі нысаналы қызметті жүзеге асыратын арнаулы құзырет берілген бөлімшелерді құрамдас элементтері ретінде өзіне қамтитын ювеналды әділеттің дербес жүйесін қалыптастыруға деген қажеттілік бар.
- Құқық қорғау органдарында мамандандырылған бөлімшелерді ажыраты қажет. Ювеналды қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл аясындағы құқықтық реттеудің ерекшелігі құқық қорғау органдарында қызметі құқық қорғаудың осы саласында пайда болатын мәселелерді шешумен «тұйықталатын» мамандандырылған бөліп шығару қажеттігін көздейді. Мемлекекттер арасындағы кәмелетке толмағандардың істері бойынша құқық қолдану практикасы кемшіліктерінің негізгі себептері - құқық қорғау органдары мен соттар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолданған кезде туындайтын қиыншылықтар; онда бірқатар олқылықтардың болуы; кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыратын мамандар біліктілігінің кемшілігі; қажетті материалды -техникалық жағдайлардың болмауы. Ерекше түрдегі контингентпен қарым-қатынаста болатын және осы контингентпен өзара іс-қимыл ерекшелігін сезінуге міндетті процесс қатысушылары (ювеналды полицияның, ювеналды прокуратураның, ювеналды заң консультациясының, ювеналды соттардың, қылмыстық атқару қызметінің және кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қолдау қызметінің қызметкерлері) ерекше кәсіптік даярлықты қажет етеді.
- Кәмелетке толмағандар істері бойынша қорғау функциясын кәсіпқой қорғаушылар - адвокаттар ғана атқаруға тиістігі туралы нормаларды қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізу қажет. Ювеналды әділет жүйесін ұйымдастыру негізіне бір жағынан заңдылық принципі және одан туындайтын, заңға қарсы мінез-құлық үшін жауапкершіліктің болмай қоймайтыны принципі алынуға, екінші жағынан кәмелетке толмаған құқық бұзушыға мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше (кәмелетке толған субъектілермен салыстырғанда барынша жұмсақтау) қатынасты негіздейтін гуманизм принципі алынуға тиіс. Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына кәмелетке толмағандар істері бойынша қорғау функциясын кәсіпқой қорғаушылар - адвокаттар ғана атқаруға тиістігі туралы нормалар енгізу қажет. Ұсынып отырған жаңалықтың негізгі мақсаты қылмыс жасауда күдіктелетін кәмелетке толмағандарды ұстау кезінде заңдылықтың ықтимал бұзылуын барынша азайту болып табылады, өйткені практикада іске қорғаушының нақты түрде қатысуы көбінесе тек қана кәмелетке толмағанға айып тағу кезінен бастап қамтамасыз етіледі.
- Қазақстан Республикасының ювеналды әділет жүйесіне ювеналды соттарды енгізу құқық қорғау және сот қызметінің қалыптасқан моделін сапалық тұрғыдан өзгертуді көздейді. Мұндай бөлімшелердің ішкі істер органдары және жазаны атқару жүйесінде бар екенін атап өте отырып, сот ісін жүргізу жүйесінде мамандандырылған ювеналды соттарды құру туралы мәселенің таяу арада ғана өз шешімін тапқанын айту керек. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың сітері бойынша эксперименттік соттар енгізілген кезден бастап өткен уақыт олардың өміршеңдігін және осындай соттарды республиканың барлық аумақтарында құру мақсатында әрі қарай жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Қазақстандағы ювеналды әділет соттары қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды барынша сапалы және жан-жақты айқындауды, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды қоғамнан оқшауламай әлеуметтік қайта бағдарлау мен қайта тәрбиелеуді, бас бостандығынан айырумен байланысты бұлтартпау шаралары мен жазаны барынша аз қолдануды мұрат тұтады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның нәтижесінде алынған жаңа білімдердің «Құқық қорғау органдары», «Қылмыстық құқық», «Қылмыстық іс жүргізу құқықғы», «Криминология және қылмыстың профилактикасы», тәрізді пәндерді дамытуға өз үлесін қосатынынан көрінеді. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері қылмыстық әділет органдарының құқық қолдану қызметінде; ғылыми-зерттеу қызметінде; «ІІБ-дегі алдын-ала тергеу», «Қылмыстық іс жүргізу актілері», «Прокурорлық қадағалау» және т. б. оқу курстарын оқытқан кезде пайдалануы мүмкін.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдардың:
- Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған құқық шығармашылық қызметінде;
- мемлекеттік билік органдарының ювеналды саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу кезіндегі қызметінде;
- кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың практикалық қызметінде;
- дипломдық зерттеуде көтерілетін мәселелерді қарастыратын жалпы теориялық, салалық және қолданбалы заң пәндерін оқыту процесінде;
- «Қазақстан Республикасындағы ювеналды саясат», «Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция» және «Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрелігі» арнаулы курстарын әзірлеу кезінде пайдаланылу мүмкіндігінен көрінеді.
Жұмыстың құрылымы зерттеу обьектісін таңдауға, нысанасын ықшамдауға, қойылған мақсаты мен міндеттеріне негізделеді. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тиісті Нұсқаулығында белгіленген көлемде орындалып кіріспеден, . . . біріктіретін . . . бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ювеналды юстицияның концепциясы
- Ювеналды юстицияның түсінігі
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субъектілердің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады. Қазіргі қоғам дамуының негізі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының мәнінің өсуімен сипатталады. Адам құқығы алғаш идея ретінде қалыптасып, одан кейін теория негізінде тұжырымдалып, көптеген кезеңдерде өздерінің көріністерін тауып, қалыптасты.
Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлі аспектілерін қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы - адам құқығы. Адам құқығын қорғау үшін бірінші кезекте адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын заң мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етілуі мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерілуі, сол бағытта іс-әрекеттер жасалуы қажет.
Қоғамның ең басты негізі - жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Адам құқығын қорғау мәселесі бір ғана мемлекет шегінен шықты. Осыған байланысты адамның негізгі құқықтарын бекітетін әмбебап халықаралық-құқықтық стандарттарды құру қажет болды.
Біріккен ұлттар ұйымы өзінің қызмет етуінің бірінші күндерінен бастап адам құқығына үлкен мән берді. Ол адам құқықтары төңірегінде 70-тен аса халықаралық құжаттарды қабылдады. Халықаралық құжаттардың барлық түрлері заңдық сипатқа және жүзеге асырылуына байланысты өздерінің ерекшеліктеріне ие.
БҰҰ-ң Бас хатшысы 1998 жылдың 10 желтоқсанындағы өзінің жолдауында: "Барлық адамзаттық құқықтарды толық қолдана алып, қинауға ұшырайтын ешбір ер, зорлауға ұшырайтын ешбір әйел, ар-намысы қорлауға ұшырайтын ешбір бала қалмағанға дейін адам құқықтарының шеңберін кеңейту үшін күресуде әрбір күнді маңызды етуге" шақырады.
Кез келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы - балалар, сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары - кез келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.
Қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі жағдаймен байланыстыра отырып қарастырылады.
Ювеналды юстицияны жалпы әділеттен бөліп қарастыруға мүмкін емес. Ювеналды юстиция онымен бірге құрылу қағидалары мен қызмет етулерге ие. Кейбір мемлекеттерде ювеналды юстиция жалпы әділеттің бөлігі бола тұра, жалпы әділетпен тығыз байланысты. Егер, мемлекеттердің заңнамаларында ювеналды юстиция жалпыдан автономды болса, соңғысымен ол тығыз байланысты. Бірақ, екеуіндегі жалпы әділеттің қағидалары ювеналды юстицияте қамтылған.
Ювеналды юстиция спецификасын жалпы әділет пен кәмелет жасқа толмағандарды құқықтық қорғау деңгейін көтеру үшін қосымша құрылған қағидалар мен нормалар анықтайды. Ювеналды юстицияның арнайы белгілеріне осы сот жүйесі ұйымын және әділдікті жүзеге асыру үрдісін құрайды. Ювеналды юстиция қылмыстық іс бойынша әділдік ретінде пайда болуына байланысты, оның концепциясына қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу қағидалары мен нормалары, институттары қамтылған. Ювеналды юстиция негізін өзінің құрылымымен, міндетімен, қызмет етуімен ерекшеленетін кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша сот анықтайды. Ювеналды юстиция өзінің міндетін балалар ісін қарайтын жеке бір судьяның қызметімен жүзеге асырады /магистрат, әлем судьясы /. Ювеналды юстицияда оның атқаратын қызметі өте елеулі.
Ювеналды юстиция - кәмелетке толмағандарды қауіпті әрекеттерден және зиянды қоршаған ортадан қорғай отырып қамқоршы немесе кәмелетке толмағандар үшін жауапты тұлғалар ретінде мемлекет пен қоғамның рөлін тұжырымдамалы тұрғыдан бекітетін біртұтас, өзара байланысты, кешенді жүйе.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жұмыс істейтін ювеналды юстицияті, мамандандырылған балалар соттарын және арнайы қызметті құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері осы бағытта шұғылданушы мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар бұл салада маман емес озық ойлы адамдар үшін де әрқашан тартымды мәселе болып қала береді. Бұл қызығушылықтың маңызды себептерінің бірі - мәселенің тереңдігі, оның өміршеңдігі және өшпейтін өзектілігі [3, 7 б. ] .
Ювеналды юстиция әлеуметтік-құқықтық нормалардың және институттардың жиынтығы болып, өзіне: кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің бөлімшелерін; ювеналды полицияны; ювеналды сотты; ювеналды прокуратураны; байқап көру (пробация) қызметін (тәрбиелік қадағалау) ; арнайы жартылай жабық және ашық оқу-тәрбиелік түзетуші мекемелерін; арнайы жартылай жабық және жабық дәрігерлік-тәрбиелік түзеу мекемелерін; жабық тәрбиелеу мекемелерін; омбудсмен қызметін (кәмелетке толмағандардың құқықтары бойынше өкілдік) енгізеді.
Ювеналды юстицияның объектісіне кәмелетке толмаған құқық бұзушылар, сондай-ақ, қауіпті жағдайдағы жастар немесе кәмелетке толмағандардың тәуекелшіл топтары жатады.
Қазіргі уақытта нақ осы мақсаттарға жету үшін кейбір еуропа елдері секілді, елімізде кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу қызметін құқық қорғау органдарынан балалар мен кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен мекемелерге беру процесі жүріп жатыр. Францияның 1914 жылы құрылған ювеналды юстиция жүйесінде әлеуметтік сақтандыру қарттарға, мүгедектерге, балаларға, мұқтаждарға көмек көрсетіп, жетімдерге баспана береді [4, 57 б. ] . Әлеуметтік саладағы департамент әлеуметтік көмек мәселелерін 1983 жылғы 22 шілдедегі заңның негізінде реттейді. Осы заңмен жәрдемақы алу құқығының туындау жағдайлары, жәрдемақыны беруді жүзеге асыратын қызметтерді бақылаудың ережелері бекітілген. Осылайша, департаменттің осы саланы реттеуде толық еркіндігі жоқ, бірақ оған қоса, департамент жәрдемақы алу құқығының пайда болуының әлдеқайда жеңіл жағдайларын және ұлттық заңнамада белгіленгеннен гөрі әлдеқайда жоғары жәрдемақының сомасын өз бетімен белгілей алады, яғни департамент дербестігінің шегі - осы жәрдемақының міндетті екендігімен және оның мөлшері мемлекетпен қатаң белгіленетіндігімен шектеледі, ал департамент осы жәрдемақыларды беру шарттарын тек жақсарту жағына қарай өзгерте алады [5, 89 - 90 б. б. ] . Денсаулық сақтау саласындағы департамент ана мен баланың қорғалуына, әлеуметтік апатпен күресу орталықтарына, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік және дәрігерлік-әлеуметтік бағыттағы мекемелер мен қызметтерге жауапты. Санитарлық саладағы департамент отбасы мен балалықтың қорғалуын жүзеге асырады, жұқпалы аурулардың таралуымен күресті, вакцинацияға жауаптылықты қоса алғанда, әлеуметтік апаттарға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүргізеді. Мемлекет алкоголизммен күрес бойынша орталықтарды басқаруды өз қолында сақтаған [6, 121 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz