АҚШ-тың, Францияның ХҮІІІ ғ. маңызды буржуазиялық актілері



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Францияның феодалдық мемлекеті
2. Америка Құрама Штаты
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттік құрылыс. Франция бірнеше ғасыр бойын мемлекет деп саналғанымен, онда тұтастық, бір орталыққа бағыну болған жоқ. Франция корольдерінің билігі Париж бен Орлеан аудандарымен ғана шектелді, бұл жерлер корольдің өзінің сеньориялары болатын. Король байлығының аздығы оның басқа феодалдарды вассал ретінде толық бағындыруына мүмкіндік бермеді, сондықтан ол тең адамдардың арасындағы бірінші болумен қанағаттанды. Таққа корольді феодалдардың ақсүйектері сайлайтын.
997 жылы Францияның королі болып Гуго Капет сайланды да, Каролинг əулетінің билігі аяқталды. Капетингтерді ХП-ғасырға дейін король тағына феодалдар сайлады, ал ХП-ғасырдан бастап тақ мұрагерлікпен көшіп отыратын болды. Франция мемлекетінің бірінші кезеңі сеньориаддық монархия деп есептелінді. Мұндай мемлекеттік құрылыс натуралдық шаруашылықтың салдары. Мемлекет бір орталыққа бағынбай, бытыраңқылыққа ұшырады да, король билігі əлсіреп, феодалдар байыған үстіне байыды.
Сыртқы саясатта мемлекеттің күшеюіне алып келген факторлардың бірі - Ұлыбританияның мықтылығы. XIII ғасырда Франция королінің Бретань мен Нормандияны Францияға қосып алуы Британияны əлсіретті. ІХ-ХІІ ғасырлардағы Францияның мемлекеттік құрылысы сеньориалдық монархияға жататын. Бұл ерте-феодалдық монархияның түрі. Корольдің билігі өзінің иелігіндегі жерлерге ғана жүретін. Басқа жерлерде билік ірі феодалдардың қолында еді. Сюзеренитет-вассалитет принциптеріне құрылған осындай мемлекеттің құрылысы сеньориалдық монархия деп аталды. Сеньориалдық монархияның құрылуы орталық мемлекеттік биліктің əлсірегенін, мемлекеттің тұтастығының бұзылғанын, оның сыртқы саяси жағдайының əлсірегенін көрсетеді. Экономикалық жəне саяси ыдырау процестері жүріп жатқанда, феодалдар мемлекеттің функцияларын патшадан жақсы атқаратын. Сеньориалдық монархия Францияны тек қана регреске алып келді деп ойлауға болмайды. Бұл монархия Францияның сол уақыттағы экономикалық жағдайымен байланысты еді. Феодалдық бытыраңқылықтан феодализмнің даму процесі тоқтаған жок.
1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы. Оқулық. Алматы, 2005.

2. Шапахқызы У.Ш. Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы. Оқу құралы. Астана, 2005.

3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2004.

4. Əмірбеков Ш. Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: АҚШ-тың, Францияның ХҮІІІ ғ. маңызды буржуазиялық актілері

Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Францияның феодалдық мемлекеті
2. Америка Құрама Штаты
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттік құрылыс. Франция бірнеше ғасыр бойын мемлекет деп
саналғанымен, онда тұтастық, бір орталыққа бағыну болған жоқ. Франция
корольдерінің билігі Париж бен Орлеан аудандарымен ғана шектелді, бұл
жерлер корольдің өзінің сеньориялары болатын. Король байлығының аздығы оның
басқа феодалдарды вассал ретінде толық бағындыруына мүмкіндік бермеді,
сондықтан ол тең адамдардың арасындағы бірінші болумен қанағаттанды. Таққа
корольді феодалдардың ақсүйектері сайлайтын.
997 жылы Францияның королі болып Гуго Капет сайланды да, Каролинг
əулетінің билігі аяқталды. Капетингтерді ХП-ғасырға дейін король тағына
феодалдар сайлады, ал ХП-ғасырдан бастап тақ мұрагерлікпен көшіп отыратын
болды. Франция мемлекетінің бірінші кезеңі сеньориаддық монархия деп
есептелінді. Мұндай мемлекеттік құрылыс натуралдық шаруашылықтың салдары.
Мемлекет бір орталыққа бағынбай, бытыраңқылыққа ұшырады да, король билігі
əлсіреп, феодалдар байыған үстіне байыды.
Сыртқы саясатта мемлекеттің күшеюіне алып келген факторлардың бірі -
Ұлыбританияның мықтылығы. XIII ғасырда Франция королінің Бретань мен
Нормандияны Францияға қосып алуы Британияны əлсіретті. ІХ-ХІІ ғасырлардағы
Францияның мемлекеттік құрылысы сеньориалдық монархияға жататын. Бұл ерте-
феодалдық монархияның түрі. Корольдің билігі өзінің иелігіндегі жерлерге
ғана жүретін. Басқа жерлерде билік ірі феодалдардың қолында еді.
Сюзеренитет-вассалитет принциптеріне құрылған осындай мемлекеттің құрылысы
сеньориалдық монархия деп аталды. Сеньориалдық монархияның құрылуы орталық
мемлекеттік биліктің əлсірегенін, мемлекеттің тұтастығының бұзылғанын, оның
сыртқы саяси жағдайының əлсірегенін көрсетеді. Экономикалық жəне саяси
ыдырау процестері жүріп жатқанда, феодалдар мемлекеттің функцияларын
патшадан жақсы атқаратын. Сеньориалдық монархия Францияны тек қана регреске
алып келді деп ойлауға болмайды. Бұл монархия Францияның сол уақыттағы
экономикалық жағдайымен байланысты еді. Феодалдық бытыраңқылықтан
феодализмнің даму процесі тоқтаған жок.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда феодалдық қоғамның ішінде жаңа қарым-қаты-настар
туғаннан кейін саяси ұсақтаудың орнына басқа процестер келді. Ол король
билігінің күшейе бастауы еді. Бұл процесс қалалардың жəне тауар-ақша
процестерінің дамуымен байланысты болды.
Король. Корольді феодалдық курия сайлайтын, феодалдардың бəрі сол
салтанатты жиналысқа қатынасатын.
XII ғасырдан бастап корольдің тағы мұрагерлік жолмен берілетін болды.
Корольдің билігі өте аз жəне дəрменсіз болатын. Ол Францияның əскерін
басқарды, заң шығарды жəне сот қызметін атқарды. Бірақ бірінші Капетингтер
мемлекетті басқарған кезінде капитулярий деген заңдарды шығаруын тоқтатты,
корольдің басқа да құқықтары тек қана қағаздағы құқықтар еді. Оның
міндеттері мынандай жоғары сөздермен белгіленді: "корольдік пен шіркеудің
қорғаушысы", "бейбітшіліктің сүйеушісі", ал корольдің билігі тек өз жерінде
ғана жүзеге асырылатын еді. Шын мəніндегі күш корольде болған жоқ. Бұл
кезендегі корольдердің көпшілігі əлсіз жəне талантсыз адамдар болғанымен,
мемлекеттің бірігу процесі басталды. Король билігінің күшеюі қала
тұрғындарының қолдауына тікелей байланысты болғаны мəлім. Қалаларды
сеньорлар мен бюргерлер мазалай бергеннен кейін, олар қауіпсіздікке
мүмкіншілік туғызу үшін корольден көмек күтетін болды. Қалалар корольге
ақша беретін, анда-санда əскер жинауға көмектесетін. Өнеркəсіп пен сауданың
дамуы бөлек-бөлек аудандардың бірігуіне алып келді.
Корольді уақ рыцарлар де жақтады. Корольдің күштілігі олардың
тəуелсіздігіне кепілдік беретін, сөйтіп ірі сеньорлардан қорғайтын.
Шаруалардың да таптық күресі феодалдарды біріктірді.
Феодалдық үсақтау кезінде орталық басқару органдары бір жалпы жүйеге
түсіп, саралауға келген жоқ. Ірі феодалдар корольге бағынбады деп айтуға
болады. Олардың өздерінің жеке əкімшілігі, соты, ақшалары болатын.
Каролингтерден қалған патшаның сарайы мемлекеттің орталық органдарына
айналды, оған ақсүйектер мен қызметшілер кіретін.
Патша өкімдерінің арасында ең белсенді рөл атқаратын адам-сенешал еді.
Ол патшаның сарайын, əскерін басқарып, мемлекеттің маңызды құжаттарына қол
қоятын. Сенешалдың қызмет орнына тек қана бай, ақсүйек отбасылардың ұрпағы
тағайындалатын. Сенешалдың көмекшісі референдарий деп аталатын. Корольдің
қазынашысы корольдің архиві мен қазынасына ие болатын. Белгілі бір кезеңнен
кейін бұл жұмысты архикапеллан атқарды. Канцлер корольдің заңдарын реттеп,
корольге қол қойғызып, мөр бастыруға міндетті адам. Корольдің атты
əскерлерін маршал басқарды.
Корольдің куриясы. Бұл мемлекеттік орган барондар мен епископтердің
жиналыстары. Оның қолында сот жəне басқару қызметтері шоғырланған. Ол
феодалдардың арасындағы талас-тартыстарды, соғыс жəне бейбітшілік, саясат
мəселелерін қарайтын. Корольдің некеге түруына рұқсат беретін, Рим
папасымен қарым-қатынас мəселелерін талдап, корольдің зандарына келісім
беретін. XIII ғасырда курияның мəжілісіне легистерді шақыратын болды. Ірі
атақты магнаттар курияның мəжілістеріне қатысқысы келмейтін.
Жергілікті басқару. Бұл органдар тек қана корольге қатысты аймақтарда
құрылатын. Ірі сеньорларға өздерінің жергілікті басқару органдары құрылды.
Корольдің қызметкерлері əкімшілік, сот, əскери жəне қаржы салаларын
басқаратын. XI ғасырда король өздерінің "домен" деген жерлерінде прево
қызметкерін тағайындайтын болды. Оған көмек беретін адамдар сержант
(ауылда), майор (қалада) деп атала бастады. Прево қазынаға салық жинап,
феодалдық əскерді құрып, əкімшілік жəне сот қызметтерін атқаратын еді. XII
ғасырда округтер бальяждарға бірікті. Прево ірі əкімшілік бөлімі бальяжға
қарайтын болды. Корольге тікелей бағынатын жерлер көбейген сайын,
бальяждардың де саны көбейді. Бальяждың басында корольдің өзі тағайындаған
балья деген қызметкер тұрды. Оған бірнеше прево бағынатын. Балья корольдің
бұйрықтарын іске асыратын, бальяждың феодалдық əскерлерін құратын жəне
басқаратын. Король бальяны тағайындамай, оның қызметтерін сенешалға берген
жағдайлар да кездесетін. Сенешал мен бальялар XIII ғасырда корольдің атынан
сот қызметтерін жүргізді, олар ең ауыр қылмыстарды жəне феодалдардың
арасындағы таластарды қарайтын.
Прево, бальялар жөне сенешалдар корольдің қаржы күшін нығайту үшін
белсенді рөл атқаратын еді. Олар салық жəне айыппұл жинайтын жəне сол
ақшаның уақытында қазынаға түсуін бақылап отыратын.
Дипломаттарды, сот қызметкерлерін, ақыл кеңесшілерді король уақ
рыцарлардан жəне атақсыз адамдардан тағайындайтын болды. Олар корольді
жақтап, ірі феодалдарға қарсы шығатын. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың, Францияның XVIII ғ. маңызды буржуазиялық актілері
Ұлы Морав мемлекеті
Ірі буржуазия өкімет басында
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Пәндер