Агробизнес мәселесі



1. Агробизнес мәні, даму тенденциялары
2. Агробизнесті несиелеу мәселелері
3. Қазіргі аграрлық.экономикалық саясат
4. Дамыған елдердегі агробизнес мәселелері
5. Агробизнесті дамытуға арналған шаралар
6. Ренталық қатынастар теориясы
Агробизнес ұғымы отандық аграрлық секторда жаңа ұғым болып табылады. Батыс елдерде агробизнес—ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс құралдарын дайындау, шаруашылықтың өзін және алынған өнімді өңдеу салаларын біріктіреді.
«Агробизнес» термині 1960ж. американ экономисті Р.Голдбергпен енгізілді.
Ауыл шаруашылығына ресурстарды жеткізуші және өнімді өткізу, өңдеу және бөлуді қатамасыз етуші салалар жиынтығы—агробизнесті құрайды. Агробизнестің тиімді қызмет етуінен агроөнеркәсіптік кешеннің интеграциялық тұтастылығы мен бірлігі тәуелді. Батыс елдерде агробизнес динамизмі—бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді қызметінің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта отандық агробизнес сферасында оны ұйымдастырудың жаңа формалары пайда болуда.
Меншік түріне байланысты агробизнес кәсіпорындарының мынадай топтарға бөлінеді:
1. Мемлекеттік кәсіпорындар.
2. Жекеше кәсіпорындар
3. Аралас меншікті кәсіпорындар.
— Мемлекеттік кәсіпорындар—бұл асыл тұқымды мал өсірумен және аса сапалы тұқым өндірумен айналысатын мемлекеттік шаруашылықтар. Бұл шаруашылық түрінде жер, өндіріс құралдары және өндірілген өнім мемлекет меншігінде.
Қазақстан агробизнесінде жекеше кәсіпорындардың мынадай ұйымдастырушылық-құқықтық формалары дамыған:
— Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бұл кәсіпорын жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестік қатысуы негізінде құрылады. Серіктестік мүшелерінің үлесі (пайы)—кәсіпорын капиталындағы әрбір жұмыскердің мүліктік және жер үлесін білдіреді және әр жұмыскер пай негізінде табыс алып, кәсіпорынның жауапкершілігі үшін тек өз салымы шеңберінде ғана жауап береді.
1. Государственная агропроизводственная программа Республики Казахстан на 2003-2005 гг. Астана, 2002
2. Личко Х.П. Прогнозирование и планирование АПК. М., Гардарики, 1999.
3. Калиев Г.А., Сатыбалдин А.А., ТурсуновС Казахстан: рынок в АПК. Алматы, Кайнар, 1994.
4. Оспанов М.Т. Теория и практика агробизнеса. Алматы, 1997.
5. Құбаев Қ., Ихданов Ж. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері.Алматы, 1997
6. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Изд. “Білім”, 1997
7. Фатхудинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия и управление. М., Инфра –М., 2000.
8. Указ Президента РК от 27.12.1993 г. №1483 “ О неотложных мерах по формированию валютных резервов государства и упорядочению валютных расходов”
9. Есполов Т.И., Куватов Р.Ю., Керимова У.К. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками. (Научно-исследовательский и консалтинговый институт агробизнеса при КазНау). А., 2004

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Агробизнес мәні, даму тенденциялары
2. Агробизнесті несиелеу мәселелері
3. Қазіргі аграрлық-экономикалық саясат
4. Дамыған елдердегі агробизнес мәселелері
5. Агробизнесті дамытуға арналған шаралар
6. Ренталық қатынастар теориясы

Агробизнес ұғымы отандық аграрлық секторда жаңа ұғым болып табылады. Батыс
елдерде агробизнес—ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс құралдарын
дайындау, шаруашылықтың өзін және алынған өнімді өңдеу салаларын
біріктіреді.
Агробизнес термині 1960ж. американ экономисті Р.Голдбергпен енгізілді.

Ауыл шаруашылығына ресурстарды жеткізуші және өнімді өткізу, өңдеу және
бөлуді қатамасыз етуші салалар жиынтығы—агробизнесті құрайды. Агробизнестің
тиімді қызмет етуінен агроөнеркәсіптік кешеннің интеграциялық тұтастылығы
мен бірлігі тәуелді. Батыс елдерде агробизнес динамизмі—бүкіл
агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді қызметінің негізгі факторына айналды.
Қазіргі уақытта отандық агробизнес сферасында оны ұйымдастырудың жаңа
формалары пайда болуда.
Меншік түріне байланысты агробизнес кәсіпорындарының мынадай
топтарға бөлінеді:
1. Мемлекеттік кәсіпорындар.
2. Жекеше кәсіпорындар
3. Аралас меншікті кәсіпорындар.
— Мемлекеттік кәсіпорындар—бұл асыл тұқымды мал өсірумен және аса
сапалы тұқым өндірумен айналысатын мемлекеттік шаруашылықтар. Бұл
шаруашылық түрінде жер, өндіріс құралдары және өндірілген өнім
мемлекет меншігінде.
Қазақстан агробизнесінде жекеше кәсіпорындардың мынадай
ұйымдастырушылық-құқықтық формалары дамыған:
— Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бұл кәсіпорын жарғылық
капиталға құрылтайшылардың үлестік қатысуы негізінде құрылады.
Серіктестік мүшелерінің үлесі (пайы)—кәсіпорын капиталындағы әрбір
жұмыскердің мүліктік және жер үлесін білдіреді және әр жұмыскер пай
негізінде табыс алып, кәсіпорынның жауапкершілігі үшін тек өз салымы
шеңберінде ғана жауап береді. . Кәсіпорын барлық меншік иелерінің
жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде жұмыс істейді. Мұ Бұл
кәсіпорынның басты ерекшелігі—қатысушыларға өз үлестерін ашық рынокта
сатуға тыйым салынады.
— Толық серіктестік. Бұл кәсіпорын да өз мүшелерінің үлестік меншігі
негізінде құрылады, алайда оның мүшелері серіктестік іс-әрекетінің
нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Толық
серіктестік заңгерлік тұлға болып табылмайды. Бизнесті ұйымдастырудың
бұл формасымен көбіне брокерлік кеңселер, тексеруші фирмалар, технико-
технологиялық, кеңес беруші қызметтерін көрсететін кәсіпорындар
айналысады. Мұның артықшылығы—капиталды қысқа мерзімде жинақтау
мүмкіншілігі. Кемшілігі—фирманың жойылуы кезінде кірісті бөлудің және
мүлікті бөліске салудың қиындықтары.
— Аралас (коммандитті) серіктестік. Ол да қатысушылардың үлестік
меншігіне негізделген. Серіктестіктің толық және салымшы мүшелері
болады. Толық мүшелер фирма міндеттемелері бойынша толығымен біріккен
түрде жауапкершілік артады, салымшы мүшелер өз салымдары шеңберінде
ғана жауап береді. Мұның артықшылығы--өз капиталын салғысы келетін,
бірақ басқаруға қатыспайтын адамдардың есебінен қосымша қаржы тарту
мүмкіндігі.
— Акционерлік қоғам (корпорация). Корпаративті капитал негізінде
құрылған заңды тұлға. Негізгі капитал—жекешелендірілген мемлекеттік
меншікті сатып алу, акциялар шығару және сату жолымен құрылады.
Акционерлік кәсіпорынды иемдену құқығы, оның қарыздары бойынша
жауапкершілік, кіріс (дивиденд) акциялар санымен анықталады.
Акционерлердің жеке (акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа ие болу
құқығы) және мүліктік құқығы бар. (дивиденд аду, фирма жойылғанда
мүлік құнының бір бөлігін алу) Салымшының өз акциясын сату және
қоғамнан шығуға құқығы бар.
— Өндірістік кооператив. Бірнеше шаруашылықтардың, өнеркәсіптік
кәсіпорындардың материалдық, қаржы, жер және еңбек ресурстарын ерікті
түрде біріктіру—шаруашылықаралық кооперацияны білдіреді. Бұл
кооперация экономикалық тиімді. Мысалы: бір шаруашылықта жоғары өнімді
ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлары болса, екінші шаруашылықта
шоғырландырылған, мамандырылған өндіріс бар, екі жақ бірігіп,
материалды және еңбек ресурстары, яғни жер, еңбек, техника ұтымды
қолданылып, осының негізінде өнімді молайту мен ауыл шаруашылық
өндірісі тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Бұндай
кәсіпорындарға—шаруашылық аралық кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік
бірлестіктер жатады. Олар ауыл шаруашылық шикізатын өндіру, оны өңдеу,
сақтау және ақырғы өнімді тасымалдауда біріңғай бірігеді.
— Шаруа қожалықтары. Ауылдағы жекеше кәсіпорынның кең таралған түрі.
Бұл шаруашылық түрінде қолданылатын өндіріс құралдары—жекешелендіру
кезінде үлес ретінде, фермерлердің өз қаржысына, қарыз ақшаға немесе
шарт бойынша жалға алынады. Фермерлік шаруашылық өндірісті
ұйымдастыру, өткізу, баға белгілеу, табыты бөлуді өз қалауынша жүзеге
асырады.
Халықаралық Сауда Ұйымына кіру отандық ауыл шаруашылық өнімінің
бәсекегеқабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған байланысты ауыл
шаруашылық өнімін өндіру мен өңдеуде кластерлерді пайдалану арқылы
аграрлық өндірісті индустриализациялау жүзеге асырылуда. Жеке сектордың
назары, несиелер осы шараға жұмылдырылуда.
Мемлекет агробизнесті тиімді жүргізуге жағдайлар жасауға бағытталған
қаржы көлемін ұлғайтты.
Ауылды несиелеу—үлкен мәселе. Тәуекелдер өте көп. Біріншіден маусымдық
жағдайлар мен табиғи-климаттық факторлар тәуелділігі, екіншіден несие
қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселесі, үшіншіден ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының қазіргі қаржылық жағдайы. Олардың көбі табыстылығы төмен
және мүлде шығынды кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің
банкке беретін кепілзаты жоқ. Оларда бары—жер, ескі техника мен келесі
жылдық өнім.
Ауыл шаруашылығында осындай қиындықтардың болуына байланысты агробизнесті
несиелендіру мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді:
-халықаралық банктер арқылы ауыл шаруашылығына жеңіл шарттарда несие беру
-дамыған елдердің ауыл шаруашылығын несиелеу теориясы мен тәжірибесін
пайдаланып, ауыл шаруашылық өндірушілерге қатысты несие саясатын жетілдіру
-пайыз қойылымдарын төмендету
-лизингтік орталықтар мен ауылдық несие серіктестерінің мүмкіндіктерін
жақсарту
Бүгінде ауылды аймақтарда—ауылдық несие серіктестіктері дамуда. Олар
елдің 27 ауданында орналасты. Бұндай серіктестіктерді құруды және басқаруды
мемлекет атынан Аграрлық несие корпорациясы АҚ жүзеге асырады.
Ауылдық несие серіктестіктерінің мүшелері өздері тауарөндіруші болып,
кімге қанша несие беретінін өздері шешеді.. Бұнда бір адамға кем дегенде
екі адам поручается.
Ауылдық несие серіктестіктерінің құрылған жүйесі арқылы ауылдық тауар
өндірушілерге 3 жылда 13,3 млрд.тг несие берілді, оның 9млрд мемлекеттен.
Дәнді-дақыл қолхаттары (зерновая расписка) механизмін пайдалану есебінен
коммерциялық банктерден 33,7млрд.тг несие алды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тәуекелдерін төмендету мақсатында
сақтандыру ісі де қолға алынуда.
Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру Заңына сәйкес сақтандыру
жағдайы туған кезде мемлекеттік бюджеттен бөлінген 1млрд.тг қаржы есебінен
ауыл шаруашылық тауарөндірушінің шығынының 50% төленеді. Қалған 50%
сақтандыру компаниясына. Бұл шығындарды сақтандырудың тиімді жүйесін
құрайды.
Мемлекеттік саясаттың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы алдағы
кезеңдегі негізгі мақсаты—оның салаларының табыстылығын және өнімділігін
арттыру негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету
және отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшалықтарын дамыту болып
табылады.
Ауылға қатысты мемлекеттік саясаттың шараларын жүйелендіру мен оны одан
әрі дамуы үшін АӨК мен ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу
туралы Заң қабылданды. Ал алдыңғы жылы ел Үкіметі АӨК-ді 2010ж дейін
тұрақты дамыту Концепциясын қабылдады. Құжат 4 негізгі бағыттан тұрады:
1. АӨК-ді индустриализациялау. Индустриализация—АӨК салаларын
техникалық және технологиялық модернизациялау, егілетін өнім
құрылымында жоғары табысты өнім үлесін көтеру, агротехнологияларды
сақтау, ғылыми қамтамасыз етуді күшейту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы агробизнес
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Кооперативтің мүшелерінің міндеттері
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Агробизнес және аграрлық қатынастар
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Пәндер