Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық формалары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультет

Экономикалық теория кафедрасы

ДИПЛОМ жұмысы

БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ

Орындаған 4 курс

студенті Тастыбаева Б. Қ.

Ғылыми жетекші

э. ғ. д., профессор Жатқанбаев Е. Б.

( қолы, күні )

Норма бақылаушы

оқытушы Садуллаева А. П.

( қолы, күні )

Кафедра меңгерушісімен

қорғауға жіберілді,

э. ғ. д., профессор Әубәкірова Ж. Я.

( қолы, күні )

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері
3:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Жеке кәсіпкерлер бизнес субъектісі ретінде және құқықтық мәртебесі
3:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары
3:
: 2
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗАҢДАРҒА ТАЛДАУ
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайына талдау
3:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Кәсіпкерлік туралы нормативтік құқықтық жүйеге талдау
3:
: 2. 3
КІРІСПЕ: Заңды тұлғаны тарату, банкрот болуы және қайта құрылуы құқықтық талдау
3:
: 3
КІРІСПЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
3:
: 3. 1.
КІРІСПЕ: Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
3:
: 3. 2
КІРІСПЕ: Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалау
3:
: 3. 3
КІРІСПЕ: Құқық және экономика пәндерінің бизнес мәселелерін мектепте оқыту әдістері
3:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3:

Кіріспе

Қазіргі кезде әлемдік және отандық экономикада терең әлеуметтік -- экономикалық өзгерістер орын алуда. Кәсіпкерлік теориясы мен қазіргі тәжірбиесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасау, қолдану, міндетті түрде Қазақстан экономикасын одан әрі дамытып жетілдіретіні сөзсіз.

Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық формасының зерттеу проблемаларының маңыздылығы мен өзектілігі - бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы бизнесті ұйымдастырудағы алда кезестірілетін проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады. Теориялық негіздеріне кәсіпкерліктің алғашқы атауынан бастап, қазіргі кездегі ғылыми сараптамалардан өткізіп басты қызметтерімен, ерекшеліктеріне сипаттамалар жасалды. Кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қарастырылды. ХVІІІ ғасырдан бастап көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, негізгі концепцияларына көңіл бөлінді. Атап айтасақ, Р. Кантильон, Н. Баум, Ж. Б. Сэй, А. Смит, Дж. Кларк, А. Маршал, және И. Шумпетердің жетістіктеріне тоқталдық. Бизнесті ұйымдастырудың қазіргі кезде басты өзекті мәселелердің бірі, себебі кез-келген ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі өндіруші күш деп атауға болады. Кәсіпкерлік концепциясының теориясын бірінші болып Ричард Кантильон 1725-1730жылдары өз еңбектерінде сипаттады. Соңғы 250 жыл арасында кәсіпкерлік теориясы түрлі ғалымдар мен экономистер еңбегінде бейнеленіп, ақырында олар кәсіпкерлікті -- адамның тәуелділікпен инновацияға сай бейімділігі емес, бұл одан да көп мағынаға ие жаңа бір кәсіпорынды құру деп ақырғы бір тұжырымға тоқталды.

Қазіргі уақытта шағын, орта және ірі бизнес даму үстінде, жылдан-жылға кәсіпкерлер қызметінің саны артып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы теориялық консепциялар отандық ғалымдардың еңбектерінде жиі кездеседі, атап айтсақ академик Шеденов Ө. Қ., профессор Искалиев М. Е., профессор Жатқанбаев Е. Б., профессор Елемесов және тағы басқалар. Кәсіпкерлік қызмет көрсетуде мемлекетімізде өте қолайлы жағдайлар және жеңілдіктер жасалған, тек әрине әлі де болса әкімшілдік-әміршілдік жүйенің осы саланың қарқынды дамуына кедергілердің бар екені белгілі. Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық қатынасқа бейімделіп, өз беделін көтере бастады. Қазір тек Қазақстан аумағы ғана емес, ТМД елдерінің аумақтарында қаржыларын салып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыра бастады. Ал, сонымен бірге ҚР аумағында шетел капиталы қатысқан кәсіпорындарының қызметі Еуропа, Азия, Америка елдерінің капиталымен де жүзеге асырылып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты бизнесті ұйымдастырудың құқықтық негізін қарастыру.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның құқықтық мәртебесінің мәнін ашу;
  2. Кәсіпкерлікке байланысты заң актілеріне талдау жасау;
  3. Кәсіпкерліктегі мемлекеттік басқару мен қадағалаудың маңыздылығын көрсету;
  4. Құқық пен экономика пәндерінің бизнесті оқыту әдістеріне талдау жасау.

Жұмыстың методологиялық негізін келесі жалпығылымдық әдістер құрайды: құрылымдық-қызметтік талдау, диалектикалық және салыстырмалы талдау әдісі, талдау және синтездеу әдістері.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім мен қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1 Кәсіпкерлік ілімінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».

Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын.

Кәсіпкерліктің мәнін түсіну үшін, ең алдымен бұл сөздің этимологиясын және даму эволюциясын зерттеуден бас тарту керек. Кәсіпкерлік түрлі елдерде және түрлі халықтарды соңғы 800 жыл бойы әр түрлі түсінікті иемленеді. Француз сөзі «Enterprendre» ХІІ және ХV ғасырларда «бар нәрсені жасау» дегенді білдірсе, Англияда ХV ғасырдан бастап кәсіпкерлікке жақын келесі көрсетілгендей түсініктер қоланылды: «merchant» - саудагер, «adventure» - тәуекелге барушы адам, «undertaker» - міндеттерді өзіне алушы тұлға[1, 136б] .

Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан басталады. Осы кезеңнен бастап саудагерлер, қолөнершілер, көпестер, миссионерлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсете білді. Капитализмнің пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс шексіз пайданы алуға ынта тудырды. Кәсіпкерліктің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып, мамандандырылған сипатқа ие болды. Көп жағдайларда кәсіпкерлер өндіріс құралдарының иесі бола отырып, өз фабрикаларында, зауыттарында өздері қызмет жасады.

ХІV ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болып, акционерлік қоғамдар пайда құрыла бастады. Бірінші акционерлік компаниялар халықаралық сауда саласында қалыптасты. Ең бірінші 1554 жылы Ресеймен сауда қатынастарын жүргізу үшін ағылшын сауда компаниясы қалыптасты. Кейінірек, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының құрылуына алып келді. Осыдан кейін шарушылықтың акционерлік формасы экономиканың басқа салаларына ене бастады.

ХVІІ ғасырдың аяғында бірінші акционерлік банктер қалыптасты. Осылай 1694 жылы акционерлік бастамалар негізінде Ағылшын банкі, 1695 жылы Шотландия банкі құрылды. ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында банктік істің акционерлік формасын жүргізу көптеген мемлекеттерде кеңінен дами бастады. Бұндай жағдайларда ұсақ фирмаларға өмір сүру қиынға соғып, орта және ірі фирмалар пайда болды. Соның негізінде максималды пайда табу мотиві күшейді. Осы кезеңде жаңа мамандықтар - жетекші менеджер және ірі өндіріс ұйымдастырушы мамандықтары қалыптасты. Алғашқы кезде бір жаққа жинақталған кәсіпкерлік функциялар мамандандырылған бағытқа бөлінеді. Экономистер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар, мамандықтары пайда бола бастады. Олардың бәрінен болып, олар көптеген қызмететрден босатылып, өндірісті басқаруға және ұйымдастыруға тоқталған.

Кәсіпкерлік концепциясының теориясын бірінші болып Ричард Кантильон 1725-1730 жылдары өз еңбектерінде сипаттады. Соңғы 250 жыл арасында кәсіпкерлік теориясы түрлі ғалымдар мен экономистер еңбегінде бейнеленіп, ақырында олар кәсіпкерлікті -- адамның тәуелділікпен инновацияға сай бейімділігі емес, бұл одан да көп мағынаға ие жаңа бір кәсіпорынды құру деп ақырғы бір тұжырымға тоқталды[2, 64б] .

Кейінірек, ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХІХ ғасырдың басында танымал француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832жж) өзінің «Саяси экономиканың трактаты» (1803ж) атты еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің анықтамасын үш классикалық өндіріс факторларымен - жердің, капиталдың, еңбектің бірігуімен байланыстырды. Сонымен қатар, ол «ағылшын кәсіпкерлерінің дарындылығы» - Англия өнеркәсібінің дамуының бірден-бір факторы деп атайды. Сэйдің пікір бойынша кәсіпкер немесе өндіріс шеберлері келесідей қасиеттерді және сапаны иемденуі тиіс:

  • олар төлем қабілетті, тұрақты, парасатты, мұқиятты болуы тиіс;
  • олар капиталды қарыз түрінде тартып, уақытында несиені қайтаруы тиіс;
  • олар бизнесте әділетті, бизнес ақпаратынан хабардар, өжеттілік сияқты моральдік қасиеттерді өзіне біріктіруі тиіс;
  • олар қандай да тауар ерекшелігін, маңыздылығын және болжанатын сұраныс пен өндіріс әдістерін нақты бағалуы тиіс;
  • бір уақытта олар жұмыс күшін, керек құрал-жабдықтарды, тауарларды сатып алатын тұтынушыларды тауып, оларды бір жүйеге біріктіріп, сонымен қатар экономикалық көрсеткіштерді бақылау мен қойылған мақсаттарға жетуге тырысу керек . Басқаша сөзбен айтқанда олар басқару мен әкімшіліктендіру өнерін иемдену керек;
  • олар өнімді рынокта сатудың бұрын оның бағасы мен құнын дұрыс есептеуді білу керек.

Сэйдің негізгі тезисі өнімді шығарудағы кәсіпкерлердің басымды рөлін мойындауда. Сэйдің ойынша, кәсіпкердің табысы мен еңбегі үшін марапат, өндірісті ұйымдастыра білу және тауар өткізу, «тәртіптің рухын» қамтамасыз ету болып табылады.

Оның айтуынша, кәсіпкер - бұл өзіне және белгілі бір тауар өндіруде тәуекелділікті қолына алатын адам.

Өкінішке орай, экономикалық ғылымның негізін қалаушылар - классиктер - кәсіпкердің тұлғасына онша көңіл бөлмегенін айта кеткен жөн. Кәсіпкерлік қызмет олардың ғылыми анализінің пәні болған жоқ. Ағылшынның экономист - ғалымдары Адам Смит (1723-1790жж) және Давид Рикардо (1772-1823жж) экономиканы өзін-өзі реттейтін механизм ретінде көрді. Бұндай механизмде шығармашылық кәсіпкерлікке орын табылмады. Бірақ, А. Смит өзінің «Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу» атты негізгі еңбегінде кәсіпкердің сипатына көңіл бөлген. А. Смиттің ойынша, кәсіпкер капиталдың иесі бола тұрып, белгілі-бір коммерциялық ойды жүзеге асыру үшін және пайда табу мақсатында тәуекелділікке барады, өйткені қандай да бір қызметке капиталды салудың өзі белгілі бір тәуекел элементінен тұрады. Кәсіпкерлік пайда, А. Смиттің ойынша, бұл тәуекелге барғаны үшін компенсация болып табылады. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті өзі ұйымдастырады, еңбекті бөлумен байланысты пайданы жүзеге асырады, сонымен қатар өндірістік қызметтің нәтижесінде билік етеді[3, 105б] .

Давид Рикардо капитализмде - абсолюттік табиғи, жойылмайтын өндіріс әдісін көрді, ал кәсіпкерлік қызметті тиімді шаруашылықтың міндетті элементі ретінде қарастырады.

К. Маркстің экономикалық теориясының негізінде кәсіпкер капиталист-эксплуататор ретінде көрсетілген.

Американдық экономист Дж. Б. Кларк (1847-1938ж. ж. ) Сэйдің «үш біріккен формуласын» біршама өзгертті. Оның ойынша, өндірістік процесте әрдайым 4 фактор қатысып отырады:

  1. капитал;
  2. капиталдың игіліктік пен өндірістік құралдары және жер;
  3. кәсіпкердің қызметі;
  4. жұмысшының еңбегі.

Осылай бола тұра әр факторға өндіріс табысының арнайы бөлігі керек:

Капитал - капиталистке пайыз әкеледі, капиталдық игілік - рентаны, капиталистің кәсіпкерлік қызметі - пайда әкеледі, ал жұмысшы еңбегі - оған жалақыны қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда:

Еркін бәсеке еңбекке - еңбекпен жасалатынды, капиталистке - капиталистпен жасалатындаы беруге ұмтылады деп жазған. Осы кезеңде кәсіпкерлер қызметін американдық экономист Дж. Б. Кларк осылай түсінген.

Кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясына өз еңбегін сіңірген Карл Менеджер (1871ж) болды. Ол субъективті австриялық экономикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол кәсіпкер қызметінлегі нақты тәуекелділікті кәсіпкердің өзі қабылдауы өте үлкен мәнге ие емес. «Тәуекелділік - бұл сирек кездесетін құбылыстар болып табылады», -деп тұжырымдайды. Менеджер өндіретін өнім түрін таңдаумен, керек ресурстарды табуға кәсіпкердің шешім қабылдау процесін 4 кезеңмен бөліп көрсетті:

а) экономикалық жағдайлар туралы мәліметтер жинау;

б) экономикалық есеп (түрлі варианттар ішінен тиімді өндіріс әдісін таңдау) ;

б) кәсіпорынның мақсатына сай келетін тауар өндіру;

в) негізгі экономикалық нәтижелерге жету үшін өндірістік жоспардың орындалуын қадағалау.

Француз экономисті А. Маршалл (1907-1968жж) Бірінші болып жоғарыда айтылған үш классикалық саяси экономияның өндіріс факторларына «жер, капитал, еңбек) төртінші фактор - ұйымдастыруды қосты. Ол бірінші болып менеджер мен кәсіпкер арасындағы айырмашылықты дәлелдеді. Осы кезден бастап кәсіпкерлік түсінігі, сонымен қатар оның функциялары кеңейе түсті. Менеджер - кәсіпорындағы ең басты функцияны атқарса, кәсіпкер бизнестің сәтті болуына байланысты барлық жауапкершілік пен тәуекелділікті өз мойнына алушы тұлға болып табылады. Сондықтан ол менеджерге және кәсіпкер тән қасиеттерді иемденуі керек.

Сонымен қатар А. Маршалл мінсіз кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп болуын ескеріп. Тек кәсіпкерлердің кейбіреулері ғана бұл қасиеттерді иемдене алады деп тұжырымға келеді.

Негізінде кәсіпкерлер кейбір кезде өте күшті, кейбір кезде керісінше, бірақ кәсіпкерлердің басты міндеті капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде жоспар жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжейлі-тегжейлі көрсету болып табылады. Кәсіпорын өскен сайын, кәсіпкерлік қабілет те арта түсу керек, сонымен қатар ол өзінің қайсарлығын, бірегейлігін, сан қырлылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге дайындығын өн бойына жинақтап, сақтап қалған жағдайда ғана, ол әмбебап та, сәттілікті кәсіпкер болып қала алады[4, 33б] .

Орта ғасырдың менеджмент тарихын зерттеген маман Йозеф Шумпетерді (1910 ж) қазіргі кәсіпкерліктің атасы деп те атайды. Шумпетер өз оқуларында қызмет етіп жатқан бизнесті тек қана басқара алатын менеджер ретіндегі кәсіпкер бейнесіне ауытқып кеткен. Кәсіпкердің мәні өндіргіш күштерді жаңадан (қайта) ұйымдастырып, құрамдастырады. Ал осы өндірігіш күштердің қозғалысы, өз кезегінде, жалпы экономикалық қозғалысқа немесе кәсіпкерлік циклдарының жылдамдауына әкеліп соғады. Шумпетер кәсіпкерлік іс-әрекетте қолданатын келесі бағыттарды. (немесе олардың жиынтығын) анықтайды:

  • жаңа тауар мен қызмет көрсетулер;
  • кәсіпкерлердің жаңа әдістері;
  • өткізудің жаңа рыноктары;
  • жабдықтаудың жаңа көздері;
  • ұйымдастырудың жаңа формалары (нысандары) .

И. Шумпетер кәсіпкерлерді жай алып сатарлар мен инвесторлардан ерекшеленетін - әлеуметтік-экономикалық жаңашылы деп атайды. Олар (кәсіпкерлер) әр түрлі бағыттар мен құрамдастарды біріктіріп жаңа бизнесті құрады.

Шумпетер әр түрлі материалдар, өндіріс құрал-жабдықтарының жай жинақтарымен тұжырымдалмайтын кәсіпкерлік еңбегінің ерекшелігін көрсетеді. Ал бұл ерекшелік мынадай:

  • жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді;
  • өндірістің жаңа әдістерін;
  • жаңа өткізу рыноктарын;
  • жабдықтаудың жаңа көздерін;
  • ұйымдастырудың жаңа формаларын табу және енгізу арқылы әр түрлі материалдар мен өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді қолдану.

Соның негізінде олар өзінің еңбегімен пайданы жасап шығарады және бұл пайда қазіргі кезде кәсіпкердің пайдасы деп те аталады.

Франк Найт (1921ж) кәсіпкерлік қызметтің ең басты ерекше белгісі болып, бұның болашағы белгісіз жағдайларда жұмыс істеуі. Ф. Найттың пікірі бойынша кәсіпкер - әрқашан өз позициясын берік ұстап, осы арқылы түрлі жолында кездескен тосқауылдарды батыл түрде жеңіп өтуді мақсат етіп қойған адам. Найт кәсіпкердің қызметін жалпы сипатта бейнелеп ұйымдастыруына және бақылау қызметтеріне орындайтын менеджерден тұратын, меншігінде кәсіпорын мен капиталды иемденетін меншігі болуы тиіс. Ф. Найттың пікірі бойынша кәсіпкерліктің мәні нақты қызметтерді орындауда және кәсіпорынды құруда емес, керісінше болашағы белгісіз жағдайларда жұмыс істеумен сыртқы ортаның өзгеруіне тез арада жауап қайтару болып табылады. Кәсіпкер өз кәсіпорнының пайдасын арттыру мақсатында өзінің капиталымен ақталған тәуекелдікке баруға дайын болу керек[5, 23б] .

Енді осы заманға авторлар позициясынан кәсіпкерлік теориясын қарастырсақ, ең бірінші Давид Маккеланд (1961ж) қарап өткеніміз жөн. Ол кәсіпкерге келесідей сипаттамалар береді:

- ақталған тәуекелге бару шеберлігі;

- жігерлілігі мен жасампаздық белсенділігі;

- өзіндік және дербес жауапкершілігі;

- қабылдаған шешімдерінің салдарын білу;

- келешектегі сыртқы орта өзгерістерін болжап білу;

- ұйымдастырушылық шеберлігі.

Питер Друкер (1964ж) кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндігі түсінігін экономика ғылымына бірінші болып енгізді. Жаңа кәсіпорынға ресурстарды іздеу мен оларды орналастырудан бұрын бизнестің дамуына қолайлы мүмкіндіктерді иелену керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын арттыруды айтады. Керісінше пайданы алу үшін мүмкіндіктерді арттыру туралды сөз болып отыр. Бизнеске қолайлы мүмкіндіктерді іздеу кәсіпкер қызметініің негізі болып табылады, нәтижесінде кәсіпкер нәтижелілігі төмен сферадан жоғары нәтиже беретін сфераларға өз ресурсатырн ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігі бұл - жоғарға нәтижені кәсіпорындарды құру қабілеттілігінің байланыстырады.

Харви Либенстейн (1978ж) кәсіпкерлік белсенділігінің екі түрін қарастырады: қызметтің бірінші түрі - менеджментке сай күнделкті атқаратын қызметтерді орындаумен байланысты болса, екіншісі - инновациялық қызмет түрі.

Бірінші қызмет түрі қалыптасқан және толық зерттелген рыноктық ортада қызмет ететін кәсіпорындарды басқаруды білдіреді.

Инновациялық қызмет жаңа рыноктардың шарттарында жұмыс істеу мен тауарлардың және қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін шығарумен байланысты кәсіпкерлік әр түрлі рыноктық жағдайларда тиімді қызмет ете білуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі субъектісі болып - кәсіпкер саналады. Сонымен қатар тұтынушылар, мемлекет, жалдамалы жұмысшы және бизнестегі серіктестері болып табылады. Кәсіпкерлік қызметте маңызды орынды объект иемденеді. Өйткені объект пен кәсіпкерлік идеясы болып табылады.

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметінің объектісі бұл - тауар, өнім, қызмет және тағы басқалар болып табылады, яғни кімнің де болса қажеттілігін қанағаттандыратын және рынокқа тұтыну, қолдану, сатып алу үшін ұсынылады.

1. 2 Жеке кәсіпкерлер бизнес субъектісі ретінде және құқықтық мәртебесі

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т. -на сәйкес «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары жайында
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында мәліметтер
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз етілуі
Шағын кәсіпорындар - нарық қатынастарының негізі
Фирма теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz