Германияның банк жүйесі


Германияның банк жүйесі.
Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден қалыптасқан жоқ. 1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің негізінде Райхсбанк құрылып, оған райхсканслер, бак президенті және банк басқармасы жетекшілік жасаған. 1924 жылы қабылданған заңға сәйкес, Райхсбанк Үкіметтен бөлініп шықты.
1933 жылы Үкіметке ұлтшыл- социалистердің келуімен Германияда Орталық банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген.
1939 жылы қабылданған “Райхсбанк туралы” арнайы заң банкті райхсканслерге толық бағынышты етті. Райсхбанк және оның еншілес институттарын фашистер ешқандай да материалды қамтамасыз етілмеген басқыншылық маркаларды өздерінің аумақтарында шығару үшін пайдаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында Райхсбанктің қызметі тоқтатылды, ал батыс аумақтарда екі сатылы банктік жүйе енгізілді.
Германияның әр жерлерінде бұрынғы Райхсбанк бөлімшелері негізінде орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан бастап, Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылды.
1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бундесбанк) туралы заң негізінде орталық банктер Бундесбанктің бас басқармалары бола отырып, бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.
Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен де ол заңды тұлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін, ол “соңғы сатыдағы қайта қаржыландыру көзі” немесе басқаша айтқанда “банктердің банкі” болып табылды.
Германиядағы банктік жүйенің басты буынын коммерциялық банктер құрайды. Оларды, ең бастысы, үлкен бір әмбебаптық дәрежелері ажыратып тұрады. Іс жүзінде олар айналыспайтын банктік операциялар жоқтың қасы десе болады. Олардың үлесіне Германияның несиелік институттары жүзеге асыратын операциялардың жалпы көлемінің 3/4 бөлігі тиеді.
Бүгінгі таңда Германияда жоғарғы деңгейде бақылау ұйымдастыру жүйесі қалыптасқан. XIX ғасырдың соңына қарай ірі акционерлік банктер үшін арнайы есепке алу енгізілген. Бақылау бойынша банк заңдылықтарының жетілдірілуіне экономикалық дағдарыстан қатты ықпал етті. 1929- 1933 жж. дүниежүзілік дағдарыстан соң, Германия банктік аяғы қойылатын бақылауды күшейтті. Сол уақыттарда алғашқы мемлекеттік бақылау ұйымдары құрылды. 1961 жылы қабылданған Несие жүйесі туралы жаңа заң несиелік жүйеге қадағалау жасайтын арнайы құрылған Федералдық ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.
Ақша айналымы капиталын үздіксіз қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жеке шаруашылықтарды қаржыландыру, қаражат жинақтаудың кеңейтілегн мүмкіндіктерін жасау банктердің маңызды мәселелерінің біріне айналуда.
Тиімді нарық экономикасын құру орталық банк қызметтерінің шегін белгілей отырып, коммерциялық банктердің қызметін ажырататын екі сатылы банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді.
Экономиканың өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процестерге әкелмейтін ақша массасының мөлшерін белгілеу орталық банктің басты қызметін білдіреді. Коммерциялық банктер секторы меншіктің формаларына қарамай, капиталды орталықтан басқаруға тәуелді болмай, өзінде бар қаражат көлемін тиімді де, ұтымды пайдалануға қадамдарын жасауда. Себебі, капиталды дұрыс пайдаланбау, яғни несиелер беру барысына көңіл аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа әкелері сөзсіз.
Есеп айырысу және басқа да қызметтерге қарағанда несиелік қызметі бойынша банк көбіне тәуекелге барады. Банктердің маңызды міндеттеріне несиелік тәуекелге барады. Банктердің маңызды міндеттеріне несиелік тәуекелді басқарумен қатар, несиелерді берілу мерзімдеріне қарай трансформациялау жатады. Салым иелерінің көпшілігі өздерінің капиталдарын қысқа мерзімге салғанды тиімді санайды. Ал экономикадағы күрделі қаржыны қаржыландыру өз кезегінде ұзақ мерзімді капитал жұмсалымын талап етеді. Сондықтан банктер капиталдың әр түрлі мерзімдерде берілуін ыңғайластырып отыруға тиісті.
Сонымен қатар банктердің келесі бір міндеті- берілетін капитал шамаларының өзара сәйкес келуіне көңіл аудару болып табылады.
Несиені тәуекелдік дәрежесіне, берілу мерзіміне және шамасына қарай трансформациялау банктердің негізгі қызметін білдіреді.
Банктердің келесі бір маңызды экономикалық қызметіне ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Германия банктік жүйесінің өнеркәсібі жағынан дамыған басқа елдердегі банк жүйелерімен салыстырғандағы ерекшелігі оның құрылымында жұмыс істейтін әмбебап несиелік мекемелердің басым болуынан көрінеді.
Германияның банк жүйесінің құрылымы 1- суретте келесі бетте берілген.
Германиядағы 4000- ға жуық жұмыс жасайтын несиелік мекемелер, олардың қызметінің түрлеріне қарай әмбебап және мамандандырылған банктерге немесе оларды құқықтық формаларына байланысты жеке және қоғамдық- құқықтық несиелік мекемелерге бөлінеді.
Жеке коммерциялық банктер секторы 350-ге жуық немесе олардың 7000- нан астам филиалдарын және 200 мыңдай қызметкерлерін қамтиды. Бұл секторға үш ірі банк, 200- дей аймақтық банктер, 80 жеке банкирлер және 60- қа жуық шетел банктерінің филиалдары кіреді.
Жеке коммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі- қысқа мерзімді несиелік келісім істерімен айналысу. Соңғы кездері ұзақ мерзімде несие беру көлемі де артып келеді. Әсіресе, жеке коммерциялық банктер бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау саласында кеңес беру, мүлікті басқару барысында қарқындылық танытуда. Шамамен, тұрақты пайызды бағалы қағаздардың барлығының төрттен үш бөлігі- инвестициялық сертификаттар және акциялар- осы жеке банктердің бағалы қағаздарына арналған депо шотында болып табылады. Сауда- саттық қатынастарындағы төлем есеп айырысуларын орындаудағы және шетелмен капиталдар айналымы төңірегіндегі жеке банктердің қызметі өте маңызды. Олардың қолдарында 3/4 - жоғарғы мөлшерде шетел банк- корреспонденттерінің жұмыс баланстары (Working balance) бар және сондай- ақ шетелмен жасалатын барлық коммерциялық төлем операциялары жеке банктердің шоттары арқылы өтеді. Әрине жеке несиелік мекемелермен, жеке коммерциялық банктер топтары арасында бірқатар айырмашылықтар жоқ емес, оларды кәсіпорын, ұйымдарға, қызметтерінің географиялық облысына және мамандануына байланысты байқауға болады.
1- сурет. Германияның банк жүйесінің құрылымы.
Үш ірі банк: 1) Дойчебанк
2) Дрезднербанк
3) Коммерцбанк
(1871 жылы империя тұсында іргетасы қаланған) немістің белгілі және ірі несиелік мекемелерін құрайды. Осы үш банк те акционерлік қоғамдар формасында құрылған. Әр банктің 2- нан 3 дейін акционерлері бар, олардың бөлігін банктің қызметкерлері алады.
Бұл банктер кең көлемде қызметтер көрсететін әмбебап банктер болып саналады. Әсіресе, сыртқы сауданы қаржыландыруда, эмиссиялық келісім- істерде және клиенттердің бағалы қағаздарын басқару саласында бұл банктердің маңызы жоғары.
Жан- жақты қызмет көрсету барысында, бұл үш банк өздерінің барлық Германияны жаулап алған, саны 4000- нан жоғары филиалдарына арқа сүйейді. Соның негізінде, оларға “көп филиалдары бар банктер” деген атақ берген.
Аталған банктер экономика және халықпен тығыз байланыс жасайды. Жалпы алғанда бұл үш банктің концерндер саласында
20 млн- ға жуық клиенттері бар. Ірі банктердің ауқымды халықаралық қызметтері елдің ішіндегі, шетелмен байланысты операцияларды жүзеге асыратын мықты банк бөлімшелерінен және барлық әлемге тараған еншілес ұйымдарынан, сол сияқты басқа елдердегі филиалдары мен өкілдіктерінен көрінеді. Үш банктен басқа да 200- ге жақын аймақтық банктердің және басқа елдердегі филиалдары мен өкілдіктерінен көрінеді. Үш банктен басқа да 200-ге жақын аймақтық банктердің және басқа да несиелік мекемелердің қызметтері акционерлік қоғамдар, акционерлік коммандиттік серіктестіктер және жауапкершілігі шектеулі қоғамдар формасында жүзеге асырылады.
Бұл топтың біршама ірі банктері өздерінің іскерлік қызметтерін жоғарыда айтылған филиалдары көп банктер сияқты әмбебап түрде атқарады. Мұндай банктер қатарындағы кейбірінің: Байерише Ферайнсбанк және Байерише Хипотекен унд Вексель- Банк АГ- дың халықаралық беделі өте жоғары болғандықтан да, олардың филиалдары елдің ішінде және шетелдерде көп тараған.
Жеке банкирлер де немістің банк ісінің дәстүрлі саласын құрайды. 20- ға жуық жеке банкирлер өздерінің қарамағындағы бірнеше жүз жылдар бойы қалыптасып келген 80- ге жақын банкирлер үйіне ие.
Жеке банкирлер тобына: ашық сауда- саттық қоғамдары және коммандиттік серіктестік формасында құрылған банктер кіреді. Жеке банкирлер өздерінің іскерлік құрылымына қарай бір- бірінен ажыратылады. Ережеге сай олардың филиалдары болмайды.
Сонымен қатар, жеке коммерциялық банктер қатарын шетелдік банктердің филиалдары толықтырады.
Бүгінгі таңда 50- ден астам елдердің 300- ден асатын шетелдік несие мекемелері, 1000- ға жуық филиалдар торабы Германияға қаржы нарығында жұмыс жасайды. Олардың қызметтері көбіне еншілес несиелік мекеме формасында жүзеге асырылады.
Соңғы 50 жыл ішінде 700- ден астам жинақ кассалары мен жироцентралдардан тұратын қоғамдық- құқықтық коммерциялық банктер топтары біршама ұлғая түсті. Барлық коммерциялық банктердің жалпы көлеміндегі олардың үлесі жартысына жуығын құрайды. Олардың ертедегі қызметтері жинақтау және нақты құндылықтарды кепілдікке ала отырып несиелеу болатын. Бүгінгі таңда олар әмбебап қызмет көрсететін коммерциялық банктер сипатына ие болуда. Жироцентралдармен біріге отырып, жинақ кассалары қолма- қол ақшасыз есеп айырысу операцияларын жүргізетін үлкен жиро жүйені құрайды және 19000 филиалдары негізінде банктік торапты қамтамасыз етеді.
12 жироцентралдар сол облыстың жинақ кассаларының орталық ұйымдары ретінде банктік қызмет көрсетуге байланысты операцияларды жүзеге асырады. Жироцентрал банктер өздерінің құрылу тарихына байланысты коммуналдық және феодалдық жер банктері болып табылады. Кей жағдайларда олар ипотекалық банктер қызметін де атқара отырып, жеке ипотекалық банктер сияқты нарыққа капитал шығарады.
Жинақ кассаларымен қатар жироцентралдар да қоғамдық құқықтық мекемелер болып саналады. Жироцентралдардың міндеттемелері үшін федералдық жергілікті үкімет, жинақ кассалары және олардың аймақтық одақтары жауап береді. Бұл үшін жауапты жергілікті министрлер Мемлекеттік бақылау жүргізеді.
3000- дей кооперативтік несиелік серіктестік қалаларда Фольксбанк және ауылдық жерлерде Райфайзенбанк деген атпен кездеседі. Бұл жерде соңғы жылдары бірігу себептеріне байланысты біртіндеп саны азайып бара жатқан ауылдағы шағын кооперативтік несиелік серіктестіктер жайлы да айтады. Осыдан 125 жыл бұрын Германияда “өзіне- өзі көмек беретін”, яғни өзін- өзі басқаруға және жауап беруге негізделген кооперативтік несиелік серіктестіктер құрылып, жұмыс жасаған. Бүгінгі күнгі кооперативтік несиелік мекемелер өз қызметінде мерзімсіз жинақ салымдарын тарта отырып, өздеріне мүше ұйымдарға қысқа және орта мерзімге несие берумен қатар, басқа да әмбебап қызмет түрін көрсетуде.
Ертеректе мұндай серіктестердің мүшелері тек қолөнершілер, өнеркәсіппен шұғылданатындар және фермерлер болса, ал бүгінгі таңда оның 11 миллионнан аса мүшелері халықтың орташа деңгейіндегілерден, яғни шенеуніктерден тұрады. Жекелеген кооперативтік несиелік серіктестердің арасынлағы есеп айырысу операциялары аймақтық орталық банктер арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жылдардағы қосылулар мен бірігулердің салдарынан бұл топ бүгінгі таңда төрт мекемеден тұрады. Кооперативтік банктік топтың жоғарғы ұйымы- ДГ банк - Дойче Геноссеншафтсбанк АГ болып табылады және ол қоғамдық құқықтық корпорация болғандықтан, заңға сәйкес оның басты міндеті- немістің кооперативтік ісін ұйымдастырумен байланысты келеді. Сонымен қатар ол әмбебап коммерциялық банк ретінде акция шығаруға және басқа да операциялардың түрлерін жүзеге асыруға толық құқылы.
Германияда әмбебап коммерциялық банктермен бірге мамандандырылған банктер қатары да жұмыс істейді. Мамандандырылған банктердің негізгі тобын жер бөлімшелеріне несие беру және коммуналдық несие беру бойынша 30- ға жуық ипотекалық банктер мен мамандандырылған банктер құрайды. Олар тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін және тұрғын үй ғимараттарын қайта жаңғырту барысында жер бөлімшелерін пайдалану құқығын кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімге несие береді. Бұл несиелік мекемелердің екінші бір басты қызметі коммуналдық несиелер беру болып табылады. Мұндай несиелер жергілікті үкімет немесе муниципалиттерге, басқа да корпорацияларға және қоғамдық құқықтық мекемелеріне беріледі. Соңғы он жылдағы қоғамдық бюджеттердің ұзақ мерзімді қаржыландыру қаражаттарына деген сұраныстың жоғарлауы салдарынан коммуналдық несиелердің маңызы артуымен қатар, олар тұрғын үй құрылысына берілетін несиелерден біршама жоғарғы дәрежеде болып отыр. Осы топқа кіретін екі несиелік мекеме ипотекалық банктер ретінде кеме жасау саласына орта және ұзақ мерзімді несие берумен айналысады. Бұл ипотекалық банктер несиелеуді жүзеге асыру үшін қажетті қаражаттарды капиталдар нарығында кепілдікке алған қағаздармен коммуналдық займдық облигацияларды сату есебінен жинақтайды.
10-ға жуық қоғамдық құқықтық ипотекалық несиелік мекемелер мен жеке ипотекалық банктер ипотекалық және коммуналдық несие беруге маманданған. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл несиелік мекемелер өздерінің бастауын XVIII ғасырдағы жер иеленушілердің арзан ауыл шаруашылық несиелерін алу мақсатында құрылған қоғамдық құқықтық бірлестіктерді білдіретін “Ландшафтардан” алады.
30- дан аса жеке және қоғамдық құқықтық жинақ кассалары өз қызметтерін жеке меншік үйлер және пәтерлерге ұжымдық қаражаттар жинақтау қағидасы бойынша қаржыландыру барысында жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысы үшін қаражат жинақтаудың артықшылығы жинақталған қаражат негізінде тұрғын үй құрылысы үшін төменгі және тұрақты пайызбен несие алуға құқық берумен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz