Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу.
Жоспары:
- Химиялық зардап аймағы туралы түсінік.
- ҚӘУЗ түрлері мен сипаттамалар
- Радиациялық қауіптілік
- Химиялық қауіптілік
- Ионданушы сәуле шығарудан қорғану шаралары
- Радиациялық және химиялық барлау аспаптары
Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.
Химиялық зақым ошағы - химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылган ауданды, биоконцентраттардағы булар мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне, метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1, 5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді
Қатты әсер ететін улы заттар дегеніміз - өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
ҚӘУЗ топтары :
- тұншықтырғыштық әсері басым заттар,
- жалпы улылық әсері басым заттар,
- метаболдық улар,
- жүйкені жансыздандыратын улы заттар,
- терінің құрысуына әсер ететін улы заттар,
- көздің жасын ағызатын және тітіркендіргіштік әсері бар улы заттар,
- психикалық әсер ететін улы заттар,
- жылдам әсер ететін улы заттар,
- баяу әсер ететін улы заттар.
Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.
Соңғы жылдары күштіәсерлі улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнайгазөңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады.
Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы
Улағыш заттар (УЗ
) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар.
Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.
Улағыш заттар
- тыныс алу органдары арқылы,
- тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы,
- сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс) ;
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген) .
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір
қышқылы, иприт, люизит, фосген) ;
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.
УЗ төзімділігі бойынша
төзімді және төзімді емес болып бөлінеді.
Төзімді УЗ-ға
иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды.
Төзімді емес УЗ-ға
зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген) .
Радиациялық авария
- радиоактивті өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.
Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.
Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен үзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:
-радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;
-метеорологиялық және климаттық факторлар
-авария салдарын жою жөніндегі жүмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мүндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті иод (иод - 131) болдып табылады.
Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнөше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан үзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үлесті биологиялық қауіпті цезий - 137., стронций - 9, плутоний - 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.
Радиациялық әсерге сәулеленуге
сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар үшырайды. ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік қүралы, мүлік, материал мен азық -түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға үшырайды. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді үқсату және радтиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келөді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлөмді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімөн өлшенеді.
Радиоактивті ластанудың нәтижесінде
шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақүрылым элементтері, түрғын үй, әлеуметтүрмыс объектілері, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар аумақ шығарылады.
Радиоактивті ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
- қауіпті зона;
- күшті ластанған зонасы;
- аздау ластанған зонасы.
Ластау мөлшеріне байланысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz