Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар



1) Төтенше жағдай.
2) Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, оның мақсаты.
3) Төтенше жағдайдың жіктелуі
4) Жер сілкінісі
5) Су тасқыны.
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі елКонституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Тақырыбы: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Жоспары:
1) Төтенше жағдай.
2) Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, оның мақсаты.
3) Төтенше жағдайдың жіктелуі
4) Жер сілкінісі
5) Су тасқыны.
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі елКонституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Төтенше жағдай аймағы
Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай,
* объектілік,
* жергілікті,
* өңірлік
* жаһандық болып бөлінеді.

Төтенше заңдар - төтенше жағдай кезінде қабылданатын заңдар.
Төтенше заңдар парламент толық жиналмай қалғанына қарамастан, кезек күттірмес мәселеге қатысты шұғыл қабылданады. Төтенше заңдарды президент немесе конститутциялық-құқықтық нормаларға сәйкес үкімет қабылдауы мүмкін. Төтенше заңдар өз күшін төтенше жағдай аяқталғанда жояды.
ҚР табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңы 1996 жылдың 5 шілдесінде қабылданды. Бұл заңға 2014 жылдың 13 қаңтарында толықтырулар енгізілді. Осы заңға сәйкес техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өнеркәсіптік, транспорттық және басқа да апаттар, өрттер (жарылыс), улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттардың ауаға жайылуы негізінде болған апаттар, үйлер мен құрылыстардың аяқ астынан бұзылуы, бөгеттердің ашылуы, электроэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылымдарындағы апаттардан болатын төтенше жағдайлар ретінде қарастырылады
ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Комитет `''ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің''' ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті мемлекеттік материалдық резерв жүйесін қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау, өз құзіреті шегінде ҚР мемлекеттік резерв туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдар:
Агенттік орталық аппарат

Департаменттер
Құрылымдық бөлімшелер

Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді.Департаментті директор басқарады.

Қазіргі уақытта агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:
-ТЖ ескерту департаменті;
-Жедел іс-әрекет департаменті;
-Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;
-Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;
-ТЖ техникалық және тау кендік департаменті;
-ұйымдастыру- бақылау және кадр жұмысы департаменті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) азаматтық қорғауды дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;
2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;
3) азаматтық қорғау саласында күштер мен құралдарды құру және дамыту;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зілзаланың және басқа да нәубеттердің салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік. Негізгі міндеттері:
-- орталық және жергілікті атқарушы органдардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің, елдің азаматтық қорғанысының, өрт қауіпсіздігінің жұмысын, сондай-ақ өнеркәсіпте жұмыс жүргізу кауіпсіздігін қадағалау мен таукен ісін қадағалауды үйлестіреді;
-- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға, азаматтық қорғанысқа, мемлекеттік өрт кауіпсіздігі қызметінің бөлімшелеріне, оның қарамағындағы жағдайды қарау, бақылау және болжамдау кызметтеріне, төтенше жағдайлар жөніндегі реcпубликалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесіне тікелей басшылықты жүзеге асырадық;
-- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс салаларында нормативгік құқықтық актілердің сақталуын, өнеркәсіпте жұмыс жүргізу қауіпсіздігінің сакталуын бақылау және қадағалау және тау-кен ісін қадағалау;
-- өз құзырының шегінде орындалуы міндетті қаулылар қабылдайды, орталық және жергілікті атқарушы органдарга, заңды және жеке тұлғаларға табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қауіптілігі жогары объектілерде өндірістік құрал-жабдықтар мен процестер қауіпсіздігі талаптарын сақтау, анықталған кемшіліктерді, сондай-ақ осындай кемшіліктерге соқтырған себептер мен шарттарды жою, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізілген жұмыстарды тоқтату және тыйым салу, азаматтық қорғаныстын нормативтік талаптарын сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру үшін қажетті нұсқаулыққтар береді;
-- жер қойнауын пайдалану шарттарын және қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде келісім-шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтата тұру, тыйым салу немесе оны кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізеді.

ТЖ негізге белгілері бойынша 3-ке бөлінеді

1. Пайда болу саласы бойынша
2. Ведомствалық қатыстығы
3. Аймақтық таралу.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар жәнеБаршаңыздың назарыңызға! АҚ ескерту дабылының берілгендігін білдіретін өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.
Пәнде мынадай мәселелердiң жәй-күйi мен жағымсыз факторлары қаралады:
- тiршiлiк ортасының жәй-күйi мен жағымсыз факторлары
- адамның тiршiлiк ортасымен қарым-қатынасының қауiпсiздiгiн қамсыздандыру принциптерi, физиология негiздерi және оның қызметiнiң қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерiнiң анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды бiргейлестiру принциптерi, техникалық құралдар мен техникалық процесстердiң қауiпсiздiгiн арттыру;
- шаруашылық объектiлерiнiң төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығын зерттеу әдiстерi;
- ТЖ мен оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектiлерiнiң өндiрiстiк қызметкерлерiн қорғау және ТЖ салдарын жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
- тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң нормативтiк - техникалық және ұйымдық негiздерi.
Курстың негiзгi мақсаты - төмендегi мақсаттарды шешу үшiн қажеттi теориялық бiлiмдер, практикалық iс әрекеттер көлемiн студенттердiң игеруiне жәрдемдесу:
- еңбек қызметi мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;
- адам мен оның өмiр сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және оны iске асыру;
- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектiлерiн қауiпсiздiк және экологиялық тәртiптерiне сәйкес пайдалану;
- шаруашылық объектiлерi мен техникалық жүйелердiң қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығы;
- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

Пайда болу саласы бойынша Төтенше жағдайлар:
Техногендік
Табиғи

Жанжалды

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;
Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.
Метеорологиялық - боран, бұрқасын, смог, дауыл .
Гидрогиологиялық - су тасқыны, цунами, тайфун .
Табиғи өрттер - ормандық және далалық
Биологиялық - эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.
Ғарыштық - астероиттар, каметалар, сәулелену.

Табиғи төтенше жағдайларға:
- Геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан)
- Геологиялық қауіпті құбылыстар(көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы)
- Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық,аяз және т.б)
-Теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар(теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б )
- Гидрологиялық қауіпті құбылыстар(су басу, тасқындар, грунтты су деңгейінің көтерілуі )
- Табиғи өрттер(ормандық, далалық, шымтезектік)
- Адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы(эпидемияларт.б)
-Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы(эпизоотиялар)
- Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауруға және зиянкестерге шалдығу(эпифитотия) жатады.

Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы!Жер сілкіну ұзаққа созылмайды,әдетте бірнеше секунтдардың ішінде ғана өтеді!Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып,бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін!Мысалы,Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған!Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдай шаралары
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу себептері
ТЖ кезінде халықты қорғау
Пәндер