Химиялық улы заттардың жіктелуі


Тақырыбы: Химиялық қару
Жоспары:
- Химиялық қару
- Химиялық улы заттардың жіктелуі
- Радияциялық және химиялық қауіп қатерге қарсы тұрғандарды қорғау жолдары
- Санитарлық тазалық
- Жеке адамға арналған Аи-2 аптечкасы
Химиялық қару - уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 - 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т. б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.
Химиялық қарулар ұзақ жылдар бойы адам өлтіру құралы ретінде пайдаланылып келеді. Бірақ 20-ғасырда бұл жойқын қару жан шошырлық ауқымда қолданылды. 1914 жылдан бүгінге дейін химиялық қару 1 миллион 500 мың адамды мерт қылып, әйтпесе жаралады. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлор, иприт пен фосген; екінші дүниежүзілік, Вьетнам және Иран-Ирак соғысында напалм бомбалары және 1980 жылдарда Иракта күрдтерге қарсы зарин газы қолданылды. Сириядағы соңғы қақтығыс кезінде зариннен жүздеген адам өлді. 1925 жылғы Женева хаттамасы және 1992 жылғы Химиялық қарулар конвенциясы бойынша соғыс кезінде химиялық қару қолдануға тыйым салынған еді.
Соғыстардың бүкіл тарихы бойында соғысушы тараптар әртүрлі улы заттарды қолданған немесе қолдануға әрекеттенген. Ежелгі Қытайда қарсыласты зақымдауға кәдімгі әк пайдаланылған. Әк шаңы көзді зақымдаған, ал сумен қосылғанда улы газ шығарған. Ежелгі соғыстарда денсаулыққа зиянды басқа да заттар қолданылған. Снарядтарға әртүрлі шайырлар, өсімдік улары, күкіртті мышьяк қосқан. Бұлар көз бен теріні зақымдаған, кей жағдайда тыныстау не жүрек қан тамыры жүйесі органдарын кеселге ұшыратқан.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында 1915 ж 22 сәуірде Ипр өзені ауданында (Бельгия) неміс әскерлері қарсыластарына қарсы улы газ - хлорды қолданды. Жел айдаған сұр-жасыл тұман Француз шептеріне тарады. Сарбаздар мен офицерлер тұншыға бастады: Газ тыныс алу жолдарын күйдіріп, қатты жөтелтіп, тұншықтырды. Осының салдарынан 15 мыңнан астам Француз солдаты қатты уланып, олардың 5 мыңға жуығы қайтыс болды. Неміс әскерлері майданды бұзып өтті. Бір айдан кейін немістер орыс әскерлеріне қарсы газ шабуылын қолданды. 9 мың адам уланып, олардан 1, 2 мың адам қаза тапты.
1916 ж. Француз армиясы неміс әскерлеріне қарсы синил қышқылын ұрыстық уоағыш зат ретінде алғаш рет қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында фашистер оны газ камераларында адамдарды қыруға пайдаланды. Бұл үшін улы заттар метилдік “А” циклоны мен этилдік “Б” циклон пайдаланды.
Соңғы жүзжылдықта әскерлер кейбір тропиктік елдердің тұрғындары қолданылатын әртүрлі психостимулдық өсімдіктерге назар аударды: бетель, үнді коноплясы (марихуана) және т. б. Оларды шамадан көп пайдаланса, ауыр психологиалық кінәраптарға шалдығады, тіпті, өліп те кетеді. Осының өзі улағыш заттардың жаппай жою құралдары бола алатын жаңа түрлерін жасап шығаруға негіз болды.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде газдан қорғану жаттығуын жасап жатқан ұлыбританиялық әскер.
- Вьетнам соғысы кезінде АҚШ қолданған химиялық қарудан күйіп қалған вьетнамдық. 1969 жылы "Комсомольская правда" жариялаған сурет
- 1988 жылы Саддам Хусейннің режимі химиялық қару қолданған Ирактың Халабджа қаласының 2004 жылғы суреті. Мұнда 5 мың күрд өлген еді.
- Қытайлық химиялық қаруды жою тобы Хэйлунцзян провинциясында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония әскері тастап кеткен химиялық бомбаларды қазып алып жатыр. Бұл - әлемдегі ең ірі химиялық қару көмбесі. 2006 жыл.
Улағыш заттар
деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Улағыш заттар химиялық химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер армияларының қару-жарағына кіреді. Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:
1) жүйке жансыздандыратын;
2) теріні іріңдеткіш;
3) жалпы улы әсерлі;
4) психохимиялық;
5) тітіркендіргіш;
Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін, саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.
Ұрыстық қолдану сәтінде
- УЗ бу тәрізді (газ),
- аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу)
- не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін.
Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан - ішек жолы арқылы зақымдайды.
Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап - жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.
Улағыш заттарды топтастыру.
Химиялық қарудан қорғану
Химиялық қарудан қорғану - әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады
Санитария санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды. 1960 жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл - мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан. -эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары, биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді
Химиялық антисептика -микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрірік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дірәләк заттарды антисептиктер деп атайды(этил спирті, калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі.
Аралас антисептика -антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.
Дезинфекция (зарарсыздандыру) -қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар.
Жеке қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі. Оқшаулау костьюмдері
- пневмокостьюмдер; гидрооқшаулаушы костьюмдер; скафандрлар;
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары
- противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер; пневмомаскалар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz