Delphi тілінде деректер модулін құрастыру және оны пайдалану


Тақырыбы: Delphi тілінде деректер модулін құрастыру

және оны пайдалану

Мазмұны

Кіріспе

1. Delphi ортасындағы модулдер типіне түсінік

1. 1. Модулдердің бір-бірімен байланысу қасиеттері

1. 2. Модулдердегі жарияланған объектілерге қол жеткізу функциялары

2. Delphi ортасындағы деректер модулдеріне жалпы сипаттама.

2. 1. Модулдер структурасы

2. 2 Delphi ортасының деректер базасына арналған негізгі компоненттері

3. Модулдер файлдарына жалпы сипаттама.

3. 1. Модуль мәтінін меңгеру әдістері

3. 2. Delphi тіліндегі жойылған деректер модулдерімен жұмыс жасау

Қорытынды

Қолданылған оқулықтар тізімі

Кіріспе.

Delphi ортасындағы модулдер типіне түсінік.

Модулдер - программаның жеке бір бөліктерін орналастыруға арналған арнайы программалық бірлік. Барлық программа модулдерінің құрамындағы программалық кодтың көмегімен тұтастай дерлік іске асырылады.

Модулдер - орындалатын бөлімнің (интерфейстік) әр түрлі компоненттерінен тұратын автономды компиляцияланатын жеке біртұтас программалық бірлік. Бұл компоненттерге айнымалылар, типтер, тұрақтылар (константалар), процедуралар мен функциялар және тағы да басқалар жатады. Интерфейстік бөліктердегі объектілердің пайда болуы негізгі программа және басқа да модулдермен тікелей байланыс орнатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал, процедуралар мен функциялардың денесі пайдаланушыға көрінбейтін модулдердің орындалатын бөліктерінде орналасады. Сондықтан модулді біз программаның жеке бір бөлек, өз бетінше бөлім ретінде қарастыра аламыз. Өйткені әрбір жаңа форма құрылған сайын жаңа бір модуль құрылып отырады. Модуль айнымалы, тұрақты, кішігірім программа және тағы да басқалары сияқты әр түрлі программа элементтерін өзіне жазуға арналған. Әр жеке модуль pas кеңейтулері бар жеке бір файлда болады. Файл аты модуль атымен сәйкес келуі керек.

Программада үнемі бір ғана емес, бірнеше кейбір кездерде тіпті одан да көп ондаған формалар және олармен байланысқан модулдер де құрылуы мүмкін. Delphi ортасындағы Delphi программасының компиляциясы кезінде әр жеке модуль үшін PAS, DFM, DCU кеңейтулері бар файлдар құрылады:

● PAS файлы - программа кодының терезесінен алынған мәтін

көшірмесінен тұрады;

● DFM файлында - форма терезесінің құрамындағы деректер сақталады;

● DCU файлында - PAS және DFM файлдарынан алынған мәтінді

машиналық инструкцияға айналдырудан алынған нәтиже болады.

DCU файлы компилятор арқылы құрылады және базаны EXE кеңейтулері бар басқа бір жүктеу мүмкіндігін жүзеге асыратын файлға айналдыратын компоновщиктердің жұмысы үшін маңызды әрі қажет базаны береді. Delphi ортасындағы модулдер рөлі жекелеген компиляция механизмімен ғана шектеліп қалмайды.

Delphi тіліндегі модулдердің ең кең таралған типі болып форма табылады (FORM) . Формамен модуль тікелей байланысқан. Сондықтан модуль-форма түсінігі кең таралған.

unit Unit1;

TForm1 = class(TForm)

Form1: TForm1;

Мысалы, модулдердің интерфейстік секцияларында бір тип, яғни TfmExample класы мен бір объект, яғни TfmExample айнымалысы көрсетілген.

Кластың жазылуы мынандай болады:

type

TfmExample = class(TForm)

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

Осыдан байқап тұрғанымыздай, кластар Delphi ортасының қуатты мүмкіндіктерін іске асырудағы қолданылатын негізгі құралдарымен қызмет көрсетеді. Класс -объект құратын үлгі болып табылады. Ал, керісінше объект -класты іске асыру экземпляры. Delphi ортасындағы программа элементтерін құру үшін пайдаланылатын үлгілерді тип деп атайды. Сондықтан TfmExample1 класы -бұл да тип. Delphi ортасындағы кез-келген деректер, айнымалылар, тұрақтылар, функциялар мен процедуралардың мәндері мен қасиеттері өз типтерімен сипатталынады. Delphi ортасы деректердің тарамдалынған структуралық типтерімен сипатталынады.

1. Delphi ортасындағы модулдер типі.

Модуль - форманың интерфейстік бөлімінде сәйкес терезелік кластар үшін кез-келген объектің жариялауы болады. Мысалы, біздің оқу программамыз Tfm Example модуль класының және fm Example объектісінің жариялылығынан тұрады. Delphi ортасындағы модулдердің интерфейстік бөлімі жалпы жаңа бір кластың жариялылығынан тұрады. Сонымен қатар Delphi ортасы автоматты түрде жаңаланып отырады. Объектілер жинағындағы модулдер типінің көптеген түрлері диалогтық терезелердің құрылуы үшін дайындалған дайындамалардан тұрады. Мұнда формадан басқа көрінетін терезелермен мүлде байланыспаған модулдер де болады. Оларға жоғарыда қарастырып өткен жалпы белгіленген модулдерден басқа деректер модулдері, динамикалық-кітапханалар модулдері, пакеттер және ағын модулдерін де жатқызуға болады.

  1. Модулдер тақырыбы және олардың бір-бірімен

байланысы.

Модуль тақырыбы Unit тыйым салынған сөзінен жәнекелесі модуль атауынан тұрады. Delphi ортасының дұрыс жұмыс істеуі үшін және өте көлемді программаларды өңдеуді жеңілдететін құралдарды қосу мүмкіндігін тудыру үшін бұл модулдің бастапқы мәтіні орналасқан дискілік файл атымен сәйкес келуі керек. Мысалы, UnitGroup атты тақырып берілген болсын. Сонда сәйкесінше модулдің бастапқы мәтіні Group. pas дискіліку файлында орналасқан болуы керек. Модулдер аттары негізгі программамен және басқа да модулдермен байланысына қызмет көрсетеді. Мұндай байланыс арнайы орнатылады: Uses <модулдер тізімі> . мұндағы Uses -тыйым салынған сөз ; <модулдер тізімі> -байланыс орнататын модулдер байланысы. Тізім элементтері

Болып бір-бірінен үтір арқылы ажыратылған модул аттары табылады. Мысалы, Uses, Windows, sysUtils, MyUnit және тағы басқалары:

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs;

type

TForm1 = class(TForm)

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *. dfm}

end.

Егер Uses жариялылығы қолданылса, онда ол негізгі программаның жазылу бөлімін ашып береді. Модулдер басқа модулдерді қолдана алады. Модулдердегі Uses Interface тыйым салынған сөзінен кейін немесе Implementation cөзінен кейін қолданылады.

Модулдердің интерфейстік бөлімі.

Бұл бөлім Interface тыйым салынған сөзімен ашылады. Интерфейстік бөлімде модулдердің басқа модулдерге немесе негізгі программаға жетуіне қажетті барлық глобалді модулдер объектілерінің жариялылығынан тұрады. Бұларға жататындар: айнымалылар, типтер, тұрақтылар, процедуралар мен функциялар және тағы басқалар. Интерфейстік бөлімдердегі ауқымды түрдегі кішігірім программаларды жариялаған кезде тек қана олардың тақырыптары көрсетіледі. Мысалы,

unit Cmplx;

interface

type

Complex = record

re, im:real;

end;

function AddC(x, y :Complex) :Complex;

function MulC(x, y :Complex) :Complex;

Егер төменде басқа модулдерге ұсынылған сөйлемді жазсақ, онда Complex типі мен AddC және MulC( бұлар Cmplx модулдерінен алынған) процедуралары оған қол жеткізе алатындай дәрежеде бола алады.

Uses Cmplx;

Орындалатын бөлімі.

Бұл бөлім implementation тыйым салынған сөзімен басталып және интерфейстіік бөлімде жарияланған кішігірім программалардан тұрады.

Программаларда модулдер үшін локалді объектілер жариялануы мүмкін. Оларға көмекші типтер, тұрақтылар, айнымалылар және кішігірім программалар, сонымен қатар егер қажет болатын жағдай туындаса, онда белгілер жатады. Модулдің интерфейстік бөліміндегі жарияланған программалардың жазылуына негізделген орындалатын бөлімдерде формалді айнымалылар тізімін көрсетуге болатын белгілі бір тақырып болу керек, өйткені олар алдын-ала интерфейстік бөлімде жазылған болатын . Бірақ егер кішігірім программалар тақырыптары толық түрде келтірілген болса, онда тізімі бар формалді параметрлері мен нәтижелері интерфейстік бөлімде жарияланған тақырыптармен сәйкес келуі керек. Мысалы,

unit Cmplx;

interface

type

Complex = record

re, im:real;

end;

function AddC(x, y :Complex) :Complex;

function MulC(x, y :Complex) :Complex;

implementation

function AddC(x, y :Complex) :Complex;

begin

. . .

end;

function MulC; // Параметрлер тізімдерінің қайталануынсыз кішігірім программалардың жазылу варианты//

begin

. . .

end;

end.

Кішігірім программалар тақырыптарын қысқа түрде жарияланатындай етіп келтірген кезде (алдыңғы мысалдардағы function MulC функциялары) параметрлер тізімі программалар тақырыпшаларындағы алгоритмнің жүзеге асырылу деталдарына дейін түсінуді және кодты оқуды тікелей жеңілдетуге көмектеседі. Орындалатын бөлімдегі кішігірім программалар тақырыптарын дәл көрсету үшін кодтық редактор мүмкіндіктерін пайдаланамыз: интерфейстік бөлімдегі кішігірім программалар тақырыптарының кез-келген бір жеріне курсорды орнатып, Ctrl+shift+C клавишаларын бассақ -кодтық редактор модулдердің орындалатын бөлімінде кішігірім программаларды құрып үлгереді. Тақырыптардың қайталануы орындалатын бөлімде дәл және толық болу керек. Егер біз келесі тақырыпты қолданған болсақ, онда компилятор интерфейстік бөлімдегі барлық функциялардың жарияланған тақырыптарымен мүлде сәйкес келмейтіндігі туралы тез арада белгі берер еді. (Екінші параметрдің Y аты болу керек) : function AddC(x, z :Complex) :Complex;

begin

. . .

end;

Инициалдану және аяқтау бөлімдері.

Модулдердің бұл бөлімдері көбінесе initialization және finalization бастаушы сөздерімен бірге құрылмауы да мүмкін. Инициалдану бөлімінде негізгі программадағы басқаруды жеткізгенге дейін орындалатын және оның жұмысын дайындау үшін қолданылатын операторлар орналасады. Мысалы, олардағы айнымалылар инициалдалынып, бізге қажетті файлдар ашылуы мүмкін.

Аяқтау бөлімінде негізгі программа жұмысын аяқтағаннан кейін орындалатын операторлар көрсетіледі. Оларда файлдар жабылады, сонымен қатар белгіленген программадағы ресурстар босатылады.

Егер инициалдалынған бөлімдерде бірнеше модуль болатын болса, онда бұл бөлімдер бас программаның uses сөйлемінде модулдер атауларының ретімен бірінен кейін бірі тізбектелініп орындалады. Ал, егер бірнеше модулдерде аяқталу бөлімдері бар болатын болса, онда бұл бөлімдер бас программаның uses сөйлемінде модулдердің атаулары кері түрде орналасып, олар рет-ретімен бірінен кейін бірі тізбектелініп орындалады.

1. 2. Модулдердегі жарияланған объектілерге қол жеткізу.

Біз мысалға комплекстік сандар арифметикасын іске асыратын модуль құрайық делік. Ал, мұндай арифметика стандартты Паскаль тілінде де, Delphi тілінде де қарастырылмаған. Бірақ тек Delphi тілінде ғана комплексті сандары бар операциялар жүзеге асырылатын (Source\Rtl\Common\VarCmplx. pas модулі Delphi каталогында орналасқан) . Осындай операцияларды жүзеге асыратын пайдаланушы варианты енгізілген болатын. Комплексті сандар арифметикасы төрт түрлі функциялар арқылы жүзеге асырылады:

unit Cmplx;

//

interface

//

type

Complex = record

re, im:real;

end;

function AddC(x, y :Complex) :Complex;

function SubC(x, y :Complex) :Complex;

function DivC(x, y :Complex) :Complex;

function MulC(x, y :Complex) :Complex;

const

C:Complex =(re:0. 1; im:-1) ;

//

implementation

//

function AddC(x, y :Complex) :Complex;

//Комплексті сандардың қосындысы

begin

Result. re:=x. re+y. re;

Result. im:=x. im+y. im

end; // AddC

function SubC(x, y:Complex) :Complex;

//Комплексті сандардың айырмасы

begin

Result. re:=x. re-y. re;

Result. im:=x. im-y. im

end; // SubC

function MulC(x, y:Complex) :Complex;

//Комплексті сандардың көбейтіндісі

begin

Result. re:=x. re*y. re- x. im*y. im;

Result. im:=x. re*y. im+x. im*y. re

end; // MulC

function DivC(x, y:Complex) :Complex;

//Комплексті сандардың бөліндісі

var

z:real;

begin

z:=sqr(y. re) +sqr(y. im) ;

//z=0 болған кезде программаны қорғау:

try

Result. re:=(x. re*y. re- x. im*y. im) /z;

Result. im:=(x. re*y. im+x. im*y. re) /z;

Except

Result. re:= 1. 1e309;

Result. im:= 1. 1e309;

end;

end{DivC};

end.

Осындай модуль құру үшін File-New-Unit командасын таңдап алу керек. Модуль мәтінін CMPLX. PAS файлында сақтау қажет: файл аты модуль атымен сәйкес болу шарт. Тек қана осы жағдайда Delphi автоматты түрде модулді таба алады және оның жаңаланып отыратындығын бақылай алады. Модулдер құрылғаннан кейін оның атын типтер, айнымалылар, тұрақтыларкішігірім программалар қайталап құрылған кезде қолданылатын сол модулдің uses сөйлемінде нақты көрсету қажет. Біз қарастырып отырған модулдегі тип - Cоmplx; кішігірім программалар- AddC, SubC, DivC, MulC және С тұрақтысы.

Мысалы, bbRun батырмасын әр басқан сайын оқу программасының барлық жоғарыда келтірілген 4 түрлі арифметикалық әдістерді орындайтын кездейсоқ комплексті сандар жұптары құрылады. Сонда bbRunClick өңдеушісі мынандай түрде болу керек. (Source\Chap-11\Complex\Complx. dpr жобасы) :

Implementation

Uses Cmplx;

{$R *. dfm}

procedure TForm1. bbRunClick(Sender: TObject) ;

var x, y, z:Complex;

procedure Output(Operation:Char) ;

// Қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады және одан нәтиже шығарады

// mm Output

var S:String;

begin

Case Operation of

'+':z:=AddC(x, y) ;

'-':z:=SubC(x, y) ;

'*':z:=MulC(x, y) ;

'/':z:=DivC(x, y) ;

end;

S:='('+FormatFloat('+0. ; -0. ', x. re) +

FormatFloat('+0. j; -0. j', x. im) +') '+Operation+

'('+FormatFloat('+0. ; -0. ', y. re) +

FormatFloat('+0. j; -0. j', y. im) +'='+

FormatFloat('+0. ; -0. ', z. re) +

FormatFloat('+0. j; -0. j', x. im) ;

mmOutput. Lines. Add(S) ;

end; //Output

begin // bbRunClick

x. re:=Random;

x. im:=Random;

y. re:=Random;

y. im:=Random;

Output('+') ;

Output('-') ;

Output('*') ;

Output('/') ;

mmOutput. Lines. Add('') ;

end;

end.

Орындалатын бөлімнің ең басындағы Cmplx uses сілтемесіне көңіл аударайық. Дәл осы Cmplx модулінің объектісіне bbRunClick өңдеушісіне қол жеткізе алады. Бұл сілтемені Delphi ортасының көмегімен қойамыз:

бас менюдегі File-Use Unit командасын таңдап алып және пайда болған терезеде Cmplx атты модулге апарып басып қалсаңыз шыға келеді.

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, ExtCtrls;

type

TfmExample = class(TForm)

Panell:Tpanel;

bbRun:TbitBtn;

bbClose: TbitBtn;

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

fmExample: TfmExample;

implementation

{$R *. dfm}

end.

Міне осындай Delphi тілінде жазылған мәтіннің жобалаушы файлдардан ерекшелігі -ол программист программаға қажетті функционалдықтарды дәлме-дәл келтіре отырып, сонымен қатар оны өзгерте алуында.

2. Delphi ортасындағы деректер модулдеріне жалпы сипаттама.

2. 1. Модулдер структурасы.

Кез-келген модулдердің структурасы мынандай болады:

● Тақырып Unit< ат >

●interface< интерфейстік бөлім >. Интерфейстік жариялау

секциясы.

● implementation< орындалатын бөлім >. Жүзеге асыру

секциясы.

● initialization< инициалданатын бөлім >. Терминатор.

● finalization< аяқтайтын бөлім >

end

Мұндағы Unit -модуль тақырыбын көрсететін тыйым салынған сөз(бірлік) ; < ат > - модуль аты, дұрыс идентификатор. Яғни, тақырып Unit сөзімен ашылады, артынан модуль аты көрсетіледі.

Interface - модулдің интерфейстік бөлімін көрсететін, ал implementation - орындалатын бөлімді бастайтын тыйым салынған сөз. Сонымен интерфейстік жариялау секциясы Interface, жүзеге асыру секциясы implementation сөздерімен ашылады.

Initialization - модулдің инициалдалынған бөлімін бастайтын тыйым салынған сөз.

Finalization - модулдің аяқтау бөлімін бастайтын тыйым салынған сөз(аяқтау) ; end - модулдің соңын білдіреді.

Программа терминаторы сияқты модуль терминаторы болып end. (нүктесі бар) сөзі табылады. Программаның келесі фрагменті модулдің синтактикалық дұрыс варианты болып табылады:

unit Unit1;

interface

// Интерфейстік жариялау секциясы

implementation

// Жүзеге асыру секциясы

end.

Модуль структурасы міне осындай түрде құрылатын төрт түрлі құрамды бөліктер мен тақырыптардан тұрады. Олардың кез-келгені бос бола алады.

Интерфейстік жариялау секциясында басқа программалық модулдерге “көрінетін” программалық элементтер жазылады. Оларға жататындар -типтер, кластар, процедуралар мен функциялар. Жүзеге асыру секциясында да осы келтірілген элементтердің жұмыс атқару механизмі айқындатылып көрсетіледі. Жалпы модулдердің екі түрлі секцияларға бөлінуі -бір үлкен тұтастай программаның жекелеген бөліктерінің арасындағы алгоритмдерідің бір-бірімен алмасып, айырбасталуының қолайлы механизмін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар осылай болып модулдердің бөлінуі көптеген программистердің арасындағы программалық өңдеу жұмыстарының айырбасталу мүмкіндіктері мен өңдеу құралдарының ауыстырылуын жүзеге асыра алады.

Деректер модулдерінің өздерімен байланысқан терезелері бар, бірақ бұл терезелер ешқашан экранда пайда болмайды. Терезелердегі қажеттілік стандартты диалогтық терезелер, таймер және тағы да басқа көптеген компоненттерді тек қана формаға қоюға болатындығына және деректерге қол жеткізу-осы компоненттердің қажеттілігіне тікелей байланысты болып келетіндігінен туындайды. Бірақ сонда да олардың барлығы жұмыс атқарылып жатқан программадағы “көрінетін” ортада болмайды.

Деректер модулінің “көрінбейтін” терезесі осындай компонентер және олармен байланысқан объект-алаңдардың орналасуы үшін арналып жасалынған. Әрине, компоненттер мен алаңдарды орналастыру үшін кәдімгі терезе-форманы пайдалануға да болады, бірақ бұл жағдайда компоненттер белгілері терезелердің “көрінетін” кеңістігіне бөгет болады. Кедергі тудырып, оның құрастырылуын қиындатады.

2. 2. Delphi ортасының деректер базасына арналған негізгі компоненттері.

Delphi ортасының деректер базасына арналған негізгі компонентеріне мыналар жатады - динамикалық, кітапхана модулдері, пакеттер командалар ағындарының модулдері және жалпы деректер модулдері.

Динамикалық-кітапхана модулдері

Windows ортасында кеңінен қолданылатын динамикалық қосылатын кітапханаларды құру үшін әдейі арналып жасалынған. DLL кішігірім программаларды келтіріп құратын әмбебап құралдарымен қызмет көрсетеді. Олар программалаудың әр түрлі тілдерінде жазылған. Мысалы, Windows ортасында көптеген DLL бар. Олар Си және ассемблер тілдерінде жазылған және оларды қолдану Delphi программаларына ешқандай кедергі жасамайды.

Динамикалық- кітапхана модулдері Delphi ортасының көмегімен

DLL-дің өңделініп жасалынуы үшін арнайы жасалынған. Міне осындай DLL-дер программалаудың басқа тілдерінің көмегімен құрылғаннан кейін ғана сол тілдегі программаларды да пайдалана алады.

Пакеттер

Программалар мен орта немесе Delphi ортасы мен Delphi программаларын біріктіріп қолдануға арналған ерекше түрдегі компиляцияланылған DLL кітапханалары. Пакеттердің DLL-ден айырмашылығы -олар программаға деректер мен типтерді(кластармен қоса алғандағы) бере алады және сақтай алады. Пакеттер әр түрдегі эксперттер, күрделі қасиеттері бар редакторлар және тағы басқа компоненттерді сақтау үшін арнайы өңделініп жасалынған. Мысалы, VCL 70. BPL пакетінде Delphi ортасының негізгі компонентері бар.

Командалар ағынының модулдері

Ағындар модулдері программалар фрагменттері мен процессор уақытын және қалған системалық ресурстарды бөлісе отырып, тағы да бұлардан басқа фрагменттермен параллель орындалатын программалар фрагменттері, яғни командалар ағындарын жүзеге асыруға арналған.

Командалар ағындарының механизмі Windows 32-разрядты версиясында пайдаланылады . Бірақ бұл Delphi ортасында қолдау таппай отыр. Өйткені, өкінішке орай Delphi 32-разрядты версиясының ағымының жүзеге асырылуындағы командалар ағындары меншікті болып көрінетін компоненттермен байланыса алмайды. Бұған себеп -визуалді компоненттер кітапханасы (Visual Component Library, VCL) ағындармен жұмыс істеуді қолдамайды, яғни жұмыс атқарылуына қолдау көрсетпейді. Сондықтан ағындар модулдерінің өздерімен байланысқан терезелері мүлде болмайды. Басқаша визуалді компоненттер -көрсетуші компоненттер.

3. Модуль файлдарына сипаттама

3. 1 Модуль мәтінін толық меңгеру үшін қолданылатын әдістер.

Модуль мәтініне Delphi ортасына сияқты программист те оңай қол жеткізе алады. Delphi компонент формасына кез-келген қосымша жазбаларды мәтін модуліне автоматты түрде қойады. Сонымен қатар жағдайларды өңдеу үшін дайындамаларды құрады. Алдын-ала жарияланған кластарға программист өз қосымша әдістерін қоса алады және нақты бір белгілі мазмұнмен жағдайлардың реттеліп өңделуін толықтырады, мұнымен қоса өз айнымалыларын, типтерін, тұрақтыларын(константаларын) және тағы басқа шамаларды қойа алады.

Delphiмен бірлесе отырып модулдер мәтінін толық меңгеру -егер программист қарапайым мынандай ережелерді сақтайтын болса, онда оған үлкен табыс әкелетін болады. Яғни, программист өзі емес Delphi қойған жолдарды мүлде өзгертпейтін болса немесе жойып жібермейтін болса.

Программист компиляцияланған «басқа» модуль ала отырып, элементтердің жариялылығынан тұратын тек қана интерфейстік бөлімге ғана қол жеткізе алады. Жарияланған процедуралар мен функциялар, кластарының іске асырылу деталдары жүзеге асыру секциясында «көзге көрінбей» сақталған және басқа модулдерге жетпейді.

Delphi ортасының 7-версиясында PAS және DFM кеңейтулері бар файлдарынан басқа тағы бір диаграммалар терезелері үшін құрылған барлық диаграммалар туралы мәліметтер сақталған DDP деген файл құрылады. Біз жоғарыда мәтіндері бар модулдер файлдарында PAS кеңейтулері бар деп атап көрсеткен болатынбыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері
Клиент - серверлік мәліметтер қоры
Delphi программалау тілінде декарттық координаталар жүйесінің кез-келген функцияның графигін сызуға арналған қосымша құрастыру
WWW–мен жұмыс істеу үшін қажетті программалық қамсыздандыру
Қосымшаның негізгі формасы
«Тест» қосымшасын құру»
Программалау тілдері туралы ұғым
Delphi ортасы туралы түсінігі
Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау
«Бағдаршам»бағдарламасын құру.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz