Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І-тарау. Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының. түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері

1. 1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі . . .

1. 2. Материалдық жауапкершілік туралы құқықтық институттың түсінігі және мазмұны . . .

ІІ-тарау. Материалдық жауапкершіліктің басқа да құқықтық жауапкершіліктерден айырмашылығы

2. 1. Материалдық жауапкершіліктің тәртіптік жауапкершіліктен айырмашылығы . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер . . .

Қортынды

Қазақстан экономикасын диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асырудағы негізгі мақсаттар Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында анықталды. Осы бағдарламалық құжаттың құндылығы - бүгінгі экономикалық, әлеуметтік саясатымыздың бағытына, болашақтағы мүмкіндіктерімізге нақты баға берілуіінде және осы бағыттардағы міндеттердің анықталуында [1, 12 б. ] .

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес адам өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті болып танылады. Адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын және еңбегін қорғау құқықтарын қамтамасыз етудің кепілдік шаралары, Конституцияның 18-бабының 3-тармағымен, 31-бабының 2-тармағымен анықталады. Аталған баптар әркімнің үндеулер жолдау, сол үндеулерге байланысты лауазымды адамдардан, құзіретті органдардан тиісті тәртіпте, белгіленген мерзімде құжаттар алуға, негізделген шешімдермен басқа да ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін анықтайды. Конституцияға негіз (24-баптың 2-тармағы) “әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына … құқығы бар”. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқығы Конституцияның 29-бабына негіз қамтамасыз етілуі тиіс.

Қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі №160-1 “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңының (бұдан әрі - “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң) 5, 6-баптарына сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаға және адамның денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де өндірістік қызметтерін тоқтатуға байланысты талап қою құқығымен иемденеді.

Осы мәселеде, “Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №16 “Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы” Қаулысы қолданылады (бұдан әрі - №16 Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы) “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заңның 86-бабына негіз қоршаған ортаға, адамдардың денсаулына зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы заңдарға сәйкес зиянды өтеуге міндетті. Зиян келтіруден туындайтын қоғамдық, жекелік құқықтық қатынастар ҚРАК-нің ережелеріне сәйкес реттеледі.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі әр алуан түрлері, олар: химиялық, механикалық (қоқыстау), биологиялық (жұқтыру), физикалық (радиациялық, акустикалық немесе электромагниттік сәуле шығару, тербеліс) басқа да түрлерінің табиғатқа келтіретін зиянды факторларын анықтау міндеті мемлекеттік құзіретті органдарға жүктеледі. №16 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысына негіз (9-тармақтың екінші бөлімі), қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолданған кезде соттар кез келген ластанудың емес, қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерінен асатын ластанудың ғана заңды мәні болатынын анықтайды.

Осы Қаулыда “ экологиялық тәртіп бұзушылық объектісі ” ұғымын анықтауға байланысты қосымша түсінік беріледі (12 тармақтың үшінші бөлімі) .

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы №302-11 “Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Заңы мемлекеттің экологиялық қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолайлы қоршаған ортаның және оның жағдайы туралы ескертілу, ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды.

Қолданыстағы ұлттық заңнамаларға, халықаралық құқықтық ережелерге (нормаларға) негіз ұйымдардың өндірістік объектілері міндетті түрде аттестаттаудан өткізілуі тиіс.

Осы салада, арнайы нормативтік құқықтық акт ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрінің №251-п 2004 жылғы 3-қарашадағы Бұйрығымен бекітілген “Еңбек жағдайына байланысты өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу туралы” Ережесі қолданылады (бұдан әрі №251-п Ережесі) . №251-п Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28-ақпандағы “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” Заңына негіз (20-баптың 1-тармағының 16-тармақшысы) бекітілді. Осы салада, үстемдік принциптер мен ережелер (міндеттер) халықаралық құқықтық актілермен анықталады. Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының, 1993 жылдың 31 мамырында Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мүшелігіне қабылданды. Халықаралық еңбекті қорғау стандарттары ХЕҰ-ның 1981 жылғы №155-ші “Қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және өндірістік орта туралы” [2] және 1977 жылғы №148-ші “Жұмыс орындарында ауаның ластануынан, шуылдың және тербелістің салдарынан төнетін кәсіптік қатерліліктен еңбекшілерді қорғау туралы” Конвенциялармен [3] анықталады.

Өндірістік объектілерді аттестаттауда жұмыскерлердің денсаулығына, өміріне өндірістік ішкі және сыртқы факторлардың қаншалықты ықпалын тигізетіндігі және сол зиянды факторлардың деңгейін анықтау, олардың зияндылық салдарынан жұмыскерлерді сақтау, алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсаттары көзделеді.

Ресми тәртіпте №251-п Ережеге негіз (2-тармақтың 5-ші тармақшасы) өндірістік объектілер қатарын: цехтар; бөлімшелер; тауарларды өндіру және жасау; пайдалы жер ресурстарын өңдеу; шығару және қайта өңдеу, құрылыс және басқа да өндіріс қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлек орналасқан ұйымның өндірістік құрылым бөлімдері құрайды.

Ғылымда және құқық қолдану практикасында экологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық шараларын анықтауға байланысты, ғылыми теориялық зерттеулер, құқық қолдану тәжірибелері уақыттың талаптарына сай, халықаралық стандарттармен салыстырмалы түрде мемлекеттің дәйекті бақылауында болуы қажет.

Экономикалық категория ретінде - қауіпсіздік ұғымы экономиканың даму деңгейін және халықтың тіршілік жағдайын қалыпты қамтамасыз ету мүмкіндігіне сай сатылық дәрежесімен анықталады [4, 8 б. ] .

Халықтың тіршілік жағдайын қамтамасыз етудің нышандары - жұмыспен қамтылу, одан арғы, ілгері экономикалық даму қарқынының мүмкіндігі, халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізетін барлық өндірістік, инфақұрылымдылық жүйенің қалыпты дамуымен анықталады.

Экономикалық қатынастардың ғаламдану кезеңінде үміттелген мақсаттарға жету мүмкінділіктері ұлғая түседі, сонымен қатар мұндай жетістіктер салдары экономика агенттеріне (кәсіпорындар, ұйымдар, банктер басқа да бірлестіктер), жеке тұлғаларға

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: еңбек құқығының орталық институты материалдық жауапкершілік институтының түсінігін, мазмұнын және осы институтқа тән білгілерін анықтау болып табылады.

Түйінді сөздер:

Еңбек жарақаты, кәсіптік науқастық, мемлекеттік инспектор, орталық орган, құқықтық белгілер, зиянды өндіру нысаны.

жұмыс: алғы сөзден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

Орындау көлемі: бет

І-тарау. Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институтының. түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері

1. 1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.

Кең мағынасында алғанда адам бостандығы дегеніміз индивидтің (тұлғаның( қоғам мүшесі ретіндегі құқығы, дара тұлғаның құқығы. Қоғам дамуы адам бостандығы проблемасына тек ұлттық сипат қана емес, сонымен бірге интернациналдық та сипат беретін объективтік негіз болады. 1948 жылғы Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық қауымдастық негізгі, жалпы азаматтық игіліктерді мойындағанын білдіреді, ал бұларды мойындау және оларға кепілдік беру - дүниенің тыныштығы мен қауіпсіздігінің басты шарты.

Әр елде, әрбір мемлекетте адам бостандығына деген теориялық және идеялық көзқарастардың бір-бірінен өзгешелігі бар, ал бұл экономикалық дамудың әр алуандылығына, қоғам белгілі бір философияның белең алуына байланысты. Адам бостандығы туралы әрқилы теориялар бар екені шындық. Ал бірақ, шынтуайтына келгенде, қоғамның қандай қағидаларға негізделгеніне, онда қандай әлеуметтік діни наным-сенімдер үстем болғанына қарамастан адам бостандығына деген бір көзқарас, ортақ тұжырымдама болуы тиіс. Жалпы құқық теориясына сәйкес құқықтың әрбір саласы басқа құқық салаларынан өзі реттейтін қоғамдық қатынас түрі, реттеу әдістері және құқықтық реттеу қағидалары арқылы ерекшеленеді. Сондықтан әрбір құқық саласын, соның ішінде еңбек құқығын меңгеру оның құқықтық санаттарын игеруден басталады [1] .

Адам бостандығына деген ортақ көзқарастың объективтік негізін құқықтардың өзіндегі жалпылық, негізгі құқықтардың жалпы адамзаттық сипаты құрайды. Жұрттың осы “жалпыға” әр түрлі тараптан (философиялық, діни, этикалық, таптық және т. б. ) келетініні рас, әйтсе де барлық көзқарастар соған келіп тіркеледі, сонда ұштасып, тоқайласады, осы мәнінде оны барша жұрт мойындайды, бұл олардың ортақ элементіне айналады. Жалпы қағидалар құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастардың дамуының мәнін білдіреді. Міне, сол себепті де еңбек құқығының жаңадан пада болған қағидаларын еңбек құқығының мәнді санаты ретінде қазіргі экономикалық және құқықтық реформаларға сәйкестіре зерттеу қажет. Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерде құқықтың мазмұны бірдей емес, бірақ бұл жүйелердің ұлттық сипаты құқық атауының жалпы адамзаттық мәнін, неғұрлым терең мағыналы жалпы адамзаттық, әлеуметтік мүдделер мен игеліктерді бүркемелеп, мансұқтамауы және әсіресе, аяқ асты етпеуі тиіс. Жалпы адамзаттықтың басымдығын мойындау - “адам құқықтарының ортақ тұжырымдамасы” бастау алатын тұс осы [2] .

Күні кешеге дейін адам құқығы мен бостандығы тар өрісті нормативтік мәнге ие болып келгенін, тіпті бұл ұғымның өзі теориялық тұрғыдан қатаң нормалар жиынтығы ретінде танылғанын, мемлекет адамның туабітті құқықтары болатынын қаперіне де алмағынын әлі ұмыта қойған жоқпыз. Ал мұның қандай сорақылықтарға апарып соқтырғанын Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2001 жылы қазанда өткен 8 сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жан түршігерлік фактілермен бұлтартпастай етіп дәлелдеп берді [3] . Онда, басқа деректермен қатар, ОГПУ-дің 1923 жылы ақпанда шыққан, Ленин қол қойған құпия пәрмені туралы айтылады. Бұл пәрменде ешқандай тергеусіз, сотсыз көздері құртылуға тиісті адамдардың тізімі беріліпті, олар:

“ . . . 1) Революцияға дейінгі саяси партиялардың барлық бұрынғы мүшелері; 2) монархиялық одақтар мен ұйымдардың барлық бұрынғы мүшелері; 3) тәуелсіз егіншілік одақтарының барлық бұрынғы мүшелері; 4) ежелгі аристократия мен дворяндардың барлық өкілдері; 5) жастар ұйымдарының барлық бұрынғы мүшелері және т. т. [4] .

Жалпы құқық салаларының, соның ішінде еңбек құқығының негізгі қағидалары басшы идеялар, негізгі ережелер ретінде ең әуелі елдің Ата заңынан бастау алады. Мәселен, біздің жағдайымызда бұл идеялар Қазақстан Республикасы Конституциясының “Адам және азамат” атты 2 бөлімінде азаматтардың құқықтары түрінде көрінеді [5] .

Адам құқығының жалпыға ортақ, абсолюттік сипатын мансұқтап, оған таптық тұрғыдан қараудың өкініші бітпес ащы сабақтары осындай. Сондықтан болашақта қоғамымыз қандай жолмен дамыса да, сол жолда қандай қиын-қыстауларға тап келсе де демократияны тұқыртып, адам құқықтарын шектеуге, азаматтардың ажырағысыз және бөлінгісіз құқықтарын, бостандықтары мен қадыр-қасиет қамтамасыз етуден ауытқуға еш болмайды. Зәрердей нәрседе адам құқығының басымдылығынан ауытқу кең құлашты өрескелдіктерге, заңсыздықтың ең бір сорақы түріне ұласуы кәдік. Адам құқығының сөзсіз, мызғымас түрдегі сақталуы иә бар, иә жоқ - мұның аралық сипаты, көлгірлік реңктері болуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Ата заңы адамның және азаматтардың мынандай негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарын бекітеді: әркімнің еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауы; қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайы; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алу; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу; ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы; демалу құқығы және т. б., құқықтар. Конституцияқұқық пен бостандықты қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-жақты реттеудің негізі болып табылады [6] . Бірақ конституциялық құқық адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды толық реттемейді, сондықтан олардың мазмұнын заңдардан, соның ішінде еңбек заңдарынан іздестіру керек [6] .

Адамның негізгі бостандықтары, оларды мемлекеттің мойындау-мойындамауына қарамастан, қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, адамның әр алуан материалдық және мәдени игіліктерге ие болуының әлеуметтік мүмкіндігі сипатында өмір сүреді. Адамның бостандығы дегеніміз оның қоғаммен қарым-қатынасының алуан айшығын бейнелейтін жалпы адамзаттық санат. “Адам бостандығы” санатының заңдық сипаты “адам-қоғам” байланысының “азамат - мемлекет” байланысына ұласуы түрінде көрінеді. Адам құқықтары тікелей әлеуметтік құбылыс ретінде көрінеді, оны шындықтың өзінен туатын нақты құқықтар немесе “табиғи құқықтар” десе де болады. Адамдар осы мағынада қабылдап, игерген тікелей әлеуметтік талап-тілектерден көрініс табады да құқықтық сана талаптары түрінде салт-дәстүр, ізгілік-имандылық нысанына киеді, заңдық құбылыс ретіндегі құқықтық әлеуметтік негізіне айналады. Адам бостандықтары құқықтық сана тетігі арқылы қоғамдық қатынастарды заңдық реттеуге, құқықтық шығармашылыққа және құқық қолданушылыққа тікелей ықпал етеді, сөйтіп, олардың табиғатына сай келетін қажетті идеологиялық нысанды талап ете отырып, оны тек ізгілік-имандылық, салт-дәстүр түрінде ғана емес, заңдық нормалар түрінде де, тиісті құқықтарды, бостандықтарды, міндеттерді заң жүзінде бекіту, оларды іске асырудың экономикалық кепілдіктермен тиянақтау түрінде де қамтамасыз етеді. Заңда, құқық нормаларында айтылған және бекіиілген жеке адам құқықтары құқық теориясында субъективтік құқықтар деп аталады. Адам бостандықтары азаматтардың іс жүзіндегі құқықтары болуы үшін, яғни мемлекет ішіндегі құқықтық нақтылыққа айналуы үшін ол ішкі оң (позативтік) құқықпен бекітілуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік ішкі құқық тұрғысынан алғанда адам бостандықтары дегеніміз халықаралық құқықта заң нысанында бейнеленген және жекелеген мемлекеттердің мойындауына байланысты, енді басқа деңгейдегі құқыққа айналған қоғамдық талаптардың дәл өзі. Өмір сүру, еңбек ету, бостандыққа, меншікке ие болу сияқты қарапайым адам құқықтары мемлекеттің мойындауына және заң жүзінде бекітілуіне қарамастан өмір сүреді, бірақ мойындалмаған және кепілдендірілмеген күйінде олар жүзеге аспай, тек игі тілек, жақсы ниет болып қала береді.

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз даму жолына түсуіне байланысты бізде де еңбек ету бостандығына қол жетіп, оның дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалды. Соның арқасында 1993 жылғы Конституцияның өзінде-ақ азаматтардың еңбек ету құқығы заңдастырылып, ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі ретінде бекітілді. Осыған орай мемлекеттік меншік пен жеке меншік түрлеріне жол ашылды, олар заң мен сот алдында тең деп танылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында бірталай еңбек құқықтары адам құқықтарының санатына жатқызылған. Әңгіме еңбек бостандығы және еңбекке мәжбүрлеуге тыйым салу, ешқандай кемсітусіз және ең төменгі мөлшерден кем болмайтындай етіп еңбекке ақы төлеу құқығы, еңбекті қорғау мен жұмыссыздықтан қорғау құқығы, жеке дара және ұжымдық еңбек дауларына деген құқық, соның ішінде ереуілге шығу құқығы, демалу құқығы, сондай-ақ жұмыскерлердің өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру құқығы туралы болып отыр.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары халықаралық және ұлттық құқық жүйелерінде, Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шартта, Экономикалық және мәдени құқықтар туралы халықаралық шартта бекітілген.

Халықаралық актілердің тікелей күші олардың құқықтық табиғатына байланысты, өйткені оларда адамның тікелей табиғи құқықтары тоғысқан.

Халықаралық құқықтық актілерде негізінен еңбек ету құқығы туралы сөз болады да еңбек ету бостандығы тікелей бекітілмейді. Дегенмен бұл актілердің негізгі мақсаты адамдардың еңбек ету бостандығына деген құқығын қамтамасыз етуден туындайды. Өйткені, еңбек ету бостандығы болмайынша, еңбек ету құқығы туралы сөз айтудың өзі мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясы 24 бабының 1-тармағында халықаралық актілер бойынша еңбек ету құқығының мазмұнына жатқызылатын құрам толығымен сақталған деп айтуға болады. Демек, еңбек ету бостандығы өзінің қағидасы, мақсаты мен мазмұны бойынша халықаралық құқыққа қайшы емес, қайта содан туындайды.

“Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституцияның құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді” деп атап көрсетілген Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңының кіріспе бөлімінде. Демек, Конституцияның 24 бабының 1-тармағында айтылатын әркімнің еңбек ету бостандығын жүзеге асырудың реттеу “Еңбек туралы” Заңға жүктеледі. Бұл Заң жеке тұлғаның конституциялық еңбек ету бостандығы құқығын жүзеге асырудың құқықтық тетігін бекітеді. Демек, адамқұқықтары мен бостандықтарының құқықтық табиғатын еңбек құқығы саласынан іздеу керек. Оның мәнісі олардың құқықтық табиғатын анықтау арқылы адамдардың соны тиісті дәрежеде пайдалануын, сондай-ақ оны жүзеге асру мен қорғауды қамтамасыз ету жүйесін, бұған қоса осы құқықтарды жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін еңбек туралы нормалары заң мен оның нормаларын жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Жалпы құқықтық мәртебенің құрамдас бөлігі болып табылатын әрі табиғи құқықтан туындайтын адамның еңбек мәртебесі халықаралық әмбебап актілерде бекітілген, еңбекпен реттеудің негізгі сипаттарымен белгіленген және ол еңбек жөніндегі арнаулы құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалған. Адамның халықаралық еңбек мәртебесі халықаралықеңбек мәртебесі халықаралық кеңестерде және конференцияларда қабылданған құжаттарда ашып көрсетіледі.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық шартта лайықты ақысы бар жұмыс түрін таңдау құқығы (6 бап), әркімнің әділетті және қолайлы еңбек жағдайларына деген құқығы (7 бап), өзінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғау құқығы (8 бап) бекітілген және соған орай мемлекет өзіне белгілі бір міндеттемелер алады да толық жұмыстылық саясатын қамтамасыз етеді. Көп елдерде, соның ішінде біздің елімізде де, бұл проблема лайықты шешімін тапқан жоқ әрі, оның үстіне, азаматтардың әлеуметтік және еңбек құққытарын халықаралық деңгейде жүзеге асырудың тетіктері жасалған жоқ.

Адам құқықтарының хартиясында: адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 7, 20, 21, 25, 26, 29 баптарында адамның еңбек құқықтары мен бостандықтары бекітіп бергеніне қарамастан бізде әлі күнге дейін адамның өз елінде мемлекеттік қызметке тепе-тең араласу, адамның өзінің және отбасы мүшелерінің лайықты өмір сүруін қаматасыз ететіндей қанағатты ақы алу құқығы іске аспай келеді. Бұл жайлар Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметінің негізгі қағидалары ретінде еңбек заңнамасында бекітілуі тиіс.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында тұжырымдалған міндеттерді орындауға барлық халықтар мен мемлекеттер ынталы болулары керек. Құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу ықпалдасу, оларды ұлттық және халықаралық прогресшіл шаралар арқылы қамтамасыз ету мемлекеттердің өз азаматтары алдындағы абзал міндеті ретінде аталады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шарттың 2 бабында мемлекеттің өз аумағы шегіндегі және өз үкіметіндегі барлық адамдарды құрметтеу және олардың Шартта көзделген, соның ішінде 8, 21, 22, 25 баптарда айтылған әлеуметтік, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету міндеті атап көрсетілген.

Халықаралық конференциялардың қорытынды құжаттарының көбінде өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын лайықты түрде мойындау мен құрметтеуді қамтамасыз ету, демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіптің, жалпыға ортақ береке-бірліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсатымен адам құқығына қойылатын шектеулердің егжей-тегжейлі тізбесі келтіріледі. Бұл норманың маңыздылығы оның әрбір егеменді мемлекетте конституциялық түрде бекітілуінен де көрінеді.

Қоғамның әрбір мүшесінің конституциялық еңбек ету бостандығынан туындайтын құқығы-адамның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтары мен бостандықтарының арасындағы ең бастысы, негізгісі. Демек, ол - еңбек құқығы мен еңбек заңдарының өсекті өзекті мұраты, басты ережесі. Осыдан келіп, еңбек ету бостандығы еңбекке байланысты қатынастарды құқықтық реттеуде басшылыққа алынатын негізгі қағида дейтін тұжырым туады.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құқықтық актілері адамның халықаралық еңбек мәртебесінің негізін құрайды. Жүйелік тұрғыдан келгенде ХЕҰ Конвенциялары мен Кепілдемелерін құқықтық реттеудің мән-мағынасына қарай бөлуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі
Заңды жауапкершілік
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық ережелер
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі
Халықаралық деңгейде адам құқығын қорғаудың құқықтық аспектілерін қарастыру
Экологиялық заңдарды бұзушылық бойынша казус
Құкық пен заң шығарушылық
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz