Шибан ұлысы


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Отандық тарих ғылымында соңғы жылдары үлкен серпіліс туындағанын көруге болады. Бұл әсіресе, ортағасырлық Қазақстан тарихының этносаяси тарихына қатысты зерттеулер екендігін атап өтуге тиіспіз. Солардың ішінде Жошы ұлысы, оның отан тарихындағы оны мен әкімшілік-саяси, этникалық құрылымына қатысты мәселелер жиі көтерілуде. Дегенмен, әлі де болса зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатқан мәселлер де жоқ емес. Сондай тақырыптардың бірі Шибан ұлысы. Алтын Орданың әкімшілік құрылымының бір бөлігі болып табылатын Шибан ұлысының аумағы қазіргі Батыс Қазақстан аумағына қатысты. Шайбан ұлысының құрылуы, аумағы, оның жалпы Алтын Орда көлеміндегі статусы, этникалық құрамын зертету бұған дейін де жалпалама түрде Алтын Орда тарихына қатысты зертеулерде көтерілді. Дегенмен, жеке зерттеу нысаны ретінде отандық тарихнамада қарастырылған жоқ.
Бұл ұлыстың тарихын мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттіліктерінің, ерте ортағасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахандар мемлекеттерінің, одан кейінгі Алтын Орданың, ал нақты түрде Ақ Орда мемлекеттерінің тарихымен байланыстырамыз. Мемлекеттердің атауы әртүрлі болса да, оларға ортақ нәрсе, бір территория мен сол территорияда өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани өмірлерінің ортақтығы жатты.
Отандық тарихнамада соңғы жылдары бұл бағыт бойынша үлкен сепріліс те туындап отырғандығын айтып өту қажет. Дегенмен соңғы жылдардағы тың зерттеулердің жетістіктерін ескере отырып, оларың әлі де болса жетімсіздігін атап өту қажет. Осы тұрғыдан алғанда тарих ғылымының көптеген мәселелерін өркениеттік тұрғыдан қарыстыру маңызды орынға ие болып отыр. Ортағасырлар кезеңіндегі этникалық қауымдастықтар мен мемлекеттердің қалыптасуының ортақ мәселелерін зерттеу отандық тарихнамадағы өркениеттік ұстанымға негізделген тың зерттеулерге незіделіп отыр. Әсіресе, зерттеушілердің арасында Жошы ұлысыны, соның ішінде Шайбан, Орда Ежен ұлыстарының тарихы үлкен қызығушылық туғызып келеді.
Шайбан ұлысын ХІV ғасырда билеген Болаттың екі ұлы Ибрагим мен Арабшах әкелерінен кейін ұлысты екіге бөліп, дербес басқарады. Олар жазда - Жайықтың жоғарғы ағысы бойында, қыста - Сыр бойында мекен етеді. Дерек беруші Әбілғазы Ибрагим мен Арабшахты бір-біріне көшіп-қонып араласты», - деп баяндайды. Жазба деректер Шайбан ұлысындағы екі иеліктің қай өңірде болғандығын нақты жазбаса да, оларды анықтауға болады. ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға қарап, оларға талдау жасай келе, Арабшахтың иелігі шайбан Ұлысының оңтүстік бөлігін, ал Ибрагимнің иелігі солтүстік бөлігін алып жатқан деген тұжырымға келеміз. Бұған дәлел ретінде Арабшахтың 3-4 ұрпақтары: Ядгар ханның, Берке сұлтанның иеліктерін ХV ғасырдың ортасында Сыр бойынан, ал Ибрагимнің немересі Әбілқайырдың иелігін солтүстіктегі Тобыл өзені маңынан кездестіреміз.
Әбілқайырдың әкесі қайтыс болғаннан кейін солтүстік бөлікте Сопы, одан кейін Жұмадық ханның билігі орнағанымен, олардың жарлығының солтүстік бөліктің барлық ұлыстарына жетпейді. Б. А. Ахмедов өз еңбегінде Әбілқайырдың билікке келуі қарсаңында Шайбан Ұлысында пайда болған жеке ұлыстарға Жұмадық ханның, Махмұд қожа ханның, Мұстафа ханның, Даулат-Шайх-оғланның, сондай-ақ Тура қаласы мен оған іргелес аудандардың бүркіт тайпасының көсемдері Адаб бек пен Кепек бектің билігі жүргендігін айтады.
Кез-келген мемлекеттің дамуының негізі - бір аумақта шоғырланған адамдардың ортақ идеялары, көзқарастары болып табылады. Бұл идеялар мен көзқарастар әр халықта әртүрлі болып келеді. Құндылықтар мен ұстанымдар жүйесі белгілі бір халықтың ғасырлар бойы қалыптасатын даму тарихымен тығыз байланысты. Іргелі идеялар мен қағидалар жүйесі кез келген халықтың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер сол халықтың ғасырлар бойы жүріп өткен тарихына қатысты қалыптасады. Қазақстанның мемлекеттік идеологиялық ұстанымдарының негіздері де біздің халқымыздың өткен тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан, шайбан ұлысының этносаяси тарихын зерттеу өзекті тақырыптардың қатарына жатады.
Мақсаты: XIV-XV ғасырлардағы Шайбан ұлысының этносаяси тарихының мәселелерін қарастыру.
Осыған орай, төмендегідей міндеттер айқындалды:
- Шибан әулеті және билеушілері туралы жазба деректердің
мәліметттерін талдау;
- Шибан ұлысының аумағы және статусы туралы мәселені отандық
тарихнамадағы «Ақ Орда», «Көк орда» концепциялары шегінде
қарастыру;
- Шибан ұлысы халқының қалыптасуы, ру тайпалық құрамы туралы
мәселлерде зерделеу;
- XV ғ. басындағы Шайбанидтердің иеліктері және Әбілхайыр ханның
билікке келуінің мәселелерін талдау;
- «Әбілхайыр хандығының» этносаяси тарихына талдау жасау;
- Ортаазиялық алғашқы шайбанилер немесе «шибандиттердің»
этникалық құрылымы туралы мәселелерді сараптау.
Деректік негізі: Ө ткен кезеңдер туралы тарихи білім, ең алдымен дерек көздері негізінде анықталады. Олардың алуан түрлілігі қоғам дамуы туралы біздің түсінігімізге өз әсерін тигізеді. Шайбан ұлысына қатысты деректер негізінен Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты әртекті тарихи деректерде өз көрінісін тапқан. Деректерді жіктеуді лингвистикалық, хронологиялық, әулеттік негізде немесе олардың туындауы қағидаттары арқылы жүзеге асыруға болады. Олай болса, біздің көз алдымызға моңғол, қытай, парсы, армян, араб, византиялық, орыс, латын, итальян, француз деректерінің кең спектрі жайылып сала береді. Алтын Орда бойынша деректер негізінен мемлекеттің саяси тарихы мен оның басқа мемлекеттермен қарым - қатынастарын қамтиды. Осындай сан-салалы деректер ішінде Шайбан ұлысына қатысты мәліметтер сақталған.
Бұл деректердің ішінде араб және парсы авторларының мәліметтері ерекше маңызды болып табылады. Олардың басым бөлігін өткен ғасырда шығыстанушы В. Г. Тизенгаузен [1] жинақтап басып шағарған болатын. "Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағының" бірінші бөлімі жарыққа 1884 ж. шыққан болатын және күні бүгінге дейін жалпы Алтын Орда, соның ішінде біз қараситырып отырған Шибан ұлысының өмірінің әртүрлі жақтарын зерттеуде өте маңызды құрал болып табылады. Араб авторларының көпшілігі Жошы ұлысына келмей - ақ, қажетті ақпараттарды дипломаттар мен саудагерлерден жинастыруы араб деректерінің кемшілігіне жатады. Сондықтан тарихи деректер сипаттайтын жалпы картина дұрыс көрсетілмеген немесе, тіпті қателіктерге бой алдырған. Соның өзінде археологиялық, дипломатиялық хаттар және т. б. дерек көздерін сараптай отырып тарихи болмысты ашып көрсетуге және толықтыруға болады.
"Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жиынтығының" II томы 1941 жылы жарық көрді [2] . Оның негізін парсы авторларының шығармаларынан үзінділер құрады. Бұл тарихи дерек көздерінде Алтын Орданың, Шайбан ұлысының саяси тарихында орын алған оқиғалар, оның билеушілері туралы жазылған еді.
Шайбан ұлысы мен Жошының бесінші ұлы Шайбанның өзіне қатысты мәліметтер Рашид-ад-Диннің "Джами ат-тауарих" еңбегінде моңғол ұлыстарының тарихын негізінде жан-жақты сипатталған. Еңбекте жаулап алынған моңғол билігіндегі аумақтардың әкімшілік құрылысы мен оны ұйымдастыру мәселелері бойынша көптеген салыстырмалы материалдар берілген. Алтын Орда құрамындағы Шайбан ұлысы туралы жалпы жағрафиялық мәліметтер XIV ғ. қатысты, ал мемлекеттің аумағын белгілеген алғашқы мәліметтер Карпини мен Рубрукке тиесілі. Плано Карпини мен Гильом Рубруктың [3] шығармаларында маңызды және құнды жағрафиялық, сондай-ақ әкімшілік-саяси ақпараттар жинақталған. Карпини мен Рубрук мәліметтерінің құндылығы Бату хан әскерінің 1242 ж. шегінісі нәтижесінде Орданың батыс шектерін анықтауға мүмкіндік берген еді.
Біздің тақырыбымыз үшін келесі бір деректер тобына - шайбанилық деректер жатады. «Тауарих-и гузида-йи нусрат наме» [4-5], «Фатх-наме» [6], «Шайбани-наме» [7], «Футухат-и хани» [8], «Маджму ат-тауарих» [9], «Түрік шежіресі» [10], «Шыңғыс-наме» [11] атты тарихи шығармалардағы мәліметтерде ХY ғасырдың бірінші жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақ, Моғолстан және Мауреннахр аумақтарында болған саяси оқиғалар, Шығыс Дешті Қыпшақтағы этникалық процестер, осы кезеңдегі тарихи тұлғалардың жеке өмірбаянына қатысты оқиғалар, хандар әулетінің шежіресі және тағы басқа көптеген мәселелер туралы баяндалады. Жалпы алғанда, шайбанилық деректер тобы Шайбан әулеті мен мемлекетіне қатысты жазба деректер ішіндегі ең басты, ең негізгі деректер қатарына жатқызылады.
Тақырыптың зерттелуіне келер болсақ Шайбан ұлысы мен оның тарихына қатысты зертеулер жалпы Алтын Орда тарихы, Ақ Орда тарихына қатысты, одан кейін ғана Орта Азиядағы XVI ғ. басындағы шайбанидтер әулетінің билікке келуіне қатысты зертеулерге байланысты көтеріліп, зерттелді.
Бұл тақырып бойынша Х. М. Френ, В. В. Григорьев, Ф. К. Брун, В. К. Трутовский, Н. И. Веселовский, П. Н. Милюков, Д. Ф. Кобеко, Л. Л. Голицын, С. С. Краснодубровский, Ф. Ф. Чекалин [12] және т. б. еңбектері белгілі. Лған тақрыпты зерттеу кеңестік кезенде де өз жалғасын тапты. Аталған кезеңге қатысты еңбектерде Алтын Орданың Шығыс Еуропа, Капказ, Сібір, Орталық Азия және Ресей халықтарының саяси, экономикалық, этникалық және мәдени дамуына тікелей немесе жанама ықпалы туралы баяндалады. Дегенмен, марксистік-лениндік әдістемесімен қаруланған бұл зерттеулерде Алтын Орда үстемдік еткен халықтар үшін басқыншы-жазалаушы болған, олардың даму үдерісін тоқтатып, шегіндірген деген сыңайда қорытындылар жасалады. Бұл қатардағы тарихи зерттеулерге А. Н. Насонов [13], Б. Д. Греков, А. Ю. Якубовский [14], И. П. Петрушевский [15], М. Г. Сафаргалиев [16], И. Б. Греков [17], К. А. Пищулина [18] және т. б. еңбектері жатады.
Алтын Орданың тарихнамасы XXғ. 90-шы жылдары Ресей ғылымының перспективті бағыттарының біріне айналды. Жетекші зерттеушілердің бірі татар ғалымы Мірқасым Усманов ортағасырлық мемлекеттің тарихын зерттеуде бірқатар мәселелерді қойып белгіледі. Алтын Орда тарихының әртүрлі аспектілерін зерттеуде заманауи және перспективалы тәсілдерді В. П. Костюков [19] ұсынып, пікірінше Жошы билігіндегі далалықтарды және одан тысқары бөліктерді жаппай "қыпшақтандырумен" қатар Қытайдан Мысырға дейінгі Алтын Ордадан тысқары аумақтардағы этникалық үдерістерге қыпшақтардың өздері де қатысты. В. П. Костюковтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар «Улус Шибан Золотой Орды» деген еңбегі ол қайтыс болғаннан кейін әріптестері Қазақ қалысында басып шығарды [20] .
Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы келесі ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады. Зерттеуші Қ. Өскенбай "Шығыс Дешті-Қыпшақты жаулап алу және оны моңғол империясының құрамына енгізудің аймақтық және одан арғы этносаяси тарихы үшін екі маңызды салдары болды. Моңғол үстемдігі жаулап алған халықтың этникалық формасы мен әлеуметтік-саяси құрылымын едәуір өзгертті және мұның өзі бүкіл этносаяси жағдайға күшті әсер етті; бастапқыда Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағымен шектелген Жошы ұлысының шекарасы шеңберіндегі халықтың саяси бірігуі жүзеге асты" [21, 17 б. ] .
Американдық ғалым Юлай Шамиоғлы [22] Алтын Орданың экологиялық және ауа райы мәселелерін зерттеу нысанына айналдырып, шын мәнінде Л. Н. Гумилевтің географиялық және экологиялық көптүрлілік идеясын жалғастырды. Бұдан басқа Юлай Шамилоғлының Алтын Орда қоғамының тайпалық құрылымның проблемалары бойынша тарихнамалық ізденістері қызықтырады. Шибан ұлысының тарихына қатысты кейбір мәселелер Б. А. Ахмедовтың «көшпелі өзбектер» мемлекетінің тарихына арналған зерттеулерінде көрініс берді [23] .
Ал, «кейінгі шибандықтар» туралы зерттеулер А. А. Семеновтың зерттеулерінде қарастырылды [24-26] . Ал, қазақстандық зерттеуші Б. Б. Кәрібаев шайбанилық деректер және Мұхаммед Шайбани ханның қазақстарға қарыс жорықтары туралы мақалларын жарияладым [27-29] .
Шайбан ұлысының тарихына араналған зертеулерге қысқаша қорытнды жасасақ, жоғарыда тап өткеніміздей Шайбан ұлысының тарихы жалпыАлтын Орда тарихы мен Орда Ежен ұлысының, яғни Ақ Орда тарихына қатысты қарастырлағна. Одан кейін ғана Әбілхайыр хандығы және Орта Азиядағы алғашқы Шайбанилік билеушілерге қатысты зертетулерге байланысты зерттелген. Тарихнамада әлі күнге дейін шайбан ұлысының статусы, оның аумағы және алғашқы билеушілеріне қатысты толықтай зерттеулер бар деп айтуға болмайды. Сондықтан, бұл болашақта зерттелуге тиісті тың тақырып.
Құрылымы кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімімен қатар, екі тараудан, әр тарау үш бөліктен тұрады.
- ШИБАН ҰЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, АУМАҒЫ ЖӘНЕ
АЛҒАШҚЫ БИЛЕУШІЛЕРІ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША
- Шибан әулеті және билеушілері туралы жазба деректер
Шайбан ұлысының негізін қалаған Шайбан туралы мәліметтер өте аз. Шибан Жошының бесінші ұлы. Жазба деректерге сүйенсек Шибанның көптеген әйелдерінен он екі ұл туылған, міне осы ұрпақ шайбанидтер әулетінің негізін қалады. Кейібір мәліметтерге қарағанда Шибан әкесі Жошының көзі тірісінде-ақ хан дәрежесін алған. Жошы Шығыс Дешті Қыпшақты өз иелігін алған кезеңде, 1226 жылы хан атанған. Әбілғазы Бахадұр ханның мәліметтері бойынша Шибан, өзге де ағаларымен бірге, мәселен Бату және басқа төрт ағасымен бірге 1231-1234 жылдары Қытайды жаулап алуға қатысқан [10, 56 б. ] . Бұдан кейінгі Шибанға қатысты мәліметтер он бес жылдан кейінгі оқғаларға байланысты айтылады. Бұлардың алғашқысы 1236 жылғы «батыс жорығына» байланысты. Рашид ад-Дин оның есімін моңғол әскеріні оң жақ қанатын басқарған, 1236 жылы күзде Бұлғар бойында кездескен әскер басшылары қатарында атайды. Шибанның есімі тізімде Батудан кейін екінші болып аталған. Махмұд Уалидің мәліметі бойынша Шибан осы әскердің оң қанатының бас қолбасшысы ретінде аталады. Бартольдің көретуінше Шибанның Батудан басқа үлкен ағалары Берке мен Беркешар батыс жорығына қатыспаған еді. Сондықтан да блар Рашид ад-Динде Шибан есімі Бату мен Орда Еженнен кейін айтылады. Плано Карпидиде де Жошы үлдарын осы ретпен келтіреді. Раши ад-Дин Шыңғыс ұрпақтарының ұрысқа жеке дара қатысуын қызықты факт ретінде келтіреді. Солардың бірі ретінде Шибанның жеке дара ұрыстарға қатысып, ерлігімен көзге түскендігін баса көрсетеді. Бұл Бұлғар мен Башқұртты жаулап алу кезінде болған еді. Шибен емсі жеті жылдық соғыс аяқталғаннан кейін екі рет әулеттік мәсллер сөз болғанда аталады. Ол 1246 жылы Күйікті хан көтергенде салтанақтқа қатысқандар қатарында айтылса, 1248 жылы Батудың қолдауымен Мөңкені хан сайлау туралы өткен құрылтайға қатысушы ретінде аталады.
Ж. М. Төлебаеваның еңбегінде Шайбан ұлысының тарихына қатысты деректерді талдауға арнайы көңіл бөліп, ХІІІ- ХІХ ғғ парсы тіліндегі қазақ тарихына қатысты жазба деректерді территориялық-уақыттық, типтік және тематикалық белгілер бойынша сыныптау оларды жүйелеуде өте тиімді деп есептейді де, алғашқы белгіге сүйеніп парсы тіліндегі жазба деректерді - хулагулік, делилік, селжұқтық, жалайырлық, темірлік, шайбанилық, бабырлық, сефевилік, аштарханилык, бұхарлық, қоқандық деректер тобы деп топтастырады [33, 10 б. ] . Одан әрі ол әрбір топтағы деректерді типтік белгілеріне қарай нарративті және құжатты шығармаларға жатқызып, жиі кездесетін нарративті шығармалардың өзін түріне қарай - анналдар (әр жылда болған маңызды оқиғалардың қысқаша жазбасы) ; тарихи оқиғалар; мемуарлар; өмірбаяндар; тарихи-әдеби шығармалар; тәлім-тәрбиелік мазмұндағы трактаттар деп жіктейді [33, 10-18 бб. ] . Бір тілде, бірақ әр түрлі тарихи кезең мен әртүрлі әулет билігі тұсында жазылған жазба деректерді Ж. М. Төлебаева ұсынып отырған белгілер бойынша сыныптау өте тиімді. Ал егер Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты жазба деректер әр тілде, әр аумақта, әр түрлі әулеттер тұсында жазылса, кейбір деректердегі мәліметтер өте аз, әрі қысқа және үзік-үзік болса, оларды қалай топтастыруға болады? Мысалы, ХІІІ-ХY ғасырлардағы араб авторларының шығармаларындағы Алтын Орданың тарихына қатысты мәліметтерді, ХІІІ-ғасырдың 40-шы жылдарындағы «Монғолдың құпия шежіресіндегі» мәліметтерді, сондай-ақ армян деректеріндегі Алтын Ордаға қатысты жазба дерек мәліметтерін қандай белгіге сай топтаймыз? ХІІІ ғасырдағы европалық В. Рубруктың, Плано Карпинидің, Марко Полоның еңбектеріндегі мәліметтерді қандай топқа жатқызамыз? Ал халық ауыз әдебиетіндегі тарихи аңыз-әңгімелер, батырлық жырлар мен дастандар, шежірелер қалайша топтастырылады және сыныпталады?
Жалпы, Қазақ хандығының құрылуы ХY ғасырдың орта шенінде жүзеге асқан қазақ тарихындағы аса маңызды оқиға болса, оның саяси алғышарттарына ХІY-ХY ғасырлардағы, ал этникалық алғышарттарына ХІІІ-ХY ғасырлардағы тарихи дамулар мен процестер жатады. Осы аралықтағы тарихи дамулар барысы тек жазба ескерткіштерде ғана емес, сонымен бірге ауыз әдебиетінде де көрініс тауып, бейнеленген. Сол себепті де біз қарастырып отырған мәселемізге қатысты дерек мәліметтерінің барлығын екі үлкен топқа бөлеміз. Бірінші топ - барлық жазба деректеріндегі мәліметтер, ал екінші топқа ауыз әдебиетіндегі мәліметтер жатқызылады.
Бірінші топтағы жазба дерек мәліметтеріне келсек, оларды тілдік, аумақтық және территориялды-уақыттық немесе әулеттік принциптерге сай бөліп қарастыруға болады. Тілдік принцип бойынша араб, армян, орыс, монғол, түрік, тілдерінде жазылған деректер осы тілдердегі деректер тобын құрайды. Ал аумақтық принципке сай В. П. Юдин, Ж. М. Төлебаева айтып өткен хулагулік, темірлік, шайбанилық, шағатайлық, аштарханилық әулеттер билігі тұсында жазылған тарихи шығармаларындағы мәліметтер осы аталған әулеттердің деректер тобына жатқызылады.
Төменде осы принциптер бойынша топтастырылған деректер тобындағы әр жазба ескерткішке, оның мәліметтеріне тоқтап, ол мәліметтердің Қазақ хандығының құрылу тарихын қаншалықты көрсететініне, олардың маңызына сипаттама берелік.
Шайбан әулеті туралы жазба деректердің бюасында авторы белгісіз деп саналытын «Тауарих-и гузида-йи нусрат-наме» еңбегі тұр. Бұл деректі көптеген зерттеушілер Мұхаммед Шайбани ханның өзі жазған есептйді. Бұл деректе мынадай сипаттағы мәліметтер кездеседі:
1) XY ғасырдың бірінші ширегінде Әбілқайырды қолдаған ру-тайпа көсемдері туралы;
2) 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі жеңілістен соң Әбілқайыр ханның 3 жасар немересі Махмуд бахадур-сұлтанның Өз Темір тайшыға тұтқынға түсуі туралы;
3) Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Шибан әулетінің жағдайы туралы;
4) Әбілқайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрескен саяси күштердің жетекшілері туралы [30, 16-20 бб. ] .
Шайбанилық деректер тобындағы келесі еңбекке - Шәді молданың дастан түрінде жазылған «Фатх-нама» атты еңбегі жатады. «Фатх-наме» ХYІ ғасырдың басында, шамамен 1505 жылы жазылған. Ж. М. Төлебаеваның көрсетуі бойынша дастан Шибани хан дүниеге келген 1451 жылдан оның 1501 жылы Самарқан тағын иемденгенге дейінгі Дешті Қыпшақ, Хорезм және Мауереннахрдағы жағдайларды баяндайды [30, 89 б. ] . «Фатх-наменің» біздің тақырыбымызға қатысты мәліметтері «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» мәліметтерімен ұқсас, дегенмен де ол деректе тек өзіне ғана тән құнды мәліметтер айтылады.
1) Әбілқайыр ханның қайтыс болуынан кейін шайбанилық әулеттің өкілі Йадгар ханның таққа отырғандығы;
2) Буреке сұлтанның Cыр бойында Жүніс ханмен шайқасы;
3) Сол кездерде Мұхаммед Шейбани ханның 16 жаста болып, Иадгар ханнан сыйлық алғаны;
4) Иадгар ханнан кейін билікке Әбілқайыр ханның ұлы Шейх Хайдардың келуі:
5) Қарсы күштердің Иадгар ханды өлтіруі [30, 53-57 бб. ] .
Шайбанилық топтағы келесі дерекке Бинаидың «Шайбани-наме» және «Футухат-и хани» («Ханның жаулаушылықтары») атты еңбектері жатады. Бинаидың екі шығармасының мазмұны да, оқиғалардың хронологиялары да ұқсас. Соған байланысты Б. А. Ахмедов былай деп жазады: « . . . Футухат-и хани», «Шайбани-наменің» алғашқы нұсқасы «Көшпелі өзбектер» басшысы мен оның айналасындағыларға бірінші нұсқаның тілі мен жазылу стилі ұнамай, оны өте қарапайым, түсінікті ету үшін екінші нұсқа «Шайбани-наме» деген атаумен жазылған» [23, 21 б. ] . Ондағы көптеген оқиғалар бұған дейін айтылған шайбанилық деректерде қайталанады.
Шайбанилық деректер ішіндегі біздің тақырыбымыз үшін мәліметтері өте құнды боп есептелетін келесі туындыға «Михман-наме-йи Бұхара» («Бұхара қонағының жазбалары») атты еңбек жатады [31. ] . Ибн Рузбиханның еңбегі 1509 жылы Мұхаммед Шейбани ханның қазақтарға қарсы жасаған үшінші жорығы кезінде жазылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz