Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы


қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
ЭКОНОМИКАЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қаржы» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
кафедрасының
меңгерушісі, э. ғ. к., доцент
Арзаева М. Ж
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы:
«Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы»
050509-«Қаржы» мамандығы
Орындаған:
Қуанова Г
(қолы, күні )
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Турлыбекова А. Ж
(қолы, күні )
Норма бақылаушы: Садыханова Д. А
аға оқытушы (қолы, күні )
Алматы, 2011
КІРІСПЕ
Қаржылық стратегияны жүзеге асырудың негізгі механизмі оперативті қаржылық жоспарлар болып табылады. Оперативті жоспар кәсіпорын қызметінің ағымдағы басқарылуын қамтамасыз етуге арналған. Олар, кәсіпорында қалыптасқан қаржы саясаты, тактикалық шешімдер мен ережелерге сай, кез келген мерзімге жасалуы мүмкін.
Жалпы мағынада, стратегия- бұл мақсаттар және оларға жету құралдарын таңдау; бұл - серіктестер мен ресурстарды таңдаудың; өндіріс факторлары нарықтарындағы іс - әрекеттер ережелерін және төлем қабілетсіздігінің алдын алу жолдарын таңдау. Соңында, стратегия кәсіпорынның бәсекелестік статусы, оның қоғамдағы дәрежесі, оның имиджі, республикадағы және әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы.
Корпоративтік стратегия - диверсификацияланған компанияның жалпы басқарушылық жоспары, яғни бизнестің бірнеше сферасында қызмет жасайтын компанияларда (мысалы концерндер мен конгломераттарда) болады. Ол компанияның әр түрлі салалардағы жағдайын нығайтуға бағытталған іс-әрекеттер мен компанияның - бизнес түрлерінің топтарын басқаруға пайдаланылатын амалдар мен тәсілдерден тұрады.
Сонымен, «стратегия» - бұл корпорацияға теңгермешілік пен өсудің жалпы бағытын қамтамасыз ететін жүйлі амалдар жиынтығы. Стратегия - кәсіпорынның бәсекелестік статусы, оның қоғамдағы дәрежесі, оның имиджі, республикадағы және әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы.
Тақырыптың өзектілігі. Корпорацияның қаржылық өсуін қамтамасыз ету үшін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландырудың көздерін ескеретін тиісті қаржы стратегиясы қажет.
Қаржы стратегиясы кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттердің басты жоспары.
Ол қаржыларды қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін, оларды жоспарлау және қамтамасыз ету мәселелерін, нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешуді қамтиды. Қаржылық стратегияның теориясы шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайларының объективті заңдылықтарын зерттейді, қаржылық стратегиялық опрецияларды дайындау және жүргізу әдістері мен нысандарын жүзеге асырады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы оның қызметінің барлық жағын қамтиды, оның ішінде-негізгі және айнымалы қаражаттарды оңтайландыру, пайданы бөлу, қолма-қолсыз есеп айырысулар, және баға саясаты, құнды қағаздар сферасындағы саясат.
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты. Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасын ұйымдастыру, қаржылық стратегиясы мен тактиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін, бұл қызметтің кейбір мәселелері және оны жетілдіру жолдарын ұсыну, нарықтағы корпорацияның рөлін анықтау болып табылады.
Жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсатқа жету барысында мынадай бағытта зерттеулер қарастырылады:
- Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасын ұйымдастырудың негізі, ұйымдастыру ерекшеліктері;
- Корпорацияның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау;
- Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасын жургізуде кездесетін мәселелерді анықтап, оны жетілдіру, дамыту жолдарын ұсыну.
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы зерттеу жұмыстың объектісі , ал субъектісі ЖШС «МедСнаб» корпорациясының болып табылады.
Зерттеу жұмысының, теориялық және әдістемелік негізінде: Отандық және шет ел мемлекеттерінің оқулықтары мен оқу құралдары, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілері мен ережелері, сондай - ақ ЖШС «МедСнаб» корпорациясының практикалық ақпараттары мен мәліметтері пайдаланылған.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасының мәні мен түрлері, ерекшеліктері қарастырылған. Қаржы-несие шешімдерін қабылдаудың математикалық негіздері берілген. Екінші бөлімде ЖШС «МедСнаб» корпорациясының тәжірибесі негізінде қаржы - шаруашылық қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне және ЖШС «МедСнаб» корпорациясының қаржысын басқаруды бағалауына талдау жұмыстары жасалған. Үшінші бөлімде Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасының проблемаларын шешу жолдары және оны дамыту жолдары қарастырылған.
1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Корпорацияның стратегиясы мен тактикасы
Корпорацияның қаржы шаруашылық қызметі және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т. б. Экономика саласының немесе жеке бір корпорацияның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды, процестерді және сонымен байланысты корпорация қаражатының қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.
Корпорация (латын сөзінен алғанда) - тап немесе маманданған мүдделермен біріккен қоғамдастықты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр. [3]
Корпорация - бұл профессионалдық қызығушылықтарының жалпы ұқсастығы біріктіретін тұлғалар тобы, серіктестік екенімен келісе отырып, «корпоративті» деген термин толығымен корпорацияға қатысты және оңашаланған, тар топқа арналған қызығушылық позициясы тарапынан түсіндіріледі деп айта аламыз. Соған сәйкес, бұл жерде нарықтық экономиканың кез келген саласында қызмет атқаратын, ерекше қызығушылыққа ие ірі кәсіпорын жеке қаржылық нәтижелерге қызығады және тек бұл ғана емес. Осы ірі кәсіпорындардың (серіктестіктердің) құрушылары тұрақтылыққа өте қызығады және корпорация мүшелерінің меншігі акционерлік капиталдағы үлесіне сай келетінімен бекітіледі. Осылайша, сірә біздің нарықтық экономикадағы тәжірибеміз үшін және зерттеу теориясында «корпоративтік қаржылар», корпоративтік кіріс салығы (салық заңдары), корпоративті басқару (қаржылық менеджмент) деген түсініктер қалыптасты.
Ал енді кейбір экономист ғалымдардың пікірлеріне көз салатын болсақ:
Ван Хорн корпорацияға келесідей анықтама береді: «Корпорация - бұл заңды негізде құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуге және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар».
С. Росс бұл ұғымға келесідей түсініктеме келтіреді: «Корпорация - құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалар болатын дербес жеке тұлға ретінде құрылған бизнес түрі».
Ал, В. Г. Золотогоровтың сөздігінде былай көрсетілген, корпорация (латынша согрогатіо - бірігу, қауымдастық, одақ) - меншікті (капиталды) ұжыммен бірге басқаруға арналған, меншіктіліктің акционерлік формасы. Бірақ та, бұл түсінікке шаруашылық серіктестіктер секілді қызметтің ұйымдық-құқықтық формалары әрқашан сай келе бермейді, себебі олар әрқашан да бірігу негізінде (одақ, қауымдастық) құрыла бермейді, керісінше, көбіне оның құрушысы болып жеке тұлға табылады (заңды және жеке тұлғалар) . Қазіргі уақытта, ұсақ және орташа кәсіпорындар шаруашылық серіктестіктер формасында құрылған. В. Г. Золотогоров, нарықтық экономикалық мемлекеттердің тәжірибесі бойынша, корпорация - ірі өндірісті басқарудың мейлінше кең тараған түрі деп атап өтеді. Соның нәтижесінде, жалпы ұлттық өнім өндірісінде үлкен орын алатын ірі кәсіпорындардан үлгі алған шаруашылық субъектілерінің қызметі корпоративті формаға ие болады. Соның ішінде, корпорациялар жайлы айта келіп, біз өндіріспен айналысатын және коммерциялық қызмет атқаратын, жеке меншік формасына тәуелді емес кәсіпорындарды ойға аламыз.
Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырыла отырып, өздерін шаруашылық субьектілердің өзіндік және ерекше түрі ретінде көрсетеді. Корпорация унитарлы акционерлік компания ретінде сирек кездеседі, негізінде, әр кәсіпорын өз қызметін атқаратын, өз ісі бар, бір құрылымға бекітілген кәсіпорындардың күрделі жүйесі түрінде кездеседі. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады:
Біріншіден , қолда бар акциялар нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акцияларын қор нарығында сатылады және сатып алынады.
Екіншіден, акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың өздерін-өзі басқаруымен қызмет атқаратын заңды тұлға ретінде көрсетуінде.
Үшіншіден, акционерлік қоғамдар өндірістік және коммерциялық қызмет мақсатында ұйымдастырылады.
Төртіншіден , қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді.
Олар едәуір қосымша құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды, қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады, үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық технологияларды қолданады.
Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын құрайды. Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың әр түрлі және қазіргі заманның талаптарына сай технологияларын қолданады. [5]
Сонымен қатар, ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы түріндегі корпоративті қаржылар - компания мен экономиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанадағы әр түрлі ішкі және сыртқы қарым-қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын құру, бөлу және пайдалану процесінде пайда болады. Корпоративті қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері - олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне жауапкершілігі шектеулі емес өз атынан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие. Сондай-ақ, корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен расталады, мұндағы әр акция иеленушіге акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі тиесілі.
Келесі бір артықшылығы - акцияларды өзге тұлғаларға беруге болады. Сонымен қатар, акция иелері өз акция пакетін басқа инвесторларға сатып, корпорациядан шыққанымен корпорация өз қызметін тоқтатпайды.
Сонымен, бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде корпорацияның негізгі артықшылықтары болып келесілер табылады: меншік құқығын иелену және жаңа акция пакеттерін эмиссиялау көмегімен салыстырмалы түрде аз уақытта қосымша ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық индустриалды дамыған елдерді корпоративтік қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын қаржы нарығында іске асырылады.
Қазіргі заманауи нарықтық экономика жағдайда әрекет ететін корпорациялардың келесідей типологиясын жасауға болады:
1. Классикалық корпоративті құрылым меншік пен басқаруға анық шек қоюмен, компания иелерін жалданған жұмысшыларға қарсы қоюмен сипатталады. Даму барысында оны ұйымдастырудың формалары жетілдендіріле берді. Бұл - айтарлықтай бастапқы қоры бар, қызметкерлер құрамы үлкен, материалды өнім өндіру саласында әрекет ететін өнеркәсіптік кәсіпорын.
2. Эстетикалық құрылым: басты меншік иесі мен ұйымдастырушы-мемлекет. Мұндай корпорацияның мақсаты - өндірістің максималды нәтижелілікке жету емес, алдыға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру. Ол тоталитарлы режим кезінде болған немесе тапсырмаларды ұлттық экономика ауқымында шешу үшін жасалатын болған.
3. Креативті құрылым: оның жұмысы ішкі ұмтылысты және құрушылар үлгісін жүзеге асыруға бағытталған, экономикалық тұрғыдан қолайсыз болуы мүмкін; бір немесе бірнеше шығармашылық тұлғалармен құрылады және жоғары сұранысқа ие өнімдерді өндіру немесе ақпараттық технологиямен байланысты қызмет көрсету саласында әрекет етеді.
Қаржылық жоспарлау - қаржылық стратегия мен тактиканы жүзеге асыру құралы.
Қаржылық стратегияны жүзеге асырудың негізгі механизмі оперативті қаржылық жоспарлар болып табылады. Оперативті жоспар кәсіпорын қызметінің ағымдағы басқарылуын қамтамасыз етуге арналған. Олар, кәсіпорында қалыптасқан қаржы саясаты, тактикалық шешімдер мен ережелерге сай, кез келген мерзімге жасалуы мүмкін. [1]
Аталып өткендей, қазіргі заманда қаржылық жоспарлаудың рөлі орталықтан басқарылатын экономика тұсындағы қаржылық жоспарлауға қарағанда өзгерістер түсті. Кәсіпорындардың өздері бүгінгі және болашақтағы қаржылық жағдайын нақты анықтауға мүдделі. Бұл, ең алдымен шаруашылық қызметте жетістіктерге ие болу үшін, екіншіден, бюджет, әлуметтік қорлар, банктер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелерін дер кезінде орындау үшін қажет.
Батыс елдерінде қаржылық жоспарлау табыс алуға және компанияның тауарлар мен қызметтер нарығындағы позициясын сақтап қалуға бағытталған. Бұл жердегі табыс - салық салудан кейін кәсіпорын билігінде қалатын таза табыс. Сондықтан қаржы жоспарларын жасауда кәсіпорын басшылығы салық ауыртпалығын және оны төмендету мүмкіндіктерін ескеруі тиіс.
Атап өткендей, қаржы стратегиясы қаржылық жоспарлау арқылы жүзеге асады. Сондықтан қаржы стратегиясының нәтижесі қаржылық жоспарлаумен тығыз байланысты.
Стратегиялық басқару және жоспарлау әдістерінің дамуы және қолданылуы біздің елімізде соңғы 5 жыл ішінде макро, микро деңгейде жүргізілді.
Алайда стратегиялық басқару және жоспарлау жүйесін енгізу жолында бірқатар күрделі мәселелер туындап отыр, атап айтқанда:
- Заңнамалық негіздің болмауы;
- Ғылыми-методикалық негіздің болмауы;
- Жоғары квалификациялық мамандарды даярлаудың ғылыми-оқытушылық негіздің болмауы.
Бұл мәселелердің шешілуі кәсіпорын дамуының экономикалық, оның ішіндегі қаржылық стратегиясының қалыптасуына сапалы өзгеріс енгізеді. Ол Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен дамуына жетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі нарықтық жағдайда кәсіпорынның қызметін сәйкес стратегиясыз елестету мүмкін емес.
Қазіргі таңда бизнес саласында стратегия бұл:
- Кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттарына жетудегі ұйымдастырушылық - экономикалық шараларының жүйесі;
- Ұйымның мүмкіндіктерінің, мақсатарының және жұмысшылыр мүдделерін үйлесуін қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметінің басты бағыты;
- Басты мәселелер мен негізгі мақсатқа жетуге қажетті ресурстарды анықтайтын іс- әрекеттер бағдарламасы (стратегиялық жоспар) ;
- Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығына жетудегі тиімді іскерлік тұжырымдамасы;
- Мақсаттарға жету құралы;
- Болашақты зерттеу, кәсіпорын дамуының мүмкін жолдарын талдау;
- Мақсаттарды анықтау және оларға жету үшін тиісті саясатты қалыптастыру;
- Кәсіпорынның жұмыс істеуіне қажетті перспективалы бағдарлардың жиынтығы.
Жалпы мағынада, стратегия - бұл мақсаттар және оларға жету құралдарын таңдау; бұл - серіктестер мен ресурстарды таңдаутаң; өндіріс факторлары нарықтарындағы іс - әрекеттер ережелерін және төлем қабілетсіздігінің алдын алу жолдарын таңдау. Соңында, стратегия кәсіпорынның бәсекелестік статусы, оның қоғамдағы дәрежесі, оның имиджі, республикадағы және әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы.
Нысаны бойынша стратегия - бұл графиктер, кестелер, суреттемелер, т. б. түрінде көрініс табатын басқару құжаттарының түрлері.
Мазмұны бойынша стратегия - бұл іс - әрекеттер моделі ұйым мақсаттарын жетудің құралы.
Стратегия тек өндірістік, ғылыми - техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер мен ұзақ мерзімді мақсаттарды енгіздеу, жасау және жүзеге асыру құралы ретінде ғана емес, анықталған мақсаттар мен мәселелерге қол жеткізгенге дейінгі ұйымның қызметін реттеуші фактор ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның сыртқы нарықтық ортамен байланыс құралы болып табылады.
Диверсификацияланған кәсіпорындарда стратегиялар төрт ұйымдастырушылық деңгейде жасалады. Бірінші деңгейде компания мен оған тиесілі бизнестерге арналған жалпы стратегия жасалады (корпоративтік стратегия) ; екіншіден компания әрбір бизнеске жеке стратегия жасалады (бизнес стратегиясы) ; үшіншіден бизнес ішіндегі әрбір функционалды қызметке арналған стратегия ( функционалды стратегия) жасалады, оларға өндірістік стратегия диверсификацияланған, маркетинг стратегиясы, қаржылық стратегия және т. б. жатады. Төртінші деңгейде негізгі жұмыс бөлімшелеріне: өндіріс, сауда учаскелері мен аймақтарына, функционалды қызметтердегі бөлімшелерге арналған шағын стратегиялар жасалады (оперативті стратегия) .
Корпоративтік стратегия - диверсификацияланған компанияның жалпы басқарушылық жоспары, яғни бизнестің бірнеше сферасында қызмет жасайтын компанияларда (мысалы концерндер мен конгломераттарда) болады. Ол компанияның әр түрлі салалардағы жағдайын нығайтуға бағытталған іс-әрекеттер мен компанияның - бизнес түрлерінің топтарын басқаруға пайдаланылатын амалдар мен тәсілдерден тұрады.
Диверсификацияланған компанияның корпоративтік стратегиясы инициативаның төрт типін қамтиды.
- Диверсификацияның бірінші мәселесі-компанияның бизнес портфелінің мазмұны қандай болу керек және жаңа бизнесті құрастыру арқылы басқа салаларға ену керек пе әлде басқа компанияны сатып алған тиімді ме? Корпоративтік стратегияның бұл бөлігі бірнеше салаларға тар диверсификация немесе көптеген салаларға кең диверсификация жүзеге асатынын көрсетеді және әрбір мақсатты саладағы компанияның жағдайын анықтайды.
- Компания диверсификацияланған бизнестердің жалпы өндірістілігін ұлғайтуға бағытталған іс әрекеттерді ынталандыру.
Таңдалған салаларда өзінің жағдайын орнатқаннан кейін корпоративтік стратегияның қалыптасу процесі бизнес портфелінің жоғары өндірістілігіне жету жолдарына бағытталады. Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияларды және компания инвестицияланған бизнес түрлерінің табыстылығын нығайту жайында шешімдерге қол жеткізу керек.
- Бәсекелестік қабілеттілікті арттыру үшін тектес бизнес түрлерінің байланысына жету жолдарын іздестіру.
Егер компания өндірістік сипаттамалары, қайта бөлу каналдары, ортақ тұтынушылары, тектес технологиялары немесе басқа да қарым - қатынастары жағынан ұқсас бизнеске диверсификацияланатын компания үшін қол жеткізбейтін, бәсекелестік потенциалға ие болады. Туыстас диверсификация квалификацияны тасымалдау, тәжірибені немесе өндірістік қуаттарды бірге пайдалану мүмкіндіктерін береді. Осының барлығы бәсекелестік артықшылықты иеленудің маңызды көзі болып табылады.
- Инвестициялық басымдылықтарды анықтау және корпоративті ресурстарды тартымды бизнес түрлеріне бағыттау.
Диверсификацияланған компанияның құрамына кіретін бизнестің сан алуан түрлерінің тартымдылығы, қосымша қорларды инвестицялау тұрғысынан алғанда, бірдей емес. Стратегияны қалыптастыру процесінің бұл бөлігі басымдылықтар туралы шешімдерді қабылдау, яғни кейбір бизнес түрлеріне капиталды инвестициялауды және потенциалы жоғары салаларға ресурстарды бағыттау мен потенциалы төмен салалардан ресурстарды алуды қамтиды. Корпоративтік стратегия әрдайым төмен көрсеткіштерге ие немесе тартымсыз салаларда жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерден бас тарту қамтиды.
Корпоративтік стратегия басқарудың жоғарғы деңгейінде қалыптасады. Корпоративтік стратегияның жасалуына жауапкершілік және басқарудың төменгі деңгейлерінен түсетін ұсыныстарды бағалау корпорацияның жоғарғы басшыларына жүктелген. Маңызды стратегиялық шешімдер компанияның директорлар кеңесімен зерттеледі және қабылданады.
Бизнес стратегиясы термині бизнестің бір түрін басқару жоспарын білдіреді. Бизнес стартегиясы қызметтің нақты бір түрінің тиімді еді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған, басшылықпен жасалған амалдар мен іс-әрекеттерді сипаттайды. Бизнестің бір ғана саласында жұмыс істейтін компания үшін корпоративтік стратегия мен бизнес стратегиясы бірдей, себебі стратегия бизнестің бір түрінің қажеттіліктерімен қалыптасады. Корпоративтік стратегия мен стратегиясының бөлінуі тек қана диверсификацияланған компанияда көрінеді. [2]
Бизнес стратегиясы нарықтық күштер, экономикалық тенденциялар мен даму, тұтынушылардың қажеттіліктері мен демогорафиялық жағдай, жаңа заңнамалық және әкімшілік талаптар, сондай-ақ басқа сыртқы факторлар тарпынан басшылар тиімді деп санайтын барлық жаңа іс-әрекеттер мен амалдарды қамтиды. Жақсы стратегия сыртқы жағдайда максималды сай келуі керек, ал егер сыртқы ортада айтарлықтай өзгерістер болып жатса, стратегияны нақты қажеттілікті ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Әрине, кейбір сыртқы өзгерістер елеулі емес немесе өзгерістерді мүлдем қажет етпейді. Кейде сыртқы жағдайлардың өзгеруі қиын стратегиялық кедергілерді тудырады, мысалы темекі өндірушілер шылым шегуге қарсы компанияның кең етек алуына байланысты қатаң жағдайға ұшырады.
Бизнес стратегиясы тек қана осы компанияға және оның ішкі жағдайына тән айрықша стратегиялық мәселелерді шешу бойынша іс-әрекеттер жоспарын қамтиды.
Бизнес стратегиясы үшін жауапкершілік оның басшысына тиесілі болады. Тіпті бизнес басшысы стратегияны қалыптастыру ісіне тікелей қатыспаса да, стратегия мен оны жүзеге асырудың нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады. Бизнес басшысы бұл бизнестің басты стратегия ретінде тағы екі сала үшін жауап береді. Біріншіден, ол бизнестің әрбір негізгі функционалды қызметінің стратегиялары жасалып, олардың бір-біріне қарсы келмеуіне жауап береді. Екіншіден, қажет болған кезде жоғарғы басшылық тарапынан негізгі стратегиялық іс-қимылдарды жүргізуге келісімін алуды және басты жетістіктер, жоспардан ауытқулар және стратегияны қайта қарау жайлы хабарлап етіп отыру керек. Диверсификацияланған компанияларда бизнестің басшылары, бизнестің стартегияларымен мақсаттары корпорацияның стратегиялары мен мақсаттарына сай келуін бақылау сияқты қосымша міндеттерге де ие болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz