Аудит туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе.

1. 1. Аудиттің пайда болу тарихы.

  1. Негізгі бөлім.

2. 1. Аудиттің стандарты және нормативтері.

2. 2. Аудиттің концепциясы мен постулаттары.

3 . Қорытынды.

3. 1. Аудиттің мәні мен атқаратын ролі.

Кіріспе.

Кейбір авторлар аудиттің пайда болу тарихын бухгалтерлік есеп қалыптасу кезеңіне жатқызады. Ал кейбір авторлар аудит 18 ғ. пайда болған дейді. 1973 ж. Шотландияның орталығы Единбургке арналған адрестік кітапшада аудиторлардың есімі аталған. Осыған сүйене отырып, авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде Шотландияда 19 ғ. орта шенінде пайда болған деген ұғымға келді. Аудиттің одан әрі дамуына 1862 ж. Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізеді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен отчеттарын ең аз дегенде жылына 1 рет аудиторлық тексеру қажет деген. Бұл акционерлік қоғамының отчеттарына объективті баға беруді талап етілген және кәсіпорының қаржыларың нақты жағдайларын, оның шындығы жөнінде анық мәліметтерді белгілі бір уақытта алуына көмектескен.

Аудиторлық қызмет нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде тезірек дамыған. АҚШ-да аудиторлар жұмыс Британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 ж. Нью-Йорк штатының заңды органдары аудиторлық қызметін реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған. Осы мәселелерді шешуде бухгалтерлік есептің және экономикалық ақпараттардың атқаратын рөлі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп субъектінің мүмкіндігін жорамалдап, одан әрі дамуына көмектеседі.

Аудиторлық қызметтерінің пайда болуына төмендегідей жағдайлар әсер етуі мүмкін:

1. серіктестік, бірлестік немесе кәсіпорынның операциялары сансыз көп және күрделі болуы мүмкін. Осыған байланысты қажетті ақпараттарды өз бетінше ала алмайтындықтан, олар аудиторлық қызметті керек етеді.

2. қаржы ақпаратын пайдаланушылар бірлестіктің есеп көрсеткіштерін өз бетінше көруге рұқсаты болмайды. Сол себепті олар аудиторлық қызметке мұқтаж.

3. аудиторлар арқылы алынған ақпараттар, олардың толықтығы және анықтығы клиенттерге өте қажет. Осылар арқылы келешекте дұрыс шешімге келуге мүмкіндік туғызады.

Аудиторлар өздерінің қорытындысын пайдаланушыларға міндетті түрде айтуы керек. Жалпы алғанда аудит көп ғасырлық тарихы бар ілім. Арнайы әдебиеттерде, оның пайда болуы әртүрлі болып анықталады. Контролинг журналында аудиттің пайда болуы жөнінде: «Тарихи жағдайларға қарағанда дүниежүзілік аудиторлық жүйені құрған 1-ші мемлекет Қытай. Қытайлардың көне жазуы бойынша б. э. д. 700 ж. аудиторлардың орны болған. Оның негізгі міндетті мемлекеттік чиновниктердің тазалығына кепілдік бөлу. Өзінің ақшасы мен мүліктеріне пайдалану құқығы болған». Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүниежүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде кәсіби мекеме құрылған. Мысалы: 1880ж. Англияда машықтанған бухгалтерлік институттары құрылды. 1887 ж. АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлік институты, Германияда аудиторлар институты құрылды.

Аудит ҚР-да жаңадан пайда бола бастады. 1990 ж. 1-ші аудиторлық фирма құрылды. ҚР-ң министрлер кеңесінің 1990 ж. ақпанның 15-күні №60 қаулысына байланысты ҚР-ң қаржы министрлігінің құрамынан «Қазақстанның аудит атты аудиторлық орталық құрылды». 1992 ж. бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, ҚР кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық кеңес пен қызмет беру жұмыстарын атқара бастады. Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 1993 ж. 18-қазанда шыққан ҚР-ғы аудиторлық қызмет туралы заңы әсерін тигізді.

Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп және оны бухгалтерлік есептің стандарттарына бухгалтерлік сееп жөніндегі заңға сәйкес қайта өңделіп, 1998 ж. 20-қарашада шықты.

Негізгі бөлім.

2. 1. Қандай да бір шаруашылық жұмыстың болмасын, олар белгілі бір шеңберден және белгіленген ережелерден аспауы керек. Бірнеше ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер аудиторлық қызметке жататын нормалар мен ережелерді жинақтап, оларды іске асыруға әсерін тигізеді. Осыған орай аудиторлық қызмет шет елдерде болсын, бізде болсын, ол норматив және стандартпен реттеліп отырады. Стандарт арқылы аудиторлық жұмысты анықтауға болады. Бірақ, оларды аудиторлық процедурамен шатастыруға болмайды. Стандарт жағдайға қарамай, тәуелсіз түрде орындалады және аудиторлық тексеру жүрген кезде, олардың жүргізу уақытына қарайөзгермейді, ал процедура әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, олар (процедуралар) есеп жұмыстарының қиындығына тексерілетін кәсіпорынның түрлеріне және т. б. жағдайларға байланысты. Сол себепті, аудиторлық қорытындыда (отчетта) былай деп жазылады: «Тексеру жұмысы жалпы қабылданған аудиторлық стандартқа сай орындалған» - деп. Аудит тәжірибесі мен теориясы бойынша стандарт дегеніміз - аудиторлық процедураның негізін қалаушы принциптер немесе негізгі ережелер. Стандарт аудит қызметінің көлемін анықтауға, оның іске асыру методикасының тексерудің нәтижесін бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, стандарт аудиторлардың ілімін нығайтуға, жұмыстарының санасын арттыруға және оларды жеңілдетуге әсерін тигізеді. Норманың стандарттан ерекшелігі, олар аудиттің негізгі принциптерін қолданбайды, тек қана бекітілген нормалар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бірақ, ол норманың дұрыстығын дәлелдей білуі қажет. Осыған орай, аудиторлар нормадан ауытқуы мүмкін, бірақ оны дәлелдеуге дайын болуы керек.

Аудиттің жұмысының стандарты 4 бөлімнен тұрады:

1. негізгі постулаттар

2. жалпы стандарттар

  1. жұмыс стандарты
  2. стандарт есептілігі

Аудиторлық қызметінің стандарт жүйесі схемалық түрде төмендегідей болады:

Негізгі постулаттар
Негізгі постулаттар: Стандартқа сәйкестігі; стандартпен келісімі; бастықтардың жауаптылығы; ақпараттарға рұқсаты; шаруашылық жұмыстарды бақылауы; заңдылығы және т. б.
Жалпы стандарттар
Жалпы стандарттар: Тәуелсіздігі; компоненттігі; пікірдің дұрыс бөлінуі және т. б.
Жұмыс стандарты
Жұмыс стандарты: Жоспарлау; дайындық жасау; тексеру; дәлелдеу; ақпарат жинау; құжаттарды талдау және т. б.
Стандарт есептілігі (отчеты)
Стандарт есептілігі (отчеты): Бас тақырыбы; мезгілі; қол қойылуы; мазмұны, толықтығы; тексерілетін орны мен сұрақтары; заңдылығы; стандартқа сәйкестігі және т. б.

Негізгі постулаттар - ол аудиторлық қызметтің заңдылығы, логикалық принциптер бойынша жүргізілуі, орындалатын жұмыстардың жалпы стандартқа сәйкестігі. Негізгі постулаттар көптеген оксиомалардан тұрады.

Жалпы стандарттар - ол аудиторлар орындайтын жұмыстарының алдына қойған міндеттері. Яғни, аудитор жоғары сапалы маман болуы керек.

Жұмыс стандарты - бұл аудиторлық тексеру жүргізген кезде, аудиторлардың сүйенетін негізгі ережелері, оған: аудиторлық тексеруге дайындығы, қажетті ақпараттарды жинауы, ішкі бақылау жұмысын бағалауы.

Жұмыс есептілігі - бұл беріліп отырған отчеттың реквизиттерінің дұрыс болуы стандартқа сәйкестігі, заңдылығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аудиттің түрлері мен оларға сипаттама
Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау
Аудит оның пайда болуы және дамуы
Сыртқы және ішкі аудит
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Аудит түрлеріне сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz