Қазіргі жастардың құндылықтары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым Министрлігі
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факултеті
Жұмыстың тақырыбы:
«Қазіргі жастардың құндылықтары»
Ғылыми жетекші: Абдигалиева Г. К.
Орындаған: Алтайбаева А. Н.
Алматы 2012 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде 10
1. 2 Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары классикалық және заманауи теориялық концепциялары контексінде
2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ СОЦИОМӘДЕНИЕТТІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ БЕЛСЕНДІ СУБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
2. 1 Қазақстандық жастардың құндылықты нормативті жүйелерін асыра бағалау процестері
2. 2 Қазақстандық жастардың құндылықтық қалауларының қалыптасу ерекшеліктері
2. 3 Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік маңызды құндылықтарын салыстырмалы талдау
ҚОРЫТЫНДЫ 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 39
Аннотация
Алтайбаева Аяулым Нұрболдықызы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3-ші курс студенті. Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары» (2011-2012жж. ) . Жұмыстың көлемі 42 беттен тұрады.
Бұл ғылыми жұмыста, жалпы қазіргі таңдағы Қазақстан жастарының құндылықтықты қай бағыт жүйесінде яғни дүниетанымдық па, саяси ма, адамгершілік сенімдерінің қалыптасу ерекшеліктері ме, осының барлығына талдау жасауға арналған. Бүл тақырып қазіргі уақытта ең актуальды сұрақттардың бірі болып қарастырылып келеді. Сондықтан мен автор ретінде қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге қарай отырып, ең алдымен қазіргі заман жастарының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделгенін айтқым келіп отыр. Қазақстан жастарының рухани-адамгершілік құндылықтарының трансформациясын анықтаушы жағдай тұтастай қоғамның өмір сүру әрекеті болып табылады. Ол өмірлік тәртіптің барлық саласына, қоғамдық пікірге дүниетанымдық бағдарға әсер етеді. Қоғамның өмір сүру шарты көп жағдайда саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда болып жатқан процестермен анықталады. Бұл процестер жастардың әлеуметтенуінің, рухани-адамгершілік құндылығының қалыптасуы мен трансформациясының маңызды факторына айналады. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі менің көзқарасым жастар едәуір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып келеді және әр ұрпақ есейе отырып, дегенімен, Қазақстан жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурсы бола алатынын айқын айтқым келеді.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл ғылыми жұмыс қазіргі уақыттағы Қазақстан жастарының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдерінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани салаларында болып жатқан өзгерістерге, ең алдымен қазіргі заман жастарының әлеуметтік бейнесіне айтарлықтай ықпал етіп отырған құндылықтық, әлеуметтік басымдықтарға кешенді талдау жасау қажеттілігіне негізделген. Қарастырылып отырған мәселеге келудегі авторлық көзқарас жастар едәуір сезімтал және динамикалы әлеуметтік топ болып табылады. Өзгерістер дәуірінде есейе отырып, олар болашақта бүкіл социумның құндылықтық моделіне айналатын аксиологиялық жүйені қалыптастырады. Қазақстан жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап, заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуіне белсенді түрде ат салысқанда ғана әлеуметтік ресурс бола алады.
Алайда, өтпелі кезең жағдайында жастардың жоғарыда аталған ресурсқа айналуы демократиялық құндылықтарды саналы түрде қабылдағанда, қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық және саяси түрленуінің жүзеге асуына белсенді түрде қатысқан жағдайында ғана мүмкін болады.
Нарықтық экономикаға, азаматтық қоғамға өту әлеуметтік институттардың реформалануын ғана емес, жаңа құқықтық және экономикалық нормалардың пайда болуын да қарастырады. Сондықтан да әлеуметтік өзгерістердің аталған процесіндегі маңыздысы жаңа құндылықтық нормалармен бағыт ұстаудың генерациясы болып табылады. Жастардың жаңа құндылықтарды, нормаларды және модельдерді интернализациялау процесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл топ өмірлік өзін өзі анықтау процесінде тұр, олардың алдында болашақ мамандығын таңдау, болашақ мансабын, өмір сүру үлгісін, өз болашағын таңдау тұр. Мемлекет өзгерістерінің нәтижелігі көпшілігінде жастардың белсенділігіне, олардың кәсіби биіктікке мақсат қоюына, өз өмірін жақсартуға деген тілегіне байланысты болады.
Трансформациялық процестер жастар арасында, социомәдени өндірісте жастар рөлінің өзгеруінде біршама анық байқалып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан халқына жүгіне отырып, негізгі басымдықтар ретінде келесілерді белгіледі: еліміздің болашағы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу, жоғары білім деңгейі, ұлттың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және мәдени дамуы, денсаулығы. Қоғам өмірінің барлық саласына ықпалының күшеюінен көрініс тауып жүрген қазіргі заман мәдениетінің жасаруы, ювентизация, инфантилизация сияқты сипаттамаларының пайда болуы белгілі-бір қызығушылық тудырады. Осы орайда, қазіргі қоғамдағы жанжалдық құбылыстардың өсу үрдісін жастармен байланыстырады.
- ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды әлеуметтік ресурсы ретінде
Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте жастардың дамуын зерттеуге келудің көптеген жолдары бар, өз кезегінде «жастар» ұғымының маңыздылығының анықтамасы да сан алуан. В. Т. Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып «жастар» ұғымына анықтама берді: «Жастар-әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жастық критериі 16 жастан
30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін» [39] . Осы орайда автор жастарды ұрпақ ретінде қарастыра отырып, осы ұрпақтың белгісі жасы ғана емес, сондай-ақ, сенімі мен мақсаттарының бір болуы, уайымының және өмірге деген қарым-қатынасының ортақтығы болып табылады деп санайды. Жасы келе ұрпақ дәуірде тәрбиеленген әлеуметтік сипатын сарқылтпайды.
Жастарды әлеуметтік талдау бір жағынан, алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының «табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеуді білдіреді. Жастар өзінің жастық тобының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің инновациялық типіне біршама икемді, дәстүрлі қалыптасып қалған тәртіптердің әсеріне аз дәрежеде ұшыраған және бір мезгілде девиацияның әртүрлі түрін қабылдауға икемді. Жас ұрпақтың органикалық маргиналдық топтың бірінен тұратындығы маңызды болып табылады. Оның статусы уақытша және оның аға ұрпақтың берік әлеуметтік күйін бойына сіңірудің алдына дейін уақытша болып табылады.
Осының барлығы жастардың құндылықтық ұстанымы мен әлеуметтік әрекетінің ерекшелігі мен сипатын анықтайды. Өз кезегінде бұлар қоршаған социумның әлеуметтік шындығына қалыптасады. Бұл жағдайда өмір ағысымен жүріп жатқан провинциалды қаланың әлеуметтік өміріне. Осы әлемге қаншалықты дәрежеде және қаншалықты шектеулі кіруіне оның болашағы ғана емес, қалалық қоғамның даму болашағы да байланысты. Бұл әлеуметтік тетіктерді өңдеуді қажет етеді және соның ішінде оның сол қоғамға ынтымақтасуының жетістігін және оның ары қарай өмірінің жетістігін, жастар өмір сүріп жатқан қаланың болашағын қамтамасыз ететін әлеуметтік саясат арқылы да. Әлеуметтік-стратификациялық жүйенің бір бөлігі бола тұрып, ол әлеуметтік дифференциацияға ұшыраған, яғни әлеуметтік біртекті массаны береді. Сондықтан жастарды әлеуметтік топ ретінде зерттей отырып, олардың ішкі әлеуметтік біртектіліксіздігіне назар аудару керек.
Қазіргі кезде әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде жастардың жасының «төменгі» және «жоғарғы» жастық шекарасын анықтауда әртүрлі ағымдар бар. БДҰ Халықаралық жастар жылын өткізгенге дейін жеткіншектік кезең деп 10 нан 19 жасқа дейінгі жасты санап келген. Өйткені дәл осы жастық интервал статистикалық және демографиялық есептерде қолданылады. 1985 жылы БҰҰ Халықаралық жастар жылын өткізілуіне байланысты жастық шақ деп 15 жастан 24 жасқа дейінгі кезеңді белгіледі [40] . Жастық шақ кезеңінің басы жеткіншектік кезеңнің орта кезімен сәйкес келгендіктен, осы екі кезеңді біреуге біріктіріп, 10 жастан
24 жасқа дейінгі үлкен жастық кезең ретінде қарастыру шешілді.
Біршама толық анықтаманы И. С. Кон берді: «Жастар - жастық сипаттардың жиынтығы, әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі негізінде бөлініп шығатын және басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттермен негізделген әлеуметтік-демографиялық топ». Дәл осы анықтама жастар әлеуметтануындағы негізгі анықтамаға айналып отыр. «Жастық шақ белгілі-бір фаза, өмірлік кезеңнің сатысы ретінде биологиялық тұрғысынан әмбебап, алайда, оның нақты жастық шеңберлері, онымен байланысты әлеуметтік статус және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер әлеуметтік-тарихи табиғатқа ие және қоғамдық құрылымға, мәдениетке және сол қоғамға тән әлеуметтенудің заңдылықтарына тәуелді» [41] .
Батыс әлеуметтануында жастар белсенділігінің субмәдени, делинкветті тұстарын зарттеудегі алғашқы қарлығаштары ретінде чикаго мектебінің өкілдерін санауды ұсынған. Олар ХХ ғасырдың 20 жылдары қалалық жастардың ерекше топтарын зерттеуде қалалық этнография әдісін пайдалануды ұсынған болатын (В. Ф. Уайт, А. Коен, Г. Беккер т. б. ) . Жастар әлеуметтенуындағы субдисциплинаның қалыптасуындағы маңызды рөлді Т. Парсонс иемденеді: ол «жастар мәдениеті» терминін ендірді. Ересек қоғамның рөлдерін игеру үшін Т. Парсонс әзірлеген жастар мәдениеті кеңістігінің функционалдық маңыздылығы туралы идеясы балалық шақтан есеюге өтуді түсіндірудегі негізгі орынды әлі де алып келе жатыр.
Батыс әлеуметтануында Т. Парсонс пен Ш. Айзенштадтың концепцияларымен берілген құрылымдық-функционалдық тәсіл жастардың мәдениетін оның қоғамда атқаратын қызметі - жастар мен қоғам арасындағы ауыртпалықты жою қызметі тұрғысынан қарастырады. Менің айтуыма қарағанда, құрылымдық-функционалдық тәсіл жастар мәдениетін зерттеуге айтарлықтай ықпал етті, қоғамдағы жастық дифференциацияның маңыздылығына назар аударды, және жастар мәселесін жүйелік зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Алайда, мұндай тәсілдің өз кемшіліктері бар. Құрылымдық функционализмнің сыналатын жері сол, жастарды тұтыну агенті ретінде пайдалана отырып, біз жастардың тұтынушылық тәжірибесінің стильдік ерекшелігін ескерместен тұтастай топ ретінде сипаттай алмаймыз. Функционализмнің шектеулі тұсы, бұл тәсіл әлеуметтік құбылысты оның генезисі тұрғысынан түсіндіруге мүмкіндік бермейді, тек құбылыстардың әлеуметтік жүйе ішіндегі белгілі бір өзара байланысын көрсетеді. Сөйтіп, жастардың тұтыну стильдерінің құрастыру процесіне талдау жасауды зерттеуді шет қалдырады.
Бар ғылыми анықтамаларды жіктей келе келесі негізгі жолдарды бөліп қарастыруға болады:
Стратификациялық жолда жастар жастың шеңберімен, өздерінің ерекше әлеуметтік рөлдерімен, статусымен және әлеуметтік көзқарастарымен шектелген ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде анықталады.
Психофизиологиялық жол адам тұлғасының жыныстық жетілуі мен толық ересектігі арасындағы даму кезеңі ретіндегі «жастық шақ» ұғымына негізделген.
Әлеуметтік философияда жастарды өздерінің биологиялық және психологиялық қарым-қатынастағы белгілі-бір жастың (жастық интервал
14 жастан 29 жасқа дейінгі) адамдары ретінде анықтайтын
әлеуметтік-психологиялық жол
бөлінген.
Рөлдік жол «жастық шақты» адамның сәби рөлінде ойнамайтын, сонымен қоса ересек адамдардың рөлін толыққанды алып жүрмейтін әрбір адамның өміріндегі ерекше іс-әрекеттік фаза ретінде талдайды.
Жанжалдық жол «жастық шақты» өміріндегі әрбір адам үшін маңызды күйзелістерге, мәселелерге өз-өзімен және қоғаммен болатын жанжалдарға толы кезеңі ретіндегі ұғымына сүйенеді.
Субмәдениеттік жол жастарды ерекше өмір сүру үлгісі, іс-әрекет стилі, мәдени нормасы мен құндылықтары бар ерекше топ ретінде қарастырады.
Интеракционистік жол «жастарды» әрбір адамға тән көңіл күйдің бірі ретінде қарастырады. Ол көңіл-күй күтпеген іс-әрекеттерде, реакциялардың тікелей, стандартты емес кезінде көрініс береді [42] .
Жоғарыда аталған жолдардың әрқайсысы жастарды зерттеудің ерекшеліктері мен нақты ғылыми пәндердегі жастық шақ феноменін белгілейді.
Социологиялық талдау жастарға тән ұрпақтық жағдай, ұрпақтық өзара байланыс және ұрпақтар бірлігі қасиеттері бар «жастардың ұрпақтық талдауды» жүргізуді қарастыратын интегративті жолмен құрылады. Жоғарыда айтылған идеяларға сүйене отырып, атап айтар болсақ, К. Мангеймнің,
Г. Шельскийдің, қазіргі кезде әлеуметтану жас ұрпақты олардың өзара байланысы мүшелерінің сезінуіне негізделген объективті бірлік, тарихи уақыт (өмір мен әрекеттің шежірелік кезеңі, оларда шешілетін міндеттің ортақтығы, сол кезеңде өмір сүрудің әлеуметтік және экономикалық шарттарының ортақтығы, өмірлік тәжірибенің ортақтығы) қатарында сол ұрпаққа жатуды қарастырады. Г. Шельскийдің көзқарасы бойынша «жастар «біздің қоғам үшін қажетті, қоғаммен арандатылатын және марапатталатын әлеуметтік типті репрезенттейді» [43] .
- Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары классикалық және заманауи теориялық концепциялары контексінде
Субъектінің құндылықтық бағдарының қалыптасу алғышарты әлеуметтік құндылықтар жүйесі болып табылады. Индивидтің құндылықтық санасы оған қоғамдағы құндылықтар беріліп жатқан кезде әлеуметтену процесінде анықталады және дамиды. Субъективті өмір сүретін белгілі-бір құндылықтарды игеру процесінде индивидтің санасында сыртқы әлеуметтік шындық ретінде де және де өзін субъект ретінде де белгілі-бір бағалау жүреді. Нәтижесінде белгілі-бір құндылықтарды индивид бөлуі немесе бөлмеуі мүмкін, немесе пайдалы немесе пайдасыз және қалаулы және қалаусыз деп тұжырымдауы мүмкін. Индивид үшін маңызды, қажетті құндылықтар оның бағдарын негіздейтін қажеттілік сипатына енеді және адамның өмірлік шешім қабылдауы кезінде оның әрекетінің ниеттемесін анықтайтын фактор болады. Құндылықтық бағдарлар - индивидтің құндылықтық санасының, сенімдерінің, ойлауының, қажеттіліктерінің, уайымдарының, құндылықтарының ықпалымен қалыптасатын, сондай ақ, ең бірінші кезекте қоғамдағы жалпы қабылданған, объективті өмір сүретін құндылықтар жүйесінің ықпалымен қалыптасатын, индивид үшін (әлеуметтік топ) маңызды құндылықтық ұстанымдар.
Жастардың әлеуметтік белсенділігінің әртүрлі үлгісін зерттеушілер белгілеген үлкен эмпирикалық материалды жүйелей келе, студент бейімделудің негізгі екі стратегиясын бөледі - әлеуметтік интеграция және әлеуметтік дифференциация. Олар жастардың арасындағы топтық етенелестікті қалыптастырып, әртүрлі жастар тобының әлеуметтік субъективтілігінің пайда болуында негізгі орынды алады. Жастардың қоғамға бейімделуі бөлінген модел бойынша бір-біріне орта сипаттарға ие:
1) жаттануды туындататын ынтымақтастыққа мәжбүрлік: индивидтің қоғамдық құрылымдарға қосылуы көп жағдайда олармен өзінше етенелесумен бірге жүрмейді; мысалы бұл ЖОО-ға түсуге ынтасыздығынан және кәсіби қалыптасу немесе жеке секторда жұмыс жасап жүріп мемлекеттік мекемеге формальды түрде жұмысқа кіру ұстанымының жоқтығынан байқалады,
2) ынтымақтасудың альтернативтік сипаты: немесе жастар субмәдениетінде әлеуметтік мақұлданатын үлгілерде өзін-өзі бекіту немесе делинквентті инновациялар;
3) етенелесу негіздерінің әлсіреуі: жеке немесе топтық мүдделер әлеуметтік маңызды компоненттерді ығыстырады;
4) мәдениетті зерттеудегі сан алуан жолдарды бір-бірін өзара толықтырып отыратын типологиялық топқа біріктіруге болады: ынтымақтысудың сипаты: тұтастай қоғамға емес, жастардың жекелеген топтарына деңгейіне тұйықталу.
Жастардың әлеуметтік субъективтілігі қоғамға бейімделудің екі моделінде де байқалады, алайда интеграциялық модельде жастар қалыптасқан социомәдени құндылықтарды қолдайтын және өндіретін фактор қызметін атқарады, ал дифференциялық модельде жастар өздерінің әлемін қоғаммен қатар өмір сүретін ересек әлеммен құрастыруға немесе олармен жанжалдық қарым-қатынасқа түсуге талпынады. Жастар бейімделуінің жоғарыда қарастырылған моделін талдай келе, қарастырып отырған топтың аз ғана бөлігі белсенді, көпшілігі маңызды өмірлік көзқарасты міндестіріу сыртқы күшті қажет ететін аралық орында деп болжауға болады.
Мәдениетті зерттеудің сан алуан тәсілдерін бір-бірін өзара толықтырып тұратын типтік топтарға топтастыруға болады:
1. Заттық тәсіл. Осы тәсілдің шеңберінде табиғиға қарсы келетін жасандылық деп қарастырылады. Адамзат белсенділігінің кез-келген өнімі адамның өмір сүру күшінің заттанған өлшемі, яғни мәдениет тұрғысынан сипатталуы мүмкін. Бұл заттану екі жақты жүзеге асады, заттарда, олардың көмегімен адамның іс-әрекеті жүзеге асады (материалдық мәдениет) және құндылықтарда, мәтіндерде. Олардың көмегімен субъектілер коммуникациясының өрісі (рухани мәдениет) жүзеге асады. Мәдениетте әлеуметтенген адам одан алған дүниені өз мақсатына пайдалануға қабілетті. Қысқасы, мәдениет бұл - әлеуметтену барысында меңгерілетін үлгілердің белгілі-бір түрде ұйымдасқан лигитимделген жүйесі, және олардың негізінде жаңа нәтижелер әкеле отырып, кез келген әлеуметтік белсенділік құрылады.
2. Іс-әрекеттік тәсіл. Мәдениет адамзат белсенділігінің кез келген түрі мен нәтижелерінің сапалық сипаттамасы ретінде анықталады. Мәдениеттің тетіктері әлеуметтік агенттерге қосылған әрекеттердің, коммуникациялардың, және әлеуметтік байланыстардың бөтен мазмұнын іріктейді, сақтайды және тасымалдайды. Оқу, білімдерді меңгеру - жастар іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Іс-әрекеттік тәсіл шеңберінде жастардың рухани мәдениетіне талдау жасаудың соңғы мақсат оның әлеуметтік мүмкіндігін бағалау болып табылады. Рухани мәдениетті зерттеуде іс-әрекеттік тәсіл әдістемелік негіз ретінде әлеуметтік тұрғыда қарастырылатын диспозициялық білімдердің иерархиясын алады. Бірінші деңгей субъектінің маңызды ахуалға білдірген тікелей әсерін реттеуді білдіреді, екінші деңгей тұлғаның үйреншікті жағдайларда жүзеге асыратын іс-әрекетін реттейді, үшінші деңгей іс-әрекеттердің кейбір жүйесін немесе әрекет деп атауға болатынды реттейді, төртінші деңгей іс-әрекеттің тұтастығын немесе әрекеттің өзін реттейді. Мақсат қою бұл жоғарғы деңгейде қайсыбір «өмірлік жоспарды» білдіреді. Оның маңызды элементі адам өмірінің маңызды әлеуметтік саласы - таным, еңбек, қоғамдық өмір салаларымен байланысты өмірлік мақсаттар болады.
Іс-әрекеттік тәсіл жастардың саяси идеологияны ұстанушылар болса, онда көп жағдайда саналы түрде емес. Жаңа ұрпақтың саяси мәдениетінің қалыптасу процестерін аздаған жастар қозғалыстарының электоралды әрекеті мен нақты саяси акцияларын талдай отырып анықтауға болады. Негізінен, жастардың бір бөлігі студенттердің идеологиялық қағидалары қойылған, іс-әрекеттерінің стереотиптері топтық сана мен социомәдени қауымдастықтың жасырын құрылымын анық білдіреді.
3. Құндылықтық (аксиологиялық) тәсіл. Мәдениет социум қабылдайтын белгілі-бір құрылымданған құндылықтар жүйесімен түсіндіріледі. Мәдениеттің “заттылығында” бұл құндылықтардың белгілі-бір толығысуы ғана болады. Яғни тұлға неге ұмтылса, неге бағыт алса, өзінің белсенділігін соған сәйкес ұйымдастырады. Құндылықтардың ортақтылығы мен айырмашылығы адамдарды бірлескен күрделі мақсаттары үшін біріктірудің және мақсаттары сәйкес келмеген жағдайда, жанжал кезінде ажыратудың негізі болады. Осылайша, әлеуметтену процесінде құндылықтарды меңгеру және нақты әрекет пен коммуникацияда іске асыру - социум өмір сүруының негізі. Социум құндылықтарының сипаты оның агенттерінің еркіндігінің және іс-әрекетінің өлшемін береді.
Аксиологиялық тәсіл шеңберінде жастардың рухани мәдениетін зерттеудің қиындығы сол, жастарды зерттеушілер, әсіресе жастар өздерін адамзат табиғаты туралы өзінің түсінігін дұрыс деп санайтын әртүрлі жастық және әлеуметтік топтарға жете отырып зерттеді. Соңғы жылдары орын алған жылдам әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде бір және сол индивидтер өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде әлеуметтік жүйелердің әртүрлі типтерінде өмір сүріп отыр.
Жоғары оқу орындарында оқитындар үшін әлеуметтік-экономикалық тәртіптің тамырымен ауысуының тәжірибесі тек ата-аналарының, аға ұрпақтың тәжірибесі арқылы болуы мүмкін еді. Қазіргі студенттердің әртүрлі топтырының құндылығы мен құндылықтар жүйесін ата-анасы мен аға ұрпақтың құндылық жүйесіне қарағанда едәуір мақсатты болуы мүмкін, алайда зерттеушінің зейіні өз ізін ұрпақтардың мәдени құндылықтарының динамикалық өзгерістерін бағалауға қалдырады. Кейде, жастардың белгілі-бір құндылықты жақын көруі басқа ұрпаққа жататын зерттеушілерге үстірт көрінеді.
Жастар мәдениетіндегі зерттеушілер атап көрсеткен таңдаулылық және ұрпақ алмасу кезіндегі мәдениеттің бөлінуі әрбір келесі ұрпақ өзінің алдыңғы ұрпақтың мәдениетінен өзі өмір сүріп отырған уақытқа сәйкес келетінін таңдағандығынан көреміз. Рухани мәдениетті зерттеуде құндылықтық бағытпен іс-әрекеттік бағытты үйлестірудің қажеттілігі дәл осыған негізделген, өйткені соңғы аталғанның көмегімен мәдени құндылықтардың пайда болу шарты мен жүзеге асуын анықтауға болады.
4. Технологиялық тәсіл. Мәдениет өзінің табиғатында технологиялық немесе іс-әрекеттің белгілі-бір ретін қарастырады. «Іс-әрекеттік» тәсілге тән дами отырып, мәдениет теориясының мәліметтері соңғысының функционалдылығын көрсетеді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, шартты түрде айтқанда, жасалынып жатқан емес, оның қалай және қай мақсатта жасалынып жатқандығы маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz