Компанияның қаржылық активтер портфелін басқару


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
Диплом жұмысы
КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Орындаған
4 курс студенті Шерим Г. Қ
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Турлыбекова А. Ж
Норма бақылаушы
э. ғ. к, доцент Арзаева М. Ж
Қорғауға жіберілді
«Қаржы» кафедрасы
Меңгерушісінің
міндетін атқарушысы
э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
- Қаржылық активтер портфелін басқарудың мәні мен мақсаты5
- Қаржылық активтер портфелін басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктері12
- Қаржылық активтер портфелін қалыптастыру және оны басқару модельдері19
2 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ 28
2. 1 Алматы Финанс компаниясының қаржылық активтер портфелін басқаруды бағалау28
2. 2 Алматы Финанс компаниясының қаржылық активтер портфелін талдау 41
3 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 54
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Мен бұл дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауымның басты себебі ол қазіргі таңда өте маңызды және өзекті болып табылады. Қаржылық активтер портфелін басқарудың өзектілігі - компанияның қаржылық активтер портфелін басқаруды тиімді және ұтымды басқару қажет, өйткені ол экономикаға тікелей әсерін тигізеді. Бұл жұмысым экономиканың, білім берудің барлық салаларына қатысты. Қазіргі заманғы экономиканың дамуына сәйкес инвестициямен қамтамасыз етуінсіз мүмкін емес. Экономикалық айналымда инвестициялық ресурстардың жеткілікті көлемі қаражат қажет ететін өздерінің кәсіпкерлік қызметіне, белгілі бір жобаның шартында мақсатына жетуге - кредит, облигация шығару, акцияны эмиссиялау және т. б. Еліміздің алдындағы маңызды міндеттері, экономикалық потенциалдың туындауы, диверсификация және шикізат тауарларының экономикалық спецализацияның төмендеуі тиімді инвестициямен қамтамасыз етуінсіз шешу мүмкін емес.
Дамыған елдерде қор нарығы экономиканың дамуында маңызды орын алады. Кей бір дамыған елдерде жеке нақты инвестициялардың жартысынан көбі қор нарығынан тартылған қаражаттармен қаржыландырылады.
Қаржылық активтер портфельін басқарудың басты мақсаты - қаржылық нарықта акционерлік компанияның (корпорацияның) инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың өте маңызды рационалды жолдарымен қамтамасыз ету.
Қаржылық активтер портфелін басқарудың міндеттері: Тиімді инвестициялық кәсіпорынның қызметі экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету; инвестициялық қызметтен пайданы (түсімді) максимизациялау; инвестициялық тәуекелдің деңгейін төмендету; инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорынның қаржылық төлемқабілеттілік және тұрақтылығын қамтамасыз ету; бағалы қағаздардың жеткілікті өтімділік қабілетін қамтамасыз ету.
Қаржылық активтер портфелінің объектісі - бағалы қағаздар, кредиттік келісім шарттар, қаржылық міндеттемелер, акциялар болып табылады.
Қаржылық активтер портфелінің субъектісі - «Алматы Финанс «Ипотекалық ұйымы» Акционерлік қоғамы.
Қойылған мақсат пен міндетке жету үшін қаржылық актив портфелін құруға және басқаруға арналған бағдарлама құрылды. Келесідей бағдарламаны ұсынуға болады, ол инвестициялық процесс этаптарының өзгеруіне қарай оны анықтап және толықтырып отыру керек:
- бағалы қағаз нарығының анализі;
- инвестициялық саясатты таңдау;
- қаржылық ресурстар құрамының құрылуы;
- қор портфелінің құрылуы; оның тиімділігін бағалау;
- қор портфелін қайта қарастыру.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттерді шешу алға қойылды:
- Қаржылық активтер портфелін басқарудың мәнін ашып көрсету;
- Алматы финанс компаниясының қаржылық активтер портфелін басқаруды бағалау;
- Алматы Финанс компаниясының қаржылық активтер портфеліне талдау;
- Қаржылық активтер портфелін басқарудың басты мәселелерін қарастыру.
Осы дипломдық жұмысымда қаржылық активтер портфелін басқарудың мәні мен қажеттілігін, құрамы мен түрлерін қарастырдым. Бірінші тарауда мен қаржылық активтер портфелін басқарудың теориялық негіздерін ашып көрсеттім, негізгі тарауда Алматы финанс компаниясының қаржылық активтер портфелін басқаруға талдау жүргіздім, ал үшінші тарауда қаржылық активтер портфелін басқарудағы басты мәселелері мен болашағы қарастырылды.
Диплом жұмысын жазу барасы әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі қолданылған. Қазақстан «Инвестициялық қор туралы», «Бағалы қағаздар туралы» заңдары және өндірістік тәжірибеде өтілген «Алматы Финанс «Ипотекалық ұйымы» Акционерлік қоғамының жылдық есеп берулері қолданылды.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық активтер портфелін басқарудың мәні мен мақсаты
Пайда табу мақсатында қаржылық активтер инвестордың әр түрлі қаржы құралдарына (ең басты бағалы қағаздарға) қаржы салымын білдіреді. Қаржылық активтер субъектілердің, қаржы құралы тапшылығына ұшыраған (эмитент немесе қарызгерлер) және артық қаржы құралдары бар (инвесторлар немесе кредиторлар) арасында қаржы алмасу арқылы қаржы нарығында қаржылық активтер пайда болады. Қаржы алмасу нәтижесінде эмитенттің алдында қаржылық міндеттеме, ал инвесторда - қаржылық актив құралады. Бұл активтер әр түрлі бола алады (мысалы кредиттік келісім шарт) немесе қалыпты түрде және қаржы нарығында жүзеге асырылады (бағалы қағаздар) . Қаржылық активтердің белгілі бір бөлігі тек қаржылық міндеттеме (кредиттер және қарыз), ал бір бөлігі меншік құқығын білдіреді (акциялар) .
Қазақстанның практикасында олар қаржылық салым қалпында болады. Қаржылық активтерді салым ретінде тану үшін келесідей шартты орындау керек: [1. 60-61 б]
- Дұрыс толтырылған құжаттардың болуы, кәсіпорынның тіршілік етуіне беретін құқық, қаржы салымына немесе қаржы құралын алу үшін немесе осы құықықтан туындайтын басқа да активтер;
- Кәсіпорынның қаржылық тәуекеліне өту, қаржылық салыммен байланысты (баға тәуекелі, қарызгердің төлемқабілеттілік тәуекелі, өтімділік тәуекелі және т. б. )
- Келешекте процент түрінде кәсіпорынға экономикалық пайда әкелу қабілеттілігі, дивидент немесе курс бағамының өсуіне байланысты.
Қаржылық активтер инвестициялау кезеңіне қарай қысқа мерзімді - бір жыға дейінгі және ұзақ мерзімді қаржылық активтер- бір жылдан жоғары болады.
Нақты және қаржылық активтердің арасындағы айырмашылық едәуір:
- нақты активтер үлкен инвестициялық салымды қажет етеді (капитал салымын) ;
- олардың нарықтық өтімділігі төмен;
- нақты активтердің табыстылығы қаржылық активке қарағанда көп жағдайда жоғары, қаржылықтан айырмашылығы бастапқы мүмкіндігінде тауарлы және иновациялық нарықта бәсекеге қабілеттілігін айтуға болады.
Табыс алу мақсатына қарай қаржылық активтер нақты активтер (облигация бойынша купонды табыс, акция бойынша дивидент) және жасырын түрдегі, активтерді сатқан кезде ғана табыс алатын болып бөлінеді.
Табыс алу тұрақтылығына қарай қаржылық активтер бір рет табыс алуға болатын (дисконтты облигация бойынша табыс) және көп рет (жай акция бойынша табыс) болып бөлінеді.
Қаржылық инвестициялар (материалдық құндылықтарға қарағанда) кәсіпорындарға қаржы салатын құралдардың кең ауқымды талғам береді, соның ішінде тәуекелі төмен мемлекеттік облигациялар және тәуекелі жоғары инвестициялар (корпоративтік акция және облигациялар) . Кәсіпорын-инвестор инвестициялық қызметті кең спектрде жүзеге асырады, бағалы қағаз нарығында жүргізетін стратегия кертартпадан агрессивтіге дейін.
Қаржылық инвестициялар бос ақша қаражаттарды салым түрінде жүзеге асырады:
- Ақша нарығындағы табысты активтерге (мысалы депозитті сертификатқа) ;
- Капитал нарығының табысты активтеріне (акция және облигация) ;
- Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына;
- Басқа ұйымдарға ұсынылған қарыз;
- Дебиторлық қарыз, көнуге талап қойылған құқық негізінде алынған, және т. б. ;
Инвестордың қаржылық активтер (салым) жиынтығы инвестициялық портфельді (оны көбінесе қор портфелі, бағалы қағаздар портфелі, т. б. деп атайды) құрайды.
Қаржылық активтер портфелін басқарудың басты мақсаты - қаржылық нарықта акционерлік компанияның (корпорацияның) инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың өте маңызды рационалды жолдарымен қамтамасыз ету. Инвестордың және элементтердің мақсаты бара бар емес.
Қосымша капитал табу мақсатында потенциалды инвесторлар арасында эмиссиялық бағалы қағаздарды (акция, облигация) тез және өте қолайлы орналастыру кәсіпорын-эмитенттің инвестициялық стратегиясы болып табылады.
Инвестор ретінде кәсіпорынның (корпорацияның) инвестициялық стратегиясы әр түрлі мақсатты және көп жоспарлы. Осылайша, тікелей стратегиялық инвестор қаржылық салымдар көмегімен инвестициялық объектілерді (бақылау пакетін сатып алу негізінде акция немесе жарғылық капиталға қатыса алатын басқа да форма) басқаруға тырысады. Ағымдағы пайда табу мақсатында (дивидент немесе процент түріндегі) және де бағалы қағаздардың бағамының жоғарылауынан құны өсуі арқылы портфельді инвестор қаржы салымы арқылы қор портфелін құрайды.
Акционерлік қоғамның инвестициялық қызметінің масштабын келесідей факторлар анықтайды:
- кәсіпорынның (корпорацияның) өмірлік циклінің кезеңі;
- қор нарығының сыйымдылығы;
- дәл осы нарықтағы қаржылық саясат;
- тікелей немесе портфельді инвестициялау үшін инвестициялық ресурстардың жеткілікті болуы;
- нақ осы шақта табыс әкелетін емес, келешекте жоғары табыс алуға бағытталған маңызды инвестициялық шығынды жүзеге асыруға дайын болу;
- потенциалды инвестор үшін бағалы қағаздар нарығындағы тәуекел деңгейі және т. б. ;
Қаржылық активтер портфелін басқару процесінде келесідей міндеттерді қолданылады:
- Тиімді инвестициялық кәсіпорынның қызметі экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын қамтамасыз етеді. Тиімді қызмет пен экономикалық дамудың қарқыны арасында тікелей байланыс бар. Тәжірибе жүзінде сату көлемі және пайда (қаржылық операциядан түскен табысты қоса) көп болған сайын, инвестицияға көп қаражат қалады.
- Инвестициялық қызметтен пайданы (түсімді) максимизациялау. Кәсіпорынның экономикалық дамуына бухгалтерлік емес таза пайданың маңызы басымды. Сондықтан портфель құрылымының ұсынылған бірнеше нұсқасының ішінен, капитал салымының таза табыс сомасының көп бөлігімен қамтылғанын таңдау қажет.
- Инвестициялық тәуекелдің деңгейін төмендетумен қамтамасыз ету, инвестициялық қызметпен ілеспелі барлық тәуекелдер. Жағымсыз жағдайларға байланысты бұл тәуекелдер табыстың (пайданың) төмендеуімен қатар капитал салымының жоғалуына алып келеді.
- Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорынның қаржылық төлемқабілеттілік және тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржылық ресурстардың көп сомада және ұзақ уақытқа тартылуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін ағымдағы шаруашылық операцияларды орындауын қиындатады. Сонымен қатар, қаржыны ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттау кәсіпорынның келешектегі қаржылық жағдайын, тұрақтылығын жоғалтады. Сондықтан, инвестордың қаржылық жағдайына алдын ала болжам жасау қажет.
- Бағалы қағаздардың портфельге қосылғандарды есептегенде жеткілікті өтімділік қабілетін қамтамасыз ету. Бұл міндетті орындау үшін портфельде жоғары өтімді активтер (10% кем емес) болу қажет, оны тез арада ақша қаражатына алмастыру мақсатында.
Инвестициялық портфельдің құрылуы үшін қарастырылған міндеттер альтернативті болып табылады. Қор портфелінің ағымдағы табыстылығының төмендеуі капиталдың жоғары қарқынын қамтамасыз етеді. Табыстың немесе капиталдың өсуін тәуекел деңгейімен анықтайды. Келешекте капиталдың өсімін қамтамасыз ететін, жоғары өтімділікке жету перспективті қаржылық активті портфельге қосуға мүмкіндік бермейді.
Сондықтан кәсіпорынның қор портфелі құрылуының міндеттері портфельдің өмір сүру кезінде мүмкіндігінше көп мөлшерде табыс түсетін және тәуекелі төмен болған жағдайда инвестициялық соманы, ақша қаражатты қаржылық активтерге бөледі. [1. 62-63 б]
Бағалы қағаздар портфелінің құрылуы үшін қаражаттар салымына белгілі бір активтерді анықтау қажет, сонымен қатар, инвестицияланатын капиталды активтер арасында пропорциялы түрде бөлу. Сонымен бірге инвестор селекциялық, операцияға уақыт таңдау және диверсификациялық сияқты мәселелермен соқтығысады. Селекциялық, микроболжамдау деп те аталатын, дербес түріндегі бағалы қағаздың бағасының динамикасын болжаумен байланысты және бағалы қағазда анализдеуге қатысты. Операцияға уақыт таңдау немесе микроболжау, корпоративті облигация сияқты белгіленген табыс қор құралдарының бағасына байланысты акцияның бағасының төмендеуін болжау. Кез келген уақытта тәуекелді минимизациялау үшін инвестициялық портфельдің құрылуын әртараптандыру қажет. [2. 7 б]
Инвестициялық порфельдің теориясында Гарри Марковитц және Уильям Шарп жоғары бедельді болып табылады.
Бұл теорияда маңызды принциптер келесідей:
Біріншіден, инвестицияның табыстылығы көбінесе активтердің түріне байланысты дұрыс бөлу. Табыстың анықталуы тәжірибеге байланысты келесідей:
- 94% инвестициялық құралдардың қолданыстағы түрін таңдау (ірі компанияның акциялары, ұзақ мерзімді облигациялар және т. б. ) ;
- 4% берілген түрінегі бағалы қағаздың нақтысын таңдау;
- 2% бағалы қағаздың сатып алу сәтіндегі бағасы;
Бұл ерекшелік келесідей түсіндіріледі, бір түрдегі бағалы қағаз қатаң арақатынастық орнатады, басқаша айтқанда, белгілі бір сала төмендесе қандай компанияның бағалы қағаздары болса да инвестор үшін шығын жоғары болмайды.
Екіншіден, бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің инвестициялық тәуекелі күтілетін пайданың ауытқуы мүмкіндігімен анықталады. Пайданың болжамын статистикалық мағлұмат осыған дейінгі инвестициялық бағалы қағаздардың пайдасының динамикасы арқылы, ал тәуекелді - күтілген пайданың ортаквадраттық ауытқуынан анықтауға болады.
Үшіншіден, инвестициялық портфельдің табысы және тәуекелі құрылымының түрленуі арқылы өзгере алады. Қалайтын әр турлі активтер құрастыруға мүмкіндік беретін әр түрлі бағдарламалар бар, мысалы, берілген тәуекел деңгейінде табысты максимизациялайтын және берілген табыс деңгейінде тәуекелді минимизациялайтын және т. б.
Төртіншіден, инвестициялық портфель құрастыруға қолданылатын барлық бағалар ықтималдық мінезге ие. Портфельдің құрылуы классикалық теорияның талабына сай бағалы қағаздар нарығының бірнеше факторларына байланысты, белгілі бір мезеттегі қызметі, нарықтың статистикасы және т. б. болуы мүмкін. [3. 112-115 б]
Инвестициялық портфельдің құрылуында келесідей түсінікті басшылыққа алу қажет:
- салымдардың қауіпсіздігі (инвестициялық капитал нарығындағы күйзелістен инвестицияның зақымданбауы) ;
- тұрақты табыс алу;
- салымдардың өтімділігі, шығынсыз және тез қолма-қол ақшаға алмасуы, тез арада тауар (жұмыс, қызмет) алу мүмкіндігіне ие болу.
Бағалы қағаздардың ешқайсысы жоғарыда корсетілген қасиеттердің барлығына ие бола алмайды. Сондықтан келісім шарасыз. Егер бағалы қағаз сенімді болса, оның табыстылығы төмен болады, өйткені бағалы қағаз сенімді болғандықтан оның бағасы жоғары болып, табыстылығын төмендетеді. Портфельдің құрылуының басты мақсаты инвестордың табысының және тәуекелінің оңтайлысын таңдау. Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялық құралдардың тиісті жиынтығын таңдау, тәуекел деңгейін минимумга дейін жеткізіп, сонымен қатар табысын максимумге жеткізу.
Портфельді жүргізудің басты сұрағы - әр түрлі қасиетке ие бағалы қағаздардың сәйкестігін қалай анықтауға болады? Сонымен, классикалық консервативті (төмен тәуекелді) портфельдің басты қағидалары келесідей: конскервативті қағида, әртараптандыру (диверсификация) қағидасы және жеткілікті өтімділік қағидасы.
Консервативті қағида. Жоғары сенімді және тәуекелді бағалы қағаздардың ара қатынасын ұстап тұрудың қажеттілігі, тәуекелді бағалы қағаздың мүмкін шығындарға ұшыраған кезде сенімді активтердің табысымен жабу.
Инвестициялық тәуекел осылайша негізгі соманы жоғалтпайды, ал тек табысы төмен болады.
Әлбетте, тәуекелге бармай өте жоғары табыс алу мүмкін емес. Тәжірибеде көрсеткендей, жоғары сенімді категорияға ие банктердің депозиттерінің бірден екіге дейінгі ставкасының табысына клиенттер қанағат етеді, өте жоғары тәуекел арқылы табыс алуды қаламайды.
Әртараптандыру (диверсификация) қағидасы. Салымның әртараптандыру (диверсификациясы) - инвестициялық портфельдің басты қағидасы. Бұл идея ағылшынның мәтелінде жақсы көрініс табады: Do not put all eggs in one basket - « барлық жұмыртқаны бір себетке салуға болмайды».
Біздің тілде ол келесідей - барлық ақшаны бағалы қағаздардың бір түріне салуға болмайды, ол қаншалықты пайдалы болып танылса да. Тек осындай устаным ғана қателік туындаған жағдайда аппатты залалдан сақтайды.
Жоғары табысты бағалы қағаздар төмен табысты бағалы қағаздардың орнын толтыру арқылы диверсификация тәуекелдің деңгейін төмендетеді. Бағалы қағаздар портфельінің кең ауқымды саласына байланысты тәуекел минимизацияланады, бір бірімен тығыз байланыссыз, олардың іскерлік белсенділігінің синхрондық, циклдік тербелісін болдырмау қажет. Бағалы қағаздар түрлерінің оңтайлы шамасы - 8 ден 20 ға дейін.
Салымдардың ыдырауы жоғарыда атап кеткен активтердің сегменттерінің арасында және ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар және қазыналық міндеттемелер әр түрлі сериялы бағалы қағаздардың диверсификациясы жайлы, корпоративті бағалы қағаздарда - әр түрлі эмитенттердің акциялары арасында жүреді.
Қатерлі анализсіз құралдардың бірнеше бағалы қағаздарға бөлінуі оңайлатылған әртараптандыру болып табылады.
Портфельдегі жеткілікті қаражат көлемі келесі қадам жасауға мүмкіндік береді - өңірлік және салалықтық әртараптандыру жүргізу.
Әртараптандыру салалық қағидасы бір саладағы кәсіпорынның бағалы қағаздарында қателік бодырмау. Бұл жердегі мәселе, бүкіл сала сургінге ұшырауы мүмкін. Мысалы, дүниежүзілік нарықта мұнай бағасының төмендеуі барлық мұнай өңдейтін кәсіпорындардың акцияларының бағасы төмендеуіне алып келеді, бір саладағы әр түрлі кәсіпорындарға салған салымдардың пайдасы тимейді.
Бұл бір өңірдің кәсіпорынна да қатысты. Акцияның бағасы бір уақытта төмендеуі саясаттың тұрақсыздығынан, көтерілістен, сұрапыл аппаттан, жаңа транспорттық магистральдің қосылуымен және т. б. қатысты.
Жан жақты анализ жасау қатаң математикалық аппараттың қолдануымен мүмкін болады. Статистикалық талдау көрсеткендей көп акциялардың бағасы жоғарылауы немесе төмендеуі бір мезгілде болады, дегенімен олардың арасында айтарлықтай байланыс, бір салада немесе бір өңірде болмаса да әсер етеді. Басқа қос бағалы қағаздардың бағасының өзгеруі керісінше қарсы фазада жүреді. Әрине, екінші қос бағалы қағаздардың диверсификациясы едәуір қолайлы. Корреляциялық анализдің әдісі бұл идеяны қанап әр түрлі бағалы қағаздардың арасында оңтайлы балансты анықтайды.
Жеткілікті өтімділік қағидасы. Бұл қағида күтпеген жоғары табысты мәміле жасауға және клиенттердің қаржы қаражатымен қамтамасыз ету үшін протфельдегі тез іске асырылатын активтерді жеткілікті деңгейде ұстап тұру. Тәжірибе көрсеткендей, нарықтың конъюнктурасына және ерекше табысты ұсыныстарға әрекет ету үшін қаражаттың бір бөлігін өтімді (аз табысты болса да) бағалы қағаздарға салу қажет. Сонымен қатар, келісім шартқа тұрған клиенттердің көбісі қаражаттарының бір бөлігін өтімді формада ұстауды қалайды.
Тәуекелді ескере отырып инвестициялық портфельдің табысы жиынтық табыс ретінде болады, осы немесе басқа портфельдерде. Табыс пен тәуекельдің арасында сандарының сәйкестігі мәселесі туындайды, инвестордың жағдайына сәйкес құрылған немесе жаңа портфельдің құрылуын жетілдуруді көздеп мәселені шешу қажет. Атап айтқанда, бұл мәселені шешу жүйе тез табылатын, бірақ ешқашан соңына дейін шешілмейтіндердің қатарына жатады.
Портфель құрудың сұрағын қарастыра отырып, инвестор өзіне басшылыққа алатын параметрлерді белгілеу қажет:
- портфельдің оңтайлы түрін таңдау қажет;
- портфельдің табысының және тәуекелінің үйлесімін өзіне бағалау және сәйкесінше бағалы қағаздар портфельінің табыс пен тәуекелдің әр түрлі деңгейінің үлес салмағын анықтау;
- портфельдің бастапқы құрамын анықтау;
- келешектегі портфельді басқарудың жүйесін таңдау. [4. 86-88 б]
Бағалы қағаздар инвестициялық портфельдің объектісі болып табылатындықтан, келесідей бағалы қағаздардың түрлерін қарастырамыз:
Пайда табу және капиталын инфляциядан сақтау мақсатында кәсіпорындар өздерінің капиталын бағалы қағаздарға салады. Тиімді инвестициялық бағалы қағаздар портфелін құру үшін барлық бағалы қағаздардың тағайындалуын және сипаттамаларын білу қажет.
Бағалы қағаздар ақшалай құжатты білдіреді, заңгерлік күшке ие және мүліктік құқықты куәландырады.
Инвестициялық портфельдің объектілері, басқаша айтқанда, қаражат салымы бағалы қағаздар түрлерін қарастырайық.
Заң шығарушы актілерімен регламенттелетін бағалы қағаздар
1. Акционерлік қоғамның акциялары. Акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі бір қаражат салуды және жарғылық капиталда иесіне ұзақ уақыт бойы меншік құқығын растайтын құжат.
Акция, акционерлік қоғам шығаратын, жай және артықшылықты, атаулы және ұсынбалы болып жіктеледі.
2. Облигация - шұғыл бағалы қағаз, бір жылға немесе одан көп уақытқа шығарылатын эмитент пен иесінің арасында қарыздық қатынасты білдіреді. Мемлекет кез келген орган түрінде, кәсіпорын және меншік формасының түрлі ұйым ретінде шығаруы мүмкін. Қарыз шартында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін эмитент қайта сатып алады.
Облигация - қарыздық бағалы қағаз, сондықтан облигация меншік иесі емес, эмитенттің кредиторы болып табылады.
Облигация иесіне жыл сайынғы табыс алып келеді, ол пайыз немесе купон деп аталады.
3. Туынды бағалы қағаз және акция сертификаттары
Акция сертификаты - акция аталған тұлғалардың қатарындағы белгілі бір акция санына иелігін куәландыратын бағалы қағаз. Сертификаттың бір тұлғадан екінші тұлғаға берілуі келісімнің жүзеге асқанын және бекітілген тәртіпте тіркеуден өткен жағдайда ғана акцияның меншік құқығы иесіне өтеді.
Акцияның опционы. Жеңілдетілген шарт түріндегі акция сатып алу құқығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz