Жол концептісінің танымдық сипаты және когнитивтік негіздері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Концепті туралы жалпы түсініктер . . . 7

  1. Концепті құрылымы және сипаттау әдістемесі . . . 17
  2. Концепт - әлемнің тілдік бейнесінің негізі . . . 20

2 Жол концептісінің танымдық сипаты және когнитивтік

негіздері . . . 25

2. 1 Жол концептісінің этнолингвистикалық және әмбебаптық сипаты . . . 40

2. 2 Жол концептісінің фразеологиялық тіркестер семантикасында анықталуы . . . 44

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 53

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі.

Этностың болмысы, рухани, материалдық мәдениеті, ең алдымен, тілдің лексика-фразеология жүйесінде ерекше семиотикалық кодтармен (белгілермен) таңбаланады. Осы тұрғыда әрбір халықтың болмысын, дүниетанымдық ерекшелігін оның тіл құрлымынан іздеу керектігі ешбір дау туғызбайды.

Өмірдегі бір-бірімен байланысты құбылыстар қазақ тілінің сөз байлығының алуан түрлі болып келетіндігін көрсетеді. Сондай көпке байқала бермейтін өзіндік сыры бар байырғы сөздердің бірі - жол ұғымына қатысты тілдік бірліктер. Бұл жерде жол ұғымына қатысты тілдік бірліктерді ақиқат өмірдің үзігі (фрагменті) ретінде қараудың мәні ерекше. Сондықтан жол ұғымы және оған қатысты тілдік, тілдік емес мәнділіктерді ертеден келе жатқан салт-дәстүрдің, құқықтық мәдениеттің тәжірибесі негізінде қорытып, айқындау, оларды тарих, этнография, мәдениеттану т. б. ғылым салаларымен байланыста қарау зерттеудің өзектілігін көрсетеді.

Өз егемендігін алған Қазақстан халқы бүгінде іштей түлеу, жаңғыру кезеңін бастан кешуде. Осымен байланысты рухани мәні бар көптеген құбылыстарды аса маңызды құндылықтарды айқындап, қайта бағалау қажет.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының нысаны: Жол ұғымының концептілік сипаты.

Диплом жұмысындағы тірек сөздер: концепті, әлемнің тілдік бейнесі, когнитивтік база, таным.

Жұмыстың мақсаты: Жол ұғымының концептілік сипатын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:

- концепті туралы түсініктеме беру;

- концепті құрылымын сипаттау;

- жол концептісінің когнитивтік негіздерін сипаттау;

- жол концептісінің этнолингвистикалық және әмбебаптық сипаттарын - талдау; жол концептісінің базасын анықтайтын фразеологиялық тіркестерді классификациялау.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырыптың ерекшелігіне және мақсатына байланысты бұл жұмыста диахрондық - синхрондық тұрғыдан сипаттама, салыстырмалы - тарихи, семасиологиялық, этнолингвистикалық, когнитивтік талдау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының дереккөздері. Когнитивтік лингвистика, концепті мәселелерініе арналған ресей және отандық ғалымдардың теориялық еңбектері:

В. А. Маслова «Введение в когнитивная лингвистика», Р. Ә. Авакова «Фразеологиялық семантика», М. Әуезов «Абай жолы» және т. б.

«Жол» ұғымының концептілік сипатын анықтауда І. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» - 4 том.

Диплом жұмысының нәтижелері:

- туыстас тілдер мен жазба ескерткіштер деректерін салыстыру барысында жол сөзінің мазмұн-межесі гиперонимдік және гипонимдік мағынаға ажыратылды;

- жол және оған қатысты кейбір тілдік бірліктердің көнетүркілік және жалпы түркілік тұлғасы мен семантикалық ерекшелігі көрсетілді;

- жол атауы когнитивтік бірлік (концепт) ретінде қарастырылды;

- жол атауына концептуалдық, семантикалық талдау жасалынды;

- жол атауына аясына әр түрлі лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің топтаса келіп, концепт жасай алатыны анықталды;

- жол концептісінің мазмұндық аясына енетін сөздердің семантикалық құрылымы, сондай-ақ фразеологизмдер мен паремиологизмдердің рендік (конотатты) мағыналары айқындалып, олардың эксплицитті, имплицитті түрлері ажыратылды;

- жол атауына қатысты жеке сөздердің, фразеологизмдер мен паремиологизмдердің этномәдени мәнін ашу арқылы этносқа тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді.

Жұмыстың жаңашылдығы:

  • жол және оған қатысты атаулардың мәдени концептілер жүйесінде өзіндік орны мен рөлі ерекше деп білеміз және жол лексемасы өзге де концептілер жүйесінің құрылымдық элементтері ретінде ерекше қызмет атқары деп танимыз;
  • жол және оған қатысты тілдік бірліктердің зат деректер денотаттар әлемі мен ойдеректер (сигнификаттар) жүйесін концепт тұрғысынан қарау арқылы дүниенің этносқа тән тілдік бейнесін айқындай аламыз;
  • жол атауына қатысты лингвомәдени бірлік жол концептісінің құрылымдық компоненттері болып табылады;
  • жол және оған қатысты атаулардың лингвоелтанымдық мазмұны біршама кең.
  1. Концепті туралы жалпы түсініктер

Концепт құрылымы мағынасын кеңейту үшін ортасында концепт ядросы, ал мәдениетке, дәстүрге, халықтық және тұлғалық тәжірибеге не жатса, соның бәрі сол шеңбер аймағында болады.

Концепт кез келген ұғым емес, олардың ішіндегі ең маңыздысы, ең күрделісі, онсыз сол мәдениетті елестету мүмкін емес. /1, 95/.

Адамзат қоғамы дамып, өндіріс, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Санада қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі.

Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде XX ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады. алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып, ұжымның, тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын, менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп, рухани мәдениеті танытатын тірек сөздерді (тірек - ұғым) концепт деп атау қарастырылды.

А. К. Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады.

Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінің А. Вежбицкая: «Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып, субъектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады», - деген тұжырым жасаған. А. Вежбицкаяның бұл пікірі С. А. Аскольдов-Алексеевтің: «Концепт саныдағы актілердің мазмұны», - деген пікірімен сабақтас. Демек, концептіге дейінгі санадағы ой әрекеті арқылы пайда болып, ондағы мазмұнды танытатын бірлік ретінде ұғыныла бастады. бұдан кейін зерттеушілер (В. В. Колесов, Д. С. Лихачев, Е. С. Кубрякова, Р. И. Павиленис т. б. ) концептіні менталды түсінік ретінде тани бастады. /2, 7/.

Д. С. Лихачев зерттеулерінде концепт ұғымының тұлғалы санасында шоғырланып, өзара байланыс жасай отырып, концептілік отау (орта) құрайтынын дәлелдейді. Бұл отауды «концептосфера» деп атап көрсетеді. Кейінгі зерттеулерде концептосфераның қызметі концептілік жүйеге айналады. Ғалым зерттеулерінде концептосфера концепт - 1 (алғашқы менталды түсінік) және концепт - 2 (рухани мәдениеттің тірек сөздері) арқылы құралған. Олардың тілдік көрінісі көп жағдайда фразеологизм болып табылады. Н. К. Рябцева концепт қасиеттерін былай айқындайды:

- адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі, танымы, қабылдауы арқылы толығып, өзгеріп отырады;

- концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның базистік элементі - негізгі құрылым болып танылса, прототиптік мазмұндары көмекші элементтер болып саналады;

- концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделген және өңделіп ұсынылған өнім ретінде танылады.

Концепт лингвистикалық категория. Бірақ басқа лингвистикалық терминдермен балама қолдануға болмайды. Концепт когнитивтік тіл білімінің басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым, лингвомәдени бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. сондықтан зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдардың ара жігін ажыратып көрсеткенді жөн көрді.

«Концепт» пен «ұғым» терминдері ішкі формасына қарай бірдей: концепт латынның «conceptus - ұғым» сөзінің калькалық аудармасы. Бірақ қазіргі таңда екі ұғымның да өзіндік ерекшелігі байқалуда. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт - ұлттық болмысқа негізделген менталды білім жиынтығы. Оның мазмұн межесі - объект туралы ұжымдық, тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры болса, тұрпат межесі - тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т. б. ) .

Концептіні белгілі бір мағына бере алатын, әлемді танытатын таңба ретінде қарастыруға болады. Концептіні таныту мақсатында кез келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз.

Концепт пен ұғымның басқа да өзгешеліктері бар: ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинайды, ал концепт - бұнымен қоса мәнді емес қасиеттерін де қамтиды. Ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының шеңбері едәуір кем. Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементтер болады, оған концептілік құрылымдағы барлық компонент ене бермейді. Концептіні әрқашан эмоционалды, экспрессивті, бағалауыш сәулелері көрінеді. (В. А. Маслова) . яғни концепт бойынан адамның объект (дүние) туралы жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, эмоциясы, ойы, танымы көрінеді.

А. П. Бабушкин концепт пен ұғым терминдерін ұқсас деп танып, ғылыми саладан оның бірін, яғни «ұғымды» ығыстырып шығаруды ұсынады. «Қазіргі таңда тілші ғалымдар «ұғым» термині классикалық мәнінде қолдана бермейді, оның орнына концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданылғанды жөн көреді». Н. Н. Болдырев, керісінше, екі терминнің де қолданылу аясы бар деп есептеп, оларды былай ажыратады: «Егер ғылыми танымда ұғымнаң көлемі (берілген дүниені толықтыратын белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы) және мазмұны (ондағы бір немесе бірнеше объекті белгілерінің біріккен жиынтығы) болса, ал концептіде ұғымның мазмұндық бөлігі ғана көрінеді».

Қазіргі тіл білімінде «концепт» ұғымы кең мағынада қолданылады және тілдің семантикасын бейнелеуде немесе тілдің мағынасын айқындауда концептілік құрылымға сүйенеді. Сонымен, концепт пен ұғым - ғылым да екі түрлі термин. Ұғым - логика мен философия термині, ал концепт - математикалық логика, мәдениеттану, когнитивтік тіл білімі термині.

Концепт пен мағына біржақты ұғымдар емес. Концепт дүние туралы тұрақты мәліметтер жинайды, ал сөз өз мағынасымен концептінің бір элементін ғана танытады. Дегенмен концептіні анықтауда оны танытып тұрған мағыналар мен сөйлемдерге, дискурсқа сүйенеміз. Концепт объектінің семасы арқылы да танылады. Бірақ ол мазмұн - жадыда саналы түрде автоматты сақталған форма. Концепт - сөзден туындайтын идеялардың санада өңделіп, болжам ұсыну бірлігі. Концепт - бұл жалпы мағына емес, ал жалпы түсінік. Концептіні барлық жағдайда бейне деп тани алмаймыз, себебі, ол бірде бейне ретінде, бірде жалпы идея ретінде танылады. Дегенмен сөздің мағынасы концепт қалыптастырушы материал ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да концепт терминіне түсінік беруде санадағы менталды бейнелерден бұрын сөздің мағынасы бірден тілге тиек болады. Концепт термині анықтау сөз мағынасының қалыптасуына үңілуден туындайды.

М. В. Никитин концепт терминіне: «Таңба арқылы танылған ұғым», - деп анықтама береді.

Концептіні тілдік мағынаның мазмұны ретінде танытатын ұғымдық компоненттер: денотат, десигнат, референт, сигнификат, коннотат шеңберінде зерттеу концепт туралы алғашқы, тар түсінік деп танылады.

Концептіге осындай түсінік беру ұғымға семантикалық және концептілік талдау жасау нәтижесінде анықталды. Семантикалық талдау зат немесе құбылыс атауының денотаттық, сигнификаттық коннотаттық және түрлі семалық құрылымын түсіндіруді көздесе, концептілік талдау - бір таңба аясына жинақталған белгілердің мазмұнын анықтауға бағытталады. Демек, лексемаға - мағына тән болса, концептіге - мазмұн тән.

Когнитивтік ғылым базасында, терең зерттеулердің нәтижесінде концептінің санада ойлау әрекеті арқылы қалыптасып, психикалық менталды қабілеттер негізінде танылатыны айқындалды. Кең ұғымда, концепт - санадағы менталды бірліктер мен психикалық ресурстар қызметі арқылы индивидттің тәжірибесі мен білімін танытатын ақпараттық құрылым.

Концепт ұғымына берілген тұжырымдар мен зерттеулерді сараптау нәтижесі оның қалыптасуы мен танылуының мынадай басты қағидаларын анықтауға негіз болады.

1. Концепт - санада қалыптасатын логикалық болмыс (С. А. Аскольдов-Алексеев; Чесноков; Е. С. Кубрякова) . «Концепт - бұл сөзбен оның ұғымы арасындағы делдал. Ішкі сөйлеу барысында санада қалыптасқан ұғым бірден сөзбен таңбалана алмайды. Сондықтан оның орнына мағына элементі ретінде ойдағы алғашқы түсінік - менталды сигналдар көмекке келеді». Бұл концепт болып саналады. «Концепт - зат не құбылыстардың өзара қарым-қатынасы қалай, олар қалай топтастырылады, қалай категорияланады деген мәселелерді айқындайтын менталды репрезентация». Концепт - бұл өзінше бөлек бүтін мазмұнға ие, әрі ұсақ ойларға бөлінбейтін ойлау бірлігі, яғни ішкі қабаттың үстірт қарапайым көрінісі. Е. С. Кубрякова: «Концепт адам санасының және ой-өрісінің қабылдау бағыты бойынша сипатталады», - деп таниды.

2. Концепт - адамның өмірлік тәжірибесі мен ұлттық тәжірибедегі бейнелер (таңбалар) жиынтығы. (Чубарян, Р. И. Павлиенис, А. П. Бабушкин) «Концепт ұқсас заттар мен құбылыстардың ұқсастық дәрежесі. Олардың бойындағы белгілері мен қасиетіне байланысты екі объектінің де ортақ белгісі концепт қалыптастыруға негіз болды». «Концепт белгілеуге болатын таңбасы бар ұжымдық сананың дискреттік бірлігі». «Концепт - бұл белгілі бір сөзді айқындайтын түсінік, бөлім, ассоциация шоғыры».

3. Концепт - ақикат дүниенің мәдени бейнесі. Демек белгілі бір ұлттың не адамның мәдени танымы сол дәуірдің мәдениетін анықтайды. А. Н. Арутюнова, М. М. Копыленко, А. Н. Мороховский пікірінше, мағыналық аясы белглі бір мәдениеттің белгілерін білдіре алса, әрбір тірек сөз концепт бола алады. С. Лихачев концептосфера ұғымын концепт-1, концепт-2 топтарына сүйену арқылы айқындайды. Концепт-1 - алғашқы менталды түсінік, концепт-2 - рухани мәдениетті танытатын тірек сөздер. Дегенмен қазіргі таңда тіл білімінде концепт терминін айқындайтын үш бағыт қалыптасты:

1-бағыт. (Ю. С. Степанов, Н. Телия) . Концептіні мәдениеттаным аспектісінде қарастырып, адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің қайнар көзі деп таниды. «Концептіні танытуда тіл басты қызмет атқармайды, ол тек мәдени концептілердің ең құнды бөлігін таңбалау үшін қажет», - деп түсінеді.

2-бағыт. (Н. Д. Арутюнова, Т. Булыгина, Н. Д. Шмелев) . Концептіні тану үшін оның мазмұнын алатын негізгі құрал - тіл таңбасының семантикасын анықтау керек. Демек бұл бағыт когнитивтік семантикаға сүйенеді.

3-бағыт. (Д. Лихачев, Е. Кубрякова) . Концепт тек сөз мағынасынан туындап қана қоймайды, сөз мағыналарымен қатар адамзаттық, халықтық, тұлғалық тәжірибелер мен аялық білімі, көрген, білген ақпараттары, танымдық дүниесі арқылы қалыптасады. Яғни концепт дүниені таңбалайтын сөз аралығындағы көмекші делдал білімдер жиынтығы.

Бұл зерттеулерден шығатын нақты тұжырым: концепт - бұл ақиқат дүние туралы санада жинақталған жан-жақты білім. Ол ғылыми, мәдени, рухани, көркемдік танымда берілуі мүмкін. Әрине бұл адамның жеке танымы мен жүйелеу қабілетіне байланысты.

Тіл білімінде концепт кешенді қолданыстағы ұғым болғандықтан, әр қырынан қарастырылды.

1. аспектіде, концепт - ақиқат дүниенің санадағы мәдени, рухани, этикалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады. (Н. Д. Артуюнова, А. М. Мороховский, Д. С. Лихачев т. б. ) .

2. Психолингвистикалық аспектіде концепт - ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезу) арқылы қабылданған алғашқы менталды түсініктер ретінде танылады. (Р. И. Павлиенис, Дж. Келли, Дж. Каган) .

3. Лингвокогнитивтік аспектіде, концепт - ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы танылған көрінісі (бейнесі) . Әрбір концепт тіл арқылы көрініс табады, концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады. (Е. Н. Кубрякова, А. Вежбицкая) . Дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий, ойсурет схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер арқылы таңбаланады.

Концепт ұғымына берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды:

  • концепт дүниенің кұндылықтарын танытады; концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді; тіл арқылы объективтенеді; субъектіні біліми деңгейін танытады; белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитетін көрсетеді; әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады; тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды; концепт - адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; концепт - білімді тарату, сақтау және оны оңдеудің негізгі бірлігі; концепт - белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы.

Концепт - адам әрекетінің әрбір болмысын, мәнін айқындайтын білім кванты. Ол сөз мағынасынан туындамайды, керісінше, адамның өзіндік жеке және ұжымдық (халықтық) тәжірибесінен туындайды (Д. С. Лихачев бойынша) . Концепт бағалауыш, эмоционалды, экспрессивті әсермен толығып отырады (В. А. Маслова) .

Менталды құрылым ретінде анықталған, әр түрлі күрделі дәрежедегі білімдерді, қоршаған әлем және тіл туралы ақпараттарды сақтау мен берудің әмбебап бірлігі концепт болып табылады. Концепттер адамның санасы сүйенетін категориялардың қалықтасу негізіне де жатады. Концепттің әмбебап қасиеті қабылдаудың біртұтастығы, құрылымының композициялығы, сонымен қоса оның элементтерінің бүтінге қатысты изоморфтығы болып табылады.

Концепт когнитивті лингвистиканың кілт термині болғандықтан, оған қатысты зерттеулер, анықтамалар сан түрлі. Концепт ұлт мәдениетімен тікелей байланысты, сондықтан ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады. Концепті білдіретін кез келген сөз, зат пен құбылыстың адам үшін белгілі маңызы, құндылығы бар. Бірақ зат немесе құбылыс тілде көрініс табады және оның бірліктерінде метафорада, фразеологизмде бекиді. Концептің мазмұны тілде көрініс табады, біз оны тілдік материалды талдау арқылы суреттей аламыз. Құндылық үнемі әлеуметтік, сондықтан концепті білдіретін тілдік бірліктерде әлеуметтік компонент болуы шарт. Мәдени концептің құрамына құндылықтан басқа, ұғымдық және образдық элементтер де кіреді. Ұғымдық элемент шындық және ойдан шығарылған нысан туралы концептің құрылуына негіз болатын фактуалды ақпараттан құралады. Концептің басқа элементтерден айырмашылығы оның мәдениет өкілі арқылы танылуында.

Мәдени концепті Д. С. Лихачев барлық мағыналар мен түсініктердің жиынтығы ретінде қарастырып, ол сөздер жеке адамның санасында ойланып, сөйленгенде пайда болатын түсініктер, образдар, ойлау жүйесін, саналы немесе саналы емес түрдегі қабылдау мен ойлаудан тұрады деген.

Ұлттық концептілерді идеал ретінде қарасақ, ол сол тіл өкілдерінің, бәріне ортақ, үлтты менталды түрде біріктіреді, ал шындығына келсек, бір этнос ішінде бірнеше мәдени-тілдік социум айрықшаланады, соның негізінде мәдени концептер жасалады.

Концепт тек қоғамда ғана қолданылмайды, ол сол қоғамнын әсерін сезінеді. Адамның, мәдени ақпаратты сақтаудағы негізгі формасында концепт және табиғи тілдің сөздері болады, бірақ адам саналы деңгейде мифологиялық және символдық түсініктердің ықпалында қалуы мүмкін. Адам үнемі сыртқы факторлардың ықпалында болғандықтан, ол онын концептілік өрісі мен тіліне әсер етуі мүмкін. Ұлттық концептілік өріс концептің образдық, бағалылық құрамын қалыптастыратын құндылықтардың ұлттық жүйесін нақты ақпарат көлемін, сол мәдениет деңгейінде қарым-қатынас жасауға қажетті сол тілдің қарапайым әлемдік бейнесін құрайды. Сонымен концепт - сананың элементі, менталдық бірлік. Адамның санасы мәдениет пен тілдің арасында дәнекер қызметін атқарады. Санаға мәдени ақпарат түседі, ол електен өтеді, өңделеді, жүйеленеді. Сана тілдік құралдар таңдауына жауап береді.

Қазіргі кезеңде когнитивтік лингвистиканың негізгі термині концептіге қатысты зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Әсіресе ресейлік лингвистер концепт ұғымына басты назар аударуда. Концептінің көмегімен қатардағы адам сол мәдениетті тануға мүмкіндік алады. Концепті тікелей мәдениетпен байланысты.

Концепті қарастыру үшін ең алдымен ол ұғымның мағынасы туралы түсініктер болуы шарт. Концепт менталды бірлік: 1. Адам тәжірибесінің әдемі көрінісіндегі кішкентай бірлік; 2. Ол білімдерді өңдеу, сақтау және берудің негізгі бірліктері; 3. Концептінің қозғалмалы шегі және нақты қызметі бар; 4. Концепт әлеуметтік, оның ассоциативтік өрісі прагматикасын білдіреді; 5. Мәдениеттің негізгі ұяшығы. Концептілер концептуалды жүйе құра отырып, әлемді адамның басында көрсетеді, ал адам тілінің таңбалары осы жүйенің мазмұнын білдіреді.

Көркем шығармалардағы «концепт» - көркем шығармалардағы тірек мағыналар. Бұл тірек мағыналар жеке тұлғалардың өзіндік көзқарасын қалыптастырады. «Кең ұғымда концепт санадағы - менталды бірліктер мен психологиялық ресурстар қызметі арқылы индивидтің тәжірибесі мен білімін танытатын ақпараттық құрылым». /3, 85/.

«Жол» концептісінің құрылымдық көріністері стереотиптік таңбалар арқылы санада бейнеленіп фреймдік құрылымға салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Концептуалды талдау жұмысы
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz