Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Негiзгi бөлiм
1.тарау.
ДЕМОКРАТИЯ . ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ
ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

2 Тарау
САЯСИ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с.
Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым- қатынаста жүзеге асады. Қоғам өмірі жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.
Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам, құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп, алға жылжуына септігін тигізеді.
Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болып келді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дос Көшімов. “Демократия негіздеріне кіріспе*, Алматы – 1997.
2. Ғ.Сапарғалиев., А.Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы*. Алматы, *Жеті Жарғы*, 1998 жыл.
3. Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы, “Жеті Жарғы*, 1998 жыл.
4. С.Е.Жұсіп. ерікті сайлау дегеніміз не?
5. 10. А.М.Абасилов. “Демократия дегеніміз не?* Демократия қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы., Алматы, 1998 жыл.
6. 11. М.Н.Марченко. “Теория государства и права*. Юрист., Москва, 1998 жыл.
7. 12. З.М.Черниловский. “Всеобщая история государства и права*. Юрист., Москва, 1996 год.
8. Жасарал Қуанышәлі. “Ұлт және ұлтаралық мәселе*.“” Демократияны қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы. Алматы, 1998 жыл.
9. Дос Көшім. “Жергілікті өзін-өзі басқару – азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы”. ДЕТАР Орталығы, 2000 жыл.
10. Дос Көшімов “Жергілікті өзін-өзі басқару”, Алматы, 1998 жыл.
11. Нарман Орнстин. Роль законодательных органов в демократическом обществе.
12. Қыдырәлі Қайтай. Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не? Демократияны қазақ тілінде оқытып үйрету орталығы. Алматы, 1998 жыл
13. Матью Гандель Честер Е.Фанн. “обучение демократий”
14. Томас Бюргенталь. “Халықаралық адам құқығы”.
15. Учебное пособие. Основы политологии. Алматы. “Жеті Жарғы”, 1993 жыл.
16. Политические партий и общественные движения своеврменного Казахстана. Справочник – Алматы, 1994 год.
17. Масатов Б.С. “Қазақстанның демократия әліппесі”, Алматы, Жеті жарғы, 2000 жыл.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Негiзгi бөлiм

1-тарау.

ДЕМОКРАТИЯ - ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ

ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

2 Тарау

САЯСИ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз.
Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру.
Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір
адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық
елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері
сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып
сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.

Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің,
депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық
елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі
бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды
жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын
құрылым.

Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың
көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен
байқайды.

Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды
әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы
теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз
жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық
демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы
сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір
сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі
кепілдік болуы тиіс.

Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық
мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен
үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына
қарамай, теңдей көру, т.с.

Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері
тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым- қатынаста жүзеге асады. Қоғам
өмірі жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.

Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай
демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айтылса қандай істің де келешегі
түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс
жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны
демократиялық қоғам, құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық
қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп, алға
жылжуына септігін тигізеді.

Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен
кемшіліктері болып келді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай
бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін
- өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.

1-тарау.

Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті

дамуының негізі

Адамзат бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған жылдар бойында “қой үстіне
боз торғай жұмыртқалайтын” молшылық заманды армандады. Сонымен бірге
осындай тамаша заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың арасындағы
келісім, өздерін-өздері билеп, қызмет көрсету екені де белгілі болатын.
Тарихтың беттерінде талай қоғамдық жүйенің түрлері, мемлекетті басқарудың
жолдары қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың көңілінен шығатын,
еркіндік пен молшылықты қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен үкіметтің
арасындағы қарым қатынасты реттейтін жан-жақты жүйені ойлап табуға ұмтылмас
жасады. Әр адамның әр-бір топтың, ұлттың, таптың өз көзқарасы бар қоғамдық
өмірде барлық жақтың да көңілінен шығатын жаңа жүйе табу, оны орнату оңай
жұмыс емес.

Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі
мәселені аңғаруға болады.

Біріншіден, демократияны-азаматтардың бәрінен де көңілінен шығатын,
өмір бойы армандаған асыл мұрат деп түсінбеуіміз керек. Демократияның
артықшылығы да осында-ол өзінің кемшіліктерін, әлі де шешімін таба алмай
жатқан мәселелері бар екенін ешқашан жасырмады. Сол бір қиын түйіндерді
қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндік туғызуда.
Сондықтан Демократияны “Құран сөзі” деп қабылдайтындар қатты қателеседі.

Екіншіден, шынында да талай тәжірибелерді алдымызға жайып беретін
тарих беттерінде бүгінге дейін демократиядан артық, одан қолайлы ешқандай
жүйе жоқ. Демократияның заңдары догма емес, ол кез келген өзгеріске дайын
және қоғаммен бірге жетіліп, дамып отырады.

Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып
отырғанының себебі неде?

Себебі біреу-ақ: демократиялық қоғам орнаған жерде азаматтар өзін-өзі
басқаруды жүзеге асыра алады азаматтардан-ұлттар, ұлттардан халық, халықтан
келіп қоғамдық қатынастар туындайды. Олар біріне-бірі тәуелді немесе билік
иелеріне бағынышты болмайды. АҚШ президенті Авраам Линкольн “Демократия-
халық үшін, халық арқылы жүргізілетін халықтың билігі”, деген сөзді бекер
айтпаса керек. Бұл әрине демократияға берілген анықтамалардың ішінде,
біздің жиі естейтін, барлығымызға да түсінікті жалпы ұғым. Дегенмен, осы
анықтаманы кеңірек талдайтын болсақ екі сұрақтың туындайтыны анық:

Халық билігі халықтық өздері шығарып өздері бекіткен заңдар арқылы
ғана жүзеге асырады. Көп жағдайда демократия ұғымы бостандық,
“Еркіндік” сөздерімен қатар қолдануына болады. Мағыналары жақын
болғанымен бұл сөздер бір ұғымды білдірмейді. Әрине, демократия
еркіндіктің негізінде өмір сүреді, бірақ оның жүзеге асуының басты
шарты сол қоғамдағы заңдардың жиынтығы болып табылады.
Демократиялық қоғам-мемлекеттік заңдарды мойындайтын азаматтардың
қоғамы. Қысқасы- демократия еркіндіктің заңмен берілетін (немесе
шектелетін) көрінісі.

Мемлекеттің барлық түрі заң арқылы өмір сүреді. Шексіз билік иелері-
патшалар мен диктаторлар да императорлар мен корольдар да заң арқылы билік
құрады, өздерінің әділетсіз істерін де жарлықың қалқасында жүргізеді.
Сондықтанда заңның бәріне бас иіп, соның айтқанымен жүру барлық уақытта
жақсылық бере бермейді. Мемлекет жариялаған заңның бәрі халық шығарған заң
болып табылмайды. Тек қана халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар ғана
демократиялық жүйенің кепілдігі болып саналады. Кейбір жағдайларда билік
иелері халықтың талқасына түспеген, қолдау алмаған заңдарды да өмірге
ендіріп, азаматтардан сол заңды толық ұстануды талап етеді. Ондай заңдарды
орындамауға, оны өзгертуге күш салуға азаматтардың толық құқығы бар.

2.Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы жүргізеді.
Халықтың өкіметті басқаруы-аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық
азаматтарының топырлап үкімет орындарына немесе заң шығару орындарында
отыруын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Және мойындауымыз керек,
мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның қолынан келе
бермейді. Олардың міндеті-халықтың ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын
жүзеге асыру. Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар “Машинаны
бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын көз алдарыңызға елестеп
көріңдерші,-деп дау айтады,- біреуі рільді бұрып, енді біреуі жылдамдықты
басып, үшіншісі- тежегішті жібермей келе жатса, не болады?. Одан да
басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда баратынымызды, қалай жүретінімізді
соның өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаның ішіндегі
жолаушылар боламыз ... ”

Бір қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, сол жүргізушілерге
басқару өкілдігін халық қана бере алатынын есімізден шығармайық. Үкіметті
басқаратын жандар мен қоғамның өмір сүру заңдарын дайындайтын, оны
бақылайтын адамдардың тобы сайлау арқылы бекітіледі, оларға нақты
жауапкершілікті жүктеу арқылы ғана жүзеге асады. Сонда ғана олар халық
өкілдері болып саналады. Талай билік иелері мен көсемдер халықты бақытты
өмірге жеткіземіз деп “рульді” қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан
жақсы білеміз. Сол бағыттың дұрыстығына күмән келтірген немесе қателік
көрсеткен жандарды басқаларға сабақ болсын деп, машинадан лақтырып
кеткендері де белгілі.

3.Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері сайлаған
жандардың билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп. Бірақ ең
негізгі жол-қоғамдағы жариялылықтың сақталуы. Мемлекетте қандай
жаңалықтардың болып жатқанын білу-әр адамның табиғи құқығы, ал сол
ақпараттарды үзбей жариялап отыру-үкіметтің халық алдындағы міндеті болып
табылады.

Жариялылықтың басты механизмі- ерікті ақпарат құралдары. Газеттер мен
журналдар, теледидар мен радио қызметкерлері, журналистер қоғамдағы әр-бір
құбылысты қалт жібермей аңдып отырады. Әсіресе билік орындарының жіберген
қателіктері, жасаған заңсыздықтары қылмыстары халықтың көзінен таса болмау
керек.

Бұл бағытта азаматтардың өздері ұйымдастырған сан түрлі қоғамдық
бірлестіктер де үлкен жұмыс істейді. Адам құқығын қорғау ұйымдары
мемлекеттегі адамдардың жеке басының еркіндігінің бұзылмауын бақылауға
алса, саяси партиялар билік тұтқасын ұстап отырған саяси күштің
бағдарламасынан бастап сайлау кезіндегі берген уәдесіне дейін жіпке тізіп,
тексеріп отырады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік тұлғаның, саяси
қайраткерлердің моральдық адамгершілік бейнесі жұртшылықтың көз алдында
болады. Сөз жоқ, мұндай “бақылау” билік орындарында отырған жандарға
ұнай қоймайды. Кейбір елдер баспасөздің еркіндігін шектейтін заңдар
шығарып, теледидардан үкімет орындарын, олардың іс қимылына сын айтатын
хабарларды көрсетпеуге күш салады. Билік орындарының не істеп, не қойып
жатқанын қарапайым халық білмеген уақытта, олардың бақылаудан кеткені деп
толық айтуға болады.

Үкіметтің жұмысын бақылау, оның жіберген қатесін көрсетуі, қажет деп
тапқан жағдайда есеп талап ету- оған “қара күйе жағу”, “жамандау” болып
табылмайды. Жан-жақты дәлелденген сындарды сын халыққа да көптеген мәлімет
береді. Олар өздері сайлаған өздері ақша беріп, жұмыс істеп отырған
қызметшілердің, иә-үкімет-халықтың қызметшісі, егер оны көпшіліктен жоғары
тұрған төре бастық деп түсінсек халық билігі ешқашан, орнамайды, салтанат
құрмайды, қай деген де қалай жұмыс істеп жатқанын әрқашан біліп отыруға
құқылы.

Үкімет орындарының жұмысын биліктің тағы бір буыны-сот орындары да
бақылап отырады. Демократиялық қоғамдағы сот жүйесі сол кезеңде жұмыс істеп
тұрған Заңнан басқа ешкімге де бағынбайды. Сот алдын да, заң алдында атақ
та, даңқ та, қызмет пен лауазым да ешқандай роль атқармайды-азаматтардың
бәрі тең.

Қысқасы демократиялық қоғамда үкіметтінде, президенттің де іс-қимылы
халық өкілдері қабылдаған заңмен қатаң шектеледі, мемлекеттен бастап жеке
азаматтарға дейін сол заңдардың сақталуын бақылауға алады.

“Демократия” деген сөздің аудармасын бәріміз білеміз, яғни “халық
билігі”. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1.Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.

2.Қоғам мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы
және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-
келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;

3.Қоғамдық құрылымның арман-ансары және соған сәйкес көзқарастар
демократияның көпшілік бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны
әр басқа түсінген. Оның үстіне, әр алуан елдерде олардың ұлттық тарихи және
т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін.
Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көптүрлігіне қарамастан, олардың
ортақ белгілері болады.

Ондай белгілерге төмендегілер жатады:

1.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән
екендігіне сөз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және
жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың
бастамасымен, референдум арқылы заңдар жетілдіреді және қабылданады.
Сондықтан, АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға “халық үшін
халық сайлаған халық билігін” жатқызады.

2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай
теңдік болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда өмір сүрген гректің атақты
тарихшысы Геродат сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген
мемлекетті айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық салада-халық
жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда және
т.т.с.-болуға тиіс.

3.Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдені және т.т.с. ерекшеліктеріне
байланысты адамдар әр-түрлі келеді. Солардың бәрін қалай теңдестіруге
болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Бұл екеуі жалпы
және барлығына бірдей қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың негізі һәм
қорғаушысы есепті. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, қажетті деген іс-
әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған кереғар қимыл-әрекет атаулыға тыйым
салады, тәртіп бұзғандарды жазалайды.

Демократияның алуан-түрілік теориясы саясат ісіне барлық азамат
тікелей қатысу ойынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық
теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс беруге ғана
қатысады. Өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни
азамат саяси барысының басты тұлғасы болудан қалады. Өйткені бұл қисын
саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде ғана
емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды.
Сонымен осы көзқарасты жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясат
серкесі-жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл ой-түйін
дарашылық және ұжымдық байламдар арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа көп деген
мүдделер туындайтыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар төбе
көрсетеді. Қандай адамда осындай белгілі бір топтың(отбасылық, этникалық,
мамандық, діни аймақтық және т.с.с.) өнімі болып табылады. Ол сол топта
тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны
қорғауға мүмкіндік ашады.

Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық
азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси
шешімдерге өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.

Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған - Артур Бентли (1870-
1957) ол үлкен мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси іске әртүрлі
топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке
либерализм сияқты “түнгі күзетші” ретінде емес, топтың мүдделер күресіне
бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде
қарайды.

Демократияның алуан түрілік теориясының тағы бір ерекшелігі-биліктің
араласуы, сіңуді (диффузиялануы) яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы,
бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен
конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип)
саяси жарысқа қатысушы түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.

Демократияның төбетоп (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген
нысанға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар,
саяси шешімдерді аз ғана санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың
айтуынша, саяси қаракетке таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы
күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүддесін қорғап, саяси
шешім қабылдауды, кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері,
сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман
ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра
демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбетоптар өзара күресе
білсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің
жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.

Жоғарыда аталған тұжырымдардан басқа, демократияның марксистік
байламы бар. Ол Руссоның ұжымдық қисынына ұқсас. Бірақ, Марксистер
демократиялық таптың мәніне баса көңіл береді. Францияның саясатшысы
М.Рокар “ақпараттық демократия” деген тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша
қазіргі демократия сайланған адамдар ақпарат құралдары және сайлаушылар
арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын
ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы
кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат-
билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.

Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық
демократия деп атады.

Демократияны: 1.тура

2.плебесцитарлық

3.өкілдік демократия деп бөледі.

1.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік
жүргізуге тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан
шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын
арттырады. Халықтық белсенділігін дамытып тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне,
танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын, бақылаудың
ықпалдылығын қамтамасыз етеді; билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды;
басқарушы төбетоптың халықтан алшақтауына мүмкіндіктердің бюрократтауына
жібермейді.

Тура демократияға референдум плебесциттер жатады. Референдумға
маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін
сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе
халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия
елдерінде кең тараған. Мысалы, Францияда ірі референдумдар Конституция
(1958 жыл) және Алжир автономиясы (1961 жыл) туралы өттті. Италияда екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік
тоқтатылды.[1]

Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілеттігі
ұзартылды, 1995 жылы Конституция қабылданды.

Тура (төте) демократияда қоғамның барлық азаматтары мемлекет шешімдерін
қабылдауға сайланған немесе тағайындалған өкілдердің араласуынсыз- ақ
өздері тікелей қатыса алады. Мұндай системе шағын ұйымға ғана тиімді.
Мысалы, қауымдық ұйымның немесе тайпалық кеңестің не кісіподақ ұйымының
жергілікті бөлімшесінің мүшелері оңаша бөлмеде кездесіп, мәселелер қарап
келісімге келеді немесе көп дауыс алу арқылы шешімдер қабылдай алады.
Демократияның тарихы отаны ертедегі Афинада 5000-нан 6000-ға дейін, сірә
бұл жерге жинала алатын адамдардың мөлшері болуы керек, адам жиналып, төте
демократияны іске асырып отырған. Төте демократияның күрделі де көлемді
жаңа қоғамда мүмкіндіктері аз. Тіпті Америка құрама Штаттарының шығысында,
Жаңа Англияда, қалалық жиналыстың салтын сақтап, оны қастерлеп өткізіп
тұратын жерлерде көптеген қауымдар іске көтеріп, ұлғайған, кезде барлық
тұрғындардың бір жерге жиналып өз өмірлеріне тікелей байланысты мәселелерді
төте дауыс беру арқылы шешуі қиындық туғыза бастады. Қазіргі кезде халық
санының өсуі, тура демократияны жүзеге асыруға қиындық әкеліп отыр.
Сондықтан жаңа өкілдік демократия қоғамдық билікте көрініс тапты. Бұл
миллиондаған халқы бар ел үшін де демократияның саяси шешімдер қабылдау
үшін өкілдер сайланатын, заңдар жасап, халық игілігіне арналған
бағдарламаларды іске асыратын кең тараған түрі өкілдік демократия. Мұндай
өкілдер күрделі мемлекеттік мәселелерді барлық уақыты мен күшін салып
жүйелі түрде салмақтап шешіп отырады. Мұндай мәселелерді азаматтардың
көпшілігі бас басына тиімді шеше алмаған болар еді. Осындай өкілдерді
сайлаудың толып жатқан әдісі бар.

Сонымен мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі
Греция мен ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей олар көптеген
жақсы жақтармен сипатталады. Сонымен қатар, олардың осал жерлеріде бар. Ең
алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі
өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласында
араласуы демократия өктемдік құралына (деспотияға) айналып кетуі мүмкіндік
тудырады. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес. Зорлықпен шексіз
үстемдік құратын жауың патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне
тирания1 сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын
көпірме, лепірме, даурықпаларға (демагогтарға) қолайлы. Сондықтан
Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, ұтымды,
баянды шешім қабылдамай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия
барлық адамдарды теңдестіреді. Стихиялық шешім қабылдатады, қызмет
адамдарын қабілетіне біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп, Платон да
жақтырмады, сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу
биліктің түрі деп қарады. Дегенмен антикалық демократияны саясатшылар,
тарихшылар. Фалсафатшылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, сүйеніп,
жүгініп келеді. Ежелгі Грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа
енді. Мысалы, қәзір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси
жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік-
патшалық билігі, сенат-аристократы, өкілдер палатасы-халық трибунатын
бейнелеп тұрғандай Заңның үстемдігі, Заң алдындағы барлық азаматтардың
теңдігі, саяси құқықтардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде
бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас
бөліктеріне айналады.

Жаңа дәуірдегі демократияның дәстүрлі сорабы да сонау көнезамандық ой
сүрлеуінен бастау алады. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның
өзгешелігі, ең алдымен, барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді
қабылдауға қатысу керек деген тазиске байланысты. Оны “қоғамдық келісім”
деген еңбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси прцеске
өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа
пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады.

Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер
қайрат негізінде қалыптасады адамдар не жақсы не жаман екенін бірігіп
анықтайды. Бәрі бір бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып
тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың
иқтиярын көзқарастарын жинап топтастырып, ортақ игілікке жетудің шешімін
қабылдайды.

Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік
топтар, келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған
бірлестіктері түрінде жүргізілетін болады.

Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар
(сайлаушылар) үшін күресуге айналады.Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет
атқаруға тура келді:

1.Саяси серкелерді, басшыларды сайлау;

2.Оларды орнынан алу.

Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқылы алынады. Сайлаушылар мен
олардың сайлаған өкілдердің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар.
Біріншісі депутаттарға қатал талап тілектер қоюды көздейді. Екіншілер мұны
дұрыс санамайды, себебі олардың ойынша өмірдің барлық жағдайларына аманат
беру мүмкін емес. Оның үстіне сайлаушы өз ауданы облысына қатысты
мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық, ел
мүддесін ойлау керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақпен ел мүддесінің тоғысу
дәрежесін ол өзі табуы керек. Шумпетерді ойынша, демократияның ойдағыдай
жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек.

1.Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті
маман өкілдері тобы болуға тиіс.

2.Саяси органдар халық негізінен жақсы қуаттап, оларға өз
көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса,
шешімдердің тиімділігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің
тұрақтылығына нұқсан келеді.

3.Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары
бағалайтын дайындығы бар, жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі,
маман емес ынталы адамдарға қарағанда, ол мемлекетті көп ілгері басқарады.
Ол өз құрамын ортақ топтың өкілдерімен толықтырғаны жөн.

4.Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениетінде элементі болып
табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды саясат
барысында әрбір қатысушы өз еркімен өзін-өзі тежемесе, қандай демократияда
алысқа кете алмайды.

2 Тарау

Саяси жүйелер және демократиялық құрылым.

Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен қызметін анықтаудың
алдыңғы саяси жүйе деген ұғымға тоқтала кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның
саяси жүйесіндегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Адамзат
қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер
бала оқытып, тәртіпті бақылайды. Бұл еңбектердің бәрі де сол адамның өзін
де, қоғамға да пайда берер: сөзсіз, сонымен қатар “Саясат” деп аталатын
ерекше қызметтің түрі бар. Оның ерекшелігі-қоғамдық өмірге тигізетін әсері
деп білуіміз керек. Қоғамның өзгеруі мен дамуына, бұзылуы мен жанғаруына
жауапты болатын саясаткерлер көпшілікпен, әлеуметтік топтармен, түрлі
көзқарастың иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Саяси қызмет белгілі бір
тәсілдерді механизмдерді және соны жүзеге асыратын құрылымдарды талап
етеді. Адамзаттық тарихи даму барысында сол құрылымдарда пайда болып,
қоғамдық өмірден өзінің орнын алады. Олар – саяси жүйе мен мемлекет.

Саяси жүйе – сан саланы қамтитын қоғамдық, мемлекеттік, саяси ұйымдар
мен мекемелердің жиынтығы. Солардың қызметінің арқасында ғана қоғамдық
билік орнайды, заң мен тәртіп жүзеге асады. Саяси жүйенің негізгі
белгілеріне мыналарды жатқызамыз:

Халықтық билікке араласуын қамтамасыз ету. Демек саяси жүйенің аясында
адамдлардың, ұйымдар мен бірлестіктердің саяси қызметі жүзеге асады. (Бұл
жерде демократиялық саяси жүйе туралы айтып отырмын. Егер диктатуралық
немесе тоталитарлық биліктің түрі болса, адамдардың саяси қызметінің
шектеулі немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін).

Саяси жүйе азаматтардың құқықғы мен еркіндігін қамтамасыз етеді. (Немесе
оларды шектеулі жүзеге асырады). Саяси жүйеге, саяси қарым-қатынастар,
саяси ұйымдар, саяси көзқарастар мен идеологиялар жатады. Саяси жүйенің
басты белгісі мемлекет болып табылады. Барлық саяси жұмыстар, идеологиялық
таластар, өзгерістер мен жануарлар мемлекеттің қол астында жүріп жатады.
Алғашқы мемлекеттерден бастап бүгінге дейін осы бір күрделі де негізгі
құрылымға деген түрлі көзқарас толастаған жоқ. Адамдар қауым болып бірге
өмір сүрген соң барлығы да бағынып, айтқан сөзін тыңдайтын, тәртіп пен
тыныштық орнататын және соның кепілі бола алатын, бір орталықтың,
құрылымның керек екені де сөз жоқ. Бірақ сол құрылым (мемлекет) халықтың
тілегін атқап, мүддесін жүзеге асыра алады ма, әлде қоғамды құлдыратып,
ыдыратып, езіп жаншитын басқару орны болады ма? Олар қоғамды қалай
басқарады? Басқаратын жандар кімдер болу керек? Халықтың көңілінен шықпаған
жағдайда, оларды қалай ауыстыру керек? Деген көптеген сауалдарға өз
заманының зиялы адамдары жауап іздеген. Біреулер мемлекеттің қажеттілігін
аспанға көтере мақтаса, енді біреулер оның кемшіліктерін көрсетіп, ондай
құрылымды мойындағысы келмейді. Грек философы демоакрит (б.э.д. 370-460ж)
мемлекет қоғамның әділдігін қамтамасыз етеді деп санаған “жақсы мемлекет
мықты қоғам сияқты: оның ішінде бәрі дер бар, мемлекет сақталғанда, оның
ішіндегілер де сақталады, ал ол күйрегенде, онымен бірге бәрі де апатқа
ұшырайды”-дейді ол.

Римнің әйгілі шешені, мемлекет қайраткері Цицерон (б.э.д. 43-106ж.)
да мемлекетті – халықтың байлығы деп түсінген. Бұларға қарама қарсы иелері
анархистер деп аталады, олар мемлекетті жеке адамның еркіндігін шектейтін,
зорлық арқылы билік жүргізетін құрылым деп санады. Анархизмнің негізін
салушылардың бірі М.А. Бакуниннің “Егер мемлекет болса, міндетті түрде
билік болады, ал билік дегеніміз – біреулер үшін құлдық болып табылады ... ”
Деген сөздері бар.

Енді мемлекеттің басқару түрлеріне шолу жасайық. Басқару түрлерін
анықтаудың ең қарапайым, оңай жолы билеушілердің құрамынан-ақ көрінеді.
Егер мемлекетті бір адам басқарса және оның билігі тұқым қуалап, әкеден
балаға мирас болып отыратын болса, ондай басқару түрін – монархия деп
атайды. Егер елді халықтың ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топ басқарса,
оны басқарудың аристократиялық жолы дейміз. Ал басқарудың үшінші түрі –
халық билігі немесе демократия. Басқару түрлеріне қарай, “қоғамдпа әділ
билік жүргізіліп” немесе ”ондай қоғамда тек әділетсіздік орын алады” деп
кесіп пішуге болмайды. Бұл жерде екі мәселеге ерекше көңіл аудару керек.
Біріншісі – биліктің нәтижесі қоғамдағы көрініс. Егер сол басқару түрі
халықтың тұрмыс тіршілігін, әл-ауқатын жақсартса, қоғамда тыныштық орнаса,
демек билік жүйесі қоғамның дамуына сай болғаны. Ондай билік жүйесін халық
қолдайды, өзгертудің қажет деп санамайды. Екіншісі – биліктің орнау жолының
заңдылығы. Бір елді диктатор билеп отырса дегенді естісек, көз алдымызға
патша немесе король елестейді. Әрине, диктаторлар да монархия да елді бір
адамның билеуін көрсетеді. Бірақ біз монархияны диктаторлық биліктен жоғары
қоямыз, себебі монархия сол елдің заңы арқылы билік құрады, ал диктатор
заңды бұза отырып басқару орнына келеді немесе заңды жолмен келе отырып,
белгілі бір уақытта мемлекеттік заңды, Конституцияны аяққа таптап, өзінің
дегенін, ойына келгенін жүзеге сасыра бастайды. Бұл басқарудың үш түрі де
нақты заңдары мен билігі шектелмеген уақытта, жеке адамның немесе топтың
мақсат-мүддесін көздеген кезде Конституиялық биліктен Конституциялық емес
билік түріне көшеді.

Монархия – тиранияға айналады,

Аристократия – олигархияға айналады,

Демократия – охлакратияға айналады.

Билік түрлерінің жоғарыдағыдай жіктелуі – шартты түрдегі ажырату.
Нақты өмірде билік түрінің сан қилы нұсқасын кездестіруге болады. Қоғамдық
өмір ғылыми теорияға бағына бермейді. Кейде конституциялық билік түрінің
заңсыз билік жүйесіне айналғанын сол елдің азаматтарының көпшілігі аңғара
да алмай қалады. Алғашқыда мемлекеттік заңдар “қажеттіліктің талабына”
бұзыла бастайды да, уақытша заңдар туады, адам құқықтары шектеледі. Бірте-
бірте халықтың қарсылығын көрмеген билік иелері өзінің күштеу аппаратының
қызметіне сүйене отырып, шексіз әкімшілік жолына түседі

Кейбір зерттеушілер билік түрлерінің таза бір түрі кездесе бермейді.
Көп жағдайда екі түрі араласа келеді деп есептейді. Мемлекеттік билік
түрлерімен қатар саяси жүйені де ажырата білуіміз керек. Олар да үш түрге
бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық. Демократиялық қоғамның
негіздеріне сипаттама бере отырып, кеше ғана біздің еліміздің басынан өткен
тоталитарлық жүйеге тоқталып, оның ерекшеліктерімен танысу – екі қоғамдық
жүйені салыстыра отырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін байқау үшін өте
қажет. “Демократиялық мемлекет құрып жатырмыз ” деген сөздерді естисіздер,
оқисыздар. Сол уақытта бұрын қандай қоғамда өмір сүріп едік, неліктен жаңа
қоғам құруға бетбұрыс жасадық, бұрынғы қоғамның қандай сұрақтарының
туындауында заңды болады. Егер кешегі мен бүгінді салыстырмасақ, жаманның
жақсы екенін қалай дәлелдей аламыз? Алдында айтып өткен саяси жүйелердің
ішінде бір – біріне толық қарама - қарсы болып келетін екі басқару жүйесі,
екі өмір салты бар. Оның бірі – тоталитаризм болса, екіншісі – демократиялы
деп аталынады. Кейбір әдебеттерді алғашқысын “жабық қоғам”,ал
екіншісін ”ашық қоғам” деп те атайды. Мұны айтып отырған себебім - өткен
өмірімізге көз жүгіртіп, болашақпен салыстыру ғана емес. Өкінішке орай,
бүгінгі өтпелі кезеңде бұрынғы жүйенің көптеген белгілері сақталғанын
немесе өңін өзгертіп, мазмұнын сол күйде қалдырғанын мойындауымыз
керек.Тоталитарлық қоғамда жетпіс жылдан артық өмір сүрген Қазақстан халқы
соңғы он жылда демократия мен құқықтық мемлекеттердің барлық ерекшелігін
бойларына сіңіріп, барлық құрылымдарды мемлекеттік жүйеге ендірді деуге
болмайды. Бұл әлі көптеген жылдарға созылатын күрделі процесс. Себебі:
адамның немесе халықтың бұрын қалыптасып қалған ой – санасын бірден өзгерту
бір минуттік іс емес, сондықтан екінші мүлдем құрылымы жағынан ұқсас емес
қоғамды немесе саяси режимді орнату үшін ұрпақтан келесі ұрпаққа алмасуы
ықтимал. Яғни айтқанда, бұрынғы қоғамның адамдарының санасына көп әсер
етпей – ақ дәл сол замандағы жас азаматтарға ықпал ету. Екіншіден
тоталитарлық қоғаммен, оның ерекшеліктерімен жақын таныса отырып қана оның
әлі жойылмай келе жатқан белгілерімен күресуге болады, оның қайта оралуы да
біздің сол өмір туралы түсінігімізге байланысты болмақ.

Тоталитарлық жүйе – билік орындарының қоғам мен адамның үстінен толық
бақылау жүргізуі, қоғамдық жүйенің барлық саласын ұжымдық мақсатқа және
ресми идеологияға бағындыру. Мұны біз мынандай төмендегі белгілерінен
байқауға болады:

Билік иелерінің, үкіметтің сол елдің азаматтарынан бөлекше өмір сүруі,
жұмысы мен әл – ауқатын ың жоғары болуы. Олар халық бақылауынан тыс болады,
өз азаматтарының алдында жауап та бермейді. Сондықтан да халық өкілдерін
сайлау жасанды түрде жүргізіледі немесе мүлдем өткізілмейді. Кейбіреулер
ойлайды, сайлау болған соң демократияға жақын деп, жоқ бұл қателістік,
себебі: демократия кезіндегі сайлау ерікті түрде жүргізіліп сайланған
адамның халық алдында жауаптылығы жүктеледі. Негізінен қарап отырсақ сайлау
демократияға көшудің бір қадамы десек те болады, ал халық демократияны
орнықтырылуы үшін, сөз бостандығы, жариялылық, адамдардың ар - намысын
қастерлеу деген демократиялық принциптер қажет сондықтан, тоталитарлық пен
демократиялық режимдердің тым ұқсастығы жоқ екенін байқауға болады. Бұл
бірінші ерекшелік. Келесі айта кетерлік мәселе – авторитарлық жүйе.

Авторитарлық жүйеден, тотаритарлық жүйенің де, демократиялық қоғамның
да белгілерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Мемлекеттің құқықтық табиғаты
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Демократия туралы түсінік
Саясаттану пәнінен дәрістер
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Демократия және билік
Құқықтық нормалардың белгілері
Демократия туралы ұғым
Мемлекетұғымы және беглілері
Пәндер