Вильфредо Парето
Парето Вильфредо (1848-1923) - итальяндық әлеуметтанушы-позитивист, экономист, элита теориясын жасауға ерекше үлес қосқан функционализмнің негізін қалаушылардың бірі.Өзінің әдістемелік көзқарастары жағынан В.Парето әлеуметтанудың конттық позитивистік бағытын ұстанды. В.Парето үшін қоғам - динамикалық тепе-теңдік жағдайында тұрған жүйе. Ол элитадан, "ең жақсылардан", басқарушылардан және элитаға жатпайтын бағыныңқылардан тұрады.Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы "қатты денелердегі тепе-тендіктің іргелі принциптері" деген тақырыпта диссертация қорғайды. В.Парето бойынша барлық қоғамға осылайша жіктеу тән, ал циркуляция, элиталардың алмасуы бүкіл тарихи дамудың қозғаушы күші болып табылады. В.Паретоның негізгі саясаттанулық еңбектері: "Социалистік жүйелер" (1901), "Саясиэкономика оқулығы" (1907), "Демократияның түрленуі" (1921) және т.б.
Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады. Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы “Қатты денелердегі тепе-теңдіктің іргелі принциптері” деген тақырыпта диссертациясын қорғайды. Тепе-теңдік түсінігі оның бұдан кейінгі экономикалық және социологиялық еңбектерінде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, бұл тақырып нысана ретінде қабылданды. Бірнеше жылдар бойы ол темір жол мекемесі мен металлургиялық компанияда маңызды қызметтер атқарды. 90-жылдары ол саясатқа араласуға талпынас жасайды, бірақ онысы сәтсіз болады. Осы кезде ол публицистика және классикалық мәтіндерді оқумен және аударумен айналысады. 90-жылдардың бірінші жартысында Парето экономикалық теория және математикалық экономика саласынан бірқатар зерттеулер шығарады. 1893 жылдан өмірінің соңына дейін ол Швейцарияда Лозанна университетінде атақты экономист Леон Вальрасты алмастырып, саяси экономия профессоры болды. Парето өмірінің соңғы жылында Италияда фашистік режим орнайды. Бұл режимнің кейбір қайраткерлері өздерін лозанндық профессордың шәкіртіміз деп есептеді. Осыған байланысты 1923 жылы оған Италия сенаторы атағы беріледі. Парето бұл режимге ұстамды қолдау көрсете отырып, оны либералды болуға және академиялық еркіндіктерді шектемеуге шақырды. Парето 1923 жылы 19 тамызда өмірінің соңғы жылдарын өткізген Селиньяда (Швейцарияда) қайтыс болды.

Парето Вильфредо (1848-1923) - итальяндық әлеуметтанушы-позитивист,
экономист, элита теориясын жасауға ерекше үлес қосқан функционализмнің
негізін қалаушылардың бірі.Өзінің әдістемелік көзқарастары жағынан В.Парето
әлеуметтанудың конттық позитивистік бағытын ұстанды. В.Парето үшін қоғам -
динамикалық тепе-теңдік жағдайында тұрған жүйе. Ол элитадан, "ең
жақсылардан", басқарушылардан және элитаға жатпайтын бағыныңқылардан
тұрады.Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы "қатты
денелердегі тепе-тендіктің іргелі принциптері" деген тақырыпта диссертация
қорғайды. В.Парето бойынша барлық қоғамға осылайша жіктеу тән, ал
циркуляция, элиталардың алмасуы бүкіл тарихи дамудың қозғаушы күші болып
табылады. В.Паретоның негізгі саясаттанулық еңбектері: "Социалистік
жүйелер" (1901), "Саясиэкономика оқулығы" (1907), "Демократияның түрленуі"
(1921) және т.б.
Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі,
социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық
көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің
отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол
классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады. Туринде
политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы “Қатты денелердегі тепе-
теңдіктің іргелі принциптері” деген тақырыпта диссертациясын қорғайды. Тепе-
теңдік түсінігі оның бұдан кейінгі экономикалық және социологиялық
еңбектерінде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, бұл тақырып нысана
ретінде қабылданды. Бірнеше жылдар бойы ол темір жол мекемесі мен
металлургиялық компанияда маңызды қызметтер атқарды. 90-жылдары ол саясатқа
араласуға талпынас жасайды, бірақ онысы сәтсіз болады. Осы кезде ол
публицистика және классикалық мәтіндерді оқумен және аударумен айналысады.
90-жылдардың бірінші жартысында Парето экономикалық теория және
математикалық экономика саласынан бірқатар зерттеулер шығарады. 1893 жылдан
өмірінің соңына дейін ол Швейцарияда Лозанна университетінде атақты
экономист Леон Вальрасты алмастырып, саяси экономия профессоры болды.
Парето өмірінің соңғы жылында Италияда фашистік режим орнайды. Бұл режимнің
кейбір қайраткерлері өздерін лозанндық профессордың шәкіртіміз деп
есептеді. Осыған байланысты 1923 жылы оған Италия сенаторы атағы беріледі.
Парето бұл режимге ұстамды қолдау көрсете отырып, оны либералды болуға және
академиялық еркіндіктерді шектемеуге шақырды. Парето 1923 жылы 19 тамызда
өмірінің соңғы жылдарын өткізген Селиньяда (Швейцарияда) қайтыс болды.
Паретоның алғашқы ғылыми еңбектері экономикаға арналған. Экономист
ретінде ол ғылым тарихында елеулі орын алады. Ол монополистік нарық,
табыстарды бөлу, эконометрияның қалыптасуын зерттеуге маңызды үлес қосты.
Алайда біртіндеп ол адамның homo economіcus ретіндегі түсініктердің
жеткіліксіз және дәл еместігін түсінеді. Өз кезегінде бұл түсіну оның
адамның рационалистік тұжырымдамасына теріс көзқарасымен байланысты.
Адамның дәл және толық үлгісін іздестіру барысында Парето социологияға
жүгінеді. Бұл жүгіну кешірек болады, себебі бұл кезде ол белгілі ғалым еді.
Мұнысы Паретоның жанры бойынша социологиялық емес еңбектерінен байқалады,
олар мыналар: “Саяси экономия курсы” (1896 - 1897), “Социалистік жүйелер”
(1902) және “Саяси экономия оқулығы” (1906). Паретоның социологиялық
тұжырымдамалары бейнеленген ең ірі шығармасы “Жалпы социология трактаты”
(1907 - 1912).
Паретоның социологиялық дүниетаным бастаулары, жан-жақты экономикалық
тепе-теңдік теориясының авторы Леон Вальрастан басқа Н.Макиавеллидің
әлеуметтік дарвинизмі мен түйсік психологиясы, Г.Лебен мен Г.Тардтың
итальяндық қылмыстық мектебі, француз философы Жорж Сорель мен оның зорлық
пен әлеуметтік миф теориясы, итальяндық саяси ойшыл Гаэтано Москаның
қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөлу теориясы.
Паретоның ғылыми творчествосын зерттеушілер бір ауыздан оның
социологиялық көзқарастарының қалыптасуына оның құндылықты бағыт-бағдарының
түбегейлі өзгеруінің ықпалын ерекше атап көрсетеді. Алғашында ол
демократиялық, либералды және гуманистік көзқарастардың жақтаушысы болған.
Бірақ, кейін, шамамен 1900 жылдары өз заманындағы Италияның саяси өмірін
бақылай отырып, Парето өзінің жас кезіндегі мұраттарынан көңілі қалады.
Парето үнемі түрлі саяси, моральдік, метафизикалық ілімдерді сынай отырып,
өз заманының демократия (ол оны “плутодемократия” деп атайды), еркіндік,
гуманизм, ынтымақ, прогресс, теңдік, әділеттілік сияқты сан алуан
әлеуметтік мұраттарын “әшкерелейді”. Социология ғылымының өзі Парето үшін
әлеуметтік мұраттарды әшкерелеу құралы болды. Осындай әлеуметтік ғылымның
алатын орнына көзқарасы Паретоны Маркс, Гобино немесе Гумплович сияқты
ойшылдарға жақындата түседі. Олардың ойынша, “әдемі сөздің артында ажарсыз
шындық жасырынған” деп, идеяларды төмендетуге тырысты.
Жоғарыда айтылғандардан кейін Паретоның адамзат табиғаты жөнінде
жоғарғы пікірде емес екендігін байқауға болады. Оған өзінен бұрынғы
Н.Макиавеллидің “Билеуші” еңбегінде адамдар жайында “олардың тұрақсыз,
алдау мен арбауға бейім, пайдақор”деген ұстанымы өте жақын болды.
Паретоның философиялық антропологиясы адам өз іс-әрекеттерін ойлап
барып жасайды деген түсінікке негізделген адамның рационалистік үлгісіне
қарсы бағытталған. Оның көзқарасы бойынша, адам, керісінше, алдымен
істейді, кейін, post festum, өзінің істеген әрекеттеріне дәйектемелер ойлап
тауып, оларды түсіндіруге, ұтымды етуге тырысады. Бұл позиция З.Фрейдтің
рационализацияны психологиялық қорғану механизмінің бірі ретіндегі
тұжырымдамасына жақын болып келеді.
Парето өзінің социология түсініктемесін қасаң қағидалы түсініктемеге
қарсы қояды. “Осы уақытқа дейін социология қасаң қағида ретінде
түсіндіріліп келді. Конттың өзінің философиясында берген “позитивті”
анықтамасы бізді адастырмауы керек, оның социологиясы Боссюэның “Жалпы
тарих жөніндегі ойлары” сияқты қасаң қағидалы болып келеді. Бұл әр түрлі
діндер, сонда да ол дін болып табылады; және діннің осындай түрін біз
Спенсердің, Грифтің, Летурноның және т.б. шығармаларынан табамыз. “Қасаң
қағидалы”, “гуманитарлық”, “метафизикалық” социологияға қарсы тәжірибелік
социология нағыз ғылыми болып табылады. Мұндай болу үшін социология
“логикалық-тәжірибелік” көзқарастарға негізделуі керек. Бұл көзқарас ғылыми
дәлелдеменің негізін бақылау, тәжірибе және солардан құрылған логикалық ой-
қорытындылар қалайды дегенді білдіреді. Егер метафизика абсолюттік
принциптерден нақты фактілерге қарай жүрсе, тәжірибелік ғылым нақты
жағдайлардан абсолюттік принциптерге қарай емес (мұнда олар болмайды), тек
жалпы принциптерге қарай жүреді, сосын бұл ғылым олардың басқаларға
тәуелділігін орнатады, сөйтіп шексіз жүре береді. Сонымен бірге жалпы
принциптерді жай болжам ретінде қарастыру қажет, “олардың мақсаты - бізге
фактілердің синтезін тануды қамтамасыз ету, оларды теория арқылы
байланыстырып, қорытынды шығару. Теориялар, олардың принциптері мен
дедукциясы фактілерге бағынып, фактілерді дұрыс көрсету ақиқаттылығынан
басқа өлшем жоқ”.
Логикалық-тәжірибелік тәсіл заттардың “мәні” жөнінде, олардың
арасындағы “қажетті” байланыстар жөнінде білім бермейді. Бұл тәсіл тек
ықтимал білім береді; мұнда орнаған заңдар бізге белгілі кеңістіктік-
уақыттық шектеулермен шектелген, кейбір біртекті байланыстар болып
табылады.
Тіпті формальді логика заңдары да осылай түсіндірілуі керек. Мысалы,
белгілі силлогизм: “Барлық адамдар о дүниелік; Сократ адам; демек Сократ о
дүниелік”, - тәжірибелік көзқарас тұрғысынан былай болуға тиіс: “Біз танып
білген адамдардың бәрі қайтыс болған; Сократтың біз анықтаған белгілері
арқылы ол осы адамдар санатына жатады; демек Сократтың өлуі әбден мүмкін”.
Егер де формальді логика заңдарының осындай ықтималдық сипаты болады десек,
онда мұның социологиялық заңдарға қатысты болары сөзсіз.
Паретоның әлеуметтік мінез-құлық теориясының негізі адамдардың іс-
әрекетін логикалық және логикалық емеске бөлуден құралады.
Социологиялық талдау бірлігі болып табылатын “іс-әрекет” түсінігіне
жүгінудің өзі ХІХ - ХХ ғасырлардың социологиясына тән болған. Біз оны Макс
Вебердің психологиялық социологиясынан да кездестіреміз. Ол социологтардың
қызығушылықтарының әлеуметтік макродүниеден әлеуметтік микродүниеге ауысуын
білдірді. Парето макроәлеуметтік жүйелердің, жаһандық қоғамдар мен үлкен
әлеуметтік топтар мәселесіне назар аудармай қалған жоқ, бірақ оның
социологиялық теорияларының негізі адамдар іс-әрекетінің сан-алуан
түрлеріне талдау жасау болып табылады.
Парето үшін логикалық және логикалық емес іс-әрекеттерін айырудың
негізін олардағы субъективті және объективті жақтарының мақсаты мен
амалдарының қарым-қатынасы құрайды. “Мақсатқа сәйкес амалдар болып
табылатын және осы мақсатпен логикалық түрде бірігетін әрекеттер бар.
Сондай-ақ мұндай белгісі жоқ басқа әрекеттер де бар. Әрекеттердің бұл екі
түрі оларды объективті не субъективті жағынан қарастыруымызға байланысты
ерекшеленеді. Субъективті жағынан адам әрекеттері бірінші түрге жатады.
Мәселен, грек теңізшілері үшін Посейдонға құрбандық шалу мен қайық есу
теңізде жүзудің бірдей логикалық тәсілі болды”.
Аталған ерекшелікті түсіну үшін субъективті көзқарас жеткіліксіз, басты
мағынаны объективті өлшемдер ұстанады. Оларды қалай табуға болады? Парето
былай жауап береді: “...Біз “логикалық әрекеттер” деп операцияларды
орындайтын субъектіге қатынасы бойынша өз мақсатымен бірігетін операциялар
ғана емес, сонымен бірге кең таным-білімге ие болғандар да, яғни, жоғарыда
айтылған субъективті және объективті мағынаға ие болған әрекеттер деп
атаймыз. Басқа әрекеттер “логикалық емес” деп аталады және “логикаға қарсы”
дегенді білдіреді.
Логикалық іс-әрекеттер саласы - ең алдымен, жаратылыстану ғылымдары,
технология, кейбір әскери, саяси, құқықтық әрекеттер мен экономика.
Жалпы логикалық іс-әрекеттер сирек кездеседі, әлеуметтік өмірде
логикалық емес әрекеттер басым келеді. Логикалық әрекеттер - пайымдауға, ал
логикалық емес әрекеттер сезімге негізделеді. Алайда, соңғысына адамның
таза түйсіктік әрекеттерінен бірге пайымдау да кіреді. Оның логикалық емес
әрекеттердегі орны “логизацияда”, яғни осы әрекеттердің ұтымды болуында:
себебі адамдар өздерінің логикалық емес әрекеттерін логикалық деп көрсетуге
тырысады. Бұл мақсатқа әр түрлі метафизикалық, діни, моральдік, саяси,
сонымен қатар жалған ғылыми теориялар қызмет етеді. Бұл теориялардың
таралуына олардың логикалық құндылығы мен дәйектілігіне тәуелді емес, оның
себебі олардың санаға емес, сезімге негізделуіне байланысты.
“Сезім” Паретоның социологиялық жүйесінде маңызды орын алады. Оның
көзқарасы бойынша, “сезім” адам әрекеттерінің терең негізін құрайды.
“Түйсік”, “қызығушылық”, “тәбет”, “талғам” сияқты түсініктермен қатар,
“сезім” адам табиғатының иррационалды жақтарына үлкен маңыз береді.
Бірақ мінез-құлықтың терең факторы болғанымен сезім ұстатпайтын нәрсе:
бұл белгілі бір мағынада “өзіндік зат” болып табылады. Логикалық-
тәжірибелік социология оларды тек белгілі бір сыртқы көріністер арқылы тани
алады. Бұл сезімдердің тану құралы Паретоның ойлап тапқан “тұнба” және
“туынды” теориясы болып табылады.
Адамдар өздерінің логикалық емес әрекеттерін логикалық деп көрсететін
теориялар тұрақты және өзгермелі элементтерден тұрады. Парето біріншісін
әлеуметтік ғылым үшін оғаштау “тұнба” (итал. “resіduo”, франц. “resіdu”)
терминімен, ал екіншісін “туынды” (“деривация”) терминімен атайды. Ол
өзінің “Трактатында” “тұнба” мен “туындыға” көп тоқталып, бұл құбылыстарға
үлкен маңыз беретінін көрсетеді.
Парето пайдаланған терминдерге нақты анықтама беруге талаптанса да,
оның еңбегінде “тұнба” терминіне анықтама берілмейді. Бұл термин химиялық
немесе геологиялық ұқсастық береді, бірақ Парето оның этимологиялық және
кәдімгі мағынасынан алшақтауға шақырады. Логикалық емес бола тұра, тұнбалар
адамның негізгі сезімдері мен түйсіктерінің көрінісі болып табылады.
Сонымен бірге Парето тұнбаларды сезіммен және түйсікпен араластыруға
болмайды, өйткені олар “теорияның” элементтері (неғұрлым тұрақты, айнымас
және әмбебап) болып табылады деп атап көрсетті. “Термометрдегі” сынаптың
көтерілуі температураның жоғарылауымен түсіндірілсе, сол сияқты тұнба да
осы сезімдер мен түйсіктердің көрінісін білдіреді. Тек, қысқартып айтатын
болсақ, тұнба тәбет пен қызығушылықтан басқа әлеуметтік тепе-теңдіктің
қалыптасуында маңызды орын алады. Сондай-ақ біз су 100 градуста қайнайды
деп айтамыз”. Паретоның “тұнбалар жіктелімінің қолайсыз және бұлыңғыр
сипаты бар екенін айта кету қажет. Жалпы, осы “тұнба” және “туынды”
түсініктері мен оның жіктелімін әлеуметтік ғылымда оның авторынан басқа
ешкім қолданбағаны таңдандырмайды.
Паретоның өзі “тұнбалар” жіктелімінің алғашқы сипатын мойындаған. Сөйте
тұра, ол әр топқа жан-жақты талдау жасайды. Басты маңызды бірінші екі топқа
береді. Олардың біреуі тенденцияларды әлеуметтік өзгерістерге жетелейтін
“комбинациялар түйсігі” болса; екіншісі, “агрегаттарды сақтаудағы
табандылықты”, яғни кертартпалықты, әлеуметтік формалардың тұрақтылығын
білдіреді.
Әдетте, бір қоғамның “тұнбасы” екінші қоғамның “тұнбасынан” едәуір
ерекшеленеді. Олар жеке бір қоғамда шамалы өзгеріп отырады. Бірақ оларды
қоғамның ішіндегі әр түрлі сатыларға бөлу өзгермелі болып келеді.
“Тұнба” - “теорияларда” адамның логикалық емес әрекеттерін “логикаға
сәйкестендіретін” тұрақты элемент. Ол көбінесе “сезімдердің” тікелей
көрінісі болатын қабатынан табылады.
Парето өзі бөліп қарастырған “тұнбалардың” алты тобы Батыстың тарихында
екі мың жыл бойы тұрақты болып келгенін көрсетеді. Ал әр топтың ішіндегі
шағын топтар онша тұрақты болмайды.
Парето идеяларының өзектілігіне үлес қосқан американ социологы
Т.Парсонс “тұнбаның” екі категориясын көрсетеді: біріншісі түйсіктен пайда
болатын (яғни биологиялық импульстер арқылы) болса, екіншілері нормативті
“тұнба” немесе басқаша айтқанда құндылықты нұсқама болып табылады. Паретода
бұл категориялар байқалмайды. Оның “тұнба” түйсікті (сезімді және т.б.)
шығарады деген сөзінде, “шығарады” сөзінің мағынасы “болуын көрсетеді”
дегенді білдіреді. Ал “тұнба” құндылықты нұсқаманы шығарады деген сөзінде,
ол “нұсқаманы” ауызша не ритуалды түрде көрсетеді дегенді білдіреді.
Поретоның ойынша “туынды” немесе “деривациялар” “теорияның” ауыспалы,
жеңіл тобын құрайды. Бұл түсінік Сорельдің аңыз түсінігіне жақын.
“Туындылар” “тұнбаларға” және солар арқылы күш алатын “сезімдерге”
негізделеді.
Парето “туындылар” “тұнбалардан” шыққанымен оларға сәйкес келмейтінін
атап көрсетеді. Осыдан барып, әлеуметтік ғылымдардың құрылуында басты
қиындықтар туындайды, өйткені бізге өздерінің пайда болу негіздері жасырын
болатын “туындылар” ғана белгілі.
“Туындылар” адамның қажетін логикада немесе жалған логикада
қанағаттандырады. Ол үстірт және өзгермелі топ бола тұрса да, әлеуметтік
жүйеде маңызды рөл атқарады. Олар “тұнбаларды” интенсивті ете алады,
күшейте алады немесе әлсірете алады. Олар “сезімдерге” ықпал ету немесе
соларға айналу арқылы әлеуметтік тепе-теңдікке ықпал ете алады. Алайда
“туындылар” “сезім” мен “тұнбаға” тәуелді бола тұрса да, өздері дербес
тіршілік етіп, бірін-бірі тудыра алады, өздерінің арасында әр түрлі
комбинациялар жасап, олардың “сезімдік-тұнбалық” негізін анықтауға ықпал
ете алады.
Парето назарын “туындылардың” субъективті жағына аударады. Олардың
социологиялық зерттеулері бір адамдардың басқа адамдарды тартуда қандай
логикалық немесе логикалық емес тәсілдерді қолданатынын анықтауға
бағытталған. Осыдан барып, Парето “туындыларды” төрт топқа бөледі.
Бірінші топ - “қарапайым сенімдер”, олардың формуласы мынадай: “Бұл
осылай, өйткені осылай болуы керек” немесе “Осылай істе, өйткені осылай
істеу керек”. Анасы баласына ақыл айтқан кезде осылай дейді.
“Туындылардың” екінші тобы тұлғаның, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің
беделіне сүйенетін дәйектер мен пайымдаулардан тұрады, олар “туындыларды”
логикалық құндылығына қарамай тиімді етеді.
“Туындылардың” үшінші тобында “дәлелдемелер” әлдебір сезімдерге, жеке-
дара немесе ұжымдық мүдделерге, құқықтық принциптерге (құқық, әділеттілік),
метафизикалық мәндерге (ынтымақ, прогресс, демократия, адамгершілік) немесе
тылсым мәндерге негізделеді.
“Туындылардың” төртінші тобы “ауызша дәлелдемелердегі” ой-пікірлерден
күш алады, яғни белгісіз, күмәнді, екі жақты мағынасы бар терминдерді
қолдануға негізделген және шындықпен келіспейтін дәлелдемелер”.
Осылардан барып мынадай қорытынды шығаруға болады. Паретоның
түсіндірмесіндегі “туындылар” жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz