Адам капиталы – ел байлығы, ұлт байлығы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Адам капиталЫ - ел байлыҒы, Ұлт байлыҒыКеше Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-шы жалпы отырысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Алқалы жиында экономиканың іргелі салаларына отандық кадрлар даярлау мәселелері кеңінен сөз болды.Қазақстан экономикасының қарышты дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан шетелдік инвесторлар отырысында алғашқы сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алды. Президент кіріспе сөзінде бұл кездесудің Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында өтіп отырғанын, еліміз шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып жаңа да қуатты Қазақстанды құра алғанын және олардың осы уақытқа дейін экономикамызға тартқан инвестициялары мен жаңа технологияларының, басқару тәжірибелерінің бағасы өлшеусіз екенін атап көрсетті.Біз қол жеткізген табыстарымызға иек арта отырып, алдымызға әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсат қойдық. Бұл мақсатқа қол жеткізудеадамфакторы үлкен рөл атқармақ, дей келе Президентадамкапиталы- ұлттың байлығы екенін және оладамөмір бойы жинап-теретін біліммен, білікпен және интеллектуалдық қабілетпен өлшенетінін айтты.Білімадамкапиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан да білімнің тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сайма-сай келуі керек. Біздің бүгінгі отырысымыз нақ осы маңызды мәселелерге арналмақ, деді Елбасы.Бұдан кейін Мемлекет басшысы елімізде техникалық кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері жөнінде ойларын ортаға салды.Қазіргі уақытта білім саласындағы мемлекеттік саясатттың негізгі бағыттары мен басымдықтары Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.Әлбетте, білім саласы бойынша межеленген басымдықтар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алайда, білім беру үдерісін одан әрі дамыту қажеттілігін ескере отырып, менің тапсырмам бойынша білім жүйесін жаңарту жөнінде тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда біздің түпкі мақсатымыз еліміздегі білім беру қызметтерін әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алатын білімді басқару жүйесін құру болып табылады.Президент Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім саласында жоғары білікті техникалық кадрларды даярлаудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекет бұл бағытта тиісті қадамдар жасауда екенін көлденең тартты. Мәселен, кадрларды даярлау және қайта даярлаудың өңіраралық төрт орталығы құрылуда. Әр орталыққа тиісінше 700 орын белгіленген. Атап айтсақ, Атырауда мұнай-газ саласына қажетті кадрлар даярлау орталығы құрылса, Шымкентте тігін және өңдеу өнеркәсібі үшін, Өскеменде мәшине жасау және Павлодарда отын-энергетика салалары үшін мамандар даярланбақ. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қосымша Шымкентте мұнай және мұнай-химия өнеркәсібіне қажетті мамандар даярлайтын тағы бір орталық құруды тапсырды.Өңірлік орталықтардың базасында инженерлік кадрлар даярлайтын жоғары техникалық мектептер құру жоспарланып отыр. Алайда бұл Қазақстанның бүкіл экономикалық ауқымы үшін жеткіліксіз.Өндірістік және экономикалық әлеуетті жандандыру, Қазақстанды инновациялық жағынан дамыту тек қана технологиялық негізде ғана мүмкін болмақ. Жоғары технологиялық салалар маманданған еңбек ресурстарын және дамыған ғылыми-техникалық базаны қажет етеді. Нақ тереңдетілген мамандық қана бәсекелестік артықшылыққа ие болады, деп атап өтті Президент.Бұдан кейін Елбасы қазіргі уақытта республикамызда техникалық және қызмет көрсету саласына қажетті кадрларды даярлаумен 475 колледж, 312 кәсіптік мектеп айналысуда екеніне, тұтастай алғанда аталған оқу орындарында жарты миллионға жуық жас білім алып жатқанына тоқталды. Алайда, солардың ішінде тікелей техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлаумен тек 107 кәсіптік мектеп пен 122 колледж ғана айналысуда екен. Бұл аталған оқу орындарында білім алып жатқан жастардың тек төрттен бірі ғана қазіргі заманда тапшылық туғызып отырған техникалық және ауыл шаруашылығы мамандары болып шығатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы бұл экономикамыздың келешекті былай қойғанда тіпті қазіргі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де жеткіліксіз екенін атап айтты.Мемлекет басшысы өз сөзінде кәсіптік-техникалық білім беру саласының негізгі проблемаларын атап көрсетіп, оларды шешу жолдарын ұсынды.Біріншіден, бұл - техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымының әлсіз дамуы. Инженерлік-педагогикалық кадрлар тапшылығы айқын сезіліп отыр, кәсіптік мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базалары өте нашар.Нұрсұлтан Назарбаев біздің экономикамыз жеке меншіктің иелігінде екенін айта келе, неге біздің инвесторларымыз бен компанияларымыз өздеріне қажетті мамандар даярламайды, неге байсалды оқу орындарын ашпайды, деді. Үкімет пен компаниялар мемлекеттің қолдауы арқылы мамандар даярлаудың бағдарламасын әзірлеуі керек. Аталған проблемамен барлығының айналысуын міндеттейтін заң әзірлеу қажет. Бүгінде бизнес пен жеке сектор техникалық және қызмет көрсету салалары үшін кадрлар даярлау үдерісіне салғырт қарап отыр.Екіншіден, индустрия салаларының техникалық және қызмет көрсету мамандарына деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ.Біз даярлап жатқан мамандар қазіргі еңбек рыногының талаптарына, соның ішінде біз құрғалы отырған инновациялық экономиканың талаптарына сай келмейді. Сондықтан да Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірлерде қажетті мамандардың болмауын желеу етіп, шетелдік жұмыс күштерін барынша көп тартып келеді. Және олардан ешкім кадрлар даярлауды талап еткен жоқ. Соңғы 6-7 жыл ішінде Қазақстанға жұмысқа тартылған шетелдік мамандардың саны өсе түсуде. Егер 2000 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңнан сәл ғана астамадамболса, үстіміздегі жылдың соңғы 9 айы ішіндегі дерек бойынша 30 мыңнан асып кеткен.Мемлекет басшысы шетелдік жұмыс күштерінің басым бөлігін техникалық және қызмет көрсету мамандары құрайтынын, соның салдарынан қазақстандықтарға тек ауыр әрі жоғары біліктілікті қажет етпейтін, еңбекақысы төмен жұмыстар ғана қалатынын атап көрсетті. Отандық жұмысшылардың жалақы төлеу мен еңбек жағдайына байланысты құқықтары шектелетінін және бұған жол беруге болмайтынын айтқан Елбасы Атырау облысында таяуда болған оқиға осының айғағы екенін көлденең тартты. Бұл үрдіс экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін компаниялардың өздері үшін де қауіпті. Біз Қазақстанның байлығын өзімдікі деп санайтын әрі оған қақысы бар жергілікті тұрғындарға құрметпен қарай отырып, бұл мәселені байсалды түрде ойластыруымыз керек, деді Президент.Шетелдік компаниялар алдына нақ қазақстандық мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде неге міндет қоймасқа? Сонда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары сақталып, сырттан маман әкелмей-ақ қоюға болады.Біздің мамандарымыздың шетелдік және қазақстандық компанияларға қажет болулары үшін салалардың кадрларға деген қажеттіліктерінің объективтік болжамын жасау қажет.Үкіметке кәсіптік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламасын жаңарту керек. Әлемдік практикада пайдаланылатын жаңа бағдарламаларды енгізу үшін ірі шетелдік жұмыс берушілерді тарту қажет.Президент осылай дей келе, жұмыс берушілер кәсіптік білім саласына белсенді түрде қатыспайынша, кәсіпорындар қазіргі өндірістік талаптарға сай келетін жоғары білікті мамандардың мұқтаждығын тартатынын, бұл мақсатта жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен және ассоциацияларымен арадағы байланысты кеңейту қажет екенін атап өтті.Мен мамандар даярлау барысында жұмысқа бөлуді міндеттейтін келісім-шарттық формаларды қарастыратын тетікті енгізуді ұсынамын. Мұның схемасы қарапайым. Жұмыс беруші мемлекеттік грант бойынша студенттер оқитын оқу орындарына қаржылық көмек көрсетеді. Өз кезегінде оқу орындары компанияға аталған студенттерді нақ осы кәсіпорындарға бөлуге кепілдік береді. Бұл схема үш жақты келісім-шарт бойынша бекітіледі. Біз осы тетікті енгізу арқылы оқу орындарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және мамандарды жұмыспен қамту сияқты екі проблеманы бірдей шеше аламыз.Дамыған елдерде кадрларды кәсіби даярлау тәжірибесін зерделеп көргенде бұл схема өзінің өміршең екендігін нақтылайды. Өндірістік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары өзара тиімді ынтымақтастықта болады. Елбасы осы тұста шет мемлекеттер тәжірибелерін мысалға келтірді. Айталық, Жаңа Зеландиядағы жастар үшін технологиялық институттар немесе политехникалық колледждер мәртебелі саналады екен. Мұндай институттардың басты ерекшелігі олардың практикалық бағытқа негізделгендігінде. Оқу орнын бітіргеннен кейін кез келген жас үшін бірден жұмысты бастап кету мүмкіндіктері қарастырылған. Оқыту үдерісінде лекциялық сабақтар мен өндірістік жұмыстар қатар жүргізіліп отырады. Жұмыс істеп жүрген кадрларды қайта даярлау кезінде маманның өзі қалаған уақытында білім алатын модульдік оқу мүмкіндіктері ұсынылатын икемді жүйе қолданысқа енгізілген.Аталған елдердегі институттардың көптеген коммерциялық, өнеркәсіп компанияларымен арада тығыз әріптестік байланыстардың орнауына сәйкес барлық сабақтар практикалық тәжірибеге негізделген және олар еңбек рыногының талаптарына сай келеді.Елбасы әлеуметтік әріптестіктерді дамыту мақсатында біздің компаниялар неге осы тәжірибелерді өмірге енгізбеске, деген сауал тастады.Бұл тәжірибені барлық ірі шетелдік және қазақстандық компаниялар іске асыру қажет деп санайтынын айтқан Президент техникалық білім беруді мемлекет пен бизнестің әлеуметтік әріптестікті нығайтуы арқылы дамытуды ұсынды.Жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын барынша белсенді түрде енгізу қажет. Бұл тұжырымдама тұтынушыларға жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер ұсыну, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңнамаға сәйкес еңбекақы төлеу, әлеуметтік,адамәлеуетін дамытуға инвестиция салу сияқты негіздемелік қағидаттардан тұрады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі міндеттемелерді қабылдау бүкіл дүние жүзінде ерікті түрде жүргізіледі. Компаниялардың мұндай қадамдары іскер серіктестері тарапынан үлкен сенім қалыптастырады. Көптеген дамыған елдерде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын енгізу кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналған.Мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықтың келесі бағыттарының бірі техникалық және кәсіби білім беру саласындағы жобаларды бірлесе қаржыландыру болып табылады. Ірі кәсіпорындар жанынан оқу орындарын құру өте маңызды.Аталған проблемаларды шешу үшін мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін жұмылдыру қажет. Бұл үшін биліктің орталық және жергілікті органдарының, сондай-ақ жұмыс берушілердің жауапкершілік аяларын анықтап алған жөн, деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Инвесторлар кеңесінің 16-шы отырысының күн тәртібіне енгізілген қазақстандық мамандарды даярлау мәселесінен туындаған ойларды Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер өз сөзінде одан әрі жалғады.Табыстарды басқара білу әрқашанда өте күрделі мәселе болып табылады, деді ол. Ол міндетті текадамкапиталына инвестициялар салу арқылы ғана шешуге болады. Шетелдік мейман Қазақстандағы білім беру ісінің әр кезде де жақсы болғанын айта келіп, экономиканың қарыштап алға басуына, жаңа технологиялардың өмірге жедел енуіне байланысты жоғары біліктіліктің аса қажет болып отырғанына назар аударды. Оның өзі бүгінде инвесторлардың мамандарға деген қанағаттанушылығының төмендеуіне әкеліп соқтырып отыр. Себебі, олар өздері үшін қажетті мамандардан тапшылық сезінуде. Осындай ойларды ортаға сала келіп, Жан Лемьер мамандар даярлау ісінде инвесторлардың өздері жетекші рөл атқаруға тиіс дегенді шегелей жеткізді.Одан соң сөз алған Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова еліміздегі білім беру мәселесінің қазіргі жай-күйіне тоқталды. Алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті қойылып отырған қазіргідей шақта жоғары кәсіби білім мәселесі Қазақстанда бірінші кезекке шығарылып отыр, деп бастады сөзін министр. Бүгінгі таңда республикада 176 жоғары оқу орны және олардың 80 филиалы жұмыс істейді. Жоғары білім беру құрылымы білім беруді жетілдірудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.Сонымен бірге, министр республикада мамандарды шетелдік инвесторлардың қатысуымен даярлау тәжірибесінің әлі де ойлағандай болмай отырғанын атап көрсетті.Еліміздегі жоғары оқу орындарында сапа менеджменті жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта 42 жоо еуропалық агенттіктерде сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитінен өткен.Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы күндерден бастап-ақ “Шеврон” еңбек ресурстарын дамыту ісіне басты басымдық ретінде қарап келеді, деді келесі кезекте сөз алған осы корпорацияның атқарушы вице-президенті Джордж Л. Киркланд. “Теңізшевройл” компаниясы құрылған 1993 жылы жергілікті жұмыскерлердің үлес салмағы 50 пайыздан да аз болса, қазіргі күні ол 80 пайыздан асып түсіп отыр. Оның ішінде басқарушы лауазымдарда отырған қазақстандық кадрлардың үлесі 77 пайызды құрайды. Кадрлардың біліктілігін арттыру және жергілікті ұлттар санын ұлғайтудың қолданыстағы бағдарламасын жүзеге асыру арқылы болашақта бұл көрсеткішті әлдеқайда өсіруге болады.Біз, деп жалғады өз ойын одан әрі корпорация басшысы, кадрларды жаһандық деңгейде дамыту мақсатын алға қоя отырып, қызметкерлеріміздің әлемнің өзге де елдерінде жұмыс істеулеріне жағдай жасаудамыз.Адамкапиталын одан әрі дамыту саласында Би Джи тәрізді компаниялар өзіне жоғары жауапкершілік алуға тиісті, деп атап өтті осы компанияның атқарушы бас директоры Ф. Чапмэн. Тікелей шетелдік инвестициялар осы мәселені дамытуда катализатор рөлін атқара алады.Одан әрі ол өз компаниясының қызметкерлердің өндірістен қол үзбей біліктіліктерін көтерулеріне кеңінен жағдай жасап отырғанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта өзге ұйымдармен байланысты өрістете отырып, осы тәжірибені кеңінен таратар болсақ, одан келер тиімділік орасан зор болмақ. Сонымен бірге, ол халықаралық қоғамдастық қосқан үлестің екінші кезекте, қосымша сипатта болатынына назар аударды.Еуразия өнеркәсіптік ассоциациясының президенті А. Машкевич өз сөзін ынтымақтастықты екі бағытқа, Білім және ғылым министрлігі мен бизнестің арасына және оқу орны мен жекелеген кәсіпорынның арасына бөлу керек деген пікірмен бастады. Олардың алғашқысы бизнес пен білім беру институттарының өзара қарым-қатынастары үшін заңдық және әдістемелік негіз қалыптастыруға тиіс. Ал екінші бағыт болса, еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін болады. Жұмыс беруші бітіруші түлектің қандай болуы керектігін анықтаса, ал оған қалайша қол жеткізу керек екендігін оқу орны анықтайтын болады.“ЭксонМобил” КИМЭП-ке демеушілік көмек көрсететінін өзі үшін мақтаныш тұтады, деді келесі кезекте сөз алған аталмыш компанияның президенті М. Алберс. Алға қойған мақсат тұрғысынан алғанда КИМЭП өңірдегі алғашқы халықаралық аккредитациядан өткен жоо-ға айналмақшы.Әлемдік рынокта танылған кадрлар жаһандық деңгейде де өз орнын таба алатындай болуы керек. Бұл орайда шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істеу арқылы алған дағдылар мен ағылшын тілін үйренудің маңызы өте зор. Оның өзі оқу орындарын бітірген түлектердің әлемнің кез келген елінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Осы орайда шетелдік қонақ өз компаниясының Қазақстанда ағылшын тілін оқыту ісіне елеулі үлес қосып отырғанына да ерекше тоқтала кетті.Қазақстан әлемде экономикасы өте тез дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі, деп атап көрсетті “Эрнст энд Янг” компаниясының басқарушы әріптесі Карл Джохансонн. Елдің өсу әлеуетімен салыстырғанда халық санының аз болуыадамкапиталының өсуінде тежеуші факторға айналып отыр. Сондықтан Қазақстандағыадамкапиталының дамуы ел әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Ол үшін азаматтардың кәсіби тұрғыда өсулері үшін барынша қолайлы жағдайлар туғызу шарт. Екіншіден, қызмет бабында жоғарылау және лайықты өтем үшін де жағдайлар жасалуы қажет.Осы орайда ол кейбір ұйымдардың адамдарға бизнесте пайдалану үшін ғана қажетті кез келген өзге де ресурстар сияқты қарайтынын да өкінішпен айтып өтті. Мұндай көзқарастарды түбегейлі өзгертпейінше, мамандар біліктілігін арттыруда айтарлықтай табысқа жету өте қиын.Қазіргі заманғы бәсекеде табысқа жету үшін біз күн сайын туындап жататын кез келген құбылысқа дайын болуымыз керек, деді “Кредит Свис Групп” компаниясының бас атқарушы басшысы О. Грюбель. Ал енді ертеңгі күнге үңіле білу одан да маңызды. Қазақстан жағдайына келсек, мұндай көзқарас жоғары білікті және тиімді мамандарды бүгінгі күні даярлаудың қажеттігін сезіне білуді көрсетеді.Одан әрі ол Қазақстанның табиғи байлықтарының елге қаржы легінің ағылуына себепкер болатынын айта келіп, соған сәйкес республикада қаржы мамандарының өте қажет болатынын айрықша атап көрсетті.“ABN AMRO Банк НВ” банктің атқарушы вице-президенті, мұнай-газ секторы басқармасының бастығы Ф. Кайларс сөзін дарынды, ойлай білетін әрі білімді адамдардың әлемде ең үлкен сұранысқа ие тауарлардың біріне айналып отыр дегенді өзінің бір журналдан оқығанын айтудан бастады. Бұл, деді ол, тек жоғары технологиялы компаниялар мен интернет-компанияларға ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсету компанияларына да тікелей қатысты. Осы айтылғандардан кім-кім де өзі үшін дұрыс сабақ алуға тиіс. Сол сияқты, ол осы мәселедегі кәсіпорындар жауапкершілігін де назардан тыс қалдырған жоқ.“Бейкер және Макензи - Си-Ай-Эс Лимитед” компаниясының басқарушы әріптесі Дж. Хитч өз сөзін Қазақстанда заңгер мамандығының айтарлықтай көп екенін тілге тиек етуден бастады. Мәселен, біздің еліміздегі 45 заңгерлер даярлайтын оқу орындары мен факультеттерде 91300 студент оқиды екен. Ал халқы Қазақстаннан 19 есе артық АҚШ-та 145 мыңдай ғанаадамосы мамандыққа оқып жүр. Ол мұндай жәйттің тек Қазақстан ғана емес, ТМД-ның өзге елдерінде де орын алып отырғанын атап көрсетті.Адамкапиталын нығайту экономиканың тұрақты өсуінің іргелі шарты болып табылады, деді өз сөзінде “Мицубиси Корпорэйшн Интернэшнл Б. В. ” компаниясының президенті Т. Киджим. Ол Үкімет ең алдымен болашақта назар ұстануға тиіс басымдықтарды белгілеп алуы керек, деген ой білдірді. Ал ол үшін Қазақстанда мүмкіндіктер көп.“БАЕ Системс ПЛС” компаниясы басқармасы төрағасының кеңесшісі Р. Эванс өз сөзін білім беру ісіндегі шетелдік корпорациялардың рөлі деген тақырыпқа арнады. Осы мәселені өрбіте отырып, ол өз кәсіпорны тәжірибесінен мысалдар келтірді.“Коч холдинг” компаниясының президенті М. Коч өз компаниясының білім менадамкапиталын дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, осы салада өте маңызды қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүргеніне тоқталды. Бұл жұмыстар қазіргі кезде Түрік Республикасында жүзеге асырылуда.“ЛУКОЙЛ” ААҚ президенті В. Ю. Алекперов өз кезегінде Қазақстанға 1995 жылдан бері 4, 5 миллиард доллардай инвестиция арқылы, өздерінің тек өндірісті ғана емес, сонымен біргеадамкапиталына да инвестиция салып жатқандарын атап көрсетті. Компания қызметкерлерінің 80 пайызын жергілікті кадрлар құрайды, сонымен қатар, өңірлік дирекция қызметкерлерінің 70 пайызы да Қазақстан азаматтары болып табылады.Келесі кезекте сөз алған “КонокоФиллипс” компаниясының Ресей және Каспий өңірі бойынша президенті Д. Уоллит, Азия Даму банкінің департамент директоры С. Чандер, “Эксесс Индастриз Инк. ” компаниясы президентінің аға кеңесшісі Пол Родзянко және Дойче Банк Франкфурт банкінің Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы бас директоры П. Тильс те мамандардың кәсіби біліктіліктерін уақыт талабына сай көтеру қажеттігін әңгіме арқауына айналдырды. Соған байланысты өз кәсіпорындары мен ұйымдары өмірінен нақтылы мысалдар келтіріп, проблеманы шешу жолдарын нұсқады.Сондай-ақ, Инвесторлар кеңесінің басқосуында өткен жылғы отырыс хаттамасында көрсетілген міндеттердің жүзеге асуы жөнінде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі В. Школьник баяндама жасап, кеңестің алдында тұрған міндеттер де сараланды.Отырыс аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді.- Біздің тәуелсіздігіміз жетілу кезеңіне аяқ басып, соның арқасында біз Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуы туралы өскелең міндет белгілеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз, - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. - Ол үшін, ең алдымен, бүкіл қазақстандықтардың білімі мен кәсібилігін арттыру қажет. Білім мен инновацияларға негізделген экономиканың дамуы, жоғары технологиялы әрі ғылымды қажет ететін өндірістерге көшу білім беру мәселесі менадамкапиталын дамытуға жоғары маңыз береді.Сонымен қатар, Елбасы шетелдік инвесторлардың көп
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТ САУЛЫҒЫ
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
Камбоджа Корольдігі
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Меншiк тарихи категория ретінде
Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол
Егер мен Президент болсам
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері
Өзін өзі тану
Үндіқытай мемлекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz