Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері

Орындаған:

5 курс студенті Н. Ә. Қуандықова

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. к., доцент Е. Қ. Әбдірәсілов

Норма бақылаушы:

ф. ғ. к., доцент Ә. Ж. Әміров

Қорғауға жіберілді:

«___»2006 ж.

Кафедра меңгерушісі:

ф. ғ. д., профессор Б. Қ. Момынова

Алматы 2006

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖҮРГІЗУ ТЕТІКТЕРІ

Жұмыстың көлемі: 51 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 35

Тірек сөздер: Конституция, мелекеттік тіл, ана тілі, заң, бағдарлама, іс-қағаздары,

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, «Қазақ тілінің қоғамдық кезеңдегі сипаты» және «Мемлекекттік тілді жүргізу тетеіктері» атты екі негізгі бөлімнен, қортынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - тәуелсіз еліміздегі мемлекеттік тіл қызмет етуін социолингвистикалық тұрғыдан зерттей отырып, оның проблемаларын шешуді нақтылы жоспарлауға ұсыну.

Жұмыс белгіленген мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді шешуді көздейді:

  • “Мемлекеттік тіл” ұғымын әлемдік тілдік тәжірибедегі елдің көрінісін сипаттау, оны орнықтыру мен дамытудың халықаралық нормаларға сәйкестігін анықтау. Тілді дамытуды нақты жоспарлау, оның ғылыми негіздемесі мен қағидаларын белгілеу. Қазақ тілін ана тілі ретінде, республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде дамытудың тетіктері мен кезеңдерін белгілеу.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Мемлекеттік тіл қоғамдық қызметі мен оның шынайы бет-бейнесіне, тілдік және әлеуметтік тілдік мәселелеріне талдау жасай отырып, оның қоғамдағы рөлі мен қолданыс аясын кеңітудің мүмкіндіктерін ұсыну.

Жұмыста қолданылған әдістер: жұмыста мемлекеттік тілдің қазіргі жайы мен даму үрдісін анықтау үшін әлеуметтік - лингвистикалық әдістер, тарихи құжаттарды талдау, топтау, салыстыру, синтездеу әдіс- тәсілдері қолданылды.

Пайдалынылған дерек көздер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік тіл жайында жарияланған монографиялар, зерттеу мақалалар, жергілікті газет - журналдар материалдары. Сонымен қоса Б. Хасанұлының еңбектері т. б. пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … . . . 4

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ СИПАТЫ . . . 6

  1. Қазақ тілінің тарихи кезендердегі қызмет аясы… . . . . . …. 6
  2. Кеңес дәуіріндегі қазақ тілі . . . ………8

1. 3 Қазақ тілінің әлеуметтік жағдайы11

1. 4 «Мемлекеттік тіл» ұғымы және оның анықтамасы… . . . …14

2 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖҮРГІЗУ ТЕТІКТЕРІ . . . 20

2. 1 Қазақ тілін мемлекеттік мәртебесінде дамыту - “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңының" негізгі қағидасы . . . …… . . . 20

2. 2 Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері . . . 22

2. 3 Тілге байланысты Елбасы бағдарламары38

2. 3 Тілді дамытудағы терминдердің рөлі. . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқараста түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тіліде тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалаыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көпұлтты болып Республикаларда біркулер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғындырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдарының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр.

Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктеріннақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.

Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, сосон сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, онгы өмірге енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беруу себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі - басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі. Қазақ тіліне келетін болсақ оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтынжағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұй тқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасынан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық - саяси құбылысқа апйналып отыр.

Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту - мемлекеттік стратегия.

Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асцы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет.

Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамытудың дұрыс жолын анықтайтын - әлеуметтанушы (социолингвист), ал қолданатын - үкімет. Бітіру жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тұтастай республика көлемінде жүзеге асыру қажет. Ал, осындай мақсатқа жету үшін, жергілікті тілдік жағдайға өзара әсер ететін түрлі факторлар ескерілетін аймақтық іс - шаралар жүргізу қажет.

Міне осындай мәселелерге байланысты бітіру жұмысы мақсатты түрде тілді мемлекеттік мәртебеге жеткізу, "мемлекеттік тілдің" ұғымдық мәніне, қоғам өмірінде маңызы мен қажеттілік шарттарына тоқтала келіп, қазақ тілінің өз мәртебесіне сай дамуына және қызмет атқаруына нақтылы жоспарлармен реттеудің жолдары ұсынылады.

Бітіру жұмысы екі тараудан және тарауларға байланысты тақырыпшалардан және қорытынды бөлімнен тұрады. Соңында қосымша материалдар мен пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Жұмыс бүтіндей алғанда мемлекеттік тілді дамыту жолдарын іздестіруге, қоғамдық қызметінің ауқымын кеңейтудің әлуметтік проблемаларын шешудің тетігін табуға бағытталған.

Зерттеудің нысанасы: Бітіру жұмысы еліміздегі мемлекеттік тілдің орнын айқындау, оны дамыту теориялары және практикалық мәселелерін зерттеуге арналған.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ СИПАТЫ.

1. 1 Қазақ тілінің тарихи кезендердегі қызмет аясы

Тіл - қоғамдық құбылыс. Сондықтан да оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму жллдарын сол иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.

Адам баласы қоғамы пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Ал енді өзіміздің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі мемлекеттік тіл қазақ тілінің арғы тарихына баратын болсақ, ол түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын түркі тілдес тіл. Бұл классификация Тіл білімінде кеңінен қарастырылған.

Тіл тарихындағы жеке кезеңдер ешқашан тұтқиылдан, тақыр жерден паййда болған жоқ. Оның бастауы, қайнар көздері бар. Жалпы қазақ тілінің қалыптасу даму кезеңдерін айқындау негізінен түркі тілдерінің даму жодарымен тікелей байланысты.

Қазақ тілінің тарихы әріден басталады және ол осы тілде сөйлейтін халықты құраған ру-тайпалардың тарихымен, этникалық тұтастық ретінде халық болып топтасу процесімен, оның әрі қарай ұлт ретінде ұйымдасуымен байланысады. Осы тұрғыдан келгенде, жалпы қазақ тілінің дәуірлерін төмендегідей дәуірлеуге болады. Бірінші кезең - XIV-XV ғасырларға дейінгі дәуірі, бұл кезеңде болашақ қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардың тілі болды; екінші кезең - XV - XIX ғасырдың II жартысына дейін, бұл уақытта қазақ халқы ұлт болып шоғырланды деп тануға болады; үшінші кезең - XIX ғасырдың II жартысынан қазіргі кезге дейін, бұл уақытта қазақ халқы өз алдына жеке ұлт болып қалыптасты. /1; 13-14б. /

Алғашқы кезеңге тоқталатын болсақ онда үш кезеңді жеке бөліп алуға болады. Көне түркі дәуірінен, оның ішінде V-X ғасырлардан, бізге мынадай жәдікерліктер жеткені мәлім:

  1. V ғасырға жататын руна жазулы талас-енисей ескеркіштері:құлпытастағы эпитафиялар, олар 1-2 сөйлемнен 5-6 көлемінде айтылған тарих;
  2. VIII ғасырға жататын руна жазулы орхон ескерткіштері: құлпытасқа қашалып сызылған түркі тайпаларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен батырлары; Білге қаған, Күлтегін, Тонықұқтар туралы тарихи шежірелер;
  3. VIII-X ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер. /1; 20-21б. /

Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халықтарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дербес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет поэтикалық сөз үлгісі болған, яғни әдеби тілі болған, ал әдеби тіл болған жерде сол ұоттың тілі міндетті түрде болады. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев түркілердің V-VIII ғасырлардағы көркем сөз үлгісі - түркі поэзиясының, әдеби тілінің туу басы емес, тарихи белгілі кезеңнін ғана басы деп айтып өткен. Демек, басын VII-VIII ғасырлардан көп бұрын алған сына жазулы орхон-енисей-талас жәдігерліктерінің тілі V-VIII ғасырларда Жетісу, Алтай, Орталық Азияда өмір сүрген оғыз, қыпшақ, қарлұқ тайпаларының ортақ жазба тілі болды. Қайткен күнде де орхон және енисей жазбалары - әдеби тілдік дүниелер, өйткені бұлардың тілінде белгілі бір нормалар, дәстүрлі үрдістер бар. Көне түркі жазбалары тіліндегі қазіргі тілдерге ұқсастық, іліктестік белгілерін қазақ тіліне қатыстыра сөз етсек мыналарды айтуға болады: Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып, төрт жұп құруы: а-э, ы-и, о-е, ұ-ү және олардың позициялық орындары қазақ тілімен бірдей болып келеді. Қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі ш-мен келетін сөздер, с-мен келетін болса, көне түркі тілінде екеуіде қатар келгенін көремі: іш-іс, кіші-кісі, йаш-жас тағы сол сияқты. Міне осындай ұқсастықтарды морфология саласындада кездестіруге болады. Онда негізінен тәуелдік категорияларға байланысты ұқсастықтарды атап өтуге болады. Ал, лексика саласында тілдің өте құбылмалы ерекшеліктері анық байқалады ұқсастықтарыда бар әрине. Солардың бір-екеуін атап көрсететін болсақ, адамдарға және туыстық қатынастарға байланысты сөздер кездеседі. Олар: ата, қатун, қыз, оғул(ұл) тағы сол сияқты. Енді бір қатары әлеуметтік қатынастарға байланысты сөздер: йер, тағ, йыл(жыл), суб(су) . Міне осы сияқты өмірдің әр саласында қолданылаты сөздер тобы қазақ тіліне тән екендігін атап өтуге болады. Түркі халықтарының тіршілігі мен мәдениетінің көне дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, X-XII ғасырларда қараханидтер өмір сүрді. Бұл кезеңдерде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді. Бұл кезеңде қыпшақ, оғыз, қарлұқ, және ұйғыр халықтарының тілдері негізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптастығ, ескерткіштер дүниеге келді. Олар: «Құдатғу біліг», Махмкт Қашқаридың «Дивани луғат ит түрк», «Оғызнаме» тағы сол сияқты көптеген еңбектерді атап өтуге болады. Бұл аталған еңбектер өз дәуірінде және бүгінгі күнде де өте құнды еңбекетер болып саналады. Олай дейтініз сол шығармалар арқылы біз сол дәуірлердің тарихымен, өнерімен, сал-дәстүрімен, мәдениетімен танысамыз және ең басты бүгінгі тіліміздің аталған дәуірде қандай қолданыста болғанын біле аламыз. Ол кезеңдегі қазіргі бүкіл түркі халықтарына ортақ М. Қашқаридың “Диуани лұғат ат түрк” сөздігі неге тұрады. Онда бірнеше жер-сулардың атаулары, адам аттары, мақал-мәтелдер берілген. Тіптен кей мақалдары, қанатты сөздері күні бүгінгі дейін қолданыста жүр. Бұл мысалға алынып отырған біреуі ғана. Олардың қатары өте көп. Енді сатылай келіп XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдени рухани өмірінде жаңа құрылы бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті. Ол негізінен поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауызша жүргізілетін дау-билік саласында қызмет етті. Сонымен қатар хан жарлықтары, өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәстүріне негізделген қазақтың ескі жазба тілі өтеп отырды. Барлық жұмыс осы тілдерде жүргізілді. Бұл кезеңде әлі қазақ тілі дамымай тұрған кезең, себебі қазақ тілі өз бастауын XVIII ғасырдан бастады. Ал жаңағы дәуірде ол түркі тілі немесе “шағатай тілі” деп аталынып жүрді. Ал енді сол XVIII ғасырымызға келетін болсақ бұл кезеңдерде тіл негізінен қалыптасу үрдісін бастан кешіргендігін нақты лингвистикалық аспект тұрғысынан болжамдауға болады. Өйткені, жыраулар мен ақындар тілінің өзінде өзбек, парсы, араб лексикасының іздері болғандығы және өзіне дейінгі өмір сүрген шағатай диалектілерінің ерекшеліктері өмір сүргендігі анық. Дегенмен, тілдің мемлекетке тән сипаты қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда кең шеңберде қолданылды.

ХІХ ғасыр орыстанудың белсенді қарқынына ұмтылған қоғамдық ерекшеліктермен, саяси құрылымдармен, құрылымдық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер мен өзгерістер барысы ХХ ғасырдың басында, ортасында ХХ ғасырда үстін-үстін өзгерістерге толы болғандығы, оның саяси ұстанымдар мен идеологияларға тап болғандығы публицистикалық мақалалар мен ғылыми еңбектерде жан-жақты түсіндіріліп, кеңінен сөз болған мәселенің қатарына жататындығы анық. Алайда, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылу ауқымының дағдарыстарға ұшырауы, әсіресе, ХХ ғасырмен тығыз байланысты екендігі даусыз.

Жинақтай келгенде, қазақ тілі өзінің қалыптасу барысында мемлекеттік тіл ретінде жұмсалудың, өмір сүрудің әр түрлі кезеңдерін бастан өткерді. Қазіргі мемлекеттік тіл ретінде қызмет атқаруы да күрделі кезеңмен ұштасып, оның айналасындағы мәселелер өзектілігімен сипатталады.

1. 2 Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуы.

Қазақтар, Қазақстан Республикасын ертеден мекендеп келе жатқан халық, осы мемлекетті мекендейтін басқа да ұлт өкілдері арасында қазіргі уақытта Республика халқының 7, 985, 039 құрайды. Республикада қазақ тілін ана тілім деп санайтындар- 4199749 адам, олардың ішінде 4186058-і қазақтар, ал 13691-і басқа ұлт өкілдері. Сонымен қатар республикадағы 100033 тұрғын қазақ тілін екінші тілі ретінде санайды. Олардың- 55118 орыстар, 8790-і татарлар, 8305-і ұйғырлар, 5497 өзбектер, 4502 украйіндер, 3931-і азербайжандар, 1474 курттар, 766 дүнгендер, 830-ы қырғыздар. Сонда Қазақстан халқының үштен бір бөлігі қазақ тілін ана тілі ретінде немесе екінші тілі ретінде санайды. /5, 49-50б. / Октябрь революциясына дейін қазақ тілінің қолданылу аясы сол кездегі экономикалық және саясат жағдайына байланысты өте тар болды. Тұрмыстық жағдайда болмаса, жазба түрінде қолданылмады. Араб алфавитіне сүйенген жазба тіл көбінесе татар, араб, шағатай тіліне бұрмаланып, сол тілдермен қатар аралас қолданылды да, қазақ халқының ауызша дамыған поэтикалық шығармалары жалпы халықтық дәрежеге көтеріле алмады. Қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің дамуын келесі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

I кезең 1918-1923/24 ж ;

II кезең 1924-1927/28 ж ;

III кезең 1929-1940/41 ж ;

IV кезең 1941-1945 ж ;

V кезең 1946-1990 ж ;

VI кезең 1991- осы жылға дейінгі кезең.

Бірінші кезең әлеуметтік қоғамда халықтық тілді қалыптастыру практикалық түрде өту кезеңіне дәл келеді, яғни республиканың жалпы демократиялық және әлеуметтік жаңару кезеңі. 1921 ж В. И. Лениннің тікелей басқаруымен Совет одағының Коммунистік партиясының Х - съезінде ұлттық тілдердің қолданылу аясын кеңейту туралы қаулы қабылданады. Партияның міндеттері осы қаулыда көрсетіледі. Мұнда:

а) Осы тілдерді қолданатын халықтардың ұлттық, тұрмыстық жағдайларымен қатар, совет мемлекетін дамыту мен қалыптастыру.

б) Өз жерлерінің психологиясы мен тұрмыс-тіршілігін білетін, өз тілдерінде жұмыс жасайтын администрация, шаруашылық ұйымдарды, басқару мекемелерін т. б. дамыту мен қалыптастыру.

в) Өз ана тілдерінде Бұқаралық ақпарат құралдарын, мектептер, театрлар мен клубтарды, жалпы мәдени-ағартушылық ұйымдарды жетілдіру.

г) Жалпы ағартушылық және кең көлемде өз тілдерінде мектептер мен курстарды ашып дамыту.

Осы кезеңде келесі мәселелер қаралады.

Совет өкіметінің тілді дамыту барысында жасаған алғашқы қадамы- жергілікті тұрғындарды мемлекеттік басқаруға тартумен байланысты болды. Сондықтан 1918 жылдың көктемінен бастап, партиялық клубтар, үгіттеушілер мен ұйымдастырушыларды дайындайтын қысқа мерзімде курстар ашыла бастады. Маңызды қадам болып, ана тілінің негізінде халықағартушылықтың жаңа жүйесі құрылды.

Қазақ тілі үгіттеуші құрал ретінде кеңінен пайдаланылды. Осыған Қызыл Армияның, мұсылман секцияларының, облыстық, губерниялық және уездік комитеттердің, қазақ-татар сексияларының тигізген ықпалы зор болды. Олар ең алғаш рет «Қызыл жұлдыз» (1000 экз. таралыммен) газетін жергілікті тілдерде шығарды, үгіттеуші қазақтарды дайындау үшін арнайы мектептер ашты. Қазақ тілінің дамуына зор әлеуметтік жағдайды араб графикасы туғызды. Бірақ онда көптеген кемшіліктер болды, сондықтан да көпшіліктің игеруі қиын болды. Осы қарастырылып отырған кезең В. И. Ленин айтқандай «шаруашылық, әлеуметтік, саясаттық» көптеген қиыншылықтармен ерекшелінеді. Сондай-ақ бір жағынан шовинизммен (ұлттың артықшылңғын, нәсілшілдікті насихаттайтын буржуазияшыл реакцияшыл саясат), екінші жағынан буржуазияшыл ұлтшылдықпен де ерекшелінеді. Осы барлық экстра лингвистикалық факторлар республикада қазақ тілінің, сонымен қатар орыс тілінің қызметіне әсерін тигізді.

Екінші кезең: (1924-1927/28) қазақ тілінің әлеуметтік қызметінің қоғамда қолдану аясының жедел түрде кеңейтуімен, яғни қазақ халқының әлеуметтік өмірінің түбегейлі өзгеруімен байланысты. Бұл жылдары Қазақстанның мемлекеттік байырғы территориясы қайта қалыптасты, қазақ халқының байырғы тарихи «қазақ» деген этнонимі қайта жанданды. Бұл кезеңдегі қазақ тілінің әлеуметік қызметінің дамуына негізгі фактор болып, араб алфавитінің мемлекеттік мәнге ие латын алфавитіне көшу болды. Мұнда 1922 жылы 22-шілдеде құрылған түркілік жаңа алфавит комитетінің ролі зор болды/5, 55-56 б. /. Осы кезеңде РКП(б) -ң ХII съезінде еңбек етуші жергілікті тұрғындарды советтік құрылысқа, мемлекетті басқаруға, іс жүргізуді қазақ тіліне аударуға байланысты бірнеше іс шаралар жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Ұлттық саясаттың ұстанымдары
Тіл – ұлттың тірегі
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік кепілі
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Мемлекеттің тетіктерінің ұғымы
Мемлекеттің тетіктері (аппараты)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz