Еңбек биржасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Еңбек биржасының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1 Еңбек биржасының түсінігі, міндеттері және қалыптасуы ... ... ... ... .. 6
1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
1.3 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі ... .. 22

2. Еңбек биржасы және еңбек биржасындағы қатынастарды реттеудегі оның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29

2.1 Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек биржасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
2.2 Еңбек биржасындағы экономикада дамыған елдердің еңбек биржасын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41
2.3 Қазақстандағы еңбек биржасына негізгі проблемалары мен даму жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
46


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі: Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз дипломдық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру.Оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек биржасындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды мәселе болғандықтан оны дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным сондықтан.
Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет тарапынан үнемі қадағалап отыру, т.б.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек биржасы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура келеді.
1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық // Алматы «Санат», 1998-47 бет – 57 бет, 405-411 –бб.
2. Экономика оқу құралы /Дайын Я.Ә. Әубәкіров және т.б. // алматы «Экономика», 1995-144 бет -60-61 б.
3. Көшенова Б.А. Ақша немесе банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы //Алматы «Экономика», 2000 – 328 бет -72-75 бб.
4. Қарақұсова А.Н. Ақша кредит саясаты және қаржы секторын дамыту //Егемен Қазақстан 2006 -29 мамыр.
5. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1 // Алматы -2004-206-207 бб.
6. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 3 // Алматы – 2005 -76 б.
7. Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б.
8. Имашев М. Теңге, инфляция және қосымша құн. Қаржы және Аудит // Алматы -2003 -24-29 бб.
9. Райханұлы Н. Базарда жұмыс күні. Ақиқат. N 6 // алматы -2002 – 41-47 бб.
10. Нұрмұхамедова Ш.С. Жұмысыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі. Вестник КазНу N 2 // Алматы – 2005 -132-134 бб.
11. Әбдиев Қ. Жұмысыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының - әлеуметтік экономикалық дамуы // Алматы – 2004 – 28 -29 бб.
12. Әбдиев Қ . Жалданып жұмыспен қамтылу. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуы // Алматы – 2005 -30-31 бб.
13. Мамыров Н.К. Қазақстандағы адам дамуы //2004 жыл 76-81 бб.
14. Айтуғанов Ш. Жалқаулықты жегенге жұмыс көп // Нұр – Астана – 2005 – 18 тамыз.
15. Көнкесенұлы Б. Бізде жұмыссыздар жоқ // Қазақ елі – 2005 – 7 қыркүйек.
16. Нұрланов А. Тұрмысы төмендер қамқорлықтан қозғалмайды // Алматы ақшамы – 2004 – 17 шілде.
17. 17 Самрат Ж. Базары бар құрлымының байланысы бар // Егемен Қазақстан – 2005 – 10 қыркүйек.
18. Байсақал Н. Әйелдің әлеуметтік ісіндегі әлпеті қандай // Алматы ақшамы – 2005 – 18 мамыр.
19. Абдуллаұлы М. Астық қалай қымбаттайды? // Қазақ елі – 2004 – 25 ақпан.
20. Абдуллаұлы М. Рыноктардағы ақша бағасы // Қазақ елі – 2004 -21 сәуір.
21. Айманбетова Н. Өтпелі кезеңнің проблемалары және жүзеге асыру перспективалары; Инфляциялық таргеттеу //Егемен Қазақстан – 2004 19 мамыр.
22. Әбділда Ж. Құлмаханов Нұрқаділовтың «Но» Сын қалай пайдаланып жүр ? // Жас алаш 2005 – 4 маусым.
23. Жанділдин Ж. Өзімізді - өзіміз алдамайық // Айқын апта – 2005 29 қыркүйек.
24. Жандаулет Т. «Екі қолға бір күрек» тауып бермесек, «экономика көтерілді» деген бос доңғазалдан не пайда? // Жас алаш – 2005 – 4 маусым.
25. Ибришев Н.Н. Мемлекеттік қаржы саясатының әлеуметтік жағдайына әсері // Банки Казахстана – 2005 N6 21 -23 бб.
26. Мұқан Ш. Көрсетілген халық тұрмысын неге түземейді? // Жас алаш -2004 6 қараша.
27. Мұқанов Г. Ең бастысы -экономика // Түркістан – 2004 – 30 желтоқсан.
28. Мухамеджанова А. Инфляцияның мұнай бағасына қатысы бар ма?// Айқын – 2005 – 30 тамыз.
29. Мухамеджанова А. Ұлттық Банк пен Үкімет бір – бірін кіналайды; екеуінің келісе алмайтындығы инфляцияны ауыздықтау // Айқын -2005 14 қыркүйек.
30. Нұртөре Ж. Инфляция неден именді // Егемен Қвазақстан – 2006 17 мамыр.
31. Омаров Н. Барлық жерлерде жұмысыздық жөнінде жаған ақбар беру жаман әдетке айналған // Айқын – 2005 -28 маусым.
32. Сахариев Е. Мемлекеттің басты байлығы – адам // Ана тілі – 2005 -19 наурыз.
33. Шегебайұлы Б. Жұрт неге Алматыдан пана іздейді // Алматы ақшамы – 2005 -10 наурыз.
34. Шүкірбекова Ә. Жұмысыздық; дерек пен дәйек не дейді ? // Түркістан – 2005 7 шілде.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 3

1. Еңбек биржасының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1 Еңбек биржасының түсінігі, міндеттері және қалыптасуы ... ... ... ... .. 6
1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
1.3 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі ... .. 22

2. Еңбек биржасы және еңбек биржасындағы қатынастарды реттеудегі оның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2.1 Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек
биржасының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Еңбек биржасындағы экономикада дамыған елдердің еңбек биржасын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 41
2.3 Қазақстандағы еңбек биржасына негізгі проблемалары мен даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 46


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні
сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына
кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың
ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі
тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені
табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ
екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі
барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не
істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық
өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына
жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік
бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал
отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы
өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа
салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз дипломдық
жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-
жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде
мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат
етіп алдыма қоямын.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс
күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру.Оның құнын
арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу
шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек биржасындағы саясатта жұмыс күшін
салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс
қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық
тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және
отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды
мәселе болғандықтан оны дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным
сондықтан.
Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын
кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі
мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық
базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет
тарапынан үнемі қадағалап отыру, т.б.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек биржасы да
жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып,
халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген
кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің
лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің
құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді
келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-
кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар
тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай
қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға,
сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі,
елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы
қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін
барлық шараларға көнуіне тура келеді.
Ендігі жерде кәсіподақтардың қызметін жандандыра отырып, оларға
мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол
бермеу, оларды жою жұмыстарына белсене араласуына жағдай жасау қажет.
Себебі, біздер өркениетті дамыған ел қатарына демократиялық жолмен дамудың
арқасында қол жеткіземіз десек, сол жолдардың бір тармағы – еңбек биржасын
тек мемлекет тарапынан ғана реттеп қоймай, осы кәсіподақтар қызметін
жандандыра отырып, олардың еңбек биржасының одан әрі қалыпты дамуына
үлестерін қосу.
Еңбек биржасы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату
және сатып алу жүзеге асады.Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы
бағаланады. Еңбек биржасы – экономика жағдайын көрсетудуң айнасы,
тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала
бойынша, кәсіби-біліктілік, демократиялық және басқа да көрсеткіштердің
құрылымын байқатады.
ҚР осы уақытқа дейін еңбек биржасы болған жоқ. Еңбек биржасындағы
экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек биржасы бұл
жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында өте қабілетті
және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке
қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары
шапшаңдығын қамтамыасыз етіп, іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Еңбек биржасынын мәселелері,
тиімді қызмет етуі Дж. М. Кейнс, А. Смит, Ф. Энгельс, Э. Хансен, Р. Харрод
және т.б. экономист ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты
қарастырылған.
Сонымен қатар шетелдік ғалым экономистер еңбектерінде тұрғын үй
нарығы зерттелген: Т.Г. Зайнуллин, Н.Г. Лукянова, В.Л. Ясько, О.Э.
Бессонова, С. Глазунов, В. Самошин, В.В. Бузырев, В.С. Чекалин, М.А.
Федотова, И.В. Довдиенко, И.А. Рахман, Г.М. Стерник, В.И. Ресин, А.В.
Стулов, Ю.В. Пашкус және т.б.
Н.Ә. Назарбаев, Н.К. Мамыров, У.К. Шеденов, К.А. Сагадиев,
C.Б. Абдыгаппарова, Р.А. Алшанов, Е.А. Туркебаев, Ұ.М.
Искаков, Т.М. Утин, Ч.Н. Чан, Ө.Қ. Есқараев, Е.Б. Жатканбаев,
У.К. Шалболова, Г.Б. Халелова, .В. Онлабаев, Л.Б. Кулумбетова, С.А.
Илашова, А.К. Кошанова, Г.В. Косолапов, Н.С.
Шыныбеков, Т.Б. Баяхметов, И.Ю. Бенке, А.К. Мусанова және т.б. ғалымдар мен
басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде нарық зерттеліп, қарастырылған.
Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты еңбек
биржасындағы субъектілер мен объектілердің қызмет етуіндегі қиыншылықтар,
кемшіліктердің анықталуы негізінде еңбек биржасын әрі қарай жетілдіре
отырып, дамытудың экономикалық механизмін әзірлеу. Қойылған мақсаттарға
байланысты мына міндеттерді зерттеу қарастырылған:
1. Еңбек биржасының теориялық негіздерін қарастыру.
2. Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі анықтау
3. Еңбек биржасындағы экономикада дамыған елдердің еңбек биржасын
анықтау
4. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек
биржасының рөлін қарастыру
5. Қазақстандағы еңбек биржасына негізгі проблемалары мен даму
жолдарын анықтау және еңбек биржасының жұмысының жетілдіруде
ұсыныстар жасап шығару.
Дипломдық жұмыстың объектісі- Қазақстан Республикасы еңбек
биржалары, еңбек нарығы мен институттары.
Дипломдық жұмыстың пәні (заты)- Еңбек нарығының қызмет ету
процессіндегі пайда болған еңбек биржасындағы экономикалық қатынастардың
дамуы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Еңбек биржасын
дамыту мәселелері бойынша жарияланған шетелдік және отандық экономист
ғалымдардың ғылыми еңбектері; заңнамалар; нормативтік актілер; құжаттар;
мемлекеттік және жергілікті органдардың мерзімдік бағдарламалары;
статистикалық мекемелердің көрсеткіштері; тұрғын үй мекемелерінің есебі;
бұқаралық ақпараттар, www-серверлер материалдары.
Зерттеу барысында мынадай әдістер қарастырылды: мәліметтерді талдау,
салыстыру, динамикалық, сызбалық көрсеткіштер.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезеңде еңбек нарығын
зерттей отырып, тиімді дамытудың қажетті жақтары мен бағыттарын анықтау
басты шарт болып табылады.
Дипломдық жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста
жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар жергілікті басқару органдары мен
басқа еңбек биржасындағы қызметінде, арнаулы курстарды өткізуде дәріс
материалдары ретінде қолданылуы мүмкін.
ҚР-дағы қалыптасып отырған еңбек биржасы нақты еңбек биржасынан
өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның
болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де
болса паспорттық-құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық
құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай биржасы болмай тұр. Мысалы, көмір және
тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі
мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан
байқалатыны елдегі еңбек биржасындаң үштен екісін әйелдер құрайды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі
екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
кестелерден, суреттерден тұрады.

1. Еңбек биржасының теориялық негіздері

1.1 Еңбек биржасының түсінігі, міндеттері және қалыптасуы

Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда
адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі
Швецарияда – 30, Германияда – 28, Австралияда – 22, Францияда - 15$
құрайды. Біздің есептеуімізше, ҚР-да жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы
қызметкерлердің 1 сағат еңбегі 0,10$ тұрады. Еңбек биржасындағы
қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі. Сондықтан
оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек
ресурстары – 1992 жылы 9,4 млн. адам, 55% құрады. Халық шаруашылығы
қызметінің барлық салаларында 7,4 млн. адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6
миллионға таяуы немесе 81% экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс
істейді. Бұл мемелекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни
нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуының өте баяу
жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі еңбекпен қамту
қатынастары, әкімшілік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз
ету қатынастардың терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам, әкімшілдік
басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту
мәселесін шеше алмады.
Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда тіркелген
еңбек биржасындаң саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде.
Сондықтан, мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, бұл
процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси
өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр
түрлерін қолдануда.

Осыған дейін біз жұмысшылар активті түрде өз еңбегін ұсыну үшін
бәсекелеске түседі деген ұйғарыммен шектелгенбіз. Көптеген нарықтарда
жұмысшылар өз еңбек қызметтерін провсоюздар арқылы сатады. Провсоюздардың
ең негізгі көздейтін экономикалық мақсаты – еңбекақыны жлғарылату.
Провсоюздың оған жетудің әртүрлі әдістері бар. Еңбекке деген сұраныстың
өсуі. Провсоюздардың ойынша еңбекақыны көтерудің қолайлы әдісі – еңбекке
сұранысты өсіру арқылы. Төмендегі суретте көрсетілгендей еңбекке сұранысты
өсірудің нәтижесінде еңбекақы мөлшерлемесімен қатар жұмыс орындарының саны
да өседі:

Сурет 1. Еңбек сұранысы

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б

Бірақ қалай провсоюз еңбекке сұранысты өсірте алады? Жалпы провсоюз:

1. өндірілген тауарлар мен қызметтерге сұранысты өндіруге;

2. еңбектің өнімділігін жоғарлатуға;

3. басқа да өндірілетін өндіріс факторларының бағасын өзгертуге тырысу
арқылы. Осыларды жеке-жеке қарастырайық:

1. өнімге сұраныстың өсуі. Профсоюздар өндіріске қатысып, өнімге
сұраныстың өсуіне әсер етеді де жарнаманы саяси лоббистерді қолдана
отытып өзінің еңбек қызметтеріне сұранысты жоғарылатады. Профсоюздар
тұтынушыларды провсоюзды эстетикамен тауарларды сатып алуға бағыттау
үшін теледидарлық жарнаманы саяси лоббистерді қолдана отытып еңбек
қызметтеріне сұранысты жоғарылатады. Немесе құрылысшылардың
провсоюздары лоббистерді жаңадан құру контрактілерін алу үшін
қолданады, немесе мұғалімдер ассоциациясы, провсоюздар білімге
мемлекеттік шығыстарды ұлғайту үшін шығады.

2. Еңбек өнімділігінің өсуі. Еңбек өнімділігіне әсер ететін көптеген
шешімдер мысалы, нақты капиталдың көлемі мен сапасы жайында -
әкімшіікпен біржақты қабылданғанмен, еңбек өнімділігін өсіру үшін
бірлескен жұмысшы - әкімшілік коммитеттердің құрылуына қызығушылық
артып жатқанын айту керек.

3. Алмастырушы ресурстарға бағаның өсуі. Профсоюздар провсоюз мүшелерінің
еңбегіне сұранысты алмастырушы ресурстар бағасының өсуіне әсер ету
арқылы ұлғайта алады.

Еңбекақының минимумынан жоғарысын алатын жұмысшылардың провсоюздары
еңбекақы минимумын жоғарлатуға бағытталған әрекеттері орынды мысал бола
алады. Профсоюздардың осындай әрекетін түсіндіретін себеп – провсоюз
қамтылған, потенциялды алмастырылатын, төмен төлемді еңбектің бағасын
жоғарылатқысы келгендіктен одаққа біріктірілмеген жұмысшыларға еңбекақы
минимумын еңбекақы минимумын жоғарлату кәсіпкерлерге осындай жұмысшылардың
провсоюз мүшелері – жұмысшыларымен алмастырылуында шек болады,нәтижесінде
провсоюз мүшелер – жұмысшыларына сұраныс ұлғаяды.

Профсоюздар өздерінің еңкекке деген сұранысына мүмкіндіктерінің шамалы
және сенімсіз екендігін мойындайды.Келтірілген мысалдар профсоюздардың
еңбекке сұранысты ұлғайтуға емес, көбінесе оның төмендеуіне қарсы тұруға
тырысушылығын көрсетеді. Осының есебінен профсоюздардың еңбекақыны
жоғарылату сұранысты емес еңбекті ұсынуда шоғырланады. Тұйық немесе цехтік
тред-юнионизм. Профсоюздар еңбекақының ставкасын еңбекті ұсынуды қысқарту
арқылы жоғарылата алады.

Сонда цехті профсоюздар – белгілі бір профессиядағы жұмысшыларды ғана
біріктіретін профсоюздарды айтады. Бұндай профсоюздар кәсіпкерлерді тек осы
профсоюздың мүшелер – жұмысшыларын жалдауға мәжбүрледі де еңбекті ұсынуда
толық бакылауды қамтамасыз етті. Одан кейін қысқарту жолы арқылы – оқудың
ұзақ мерзімі, алғашқы жарнамалардың көп болуы, жаңа мүшелерді алуды шектеу
немесе болдыртпау – профсоюздар еңбекті ұсынудың жасанды қысқартуларды
қолданды.

Сурет 2. Өнімге сұраныс

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б

Ашық немесе салалық тред-юнионизм. Алайда, профсоюздардың көбісі өз
мүшелерінің санын шектемесі, керісінше барлық потенциалды жұмысшыларды
біріктіруге ұмтылады. Бұл ашық, салалық профсоюздарға тән.

Егер профсоюз нақты саланың барлық жұмысшыларын біріктіре алса, онда
фирмалар еңбекақының ставкасы жайлы профсоюздармен келісім жасағанда
олардан үлкен қысымда болады. Неге? өйткені забастовкалардың көмегімен
профсоюз фирманы толығымен еңбекті ұсына алмайтындай етіп қалдыра алады.

Сурет 3. Еңбек өнімділігінің өсуі

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б

Профсоюздың міндеті. Осы бөлімде мен ҚР-да адамдарды қор ететін
жұмыссыздық мәселесін шешуге, оны біршама қысқартуға қандай іс-әрекеттер,
шаралар бағдарламалар жақын арада жүзеге асырылатындығына тоқталғым келеді.
Қазірде бұл өткір тұрған бірден бір мәселелердің бірі. Жалпы қоғамдағы
барлық қиындықтар осы мәселенің негізінде, оның әсерінен туындап отыр десем
артық айтылған сөз болмас. Бұл адамдардың баршасын толғандырып отыратын
мәселе болып бүгін немесе кеше пайда болған жоқ, қаншама уақыт бойы біз
онымен күресудеміз, бірақ бүгін бұл мәселе өз шешімін табатын уақыт та
келді.

Республика үкіметі"2000-2006жылдары кедейлікпен және жұмыссыздықпен
күрес бағдарламасын" бекіткен болатын. Осы бағдарламаның маңызы өте зор
болады, онда көптеген міндеттер талқыланып, қамтылған болатын.
Бағдарламадағы мақсаттар мен міндеттерін қарастырайық. Бағдарламаның
мақсаты – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен
еңбекке жарамсыз кедей азаматарға, сондай-ақ еңбек базарындағы жағдайы осал
халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту
жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы әр
отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған
және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын
құруды көздейді. Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде
әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолымен халықтың тұрмыс
деңгейін төмендетпей көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың
әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау
көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылу
қаралды. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік
дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндеті көзделген.
Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін,
олардың қоғамдық өмірден, қоғамың ішкі өмірінен шеткері қосылмауы үшін
оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамдар есебінен көмек көрсету керек.
Оларға қалай көмек көрсетуге болады? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын
ашу. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте- бірте жалақыны
өсіру. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға
көмек жасамақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға
қоймақшы. Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін,
яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын
жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды қысқа
мерзімде курстарда оқытып, қайта дярлау бағдарламасы жасалған. Сондай-ақ
шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер
көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына
мамандығы мен біліктілігі бар адамдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай
ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланған. Бағдарламада жаңа жұмыс
орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болатыны, әр саласы бойынша
анықталған. Жұмыс орындарын құрудың басым бағыттарына жеңіл тамақ
өнеркәсіптері минералды тыңайтқыш өндіру, машина жасау, сондай-ақ
өнеркәсіптің ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты салалары жатады
деп саналады. Машина жасау, өнеркәсібінде кейбір өндіріс орындарын қалпына
келтіру және жұмыс істеп тұрғандарын одан әрі дамыту есебінен 7500 адамды
жұмыспен қамту қарастырылып отыр. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы
кәсіпорындарда – барлығы 12 мың жұмыс орнын қалпына келтіру көзделген.
Бұдан басқа бұл саланың шағын кәсіпорындарында 14,2 мың адамды жұмыспен
қамтитын жаңа жұмыс орындары құрылады. Тамақ өнеркәсібінде 7,2 мың жұмыс
орны қалпына келтіріледі. Бағдарламада белгіленген шаралар қағаз жүзінде
қалмас үшін керекті жағдайдың бірі оларды қажетті қаржымен қамтамасыз ету
керек. Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, ол
туралы анық жазылған. Кедейлік деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтарды
ескере отырып, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке
мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу көзделген. Сонымен бірге бағдарламаны
қаржылық қамтамасыз ету донор-елдер бөлетін техникалық гранттар, ерікті
қайырымдылықтар арқылы да жүзеге асырылатын болады. Мәселені шешудің
қосымша факторы зейнетақы мен жәрдемақыны республикалық бюджеттен уақытында
төлеп тұру болып табылады. Бағдарлама жүзеге толық аса қалған күнде
кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендетуде қандай нақты нәтижелерге қол
жеткізу көзделіп отыр? Бағдарлама жүзеге асқанда кедейлік ауқымы 2006
жылмен салыстырғанда 2009 жылы 8,7 % қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 2007
жылғы 13,5 %-дан 2009 жылдың аяғында 9 %-ға дейін төмендеді. Тағы бір
қарайтын мәселе Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіподақтардың
республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктері арасындағы 2007-2008 жылдардағы басты келісімі жайлы.

Еңбек биржасын дамыту, еңбек қатынастары жіне халықты жұмыспен қамту
саласында тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:

1. Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктердің әрқайсысының
заңнамада белгіленген өкілеттіктері шегінде еңбек заңнамасының
сақталуын бірлесіп бақылауын қамтамасыз ету;

2. Келісім қолданылатын кезеңде республикалық, салалық және аумақтық
деңгейлерде қызметкерлердің жаппай босап қалуына, жұмыссыздықтың
өсуіне, ХЕҰ әдіснамасы бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейінің
экономикалық белсенді халық санының 9,0 -%-нанасуына әкеп соғатын. Іс-
шаралар жүргізілуіне жол бермеу.

3. Қазіргі заманғы өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын құруға
бағдарланған, ғылымды қажетсінетін кәсіпорындарға қолдау көрсету.

4. Қызметкерлердің конституцялық құқықтары мен еңбек заңнамасын
бұзушылықтар жөніндегі мониторингтің халықаралық тәжірибесін зерделеу
жөніндегі жұмысты жалғастыру.

5. Өндірістік саладағы жалақы бойынша берешекті өтеуге ықпал ететін
қажетті шараларды қамтамасыз ету.

Ал кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері өздеріне мынадай
міндеттер қабылдайды:

1. 2007 жылы Қазақстан Республикасында жалақыны ұйымдастыруды реформалау
тұжырымдамасы жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қарауына енгізу.

2. Жұмыс берушілер мен консультациялар негізінде жеке еңбек және ұжымдық
шарттарды жасау практикасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді
қамтамасыз ету.

3. Өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау жөніндегі
қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.өндірістегі жазатайым оқиғаларды
зерттеп-тексеру жүргізуге, оларды жою жөнінде шаралар әзірлеуге
қатысу.

4. Республика аймақтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге,
кәсіподақ мүшелеріне тегін консультациялар беру мен құқықтық көмек
көрсету.

5. Еңбекті қорғаумен айналысатын кәсіподақ өкілдерін оқытуды ұйымдастыру,
бұл саладағы жұмыстың оң нәтижелерін зерделеу әрі насихаттау.
Экономиканың негізгі ресурсы болып еңбек күші саналатындықтан,
жұмысбастылықты қолдау экономикалық саясаттың маңызды мақсаты болып
табылады. Жұмыссыздықтың деңгейі – жұмыс істегісі келетіндердің жалпы
санындағы жұмысты иемденбейтіндер үлесінің статистикалық көрсеткіші.
Жұмыссыздықтың деңгейі анықталғанда әр адамды үш категорияның біреуіне
кіргізеді: жұмысы бар, жұмыссыз, жұмыс күшіне қосылмайтындар. Адам үй
шаруашылығымен, оқумен айналйспай, алдыңғы аптаның көп бөлігін жұмыс
істесе, онда ол жұмыспен қамтылды деп есептеледі.
Егер адам жаңа жұмысқа шығуды күту барысында жұмыс істемесе, уақытша
жұмыстан шығарылған немесе жұмысты іздеп отырған жағдайларда – жұмыссыз
болып есептелінеді. Алдыңғы екі категорияға жатпайтын адамдар
(мысалы,студенттер) жұмыс күшінің құрамына жатпайды: олар жұмысты
иемденбейді, оны іздемейді және жаңа жұмысқа ауысуды күтпейді.
Жалпы жұмыссыздыққа екі: неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары
бар.
Енді олардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.
Жұмыссыздықтың неоклассикалық концепциясын жақсы жерімен көрсеткен
әйгілі ағылшын экономисі А.Пигу.
А.Пигудың негізгі айы келесіге тіреледі:
а) өндірісте жұмылдырылған жұмысшылардың саны еңбекақының деңгейіне
кері тәуелділікте болады, яғни неғұрлым еңбекақы жоғары болса, соғұрлым
жұмысбастылық төмен болады.
б) 1914-1918 жылғы 1 Дүниежүзілік соғысқа дейінгі болған еңбекақы
деңгейі мен жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы тепе-теңдік, жағдайға
жақын жұмыспен қамтылуды қамтамасыз еткен деңгейіндегі жұмысшылар
арасындағы ерікті бәсекелестіктің нәтижесінде еңбекақыны белгілеумен
түсіндіріледі.
в) 1 Дүниежүзілік соғыстан кейінгі профсоюздардың күшеюімен
жұмыссыздықтан мемлекеттік сақтандыру жүйелерінің енгізілуі еңбекақыны
икемсіз етіп, оны жоғары деңгейде ұстады, ал бұның өзі жаппай
жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
г) толық жұмыспен қамтылуға қол жеткізу үшін еңбекақыны төмендету
керек.
Неоклассикалық модельдегі еңбек биржасындағы тепе-теңдік еңбектің
бағасы ретінде нақты еңбекақы PL болатын еңбек күшіне сұраныс функциясы
мен оның ұсыну функциясы арқылы анықталады. Еңбекке сұраныс функциясының
қисығы DL кемімелі сипатта болады, өйткені осы өндіріс факторына сұранысты
білдіретін фирмалар жұмысқа жұмысшылардың көбірек санын еңбекақы төмен
болған жағдайда жалдай алады.
Егер де еңбекақының деңгейі өсетін болса, онда тартылатын жұмыс
күшінің көлемі азаяды.
Соымен, жұмыс күшіне сұраныс еңбекақының нақты функциясы:

(1)

Жұмысшы күш биржасындағы еңбекті ұсыну SL нақты еңбекақыға тәуелді: PL
жоғары болған сайын көбірек жұмысшылар нарықты өз еңбегін ұсынады және
керіснше, еңбекақы төмен болған сайын олардың аз саны жұмысқа орналасқысы
келеді. Сондықтан еңбекті ұсыну нақты еңбекақыдан өспелі функция ретінде
қарастырылады және еңбектің ұсыну қисығы оңды иіледі (наклон) иемденеі:

(2)

Сұраныс және ұсыныс графиктерін біріктіріп, барлық жұмыс істегісі
келетіндердің құрылған еңбекақының тепе-теңдік ставкасына PLE жұмысты таба
алатындығын көрсететін еңбек биржасының классикалық моделін аламыз.

Сурет 4 Сұраныс және ұсыныс сызығы

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б
Егер еңбекті ұсыну өсетін болса (SL қисығының SL1-ға ығысуы), онда бұл
еңбекақының PLF-ке дейін төмендеуіне әкеледі және де еңбек биржасындағы
тепе-теңдік F нүктесінде орнайды. Сонымен, неоклассикалық модельде еңбек
биржасындағы экономика барлық еңбек ресурстарын пайдалана алады, тек
еңбекақының иілгіш болу шартында ғана. Берілген жағдайда толық жұмыспен
қамтылу өз еңбегінің белгілі бір мөлшерін сатқысы келген кез-келген қалаушы
өз тілегін берлген сәтте қалыптасқан еңбекақының ставкасы бойынша жүзеге
асыра алатындығын білдіреді. Егер еңбекақы PLK Еңбек биржасындағы тепе-
теңдік деңгейінен жоғары болса, (мемлекеттің қатынасуы немесе
профсоюздардың талабы бойынша) онда бұл жқұмысқа деген сұраныстың жұмысты
ұсынуынан аз болуына әкеледі және жұмысшылардың белгілі бір массасы
жұмыссыз қалады. Еңбек биржасындаң саны KM кескіні көрсетеді. Осыдан,
неоклассикалық модельде жұмыссыздық нақты, бірақ ол нарық заңдарынан емес,
оларды бұзу нәтижесінде пайда болуды, не мемлекеттің, не профсоюздардың,
яғни еңбек биржасындағы емес күштердің еңбекақысы тепе-теңік деңгейіне
дейін түсіртпейді, осыдан кәсіпкерлер барлық жұмыс істегісі келетіндерге
талап етілген төлемақы ставкасы бойынша жұмысты ұсына алмайды. Сондықтан,
неоклассиктердің пікірінше, еңбек биржасындағы экономикада тек өз ерікті
жұмыссздық бола алады, яғни жоғары еңбекақы талабынан туындайтын.
Жұмыссыздар өздері жұмыссыздықты таңдайды, өйткені олар өз еңбегі үшін
төмен төлемақыға жұмыс істеуге келіспейді. Мемлекеттің ролі жайлы да осыны
айтуға болады: егер олеңбекақының деңгейін қадағаласа, онда ол бәсекелестік
еңбек биржасындағы механизмді бұзады. Осыдан необиральді бағыттағы
экономистердің талабы туындайды – жұмыссыздықты жою үшін еңбек биржасында
бәсекелестікке игіліктік еңбекақыға ұмтылу керек. Осымен бірге
неоклассикалық модельде жұмыссыздық игіліктік еңбекақы сақталған кезде де
болады, өйткені жұмысшы күштің белгілі бір бөлігі жоғарырақ еңбекақыға
ұмтылып, өз еркімен жұмыссыз болып қалады. Бұл жағдайды төмендегі сурет
көрсетеді:

Сурет 5 Еңбек биржасындағы тепе-тендік

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б

Графикте еңбек биржасындағы тепе-теңдік Е нүктесінде орын алды. Бірақ
қалыптасқан еңбек биржасындағы еңбекақы ставкасында PLE фирмалардың жұмысшы
күшке қажеттілігі (сұраныс қисығының учаскесі DL, Е нүктесінен төмен )
толық қанағаттандырылмайды, EF шамасын құрайды. Ал бұл қажеттіліктің
қанағаттандырылуы жолы жоқ, өйткені жұмыссыз жұмысшылар тек жоғарырақ
ставка үшін ғана еңбектенуге келіседі (еңбекті ұсыну қисығының учаскесі SL
E жоғары). Осыдан шығатыны, нарық ұсына алатын еңбектің максималды мөлшері
L1 шамасын құрайды (АF кескіні), ал фирмалардың еңбекке төлеуге қабілетті
сұранысы – L0 (АЕ кескіні). Осы екуінің арасындағы айырымын фирмалар
ұсынатын еңбекақы үшін жұмыс істегісі келмейтін жұмысшылардың санын ЕF
кескіні көрсетеді.
Кейнсиандық концепция. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық концепциясы еңбек
биржасындағы экономикадағы жұмыссыздық ерікті емес, мәжбүрлік сипатта
болатынын дәлелдейді. Кейнстің бірінші пікірінше неоклассикалық теория тек
салалық, микроэкономикалық деңгей шегінде орын алатындықтан жалпы
экономикада жұмысбастылықтың нақты деңгейі немен анықталу сұрағына жауап
бере алмайды. Кейнс болса, “ ... жұмысбастылықтың мөлшері эффективті
сұраныс мөлшерімен өте байланысты”, яғни жұмысбастылықтың болуы тауарларға
деген шектеулі сұраныспен түсіндірілетіндігін көрсетті. Дж. Кейнс өз
көзқарастарын көрсету барысында А. Пигудің теориясын сынайды, және де
жұмыссыздықтың нарықты экономикаға имманенті тән, оның заңдылықтарынан
туындайтынын айтады. Кейнсиандық концепцияда еңбек биржасының тепе-теңдік
қалыпта болуы тек толық жұмысбастылық кезінде ғана емес, жұмыссыздықтың
болу кезінде де орнайды. Ал ол Кейнс есептегенде еңбекті ұсыну
неоклассиктер айтқандай нақты еңбекақы шамасына емес, номиналды еңбекақыға
тәуелді болуымен түсіндіріледі. Осыдан, егер баға өссе және нақты еңбекақы
төмендесе, онда осы кезде жұмысшылар жұмыс істеуден бас тартартады. Ал
нарықтағы кәсіпкерлердің еңбекке деген сұранысы баға деңгейінің өзгеруіне
байланысты өзгеретіен нақты еңбекақының функциясы болып табылады: бағалар
жоғарылаған кезде жұмысшылар азырақ тауарлар мен қызметтерді сатып алады
және керісінше. Нәтижесінде Кейнстің қорытындысы келесідей:
жұмысбастылықтың объектісі көбінесе жұмысшыларға емес, кәсіпкерлерге
тәуелді, өйткені еңбекке деген сұраныс еңбек бағасымен емес, тауарлар мен
қызметтерге эффективті сұраныстың шамасымен анықталады. Егер қоғамда
эффективті сұраныс жеткіліксіз болса, өйткені ол табысты өсуі нәтижесінде
төмендейтін тұтынуға шекті бейімділікпен анықталғандықтан, онда толық
жұмысбастылық деңгеінен төмен орналасқан нүктесінде жұмысбастылық тепе-
теңдік деңгейіне жетеді. Осыдан басқа жұмысшы күштің маңызды бөлігінің
жұмысбастылығы инвестиция сияқты жиынтық шығыс компонентімен анықталады.
Жұмысбастылық пен инвестицияның ұлғаюы арасындағы қатынасты сұраныс
мультипликаторына тең жұмысбастылық мультипликаторы сипаттайды.
Инвестициялардың өсуі инвестициямен тікелей байланысты салалардағы алғашқы
жұмысбастылықтың ұлғаюына әкеледі, бұл өз алдына тұтыну заттарын өндіретін
салаларға әсер етіп, нәтижесінде осының бәрі сұраныс өсіміне және де
жиынтық жұмысбастылыққа әкеледі. Ал соңғысының ұлғаюы қосымша
инвестициялармен тікелей байланысты алғашқы жұмысбас-тылық өсімінен
асырмалы болады.
Кейнс бойынша жұмысбастылық – тұтыну және ұлттық табысқа қаражат қор
жинақтау үлесі ұлттық өндірістің көлем функциясы. Сондықтан толық
жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін келесілердің арасында белгілі бір
пропорциясын сақтау керек:
а) ЖІӨ көлемі мен онвы құру шығыстары арасында;
ә) Қаражат қор жинақтау мен инвестиция.
Егер толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін ЖІӨ-ді өндірудегі
шығыстар жеткіліксіз болса, онда қоғамда жұмыссыздық туындайды. Егер де ол
керекті мөлшерден асатын болса, онда инфляция болады.
“Қаражат – қор, жинақтау – инсвестиция” жағдайында, егер SI болса,
онда капитал қосудың күшті құйылымы, ұсыну мен өндіріс өсімі – бір жағынан
және ағымдағы төмен сұраныс (қор жинақтау үлкен болғандықтан) – екінші
жағынан, қайта өндіріс кризисіне, жұмыс күшіне сұраныстың төмендеіне және
жұмыссыздыққа әкеледі. Ал IS болуы, қаражат қор жинақтау жеткіліксіз
болғандықтан өндірістік сұраныстың қанағаттан-дырылмауына әкеледі. Бұдан
басқа, қаражат қор жинақтаудың төмен болуының кері жағы – тұтынуға жоғары
бейміділік, ақырында баға деңгейінің өсуіне, яғни инфляцияға соқтырады.
Енді біз Кейнсиандық және неоклассиктердің тепе-теңдік жәнежұмыссыздық
жайлы ой-пікірлерін график арқылы көрсетіп түсіндірейік.
Еңбек биржасында сұранатын еңбек мөлшері ұсынылатын еңбек мөлшеріне
тең болғанда орнайды: ND =NS
Неоклассикалық концепцияда еңбек биржасында тепе-теңдік толық
жұмысбастылықпен сәйкес келеді. Бұл кез-келген қалаушы сол кезде
қалыптасқан еңбек ставкасына байланысты белгілі бір еңбек мөлшерін сатқысы
келсе, сол қалауын жүзеге асыра алатындығын білдіреді.
Толық жұмысбастылықтың түсінігін мына суретте көрсетейік:

Сурет 6 Жұмысбастылық сызығы

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б
W0 еңбекақының нақты ставкасында еңбекті ұсыну толығымен оған деген
сұранысқа сәйкес келеді. Бірақ осы кезде қолдағы барлық еңбек ресурстардың
жұмсалғандығын білдірмейді. Егер де еңбекақының нақты ставкасы W1
көтерілсе, онда еңбекті ұсыну N1 дейін әсері еді. Бірақ жоғарыдағы суретте
көрсетілген жағдайда жұмыссыздық жоқ: N0N1 кесіндімен еңбек етуге
қабілеттілер W0 ставкасы кезінде жұмысқа жалданғысы келмейтіндер
көрсетілген.
Неоклассиктердің концепциясында еңбек биржасында тепе-теңдік
өзгеріссіз болады. Егер еңбекақының нақты ставкасы W1 тең болса, онда
біріншіден, N0N1 кесіндімен көрсетілгендей еңбекке қабілеттілер жұмысты
іздей бастайды; екіншіен, еңбекке сұраныс N2-ге дейін қысқарады. Оның
негізінде N1-N2 мөлшеріндегі жұмыссыздық пайда болады. Жұмыс орындары үшін
бәсекелестік жұмысты іздеушілерді еңбекті анағұрлым аз төлемақысына
келісуге мәжбүрлейді және еңбекақының номиналды ставкасы W0 мәнін алмағанша
төмендей береді.
Кейсиандық концепция бойынша еңбек биржасы жұмыссыздық болған жағдайда
тұрақтанады. Төменгі суретте еңбекке сұраныс пен еңбекті ұсынудың
Кейнсиандық функцияларының графигі біріктіріліп көрсетілген:

Сурет 6 Кейнсиандық функция сызығы

Дерек көзі: (Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан
Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б
Кәсіпкерлер бекіткен W0 еңбекақының номиналдық ставкасы негізінде
еңбекті ұсыну N2-ге тең және еңбек биржасында N2-N1 өлшемінде артықшылық
пайда болады. Қарастырылып жатқан жағдайда жұмысты іздеушілер еңбектің аз
төлемақысына келісетініне қарамастан, еңбекақы ставкасының W0-ден төмен
түсуі еңбекке сұранысты көбейтпейді.

Классикалық мектеп позициясынан осы жерде еңбек бағасы W0- W1
мөлшерінен асып тұр. Егер де оны W1-ге дейін төмендетсек, жұмыссыздық еңбек
биржасындағы сұраныс пен ұсыныстың стихиялы арақатынастың кезінде
жойылмайтын N1-N0 өлшемінде сақталады.

1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі

Бұл бөлімде біз статистикалық мәліметтерге назар аударамыз. Себебі
сандық көрсеткіштер көп артық сөзді қажет етпей қарастырылып жатқан мәселе
жайында нақты да дәл мәлімет бере алады. Сондықтан оған орын берейік. 2009
жылдың III тоқсанында 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан
белсенді халықтың саны 7,6 млн. адамды құрады және өткен тоқсанмен
салыстырғанда 61,4 мың адамға (0,8%-ға) көбейді. Экономикалық белсенділік
деңгейі 71,8% болып, өткен тоқсанға қарағанда 0,6 пайыздық тармақта көп,
еркектер -77,1%, әйелдер – 67,1%. Республика экономикасында осы жылдың III
тоқсанында 7 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен тоқсандағыдан 115,9
мың адамға (1,7%-ға) көп. Қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі,
жұмыспен жалпы қамтылғандардың 55,8%, ауылда – 44,2% болды.

Экономикалық белсенді халықтың жалпы санында қала халқы – 4,3млн. адам
болып, биылғы өткен тоқсандағыдан 39,6мың адамға (0,9%-ға), ауылдағылар –
тиісінше 3,3млн. адам және 21,8мың адамға (0,7%) көбейді.
Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымында 28,5% 35-44 жастағылар, 23,5% 25-
34 жастағылар, 22,5% 45-54 және 13,8% 15-24 жастағылар. Жұмыспен
қамтылғандардың әр бесіншісі жоғары білімді, әр төртіншісі – орта кәсіптік,
әр үшіншісі – жалпы орта білімділер.
Ағымдағы жылдың үшіншісі тоқсанында жұмыссыздар саны (табысты жұмысы
болмаған, оны белсенді түрде іздеген және оған кірісуге дайын болғандар)
625,1мың адамды құрады, бұл өткен кездегіден 54,5мың адамға кем.
Жұмыссыздық деңгейі 8,3%-ды құрады.

Жалпы жұмыссыздар санында әйелдер 368мың (59%), еркектер – 256мың.
Үшінші тоқсанда, оның алдындағы тоқсанмен салыстырғанда, жұмыссыз еркектер
саны 20,4мыңға, қысқарды. Жұмыссыздық құрамында әрбір үшінші 25-39
жастағылар және 46-64 жастағылар.

Экономикалық белсенді емес халық санында осы жылдың үшінші тоқсанында
15 және одан ересек жастағылар 3млн. болып өткен тоқсанға қарағанда
62,9мыңға немесе 2,1%-ға қысқарды. Халықтың осы санаттағы құрылымында
әйелдер 62% (1,5млн.) қала халқы 65,4% (1,9млн.) болды. Экономикалық
белсенді емес халық арасында әрбір екінші зейнеткерлер, әрбір үшіншісі
оқушылар.
Кесте 1
2009 жылдың үшінші тоқсанында еңбек биржасының негізгі индикаторлары.

Облыстары Экономикалық Халықтың Жұмыспен қамтылған халық,
белсенді халықэкономикалық адам
белсенділігіні
ң деңгейі %
Барлығы, адам Өтініш
білдіретіндерд
ің жалпы саны,
%-бен
ҚР 220199 2,9 16084 71,9
Ақмола 14284 3,6 741 89,4
2-кесте жалғасы
Ақтөбе 12804 3,7 1060 83,0
Алматы 20439 2,6 1794 96,9
Атырау 16010 7,9 450 92,0
Шығыс 24631 3,3 1125 53,3
Қазақстан
Жамбыл 15105 3,1 417 54,9
Батыс 9008 3,0 950 92,1
Қазақстан
Қарағанды 15128 2,0 3920 98,6
Қостанай 18262 3,4 1119 69,4
Қызылорда 16307 5,9 622 26,5
Маңғыстау 5284 3,5 309 29,0
Павлодар 16132 3,8 799 68,2
Солт.Қазақстан7815 1,9 454 48,2
Оңт.Қазақстан 14575 1,6 1151 79,2
Астана қаласы 3160 1,3 301 53,6
Алматы қаласы 11255 2,0 872 99,2

Дерек көзі: Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1
Алматы -2004-206-210 бб.

2009 жылдың тоғыз айында өтініш білдірген 113,4 мың адам немесе 71,0%
соның ішінде ауылдық жерлерде 5,6мың немесе жұмыс істеуге тілек
білдіргендердің әрбір екіншісі – ауыл тұрғындары.Осы жылдың қыркүйегінде
жұмысқа орналастырылған азаматтар саны, осының алдындағы аймен
салыстырғанда 2мың адамға, немесе 14,5%-ға ұлғайды.

1.3 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі

Жұмыссыздықтың біздің еліміздегі жағдайына көз жеткізгеннен кейін,
жұмыссыздықтың бірден-бір себебі болып табылатын табысқа тоқталайық. 2010
жылдың қаңтар – тамызда халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай
табыстары 64498 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 14,0%
жоғары. Осы кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 7,8% өсті.

2010 жылдың қаңтар – тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы
жалақысы 20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 14,9%, нақты
мәнде 8,2% өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан 4,3 есе, еңбекке ақы
төлеудің ең аз мөлшерінен 4,9 есе (2009 жылғы тамызда – тиісінше 3,9 және
5,1 есе) асты.

2010жылдың тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы
Қазақстан Республикасының айлықтары бойынша:

Кесте 3.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы

Облыстары Бір қызметкердің орташа айлық Орташа Ең аз жалақы
атаулы жалақысы жалақының жалпышамасының
республикалық тиісті
деңгейге аймақ-тағы
қатысты. орташа
жалақыға
қатысы.
теңге пайызбен
2008ж 2009ж
шілдеге тамызға
ҚР 20477 100,0 114,9 100,0 20,4
Ақтөбе 22419 107,2 119,5 109,5 18,6
Атырау 43810 103,9 107,2 213,9 9,5
Жамбыл 13543 100,7 119,5 66,1 30,9
Қостанай 13966 98,5 111,1 68,2 29,9
Қызылорда 16957 95,4 115,4 82,8 24,7
Маңғыстау 38861 98,5 99,7 189,8 10,8
Астана 29422 105,2 124,8 143,7 14,2
қаласы
Алматы 28081 99,8 116,7 137,1 14,9
қаласы

Дерек көзі: Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1
Алматы -2004-206-210 бб.

Осы жылдың тамызында осының алдындағы аймен салыстырғанда нақты жалақы
0,3%-ға артқан, ал атаулы жалақы шілдедегі деңгейде қалған.

Сурет 8 2010 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша
жалақы индекстері

Кесте 4

2010 жылдың тамызында орташа айлық атаулы жалақы деңгейі бойынша
облыстарды топтау

Орташа айлық атаулы Айлықтар Аймақтардың жалпы саны
жалақы бойынша үлес салмағы,
%-бен
13000 дейін Ақмола 6,2
13001-нан 15000 дейін Солт.Қазақстан,Жамбыл, 31,3
Оңт.Қазақстан, Алматы,
Қостанай.
15001 нан 20000 Қызылорда, Қарағанды, 25,0
Батыс Қазақстан,
Павлодар
20001 нан 25000 Ақтөбе 6,2
25001 нан 30000 Астана, Алматы, Батыс 18,8
Қазақстан
30001 нан 40000 Маңғыстау 6,2
40001 астам Атырау 6,2

Дерек көзі: Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1
Алматы -2004-206-210 бб.

Жұмыссыздық проблеммаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын
алады. Еңбек биржасы- ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу ,
сату ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет
атқаратын мекеме.
Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда
жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде
пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның
мақсаты мен атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы- бұл еңбекті
жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім
жасалатын, тұрақты негізде жұмыс жасайтын мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы
еңбек биржасы 1930 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай еңбек
нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр.
1991 жылдың 1- шілдесінен бастап Қазақстанда тұрғындарды еңбекпен қамту
қызметі жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде бұндай еңбек биржалары жүйесі
көбеюде.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; еңбек биржасында есепке алу және
бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек
білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру
жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет
көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау. Мемлекет
кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы
еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама
кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады,
себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар және өздерінің
кадр бөлімі арқылы жалдауға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы
мағлұматтары банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс
елдерінің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы, аймақтық және
жергілікті деңгейдегі жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда,
жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі,
нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы еңбек биржасындаң 40 пайызы бір
айдың ішінде жұмысқа орналасады, сондай- ақ, еңбек биржасында
қаржыландырудың жаңа бағдарламасы өндірілген. Вашингтон штатында феодалдық
үкімет тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы
келген 400 жұмыссыз адамға белгігі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын-
ала жәрдем ақы төлейді.
Жұмыспен қамту және табысты болу адамдардың тамақтануына, денсаулығына,
біліміне, халықтың қайта өндіруіне және т. б. өмірді толық қалыптастыруға
эсер етеді. Аз табыс табатындар уақыт өте кедейшілікке тап болады, кедей
болатын қауіп - қатер тобы бірінші кезекте ұзақ уақыт жумыс істемегендер
құрайды. Жұмыссыздық және кедейшілік қатар жүреді.
Қазақстанда жұмыссыздық санын қысқарту үшін, Үкімет не істеуі қажет?
Кедейшілікті төмендетуге бағытталған Үкіметтің алғашқы бағдарламалық құжаты
2009 жылы 3 маусымда Үкімет бекіткен. 2007 - 2009 жылдарға арналған
жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы курес жөніндегі бағдарламаболып
табылады. Белсенді саяси жұмыспен қамтуды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық
деңгейін төмендету - осы бағдарламаның ең негізгі мақсаты.
Қазақстанда кімдер жұмыссыз болып қалады? Еңбек биржасындаң санын 30 -
40 арасындағы адамдар құрайды. Бұл жастағылардың еңбекке жармды кезі. Еңбек
биржасындаң 29 пайызы 16-дан 29-жасқа дейінгі жастар. Жұмыссыздықтың
жоғарғы пайызы мунай шығаратын Атырау, Батые Қазақстан және Маңғыстау
облыстарында.
Халықты жұмыспен қамтуды көтеру және жұмыссыздықты төмендетуге
бағытталған Үкімет қызметінің нәтижесі қандай? Қазақстан Республикасының
Сауда және эконмика министрлігінің а қп араты бойынша (2009 жылғы 7
қаңтардағы 1-236 хаты),жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикаға белсенді
қарым- қатынасы бойынша есептелген, 2007 жылы 13,5 пайызға 2008 жылдың
үшінші тоқсанында 9,2 пайызға төмендеген. 2008 жылы 218 мың жұмыс орны
құрылды. Осы жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржа түрлері
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Тауар биржасының қызметі
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Қаржы валюта нарығы
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы туралы
Банк жүйесі жайлы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
Пәндер