Экономикалық қауіпсіздік
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮЛГІЛЕРІ
1.1. Экономикалық қауіпсіздік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Экономикалық қауіпсіздіктің жүйелік моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлгісі және ондағы мемлекет қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II ТАРАУ. ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕХАНИЗМДЕРІ
2.1. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Адамзат 21 ғасырға әлемдік тәртіптің бұрыңғы жүйесінің түбірлі өзгерістері жағдайында еніп отыр. Перспективалардың тұрақсыздығы мен аморфтылығы дамушы елдерді өздерінің дүниеде алатын орны жайлы ойлануға, экономикалық мүдделерінің қорғау әдістері мен шындыққа дұрыс адаптациялау жолдарын іздеуге итереді. Қазіргі геоэкономикалық анализ экономикалық қауіпсіздік проблемаларының экономиканың жаһандану үдерісіне тікелей байланыстылығын айқын түрде көрсетуде. Оңтүстік Шығыс Азия мен Ресейдегі 1997-1998 жылдары орын алған әлемдік қаржылық кризисі көрсеткендей, әлеуметтік-экономикалық кризистер саяси режим мен мемлекеттілікке әлеуетті үлкен қауіп-қатер болады.
Еліміздегі реформаларды жасау нәтижелілігі Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйеге интеграциялауына тікелей байланысты. Алайда экономикалық қызметті либерализациялау экономикалық қауіпсіздік мәселесін шешудегі жеке стратегиялық ұстанымдарды айқындамай, ертеңгі тұрақты экономикалық өсудің перспективалары жайлы айту орынсыз.
90 жылдары халықаралық қатынастардың жүйесін әбден өзгертті. Қазір әлемде жаңа «орталық-периферия» концепциясы басым. Орталық ретінде өнеркәсібі дамыған Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония сияқты елдер танылса, оған қарсы дамушы және өтпелі экономикасы бар – периферия қойылады. Орталық қандай да болмасын (саяси және экономикалық институттар, ғылыми-техникалық инновациялар) құндылықтарды бекітіп, оларды периферияға таратады.
Сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсетулер айырбасының жедел өсімі орын алатын жаһандану прооцесстерінің мәні арта түсуде. Ықпалы зор әлем елдері арасында байлықтың материалдық «табиғи шикізаттар, капитал) және материалдық емес (білім, ақпарат) элементтерін иелену үшін күрес күшеюде. Бұл жағынан Каспий аймағының әлеуетті көмірсу запастарына қол жету үшін бәсеке көрініс беруде.
Әлемнің ірі елдерінің геосаяси мүдделерімен қоса жетекші мұнай өндіруші компаниялары арасындағы қатаң бәсеке «Жаңа Шығанақты» экономикалық және саяси жарыс территориясына айналдырды.
Дамушы елдердегі жағдайды өзгертеттін процестерді анықтайтын зор трансұлттық корпорациялар соңғы уақытта өздерінің ықпалын ТМД-нің біраз елдеріне таратуда. Әлемдік қаржылық кризистің өзі жаңа ұлттықтан жоғары құрылымдардың ауқымды әлеуетін көрсетіп, тек бір мемлекеттің күшімен бұл тенденцияға қарс тұрудың мүмкін еместігін айқындады. Соңғы 30- жылдарда дамыған елдердегі құрылымдық қайта құрулар ұлттық экономиканық тамрын құрайтын күші зор көпсалалы корпорациялар арқылы жүргізілетін. Ғылыми-техникалық прогресске сезімтал және құрылымдық тізбектерінде динамикалы мұндай корпорациялардың саны 35 мың, бірақ шын билік әлемдік активтердің 25 %-ын иеленіп, трансұлттық болып табылатын алғашқы 300-дің қолында шоғырланған.

1. Шайынғазы С. «Сыртқы экономикалық қауіпсіздік – ел дамуының басым бағыттарының бірі» //Егемен Қазақстан газеті// №27, 2006
2. Спанов М. «Экономикалық қауіпсіздік: жүйелік факторлар» //Саясат – policy журналы// №9, 2003
3. Келимбетов К.Н. «О стратегии экономической безопасности Казахстана»
4. Жатканбаев Е.Б. «Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации» А., 2006
5. Жатканбаев Е.Б. «Угрозы национальным интересам Казахстана» А., 2004
6. Жатканбаев Е.Б. «Национальные интересы Казахстана и вызовы глобализации» А., 2004
7. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.
8. Кенжеғазин М. «Қазақстан экономикасы: басымдықтар және проблемалар» // Егемен Қазақстан, 2006, 14 қаңтар
9. Стратегия / «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» - «Елорда», 2002 ж.
10. Под. Ред. Олейниковой Е.А. «Основы экономической безопасности: государство, регион, предприятие, личность» М., 1997
11. Кузьмин С.А. «Социальные системы: опыт структурного анализа» М., 1996
12. Коржов Г.В. «Экономическая безопасность России» М., 1996

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Экономикалық қауіпсіздік ұғымы және экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үлгілері
1.1. Экономикалық қауіпсіздік
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Экономикалық қауіпсіздіктің жүйелік
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 8
1.3. Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлгісі және ондағы
мемлекет
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..11
II тарау. елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік
механизмдері
2.1. Қазақстанның сыртқы экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29
Кіріспе
Адамзат 21 ғасырға әлемдік тәртіптің бұрыңғы жүйесінің түбірлі
өзгерістері жағдайында еніп отыр. Перспективалардың тұрақсыздығы мен
аморфтылығы дамушы елдерді өздерінің дүниеде алатын орны жайлы ойлануға,
экономикалық мүдделерінің қорғау әдістері мен шындыққа дұрыс адаптациялау
жолдарын іздеуге итереді. Қазіргі геоэкономикалық анализ экономикалық
қауіпсіздік проблемаларының экономиканың жаһандану үдерісіне тікелей
байланыстылығын айқын түрде көрсетуде. Оңтүстік Шығыс Азия мен Ресейдегі
1997-1998 жылдары орын алған әлемдік қаржылық кризисі көрсеткендей,
әлеуметтік-экономикалық кризистер саяси режим мен мемлекеттілікке әлеуетті
үлкен қауіп-қатер болады.
Еліміздегі реформаларды жасау нәтижелілігі Қазақстанның әлемдік
шаруашылық жүйеге интеграциялауына тікелей байланысты. Алайда экономикалық
қызметті либерализациялау экономикалық қауіпсіздік мәселесін шешудегі жеке
стратегиялық ұстанымдарды айқындамай, ертеңгі тұрақты экономикалық өсудің
перспективалары жайлы айту орынсыз.
90 жылдары халықаралық қатынастардың жүйесін әбден өзгертті.
Қазір әлемде жаңа орталық-периферия концепциясы басым. Орталық ретінде
өнеркәсібі дамыған Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония сияқты елдер
танылса, оған қарсы дамушы және өтпелі экономикасы бар – периферия
қойылады. Орталық қандай да болмасын (саяси және экономикалық институттар,
ғылыми-техникалық инновациялар) құндылықтарды бекітіп, оларды периферияға
таратады.
Сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсетулер айырбасының жедел
өсімі орын алатын жаһандану прооцесстерінің мәні арта түсуде. Ықпалы зор
әлем елдері арасында байлықтың материалдық табиғи шикізаттар, капитал)
және материалдық емес (білім, ақпарат) элементтерін иелену үшін күрес
күшеюде. Бұл жағынан Каспий аймағының әлеуетті көмірсу запастарына қол жету
үшін бәсеке көрініс беруде.
Әлемнің ірі елдерінің геосаяси мүдделерімен қоса жетекші мұнай
өндіруші компаниялары арасындағы қатаң бәсеке Жаңа Шығанақты экономикалық
және саяси жарыс территориясына айналдырды.
Дамушы елдердегі жағдайды өзгертеттін процестерді анықтайтын зор
трансұлттық корпорациялар соңғы уақытта өздерінің ықпалын ТМД-нің біраз
елдеріне таратуда. Әлемдік қаржылық кризистің өзі жаңа ұлттықтан жоғары
құрылымдардың ауқымды әлеуетін көрсетіп, тек бір мемлекеттің күшімен бұл
тенденцияға қарс тұрудың мүмкін еместігін айқындады. Соңғы 30- жылдарда
дамыған елдердегі құрылымдық қайта құрулар ұлттық экономиканық тамрын
құрайтын күші зор көпсалалы корпорациялар арқылы жүргізілетін. Ғылыми-
техникалық прогресске сезімтал және құрылымдық тізбектерінде динамикалы
мұндай корпорациялардың саны 35 мың, бірақ шын билік әлемдік активтердің 25
%-ын иеленіп, трансұлттық болып табылатын алғашқы 300-дің қолында
шоғырланған.
Осындай өріс алған жаһандану жағдайында жағдайында ғылыми-
техникалық прогресс факторының маңызы өте зор. Өмірдің барлық құрылымы
түбірлі өзгертетін постиндустриалды қоғам үдемелі темптерімен қалыптасуда:
алдыңғы технологиялар тез жаңаруда, бүкіләлемдік ақпараттық кеңестік
орнауда.
Көбінесе ірі мемлекеттерге тән ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялардың шұғыл даму процесі экономиканың барлық
сфераларына әсер етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде үлкен
диспропорцияларға әкеледі. Электронды ақпараттық технологиялар саудаға да
енгізілгендіктен, нарықтар Интернетке қосылған әрбір адамға қол жетерлік
болды. Ал мұның нәтижесінде кіші және орта бизнестің рынокқа кіру шығындары
төмендеп, ірі корпорациялардың пайда әкелімдері жоғарылады. Тек ақпараттық
технологиялардың өсуі болған елдердің ғана ұтуынан, барлық елдердің
дамуындағы алшақтық күшейді. Ноу-хау жасау процессін реттейтіндердің ғана
әрдайым артықшылықтары болады. Генетикалық зерттеулер мен
биотехнологияларда болып жатқан революция азық-түлікпен қамтамасыз ету,
ауыл шаруашылық, медициналық қызмет көрсетуде қалыптасқан ұстанымдарды
түбірінен өзгертетіні де анық. Осындай, әлемнің жетекші елдерінің дамуына
көз салып ойлансақ, мынадай қорытындыға келеміз - өнімнің жалпы құнын
анықтауда еңбек, шикізат, энергияның алатын бөлігі азайып, ғылыми-
техникалық прогресс, жұмыс күшінің қаншалықты білімді және білікті
екендігінің маңызы артуымент сипатталатын жаңа әлемдік экономика
қалыптасуда. Экономиканың шикізаттық салаларының маңызы төмендеуде.

қамтамасыз еті үлгілері
1.1. Экономикалық қауіпсіздік ұғымы
Ел қауіпсіздігі – бұл ең алдымен ұлттық мүдделерді анықтау.
Әдеттегідей классикалық аспектілерге қауіпсіздік мен біртұтастылықты
қамтамасыз етумен, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық-
тарихи және мәдени жалпыға бірдейлігімен, мемлекеттің экономикалық және
саяси тәуелсіздігін қорғаумен байланысты мемлекет мүдделерін жатқызады.
Осы ұстанымға негізделе отырып басты ұлттық экономикалық мүддені
- халық шаруашылығын бірегей тұтас, шешім қабылдауда еркіндігі бар жүйе
ретінде сақтаудағы жалпы азаматтардың мүдделілігі деп түсінеміз. Қазіргі
таңда экономикалық қауіпсіздікті түсінуде қолданылатын түсініктерді жалпы
түрде екі ұстанымға бөлсе болады: ресейлік және батыстық.
Ресейлік анықтауда экономикалық проблемалардың
мемлекеттілік, егемендік, ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығы, харық тұрмыс
жағдайының көтерілуіне қалай әсер ететіне басты мән беріледі. Бұл нұсқа
бойынша экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері ретінде экономиканың
құрылымдық ауытқуы, стратегиялық кәсіпорындар мен салалардың шетелдік
капиталға берілуі, әлемдік жағдайға тікелей тәуелділік, экономиканың
қылмыстылығы, қоғамның әлеуметтік диспропорциялығы, ғылыми-техникалық элита
топтарының таратылуы, халықтың көшіп кетуі, яғни миграция және табиғи
ресурстардың көлемінің азаюы саналады.
Ал батыстық нұсқада, ресейлікке қарағанда, экономикалық
қауіпсіздіктің біртұтас комплекстік түсінігі айқындалмайды. Бұл соңғы он
жылдықта қалыптасқан әлемдік тәртіппен және дамушы елдерге сәкестелетін
әлеуетті қауіптердің болмауымен түсіндіріледі. Мұнда жалпы экономикалық
қауіпсіздік термині тұрақты экономикалық өсу, халықаралық сауда
нарығындағы сенімді позиция мен әскери қауіпсіздіктің өзара байланыстылығы
туралы идеясын білдіру үшін қолданылады. [3]
Экономикалық қауіпсіздік: жүйелік факторлар
Транзитті мемлекеттің айрықша ерекшелігі қоғамның жұмыс істеуінің
механизмдерін концептуальды түрде ойланып-толғану, әлеуметтік-саяси
процестерді бағалауға басқаша амалдарды қалыптастыру, сондай-ақ коғамдық
дамудың жаңа бағыттарын жасау болып табылады.
Әлеуметтік-саяси жаңғырулар кезеңінде қоғамның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету проблемалары қоғамдық тұрақтылық, ұлттық қорғалушылық сияқты
қадау-қадау мәселелерді теориялық карастыру қам-қарекеттері тұрғысындағы
ізденістерді де күшейтіп, шама-шарқынша бұл тақырып маңызды әлеуметтік мәні
бар сипатқа ие болды.
Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуы елдің өмір сүруі беріктігінің
басты кепілі ретіңде, ал ол ішкі және сыртқы сапа мен жұмылушылық
ресурстарына байланысты, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін
көкейкестілендіре түсті. Бұл орайда Қазақстанды стратегиялық дамытудың
негізгі бағыттарының доминанты барлық әлеуметтік-саяси салалардың тұрақты
әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуші экономикалық жүйенің қауіпсіздігі
болып табылады.
Қоғамдық өмір салаларының тонның ішкі бауындай өзара байланыстылығы
мен өзара тәуелділігі ''экономикалық қауіпсіздік" үғымының синтездік мәнін
біддіреді, өйткені экономикалық қауіпсіздік дегеніміз тек аясы тар арнаулы
экономикалық зерттеулердің ғана емес, бірқатар қоғамдық пәндердің де
(саясаттану, философия, тарих және басқа) тақырыбы саналады.
Көптеген зерттеушшер піқірінше, "Ұлттық экономикалық қауіпсіздік - бұл
экономика мен билік институттарының ұлттық мүдделер қорғалуына кепіл
болуды, тұтас алғанда елдің үйлесімді, әлеуметтік бағыт-бағамды өркендеуін,
тіпті ішкі және сыртқы процестер дамуының мүлде қолайсыз жағдайларының
өзінде жеткілікті экономикалық және қорғаушылық әлеуетті қамтамасыз
ететіндей жай-күйі".
Жалпы айтқанда, "экономикалық қауіпсіздік" мазмұнын, оның құраушы
әлементтерін, сондай-ақ оны қамтамасыз етуші механизмдерді анықтау әртүрлі
түсіндіріледі, ол өзі проблемаларды әр алуан теориялық-методологиялық
байыптаулар шеңберінде зерттеумен сабақтасып жатыр.Біздің қөзқарасымызша,
экономикалық қауіпсіздікті сараптау жүйелік және құрылымдық-фунқциональдық
әдістеме құралдарын пайдала-нуды күп көреді.
Жүйелік сараптама теориясын жасау табиғат ғылымдарында, биология мен
кибернетикада, қоғамтану зерттеулерінде кеңінен пайдаланып жүрген
математикалық әдістердің енгізілуімен байланыстырылады. Әлбетте,
"жүйелердің үғымын бірінші рет пайымдаған биолог Л. Фон Бертал-анфи еді.
Жүйелік сараптама әлеуметтік ғылымдарда: социологияда (Парсонс Т.),
антропологияда (Рад-клифф-Браун, Малиновский), саясаттануда (Истон Д.,
Алмонд Г., Дойч К.) және экономикада (Леонтьев В.) айрықша кеңінен таралды.
Бұдан басқа, социолог В. Паретоның эқономикалық өзара тәуелділік жалпы
теориясын да көрсету қажет.
Жүйелік сараптаманың мәні былай түсіндіріледі: кез келген құбылыс өзге
объектілер арасында спонтандық тіршілік ету қасиетіне ие және оның дамуының
өз жекелеген әлементтерінің дамуы заңдылығынан да, басқалай тәуелсіз
объектілерден де ерекшеленетін төл зандылығы бар" .
Орындайтын қызметінің жүйелік принциптерімен және қарым-
қатынастарымен, біртектілік дәрежесімен һәм деңгейімен жай және күрделі
жүйелер оған өзара байланысты сапалық, сандық әлементтер қосылуына сәйкес
айрықшаланады. Өйткені "кез келген зерттелуші жүйе неғүрлым жоғары тәртіп
жүйесінің әлементін білдіреді... кез келген зерттелуші жүйе әлементі оз
кезегінде әдетте неғүрлым төмен тәртіп жүйесі ретіңде көрінеді" .
Т. Парсонс (1902-1979) жасаған құрылымдық-функциональдық бағытта
бейімделу, мақсатқа жету, ыкпалдасу және үлгіні қолдау іспетті жүйені
сақтауды қамтамасыз ететін функциональдық талаптар бағамдалады.
Бұл ғалымның әлеуметтік әрекет теориясында қоғам өз төл деңгейінде
зерттелуі керек әлеуметтік жүйенің алабөтен түрі, әлдебір тәуелсіз тіршілік
ретіңде қарастырылады. Қоғамның ыкпалдастық факторы нормалар мен
құндылықтар болып табылады.
Әлеуметтік құрылымды Парсонс белгілі бір статус алған әртүрлі
индивидтер тәртібінен реттелген эспектакциялар (күтулер) жүйесі ретіңде
талдайды. Легитимділенген күтулер жүйесі қоғам үшін стратегиялық маңызы бар
әлеуметтік рөлдер жүйесін жасайды. Ол әлеуметтік институтпен қоғам
мүшелерінің күтілген тәртібін айқындайтын үлгілер мен модельдер жиынтығын
анықтайды. Институциональдық құрылымдар, оның ойынша, әлеуметтік жүйе
құрылымының іргетасын жасайды, өйткені әлеуметтік әрекеттерді тәртіптейтін
шартты түрде тұрақты құрылым деп саналады. Парсонс мұндай құрылымдар
қоғамның функциональдық керектерін қанағаттандыру үшін қажет деп есептейді.
Әлеуметтік жүйе туралы Парсонс іліміне сәйкес, оның орнықтылығы
әлеуметтік функцияның дамуы мен эволюциясы нәтижесінде туын-дайтын өзін езі
реттеушіліктің өзіне жеткіліктілігімен куатталып отырады. Қоғам, әлеуметтік
жүйе ретіңде, түрнысаны үрдіс-дәстүр қызмет етуімен көрінер әлеуметтік
процестер жиынтығы болып табылады. Парсонстың көзқарасынша, коғам
адамдардың рухани дамуымен айқындалатын әрекеттерінің жүйесі ретіңде
қарастырылуы тиіс.
Г. Алмонд, функциональдық әдісті пайдалана отырып, жүйені сақтау мен
реттеу тәсілдерін талдайды, саяси жүйені мәжбүр ету арқылы бейімдеу,
ыкдалдастыру қызметің орындайтын қоғамдық бірлесіп әрекет жасау саласы
ретіңде аныктайды.
Алмондтың құрылымдық функционализмінің ерекшелігі — саяси жүйелердің
салыстырмалы зерттелуі, мұнда жүйелердің мүмкіндіктері, конверсиялар,
қолдаулар мен адаптациялар функциялары және қызмет атқарушылық деңгейлері
арасындағы өзара қарым-қатынастар салғастырылады.
Д. Истонның жүйелік сараптамасы тұрғысынан, ол өзі жүйе ретіңде
белгілеген қоғам сырттан түсіп жатқан импульстерге жауап қайтарушы ұдайы
өзара бірлесіп әрекет жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес
институттардың өзін өзі реттеп отыратын күрделі жүйесі ретіңде
қарастырылады. Қоғамдық жүйе тұрақтылығы қоғамдағы құндылықтарды дұрыс болу
арқылы қамтамасыз етіледі. [5]
Аса көрнекті экономист В. Леонтьев, Вальрастың тепе-теңдік принципіне
сүйене отырып, "күрделі экономикалық жүйенің жұмыс істеуінін сандық
сипаттамасы мен реалистік түсіндірмесіне" жүйелік тәсілді пайдаланды.
Әлемдік экономика дамуын болжамдау мақсатында Леонтьев шығын — шығару
аймақаралық сараптамасының революциялық серпінді әдісін жасады, оның
негізінде экономикалық өсуді талдауға болады.
Жүйелік сараптама қисының пайдаланып өлшемдері әртүрлі объектілер
арасында сандық өзарабайланыстылықты өн бойына жинақтаған, сондықтан да
дәстүрлі типологияның сарапатамалық конструкциясында салыстыруға да,
салғастыруға да келмейтін жүйелерді құру және пайдалану негізінде өтіп
жатқан процестерді сипаттауға болады.
Жүйелік сараптама әртүрлі жағдайдағы экономикалық жүйе жай-күйінің
тұтас кешендері нүсқаларының дәйекті байланысын зерделеуге және болжамдауға
жол ашады.
Біздің зерттеуімізде экономикалық қауіпсіздік проблемаларын жүйелік
әдістеме позициясы тұрғысынан карастыру үсынылып отыр, яғни мұнда
экономикалық қауіпсіздік ішкі-сыртқы қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті
тұрақтылықты сақтауға және ұлттық экономиканың қорғалушылығына бағдарланған
ортак міндеттермен және өзгеше функциялармен өзара байланысты жекелеген
элементтерден тұрушы күрделі динамикалық жүйені білдіретін экономиканың
күйі ретіңде аныкталады.
Құрылымдық байланыстар мен мобильдік арналардың тиімді әрі жақсы жолға
қойылған жүйесі бар жерде ұлттық экономика ресурстық сыйымдылық иеленуі
тиіс, кандай да қатерге төтеп берерлік өз төл әлеуетін күшейтер қосымша
көздерді іздестіруі керек-ақ.
Біздің ойымызша, экономикалық қауіпсіздіктің теориялық моделі жоғарғы
деңгейін ұлттық экономика, ал төменгісін оның подсис-темалары (азық-
түліктік, өнеркәсіптік, инвестициалық, технологиялық, энергетикалық, қаржы-
кредиттік, көлік-коммуникациалық, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы
экономикалық - ЭҚ-ның ерекше түр тармағы) құрайтын күрделі конструкция
түрінде көрінеді.[11]
1.2. Экономикалық қауіпсіздіктің жүйелік моделі
Экономикалық қауіпсіздіктің жүйелік моделі "ҚАТЕР" "ҚОРҒАЛУ" деген
базалық үғымдарға негізделеді. Қатер оны тойтаруға себеп қызметін орындайды
және кешенді қорғалу жүйесін жасауға қозғау салады. Соның нәтижесінде, яғни
күшті экономикасы бар ел тоніп келген қауіп-қатерді қабылдау және оған
тойтарыс беру негізінде өз "күшін" үлғайтады.
Бұл орайда қауіп-қатерлер импульстер "рецепторлар" қызметін орындайды
(Д. Истон мен К. Дойч модельдерімен үқсас), яғни ішкі-сыртқы қатерлер одан
әрі даму көздері ретіңде қабылданып, экономикалық жүйенің ресурстық
әлеуетінің жұмылғыштығы, икемділігі күшейтіледі.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің жүйелік моделі "ҚАТЕР" "ҚОРҒАЛУ деген екі базалық ұғымға табан
тірейді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық үлгісін жасау үшін
мынадай базалық жұптас категориялар пайдаланылатын болады:
Кіру - шығу.
Қатер - корғалу.
Сыртқы орта — ішкі орта.
Қатердің бетін қайтару жағдайында, экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету төрт циклдан тұрады:
1. Қатердің ішкі ортаға, экономикалық жүйеге түсуі.
2. Қатердің нактылы деңгейі мен оның ықтималды қиратушылық әсерін анықтау.
3. Қатерді тойтару механизмдерін тандау бойынша шешім қабылдау.
4. Кері байланыс тұзағы деп аталатын жүйеге өтуі нәтижесінде қатердің
трансформациясы және конвертиленуі .
Мұндай үлгі (модель) ашық жүйе және ішкі-сыртқы импульстерді тиімді
түрде тойтарушы болып табылатын ұлттық экономикада қолданылады. Басты
мақсат — ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу арқылы жүйенің тепе-теңдігі
мен орнықтылығын сактау.
Экономикалық жүйе - бақылау жасау және ЭҚ деңгейін реттеу қызметін
орындайтын мемлекет немесе шешімдер кабылдау орталығы.
Ортаның ықпалына жүйенің реакциясы - кері тұзақ.[2]
Экономиклық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесі ішкі де, сыртқы да
әртүрлі көздерден, әртүрлі орталардан келіп түсуі мүмкіндігі себепті
туындаған қатерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Мұндай
жағдайда қауіп өрісі пайда болады.
Қауіп қоғамдық жүйеге жағымсыз әсер ететін потенциальды немесе нақтылы
мүмкіндіктермен анықталады, ал оның нәтижесі экономикалық жүйеге
келтірілген шығыннан немесе зияннан көрініс береді. Қауіптің бой көрсетуі
әлеуметгік-экономикалық процестер дамуына жағымсыз серпін беріп, оның
сипатын, нысаны мен қарқынын ауыстыруға әкеледі.
Қауіп көздері бүлдіргіштік табиғаты және өз генезисі бойынша табиғи-
жаратылыстық, техногеңдік немесе әлеуметтік шығу тегі бар жағдайлар немесе
факторлар бола алады.
Қауіп төндіретін және ат басын тірейтін бағыты бар жағымсыз жағдайлар
туындау процесінде мын-дай қатер тудырушы факторлар дараланады:
—қалыптасқан жағдайға жауап қайтаруды талап етуші импульс ретіңде
түскен шақыру;
—шешім қабылдау мәніндегі тәуекел, бұның нәтижесінде
субъектіңің өзінің қызметіңе қолайсыз зардаптар туындауы мүмкін;
1. жүйеге залал келтірер бүлдіргіш мүмкіндіктер нысаныңда
тіршілік ететін қауіп;
2. қауіптің нақты-тікелей нысаны ретіңдегі тура қатер, бұл жүйенің
қауіпсіздік күйіне әсерін тигізіп, жүйенің өзінің де, оның субъектілерінің
де мүдделері мен құндылықтарын сақтауға қолайсыз өріс ашатын аландаушылық
факторларының жиынтығын жасайды.
Бүған дейін атап көрсетілгендей, сыртқы қатерлер әртүрлі белгілеріне
қарай жіктеле алады. Алайда біз мынаған назар аудара кеткенді жөн дер едік:
сыртқы қатерлер қатарына (әсіресе дамушы және экономикасы өтпелі кезеңдегі
елдер) сыртқы көмектің кейбір түрлерін (каржы-кредиттік, гуманитарлық,
техникалық, т.б.) косуға болады.
Сыртқы оң бағыттылығына қарамастан, белсенді донорлық жергілікті
экономиканың ұлттық өнеркәсіп базасы мен әлеуметтік-экономикалық қорларды
ынталандыруын төмендетеді.
Дамыған эқономиқа жағдайында қатерлер ұлттық эқономикалық әлеуетті
күшейту мен пәрмендендірудің қосымша көздері ретіңде түсіндірілуі мүмкін.
Экономикалық жүйе қабылданған шешімдер мен іс қимылдар арқылы қатердің
бетін қайтара отырып, сонымен оның жұмыс істеуін және тіршілік әрекетін
қамтамасыз етеді.
Жүйелік сараптама үлгілерімен ұқсастығы бойынша қатерлер экономикалық
жүйеге кіру арқылы түседі. Бұл – қатер өтуінің бірінші фазасы басталуын
айқындайтын бірінші базалық ұғым. Экономикалық жүйе, шақыруды қабылдай
отырып, оң шешім қабылдау орталығында таратады. Кіруші импульстерді
қатерлерді бақылау тікелей шығынды анықтау жолымен немесе экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс жүзіндегі нақтылы мәнімен бастапқы
мәнінің арақатынасы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
ШҚО қатерлерді сүрыптайды, олардың экономикалық жүйе үшін мемлекеттік
(ұлттық), аймақтық және жергілікті деңгейдегі масштабының деңгейін
анықтайды. Мундай критерийлер ретінде жүйелік сандық және сапалық
көрсеткіштер алға шыға алады. Егер мемлекет нақтылы қатер қаупі туралы
қорытындыға келсе, онда ол экономикалық жүйенің қорғалу өрісін нығайту
арқылы қатерді тойтаруға шешім қабылдайды. Мұндай процесс не одақтастар
қөмегін тарту, не ішкі қорларды қайта бөлу арқылы іске аса алады.
Экономиқалық жүйенің негізгі қызметі орнықты тепе-тендік пен әртүрлі
жүйе тармақтарының дамуына жету үшін экономикада қорларды рациональды
түрде бөлу болып табылады. Жүйелік сараптамаға сәйкес, экономикалық жүйе —
кіретін және шығатын импульстерде -қатерлерде көрінетін тұрақты
экономикалық өзара әрекеттестік жиынтығы. Біріншісіне экономикалық жүйеге
ұдайы түсіп отыруы тиіс, сонымен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
сыртқы (эмбарго, сыртқы қарыз, стратегиялық ресурстар импорты, т.б.) және
ішкі (жұмыссыздық, инфляция, ішкі қарыз, азық-түлік тәуелділігі, т.б.)
қатерлер жатады.
Біз қолданып отырған экономикалық сараптама әдісінің артықшылығы
экономикалық жүйені серпінді, үнемі өзгеріп тұратын субстанция ретіңде
қарастыруында. Мүмкін қатерлерді тойтару және жайылтпаушылық экономикада
ресурстарды рациональды бөлу мен қайта бөлу негізінде жүреді, соның
арқасында экономикалық жүйенің орнықты тепе-теңдігі сақталып қалады.
Қатердің трансформациялануы және оның импульс-аландаушылық түрінде
экономикалық жүйе арқылы өтуі осы қатерді тойтару үшін қорғау механизмін
жасауға бағытталған әрекеттер мен шешімдер қабылдау қажеттігін алға
тартады.
Сөйтіп, қатердің түсуі, ақпараттарды іріктеу, қауіптің бетін қайтару
үшін қорғау шаралары мен шешімдер дайындау ұлттық экономиканың
орнықтылығын, жұмылғыштығы мен өмірге төзімділігін қамтамасыз етуші кері
байланыс тұзағын жасайды.
Түпкі есебінде "қосымша жетілдірілген" күшейтілген қорғалу жүйесі
кірген қатерді тойтаруға мүмкіндік береді, және, жинақталған әлеует
нәтижесінде, басқа жақты қорғану шараларын қолдануға немесе одан әрі қатер
төндіруін тоқтатуға мәжбүр етіп, енді оның өзі шабуылдаған жаққа қатер
тудырушы бола бастайды.
1.3.Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлгісі және
ондағы мемлекет қызметі
Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлгісі күрделі, үш
деңгейлі. Өйткені кыруар тақырыптық сипаты бар әрі сыртқы ортаны (1-
деңгей), ішкі ортаны (2-деңгей) және экономикалық жүйенің ішіңде болып
жатқан процестерді (3-деңгей) қамтиды.
Қорғау жүйесін және экономикалық орнықтылықты қалыптастыруда
мемлекеттің қызметі үш бағытқа бөлінеді: мемлекеттік, аймақтық және
жергіліктілік. Қатердің қозғалу процесі, оның түсуінің циклдығы ол өтетін
ішкі жүйе жасауға мүмкіндік туғызады:
1. Сыртқы ортадан экономикалық жүйеге түсу.
1. Экономикалық жүйеден — шешім қабылдау орталығына.
2. Шешім қабылдау орталығынан – соққыны тойтару үшін экономикалық
жүйеге.
3. Экономикалық жүйеден — сыртқы ортаға.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы:
— Экономикалық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясат
стратегиясын қалыптастырып, іске асыру;
— бүлдіргіш факторларды табу;
— қақтығыс тудыратын үрдістердің алдын алу және оны жою, сондай-ақ
олардың күшті әсерін әлсірету;
— ұлттық экономикалық қауіпсіздікке ұдайы ыкпал етуші мониторинг
факторлары.
Жүйелік сараптамаға сәйкес, экономикалық жүйе және оның қауіпсіздігі
кіретін һәм шығатын факторларда - импульстердерецепторларда көрінетін
тұрақты экономикалық өзара әрекеттестіктер жиынтығы ретінде қарастырылуы
мүмкін. Келіп түскен қатердің түріне (сыртқы немесе ішкі) байланысты,
тиісінше, ЭҚ-ны қам-тамасыз етудің екі схемасы жасалуы тиіс.
Импульс сыртқы қатер арқылы жасалатын жүйе үшін (біз шартты түрде
сыртқы ретіңде белгілеп отырмыз) оны тойтару әдістері мен принциптері ортақ
мақсатқа — қатерді тойтаруға жету үшін ішкі резервтерді кешенді түрде
жұмылдыру негізінде жүзеге асырылады. Экономикалық қауіпсіздік сөйтіп
өзінің орнықтылығын сақтайды.
Ішкі жүйеде қауіпсіздік талаптарды қанағаттандыру базасында қамтамасыз
етіледі, сол арқылы жүйенің орнықтылығы үшін қажетті қолдауға жетуге
болады. Бұл жағдайда жүйе сыртқы қатерді қабылдауға және оны тойтаруға
қабілетті. [8]
Ресурстарды классификациялау жалпы көрінісінде екі топты ерекшелеп
шығарады: материалдық және руханияттық. Бұларды рациональды түрде және
мақсаткерлікпен бөлу сәйкес келер қажеттіліктер мен жүйені құраушы
әлементтер мүддесін қанағаттандыру арқылы жүйенің сапалық параметрлеріне
әсер етеді. Бұл орайда экономикалық жүйе қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі
ретіңде қоғамдық саланың басқа ешқандайы да атқара алмайтын қызметті -
бөлу, реттеу және ресурстар алмасу функциясын орындайды.
Ал экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан келсек, экономикалық жүйе
ресурстары, біздің ойымызша, үш түрге бөлінеді:
1. Қаржылық-материалдық (алтын-валюта қоры, негізгі және айналым
қаражаттары, табиғи шикізаттар, елдің ұлттық байлығын құрайтын және басқа
ресурстар).
2. Әлеуметтік ресурстар (саяси режим типі, қоғамның әлеуметтік
стратифтілігі, қоғамдық өзара қарым-қатынасын реттеу механизмдері және
т.б.).
3. Адам капиталы (халық саны мен құрылымы, жұрттың білімділік және
әлеуметтік-кәсіби әлеуеті, медициналық-демографиялық сипаттамасы және
т.б.).
Экономикалық жүйенің орнықтылық кепілі едәуір қаржылық-материалдық
ресурстар болуымен, әлеуметтік әлеует пен адам капиталын дамытуға қолайлы
жағдай қалыптастырумен, сондай-ақ ресурстар алмасу варианттарын кеңейтумен
қамтамасыз етіледі.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің ішкі материалдық-заттық негізі,
өндіргіш күштердің айтарлықтай жоғары деңгейі бар. Бұлардың бәрі қоғамдық
келісім деңгейін барынша биіктетіп, әлеуметтік және экономикалық
дамуымыздың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік
саясатты халықтың басым көпшілігі қолдауына жеткізіп отырғаны ақиқат .
Экономикалық жүйе тармақтары функциональдық ресурстарға ие. Оларды
тиімді болу экономикалық жүйенің іс-қимыл жасауын камтамасыз етудің негізі,
қолдау корсетудің де кажетті базасы болып табылады.
Көрсетілген процестерге бақылау жасауды мемлекет жүзеге асырады, ал
дамыған нарық жағдайында келіп түскен импульстердің мүдделері мен
талаптарын сұрыптаушы экономикалық процестердің "бір бөлігі" өзін өзі
реттеу жүріп жатады. Алайда кез келген қоғам да белгілі бір шектелушілікке
ие, мұның өзі экономикалық тепе-теңдікке жету үшін оларды рациональды түрде
пайдалануды керексінеді.
Бұдан басқа, ресурспен қамтамасыз етудің қосымша факторы болып
табылатын сыртқы көмек кейбір жағдайда немесе оған деген қарсы тұра
алмайтын қажеттілік негізінде (дағдылану факторы және үнемі мүқтаж болу —
тәуелділік), немесе бүркемеленген түрінде әкелінген (жасырын жұқтыру
бойынша фактор), мақсаткерлікпен бағытталған экономикалық "зиян" ретіңде
ықтимал қатердің көзі бола алады.
Мұндай тұжырымды ұлттық экономикалары көп ретте ХВҚ (халықаралық
валюта қоры) бөлетін кредиттерге байланысты жаңа тәуелсіз мемлекеттер,
Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Африка елдері мысалымен дәйектеуге
болады.
Бұл жағдайда байқалатын тағы бір ахуал-кредит желілері ашылуының
реципиент-елдер үшін күні бүрын тиімсіз шарттар арқылы жүзеге асырылуы:
ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелу, технологиялық эмбаргоны
немесе қабылдаушы елдер үшін әлемдік рынокта өтпейтін тауарларды сатып
алуды таңу, жергілікті экономикаларды долларландыру, т.б.
Ішкі жүйеде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде экономикалық
саясаттың басым бағыттарына күш салатын қаржы-өнеркәсіптік тұтқалы топтар
елеулі рөл атқарады.
Экономикалық қауіпсіздік жүйесінің өзге типологияларының критерийі
экономикалық субъектілердің құрылымдық иерархиялылығы болып табылады, соған
сәйкес олардың жұмыс істеу тәсілі, өзара әрекеттестігі және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Сондай амалға сәйкес, ЭҚ-ны
қамтамасыз етудің мынадай деңгейлерін даралауға болады:
1. мемлекеттік (елдің ЭҚ-сы);
2. аймақтық (аймақтың ЭҚ-сы);
3. жергілікті, бұл өз кезегінде ұйымдардың әлеуметтік топтар мен жеке
түлғалардың экономикалық тармақтарына тарамдалады.
Иерархиалық жүйеде қауіпсіздік мыналармен қамтамасыз етіледі:
1. Құрылымдық-институциональдық шаралармен байланысты саяси шешімдермен
және іс-қимылдармен.
2. Ұйымдық-экономикалық әдістер немесе каржы-материалдық құралдармен. ЭҚ-
ның екі типологиясы үшін қатерлер экономикалық зерттеулерде, негізінен,
мына топтарға тарамдалады:
1. Әсер ету ерекшелігі бойынша – жекелеген объектілерге немесе олардың
жүйелеріне.
2. Қатердің басымырақ сапасы бойынша физикалық, саяси, экологиялық,
технологиялық, ақпараттық, әскери, психологиялық, т.б.
3. Бағытталуы бойынша — жекелеген салалармен әрекет тұрлеріне
(азық-түліктік, инвестициялық, энергетикалық, көліктік және басқа
шаруашылық кешендері).
4. Мүмкін болатын залалдар ауқымы бойынша (қатердің қиратқыштық
және қиратқыштық емес әрекеттерінің күші бойынша).
5. Қатерлерді іске асыру ықгималдығы бойынша (нақтьглы және
потенциальды, жоғары ыктималды және аз ықтималды).
6. Іс-қимылдардың уақыт пен кеңістік координаттары бойынша (ұзақ
уақыттылығы, қысқа мерзімділігі және бір сәттілігі).
7. "Көрініс беру" дәрежесі бойынша (жасырын және ашық түрде).
8. Кешенділік дәрежесі бойынша (бірен-саран және жүйелі қатерлер).
9. Шығу көздері бойынша (объективті және субъективті).
10. Қатерлердің материалдық залалының сапасы бойынша.
11. Қатерлердің көріну нысаны бойынша (тікелей немесе жаңама) .
Біздің пікірімізше, ЭҚ сараптамасына қосымша түсіндірме экономика
қауіпсіздігінің жүйе құраушы принциптерін зерттеу шеңберінде жасалуы
мүмкін, әлбетте бұлар:
1. Экономикалық жүйенің қорғалушылық жай-күйіне әсер ететін барлық
факторлардың есебі ретіңде ЭҚ кешенділігі.
ЭҚ жеткіліктілігі, бұл дегеніміз қатерді тойтаруға ресурстарды көп керек
ететін қорлардың қолда бар екенін білдіреді.
ЭҚ өзгертілуі, жүйенің тұтастығын, бірлігі мен "идеологиялық" мазмұнын
бұзбай отырып, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нысандары мен
механизмдерін өзгертетін экономикалық жүйе қабілеті ретіңде анықталады.
ЭҚ орнықтылығы, мұның негізінде экономикалық жүйе қабылдағыштық, түскен
қатердің бетін қайтару жэне оны өзгерту, тіптен келтірілген зиянның
өзінде тепе-теңдікті тез қалпына келтіру қабілетіне ие, сондай-ақ өз
қызметін кез келген жағдайда ұзақ мерзімді қабілеттілікпен орындайды.
ЭҚ превентивтілігі аркылы алдын орап әрекет жасау (бірінші болып соққы беру
құқы) немесе күшті қорғаныш блогын құру негізінде мүмкін болатын қатердің
беті қайтарылады және жайылуына жол берілмейді.
ЭҚ транспаренттілігі (ашықтығы) рецепторлық реакция мен өзара алмасу
жүйесін жолға қоя отырып, ішкі және сыртқы әсерлерге экономикалық жүйенің
түсінгіштігін қамтамасыз етеді.
7. Даму, ЭҚ принципі ретінде, мүмкін факторлар негізінде қорғалу
жүйесін жетілдіруге жағдай жасайды.[6]
Экономикалық жүйенің қауіпсіздігі ресурстарды оның жұмыс істеп тұрған
қ ү р ы л ы м д ы қ әлементтері (түрлері: азық-түліктік, өнеркәсіптік,
инвестициялық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, технологиялық, қаржы-
кредиттік және сыртқы экономикалық) арасында тиімді бөлуге байланысты.
Өндірістің интернационализациянуы шама-шарқына қарай ұлттық экономикалық
қауіпсіздік халықаралық экономиқалық қауіпсіздікпен барған сайын байланысты
бола түседі .
Сыртқы экономикалық жүйе белгіленген қатарда айрықша болып табылады,
бұл оның сипатымен және жұмыс істейтін алаңымен сабақтасып жатқандықтан да
солай. Бір жағынан, ол экономикалық қауіпсіздікгі қамтамасыз ету өрісін
тікелей көрсете алады (сыртқы қатерлерді тойтару), екінші жағынан, біз
ұсынған схема шеңберіңде автономды түрде даралануы оның арнайы бағытты
дербестігмен түсіндіріледі, бұл сыртқы экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету механизмдеріне қосылмаған, тек осы жүйеге ғана тән өз
көрсеткіштерінің әрекет-карекеттеріңде білінсе керек.
Әрбір дараланып бөлінген жүйе тармактарының өз міндеттері бар, ортақ
мақсатқа — ЭҚ-ны қамтамасыз етуте жетуге бағытталған жалпы және жекелей
қызметтерді орындайды. Экономикалық жүйенің автономды әлементтері бола
отырып, олардың орнықты жұмыс істеуі және қолда бар ресурстарды тиімді
түрде бөлуі экономиканы одан әрі дамытуға шешуші негіз ретіңде қызмет
етеді.
Экономикалық қауіпсіздік критерийлері мынаған байланысты:
- экономикалық жүйе (ашықжабық, экономика) жұмыс істеуінің характеріне;
- қатерлердің (сыртқы, ішкі) бағыттылығына;
Бұдан басқа, ЭҚ типологиясына байланыссыз, ЭҚ-ны қамтамасыз етудің
әмбебап факторлары болып табылатындар:
экономиканы басқару характері;
экономикалық стратегия;
- әлеуметтік дамуда экономикалық басымдықтардың
барабарлығы (бірдейлігі);
елдің ІЖӨ-дегі инвестиция үлесі;
ғылыми-техникалық әлеует;
валюталық-қаржылық жүйе;
жұмысшы күшінің сандық және сапалық жеткіліктілігінің
көрсеткіштері;
экономиканың криминалдану деңгейі;
сыртқы экономикалық байланыстар жүйесі;
ақпараттық арналардың әркімге ашықтығы.
Жүйе тармақтарының әрқайсысы, өзара әрекеттесе және кері ыкпал жасай
отырып, жүйелік тұтастықпен байланысып жатыр һәм мақсат және орыңдалатын
міндеттер бірлігімен біріккен. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz