Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ЗЕРТТЕЛЕТІН АЙМАҚТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Географиялық орны, территориясы және шекарасы ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Аймақтың геологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3. Тектоникалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.4. Жер бедеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.5. Пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.6. Сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. АЙМАҚТЫҢ КЕН ОРЫНДАРЫ МЕН МАҢЫЗДЫ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫ
2.1. Маңғыстау мұнай.газ аймағының ірі кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Ақтау.Баку.Тбилиси .Джейхан тасымалдау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Қазақстан.Қытай газ құбырының жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.4.Транскаспий газ құбыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.5. Қазақстан.Түркменстан.Иран құбыр жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.6. Қазақстанның ішкі тасымалдау құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

3. ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАРТА ҚҰРАСТЫРУ ПРОЦЕСІ (ARCGIS ПРОГРАММАСЫНДА)
3.1. ГАЖ.дың карта құрастырудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2. Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Берілген "Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру " атты курстық жұмыс еліміздің экономикасында үлкен жетекші роль атқарып отырған мұнай саласына, соның ішінде Республикамыздың өмірінде айтарлықтай салмағы бар Маңғыстау мұнайлы аймағын картографиялау жөнінде.
Маңғыстау – мемлекетіміздің мұнай өнеркәсібінің жетекші аймағы. Өндіру динамикасы жылдан-жылға артып келеді, жылдық мұнайдың - 15721,6 мың т, газдың- 2773,9 миллион текше метрді құрайды.
Жұмыстың мақсаты – берілген аймақты жаңа ГАЖ-функцияларды, ArcGIS программасын пайдаланып картографиялау.
Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық ерекшеліктеріне, геологиялық, ресурстық, гидрологиялық потенциалына толық сипаттама берілді.
Жұмыстың екінші тарауында зерттеліп отырған аймақтың ірі кен орындарына, олардың орналасуына, мұнай кенінің химиялық-физикалық құрамына, литологиялық-стратиграфиялық құрылымына басты назар аударылды.Маңғыстау мұнайлы аймағының маңызды құбыр жүйелеріне, мұнай мен газды тасымалдау, құбыр желілерінің физикалық жағдайына, Иран, Қытай, Грузия мемлекеттерімен жалғасқан мұнай магистральдарына шолу жасалды. Аталмыш аймақтың ішкі, стратегиялық маңызы өте жоғары инфрақұрылымы жайында сөз етілді.
Жұмыстың соңында – картографиялаудың жаңа бағдарламалары, әдістемелері, ГАЖ-дың қазіргі карта құрастырудағы автоматтандырылған, тың жаңаша операциялары, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктері, картографиялаудағы осы жаңа технологияның ролі туралы қарастырылды. Соңғы тарау осы курстық жұмысымды толықтай ашатын, негізгі процеске-карта құруға бағытталған. Картаның қалай жасалғандығы, жұмыс барысында жасалған барлық процедуралар толықтай жазылған.
1. Қондыбай С "Маңғыстау географиясы" (Алматы,Қағанат,1997)
2. Аманниязов.К.Н Ахметов.А.С Қожахмет.Қ.А"Қазақстанның мұнайлы-газды аймақтарының геологиясы", (Алматы,2004ж), 222-236 б, 238-240 б, 247-248 б, 273-280 б
3. Қазақстан мұнай энциклопедиясы, (Astana-London,1999)
4. Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясы, (Алматы,2003ж), 5 том, 493, 570 б
5."Нефть и Газ" журналы, Измухамбетов.Б.С. "Перспективы развития нефтегазового комплекса РК", 2006ж, №6
6. Керімбай Н.Н"Геоинформатика негіздері"(Алматы, "ҚазҰУ", 2006ж), 4-5 б
7. Бесімбаев Еламан-"Маңғыстау облысының физикалық географиясы" (Алматы, 2000ж), 17-19 б
8. Регионы Казахстана, (2005ж, Алматы), 204 б
9. www.google.kz
10. "Нефть и Газ" журналы, Парагульков.Г. Парагульков .Х.Х. "Историко-генетические основания нефтегазоносности ОБ Казахстана", 2007ж, №5,14-33 11. «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы ЖАҚ
12 Егоров О.И. Қазақстандағы мұнай өндірісінің экономикалық тиімділігі проблемасы, Алматы, 1986 «Нефть и газ Казахстана» журналы, Алматы, №2, 1999
13 Бейсенбаев А.М, Бейсенбаева Н.Ә «География» - Павлодар,2003
14 С.Е.Әжіғали «Каспий қайраңы» - Алматы, 2000.
15. «Қазақстанкаспийшельфке» - 5жыл. Азия - Экономика и жизнь, №5,
Ақпан, 1998ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. зерттелетін аймақтың физикалық-географиялық сипаттамасы
1.1. Географиялық орны, территориясы және
шекарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Аймақтың
геологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4
1.3. Тектоникалық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.4. Жер бедеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
1.5. Пайдалы
қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
1.6.
Сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Аймақтың кен орындары мен маңызды мұнай құбырлары
2.1. Маңғыстау мұнай-газ аймағының ірі кен
орындары ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Ақтау-Баку-Тбилиси –Джейхан тасымалдау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ...18
2.3. Қазақстан-Қытай газ құбырының
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 18
2.4.Транскаспий газ
құбыры ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 19
2.5. Қазақстан-Түркменстан-Иран құбыр
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.6. Қазақстанның ішкі тасымалдау
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

3. Жаңа картографиялық әдістемелер және карта құрастыру процесі
(ARCGIS программасында)
3.1. ГАЖ-дың карта құрастырудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2. Зерттелетін аймақтың картасын
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..30

Кіріспе
Берілген "Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта
құрастыру " атты курстық жұмыс еліміздің экономикасында үлкен жетекші
роль атқарып отырған мұнай саласына, соның ішінде Республикамыздың
өмірінде айтарлықтай салмағы бар Маңғыстау мұнайлы аймағын картографиялау
жөнінде.
Маңғыстау – мемлекетіміздің мұнай өнеркәсібінің жетекші аймағы. Өндіру
динамикасы жылдан-жылға артып келеді, жылдық мұнайдың - 15721,6 мың т,
газдың- 2773,9 миллион текше метрді құрайды.
Жұмыстың мақсаты – берілген аймақты жаңа ГАЖ-функцияларды, ArcGIS
программасын пайдаланып картографиялау.
Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық ерекшеліктеріне,
геологиялық, ресурстық, гидрологиялық потенциалына толық сипаттама
берілді.
Жұмыстың екінші тарауында зерттеліп отырған аймақтың ірі кен
орындарына, олардың орналасуына, мұнай кенінің химиялық-физикалық
құрамына, литологиялық-стратиграфиялық құрылымына басты назар
аударылды.Маңғыстау мұнайлы аймағының маңызды құбыр жүйелеріне, мұнай мен
газды тасымалдау, құбыр желілерінің физикалық жағдайына, Иран, Қытай,
Грузия мемлекеттерімен жалғасқан мұнай магистральдарына шолу жасалды.
Аталмыш аймақтың ішкі, стратегиялық маңызы өте жоғары инфрақұрылымы жайында
сөз етілді.
Жұмыстың соңында – картографиялаудың жаңа бағдарламалары, әдістемелері,
ГАЖ-дың қазіргі карта құрастырудағы автоматтандырылған, тың жаңаша
операциялары, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктері, картографиялаудағы
осы жаңа технологияның ролі туралы қарастырылды. Соңғы тарау осы курстық
жұмысымды толықтай ашатын, негізгі процеске-карта құруға бағытталған.
Картаның қалай жасалғандығы, жұмыс барысында жасалған барлық процедуралар
толықтай жазылған.

1. Зерттелетін аймақтың физикалық-географиялық сипаттамасы

1.1 Географиялық орны, территориясы және шекарасы

Маңғыстау облысы Еуразия материгінің орталығында Каспий теңізінің
солтүстік-шығысындағы Маңғыстау, Бозашы түбектері мен Үстірт қыратының
батысында, Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан.
1973 жылы Маңғышлақ облысы ретінде құрылып, кейін 1990 жылдан бастап
Маңғыстау облысы болып атанды.
Батыстағы шеткі нүктесі – Каспий теңізіндегі Құлалы аралында (50º00
ш.б. пен 44º57 с.е.), шығысында – Қазақстанның Ақтөбе, Маңғыстау
облыстарының Өзбекстанмен шектескен жерінде (56º45 ш.б. пен 45º09 с.е.),
солтүстігінде-Желтау тауы (46º26 с.е. пен 55º20 ш.б.), оңтүстігінде –
Қапыланқыр шыңдары (41º15 с.е. пен 55º40 ш.б.).
Облыс территориясы – 166600 шаршы шақырым. Оның аумағына Албания,
Бельгия, Дания, Нидерланды, Израиль сияқты елдер түгел сиып кетеді немесе
Болгариядан 1,5 есе үлкен.
Облыс ауданы солтүстігінен оңтүстігіне қарай 580 шақырымға, ал батыстан
шығысқа 530 шақырымға созылып жатыр.
Шекарасының жалпы ұзындығы – 2450 шақырымнан астам. Оның 1100 шақырымға
жуығы Каспий теңізі жағалауымен өтеді. Облыс оңтүстігінде Түркіменстанмен,
шығысында Өзбекстанмен, солтүстік-шығысында Ақтөбе облысымен, солтүстігінде
Атырау облысымен шектеседі. Ал батысында табиғи шен Каспий теңізіне сай
келеді.

1.2.Аймақтың геологиясы.

Облыс ауданының өзінің тарихи дамуының өн бойында теңіз суы басып жатқан.
Ежелгі кембрийге дейінгі жынысты қабат Тетис теңізінің астында қалып,
кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстарымен
жабылған.
Палеозой эрасының басында баяу иілу болып, теңіз түбінде шөгінді
жыныстар жинала береді. Палеозой эрасының аяғында, мезозой эрасының орта
шенінде тау түзілу процестері болған. Осы кезеңде (юрада) Маңғыстау тау
жүйесі түзіле бастайды. Көтерілу процестері бор, тіпті палеоген дәуірінде
де жүреді. Десек те, облыс территориясын мезозой эрасында да, одан кейін де
теңіз суы басып жатқан.
Кайнозой эрасының басында (палеоген) облыс территориясының бір
жерлері (Бозашы түбегі) төмендеп, екінші бір жерлері (Үстірт, Маңғыстау
қыраты) көтеріліп отырған. Палеогеннің соңы мен Неогеннің басында
Маңғыстауда Сармат теңізі басып жатқан. Бұл кезде Қаратаудың Отпан, Бесшоқы
биіктері арал түрінде теңіз суы бетінен шығып тұрды.
Неоген дәуірінде Каспий теңізі Ақшағыл, Апшерон трансгрессияларын
басынан кешіреді. Ал, төрттік (антропогендік) дәуірде төрт ірі теңіз
транегрессиясы (Баку, Хазар, Хвалын, Жаңа Каспий) болып өткен. Бұл
құбылыстар негізінен облыстың солтүстігін, Бозашы түбегін қамтыған.
Неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыстар (Орта
Азия аймағындағы) нәтижесінде Маңғыстау таулары, Үстірт, Маңғыстау
қыраттары толықтай құрлыққа айналады. Тек терең ойыстар суға толы күйінде
қалады.
Төрттік (антропоген) дәуірде болған үшінші Хвалын трансгрессиясынан
кейін Каспий теңізі, облыс территориясы рельефі қазіргі түріне сәйкестеу
келген.

1.3. Тектоникалық құрылымы

Облыс территориясы тектоникалық құрылымы жағынан толықтай жас платформа
– Тұран плитасына кіреді.Ол палеозой мен мезазой эраларының басында пайда
болған. Тек солтүстік қиыр жағалауы шығыс Европа платформасына кіреді. Бұл
платформа ежелгі кембрий дәуірінде пайда болған.
Оның фундаменті 1-1,5 шақырым тереңдікте жатыр, ал Тұран плитасының
фундаменті 1,5-4 шақырым тереңдікте.Тек Қаратауда жер бетіне шығып жатады.
Платформалар беті палеозой, мезозой, кайнозой эраларының теңіз шөгінді
жыныстарымен жабылған.
Облыс территориясы тектоникалық құрылымына қарай үш үлкен аймаққа
бөлінеді:
1) Солтүстік аймақ (Солтүстік Маңғыстау, солтүстік Үстірт, Бозашы және
тектоникалық майысулар жүйесі)
2) Орталық аймақ (Түпқараған, Маңғыстау таулары, Орталық Үстірт,
Маңғыстау қыраты және тектоникалық бұзылымдар жүйесі). Мұнда пермь, триас,
юра дәуірлерінің шөгінділері күшті бұзылған.
3) Оңтүстік аймақ (Оңтүстік Маңғыстау, Оңтүстік Үстірт).
Облыс территориясында қазіргі заманда баяу көтерілу процестері жүріп
жатқандығы анықталып отыр. Оған дәлел теңіз деңгейі қазіргі кезеңде 1,8
метрге көтерілген. Егер оны 1930-1977 жылдардағы деңгейімен салыстырсақ, ол
сол жылдардағы деңгейін толық басып кете алмаған. Олай болса су деңгейінің
көтерілуімен қатар, құрлық та көтеріліп келе жатыр деген сөз. Облыста
мұнай, газ және судың көп алынуы кейбір жерлерде жерасты бос орындарының
пайда болуына әкелді. Бұл бос орындардың үстіңгі қабаты салмақты көтере
алмай опырылуы мүмкін. Келесі бір техногендік фактор-ядролық жарылыстар.
Бұл да – жер бедерін өзгертетін күш.

1.4. Жер бедері

Облыс территориясының жер бедері біркелкі емес. Оның территориясында
аласа таулар, қыраттар немесе үстіртті жазықтар мен ойпаттар, ойыстар бар.
Олар:
Аласа таулар – облыстың орталық бөлігінде.
Қыраттар немесе үстірттер – батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде.
Ойпаттар – солтүстік және оңтүстікте, теңіз жағалауында.
Бұлардан басқа облыста құмды алқаптар, сорлар, тақырлар барлық жерде
кездеседі.
Маңғыстау жер бедерінің геологиялық даму кезеңі юра-палеоген дәуірінде
аяқталып, кейін геоморфологиялық даму кезеңі батсалды. Рельефтің
қалыптасуына өзінің даму кезеңдерінде ішкі (эндогенді) және сыртқы
(экзогенді) күштердің әсері болған. Эндогенді күштердің әсерінен тау
жүйелері, қыраттар, жазықтар мен ойыстар пайда болса, сыртқы (экзогенді)
күштердің әсерінен таулар бұзылып, қыраттар тілімденіп отырған.Тауаралық
аңғарлар үгілу өнімдеріне толып, тауаралық жазықтар пайда болып, таулар
тегістелген аласа тауларға айналған. Сонымен қатар, сайлар, жыралар, құмды
алқаптар, үңгірлер, тақырлар, сортаңдар пайда болған.
Маңғыстау жер бедерінде негізінен рельефтің орта-аласа таулар, куэст
таулар, биік үстірттер, ойпаттар, сорлар және ұсақ-жеке төбешіктер,
жыралар, жартастар, төрткілдер, үңгірлер басым келеді.

1.5. Пайдалы қазбалары

Маңғыстау жер қойнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территорияның
геологиялық құрылысы мен тарихи даму ерекшелігіне тәуелді. Мезозойдағы және
одан кейінгі тау түзілу процестері кезінде магмалық жыныстар жарықтар
арқылы жоғары көтеріліп, шөгінді жыныстар метаморфталған. Нәтижесінде
рудалар мен минералдар пайда болған. Ұзақ жылдар бойы жел, су және ыстық
пен суықтың әсерінен мүжілген аласа тауларда тереңде жатқан рудалар жер
бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып жатады. Шөгінді жыныстарда
рудасыз қазбалар қалыптасқан.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырда Маңғыстау түбегінің кен
байлығының өндірістік маңызын анықтау бағытында жүргізілген зерттеу
жұмыстары түбекте мұнай мен газ кенорындарының көп алқапты алып жатқандығы
анықталды. Сонымен қатар, онда темір, марганец, мыс, целестин, барит, қоңыр
көмір, табиғи тұз, бор, гипс, құрылыстық материалдардың (саз, ұлутас,
әктас, доломит, мергель) кенорындарын тапқан. Белгілі болған барлық пайдалы
қазбалар түгелге жуық мезозой-кайнозой жыныстарында шоғырланған. Су қорын
іздеу нәтижесінде жерасты су көздері табылды.
Облыс территориясынан пайдалы қазбалар кеорындарының үш түрі де (жанатын,
рудалы, рудасыз) кездесіп отыр.
Мұнай мен газ - Маңғыстауда юрада неоген дәуіріне дейінгі жыныстардан
түзілген қабаттарда кездеседі. 1961жылы шілдеде Жетібай кен орнында тұңғыш
мұнай фонтаны атқылады. Газ облыс территориясында жеке кен орын түрінде
кездеспейді. Кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу нәтижесінде Маңғыстау
түбегі үш ірі мұнайлы-газды аймаққа бөлінеді. Олар: Солтүстік (Прорва,
Бозашы, Қайдақсор, Өліқолтық соры, Үстірттің батысы), Орталық (Қаратау,
Түпқараған, Шақырған иілімі, Бекі-Басқұдық жоны, Тоңаша-Қарамая қыры),
Оңтүстік (Маңғыстау-Қиясай қыратты жазығы).Бұлардың арасынан мұнай мен
газға бай, үлкен өндірістік келешегі бары: Оңтүстік Маңғыстау мен Бозашы
түбегі, Прорва. Қазіргі кезде олар игерілуде. Оңтүстік мұнайлы-газды
аймақта әйгілі болған Жетібай, Өзен, Теңге, Шығыс Жетібай, Қаржау, Асар;
Тасболат, Қарамандыбас, Жоласқан. Орталық мұнайлы-газды аймақта Түпқараған,
Солтүстік Ақтау жерлеріндегі әлі игерілмеген кен орындары жатады. Мұнайлы-
газды кен орындары солтүстік, батыс, оңтүстік Үстіртте де белгілі болып
отыр. Соңғы кездері солтүстік-шығыс Каспий теңізі материкті қайраңы
зерттеліп, Тюленьи аралдарында, Ұлутас мүйісі мен Бозашы қайраңдарының
өздерінде 5 метр тереңдікте 2,5 миллиард тонна мұнай қоры анықталды.
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасыеың басты мұнай, газ өндіретін
аймағы және ол жылына миллиондаған тонна мұнай, миллиардтаған текше метр
газ береді.
Көмір – Маңғыстауда қоңыр көмір кен орындары Таушық, Сиырсу,
Ниязбұлақ, Қызылқаспақ, Айыржолдан басқаларының барлануы мен зерттелінуі
төменгі дәрежеде қалып, әзірге өндірістік маңызға ие болмай отыр. Маңғыстау
мұнайы жақсы жанады, жоғары каллориялы.
Темір рудасы – Шығыс Қаратау жотасында Баскемпір кен орнында табылған.
Геологтар бұрғылау нәтижесінде оның қоры 500 миллион тоннаға жуық деп
есептейді. Темір рудасы белгілері 400 метр. Тереңдікке дейін белгілі болған
және руда құрамында темір 45%-ке жетеді деп есептелінуде.
Марганец рудасы кен орындары Батыс Қаратаудан 3-5 шақырым оңтүстікте
жатқан Сартаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран кен орындарында 35 шақырымға
созылып, тізбектелініп жатыр. Руда құрамында марганец 11-20%-тей.
Мыс рудасы – Қаратау жотасында мыс рудасы белгілері бар жүзден
астам кен орындары анықталған. Және олар пермь-триас шөгінді
қабаттарда кездеседі. Олардың ішінде Жездібассай, Тентекқара, Отпан,
Қаратаушық, Бесшоқы ең ірі кен орындары болып табылады. Руда құрамындағы
мыс мөлшері 3-4%-тей аралығында. Руда құрамында мыстан басқа қорғасын,
кобальт, мышьяк,сурьма, молибден, мырыш, кейбіреулерінде алтын, күміс те
кездеседі. Кен орындарының әзірге ешқайсысы өндірістік маңызға ие
емес.Таулы Маңғыстаудың оңтүстік және оңтүстік-батысында өнеркәсіп маңызға
ие боларлық барит және целестин кен орындары-Үшқозы, Алтынтөбе, Ұзынсу,
Жаңаауыл, Оңғазы,Ауыртас, Қарасаз-Тасбас және басқа 20-дан астам орындары
белгілі. Олар пермь-триастан палеогенге дейінгі қабаттарда кездеседі.
Ауыртас кен орны Ақтау қаласының шығысында 35 шақырым жерде орналасқан және
өзінің көлемі жағынан теңдесі жоқ сирек кездесетін целистен кен орны және
руда жер бетіне өте жақын (1-10метр) орналасқан. Целестиннен
фотоэлементтер тобына жататын стронций, ал бариттен ақ бояу – литофан
алынады.
Жоғарыда келтірілген рудалардан басқа Қарақия ойысынан уран рудасы
өндіріледі. Бозашы түбегінің ауыр мұнайының құрамында қымбат компонент
ретінде ванадий, никель, ал көмірде сілтілік, сілтілік-жер металдар-
германий, литий, бериллий, мырыш элементтері табылады. Кейбір жерлерде
құрамында сілтілік металдар бар саздар кездеседі. Мұндай саздарды
жергілікті тұрғындар сабын есебінде пайдаланған.
Таулы Маңғыстауда 16 жерден фосфорит кен орындары кездесіп, оның 1
шаршы метр қабатынан 500-600 килограмм фосфорит өндіруге болатынын Атырау
институтының профессоры К.Т.Табылдиев есептеп шығарған.Тұз кен орындары
облыстың барлық жерінде бар. Тұзды көлдер құрамында хлорлы натрий, калий,
магний тұздары бар. Тек қана Қошқарата мен Батын кен орындарында тұздың
қоры бірнеше ондаған миллион тоннаға жетеді. Негізгі кен орындары
Кетіксоры, Қошқарата, Батын, Қайдақсоры, Сам өңірі, Шопаната, Бозашыдағы
Қияқта емдік балшық табылды. Тұзды көлдер мен сорлар, балшықты топырақтар
емге пайдалынады.
Бентонит саздары құмды-қиыршық кен орындарын құрайды. Қаражанбас,
Тоқмақ кен орындарында малтатас, құм, керамзит сазын көруге болады.
Маңғыстау территориясы геологиялық-тектоникалық тарихында Каспий теңізінің
түбі болғаны белгілі. Ұзақ жылдар бойы онда әктас, ұлутас, доломит, гипс
және т.б. хемогендік түзілістің қалың қабаты пайда болған. Бұлардың ішінде
Маңғыстау ұлутасының бүгінгі күнде құрылыстық материал ретінде маңызы зор.
Ұлутас кен орындары Кетікте, Ақтауда, Жаңаөзенде, Жетібайда, Қызылтұранда
және басқа жерлерде орналасқан. Ұлутас тек құрылысқа емес, ұсатылған ұнтағы
құс фермаларында бағалы жем ретінде пайдалынады. Құрылыс материалдары
қатарына битум, гетит, кир, жазу боры кен орындары жатады. Кир – асфальт
жолдарын салуға қажетті, арзан материалдар. Оның қоры 60 миллион тонна деп
жобалануда, ал ас тұзының қоры 2 миллион тонна.

1.6. Маңғыстау сулары

1
Каспий теңізі – дүние жүзіндегі ең үлкен көл. Оның ауданы-371000
шақырым. Облыс жеріндегі жағалау сызығы 1100 шақырым шамасында. Ол бұрынғы
теңіз орнында қалған қалдық көл және тектоникалық ойыста орналасқан. Теңіз
жағалауындағы жиегі қыратты болып келеді. Десек те,Бозашы түбегі жағалауы
ойпатты. Теңізге сұғына кіріп тұрған құрлықтар Бозашы, Түпқараған
түбектерін құрайды. Жағалауда бірнеше шығанақтар (Комсомолец, Маңғыстау,
Қошақ, Александр Бекович-Черкасский, Қазақ, Кендірлі) орналасқан. Теңіздің
облысқа қатысты солтүстік-батыс бөлігінде Дурнев, Тюленьи аралдары бар.
Теңіз деңгейі Мұхит деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Облысқа кіретін
жеріндегі теңіз бөлігінің суы онша терең емес, бірнеше метрден ортасына
қарай 200 метрге жетеді. Теңіз суы Шығыс Еуропа жазығынан, Оралдан,
Кавказдан, Қазақстан мен Орта Азиядан келіп құятын өзендердің суымен
толығады. Судың тұздылығы солтүстігінде 8,09-8,7 жетеді. Оңтүстігінде 12-13-
ке дейін жетеді. Теңіздің солтүстік-шығысында мұз қарашаның аяғынан
наурыздың басына дейін жетеді. Жазда су бетіндегі қабатында температура 24-
26˚С-қа дейін жетеді.
Көлге құятын өзендер қоректік заттарды мол әкеледі. Сондықтан теңіз
балыққа толы. Онда кәсіптік балықтардан бекіре, сазан, шортан, пілмай,
қаракөз, ақбалық, шоқыр, судак, майшабақ, кефаль өмір сүреді. Жалпы
теңізден 30-дан астам балықтар мекен етеді. Қызылбалық уылдырығы
дүниежүзілік өнімнің 90%-ін береді.
Өлке жер бедерін зерттеуші, өлкетанушы С.Ә.Қондыбаевтың пікірінше
облыс территориясы 5 артезиан алабына бөлінеді.
1) Таулы Маңғыстау арын су алабы – мұнда жалпы су қоры 135млрд³. метр,
оның жартысы тұщы судан тұрса, қалғанының аздаған тұздылығы бар.Таулы
Маңғыстау мен Бостан-Түйесу құмдары-облыстың негізгі тұщы суқоймалары.
Қаратаудың етегінде Тұщыбек, Шайыр, Онды, Жармыш, Ақмыш, т.б. көптеген тұщы
су көздері бар. Таушық пен Жыңғылды мекендері аралығында Ұланақ тұщы су
алабының өнеркәсіптік мәні зор.
2) Оңтүстік Көтеріңкі Маңғыстау арын су алабы – оның жалпы су қоры-
150 миллиард метр текше. Су қорының тек 78 миллиард ғана ішуге жарамды,
онда да басым көпшілігі тұщы емес, ащылау сулар болып табылады. Қалған
жерасты сулары өте тұзды, кейде 150-180гл дейін жетеді.Тұщы су учаскелер
Қарынжарық құмдарында, Қарамая, Көкесем тауларында, сондай-ақ Ақтау
қаласының солтүстік-шығысындағы Құйылыс алабы. Соңғысы теңізден тұщытылған
суға қосылып пайдалынылады.
3) Бозашы арын су алабы – 105миллиард метр текше, су қорының тек 30
миллиард метр текше тұздылығы 1-3%. Тұщы судың шағын учаскелері құмды
алқаптарға ғана тән.
4) Бейнеу (Оңтүстік Жылой) арын су алабы – мұнда ішуге жарамды тұщы
судың қоры көп емес. Олар Қарашағыл, Шағырлы құмдарда табылған.
5) Үстірт арын су алабы –- тұщы су көздері Сам құмдарында жинақталған
деуге болады,өйткені құмдар атмосфералық жауын-шашынды жақсы сіңіреді.
7
Маңғыстау жерінде тереңнен шығып жатқан арын сулардың арасында арасан
және ыстық сулары бар. Олардың шипалық қасиеттері жақсы. Бұл сулардың емдік
қасиетке ие. Микроэлементтері мен көмірқышқыл газы болуымен қатар,
температурасы жоғары, кейбіреулерінде 69-70˚С жетеді. Мысалы, Құрықтағы,
Ақтаудағы Тастөбе сулары. Облыс жерінен саны оннан асатын осындай су
орындары барланған. Барлау-зерттеу жұмыстары әрі жалғасып келеді.

2. Аймақтың кен орындары мен маңызды мұнай құбырлары

Соңғы 10 жылдағы геологиялық-геофизикалық ақпараттарға сүйенсек,
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы әртүрлі аймақтарда орналасқан 18 шөгінді
бассейнде шоғырланған. Оның үшеуі – Каспиймаңы, Үстірт-Бозашы және
Маңғыстау бассейндері Батыс Қазақстанда және ең негізгілері болып табылады.
Қалған 15 шөгінді бассейндер – Арал, Солтүстік Торғай, Оңтүстік Торғай,
Солтүстік Қазақстан, Теңіз, Қарағанды, Шу-Сарысу, Сырдария, Балқаш, Текес-
Қарқаралы, Батыс Іле, Шығыс Іле, Алакөл, Зайсан, Ертісмаңы. Тек 3 шөгінді
бассейндерде – Арал, Шу-Сарысу, Оңтүстік Торғайда көмірсутектің
өнеркәсіптік кешені дамыған. Айта кетерлік жайт, Батыс Қазақстанның шөгінді
бассейндері Шығыс Қазақстаннан ресурстық потенциалы жағынан да, мемлекеттің
мұнай өнеркәсібінде өзінің маңыздылығы жағынан да басып озады.

Үстірт-Бозашы шөгінді бассейні – Тұран плитасының солтүстік-батыс
шекарасында орналасқан құрлықіші типті бассейн. Ол фанерозой шөгінділерінің
қуатты кешенінен тұрады. Ол көлемі бойынша І типті бассейнге жатады, яғни
көмірсутек ресурсының үлкен үлесі бар деген сөз. Бұл шөгінді бассейнде
кейбір жерлерде палеозой-кайнозой шөгінділері 11 километрге дейін созылып
жатыр. Іргетастың беткі құрылымында терең иірімдер мен салыстырмалы
көтерілген учаскелер кезектесіп орналасқан.
Шөгінділер мұнай сыйыстырушы қимасын қарастырсақ, триас, юра-бор,
палеоген құрылымдарында орналасқан. Бұл қабаттардың эволюциясы Үстірт-
Бозашы шөгінді бассейнінің даму кезеңділігін айқындай отырып, ондағы юраға
дейінгі шөгінділердің қалыңдығы 700-4500 метр, максималды палеотемпература
– 200ºC. Бұл Қосбұлақ иірімдеріне және Шөмішті-Шығырлы көтерілімінен
оңтүстік-батысында орналасқан территорияларға тән. Бұл аймақ оңтүстікке
қарай баяу кеңейе береді және өзіне Қолтық иірімінің оңтүстігін қосып
алады. Шығысқа қарай 100-125 ºC дейін палеотемператураның зоналық төмендеуі
байқалады.
Мұнда 2000 метрге созылған юра шөгінділерінің үлкен генерациялық
мүмкіндіктері бар. Көмірсутектің генерациялық зоналары болып Оңтүстік
Бозашы, Қолтық, Сам, Қосбұлақ иірімдерінің осьтік бөліктері табылады.
Мұндағы палеотемпература 150 ºC. Аккумуляцияланған зоналар – иірімдердің
перифериялық бөліктері мен оларға байланыса созылған Бозашы, Қассармар және
жергілікті антиклинальдарда шоғырланған Арыстан, Мыңсуалмас көтерілімдері.

Маңғыстау шөгінді бассейні – Тұран плитасының оңтүстік-батыс
шекарасында орналасқан платформаішілік типті бассейні. Ол юраға дейін
интенсивті рифтогенезді иірімденудің негізінде және Орталық Маңғыстау
аймағында Пермь-триас қуатты (10000 метрге дейін) қабатының құрылуымен
байланысты. Триас кезеңіндегі көтерілімдер мен бұл аймақтағы сызықтық
қатпардың құрылуы – рифтогенезді Сағындық, Жазғұрлы, Үшқұдық-Қарасай
иірімдер жүйесінің дамуына әкелді. Юра-төрттік жыныстар терригендік
құрылымын пайда қылды. Қабаттың қалыңдығы – 4-6 километр. Шөгінділердің
шоғырын І типті шөгінді бассейнге жатқызамыз.
2.1.Маңғыстау мұнай-газ аймағының ірі кен орындары
1. Қаламқас кен орыны – Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан солтүстік-
шығысқа қарай 280 шақырым жерде орналасқан. Географиялық жағынан кен орын
Бозашы түбегінің солтүстігінде. Құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-
бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орыны ашылды. Кен
ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 метрге жуық ендік
бойымен созылған, брахантиклиналдық қатпардан орын алған. Кеннің мұнай
сыйыстырушы қимасы триас, юра және бордың террогендік шөгінділерінен
құралған, бұлардың ең қалың тұсы – 2395 метр.Апт шөгінділерінде 2 газды
қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің қабатында 2 газды-мұнайлы, 5
мұнайлы қабат анықталды. Өнімді қабаттар 505-936 метр тереңдікте
жатыр.Табиғи сиымдылықтың түрі жөнінен апт иірімдері, неокомның бір қабаты,
юраның бес қабаты литологиялық қалқаланған, юраның үш иірімі қабаттық,
литологиялық қалқаланған. Коллекторлары қуысты, ашық кеуектілігі 23-29%-ға,
өткізгіштігі 0,105-тен 1,468 микрокилометр метр шаршыға жететін құмтастар
мен аллевролиттерден құралған. Жаппасы қалыңдығы 4-53 метрге дейінгі сазды
жыныстардан тұрады. Өнімді қабаттардың жалпы қалыңдығы 4-28 метр, тиімді
қалыңдығы 4,2-10,3 метр, дейінгі шаманы құрайды. Мұнайға қаныққандық
коэффициенті 0,66-0,72, газға қаныққандық 0,32-0,69. Мұнай тығыздығы 0,902-
0,914 г⁄см³, күкіртті, парафинді, шайырлылығы жоғары, газға қаныққанандығы-
25м³⁄т. Қаламқас мұнайы ванадий және никельдің өнеркәсіптік шоғырларымен
ерекшеленеді. Бастапқы қабаттық қысым 6,5-9,6 Мпа, температура 39-44˚С,7 мм-
лік штуцерде мұның бастапқы шығымдары 26,4-62,1 м³⁄тәулік болды. Аз
мөлшерде азот пен көмір қышқыл газы кездеседі. Юраның үш қабатындағы газдар
жеңіл, ондағы көмірсутектердің мөлшері 5,9-9,9%-ға дейін өзгерді. Юраның
бір иірімінде еріген газ құрамы жөнінен құрғақ құрамдағы метан 94,5%-ға
жетеді.Төмендегі бор иірімдерінің еркін газдары құрамы жағынан метаннан
тұрады, оларда ауыр көмірсутек аз кездеседі (0,85%), азот мүлдем
кездеспейді, көмірқышқыл газдың мөлшері 0,31%-ден аспайды. Бастапқы
қабаттық қысым 9,5-8МПа, температура 30-38˚С. Кен орын 1979 жылдан бері
пайдалануда.
Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы. Бұрғылаумен ашылған
кенорынының разрезі мезозой және кайнозой дәуірлерінің шөгінді
түзілімдерінен түзілген. Ашылған түзілімдердің ең жоғарғы қуаттылығы – 4000
метр.
Триас жүйесі.Триас жастағы түзілімдер 1П-ұңғымада біршама толық ашылған,
мұнда триас остракода, фораминифера, тозаң және шаңды анықтау негізінде
жасы анықталған, төменгі және орта бөлімдерден түзілген. Төменгі триас
түзілімдері біркелкі емес қабаттасқан саздар және құмтастар жыныстарынан
құралған. Құмтастар көбінесе аз уақыттағы қабатшықтар мен қаттар (2-4метр)
түрінде байқалады. Ашылған қалыңдық 90-95 шақырым шегінде ауытқиды. Ортаңғы
триас түзілімдері біркелкі емес қабаттасқан құмды-құмайтты және сазды
жыныстардан қабатшықтары кездеседі. Ортаңғы триастың қалыңдығы – 390метр.
Юра жүйесі. Юра түзілімдері триас түзілімдерінің шайылған бетінде жатады
және бұрыштық, стратиграфиялық сәйкессіздікпен ортаңғы және жоғарғы екі
бөлімдерден құралған. Ортаңғы бөлімнің құрамында байос-бат жікқабаттарының
мүшеленбеген түзілімдері біркелкі емес қабаттасқан саз және құмды-
құмайттасты жыныстардан түзілген. Байос-бат жыныстарының сипатты
ерекшеліктері шашыраған детриттер түріндегі жұтаңдаған өсімдіктер
органикасы мен жекелеген өсімдік қалдықтары мен жұқа көмір қібашықтарының
қатысты болуы.
Қалыңдығы дөңесте 280 метрден қанатта 439 метрге дейін. Жоғарғы юра
түзілімдері өте шекті таралған және құрылымның біршама батырылған солтүстік-
батыс және батыс бөліктерде жалғасады. Фораминидерлер сипатты кешені
бойынша жоғарғы юраның құрамында Волга жікқабаты бөлінген. Біркелкі емес
қабаттасқан құмайтастар, саздар, долоьиттер, әксаздардан литологиялық
түзілген.
Бор жүйесі. Бор түзілімдерінде жыныстардың литологиялық ерекшеліктері,
палеонтологиялық анықтамалар мен кәсіптік-геофизикалық мәліметтер негізінде
төменгі бөлімнің берриас валанжин, готерив, баррем, апт, альб жікқабаттары,
сондай-ақ, жоғарғы бөлімнің сеноман, турон жікқабаттары бөлініп шығады.
Төменгі бор түзілімдері террогенді түзілістерден: құмтастардан, саздардан,
құмайттастардан, әксаздардан, әктастардың сирек қабатшықтарынан тұрады.
Қалыңдығы 600-700 метрге дейін. Қаламқаста жоғарғы бор түзілімдері сеноман,
турон жікқабатының жыныстарынан түзілген. Қалыңдығы 130-270 метр дейін.
Төрттік түзілімдері 2-ден 20 метрге дейін қазіргі сор түзілістерден
жиналған.

2. Қаражанбас мұнай-газ кен орыны – Маңғыстау облысының Бейнеу
ауданында, Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде
орналасқан. Кен орын 1974 жылы ашылған. Ол ендікке жуық бағытта созылған,
амплитудасы 100 метр, қалпы өзгерген брахантиклиналдық қатпардан орын
алған. Қанаттардың еңістену бұрыштары 2-4º өнімді қабаттар орталық юраның
бат ярусының шөгінділерінде орналасқан. Олардың жатыс тереңдігі 228-446
метр. Шоғырлар қабаттық, күмбездік әрі тектоникалық қалқаланған.
Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында ғана газ-мұнайлы шоғыр
орналасқан. Коллекторлар құмтастар мен аллевролиттерден құралған, ашық
кеуектілігі 27-29%, өткізгіштігі 0,0136-0,351 микрокилометр шаршы.
Қалыңдығы 2-126 метр сазды жыныстар жаппа қызметін атқарады. Блоктағы мұнай
шоғырларының биіктіктері 3,9-75,4 метр. Коллекторларының жалпы қалыңдығы
1,5-26,1 метр, тиімді қалыңдық 4-18,6 метр, мұнайға қаныққан қалыңдағы 2-
146 метр. Газ-мұнай шоғырындағы коллектордың газға қаныққан қалыңдығы 2,4
метр. Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,63-0,75.Мұнай тығыздығы 0,939-
0,944г⁄см³, 1,6-2,2% күкірт, 0,7-1,4% парафин бар, шайырлылығы жоғары.
Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3-5,75МПа аралығында, температура
25˚С-тан 37˚С-қа дейін өзгереді. Мұнайдың шығыны 1,2-76,8м³⁄тәулік.
Құрамында ванадий мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы
жағынан хлоркальций типті, тығыздығы-1,03г⁄см³, минералдылығы 40-76г⁄л,
бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орынды 1980 жылдан
игеруде.

3. Солтүстік Қаражанбас кен орыны –Тұран тақтасының Оңтүстік Бозашы
ойысының солтүстік-батыс шегіндегі мұнай кен орыны.
Құрылым оңтүстікте және оңтүстік-батыста тектоникалық бұзылыстармен
шектелеген, оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс екі жарты дөңесті
білдіреді. Ортаңғы юраның Бат жікқабатында екі шоғыр айқындалған. Шоғырлар
қаттық, дөңестік тектоникалық шектелген. Олардың жатыс тереңдігі 548-
659метр. Жинауыштары ашық кеуектілігі 28, өтімділігі-0,098 мкм² жететін
құмтастардан түзілген. Мұнай қанығу коэффициенті-0,63, мұнай қанығу
қалыңдығы 2,6-3,7 метр. Жапқыштары қалыңдағы 5 және 11 метр сазды жыныстар.
Оңтүстік-батыс жарты дөңестің негізгі шоғырларының мұнайлы бөліктерінің
биіктігі 30,4 метрге жетеді. Жарты дөңес екі блокқа бөлінген, соның
салдарынан әрбір блоктың өзінің шоғырлар биіктігі-25метр, ал оңтүстік-батыс
жарты шоғырлардың биіктігі-6,4м, мұнай тығыздығы 940кг⁄м³, құрамының
физикалық және химиялық қасиеттері бойынша Қаражанбас кен орынының мұнайына
ұқсас. Шоғырлардағы бастапқы қабаттық қысым 6,1-7,4 дейін, температурасы 29-
31˚С дейін, мұнай шығымдары 1,2-5,5 м³⁄тәулікке дейін өзгереді. Қабат
сулары хлоркальций типті, тығыздығы 1,095г⁄см³, минералдануы 95г⁄л.
Шоғырлар режимі сутегеуіренді. Кен орыны 1985 жылдан бастап консервацияда.

4
Қаражанбастерммұнай-мұнай өндірісі кен орыны. 1986жылы Қазанда
өндірістік басқармасы болып құрылған. 1992жылдан Қазмұнайгаз ұлттық
компаниясының қарамағында.Басқарма Қаражанбас кен орнынан құрамында смола,
асфальт, т.б қоспалары көбірек қою мұнайды қабатішілік жану және ыстық
бумен сығу әдісімен өндіру жөнінен бұрынғы КСРО бойынша базалық кен орын
болып табылады. Осы әдіспен жылына 1-1,3 миллион тонна, мұнай өндіріледі.
Жаңа өндірістік әдіске өзге елдердің де мұнай өндіруші компаниялары ден
қойды. Қазақстан-Америка бірлескен корпорациясының осы басқарма жанынан
бірлескен кәсіпорын ашылып, ол 1993 жылы іске кірісті. Ол мұнай кенішінің
15%-ін игеріп, шағын мұнай айыру зауытын салды.

4. Өзен кен орыны – Маңғыстау мұнайгаздылық атырабының территориясындағы
біршама зерттелгендердің бірі. Мұнайгаздылық түзілімдердің стратиграфиялық
қимасы құрылымды зерттеу және корреляциялау үшін тірек қызметін атқарады.
Жаңаөзен-Маңғыстау шөгінді алабының Жазғұрлы-Сығынды ішкі ойпаңындағы
алып мұнай-газ кен орыны. Жаңаөзен қаласынан оңтүстікте 12 шақырым және
Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан.
Аймақтық геология-геофизикалық жұмыстары 1953-1956 жылдары жүргізілген.
Терең бұрғылау 1960 жылдан басталған. 1963 жылы ашылған.
Кен орыны жергілікті көтерілімдер мен күмбездер қатарымен күрделенген,
батыс-солтүстік-батыс созылымының ірі брахиантиклиналь қатпарына
тураланған. Валанжин жікқабатының табаны бойынша құрылымның өлшемдері 900
метр тұйықталған изогипстер контурында 200 метрге жуық амплитудамен 45*9
шақырым құрайды. Ю-XII өнімді горизонтының жабындысы бойынша (жоғарғы
юраның келловей жікқабаты), 1130 метр изогипс контурында көтерілімдердің
өлшемдері 300 метр амплитудамен 41*11 шақырым. Жоғарғы және төменгі бор
(сеномен, альб, апт жікқабаттары және неоком), жоғарғы және ораңғы юра
(келловей, бат, байос, ален жікқабаттары) түзілімдерінде өнеркәсіптік
өнімділік анықталған. Өнімді қабаттың биіктігі 1500 метрге жетеді. Бор
кенішінде таужыныстардан 12 газды, ал юра қатқабатынан-13 мұнайлы және
мұнайлыгазды горизонттар бөлініп шығады. Өнімді горизонттардың көпшілігі
көп қабаттық болып келеді. Тұтқыштардың типтері бойынша шоғырлар негізінен
қабаттық, дөңесті, тектоникалық және литологиялық шектелген. Негізгі
дөңесте Ю-XII-Ю-XVII горизонттарының бір ғана су-мұнай жапсары бар, осыған
байланысты шоғырлар типтері бойынша массивті-қабаттыққа жатуы ықтимал.
Жинауыштары саңылаулы, құмтастар мен құмайттастардан құралған. Газдық
горизонттардың ашық кеуектілігі 26,8-30,6%, өтімділігі 0,2-0,4мкм² дейін.
Юра қатқабатында біршама жоғары кеуектілік-26,5% және өтімділік-0,523 мкм²
XIII горизонтта белгіленген. Қалған горизонттарда кеуектілік 18-25%дейін,
өтімділік 0,02-0,3 мкм² шегінде ауытқиды. Өнімді горизонттарының
жапқыштары 2-60 метр қалыңдықтағы саздар болып келеді. Жинауыштардың тиімді
қалыңдығы кең шекте өзгереді. 2,7-14,1 метр дейінгі газ қанығу төменгі
бордың шоғырларында 4-30метр дейін, юра горизонтында сәйкес түрде 2,6-167
метр дейін және 1-20 м дейін. Мұнайдың тығыздығы 844-874км⁄м³, күкірттің
мөлшері 0,16-2%, парафин 16-22,6%, шайыр 8-20%. Мұнай қанығу коэффициенті
0,5-0,6. Қаттық 57-84˚С температурасындағы бастапқы қабаттық қысым 11,2-
19,35. Мұнайдың бастапқы шығымдары горизонт бойынша тәулігіне 1 метр
текшеден 81 метр текшеге дейін өзгереді. Газдық фактор 47-275 метр текше.
Өзен кен орны Жетібай-Өзен тектоникалық сатыларының Өзен-Қарамандыбас
антиклиналь сызықтарының солтүстігінде орналасқан және субендікті
созылымның ірі антиклиналь қатпарымен байланысты. Құрылымның өлшемдері юра
өнімді горизонттарының жабындысы бойынша 33*9,8 шақырымды құрайды, ал
амплитудасы 175-тен (турон жабындысы бойынша ) 300 метрге дейін өзгереді.
Түсу бұрышы солтүстік қанатта 5-6º.
Құрылым төменгі өнімді горизонттар бойынша біршама анық білінетін жеті
жергілікті көтерілімдерден күрделенген. Порсымұрын және Шығыс Порсымұрын
көтерілімдері, бір-біріне салыстырмалы түрде жықпыл тәрізді орналасқан
күмбезден тұратын Хумұрын күмбезі мен негізгі дөңес антиклиннің осьтік
линияларына тураланған. Солтүстік-Батыс және Ақсай күмбездерін өзен
қатпарларының солтүстік қанаты күрделендіреді.
Өзен кен орынының Өнеркәсіптік мұнайгаздылығы 1961жылы анықталған. Ары
қарайғы іздеу-барлау жұмыстарымен бүкіл дерлік юра-бор қимасының
мұнайгаздылығы дәлелденеді.

5. Жетібай кен орыны – бұл мұнай-газ конденсатты кен орыны. Ақтау
қаласынан оңтүстік-шығыста 80 шақырым жерде орналасқан. Құрылым 1955 жылы
айқындалды, 1961 жылы ашылды. Құрылымның өлшемдері 22,5*6,5 шақырым ,
амплитудасы 60 метр. Өнімділіктері жоғарғы және ортаңғы юра түзілімдері
болып табылады, онда қабаттасқан құмтастар, құмайттастар, саздардан
құралған 13 горизонт анықталған. Өнімді горизонттардағы құмтастар
қатпарының саны 2-8 дейін өзгереді. Қиманың өнімді бөліктерінің жалпы
қатқабаты 700 метр асады. Стратиграфиялық өнімді горизонттары жоғарғы
юраның бат, байос, ален жікқабаттарына жатады, одан 2 газды, 11 мұнайлы
және 7 мұнайгазды (олардың біреуі газ конденсатты) түзілімдер бөлініп
шыққан. Тұтқыштарының типтері бойынша шоғырлар қаттық, дөңестік, бірақ
сондай-ақ массивті-қаттық және қаттық, литологиялық шектелген. Өнімді
горизонттардың жатыс тереңдігі 1700-2500 метр.
Жинауыштары саңылаулы. Жинауыштарының мұнай қанығу қалыңдығы 1,3-21,2
метр шегінде, газ қанығу 2-14,4 метр дейін. Барлық горизонттардың мұнайы
830-870кг⁄м³, тығыздығы бойынша жеңіл және орташа,шайырлылығы 4,53-15,5%,
жоғары парафинді 17,2-25%, аз күкіртті 0,2-0,28%. Асфальтендердің мөлшері
0,9-3,4 дейін өзгереді. 300˚С дейін фракциялардың шығуы 25-42%. Еріген
газдың құрамы: метан 58,86-76,4%, ауыр көмірсутектер 22-37%, азот 1,3-5,8%,
көмірқышқыл газы 0,3-1,1%. Газ телпегіндегі бос газ метанды құраушылар
78,6% жетеді, ауыр көмірсутектер 11-18%, концентрациясы тереңдікпен
төмендейтін азот 10,3% дейін, көмірқышқыл газы 0,23-1,2% келловей
горизонтының конденсатты шоғырларында тығыздығы 689-704кг⁄м³ тұрақты
конденсат бар. Йод, бром, бор қатысады.
Газ шоғырлары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы
Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қаламқас кенорнын игеру және геологиялық - географиялық зерттеулерінің тарихы
Азнагүл алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және мұнай мен газ шоғырларын іздестіру жобасы
Өзенде бұрғылау шебері
Маңғыстау облысының экономикалық потенциалы
Алмаз алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және жобалау әдістері
Кенорындарды бағалау мен барлау әдістері мен техникалық құралдары
Пәндер