Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . . . 6
1. 1 Экономикалық жүйені қайта құруда индустрияландырудың рөлі, тарихи даму кезеңдері мен қағидалары. …6
1. 2 Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асырудың объективті қажеттіліктері. 22
1. 3 Экономикалық дамудағы индустриялық-инновациялық саясаттың рөлі және оның шет елдік тәжірибесі . . . 32
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ……54
2. 1 Индустриялық-инновациялық саясаттың ҚР аймақтарында жүзеге асуын талдау. . 54
2. 2 Стратегияны жүзеге асырудағы Қазақстандық даму институттарының қызметін талдау 64
2. 3 Қазақстандағы технопарктер желісінің дамуы . . . 83
3. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ . . . …. . 99
3. 1 Инновациялық факторлар - экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыты . . . 99
3. 2 Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асырудың қазіргі проблемалары және оларды шешу жолдары . . . 120
3. 3 Инновациялық жобаның тиіміділігі және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар. 133
ҚОРЫТЫНДЫ . 142
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 145
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ғылым және инновациялық сферасында мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу арқылы экономиканың жоғары технологиялық құрылымын құруға бағытталған. Өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз даму жағдайларында индустриялық-инновациялық дамуды жетілдірту проблемасы «Қазақстан - 2030»стратегиясымен, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқына деген жолдауымен анықталған ұзақ мерзімдік басымдылықтарға жауап беретін экономиканың саласын басқарудың тиімді экономикалық құралдарының қатарында өте өзекті болып табылады. Экономика саласының индустриялық-инновациялық даму проблемасын шешу елдің, кәсіпорынның жағдайын, болашағын және қажет етілетін қаражаттарды бағалауды білдіретін қаржы-экономикалық талдаудың талаптарына және нәтижелеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде индустриялық-инновациялық даму саясаты жалпы экономикалық сипаттағы жеке ғылыми жұмыстардың, әрі арнайы зерттеулердің объектісі болып табылады. Олардың ішінен Назарбаев Н. А, Купешова С. Т, Ә. Сапарбаев, Ю. К. Шокоманов, Кенжегузин М. Б, Есентугелов А, Мамыров Н. К және т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Инновациялық қызметтің теоретикалық және тәжірибелік сұрақтарын, оның пайда болу және таралу механизмін Д. Сахал, Б. Твисс, Р. Фостер, Э. Янч, Дж. Мартино, У. Ж. Алиев, А. Т. Ашимбаева, А. А. Арупов, С. А. Турсунова, Н. Кондратьев, В. Логинов, Ю. Яковец, т. б. зерттеген.
Ал инновациялық дамуды мемлекеттік қолдау, инновациялық инфрақұрылымының қалыптасуын және жаңа индустриалды елдердің тәжірибелерін оқу бойынша Р. А. Алшанов, Ф. Альжанова, С. А. Аханов, Е. Джумабаев, Ф. М. Днишев, Т. А. Есиркепов, М. Р. Куватов, З. Сальжанова, Т. С. Сатпаев, С. Сатубалдин, Р. К. Жуламанов, т. б. ғалымдар өз зерттеулерін жүргізген.
Индустриялық-инновациялық даму проблемасын зерттеу бойынша экономикалық әдебиетті талдау ИИДС жүзеге асыру жағдайында оның қалыптасу және басқарудың сұрақтарын жетілдірту, шетел және отандық тәжірибені терең зерттеу, стратегияны іске асырудың тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстарды жасау қажеттілігін дәлелдейді.
Зерттеу мақсаты мен міндеті . Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму саясатын іске асырудың қазіргі проблемаларын анықтау және оларды тиімді шешу жолдары бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- әлемдік ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, инновацияны экономиканың нақты саласына енгізу механизмін реформалаудың ғылыми әдіснамасын ғылыми түрде тұжырымдау;
- инновацияны өндірістің техникалық дамуына тарту қажеттілігін тұжырымдау, сондай-ақ әлемдік тәжірибені оқу негізінде оның тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдірту бойынша проблеманы зерттеу;
- индустриялық-инновациялық дамудың шетелдік тәжірибесін зерттеу және бағалау;
индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмін жетілдіртуге байланысты проблемаларды анықтау және зерттеу;
елдегі индустриялық-инновациялық саясаттың жүзеге асу барысын талдау және оған кешенді түрде баға беру;
- индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру бойынша проблемаларын тиімді шешу жолдары бойынша ұсыныстарды жасау.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын тиімді іске асыру проблемалары және оларды шешу жолдары мен басымдылықтары болып табылады.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық саясаттың жүзеге асырылуы.
Зерттеудің теоретикалық және әдістемелік негізі ретінде индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру проблемасын қарастырған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері алынды. Жұмыста индустриялық-инновациялық процестің дамуы, оның қаржыландырылуы мен несиеленуі бойынша Қазақстанның заң және нормативтік актілері аумақты түрде қолданылған. Зерттеудің ақпараттық негізіне шетелдік әдістемелік және анықтау материалдары, шетел статистикалық органдарының ресми ақпараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялардың мәліметтері, түрлі басылымдар, мақалалар алынған.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесі нәтижелермен дәлелденген:
- индустриялық-инновациялық саясаттың экономикалық мәнін, соның ішінде оны жүзеге асыру алғышарттары, мақсаты мен міндеттерін, экономикада алатын орнын анықтау бойынша теоретикалық сұрақтар қарастырылған;
- индустриялық-инновациялық саясаттың қалыптасуы және жүзеге асырылуы, оны ұйымдастырудағы қағидалары бойынша әдістемелік сұрақтар жан-жақты талқыланған;
- индустриялық-инновациялық саясатты мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен шаралары негізге алынған;
- Қазақстанда индустриялық-инновациялық саясаттың жүзеге асырылуына жүйелік талдау жүргізілген;
- Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру проблемалары және оларды тиімді шешу жолдары бойынша ұсыныстар мен бағыттар берілген.
Қорғауға жіберілген диссертациялық жұмыстың негізгі жағдайы:
- елдің индустриялық-инновациялық саясаттының рөлін, мақсатын және міндетін авторлық тұрғыдан анықтау;
- индустриялық-инновациялық саясаттың экономикалық даму мен инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесіндегі орны;
- Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық саясаттың қызмет етуі және өзара әрекеттесудің әдістемелік қағидалары;
- индустриялық-инновациялық саясаттың жүзеге асырылуын бағалау бойынша жүйелік ақпарат;
- индустриялық-инновациялық саясаттың тиімді жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстар.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы мынада:
- Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық саясаттың жүзеге асыру тиімділігін көтереді;
- индустриялық-инновациялық саясаттың қызмет етуін басқаруға және оны жүзеге асырудағы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінің жариялымы. Диссертациялық жұмыс бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 100 бет көлемінде баяндалған, соның ішінде 15 кесте және 12 сурет бар. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құрылған.
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экономикалық жүйені қайта құруда индустрияландырудың рөлі, тарихи даму кезеңдері мен қағидалары
Әлемде біртұтас индустриялық қоғам құру туралы ілімнің пайда болуы француз ғалымы Раймон Аронның атымен тығыз байланысты болып келді. Оның айтуынша әртүрлі елдердегі индустрияландыру үрдістері нәтижесінде бірегей индустриялық қоғам құруға болады. Оның кеңестік және батыстағы жүйелерін біртұтас индустриялық қоғамның түрлері деп санауға болады.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз кезінде австриялық экономист Йозеф Шумпетер индустриялық дамудың циклдық үлгісін ұсынған, әрбір циклдың ұзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл құрайды екен. Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік революциямен байланыстырылады, сөйтіп сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дәлелдейді.
Әрбір индустриялық цикл, Шумпетердің айтуынша, қоғамның экономикалық даму негізін құрайтын факторларға тікелей байланысты болады. Индустриялық циклдың бір мерзімінен екіншісіне өтудегі факторлар арасындағы айырмашылыққа экономика салаларының әркелкі дамуы жатады. Сонымен бірге әрбір индустриялық цикл қоғамдағы экономикалық өркендеудің іргесін құрайтын жаңа салалардың пайда болуы ғана емес, сонымен бірге осы салалардағы түбегейлі өзгерістерге де байланысты болады.
Бірінші индустриялық циклдың басталуын Шумпетер бірінші өнеркәсіптік революциямен байланыстырады және ол 1785 жылдарда басталды деп тұжырым жасайды. Өндірістік үрдістерде судың энергиясын белсенді түрде пайдаланумен сипатталады, сөйтіп ол металлургия және тоқыма сияқты іргелі салалардың пайда болуына ықпалын тигізді.
Екінші индустриялық цикл кезінде бу двигательдерінің пайда болуына байланысты тоқыма және металлургия салаларын (болат құю өнеркәсібі пайда болады) әрі қарай дамыта отырып, теміржол көлігі саласының пайда болуы арқылы сол уақыттағы экономиканың инфрақұрылымын түбірімен өзгертті.
Үшінші индустриялық цикл электр және химия энергиясын пайдалануға байланысты жаңалықтар ашуға байланысты өнеркәсіптік революцияның басталуымен байланысты болды. Бұған, жеке алғанда, ішкі жану двигателін ойлап табуды жатқызуға болады. Осы кезде химия өнеркәсібі мен автокөлікті дамыту салаларының қалыптасуы басталды. Төртінші индустриялық циклдың факторларына атом энергиясы мен электроника жатады. Оларды пайдалану қалыптасқан салалардың құрылымын түбірімен өзгертті. Сөйтіп авиакосмостық, радиоэлектроника, электрондық машина жасау сияқты жаңа салалардың пайда болуына әсер етті.
Осыдан бастап бесінші индустриялық циклдың басталуы ақпараттар мен телекоммуникация облыстарында пайда болған жетістіктері негізінде ақпараттар жүйесінің дамуымен байланыстырылады. Бұл циклдың аяқталуы шамамен 2020 жылдар деп болжануда. Осы бесінші цикл индустриялық дамудың аяқтаушы циклы болып, содан кейінгі жаңа пост индустриялық (индустриядан кейінгі) қоғамға өтудің жаңа сатысы болып табылады. Ауыр қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстыра отырып, адамзат дамуында жаңа дәуір, яғни индустрияландыру дәуірі басталды. Машина мен механизмдерінің жаңа түрлерін пайдалану арқасында өндірістік үрдісте адам өзінің әлеуметтік-рухани жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер ашты.
Француз ғалымы Эминэльдің пікірі бойынша техникалық прогресс тек экономикалық заңдарды қолдануды жаңартып қоймай, сонымен бірге олардың мазмұнын да өзгертіп отырады, экономикалық билік ірі корпорациялардың, яғни алып та алпауыт кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Ал, постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын тұңғыш рет американ социологы Даниель Белл әзірлеген. Онда индустрияландыру үрдістерін толық аяқтағаннан кейін қоғамда экономикалық ерекшеліктерге басты назар аударылады да, ол постиндустриялық қоғамның бес белгісімен анықталады:
- экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсету сферасына бет бұруы;
- жұмыскерлердің жалпы санында білікті мамандар мен техниктер үлесінің артуы;
- теориялық білімнің маңызының күшеюі;
- технико-экономикалық ортаның технологияны бақылауға бейімделуі;
- қоғамның жаңа «санаткерлік технология» үрдісін дамытуға бет бұруы.
Жаңа индустриялық қоғам теориясы Американың көрнекті экономист-ғалымы Джон Гелбрейттің бірқатар еңбектерінде, соның ішінде «жаңа индустриялық қоғам» (1967жыл) еңбегінде орын алған. Онда жаңаша капитализмнің экономиккалық жүйесі екі түрлі сектордың жиынтығынан тұратындығы қарастырылған. Біріншісіне, баға, шығындар, технологияға негізделген қоғам және мемлекеттегі билігі үстем ірі корпорациялар жататын болса, екіншісіне ұсақ фирмалар, азайып бара жатқан қолөнеркәсібі, қызмет көрсету аясы және т. б. жатады.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі белгілі бір деңгейге дейін көтерілді. Мысалы, жедел дамыған елдерде оның деңгейі 60 жылдардың аяғында 13-15 мың АҚШ долларына деін жетіп, содан кейін оның тұрақтану немесе төмендету үрдістері қалыптасқан. Едәуір қысқару 60-жылдардың ортасында АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда байқалды. Индустрияландыруды кеш бастаған елдерде (Жапония, Италия), өңдеу өнеркәсіп салаларының үлесі 70 жылдардың басына дейін өсіп, содан кейін қайта құлдырай бастаған. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда жалпы ішкі өнім көлемінде өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясындағы өнім көлемі жоғары болған.
Экономикасы дамыған АҚШ-та 1960-1996 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 4%-дан 2%-ға дейін, өнеркәсіпте 34%-дан 28%-ға дейін төмендесе, қызмет көрсету аясында, керісінше 58%-дан 70%-ға дейін артқан, Жапонияда ауыл шаруашылығының үлесі 13%-дан 2%-ға, өнеркәсіптің 37%-дан 32%-ға дейін азайып, қызмет көрсетуде 45%-дан 60%-ға көтерілген. Ал Германияда ауыл шаруашылығында 6-дан 2-ге, өнеркәсіпте 46-дан 34-ке түскен, қызмет көрсету аясында 40-тан 59-ға көтерілген, Францияда сәйкес 9-дан 3-ке, 40-тан 24-ке түсіп, қызмет көрсетуде 43-тен 68% артқан. Демек, индустриялық деңгейі жоғары мемлекеттердің бәрінде де ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясының жалпы ішкі өнімдегі үлесі көтеріліп отырған.
Одан кейінгі онжылдықта көптеген бағыттар бойынша әлемде алға суырылып шыққан аралас экономикаға негізделген «жаңа индустриялық елдер» (Тайвань, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гон-Конг) пайда болды. Мәселен, Оңтүстік Корея экономикасының өрістеуіне себепкер болған - мемлекеттік экономикалық жоспарлау Кеңесінің дайындаған шаруашылықты дамытудың бес жылдық жоспары еді. Қазіргі кезде оларда экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің басты бағытына экономикалық өсуді, өнеркәсіп өнімдерінің экспортын ұлғайтуды ынталандыру жатады. Осы елдерде экономикалық ынталандыру әдістерін жүйелі түрде қолдану өз нәтижелесін беріп отыр.
Аталған елдерде мемлекет араласатын экономика салаларында импорттық саясат пен қаржы-несие жүйесі қамтылмаған. Көпшілік сұранымдағы тауарларға (ұн, қант, кофе, дәрі, телевизор), сонымен қатар, көптеген өндірісі монополияландырылған немесе өмірге қажетті экономиканың дамуында маңызды орын алатын (электр қуаты, отын, болат, химиялық өнімдер) тауарларға баға белгілеу орталықтан қатаң бақылауға алынған.
Аралас экономиканың артықшылығын дәлелдейтін екі шартты факторлар бар:
Біріншісі. Ресурстарды бөлудің тиімділігі. Ол өндірісте ресурстардың жинақталған түрлерін тиімді пайдалануды талап етеді, жаңа технологияны өндіріске барынша көптеп енгізуге күш салады.
Екіншісі. Еркіндік. Нарықтық аралас жүйенің маңызы экономикалық емес ерекшелігінің маңызына, оның жеке еркіндікке негізделуі жатады.
Демек, ондай елдерде өнеркәсіптің салалық құрылымында кен өндіру салаларының үлесі төмендеп, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі жоғарыланып отырады. Әсіресе, машина жасау және химия өнеркәсібінің үлесі артып келеді. Дамыған елдердің өңдеу өнеркәсібінде капитал және материал сыйымдылығы жоғары салалардан (металлургия, химия өнеркәсібі) ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға (электроникаға) қарай ауысуы жүріп жатыр. Соның әсерінен әлемдік нарықта «босаған қуысты» жаңа индустриялық дамыған мемлекеттер иемденуде. Олар дәстүрлі еңбек сыйымдылығы жоғары салаларды орташа және төмен деңгейде дамушы елдерге қарай ығыстыруда.
Әлемдік шаруашылықта құрылымдық өзгерістер негізінен салалық кешендердің ішінде қалыптасып, салаішілік пропорцияларды жетілдіруге ықпалын тигізіп отыр.
Зерттеушілердің басым бөлігі дамудың циклдық теориясын (Кондратьев циклдары) қолдайды, оны әлемдік шаруашылықтың ғылыми-техникалық прогрестің табиғатын үлкен циклдары шеңберінде экономиалық даму қарқындарының тербелістерімен байланыстырады. Жаңаша экономикалық даму теориясындағы басым бағытты инновация контекстінде қарастырайық: циклдық теория мен қоғамдық даму кезеңдерін отандық және шетелдік бірқатар ғалымдар индустрияға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық даму деп үшке бөледі. Индустрияға дейінгі дамуды аграрлық даму кезеңі деп те атайды.
Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оған дейінгі қоғамнан айырмашылығы қайта индустрияландырылған өнеркәсіптің күрт өсу салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине, бұл ұзақ мерзімді алатыны сөзсіз.
Соңғы кезде АҚШ-тың және дамыған елдердің постиндустриялық қоғамға өту жөнінде қуанышы қойнына сыймай жариялауы айтулы нәтиже бермеді. Оның себебіне әлемдік нарықта аренаға жаңа технологиялар өндіретін ортаазиялық мемлекеттердің инновациялық өнімдер өндіру арқылы суырылып алға шығуы да әсерін тигізді.
Енді советтік кеңістіктегі индустрияландырудың тарихи-теориялық үрдістерін зерттеп қарайтын болсақ, ондағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы салдарынан индустрияландыру шараларын кеңінен жүргізуге ұмтылыстың болғанын байқауға болады. Жиырмасыншы ғасырда елімізде эволюциялық даму үрдістерінің салдарынан индустриялық қоғамның негізі қаланды. Тек ғылымда ғана емес, нақты тәжірибеде КСРО-ның халықшаруашылық жоспарларында көлем және сапа көрсеткіштерінің өсу қарқынына ерекше мән берілді. Негізгі салалар бойынша директивті көрсеткіш ретінде қоғамдық өнім өндірісінің өсімшесі саналды және ол қатаң түрде қадағаланып отырды. Елімізде қысқа мерзімде экономиканы индустрияландыру шаралары жүргізілді. Содан кейін соғыс жылдары қираған шаруашылық қалпына келтіріліп, өндірісті техникалық реконструкциялау қолға алынды. Бір салаларда өндірісті кеңейту жөніндегі жоспардың орындалу дәрежесі басқалардың дамуына кедергі келтіріп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Себебі сыртқы экономикалық байланыстардың нашар дамуы жағдайында басқаша болу мүмкін емес еді.
Пайдалы қазба байлықтардың бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе ол кен өндіру, мұнай, көмір, түсті металлургия салаларын баса дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағыттығын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту зауыты және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын зауыты, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты және басқалар салынып, өркендеп жатты. Мұның көпшілігі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Кеңес еліндегі түсті металлургияның ең ірі кәсіпорындары еді. Әсіресе, ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта құру, оған сай келетін қуатты энергетикалық база жасауды талап етті. Осыған байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балхаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатының, Ащысай полиметалл комбинатының және т. б. жылу электр станциялары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913 жылмен салыстырғанда 486 есе өсті.
Сонымен бірге, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде елеулі табыстарға қол жеткізілді. Алматыда аяқ-киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкініс комбинаттары, нан және май шығаратын зауыттары қатарға қосылып, ойдағыдай жұмыс істей бастады. Қазақстанның индустриялық дамуының мұндай жоғары қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің және сан-алуан шаруашылық байланыстардың арқасында жүзеге асырылды.
Қазақстанның индустриялық дамудағы зор табыстарына қарамастан, бұл үрдісте бірқатар кемшіліктерге де жол берілді. Олардың ең негізгісіне республика өнеркәсібінің шикізаттық бағытқа бет бұруы жатады. Бұл оның орасан зор табиғи ресурстарымен айқындалған еді. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып айтатын болсақ, біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12 орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдерінің қатарына кіруге тиіс. Қазақстан көмір өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 35, 8 миллиард тоннаны құрайды.
Солай бола тұра, машина жасауды айтпағанда мұнайды, газды, түсті металдарды өңдейтін, әсіресе машина жасаудың жетекші салалары станок, көлік, трактор және басқа ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын кәсіпорындар аз болды. Жеңіл өнеркәсіптің бірсыпыра жетекші салаларының нашар дамуы немесе болмауы салдарынан тұтыну тауарларының көпшілігі (киім, аяқ киім, металдар және т. б) республикадан тыс жерлерден тасылып әкелінсе, көмір, мұнай, рудамен бірге Қазақстаннан Ресейге, Орта Азия және басқа ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттары жөнелтіліп жатты.
Әсіресе, Қазақстанға негізінен Ресейден көп мөлшерде машиналар, металл бұйымдары, цемент, ағаш жүктері және т. б. тасып әкелінді. Сөйте тұра, өзінің тұтынуынан артық өнім өндіру экспортты ұлғайта отырып, импорт үшін төлейтін қаржы табуға көмектесті. Нарықтық қатынастарға тосқауыл қойылып, оның орнына экономикалық үрдістерді басқаруда қатаң билеп-төстеуші тетікті қолданған тоталитарлық экономика қалыптасты.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұл жүйе тарап, нарықтық экономикаға көшу басталды. Бұл транзиттік экономиканың негізін құрайтын әлеуметтік-экономикалық тұрақты түрде дамудың үлгісін жасауды талап етті.
Индустриалық даму стратегиясын ресейлік экономист-ғалымдар Д. Львов, В. Дементьев 4 кезеңге бөлген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz