Банк табыстылығын талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТАРАУ. БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банк табыстылығын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Коммерциялық банк пайдасын қалыптастыру мен қолдану ... 7
1.3 Коммерциялық банктің табыстылығын талдау әдісі ... ... ... ... ..9

2 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ
2.1 Банк табысы мен шығысын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Банк пайдасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... 17

3 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Коммерциялық банк табыстылығын арттыру жолдары ... ... ... 20
3.2 Банк қаржылық басқаруының проблемалары ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2004 жылы 1 қаңтарда ресми дерек бойынша деңгейлі банктердің жиынтық таза табыс көлемі 30,1 млрд теңге құрады. Ал бұл көрсеткіш 2003 жылы 1 қаңтарда 20,6 млрд теңге болған еді. Өз кезінде Ұлттық банктің төрағасы А.Г. Марченко Қазақстан экономикасының мұнай – газ өндірісіне тәуелділігінің артуына қарамастан, қаржылық сектор ең пайдалы болып табылды деп ескерткені дұрыс келді. Қазіргі статистика бұған куә. Бұл көрсеткіш сонымен қатар банктердің ісі бұрын соңғы болмаған жағдайда жылжығанын көрсетеді. Алдыңғы қатарлылары тез және оңай түрде шетел нарығына орналасуда. Бір сөзбен айтқанда банктер Орталық банк қойған нормативтерді орындау және несиелендіру мен басқада банк өнімдірді ұсыну мақсатында активтер көлемін бір қалыпты арттыруда, капитал үлесінде шет қалдырмай. Жылдық нәтиже бойынша жетекші банктер Казкоммерцбанк, ТуранАлем банк және Халық банк активтері тез және үлкен көлемде өсті. Сәйкесінше пайда көлемі де оларда үлкен. Казкоммерцбанкта 4,1 млрд теңге, Халық банкте 3,050 млрд теңге, ТуранАлем банкте 1,666 млрд теңге.
Банктердің жоғарғы қарқынды дамуы экономиканың өрлеуіне жол ашады. Кіші және орта бизнестердің дамуы кезінде болашақта көп қаражат көздерін талап етеді. Соны қанағаттандыруға ірі қаржылық институттардың болуы қажет.
Өткен жылдары банктердің пайдасы әрдайым жақсы болған жоқ. Мысал ретінде 90 жылдары болған республиканың қаржылық организміндегі температурасының өзгеруі банк харекетіне кері әсер етуімен және жекешелендіру үрдісі мен банктік жеке бизнесінің оңды болуы.
1998 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік конъюнктура әсеріне ұшырады және өзпайдасына емес Қазақстанның негізгі экспорт өнім түрлер бағасының төмендеуі, республикаға негізгі сауда серіктестері мен инвесторы болып келетін, елдердің жалпы экономикалық жағдайының төмендеуі. Мұндай жағдайда банктер жоғарғы пайданы алуды көздемеді.
1999 жылы халықаралық қаржылық дағдарыс әсері толықтай кетпеуінен, сыртқы экономикалық харекетпен айналым отандық кәсіпорындарды белгілі мерзім бойы депрессивті жағдайда ұстады. Сәуір айындағы ұлттық валюта бағамын босату салдарынан банктер табысы негізінен клиенттік валюталық несиелерді және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыстар құрады. 2000 жылы ғана Қазақстан экономикалық өсу тенденциясы суреттеле басталды. ЖІӨ 1999 жылы 2,7 өсуімен салыстырғанда 2003 жылы 9,8 өсті. АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенің девальвациясы 5,2 дейін төмендеді, инфляция қарқыны 9,8. кәсіпкершілік құрылымының белсенділік деңгейі жоғарлады. Халықтың табысы тұрақты түрде өсті. Осының барлығы банк қызметіне сұраныстарын арттырды, соның ішінде депозит пен несиеге ерекше. Қаржылық секторда «екінші тыныс» ашылды. Ал бұл уақытта қазақстандық банктер капитал мен актив көрсеткіштері жақсара түсті. Бірақта банктерге өткен жылғы қарыздар бойынша провизияларға қаражатты жұмсауға тура келді, оның себебі еркін қалқыма валюта айырбастау бағамының ауысуы қарызгерлердің қаржылық жағдайын төмендетіп жіберді.
Соңғы жылдары отандық банктердің активтері тез қарқынмен көбеюде. Бұл көбею меншікті капиталдың және түсетін пайданың артуымен жүруде. Бірақ бұл түсетін табыстар бірнеше операция арқылы артуда. Қазіргі таңда Қазақстанның БӘС (Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымы) ұйымына кірген жағдайда қазақстандық банктер шет елдердің банктеріне бәсекелеске түсуі өте ауыр тиеюі мүмкін. Сондықтан отандық банктер экономикалық өсу қарқыны кезінде активтерін тиімді орналастыру болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметтері туралы» заңы. 31 тамыз 1995 жыл.
3. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» заңы. 29 маусым 1998 жыл.
4. 1995 жылдың 31 тамызынан № 2444 өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлген “Қазақстан Республикасындағы банктер және олардың қызметi туралы” заңдық күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы.
5. Толық экономикалық, қаржылық-несиелік, банктік, салықтық-кедендік, сақтандыру, биржалық және кәсіпкерлік терминологиялардың орысша-қазақша сөздігі/ Сүлеймен Рыхымжанұлы Тоқсанбай. – Алматы: Сөздiк-словарь, 1999.-816 б.
6. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: проблемалары мен болашағы. Автореферат. Алматы, 2004 жыл-24 бет.
7. Лаврушин О.И. Банковское дело. М.: Финансы и статистика, 1998 год. – 576с.
8. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки: Учебник. – Алматы: экономика, 1999 год.- 423с.
9. Сейткасимов А.Г. Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа. – Алматы: Ќаржы-ќаражат, 1998 год. – 112с.
10. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник /Под ред. Сенчагова В.К., Архипова А.Н. М., 2000 год.
11. Жунусова Г. Некоторые особенности банковской конкуренции в Казахстане. // Аль-Пари, 2000 год. №3-4. –с.100
12. Пресс-релиз Национального Банка Республики Казахстан от 9 января 2001 года №001 О ситуации на финансовом рынке. // Банки Казахстана, 2001 год, №1.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Банк табыстылығын талдау. КУРСОВАЯ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2 Банк табыстылығын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Коммерциялық банк пайдасын қалыптастыру мен қолдану ... 7
1.3 Коммерциялық банктің табыстылығын талдау
әдісі ... ... ... ... ..9

2 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ

2.1 Банк табысы мен шығысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 12
2.2 Банк пайдасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... 17

3 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Коммерциялық банк табыстылығын арттыру жолдары ... ... ... 20
3.2 Банк қаржылық басқаруының
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8

КІРІСПЕ

2004 жылы 1 қаңтарда ресми дерек бойынша деңгейлі банктердің жиынтық
таза табыс көлемі 30,1 млрд теңге құрады. Ал бұл көрсеткіш 2003 жылы 1
қаңтарда 20,6 млрд теңге болған еді. Өз кезінде Ұлттық банктің төрағасы
А.Г. Марченко Қазақстан экономикасының мұнай – газ өндірісіне
тәуелділігінің артуына қарамастан, қаржылық сектор ең пайдалы болып табылды
деп ескерткені дұрыс келді. Қазіргі статистика бұған куә. Бұл көрсеткіш
сонымен қатар банктердің ісі бұрын соңғы болмаған жағдайда жылжығанын
көрсетеді. Алдыңғы қатарлылары тез және оңай түрде шетел нарығына
орналасуда. Бір сөзбен айтқанда банктер Орталық банк қойған нормативтерді
орындау және несиелендіру мен басқада банк өнімдірді ұсыну мақсатында
активтер көлемін бір қалыпты арттыруда, капитал үлесінде шет қалдырмай.
Жылдық нәтиже бойынша жетекші банктер Казкоммерцбанк, ТуранАлем банк және
Халық банк активтері тез және үлкен көлемде өсті. Сәйкесінше пайда көлемі
де оларда үлкен. Казкоммерцбанкта 4,1 млрд теңге, Халық банкте 3,050 млрд
теңге, ТуранАлем банкте 1,666 млрд теңге.
Банктердің жоғарғы қарқынды дамуы экономиканың өрлеуіне жол ашады.
Кіші және орта бизнестердің дамуы кезінде болашақта көп қаражат көздерін
талап етеді. Соны қанағаттандыруға ірі қаржылық институттардың болуы
қажет.
Өткен жылдары банктердің пайдасы әрдайым жақсы болған жоқ. Мысал
ретінде 90 жылдары болған республиканың қаржылық организміндегі
температурасының өзгеруі банк харекетіне кері әсер етуімен және
жекешелендіру үрдісі мен банктік жеке бизнесінің оңды болуы.
1998 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік конъюнктура әсеріне ұшырады
және өзпайдасына емес Қазақстанның негізгі экспорт өнім түрлер бағасының
төмендеуі, республикаға негізгі сауда серіктестері мен инвесторы болып
келетін, елдердің жалпы экономикалық жағдайының төмендеуі. Мұндай жағдайда
банктер жоғарғы пайданы алуды көздемеді.
1999 жылы халықаралық қаржылық дағдарыс әсері толықтай кетпеуінен,
сыртқы экономикалық харекетпен айналым отандық кәсіпорындарды белгілі
мерзім бойы депрессивті жағдайда ұстады. Сәуір айындағы ұлттық валюта
бағамын босату салдарынан банктер табысы негізінен клиенттік валюталық
несиелерді және бағалы қағаздарды қайта бағалаудан түскен табыстар құрады.
2000 жылы ғана Қазақстан экономикалық өсу тенденциясы суреттеле басталды.
ЖІӨ 1999 жылы 2,7 өсуімен салыстырғанда 2003 жылы 9,8 өсті. АҚШ долларымен
салыстырғанда теңгенің девальвациясы 5,2 дейін төмендеді, инфляция қарқыны
9,8. кәсіпкершілік құрылымының белсенділік деңгейі жоғарлады. Халықтың
табысы тұрақты түрде өсті. Осының барлығы банк қызметіне сұраныстарын
арттырды, соның ішінде депозит пен несиеге ерекше. Қаржылық секторда
екінші тыныс ашылды. Ал бұл уақытта қазақстандық банктер капитал мен
актив көрсеткіштері жақсара түсті. Бірақта банктерге өткен жылғы қарыздар
бойынша провизияларға қаражатты жұмсауға тура келді, оның себебі еркін
қалқыма валюта айырбастау бағамының ауысуы қарызгерлердің қаржылық жағдайын
төмендетіп жіберді.
Соңғы жылдары отандық банктердің активтері тез қарқынмен көбеюде. Бұл
көбею меншікті капиталдың және түсетін пайданың артуымен жүруде. Бірақ бұл
түсетін табыстар бірнеше операция арқылы артуда. Қазіргі таңда
Қазақстанның БӘС (Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымы) ұйымына кірген жағдайда
қазақстандық банктер шет елдердің банктеріне бәсекелеске түсуі өте ауыр
тиеюі мүмкін. Сондықтан отандық банктер экономикалық өсу қарқыны кезінде
активтерін тиімді орналастыру болып табылады.

ТАРАУ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банк табыстылығын басқару

Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер харекеті бәсекелестіктің
күшеюімен, орталық банктердің бақылауының қаталдануымен және пайданың
қысқаруымен сипатталады. Бірақ капитал рентабелділігі мен пайдалылығын
арттыру мақсатында банктер жаңа қызметтер түрлерін енгізуді, клиенттерге
қызмет көрсету деңгейінің тәжірибесін көтеруде, өнімдер мен қызметтердің
өзіндік құнын қысқартуды, ұйымдық құрылым негізінде ресурстарда үнемдеуге,
банк капитализациясы мен өсуінің өзара тиімді қатынасын табуға тырысуда.
Сонымен қатар банк сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістер жөнінде
ескеріп отыру ақпарат жинағының тұрақты түрде өсіп отыратындығын айта кету
керек. Банктің ақпаратқа деген қажеттілігі сыртқы ортадан келетін
қауіптіліктің және ортадан туатын қауіптер қатарына ғаламдану, нарық
тұрақсыздығы, клиент талғамдарының жоғарлауы, экономикалық жағдайлардың
өзгеруі. Банктің ішкі мәселелерін тудыратын факторларға: жаңа өнімдерді
өндіру, ақпараттық технологияны пайдалану, құрылымдық және ұйымдастырушылық
өзгерістерді басқару, шығындар жұмсалуын бақылау, тәуекелділікті басқару.
Бұл ақпаратты талдау мен пайдалану банктің даму бағыттарын анықтауға
мүмкіндік береді: бизнестің стратегиясын белгілеу, бизнес нарығының дамуы
мен құнын бағалау, атқаратын операциялар түрлеріне байланысты бизнесті
басқаруын анықтау.
Бизнес стратегиясын жоспарлау кезінде банктің корпоратив
стратегиясымен сай келуін ескеріп, нарыққа және шығынға талдау жүргізу,
нәтижелігін бағалау. Әр банкке харекет нәтижесін бағалайтын өз жүйесінің
болу қажет.Бұл жүйе арқасында:
- харекет нәтижесін жоспармен салыстыру;
- тәуекелге бақылауды орнату;
- капиталды тиімді бөлуін қамтамасыздандыру;
- іске асырылып жатқан стратегияларды талдау;
Харакет нәтижесін өлшейтін жүйенің мақсаты мен міндетін анықтау
маңызды.
Банктің харакетін бақылау мен басқарудың түрлі тәсілдерін қолдану
арқылы әр түрлі жақсарту бағыт бойынша жүргізіле алады: клиенттерге қызмет
көрсету деңгейін артыру, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату, әрекет ететін
саланы кеңейту, актив сапасын жақсартып, банк қуатын толық пайдалану және
қаржылы тәуекелділікті азайту. Бұл тәсілдің барлығы банк пайдасы мен
рентабелділігінің өсуіне әкеледі.
Банк харакетінің басты көрсеткіштерінің бірі банк рентабелдігі
болып табылады. Өйткені бұл көрсеткіш харакет нәтижелілігін көрсетеді және
экономикалық үрдіске қатысушылар үшін де маңызды.
Банк құрылтайшылары рентабелділіктің артуына мүдделі, себебі
көрсеткіш инвестицияның табыстылық деңгейін сипаттайды. Банк
рентабелділігінің өсуі салымшыларға да, кредиторларға да пайдалы, өйткені
қосымша қалыптасатын резерв ретінде капиталдың өсу көзі болып харакеттің
кеңеюіне, қызмет көрсету сапасының жақсаруына жағдай туғызады.
Банк қарызгерлеріне де жанама болсада банк пайдасының артуы
пайдалы, себебі берілетін несие капитал көлемі мен құрылымына байланысты.
Экономикалық үрдістің қатысушылар мүддесін қамтамасыздандыра
отырып, банктер пайдалылық пен табыстылылықты басқаруға үлкен көңіл бөлуде.
Пайдалылықты басқару банктік рентабелділіктің тұрақтылығына және өсуіне
мүмкіндік беретін жалпы табыстылықтың өсуіне және бүкіл шығысына қатаң
бақылау орнатуға көңіл бөлуді талап етеді.
Пайдалылықты басқарумен қатар банк табыс пен шығыс ағымдарын
реттеп отыру керек. Өйткені экономикалық жағдайлар өзгерістері банктік
харекеттің нәтижесіне үздіксіз әсер етеді. Банктік тәуелділіктердің өсуі
банк рентабелділігін басқару мен бақылаудағы бірінші кезекті мәселе болып
табылады.
Банк табыстылығы мен рентабелділікті бағалау қажеттілігін анықтайтын
факторларға мыналар жатады:
- банк активтерінің өнімділік мүмкіндіктерін білуге;
- капиталды өсіруге;
- даму мен өсу қажеттілігі;
- инвесторлар мен несие берушілердің сенімін арттыру үшін;
- жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін;
- дивиденд көлемін жоғарлату мақсатында;
Банк табыстылығы мен рентабелділігін бақылауының негізгі мақсаты
төмендегілер:
- банк басқаруын оптимизациялау;
- банк қызметкерлер жұмысын ынталандыру;
- табыс пен рентабелділікті басқару жүйесінің тиімділігін
сендіру;
Бұл бағыттардың әр қайсысы өзіндік міндеттерді шешеді. Бірақ
жиынтық ретінде банк харакетінің нәтижесін жақсартады. Рентабелділікті
басқарумен бірге жауапкершілік орталықтарын пайдалану әр функциялы
бірліктің үлесін анықтауға мүмкіндік береді; клиенттерге көрсететін қызмет
рентабелділігі негізгі клиенттерден түсетін табыс деңгейін бағалауға; жеке
банктік өнім мен қызмет түрінің рентабелділігі әр банктік өнім мен
қызметтің өзіндік құны жөнінде ақпарат береді.
Жалпы алынған ақпарат негізінде табыс көздері мен банк шығындарын
анықтауға және бұлар арқылы бүкіл банк негізінде табыстылылық пен
пайдалылықты арттыру бағытындағы басқару шешімдерін орындау мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде банк харекетін талдауда банктің жалпы нәтижесін
бағалау жеткіліксіз болғандықтан, клиенттердің, өнімдердің сипатына
байланысты рентабелділік деңгейін бақылау маңызды орын алады.
Ұйымдастырушылық бөлімшелер деңгейіндегі банк рентабелділігін басқару
жауапкершілік орталықтар басқаруы деп аталады.
Жауапкершілік орталықтың басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде
келесі маңызды сұрақтарды шешу қажет:
- банк бөлімшелерін жауапкершілік орталықтарына байланысты
бөлу;
- басқару есебіне шот жоспарын құру;
- табысты тарату тәртібін белгілеу;
- ішкі қаражат аударым тәсілдерін анықтау;
- жауапкершілік орталықтардың харекетін бағалайтын көрсеткіштер
мен басқару есеп түрлерін анықтау;
- жауапкершілік орталықтар бойынша шығындар таратылуын
қамтамасыз ету;
Бірінші сатыда жауапкершілік орталықтардың қайсысы құрылатынын
анықтау қажет; орталық харекеттерін белгілеп, оларды басқару концепциясын
қабылдау.
Жауапкершілік орталықтарына екі анықтама беруге болады: 1) бұл бір
қызмет немесе өнім өндіретін құрылымдық бөлімше; 2) жауапкершілік
орталықтар – бұл нақты белгіленген жеке мақсаты, бюджеті және есебі бар
басқару бірлігі;
Банк харекеті кез – келген кәсіпорын секілді бірнеше бөліктен құрыла
алады. Бұл бөліктер төменде келтірілгендермен байланысты болу мүмкін:
- банк басқаруымен;
- қамтамасыз үрдісімен және банктік бизнесті қолдау үрдісімен;
- банктің ағымдық жоспарын орындаудаға операциялармен және
басқа қызмет түрлерінің харекеттерімен, яғни бизнес
үрдісімен;

1.2 Коммерциялық банк пайдасын қалыптастыру мен қолдану

Коммерциялық банктің жиынтық табысына қарыз операцияларының, қызмет
көрсеткені үшін алынатын төлем көлемінің нормасы және актив мөлшері мен
құны әсер етеді. Банктік қызметте қарыз және инвестиция операцияларынан
түсетін табыстар банктік табыстың 90 % қамтамасыз етеді .
Баланстық пайданың көлемі төменде көрсетілген негіздерде тексеріледі:
- банк пайдасының қалыптасуы заңдылыққа сай болуын қарастыру;
- банк шығысымен байланысты операцияларының мазмұнын талдау;
- қаржылық резервтер қалыптастыруын бақылау;
- пайданың қолданылуын және шығыстар шоты бойынша көрсетілу
дұрыстылығын салыстыру.
Банктік іс жеке адаммен тікелей қатынасы жағынан жеке сипатты
иеленеді. Банк коммуналды қоғамдық кәсіпорындар секілді қоғамдық мүдделерді
қоздырады және олардың қызметі үздіксіз болу керек. Банктер басқа саладағы
компаниялар сияқты операцияларды тоқтатып немесе қызметкерлер санын тез
қысқартып жібере алмайды. Бірақ бұл банк басшылығының банктік шығысты
бақылауын реттей алмайды дегенін білдірмейді. Қазіргі таңда банктер
ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру есебінен харекет ететін облыс көлемін
арттырып және көп жұмыс түрін автоматтандыру арқылы операциялық шығыс
төмендеуіне әкелді.
Несие операциясы коммерциялық банк жиынтық табысының негізгі табыс
көзі болып табылады. Банк тәжірибесінде қарыз пайызы операциялық табыстың
65% құрайды.
Банктік қарыздың пайыз мөлшерлемесі басқа ақша нарығындағы
міндеттемелер мөлшерлемелерінен айырмашылығы мөлшерлеме деңгейі банк пен
қарызгердің келісімі арқылы жүзеге асуына байланысты банктер арасында қарыз
мөлшерлемелері өзара тең емес.
Коммерциялық банктің табыс әкелетін көлемі жөнінде екінші орынды
бағалы қағаздармен операциялар жатады. Табыс көлемі бағалы қағаздар
портфелінің құрылымы мен табыстылығына байланысты. Банктер бағалы
қағаздардан алатын табысты өтімділікке деген қажеттілігіне байланысты
қарастырады. Бағалы қағаздарға ақша – қаражат құралдарын банк
қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін ғана жұисалады. Инвестициялық
операциялардың тәуелді сипаты бағалы қағаздардан түсетін табысты басқаруын
қиындатады.
Банктің транс бөлімдері жоғары пайдалыда және жоғары шығыстыда болып
келеді. Бұл бөлім қызмет көрсеткен кезінде банк актив қаражатын емес,
клиент қаражатын басқарады. Сондықтан банктер сенімгерлік операцияларының
табысты активімен жұмыс істесе, бөлім әкелетін табыс мөлшері шығыспен
салыстырғанда жоғары болу мүмкін. Бірақ транс – бөлімдер банк операциялар
үлесінде үлкен алмайды. Банктердің сенімгерлік операциялармен айналысуы
клиенттер базасын көбейтіп, барлық банктік қызмет көрсететін мекеме реінде
танылғысы келетіндігінде.
Банктік салымдардан келетін шығындарды жабу үшін банктер комиссия
алады. Соңғы жылдары депозиттік шоттан түсетін комиссия мөлшері түсіп
кетті. Оның екі себебі бар: біріншіден, банктер бәсекелесінің күшеюі
депозиттерден алынатын комиссияны түсіруге немесе мүлдем алып тастауға
итермеледі. Екіншіден, активтер көлемінің үлкеюі комиссия үлес салмағынада
әсер етпей қоймады.
Басқада табыс топтарына көптеген элементтер кіреді: чекті және
векселді ішкі айналымда инкассациялау, банктік тратты сату, ішкі саудадағы
векселді акцепттеу, аренданы жалға беру, бағалы қағаздар операцияларында
делдалдық қызмет, жылжымайтын мүлік пен банктік сейфті жалға беру секілді
табыс көздері кіреді.
Ұзақ мерзімді пайдалануда банк шығыстары ауыспалы болып келеді. Банк
басшылығы ЕЭМ пайдалану қолдану арқылы көптеген шығыс элементтерінің
төмендеуіне мүмкіндік алды. Автоматизациялау бағдарламасы соңғы жылда тез
қарқынмен өсіп келе жатқан мерзімді және жинақтау салымдар бойынша
шығындарын жабуға жағдай жасады.
Банктік шығыстағы көлемі жағынан үлес салмағы ең ірісі мерзімді және
жинақтау салымдары үшін төленетін пайыз шығыстары болып табылады. Соңғы
жылдары бұл шығыс түрі тез өсті. Бұның екі себебі бар: біріншіден, банк
арасындағы бәсекелестің қатты күшеюі, бос ақша – қаражат тарту мақсатында
депозит үшін төленетін пайыздың жоғарлауы және банктік қызмет күндіктілік
өмір қажеттілігіне айналуы халықтың банкке салатын ақша – қаражаттың өсуі.
Екінші себеп депозиттердің үлес салмағының артуы.
Жалпы және әкімшілік шығыстар банктік шығыстың 10% үлесін құрайды.
Бұл шығыстар түріне банктік ғимарат үшін төлем, жөндеу, от қауіпінен
сақтандандыру және т.б. жатады.
Табысқа салатын салық банк шығысының үлкен баптарының бірі. Оның
шығыстағы үлес салмағы 7% құрайды. Бірақ табысқа салынатын салық әр елде
және әр қаржылық институтта әр түрлі болуы банктер арасында бұл шығыстың
үлес салмағыда бірдей емес. Табысқа салынатын салық шығыс баптарының
ішіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады.
Басқа операциялық шығыстарға жоғарыда айтылмаған шығыстар түрлері
жатады. Бұл шығыстар банк жұмысының тиімді жүруін қамтамасыз етеді. Осы
шығыс элементтеріне жарнамаға, инвентар мен материалдар шығындары,
сақтандыруға салым және екінші деңгейлі салықтар кіреді. Сонымен қатар бұл
топқа кеңсе мен бланкке жұмсалған шығындар жатады.

1.3 Коммерциялық банктің табыстылығын талдау әдісі

Коммерциялық банктің табыстылығы банктің барлық саладағы шаруашылық-
қаржылық және коммерциялық іс-әрекеттердің оңды жиынтық көрсеткіші болып
табылады. Банк табысы арқылы дивиденд деңгейінің көлемін арттыруға, барлық
ағымдық шығындарынды жабуға, соның ішінде әкшілік-басқару шығындарын,
пассив пен актив операцияларын дамытуға болады.
Банк табыстылығын баланс активтері мен пассивтерінің тиімді құрылымы
және оны банк қызметкерлерінің сол бағытта мақсатты әрекеттері анықтайды.
Банк табыстылығының деңгейіне әсер ететін басқада факторларға банк табысы
мен шығыстарының ұтымды құрылымы, пайыз маржасын есептеу мен қарыз
операциялар табыстылығының өсу қарқыны жатады. Банк харекетінің табыстық
жағдайларының өтімділік және банк тәуекелдіктерін басқару болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген барлық факторлар коммерциялық банктің
табыстылығын талдау әдісінің мазмұнына әсер етпей қоймайды.
Коммерциялық банктің баланс құрылымын зерттеу негізінде ең алдымен
оның пассивінен бастаған дұрыс, себебі пассивтің көлемі мен құрылымы
активтің көлемі мен құрылымын анықтап береді. Пассив құрылымын талдау
негізінде алдымен меншікті капиталдың баланс соммасындағы үлесі мен
көлемінен бастау керек. Қазіргі таңда коммерциялық банктер меншікті капитал
арқасында пассивтің 8-18% құрайды. Ал тартылған қаржылық ресурстар
пассив құрылымында 70-80%.
Пассив құрымында талдау кезінде банк қаражатын анықтау үлкен мәнге ие.
Меншікті қаражат(брутто) пен меншікті қаражатты (нетто) айыра білу
керек. Меншікті қаражатқа (брутто) меншікті қаражаттан (нетто) басқа
тартылған қаражаттар кіреді. Меншікті қаражат (брутто) меншікті капитал
салымдарынан, меншікті қаражат есебіндегі пайдадан және сақтандыру
резервінен тұрады.
Иммобилацияланған қаражатқа капитализацияланған меншікті қаражаттар,
басқа ұйымдардың харекетіне қатысуыға бөлінген меншікті қаражаттар, бағалы
қағаздарға салынған меншікті қаражаттар, факторингті және қарыздар
кіргізіледі.
Меншікті қаражат(нетто) меншікті қаражат (брутто) мен
иммобилацияланған сомманың айырмасы реттінде анықталады. Бұл көрсеткіш
баланс құрылымын талдау кезінде басты рөл атқарады. Осы көрсеткіш негізінде
Орталық банктердің өтімділік нормативі белгіленеді.меншікті қаражаттың
иммобилацияланған капиталы банк операцияларының өтімділік пен табыстылығын
түсіреді, сондықтан бұл банк басшылығының үздіксіз бақылауында болу керек.
Меншікті ресурстардың сапалық бағалануы олардың үлестік есептеу
негізінде бола алады. Меншікті қаражатындағы құрылтайшылар құрамын талдау
банк жұмысындағы негізгі міндеттері мен бағыттарын анықтауға мүмкіндік
береді. Банк харекетінің көлемділігі жарғылық капиталдың өсу қарқыны бере
алады. Бұл көрсеткіш банктік харекетінің даму деңгейі мен банктің жалпы
жағдайын сипаттайды.
Тартылған қаражатының құрылымын талдауда ең алдымен жалпы соммасы
анықталып, содан кейін келесі топтардың үлес салмағы мен мөлшері
анықталады:
- Мерзімдік депозиттер;
- Талап етілгенге дейінгі депозиттер: кәсіпорындар мен
мекемелердің ағымдық және айырбас шоты, бюджет табысы,
кәсіпорындардың капиталдық салымға негізделген пайдаланбаған
меншікті қаражаты;
- Есеп-айырысу қаражаттары: акцепттелмеген төлем-талаптар,
лимиттелмеген чек кітапшалар шоттары, аккредитив бойынша
пайдаланылмаған қалдықтар;
- Банкаралық несиелер;
- Ішкі операциялар бойынша несиелер;
- Акция мен бағалы қағаздардан түсетін қарадаттар.
Әрбір топтың жалпы соммадағы үлесін анықтау несиелік ресурстарды
қалыптастыруда рөлін сипаттайды. Коммерциялық банктің тартылған
қаражаттарының құрылмынын талдау кезінде талап етілген дейінгі депозиттер
дің үлестік басымдылығы байқалды, әсіресе клиенттердің ағымдық және
еңбекақы шоттары, сонымен бірге банкаралық несиелер.
Алғашқы қаражат көзі көбінесе банк табыстылық негізінде ең тиімді деп
есептелінеді. Пассив операцияларын талдау процесінде банк саясатын анықтау
үшін әртүрлі коэффициенттер пайдалануға болады.
тартылған ресурстардың орташа қалдығының қанша бөлігі несие
беруге орналастырылған. Шетел тәжірибесі бойынша бұл көрсеткіш 75% жоғары
болса банк саясатының қауіпті екендігін көрсетсе, ал 65% төмен болған
жағдайда саясаттың пассив екендігін көрсетеді. Банктің актив операцияларын
талдау табыстылық, өтімділік және тәкелелділік жағынан сипатталады. Содан
кейін табыс әкелетін активтерінің құрылымын мұқият зерттеледі. Сонымен
бірге қысқа, орташа және ұзақ мерзімді қарыздар, банкаралық несиелер,
факторингтік, лизинг операциялар үлесі мен көлемі анықталады. Әсіресе
тәуекелділік пен табыстылық негізіндегі несие салымдары . Несие
тәуекелдігін қарастыру кезінде көлем несиелерді анықтау керек. Осы мақсатта
әртүрлі көреткіштер пайдалануға болады.
Банкте табыс әкелетін және әкелмейтін жалпы активтер соммасын
анықтайды. Содан кейін қауіпті активтердің жалпы актив соммасындағы үлесін
анықталады. Қауіпті активтер соммасына берілген несиелер, сатып алынған
бағалы қағаздар, факторингтік және лизингтік операцияларына салынған жалпы
сомма жатқызылады. Талдау кезінде банк табысына әсер ететін факторлар
анықталып, актив операцияларының қаншалықты рентабелді екендігі
есептелінеді.
Жыл аяғында банк қорытынды жасай келе өз жұмысының пайда деңгейін
анықтайды. Шыққан қорытындыға қарап банк өзінің дисконттік және несие
саясатын белгілейді. Сондықтан банк өз баланс баптарын пайдалана отырып,
белгілі мерзім ішінде табыс пен шығысты есептеп отыру керек. Сонымен бірге
валюта бағамының өзгеруіне байлакнысты банк табысы бірде көбейіп, бірде
азайып отырады. Банк шаруашылық конъюнтураға қарап мүмкін болатын банк
қарыздары мен шығыстар жалпы соммасы болжамдайды. Осындай талдаудың
қажеттілігі өте зор, өйткені банктің қаржы нарығындағы орны бәсекелес
қабілеттілік перспективасы осы бағалаудың шындыққа жақын болуында.
Банк жұмысының сыртқы көрінісі белгілі мерзім ішіндегі табыс пен
шығыс көрсеткіштері көрсетеді.талдау алдында табыс пен шығыс
көрсеткіштерін топтау қажеттілігі туады.
Табыс пен шығыс құрылымын талдауды алдымен әр топтың табыс пен шығыс
жалпы соммасындағы үлесін анықтаудан бастаған дұрыс. Әсіресе операциялық
табыстар 100% жақынға болып, ал өсім қарқыны бірқалқы болуы қажет. Жалпы
табыс соммасындағы бір топтың табыс деңгейінің төмендеп кетуі келесі
топтың табысымен жабуға болады. Осындай ырғақтылықтың байқалуы банктің
актив операциялар басқаруының немесе несие қызмет нарық конъюнтурасының
төмендеуін көрсетеді.

2 ТАРАУ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ

2.1 Банк табысы мен шығысын талдау

Банктің жиынтық табысы келесі түрде (2.1. 1) көрсетіле алады:

Жиынтық табыс = пайыздық табыс + пайыздық емес табыс (2.1.1)

Пайыздық табыс – қарыз бойынша алынған есептелген теңге мен валюта
түріндегі пайыз.
Пайыздық емес табыс – инвестициялық харекеттен алынған табыс
(бағалы қағаздардардан алынған табыс; банктермен, кәсіпорындармен және
ұйымдармен бірлескен харекеттен түскен табыс; валюталық операциялардан;
айыппұл мен өсімнен жиналған табыс және т.б. табыстар).
Қазіргі таңда банктер көптеген төлем қызметтері мен дәстүрлі емес
операция кешендерін кеңейтуде. Мұндай операция түрлерін сенімгерлік,
лизинг, факторинг, клиринг және т.б. операциялар жатады.
Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялармен айналысу арқылы
бірнеше мақсатты көздейді:
- қосымша табыс алу
- корпорацияларға және оның ақша – қаражатын бақылау орнату
- сенімді клиенттермен байланыс құру
- Коммерциялық банктердің сенімгерлік операцияларын екі топқа
бөлуге болады:
- жеке тұлғаға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер – мұрагерлік
өкім, жеке меншікті басқару, қамқоршылық, мүліктің
қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, делдалдық қызмет және т.б.
- ұйымдарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер – активтерге
өкім жүргізу, агенттік қызмет, кәсіпорынды жоюына байланысты
операциялар және т.б.
Коммерциялық банктің тұрақты табысына ұзақ мерзімді табыс көздері
жатады. Тұрақты табыс көзіне көбінесе негізгі операциялардан түсетін
қаражаттар жатады. Тұрақтылықтың жоқтығы бизнестің тәуекелділігін
көрсетеді. Табыстылықтың тұрақтылығын анықтайтын арнайы коэффициенттер
қолданылады.
Банктің құрылымын талдау әр табыс түрінің үлесі мен даму қарқынын
анықтауды білдіреді. Құрылымдық талдаудың мақсаты:
1. банк табыстылығының негізгі факторын анықтайды
2. табыс тұрақтылығын
3. негізгі табыстылық факторы болып табылатын мақсатты банктік қызмет
нарығын одан әрі болашақта сақтап қалуға бағытталған зерттеулер
Коммерциялық банктер табыстылық деңгейін бағалау үшін қаржылық
коэффициенттер қолдануы мүмкін:

K1 = пайыздық маржаактив (2.1.3)

K2 = пайыздық емес табысактив (2.1.4)

K3 = (пайыздық емес табыс – пайыздық емес шығыс)пайыздық маржа (2.1.5)

Жоғарыда келтірілген коэффициенттер негізінде табыс деңгейін
бағалау үшін:
- коэффициент нәтижесінің нақты және нормативті деңгейін
салыстыру арқылы банк табыстылығын рейтинг көрсеткіші
бойынша ауытқу деңгейін анықтауға;
- коэффициентің нақты көрсеткішінің ағымдық және өткен жылғы
нәтижесін салыстыру арқылы банк рейтингісінің түсуі мен
жоғарлауын талдауға мүмкіндік береді. Алғашқы екі
коэффициентің түсуі мен соңғы коэффициентің өсуі банк
рейтингісін жоғарлатады;
- ағымдық және өткен мерзімдегі нәтижесіні салыстыру арқылы
коэффициенттер өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауға
мүмкіндік береді;
Сонымен қатар банктің табысты басқарудағы негізгі міндеті ресурстар
құнының төмендеуі мен несиелік емес сипаттағы қызмет түрлерінің дамуын
қамтамасыздандыратын шаралар қабылдауды жалғастыру.
Банк 2002 жыл мен 2003 жылдар арасында әлемдік стандарт бойынша
пайыздық маржа (K1) талабы 3 – 4 көрсеткішін орындады. Бұл банк
табыстылығын басқарудағы табыстар арасындағы пропорционалдың дұрыс
құрылғанын көрсетеді. K2 көрсеткішінің түсуі несиелік сипаттағы табыс
көлемінің артуынан байланысты болды. Жалпы әлемдік стандарт бойынша K2
дәрежесі 1 артық болу қажет. K3 көрсеткіші әлемдік стандарттан әлде қайда
төмен екендігін көрсетті. Сонымен банк табыстылығын басқаруда несиелік
емес сипаттағы операция түрлерін дамыту және ресурстар құнын азайту болып
табылады.
Коммерциялық банктер шығысы – бұл банк операцияларын орындауға кеткен
және қамтамасыздандыруға жұмсалған ақша – қаражат шығыны.

Көрсетілген коэффициенттерге талданып жатқан банкті мысал ретінде
келтірсек:

Қаржылық коэффициенттерді талдау

2003 ж. 2002 ж.
Активтер 80145653 58221432
Пайыздық маржа 3349251 1955619
Пайыздық емес табыс 1669986 2022792
Пайыздық емес шығыс 2180313 2218974
К1,% 0,04 0,03
К2,% 0,02 0,03
К3,% -0,15 -0,1

Банк шығысы көп түрлігімен ерекшеленеді. Бұларға банк операциялардың
өзіндік құнына жатқызылатын салықтар, ресурстарды тартуға жұмсалған
пайыздық шығыстар: валюталық операциялар бойынша шығыстар; амортизациялық
аударымдар; активтер мен арзан өнімдерінің тозуы; почта мен телеграфқа
кеткен шығыстар; канцелярлық шығыстар; банктік қызметті жақсартуға
жұмсалған шығыстар және т.б. шығыстар.
Шығысты талдаудағы негізгі бағыттарға мыналар жатады:
- жалпы шығыстар деңгейін бағалау;
- жалпы және жеке шығыстар деңгейі мен тербелісін бағалау;
- шығыстарды құрылымдық талдау;
Бүкіл және жеке шығыстардың мөлшері тек абсолюттік көлем мен өсу
қарқыны бойынша бағалауға болмайды.Өйткені банк көлемінің өсуі активтердің
өсуіне әкелсе, ал бұл өз кезегінде шығыстардың абсолюттік көлемінің өсуіне
әкеледі. Сондықтан жеке шығыстардың өзгеруін бағалау үшін салыстырмалы
көрсеткіш қолданады.
Шығыстың құрылымдық талдауы негізгі шығыстар түрлерін анықтап,
олардың тербелісі мен өсу себептерін мұқият талдап шығу үшін қажет.
Шығыстар пайыздық және пайыздық емес, тұрақты және тұрақсыз, ағымдық және
т.б. болып бөлінеді. Мұндай топтастыру шығындардың өсуіне әсер ететін
негізгі факторды анықтайды.
Шығысты талдау табыс талдауындағы жоспар бойынша жүргізіледі. Ең
біріншеден баланс баптары бойынша шығыстар топтастырылады:

Жалпы шығыстар = пайыздық шығыстар + пайыздық емес шығыстар (2.1.6)

Жоғарыдағы формула бойынша әр компонентті жеке бөліп қарастыратын
болсақ:
1) пайыздық шығыстарға жазылып, төленген теңге мен валюта түріндегі
пайыздар;
2) пайыздық емес шығыстарға операциялық шығыстар (почталық және
телеграфтық шығыстар; корреспонденттік қатынас пен қызмет үшін
төлентен комиссиялық шығыстар; валюталық операциялар бойынша
шығыстар) және пайыздық емес шығыстар (банк қызметін қамтамасыз
етуге жұмсалған шығыстар мен басқада шығыстар) жатады.
Банктік шығысты талдау кезінде алдымен жалпы шығыстар соммасындағы
шығыстар топтарының үлес салмағы мен тербелісі анықталады.
Пайыздық шығыстар жалпы шығыстар соммасында үлкен бөлік құрайды (70%
айналасында). Өйткені пайыздық шығыстардың өсуіне әсер ететін факторлар
обьективті сипатты иеленеді. Бірақ банк кейбір шығыстарды өз күшімен
төмендетіп, банктің пайда деңгейін өсіре алады.
Банк басшылығы үлес салмағы жоғары шығыстарды азайтуға белсенді қызмет
атқару қажет. Банк харекетін қамтамасыз ететін шығыстарды қысқарту дұрыс
болмағандықтан, айыппұл мен өсім шығыстарын азайтуға болады.

2.2 Банк пайдасын талдау

1) Коммерциялық банктің пайдасы дегеніміз банк табысының шығысынан
асып түсуі. Жалпы пайданың соммасы жалпы табыс соммасы мен
жалпы шығыс соммасының айырмасы ретінде анықталады.
Пайда талдауын банк операцияларының табыстылығынан бастап, пайдаға
әсер ететін факторларды анықтау керек. Жалпы банкте қалатын пайда соммасы
үш компоненттердің қай факторы пайдаға әсер ету күшін анықтау керек.
Банктің жылдық пайда өсімін бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру
қажет. Керісінше жағдайда нақты табыс көлемі азайып банк капиталының
төмендеуіне әкеледі. Сондықтан банк пайдасының көлемін талдау кезінде
инфляция қарқынын есепке алу қажет.
Нақты әр операциялар бойынша табыстылықты анықтау банк үшін үлкен
маңыз алады.
Коммерциялық банктердің деңгейі қаржылық коэффициенттер мен факторлық
талдау негізінде бағаланады.
Пайдалылық деңгейі мен банк қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк табыстылығын басқару
Банк менеджменті және экономикалық процесстерін басқару
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Коммерциалық банктердің сипаттаушы көрсеткіштері
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы
Бағалы қағаздарды басқару портфелі
Банк секторының қаржылық
Альянс Банк
Облигацияларды зерттеу
Пәндер