Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 АЙЫРБАС БАҒАМНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫҚ ЭКОНОМИКАДА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Айырбас бағамдары және оны макроэкономикалық талдау ... ... ... ... ... ...15
2.2 Ашық экономикадағы Манделл . Флеминг моделiндегі айырбас бағам ... 19
2.3 Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі және валюталық бағамды реттеуге байланысты жүргізетін операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi. Сонымен қатар еліміз алдағы жылдары БСҰ кіруіне байланысты әлемнің барлық елдерінің валюталарымен тең құқылы негізде бәсекеге түсуіне тура келеді және ол елдермен сауда-саттық кезінде ұлттық валютамыздың айырбас бағамының деңгейі маңызды болып табылады. Өйткені біздің елдің экономикасы макроэкономикалық тұрғыдан айтқанда кіші ащық экономика, яғни экономикамыз әлемдік экономикалық өзгерістер мен пайыздарға тікелей байланысты. Бұл дегеніміз еліміз әлемдік бағаларға өз әсерін тигізе ацлмайды, ал әлемдік бағалардың өзгерісі ұлттық экономикаға тікелей әсер етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар кезінде айырбас бағамын макроэкономикалық сипатта кіші ашық экономикада талдау керектігі анықталды.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы «Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы» деп алынды.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, әлемдік шаруашылықтағы халықаралық валюталардың қозғалысын, олардың ашық экономикадағы іс-әрекетін, айырбас бағамынының макроэкономикалық сипатын анықтау, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Валюталық жүйенi талдамас бұрын “валюта” терминiнiң мәнiн ашып алайық. Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Ендi осы валюталық қатынастарға, олардың қызмет етуiне, валюта бағамына кеңiнен тоқталайық.
1. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. - Алматы: Экономика, 2000ж.
2. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
4. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.
5. С.Б.Мақыш Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
6. Бұхарбаев Ш.М. Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
7. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
8. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
9. Дорнбуш Р., Фишер С. - Макроэкономика. - Пер. с англ. – М.: Изд-во МГУ. - 1997. – 784 с.
10. Валюталық реттеу туралы Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
11. Мэнкью Н.Г. - Макроэкономика. – Москва. - 1994 г. – 630 с.
12. Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы, Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
13. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы, ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.- 446 с.
15. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда жағдайын
анықтайтын негізгі көрсеткіш
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12

2 АЙЫРБАС БАҒАМНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫҚ ЭКОНОМИКАДА
ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1. Айырбас бағамдары және оны макроэкономикалық талдау
... ... ... ... ... ...15
2. Ашық экономикадағы Манделл – Флеминг моделiндегі айырбас бағам ... 19
2.3 Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі және валюталық бағамды
реттеуге байланысты жүргізетін операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi
сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және
мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi
даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық
валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi. Сонымен қатар еліміз алдағы жылдары БСҰ
кіруіне байланысты әлемнің барлық елдерінің валюталарымен тең құқылы
негізде бәсекеге түсуіне тура келеді және ол елдермен сауда-саттық кезінде
ұлттық валютамыздың айырбас бағамының деңгейі маңызды болып табылады.
Өйткені біздің елдің экономикасы макроэкономикалық тұрғыдан айтқанда кіші
ащық экономика, яғни экономикамыз әлемдік экономикалық өзгерістер мен
пайыздарға тікелей байланысты. Бұл дегеніміз еліміз әлемдік бағаларға өз
әсерін тигізе ацлмайды, ал әлемдік бағалардың өзгерісі ұлттық экономикаға
тікелей әсер етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар кезінде айырбас
бағамын макроэкономикалық сипатта кіші ашық экономикада талдау керектігі
анықталды.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы Халықаралық валюта қозғалысы және
айырбас бағамы деп алынды.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық
валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, әлемдік шаруашылықтағы
халықаралық валюталардың қозғалысын, олардың ашық экономикадағы іс-
әрекетін, айырбас бағамынының макроэкономикалық сипатын анықтау, оның оның
пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам
және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан
Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық
операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық
экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Валюталық жүйенi талдамас бұрын “валюта” терминiнiң мәнiн ашып алайық.
Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп
мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi
немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат
жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда
жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма
–қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ
шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Ендi осы валюталық қатынастарға, олардың қызмет етуiне, валюта
бағамына кеңiнен тоқталайық.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ
ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

1.1 Валюталық бағам және оның экономикадағы маңыздылығы

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің
ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел
валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол
мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге
елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел
валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша
пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға
айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық
және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып,
олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін
қарастрайық. 1, 175 б

Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi.

Валюталық бағам – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр
елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын
салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын
обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға
байланысты өзгередi.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп
қарастыруға болады;

Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б.

Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк
бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi,
дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;

Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б. 2, 302 б

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi
дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.

Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның
базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң
ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын
сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.

Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның
жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-
да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .

Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытырын
анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi,
техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар. 3, 266 б

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық
операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз
жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел
валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе
сатып алу , ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив
арқылы анықталады.

Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және
мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi
жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша
жүзеге асады . мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны
айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы
бойынша жүзеге асады .

Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын
ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам
қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар
бойынша.

Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және
экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар . Оған
жататын орташа бағамдар – сатушы және сатып алушы бағамдарының
арифметикалық ортасы . Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ , бiрақ
оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.

Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған.
Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке
ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен
анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу
үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық
қоржындар болады.

Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк
қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер
ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау
үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының
құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және
осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын
көрсетедi. 4, 141 б

Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және
нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған . Нақты
валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi
бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының
индекссiн бiлдiредi. 3, 279 б

Атаулы бағам – ол екі елдің валюталарының айырбас бағамы. Мысалы, 1
доллар – 120 теңге атаулы бағамы бойынша халықаралық нарықта 1 долларды 120
теңгеден айырбастаймыз. Нақты бағам – ол екі елдегі тауар бағасының қатысы.
Яғни, біздің елде шығарылған тауар бағасын басқа елдегі шығарылған тауар
бағасымен салыстыра айқандау болып табылады.

Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталған топқа жататын
елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының
өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi .

Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды
және нақты түрде есептеледi.

Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:

1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу
түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-
ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық
валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде
дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-
күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. 5,
14 б

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а)
еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық)
валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін
айырбасталатын валюта болып табылады.

3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын
құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа
елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша
валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен
немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып
табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.
Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал
дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға
немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді. 6, 42 б

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды.
(мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға
көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын
сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен
анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

3) Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi. 6, 42 б

Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi
көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның
қажеттігі:

• Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы
барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны
шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
• Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді
салыстыру;
• Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта
бағалап отыруға.
4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық
шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және
басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде
немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық
шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық
шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi . 7, 183 б

Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :

• төлем балансын теңестiру;
• валюталық бағамды қолдау;
• ағымдағы және стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң
қолында валюталық бағалықтардың шоғырлануы;
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :

• валюталық операцияларды Орталық және өкiлеттi банктерде
орталықтандыру;
• валюталық операциялар жасау үшiн рұқсат қағазының берiлуi ;
• валюталық шоттарды жартылай немесе толық жабу;
• валюталардың қайтарымдығын шектеу.
5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері,
СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын
өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі
нреттеу.

6) Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

7) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;

8) Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы. Оларға
елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, валюталық бақылау ұйымдары және
т.б. жатады. 8, 318 б

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементеріне келесілер жатады:

1) Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық
валюталық өлшем);
2) Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
3) Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
4) Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
5) Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-
ді, еуроны);
6) Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
7) Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
8) Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап
Халықаралық валюта қоры бекітілді. 4, 167 б
Өз кезегінде валюталық бағам айырбасқа қатысушылар үшін валюта
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны
екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға,
қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық
деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі
болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның
көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай
салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде
инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.
Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:
1. Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны
әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын
валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып
алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады.
Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың,
қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен
елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген
кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының
салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге
болады.
2. Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті
төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік
борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем
балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып,
өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел
валютасына сатады. 6, 43 б
3. Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз
мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда
халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер
етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын
ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық
капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
4. Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу
беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген
валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын
сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық
арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы
олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын
кеңейтеді.
5. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі.
6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта
бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады.
Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның
сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының
арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде
есепке алады. 6, 43 б
Кез келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс
атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына
қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің
тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады.
Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті
тәртіптемесі әрекет етеді:
• Валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы
бағамдар;
• Орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек
қоятын валюталық дәліздер;
• Алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын
шектеулі құбылыс;
• Күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды орталық банк ұстап
тұратын реттелмелі құбылыс;
• Таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын
қолдануға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқарыу;
• Бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
• Елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру
саясаты; 5, 14 б
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін валюталық бағамды
реттеудің маңызды құралы болып саналады. Валюталық ауыстырымдылық дәрежесі
валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асырылатын
операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзін валюталық бағамның серпінін
анықтай алады.

1.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда
жағдайын анықтайтын негізгі

көрсеткіш

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты
елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық
өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен
мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.

Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және
түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.

Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар

1. төлем балансы;
2. есеп айырысу балансы;
3. халықаралық қарыз баланысы; 3, 264 б
Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында
мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен
соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем
балансы болады.

Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде
жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен
түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр
мерзiмнiң тқлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi.
белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен
тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық
қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын
бiлуге көмектеседi.

Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы
активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы
пассивтi деп аталады.

Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары төмендегiей:

• төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер
кiредi;
• есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен
мiндеттемелерi кiредi;
• есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер
көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген
несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн
өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
• төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк
немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы
болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк
болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар
бойынша пассивтiк болады;
• төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал
есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар
айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды. 3, 265 б
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк.
Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем
балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.

Төлем балансының құрылымы

1) “Ағымдағы операциялар балансы”

1. сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен
түсiмдер): 3, 264 б

а) экспорт

б) импорт

2. Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент
бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )

2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”

Сауда балансы – экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша
төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса,
онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық
болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады

Көрсетiлген қызметтер балансы – ол формасы бойынша да және
экономикалыө мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге
коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен
түсiмдер бiрiктiрiледi.

Капитал және несие қозғалысының балансы – ол жеке және
мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша , алынған және
берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсiмдердiң
арақатысы.

Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендеушi елдердiң
статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп
айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының
жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады. 9, 139
б

Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi
және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға –
ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал
баланстандырушы тараулырға - валюталық резервтiк қозғалысы, ал
баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердiң қозғалысы , қысқа
мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi,
сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк ұйымдардың
несиелерi және т.б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi
жатады. Баланстың негiзгi және баланстандырушы тараулардың қорытынды
көрсеткiштерi бiрiн-бiрi өзара өтеу қажет, яғни баланс формальды
тепе-тең болуы қажет.

Төлем балансының тепе-теңдiкке әкелетiн ақырғы әдiс – мемлекеттiң
ресми алтын валюталарын қолдану. Халықаралық мiндеттемелердi өтеу
құралы – еркiн айырбасталатын шетел валютасын алу үшiн – ХВК – ның
бiр елдiң шотнан екiншi елдiң шотына валюта аудару арқылы – СДР
қолданыла бастады. Ал 1979 жылдан ЕВЖ-ге мүше елдер осы мақсатқа
ЭКЮ-да қолдана бастады. 4, 129 б

Халықаралық есеп айырысу бойынша елімізде келесі операциялар іске
асырылады::
• Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
• Құжатталған инкоссомен есеп айырысу операциялары;
• Банктiк операиялар бойныша есеп айырысу операциялары.
Құжатталған аккредитив – акккредитивке көрсетiлген құжаттарға қарсы
экспортердың пайдасына өзiнiң бұйырушы клиентерiнiң өтiнiшi бойынша
жасайтын аккредив ашушы банктiң мiндеттемесi.
Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген
құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзiне
алған мiндеттемесi.
Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының жасаған тапсырмасы
негiзiнде барлық есеп айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң
шотына есепке алынуын бiлдiредi. 10

2 АЙЫРБАС БАҒАМНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫҚ ЭКОНОМИКАДА
ҚЫЗМЕТ ЕТУІ

1. Айырбас бағамдары және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
ҚР айырбас бағамы мен есептік мөлшерлемені реттеу
Кiшi ашық экономика
Ұлттық валюталар
Сыртқы сауда туралы
Валюталық операцияларды тіркеу
Қазақстан Республикасының төлем балансындағы капитал қозғалысының есебі
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар
Пәндер