Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР
МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ … . . . 6
1. 1. Жетісудағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы . . . 6
1. 2. Оңтүстік Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер
тарихының зерттелуі . . . 16
2. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР
МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ . . . 30
2. 1 Орталық Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендердің
зерттелуі . . . 30
2. 2 Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендердің
зерттелуі . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігіміз жарияланған уақыттан бергі кезеңдегі жаңа жағдай, жаңа талаптар біздің жүріп өткен жолдарымыз бен рухани- мәдени үрдістерімізді жаңаша саралап, болашаққа тың көзқарастармен қарауға жетелеп келеді. Қазақ тарихнамасындағы ғылыми негізде әлі де нашар зерттеліп келе жатқан мәселенің бірі баспаналары мен тұрғын үйлері тарихы. Бұл мәселе көлемінде кешенді түрдегі зерттеулердің болмауы қазақтардың шаруашылығы, өмір тіршілігі, салт-дәстүрі туралы біржақты түсініктерге орын беруде. Дәлірек айтқанда, қазақтарды көшпелі болғандықтан баспанасы жұпыны киіз үймен шектелген, құрылыс ісін, архитектураны тұрақты мекен-жайды білмеген, бұл салалардан хабарсыз халық ретінде көрсету басым болып келе жатқаны белгілі. Ал бұл түсініктер жалпы қазақ халқы үшін тарихи шындықты білмейтіндердің, еуроцентризмнен арыла алмай келе жатқандардың көзқарастары. Міне дәл осындай түсініктердің дұрыс еместігін біздің тарихшылар мен этнографтар әлі де болса ғылыми тұрғыда дәлелдеп, жоққа шығара алмай келеді.
Біріншіден қазақтың елді-мекендері мен қыстауларының қалыптасу және даму тарихы біршама зерттелгенімен, әлі де болса нақтылауды, салыстыра талдау негізінде ерекшеліктерін айқындауды қажет ететтін жақтары баршылық. Сонда ғана, қазақтың қыстаулары мен елді-мекендері жөніндегі кейбір қарабайыр, біржақты түсініктерге тойтарыс берілер еді. Екіншіден, қазақтарда киіз үймен қатар, тұрақты елді-мекендердің де болып келгендігі кең көлемде зерттеліп айтылмай келеді. Алдымен сол көшпелілер мен жартылай көшпелілерде қыстау үйлердің болғандығы, ал отырықшы аймақтарда тұрақты елді -мекендердегі баспаналар мен үйлердің көптеген түрлерінің ежелден - ақ кең түрде пайдаланылып келгендігі арнай зерттеулерді қажет етеді. Үшіншіден, осында әртүрлі баспаналар мен үйлердегі тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, үй жануарлары, қосалқы шаруашылықтар тарихы да арнайы зерттелсе елді-мекендер тарихы ғана емес, еліміздің тарихы да толыға түсер еді.
Міне осындай мәселелерге тарихшылар қауымының назарын аудару үшін біз қыстаулар мен елді-мекендер тарихы мәселелерін диплом жұмысының тақырыбы етіп арнайы алып отырмыз. Әрине бұл шағын диплом жұмысыннда тақырып көлеміндегі барлық мәселені қамту мүмкін емес. Біз «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, сол көлемде біраз шаралар іске асырылып жатқанда, қазақтың баспанасы, елді-мекендері туралы жарық көрген кейбір еңбектерге, олардағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқтала отырып, әлі де зерттеуді қажет ететін жақтарына көңіл аудармақпыз.
Қазақтардың ХҮІ - ХІХ ғғ. қыстаулары мен елді мекендері жөніндегі ғылыми зерттеулерді тарихшылар ғана емес, этнографтар, археологтар, тіпті әдебиетшілер мен архитекторлар да жариялаған. Мұндай әртүрлі ғылым салалары өкілдерінің бұл мәселемен айналысуы және олардың еңбектерінің мазмұндық ерекшеліктері тарихнамалық тұрғыда талдауды және бағалауды қажет етеді. Сол себепті де біздің тақырыбымыздың өзектілігі мен қажеттігі дау тудырмайды деп ойлаймыз.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Қазақстандағы ХҮІ - ХІХ ғғ. қыстаулар мен елді мекендер туралы мәселелер тарихнамалық тұрғыда мүлде ал тарихи тұрғыда ұзақ уақыт бойы арнай зерттелмей келді. Олар туралы мәселені ғылыми негізде алғаш көтергендердің бірі Ә. Х. Марғұлан болды десек артық айтпаймыз. «Ерте дәуірдің архитектурасы» атты еңбегінде және «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» кітабында көне дәуірлерден бастап соңғы кездерге дейінгі қазақ даласындағы қоныстар мен елді мекендердің және олардағы архитектуралық құрылыс жүйелерінің қалыптасуы мен дамуы туралы мәселелердің зерттелу туралы кейбір көзқарастарға тоқталады. [1. 2]
Мәселенің тарихнамалық тұрғыдағы барынша кеңірек талдануын С. Ж. Жолдасбайұлының еңбегінен ғана кездестіреміз. Еңбектің кіріспесінде тұрақ жайлар туралы мәселенің бірнеше зерттеушінің еңбегінде айтылғаны атап өтіледі де, «Тақырыптың зерттелу тарихнамасы және деректерге талдау» атты бірінші тарауында барынша кеңірек тоқталады. Ш. Уәлихановтың, А. Левшиннің, В. Бартольдтың, Ә. Х. Марғұланның, К. Пищулинаның, А. Бернштамның, Н. Мыңжанұлының, К. А. Ақышевтың, К. М. Байпақовтың, В. Востровтың, О. А. Исмағұловтың еңбектеріндегі қыстаулар, елді-мекендер, олардағы құрылыс орындары мен олардың ерекшеліктері туралы тұжырымдарына талдау жасалған. Біз әзірге С. Жолдасбайұлының осы еңбегінен басқа арнайы қыстаулар мен елді-мекендер тарихына арнай тарихнамалық талдау жасаған еңбекті көре алмадық.
Жалпы алғанда жоғарыдағы тақырыптың тарихнамасы мәселенің ғылыми негізде арнайы, кешенді түрде зерттелмегендігін айқындайды. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, әрі қажеттігі тағы да анықтала түседі деп ойлаймыз.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысы ХҮІ - ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы кеңестік және тәуелсіздік кезеңдерінде - 1917 жылдан 2009 жылға дейінгі жарық көрген еңбектерді тарихнамалық тұрғыда зерттеуге арналған.
Диплом жұмысының деректік негізі. ХҮІ - ХІХ ғ. басындағы Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихы туралы жазылған еңбектерді мазмұны, түрі бойынша екі топқа бөлуге болады.
Олардың алғашқысы, сөз жоқ, монографиялық арнайы зерттеу еңбектері. Ал тарихшы емес зерттеушілердің, мәселен архитекторлардың және тағы басқалардың қыстаулар мен елді мекендер, олардағы құрылыстар туралы мәселелерге арналған кітаптары, кітапшалары мен мақалалары да құнды тарихнамалық деректер болып есептеледі және тарихнамалық деректердің екінші тобын құрайды.
Бұл аталған екі топтағы ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары, олардың ғылыми тұжырымдарының, концепцияларының қалыптасу барысын, жалпы қыстаулар мен елді мекендер тарихының дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты ХҮІ - ХІХ ғғ. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер туралы еңбектерді тарихнамалық тұрғыда талдау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет деп есептедік:
- қыстаулардың қалыптасуы, оның ерекшеліктері мен барысы туралы пікірлерді айқындау,
- Жетісудағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасын;
- Оңтүстік Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихының зерттелуін;
- Орталық Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуін;
- Батыс Қазақстандағы қыстаулар мен елді-мекендердің зерттелуін айқындау
Жұмыстың нысаны мен пәні - Қазақстанның ХҮІ-ХІХ ғғ. қыстаулар мен елді мекендердің қалыптасуы, дамуы туралы жазылған еңбектердегі көзқарастар мен тұжырымдар.
Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда дүниежүзілік әлеуметтанушы ғылым саласында методологиялық плюрализм бағыты кең орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан да біз дәстүрлі және жаңа методологиялық мектептер мен бағыттарды қатар пайдалануға тырыстық. Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер жөніндегі жекелеген еңбектердегі көзқарастарды талдау үшін өркениеттік көзқарастардағы тұжырымдамалық қорытындыларды пайдаландық. Бұл методологиялық бағыттарды пайдалану барысында салыстырмалы-тарихи, логикалық, мәселелік-хронологиялық талдау тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ЖЕТІСУ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫСТАУЛАР
МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТАРИХНАМАСЫ
1. 1 Жетісудағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
С. Ж. Жолдасбайұлының «Жетісу тарихы» атты монографиясында Жетісу аймағындағы ХҮІ-ХІХ ғғ. елді-мекендердің пайда болуын, қола дәуірінен ХІХ ғ. екінші жартысына дейінгі даму тарихы ғылыми тұрғыда зерттелген. Ғылыми еңбектің үшінші бөлімі « Қазақ халқының елді-мекен, қоныс жайларының даму тарихы және олардың зерттелу тарихы» деп аталады. [3]
Ғалым осы бөлімде қазақ халқының елді-мекендерін ХҮ ғасырдан бастап зерттеу үшін ежелгі дәуірлерде осы кең байтақ жерімізді мекендеген ру-тайпалардың елді -мекендерін, қоныс жайларын зерттеу арқылы байланыстың қандай дәрежеде болғанын және ол қоныс- жайлардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып жатқаны заңды құбылыс деген негізгі мәселенің мәнін ашады. Ежелгі дүниеден бастап елді-мекенді жүйелі түрде зерттеудің өзі ғалымның қажырлы еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылғанын көреміз.
Ғалым өз еңбегін ХҮІ ғасырдан бастамай оны сонау ерте кезден бастаудың өзінің сыры бар екені байқауға болады және ғылыми айналымға түспеген деректерді қолдана отырып тарихтың ашылмай жатқан сырларын ашуға баса көңіл аударған.
Ғылыми еңбекте жеріміздегі елді- мекендердің ежелгі қола дәуірден бастау алатынын дәлелдеген энциклопедист ғалым академик А. Х. Марғұланның «Ерте дәуірдің архитектурасы » деп аталатын ғылыми құнды еңбегіне шолу жасап, баға береді. [1]
Академик Ә. Х. Марғұлан, өзінің еңбегінде археологиялық қазба жұмыстарының қортындыларына сүйеніп, құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп, өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен бастау алатынын анықтап: « Тарихи топография үйсіндер мен қаңлылардың қыстақ-кенттерінің үш типі болғанын көрсетеді :
1. Қыстақтардың тау өзендердің аңғары мен тау етегіндегі сайларда орналасқан ірі тұрақтар (қыстау) . Үйсін тұрақтарының қалдықтары Алатаудың бүкіл етегінде, қазіргі Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қарғалы, Ақсай, Қаскелең қыстақтарының төңірегінде жиі кездеседі.
2. Қыстақтардың екінші типіне толық отырықшы болып егіншілікпен айналысқан қыстақ-кенттер тобы жатады.
3. Қыстақтардың үшінші типі- тайпа одақтарының күшейген дәуірінде туған астана-қалалар»- деп қоныс жайлардың бөлінгенін анықтап, оларға жеке-жеке түсініктеме беріп, олардың археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған орындарды көрсетеді. Бұл деректен біз үйсіндер мен қаңлылардың тұрақ қоныстардың болғанын және олардың қандай дәрежеде дамығанын байқадық. Осы қоныс жайды бөлуде кейбір ескеретін жағдайлардың мәніне ғалым көңіл аударған, Ә. Марғұланның қала мен кентті екі типке бөлу дұрыс еместігін нақты дәлелдерді келтіріп дәлелдеген.
Автор елді-мекендердің атауларына ерекше тоқталып мынандай пікір білдіреді: Халқымыздың тұрақты қоныс - жайларының болғандығын анықтауда, қыстау, қыстақ, кент немесе қала, шәһәр, қорған, бекініс, қамал, уақытылы қорғандар сияқты сөздердің өздеріне тән мән-мағынасын толық ажырата білу қажет . Ғасырлар тереңінен, қазақ топырағында жаратылған ру-тайпалардың өсіп- дамуымен қатар бірге жасап-дамып келе жатқан сөздер. Тұрақты мекен-жайлардың әртүрлі атауларының болуының өзі-ақ қазақ жеріндегі отырықшылықтың, ол жартылай немесе тұрақты отырықшылық болсын халқымыздың өзімен көрші жатқан отырықшылықпен айналысатын елдермен байланысының нәтижесінде болсын, кейбір шапқыншылықтың әсерінен Қазақстанға келіп, олардың тұрғындары мен араласудың бір-біріне әсер етудің нәтижесінде болсын, әйтеуір жерімізде тұрақты мекен-жайлардың салынғандығы айдай анық. Осы айтылғандардан біз қазақ жерінде тұрақты қоныс жайдың салынғанын елді мекендердің атауларынан ақ анық байқайтынымызды автор нақты көрсетіп берді.
Қазақ жерінде елді-мекендердің әрқайсысының атауының болуы отырықшы елдің өмір сүргенін анық байқатады және атауларының қазірге дейін ұрпақтан -ұрпаққа беріліп келе жатқанын көреміз. Қазіргі кезеңде қаладағы, ауылдағы кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысып таулы жерлерде қыстақ- қыстаулар салып онда өмірдің қазіргі кезеңіндей ғып құрлыстар салып жатқанын білеміз.
Елді-мекендердің атауының болу және ол атаулардың қазірге дейін сақталуы бұл тарихтың тоқтамай үздіксіз диалектикалық даму жағдайында болғанын көрсетеді.
С. Жолдасбаев өз еңбегінде осы мәселені зерттей келе негізгі қортындыға келген: « Қыстау мен қыстақтардың дамуы тарихи жағдайға әлеуметтік - экономикалық жағдайларға көп байланысты болған. Егер қыстаудың салынған жері тарихи тұрғындарын әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайын қанағаттандыратын болса ол қыстаққа айналып, ал қыстақ ірі қалалы дәрежеге көтеріліп ірі елді мекендерге айналып отырған. Жеріміздегі атақты ірі қалаларымыз Сауран, Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам сияқты т. б. қалалар өздерінің алғашқы кезін сонда қыстау, қыстақ сияқты елді-мекендерден бастаған. Қыстау - ол уақытша қыстың суық кезінде мекендейтін тұрақ жайлар салынған жерді айтқан. Қыстақ - бір орында тұрақты өмір сүретін шағын елді-мекендерді айтады. [3]
Ғалым қандай мәселені зерттемесін оларды дәлелдеу үшін бірнеше дәлелді себептерді көрсетеді, яғни бұл әдіс-тәсілдің өзі тарихи бір жағдайдың нақты болғанын және дәлелді шындық екенін ғылыми тұрғыда көрсете білген дарынды ғалым екенін байқауға болады.
С. Жолдасбаев қыстау мәселесін зерттеген кезде К. А Пищулинаның, А. Левшинның, Н. Харузиннің, Шоқан Уалихановтың, Фазлаллах Ибн Рузбиханның, П. Хворостанскийдің, Н. М. Карамзиннің еңбектеріндегі мәліметтерді дерек ретінде пайдаланған.
Осы қыстау мәселесінде тағы бір дерек ретінде орыс ғалымдарының еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалана білген. С. Жолдасбаев А. Левшинның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацих орд и степей» деген еңбегіндегі деректерді пайдаланған. Осы еңбек 1832 жылы баспадан шыққанан бері қазіргі уақытқа дейін қазақ өмірін зерттеушілердің ешбірінің назарынан тыс қалған емес. [5]
Н. Харузиннің « История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монголских народностей России» деген еңбегін дерек ретінде қолдана білген. Онда Балқаш бойында қазақтардың ХҮІІІ ғасырда тұрақты қыстауы болып, онда қора-жай салғаны жайлы жазады. Бұл дерек қазақ халқының тұрақты өмір сүргені сонау ерте заманнан келе жатқанын байқататынын көрсетеді.
Бұл деректерді нақтылап көрсетуі қыстаулардың даму барысында ол қалаға айналатынын байқату еді. Сонымен қатар тарих беттерінде жазылған отарлау саясатының мәліметтеріне қарсы, қазақ халқы таза көшпелі ел деген теорияға қарсы жинақталған дәлелді соққы болып есептеледі.
Сонымен қатар “Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков” деген еңбек бұл этнологиялық зерттеуден ежелгі тайпалар бір жерде қыстап, тұрақжай салған деген теория қазіргі кезде көрнекті археолог К. Ақышевтың археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен дәлелденіп отыр. Қазақстанның ХV-ХVІІ- ғасырларының саяси-әлеуметтік-экономикалық жағдайын зертеген ғалым көрнекті тарихшы К. А Пищулинаның “Юго-Восточный Казахстан” еңбегінде “иайлық”( жайлау), “қишлақ”( қыстау) деген сөздердің кездесуі сол ХІV-ХVІ ғғ. жайлау, қыстаулардың болғанын хабарлап тұрғанын С. Жолдасбаев дерек ретінде пайдаланған, ал «Письменные восточные источники о присырдарьинских городах Казахстана ХІV-ХVІІ вв. » - жазған еңбегінде К. А Пищулина парсы-түрік деректеріне сүйене келе мынандай қортындыға келгенін байқауға болады:
Бұл зерттеуден біз елді-мекендердің экономикалық байланысы негізгі байланыс екенін және басқа байланыстың экономикалық байланыспен дамып жетілетінін байқаймыз . [6. 22]
Осы қыстау мәселесіне байланысты ғалым Ш. Уәлихановтың, К. Струве, Г. Потанинның, В. Остафьевтің, С. Ахинжановтың зерттеген деректеріне сүйеніп қазақ халқының тұрақты қыстауының болғаны, ол ұрпақтан -ұрпаққа мұрға беріліп отырғанын дәлелді дерек ретінде қолдана білген.
Ғалым В. В. Востров, И. В. Захарова “ Казахское народное жилище” деген еңбегіндегі қазақтар Балқаш, Бетпақдалада, Мойынқұмда қыста көшіп жүруге қолайлы жайлым болмағандықтан бұл аймақта тұрақжай өркендемеді деген пікірлерімен келіспейтінін былай білдіреді:” біріншіден, Бетпақдала мен Мойынқұм ешқашан қысқы жайлым болмаған. Керісінше Бетпақдалада қазақтардың жайлауы болған, ал екіншіден жоғарыда келтіріліп отырған деректердің өзінде бұдан 100-150 ж. бұрын қысқы жайлымдар ХҮІ-ХҮІІ ғғ. бөлініп қойылған. Ал тұрақ-жай “дамымай” қалған себебін басқа жақтан іздеген жөн ” деген қортындыға келеді С. Жолдасбаев. [23]
Ғалым өзі қолданған деректерді саралай келе қыс- таулардың орналасқан жерін екіге бөледі: оның біріншісі қыстаулар таулы аймақтардың күнгейлі шатқалдарына орналасқан, ал екіншісі ірі өзен бойларының ну тоғайлы жерлерінде бой көтерген деп қыс- тау дың дамуын сонау ерте кезден бастау алып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын нақты көрсете білген. Осы қыстау мәселе- сіне байланысты С. Жолдасбаевтың «Қыстаулар - тұрақты ғұмырдың белгісі» деген мақаласында да көруге болады: - « Сонымен жерімізде қыстаудың пайда болу тарихы ғасырлар тереңінде жатқандығын, онда өмір сүрудің мол тәжірибесі көне дәуірлерден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жалғасып келе жатқан дәстүр деп ұғынған жөн. Қыстау басқа қоныстарға қарағанда ауыспалы болуды көтермейді. Сол үшінде қыс- тау болатын жер алғашқы кезден-ақ мұқият таңдалып алынуға тиіс. Ол үшін, қыстауға қолайлы жерді таңдап алуда негізінен қан- дай қолайлы жағдайлар талап етіледі:
1. Қыстауға алынатын жерде, тұрақ жай салуға қажетті табиғи құрылыс материалдары мол болуға тиісті.
2. Қыстау тұрған жер немесе оның аймағы қыстың суық күнінен сақтану үшін табиғи отын-су көзіне ырғын болу керек.
3. Негізгі басты мақсат мал басын қыста аман алып шығу үшін, қысқы жайлымның шөбі мол болумен қатар, қыстың ызғарлы қарлы боранынан малды орғайтындай тоғайлы не жел тимейтін қалтарас жерлер болуға тиіс.
4. Қыстаудың тұрған жері ит-құстан, (қасқырдан), ұры-қарыдан, барымта - жаугерлерден сақтана алатындай табиғи бекіністі келген ыңғайлы жерлерге салынуы керек.
5. Қыстаудың тұрған жері қыстың қысқы күнінің тапшылығын ескеріп күңгейлі, жел тимейтін өзекшелерге салынғанын, тарихи тұрғындар мұқият ескерген.
6. Қазақтар қыстау маңында егін салу жағында қарастырған . [3]
Ғалымның қыстау-қыстақ салған кезде еске сақтайтын талаптары, қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты зерттеушілердің еңбектерінде кездеспеуі осы мәселемен айналысып жүрген ғаламдардың баса көңіл аудармағанын байқаймыз. Ал қыстау- қыстақ салған кезде халық осы талаптардың барлығын сақтап отырған, яғни қыстау салған жер қолайлы болуы, малға шөптің мол болу, сонымен қатар ит-құстан, ұрлықтан аман болуын ескеріп отырғаны, қазіргі кезде салынып жатқан қыстақ- қыстаулардан байқауға болады.
Ғалым тұрақты қоныс жайдың тағы бір түрі кент, шаһар деген атаулардың пайда болу және дамуына да ғылыми талдау жасаған.
Халқымыздың ауыз әдебиетіндегі «Кент» сөзінің жиі кездесуіне қарағанда, мәселен «Кенттің жайласа, үзілмейді базары» шумағынан қала деген ұғымды беріп тұрғандығын көреміз - деп автор ауыз әдебиетіндегі жырлардың шумақтарына жүгінген.
Әсіресе біздің халқымыздың тілінде Ташкент, Шымкент, Жаркент т. б. қалалардың аты соңғы орта ғасырдағы қалалық жайлар туралы айтылып жүр - дейді автор.
Осы анықталған мәліметтерден кент -қала деген сөздер бір мағананы беріп тұрғанын байқаумызға болады.
Ғалым жазба деректердің материалдарына сүйене отырып, « шаһар» сөзі парсылардың өте сирек қолданылатын сөздері екенін және билік жүргізушілердің бекініспен салынған шағын қалаларды айтқанын ғылыми еңбекте көрсеткен.
Түркі тайпаларының сөздік қорын зерттеген М. Қашқаридің сөздігіне қарағанда «кент», «шәһәр» өздерінің көпшілік түркі тайпаларында айтылғандыған хабарлайды. Махмуд Қашқаридің «Түбі бір түркі тілі
(«Диуани луғат ат-турк») » еңбегіндегі «Түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері» деген бөлімінен үзіндіні дерек ретінде ғалым көрсеткен :
«Канд - кент, шаһар. Қашқар шаһары Ордакент деп аталады. Бұл Хан тұратын орда - астана деген ұғымды білдіреді. Шаһардың ауасы таза болғандықтан, Афрасияп сонда тұрған. Бұл Шаһар төменгі Шынға жатады.
Бір сөздің өзіне ғана нақты түсініктеме беру арқылы кент, шаһар сөздерінің қазіргі қала мағанасын беретінін нақты көрініп тұр. Ханның тұратын ордасын-астана деп атауының өзі үлкен мағананы білдіреді. Мәселен, қазақ хандарының ордалары олардың астанасы болған, қазіргі кезеңде мемлекет басшысы Президент мемлекеттің астанасында орналасқаны белгілі. Астана бұл сонау ерте кезден бастап ханның ордасы екені қазірге дейін өзінің күшін сақтағанын байқауға болады.
М. Қашқари өз еңбегін « мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра болып қалсын деген ниеттпен жаздым» деген сөздері қазіргі кезеңде шынымен тарих беттерінде мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz