Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебі



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері. . . . .5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен касса операцияларының есебі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13 2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі . 18

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Сондықтан мемлекетте екі буынды бюджет жүйесі қолданылып келеді: республикалық және жергілікті.
Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеді
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның бюджеті болып келеді.
Мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Әрбір деңгейдегі бюджеттердің орындалуы кезінде олардың орындалу есебін үнемі жүргізу қажет. Республикалық бюджеттің орындалу есебін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ол республика бойынша бюджеттің орындалу есебінің жағдайына толық жауапкершілік көтереді, және тоқсандық, жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша кассалық орындалуы бюджеттік құралдарын қабылдау, беру және сақтауды білдіреді, сонымен бірге кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады.
Кассаның бірыңғайлық принципі — түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыруды білдіреді.
Бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операциялар есебін жетілдіру өзекті мәселенің біріне айналуда. Өйткені, кассалық операциялар — мемлекеттік бюджеттің ең кең тараған және ең негізгі операциялары. Оны дамыту және жетілдіру жалпы мемлекеттік бюджет қызметінің сапасын жоғарлатуға зор үлесін тигізеді.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. — Алматы. ЮРИСТ, 2005. – 73 - 76 б.
2. Статистикалық жылнама, 2005ж
3. Государственный бюджет. Учебник. — Алматы. Республиканский издательский кабинет, 2004 г. 240 - 241 стр
4. Қ.Қ. Ілиясов,С. Құлпыбаев Қаржы: Оқулық. — Алматы: 2005.- 306 б
5. Ж.М. Елубаев Бюджетная система республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004. – 312 с
6. // Егемен Қазақстан – 2006. – 21 шілде
7. Инструкция по бухгалтерскому учету «Исполнение местных бюджетов» утвержденных Министерством Финансов от 25.06.99г.
8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық. Алматы - 1998. – 57 - 70б
9. Қ.Қ. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов бухгалтерлік принциптері : Оқұ құралы. — Алматы: Экономикс, 2003. -103 – 120б.
10. В.Л. Назарова Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Н.Қ. Мамыров. — Алматы: Экономика, 2005. – 53 – 58б.
11. Ә. Әбдіманапов бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері: Оқулық. — Алматы: 2006. – 132б
12. Н.П. Кондраков, И.Н. Кондраков Бухгалтерский учет в бюджетных организациях. – 4- е изд., перераб. и доп.— М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2004, - 248 с
13. Ж.С. Толпаков Бухгалтерский учет: Учебник для вузов. — Караганда, ОАО «Карагандийская Полиграфия», 2004. – 388 – 390с
14. В.К. Радостовец, Т.В. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. –Алматы, 2002. – 199 – 225 б.
15. С.Б. Баймұханова Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған, э.ғ.д. профессор К.Ш. Дүйсембаев. 2 – ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. — Алматы: ИздатМаркет, 2005. –225 б.
16. // Егемен Қазақстан – 2005. – 24 желтоқсан
17. Н.П. Кондраков Бухгалтерский учет: Учебник. — М.: ИНФРА – М, 2005. –357 с. – (Высшее образование)
18. Закон РК 01.04.99. за 357/1 с последующими изменениями на 15.03.03. «Закон о бюджетной системе»
19. А.М. Андросов, Е.В. Викулова. Осовы бухгалтерского учета: Москва, 2004. – 167 с
20. Бухгалтерский финансовый учет: Учебник для вузов / Под ред. Проф. Ю.А. Бабаева — М.: Вузовский учебник, 2005. – 68 – 71с

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ 3

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың
тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері_ _ _ _ _5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _7

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен
касса операцияларының есебі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
13
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының
есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 2.2
Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі _ 18

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _24

Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 26

Кіріспе

Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Сондықтан
мемлекетте екі буынды бюджет жүйесі қолданылып келеді: республикалық және
жергілікті.
Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен бекітеді
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, ауданның бюджеті болып келеді.
Мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын
жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
процесінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында
пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Әрбір деңгейдегі бюджеттердің орындалуы кезінде олардың орындалу
есебін үнемі жүргізу қажет. Республикалық бюджеттің орындалу есебін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ол республика
бойынша бюджеттің орындалу есебінің жағдайына толық жауапкершілік көтереді,
және тоқсандық, жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне
ұсынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша
кассалық орындалуы бюджеттік құралдарын қабылдау, беру және сақтауды
білдіреді, сонымен бірге кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады.
Кассаның бірыңғайлық принципі — түсімдердің барлығын бірыңғай
қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай
қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыруды білдіреді.
Бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операциялар
есебін жетілдіру өзекті мәселенің біріне айналуда. Өйткені, кассалық
операциялар — мемлекеттік бюджеттің ең кең тараған және ең негізгі
операциялары. Оны дамыту және жетілдіру жалпы мемлекеттік бюджет қызметінің
сапасын жоғарлатуға зор үлесін тигізеді.
Курстық жобаның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы есебінің негізгі проблемаларын
айқындау, шешу жолдарын ойластыру, талдау жасау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы
есебінің мәнін, мазмұнын ашу бұл курстық жобаның негізгі мақсаты болып
табылады.
Ал мәні – қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуының
есебі Қазақстан Республикасында қарқынды қызмет етуде.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде бюджеттердің орындалуы
туралы есептерді толтыру және қалыптастыру тәртібі жан – жақты қамтылады.
Ал екінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен кассада
жүргізілетін операциялардың есебі қарастырылады.
Осы ғылыми еңбек Кеулімжаев Қ.Қ., Назарова В.Л. сияқты ғалымдардың
еңбектерін негізгі ала отырып жазылды.

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың
тәртібі
1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері

Республикалық, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың бюджеттердің орындалуы туралы есептері өзіне басқа деңгейлі
бюджеттерден түскен түсімдерін қоса алғандағы барлық түскен түсімдерін,
және жоғарыда тұрған бюджеттің түсімдері есебінен шығындарын қоса барлық
өндірістік шығындарын, және басқа деңгейлі бюджеттер берген трансферттерін
кіргізеді. [1. 75б]
Жоғарыда тұрған бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органға төменде
тұрған бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органымен ұсынған жергілікті
бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ережелердің 1 және 1-1
қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қалыптасады.
Жергілікті бюджет туралы айлық (жылдық) есепте:
1 – бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
➢ бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты, дәрежесі, ерекшелігі;
➢ бюджет шығыстардың экономикалық және функционалдық сыныптамасы –
функционалдық тобы, функционалдық ішкі топ, бюджеттік бағдарламаны
ұйымдастырушысы, бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама,
ерекшелігі.
2 – бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі.
3 – бағанда есепті қаржы жылына мәслихат бекіткен бюджеттің сомалары
көрсетіледі.
4 – бағанда есепті қаржы жылына арналған мәслихатпен нақтыланған
бюджеттің сомалары оның орындалуы барысында толықтырулар мен өзгерістер
есебімен көрсетіледі.
5 – бағанда есепті қаржы жылына арналған мәслихатта нақтыланбаған,
бірақ жергілікті атқарушы органымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
есебімен түзетілген (бекітілген немесе нақтыланған) бюджеттің сомалары
көрсетіледі.
6 және 7 бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезеңге
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың құрама жоспары және түсімдер мен
қаржыландырудың құрама жоспардың сомалары көрсетіледі. Түсімдер бойынша 6
баған толтырылады, ал шығыстар бойынша 6 және 7 бағандар, сонымен 6 бағанда
төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламалары)
қаржыландырудың құрама жоспарының сомалары көрсетіледі.
8 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін берілген
рұқсаттардың сомалары көрсетіледі.
9 – бағанда тіркелген міндеттемелер сомалары көрсетіледі.
10 – бағанда төленбеген міндеттемелердің сомалары көрсетіледі.
11 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін
бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша
түсімдердің атқарылуы және немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі.
12 – бағанда есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламалары (кіші
бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы жәненемесе төленген
міндеттемелердің сомалары есепті кезеңі үшін бюджетті қаржыландыру мен
түсімдердің құрама жоспарының сомаларына деген пайыздық қатынасы
көрсетіледі.
13 – бағанда есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламалары (ішкі
бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және немесе төленген
міндеттемелердің сомалары есепті қаржы жылына атқарушы (бекітілген,
нақтыланған, түзетілген) бюджеттің сомаларына деген пайыздық қатынасы
көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосымен осы Ережелердің
2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптасады.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есепте:
1 – бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
➢ бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты, дәрежесі, ерекшелігі;
➢ бюджет шығыстардың экономикалық және функционалдық сыныптамасы –
функционалдық тобы, функционалдық ішкі топ, бюджеттік бағдарламаны
ұйымдастырушысы, бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама,
ерекшеліктері.
2 – бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі.
3 – бағанда есепті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Парламенті
бекіткен бюджеттің сомалары көрсетіледі.
4 – бағанда есепті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының
Парламентімен нақтыланған бюджеттің сомалары оның орындалуы барысында
толықтырулар мен өзгерістер есебімен көрсетіледі.
5 – бағанда есепті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының
Парламентінде нақтыланбаған, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен
енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен түзетілген (бекітілген
немесе нақтыланған) бюджеттің сомалары көрсетіледі.
6 және 7 бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезеңге
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың құрама жоспары және түсімдер мен
қаржыландырудың құрама жоспардың сомалары көрсетіледі. Түсімдер бойынша 6
баған толтырылады, ал шығыстар бойынша 6 және 7 бағандар, сонымен 6 бағанда
төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламалары)
қаржыландырудың құрама жоспарының сомалары көрсетіледі.
8 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін берілген
рұқсаттардың сомалары көрсетіледі.
9 – бағанда тіркелген міндеттемелер сомалары көрсетіледі.
10 – бағанда төленбеген міндеттемелердің сомалары көрсетіледі.
11 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін
бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша
түсімдердің атқарылуы және немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі.
Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы
Ережелердің 10 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:
1 - бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
➢ бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты;
➢ шығыстардың функционалдық сыныптамасы – функционалдық тобы;
2 - бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3 - бағанда республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі
бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және немесе төленген
міндеттемелер көрсетіледі;
4 - бағанда жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламасы (ішкі
бағдарламасы) бойынша түсімдердің атқарылуы және төленген міндеттемелер
(облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің
жиынтығы) көрсетіледі;
5 - бағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының
бақылау шотына есепке алынған салық түсімдері, негізгі капиталды сатудан
түскен түсімдер, қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу үшін Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына оларды
аудару сомасы көрсетіледі. [2. 4-6 б]

1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру
тәртібі

Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы
есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Ережелерге 10 -
қосымшаға сәйкес нысан бойынша және мыналардың:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
ведомство ұсынған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
жергілікті атқарушы органдары және немесе бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің
атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған есептердің
негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің
(облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық)
атқарылуы туралы есептің;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті
шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма – қол
ақшасының бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің негізінде
жасайды. [2. 21б]
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджеттік
бағдарламалар ішкі бағдарламалар бойынша түсімдер атқарылуының және
немесе төленген міндеттемелердің деректерін пайдалана отырып жасалады.
Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп мемлекеттік және
жергілікті бюджеттерді атқару туралы есептер үшін осы Ережелерде
белгіленген мерзімде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау
жөніндегі орталық уәкілетті органдарға электрондық түрде және қағаз
тасушыда ілеспе хатпен, қол қоюды растамай береді.
Бюджеттің атқарылуы туралы есептілік жасалған операциялардың
тұпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің болмауын
білдіретін анықтық, Қазақстан Республикасының бюжет заңдарында көзделген
барлық талап етілетін аппараттың көзделуін білдіретін толықтық, Салық
Кодесінің және басқа нормативтік құқықтық актілердің есептілік жасау
жөніндегі ережелерінің сақталуын білдіретін сәйкестік сияқты сапалық
сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс.
Бюджеттің орындалуы туралы есептілікте алынған тауарлардың (жұмыстадың,
көрсетілген қызметтердің) бюджетке түсетін түсімдері ақшалай көрсетіледі.
[3. 240 – 241б]
Бюдеттің орындалуы туралы есептілік есептердің мынадай түрлерін:
1. мемлекеттік мекемелердің есептерін:
– мемлекеттік мекеменің балансын;
– жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;
– тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы
есептілік;
– демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі мен жұмсалуы
туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін
басқа да есептерді.
2. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:
– бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті;
– бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті;
– тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден
түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы
туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген басқа да
есептерді;
3. бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есептерін:
– мемлекеттік бюжеттің және облыс бюджетінің (бекітілген,
нақтыланған, түзетілген) атқарылуы туралы есепті;
– республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің
(бекітілген, нақтыланған, түзетілген) атқарылуы туралы
есепті;
– бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық
есепті;
– түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы
туралы есепті;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті
атқарушы органның талаптары мен міндеттемелерінің жай – күйі
туралы есепті;
– түсім сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық
есебіне есептелуі туралы есепті;
– бюджетті атқару жөніндегі және бюжеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті органдар белгіленген басқа да есептерді;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның
есептерін:
– республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайтын Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық
есепті қамтиды. [4. 306 б]
Есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, оны жасаудың және табыс етудің
мерзімдері мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілейді.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті жасаудың және табыс
етудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органдар өз құзыреті шегінде есептіліктің қосымша нысандарын және оларды
жасау мен табыс ету тәртібін белгілеу құқылы.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер
есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді
басшылыққа алуға міндетті.
Бюджетті орындау туралы орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан
кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттің
орындалуы туралы есепті, сондай – ақ Бюджет Кодекстің 121 – бабының 3
тармақшасында көзделген басқа да есептерді Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, Републикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық
уәкілетті органға табыс етеді. [5. 312б]
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан
кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және
мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бекітілген,
нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті, тіркелген міндеттемелерді,
орындалмаған міндеттемелерді және республикалық бюджеттің кассалық
орындалуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан
кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы
жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне
және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне
табыс етеді. [6. 5б]
Қазақстан Республикасының Парламенті өткен қаржы жылы ішінде
республикалық бюджеттің орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жылдық есебін Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін алғаннан кейін
кезегімен, алдымен – Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті қараған кезде
Қазақстан Республикасының Парламенті:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті атқару
туралы уәкілеттік берген адамның баяндамасын;
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитеті төрағасының республикалық бюджеттің орындалуы туралы
баяндамасын;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген
адамдардың республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бойынша
қорытындылармен қоса баяндамаларын тыңдайды.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті Қазақстан
Республикасының Парламентінде қараған кезде республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске
асыру туралы есептері тыңдалуы мүмкін
Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық
есеп Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында
қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен
отырысында бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Парламенті есепті қаржы жылындағы
республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың
республикалық бюджеттің орындалуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар
қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы. [3. 242 – 243б]
Жергілікті бюджетті орындау туралы жергілікті уәкілетті органы ай сайын
есепті айдан кейінгі айдың бірі күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің орындалуы туралы есепті,
сондай – ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодекстің 121 – бабының 3
тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру
комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау
жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Жергілікті бюджетті орындау туралы жергілікті уәкілетті органы есепті
жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық
бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті
органға табыс етеді.
Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп бекітілген,
нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті және жергілікті бюджеттің
кассалық орындалуын көрсетеді.
Өткен қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық
есепте:
• түсіндірме жазба;
• түсімдер бойынша орындалуы туралы, сондай – ақ жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске
асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл
сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы
жергілікті бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс
етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша жергілікті
бюджеттің орындалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органға табыс етеді.
Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджетінің орындалуы туралы облыс, республикалық
маңызы бар қала, астана әкімдігінің жылдық есебін облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің орындалуы туралы
мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
Есепті қараған кезде мәслихат:
- жергілікті бюджетінің орындалуы туралы әкімдік уәкілеттік берген
адамның баяндамасын;
- жергілікті бюджетінің орындалуын бақылау нәтижелері туралы
мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
- жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп бойынша қорытындысымен
қоса мәслихат уәкілеттілік берген адамның баяндамаларын тыңдайды.
Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың
іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.
Жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп мәслихатының тұрақты
комиссияларында қаралғаннан кейін, мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюдеттің орындалуы туралы жылдық
есепті бекіткен кезде мәслихат жергілікті атқарушы органдардың жергілікті
бюджеттің орындалуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет
екендігі туралы шешім шығаруға құқылы. [7. 68 – 70б]

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары
мен касса операцияларының есебі
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының
есебі

Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымдар бюджеттік және бюджеттен тыс
шоттардағы, кассадағы қаржылардың, сондай – ақ өзге ақшалай құжаттардың
қозғалысын есептейді.
09 Бюджет бойынша ашылған лимиттер шоты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет
шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай – ақ қолда бар қаржылық ресурстардың
шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 18
қыркүйектегі № 239 Қаржылық жоспарларды жасау және қолма - қол ақшаның
ағысын болжау жөніндегі Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 130 бұйрығымен
енгізілген өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық рұқсаттар береді.
Республикалық бюджет бойынша шығыстарға арналған қазынашылық
рұқсаттарды ұйымдарға беру Бірыңғай қазынашылық шоттағы бос қаражаттардың
қалдығын және пайдаланылмаған лимиттердің қалдығын ескере отырып
жүргізіледі.
Қазынашылық ұйымдарында министрліктің 2 — үлгідегі шешімнің және
төменде тұрған бюджеттік қаржыларды басқарушының 2 — үлгідегі шешімінің
негізінде ұйымдардың шығыстарына және орталықтандырылған шараларға бір
бюджеттік шот ашылады.
Бюджеттік шоттардан шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы
қаржылық жыл үшін ашылған, лимиттердің шегіндегі шығыстардың экономикалық
сыныпталу ерекшеліктері бойынша қазынашылық органдары жүргізеді.
Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалану қатаң арнаулы мақсат
бойынша жүзеге асырылады.
09 бюджет бойынша ашылған лимиттер шоты бойынша қалдықтар ұйымдардың
бюджеттік шоты бойынша лимиттердің қалдықтарына сәйкес келуі керек.
09 шоты бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын салыстыру үшін
бюджеттік ұйым айдың соңғы күні үшін және қазынашылық органдардың келісімі
бойынша мерзімінде бет шотының және н. 004 – а көшірмесіне алады.
Ұйымдардың бюджеттік шоттарындағы қаржылардың қозғалысы жөніндегі
операциялардың есебі н. 381 жинақтау ведомосында (2 – мемориалдық ордер)
жүргізіледі. Жазулар тұлғалық шоттардан алынған көшірмелердің және оларға
қоса берілген құжаттардың негізінде жазылады. [8. 57 – 58б]
Алынған қаржылардың талдау есебін орталықтандырылған бухгалтерияларда
бағдармаларға және ішкі бағдарламаларға бөлініп н. 294 – а талдау есеп
карточкаларында жүргізіледі. Алынған барлығы бағаны бойынша карточка
алынған лимиттердің жалпы сомасы, Оның ішінде ерекшеліктер бойынша
бағандарында шығыстардың экономикалық сыныпталуынның ерекшеліктері бойынша
рұқсат етілген лимиттердің сомасы жазылады. Қорытындылар ай сайын және жыл
басынан есептеленеді.
Шығыстардың сметаларын орындау есебін дербес және орталықтандырылған
бухгалтерияларда жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдарда бір үлгідегі ұйымдар
бойынша шығыстардың жалпы сметаларын жасаған кезде, ашық лимиттердің,
кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдау есебі лимиттерді
(қаржыландыруларды) және н. 294 шығыстарды есептеу кітабында бағдарламалар,
ішкі бағдарламалар және бюджеттік сыныптаудың ерекшеліктері бойынша
жүргізіледі.
Бұл ретте Үзінді көшірме күні бағаны бойынша алынған рұқсаттардың
реттік нөмірі және бюджеттік ұйымның бет шотынан жасалған үзінді көшірменің
күні, мемориалдық ордері қолданған кезде — мемориалдық ордердің күні мен
нөмірі жазылады.
4. Ашылған лимиттер бағаны бойынша алынған лимиттер (1, 2, 2 а, 2 б –
нысандары);
5 – бағаны бойынша кассалық шығыстардың орнын толтыруға түскен
сомалары;
6 Жабылған лимиттер (қаржыландырудың кемітілуі) бағаны бойынша –
жабылған лимиттердің сомалары;
7 Кассалық шығыстар бағаны бойынша – ұйымдардың бюджеттік шоттардан
жасалған шығыстары,
8 баған бойынша лимиттердің қалдығы;
9 баған бойынша – бюджеттік ұйымдардың жасаған нақтылы шығыстары
көрсетіледі. [9. 103 – 105б]
09 Бюджет бойынша ашылған лимиттер шоты мынадай қосалқы шоттарға
бөлінеді.
090 Ведомстволық ұйымдарға аудару және басқа шаралар үшін ұйымдардың
жұмсалуына арналған ашық лимиттер,
091 Жол үстіндегі ашық лимиттер,
093 Күрделі салымдарға арналған ашық лимиттер,
094 Өзара берешектерді өтеу туралы келісім бойынша лимиттер,
095 Қайтарып алынған (төлеттірілген) мақсатсыз пайдаланылған
қаржылардың лимиттері,
096 басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер
Бұл қосалқы шоттардың дебетіне бөлінген лимиттердің сомалар, сондай –
ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған сомалар, ал кредитінде
арнаулы мақсат бойынша бюджеттік сыныптау кодтарына сәйкес жұмсалған
қаржылар, қайтарылған (төлеттірілген) сомалар көрсетіледі.
Ашық лимиттердің сомаларында лимиттерді басқарушылар 090, 091, 093,
094, 095, 096 қосалқы шоттарының дебетіне және 23 немесе 14 шоттардың
тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазулар жазылады. Кассалық шығыстардың
қалпына келтіруге түскен сомалар 090, 093, 094, 095, 096 қосалқы шоттардың
дебетіне және 090, 093, 094, 095, 096 қосалқы шоттардың кредитіне және 06,
12, 15 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады.
090 Ведомстволық ұйымдарға аудару және басқа шаралар үшін ұйымдардың
жұмсалуына арналған ашық лимиттер қосалқы шотында аппаратты ұстауға,
ведомстволық ұйымдарға аударуға және ұйымның басқа да шараларына арналған
ашық лимиттердің сомалар есептеледі.
091 Жол үстіндегі ашық лимиттер қосалқы шотында лимиттердің бас
басқарушы бөлген, бірақ төмендегі лимиттерді басқарушылар келесі айда алған
лимиттер есептеледі. Аталған қосалқы шот республикалық және жергілікті
бюджеттерде ұсталатын ұйымдардың есебінде қолданылады.
093 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет табыстарының есебі
Бюджетпен есеп айырысу жайлы
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі
Міндеттемелер есебін бақылау
Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Бюджеттің есебі
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Пәндер