Аристотель Стагирит
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Аристотельдің еңбектері
Аристотельдің саясаттану ғылымына қосқан үлесі
Аристотельдің философиялық көзқарастары

Аристотель Стагирит, грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы, біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы Македонияның Стагира қаласында дүниеге келген. Оның әкесі белгілі дәрігер болатын. Ол он жеті жасқа келгенде Платонның Академиясында оқу үшін Афинаға жол тартып, алғашқыда оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. Ол онда жиырма жасқа дейін болды да, Платон қайтыс болғаннан кейін ол жерден кетті. Аристотель өз әкесінен биологияға, практикалық ғылымға деген қызығушылықты мұра етіп алды да, Платонның әсерімен философияға деген ықыласын дамыта түсті. 347 – 334 жылдары ел аралап, кіші Азияда, т.б. елдерде болады. Біздің дәуірімізге дейінгі 324 жылы Аристотель Македонияға қайта оралып, кейінен тарихқа Ұлы Александр (Македонский) деген атпен кірген патшаның он үш жастағы ұлына дәріс оқытатын үй мұғалімі болып орналасты. Аристотель бозбала Александрды бірнеше жыл бойы оқытты. Біздің дәуірімізге дейін 335 жылы, яғни Александр таққа отырғаннан кейін Аристотель Афинаға қайта оралып Ликей (лицей) деп аталатын өзінің мектебін ашты. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуеңдетіп жүріп дәріс беретін балған. Соған байланысты бұл мектеп гректің peripatetikos, яғни серуеңдей жүріп орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мек¬теп» деп аталды. Ол өзінің кезекті он екі жылын Афинада өткізді. Бұл кезең Александрдың жорықты жылдарымен тұспа-тұс келеді. Александр өзінің ұстазынан кеңес сұраған жоқ, бірақ, ол оны зерттеу мақсаттарына жетерліктей мол ақшамен қамтамасыз етіп отырды. Бұл, бәлкім, мемлекеттің ғылыми зерттеулер үшін қаржы бөлген тарихтағы тұңғыш үлгі-өнеге болса керек.
Солай бола тұра Аристотельдің Александрмен одақ болуы қауіпсіз болды дей алмаймыз. Аристотель Александрдың диктаторлық үстемдігін принципті түрде қолдамай қойды. Сондай-ақ Александр Аристотельдің жиені сатқындық жасады деген күдікпен жазалап қана қоймай, дәл сондай айыпты Аристотельдің өзіне де тақпақ болды. Алайда, Аристотель демократиялық көзқарасты ұсынып Александрмен қарым-қатынасын үзе қойған жоқ. Содан болса керек, біздің дәуірімізге дейінгі 323 жылы Александр дүние салғаннан кейін, Афинаны Македонияға қарсы фракция бақылауға алғаннан соң, Аристотель сотқа тартылды. Сөйтіпа жетпіс алты жасында сергелдеңге түскен Сократтың тағдырын қайталады. Ол амалын тауып қаладан қашып шықты. Аристотель алпыс екі жасында, біздің дәуірімізге дейінгі 322 жылы қайтыс болды.

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Аристотельдің еңбектері
Аристотельдің саясаттану ғылымына қосқан үлесі
Аристотельдің философиялық көзқарастары
Кіріспе
Аристотель Стагирит, грек философы, энциклопедиялық еңбектердің
авторы, біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы Македонияның Стагира қаласында
дүниеге келген. Оның әкесі белгілі дәрігер болатын. Ол он жеті жасқа
келгенде Платонның Академиясында оқу үшін Афинаға жол тартып, алғашқыда
оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. Ол онда
жиырма жасқа дейін болды да, Платон қайтыс болғаннан кейін ол жерден кетті.
Аристотель өз әкесінен биологияға, практикалық ғылымға деген қызығушылықты
мұра етіп алды да, Платонның әсерімен философияға деген ықыласын дамыта
түсті. 347 – 334 жылдары ел аралап, кіші Азияда, т.б. елдерде болады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 324 жылы Аристотель Македонияға қайта оралып,
кейінен тарихқа Ұлы Александр (Македонский) деген атпен кірген патшаның он
үш жастағы ұлына дәріс оқытатын үй мұғалімі болып орналасты. Аристотель
бозбала Александрды бірнеше жыл бойы оқытты. Біздің дәуірімізге дейін 335
жылы, яғни Александр таққа отырғаннан кейін Аристотель Афинаға қайта оралып
Ликей (лицей) деп аталатын өзінің мектебін ашты. Бізге жеткен аңыздарға
қарағанда Аристотель шәкірттерін серуеңдетіп жүріп дәріс беретін балған.
Соған байланысты бұл мектеп гректің peripatetikos, яғни серуеңдей жүріп
орындау мәніндегі сөзіне сәйкес перипатетикалық мектеп деп аталды. Ол
өзінің кезекті он екі жылын Афинада өткізді. Бұл кезең Александрдың жорықты
жылдарымен тұспа-тұс келеді. Александр өзінің ұстазынан кеңес сұраған жоқ,
бірақ, ол оны зерттеу мақсаттарына жетерліктей мол ақшамен қамтамасыз етіп
отырды. Бұл, бәлкім, мемлекеттің ғылыми зерттеулер үшін қаржы бөлген
тарихтағы тұңғыш үлгі-өнеге болса керек.
Солай бола тұра Аристотельдің Александрмен одақ болуы қауіпсіз болды
дей алмаймыз. Аристотель Александрдың диктаторлық үстемдігін принципті
түрде қолдамай қойды. Сондай-ақ Александр Аристотельдің жиені сатқындық
жасады деген күдікпен жазалап қана қоймай, дәл сондай айыпты Аристотельдің
өзіне де тақпақ болды. Алайда, Аристотель демократиялық көзқарасты ұсынып
Александрмен қарым-қатынасын үзе қойған жоқ. Содан болса керек, біздің
дәуірімізге дейінгі 323 жылы Александр дүние салғаннан кейін, Афинаны
Македонияға қарсы фракция бақылауға алғаннан соң, Аристотель сотқа
тартылды. Сөйтіпа жетпіс алты жасында сергелдеңге түскен Сократтың тағдырын
қайталады. Ол амалын тауып қаладан қашып шықты. Аристотель алпыс екі
жасында, біздің дәуірімізге дейінгі 322 жылы қайтыс болды.
Негізгі бөлім
Аристотель атқарған істің көлемі ұшан-теңіз. Бізге оның 47 еңбегі
келіп жеткен, ал көне мәліметтер ол 170 кітап жазған деп көрсетеді.
Әсіресе, оның ілім-білімінің, дүние-танымының кеңдігі таңдантады. Оның
ғылыми еңбектерін сол кездегі ғылыми білімнің шын мәніндегі энциклопедиясы
деуге лайық. Аристотель астрономия, зоология, эмбриология, жаратылыстану,
геология, физика, анатомия, физиология және ерте замандағы гректерге
белгілі барлык білім салалары бойынша калам тартты. Оның ғылыми еңбектері
өзінен бұрын жиналған білімдердің жиынтығы бола білді, яғни оның бір бөлігі
– көмекшілері жинаған ілім-білім ақпараттары да, бір бөлігі – өзі байқаған
құбылыстардың нәтижесі.
Әрбір ғылым саласына сарапшы болу үшін адамда аса үлкен дүние-таным
болу керек. Ал ондай кең дүниетаным ол заманда жоқтың қасы болатын. Ал
Аристотель ақылға сыймайтын білімді болды. Сондай-ақ ол ешкімге ұқсамайтын
философ еді. Ол этика мен метафизика туралы, психология мен экономика
жайында, теология мен саясат хақында шешендік пен эстетика жайлы қалам
тартты. Ол білім, поэзия туралы еңбектер, жабайылар дәстүрі және Афина
конституциясын жазды.
Әлбетте, оның ең маңызды жұмысы логика теориясы жөніндегі енбегі
болып саналады. Сондықтан да Аристотельді философияның осы манызды
саласының негізін қалаушы деп ұққан жөн. Шынында да, оның акыл-ойының
логикалық қатпар-қатпар қазыналары Аристотельді шырқау биікке көтерді. Оның
ұйымдастырушылық дарыны да айрықша болды. Арбау мен сиқырлық дегенге жаны
қас Аристотель шынайы ғылыммен ғана айналысып, тек соны ғана мойындады.
Әрине, ол да қателесті. Бірақ соншама ұшан-теңіз энциклопедиялық, ойлар
ішінен ондай қателіктер тарыдай ғана болып көрінеді.
Сөз жоқ, батыс елдерінің ақыл-ойының дамуына Аристотельдің әсері аса
зор болды. Оның еңбектері көне және орта ғасырда латын, сирия, араб,
итальян, француз, иврит, неміс және ағылшын тілдеріне аударылды. Кейінгі
дәуірдегі грек жазушылары оның шығармаларын оқып, оларды Византия
философтарының еңбектерімен қатар койып, мақтан тұтты. Оның шығармалары
ислам философиясына ерекше ықпал етіп, көптеген ғасыр бойы Еуропа ақыл-
ойына үстемдік етті. Араб философтарының ішіндегі ең белгілісі Аверроэс
ислам теологиясы мен Аристотель реализмінен синтез жасауға ұмтылыс жасады.
Орта ғасырдағы еврей ойшылдарының арасындағы анағұрлым ықпалды тұлға
Маймонид иудаизммен дәл сондай синтез жасақтады. Солай бола тұра, бұл
тұрғыда ұлы христиан ғалымы Фома Аквинскийдің атақты Геология жиынтығы
атты еңбегі айрықша көзге түседі. Аристотель идеяларының әсер-ықпалында
болған ортағасырлық ғалымдардың көптігі сонша, олардың бәрін тізіп шығудың
өзі мүмкін емес.
Аристотель данқының шарықтағаны соншалық, ортағасыр кезінде оған
тәңірдей табынатын болды, ал оның еңбектері әрі қарай даму жолын көрсететін
шамшырақ емес, жұртты байлап қоятын қазыққа айналды. Не нәрсені де жіті
бақылап, оны ақыл-ой сүзгісінен өткізуді жан-тәнімен қалайтын Аристотель өз
еңбектеріне осыншалықты соқыр сеніммен табынуды, сөз жок, қаламас еді.
Бүгінгі күннің көзімен қарағанда Аристотельдің кейбір ілімі шектен тыс
кертартпа болып көрінуі де мүмкін. Мәселен, ол кұлдықты табиғи заңдылыққа
қайшы келмейтін құбылыс ретінде қарастырып, ал әйелдердің қоғамдағы рөлін
екінші қатарға қояды (әрине, бұл екі идея да сол кезде үстемдік еткен
көзқарасқа қайшы келмейді). Солай бола тұра, оның көптеген идеялары бүгінгі
күнге де толык қызмет ете алады. Мәселен: Кедейшілік – төңкеріс пен
қылмыстың қайнар көзі немесе Адамзат баласын қалай басқаруды ойлайтын
адам, ең алдымен жастардың білімі туралы ойлау керек.
Соңғы жүз жылдықтарда Аристотель ықпалы мен оның әсері елеулі түрде
кеміп кетті. Солай бола тұра оның әсері соншалықты көлемді де кең, әрі ұзақ
уакытқа созылғанын шын жүрегіммен мойындап, оның есімін осы тізімнің
алдынғы жағына қоя алмағаныма барынша өкінемін
Әлемді ұршықша иірген құдырет күші деген, - деген Аристотель. Сегіз
қабат – біріне бірі киілген сегіз қабат тон. Тоғызьншы қабат – қозғаушы күш
тұратын жер деген. Платон менің досым, бірақ шындық Платоннан артық деп сол
кезде, бала кезде Аристотельдің өзі айтқан дейді. Гераклмен Ахипге тең
Гермес патшаға күйеу болған Аристотель – кейін содан жазаға ұшырайды.
Дельфаға – яғни мовзолейге, өз қайын атасын құдайға тең дегені үшін, солай
жаздырғаны үшін, ол түрмеге түсті.
Аристотель еңбектері көзі тірісінде реттеліп жинақталмаған. Сондықтан
оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Неміс ғалымы В.
Иегер Аристотель шығармаларын ғалымның дүниетаным эволюциясы негізінде
жүйелеп шыққан. Аристотель алғашқы кезеңде, яғни Платон дүниеден қайтқанға
дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазына қарсы шығады, оның
идеялар туралы іліміне сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Философия
институтының ұжымы Философиялық мұра топтамасымен Аритотельдің төрт
томдық шығармаларын жарыққа шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі
енген: Метафизика және Жан туралы. Құрылымы жағынан Метафизика дербес
он төрт кітаптан тұрады. Кеңес дәуірінде метафизиканы түсінуде теріс
көзқарастар орын алды. Философия тарихында метафизика – философияның бір
түрі әрі философиялық тәсіл. Аристотель метафизиканы алғашқы философия
деп те, құдайлар туралы ілім деп те, жай ғана ақыл кітабы деп те
атаған.

Аристотельдің саясаттану ғылымына қосқан үлесі де өте зор. Оған
Никомахтың этикасы, Үлкен этика, Саясат, Поэтика деген еңбектері
куә. Қазір метафизика онтология (болмыс туралы ілім) деп аталады.
Метафизикасында Аристотель Платонның негізгі ілімі – идеялар туралы
тұжырымын сынға алады. Платон осы тұжырымында болмыс пен ілім-білім үшін
түсініктің мәні мен атқаратын рөлін анықтамақ болған. Бұл мәселеде ол
Сократ ілімінің танымдық мәніне сүйенеді. Аристотель де дәл осы тақырыпты
өз философиясының негізгі мәселесі етіп алған. Оның Платонмен
келіспеушілігі, В. Асмустың көрсетуінше, мынадай төрт мәселеге қатысты: 1.
Платон идеялар болмыстан тыс субстанция дейді, ал Аристотель бұған қарсы.
2. Платон идеялары сезу арқылы қабылданатын нәрселерге қатыссыз. Аристотель
бұған да қарсы пікір білдірген. 3. Пла-тонның идеясына орай сезу арқылы
қабылданатын нәрселер туралы Аристотель өзінше пікір айтқан, олардың
байланысын көрсеткен. 4. Аристотельдін айтуынша, Платон идеялары сезу
арқылы қабылданатын нәрселердің пайда болуы мен жойылуына түсінік бермейді.
Аристотель субстанция элементтері материя және форма дейді. Материалдық
әлемнің төрт бастауын атайды. Олар: материя, форма, козғалыс және оның
себебі, өзгерістің жаратылыстық мәні мен мақсаты және оның жойылуы.
Аристотель өзгеріс себебі қозғалыс деп танығанымен, бұл мәселенің мәнін
толық аша алмаған. Тек алғашқы қозғаушы, яғни санадан тыс кұдіретті күш
бар деген түсінікте болған. Ол – кұдай. Сана – бақылаушы ғана. 1-томға
енген екінші жұмыс – Жан туралы. Бұл – психология ғылымының бастауы
болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан – тәннің өмір сүру себебі
жөне негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін
өз құндылығьн жойған жоқ, 2-томға Аристотельдің Ұғымдар, Герменевтика,
бірінші және екінші Аналитика, Топика және Софизмдік (грек, ойдан
шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы еңбектері енген.
Бұл еңбектерде Аристотель жана білім саласы логиканың негізін салған. 3-том
Физика, Аспан туралы, Пайда болу және жойылу, Метеорология деген
еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге, яғни
қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына
негіз болып қаланды. 4-томға Никомахтың этикасы, Үлкен этика, Саясат,
Поэтика деген еңбектері енген. Алғашқы екі шығармада мораль мәселелері
қарастырылады. Никомах – Аристотельдін не әкесі, не баласы. Екеуінің де
есімдері Никомах болған. Зерттеушілердің айтуына қа-рағанда, Никомах
(баласы) Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді.
Содан ол кітап Никомахтың этикасы деп аталып кеткен. Жалпы этика
Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды
үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым.
Біріншісіне философия, математика және физиканы, екіншісіне этика мен
саясатты, ал үшіншісіне өнер, қолөнер және тұрмысқа тікелей қатысты ғылым
түрлерін жатқызды. Этикаға байланысты әділеттілік пен әділетсіздік туралы
құнды пікірлер айтқан. Ол әділеттілікті табиғи және заңмен бекітілген
деп екіге бөледі. Саясат деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған.
Платонның Мемлекет пен Заңдарында айтылған ойлар Аристотельдің
Саясатында да кездеседі. Бірақ мұнда утопиялық сарын жоқ. Ол мемлекеттік
кұрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс,
ал кейінгі үшеуін қате құрылым ретінде көрсетеді. Аристотельдің айтуынша,
дұрыс кұрылымдар: патшалық билік, аристократия, полития, теріс кұрылымдар:
– тирания, олигархия, демократия. Патшалық билік бір адамның билігі
болғанымен халыктық мүддеге қызмет етеді; тирания да бір адамның билігі,
бірақ мұнда жеке адам мүддесі ғана есепке алынады. Аристократия – аз
адамдар билігі, әйтсе де бұлар бүкіл кауым қамын ойлайтын ізгі жандар;
олигархия да – аз адамдар билігі, бірақ ол ел мүддесі үшін емес, ат
төбеліндей ауқаттылар мүддесі үшін кұрылған топ. Полития – көпшіліктің
басқаруы. Олар ел қамын ойлайтын қауым арасынан сайланып қойылған ізгі
ниетті азаматтар. Демократия да – көпшілік билігі, бірақ ол кедейлердің
ғана мүддесін қорғап, өзгелерге қысым жасайтын билік. Аристотель
Саясатындағы бұл айтылған ойлар бүгінгі күнге дейін мәнін жойған жоқ.
Аристотель Поэтикасы – қазіргі заманғы өнертану мен әдебиеттануға негіз
болып қаланған шығарма. Аристотель ілімін жүйелеп, түсіндіру ісінде араб
философтары әл-Кинди мен Әбу-л-Уәлид Мүхаммед ибн-Рушд, түрік ойшылы Әбу
Наср ал-Фараби, парсылық Әбу Әли ибн Сина еңбектері ерекше рөл атқарады.
Шығыс перипатетиктері аталған бұл ойшылдар Аристотель шығармаларына терең
талдаулар жасады. Осы қызметі үшін әл-Фараби кезінде Екінші ұстаз
атанған. Қазақтың тарихи қиссаларыңда, дастандарында, ақындар
шығармаларында Аристотель есімі жиі кездеседі. Абай қара сөзінде
Аристотельге – хакім деп аса құрмет білдірген. Аристотель шығармаларын
Батыс Еуропаға кеңінен таныстыран –ибн-Рушд. Одан әрі де католик ойшылы
Фома Аквинат Аристотельді христиан ойшылы ретінде дәлелдеуге көп еңбек
еткен. Қазақ философиясындағы Аристотельтануда екі арна бар. Бірі – оны
Шығыс перипатетиктері арқылы, екіншісі – Батыс Еуропа дүниетанымы
тұрғысынан тану.
Аристотельдің философиясында алғашқы рет өткен дәуір көзқарасына терең
талдау берілді. Оның Метафизика деп аталатын кітабында философияның
негізгі мәселелерінің бірі болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі
ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтылады.
Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы қатынасты атап
өткеніміз жөн. Иә, Аристотель Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде
шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, өз пікірлерін айтпағаны рас.
Бірақ кейін келе, ол өзінің философиялық жүйесін жасау процесінде Платонның
көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа
қарсы шықпадың? — деп айып таңқанда, ол: Платон маған дос, бірақ ақиқат
одан да гөрі қымбаттырақ,— деп жауап беріпті деген аңыз бар.
Әрине, аңыз аңыз болып қала береді. Дегенмен, мәселе басқада. Ол
Платонды біздің тілімізбен айтқанда өлтіре сынап отырған жоқ. Керісінше
ол өзінің ұстазымен көзінің тірісіндегідей айтысын, қарсы пікірлерін алдына
жайып салып, онымен ой таластырып отыр.
Енді біздің Аристотельдің Метафизика деген кітабындағы Платонға
қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені бұл пікірлердің
ішінде Платонды сынау ғана негізгі проблема болып отырған жоқ, сонымен
бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді
көтеріп отыр.
Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты болмыс мәселесіне
айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімдерімен біте қайнастыра қарайды.
Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы үғымдардың қандай роль
атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді толғандырады. Бірақ, бұл
проблема сонау Сократ пен Платоннан бастап философияның негізгі көкейкесті
мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың, өзіне
тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы
басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша құрал екендігін
атап көрсетті. Бірақ, Аристотель Платон сияқты ұғымдар мен идеялар өз
алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы
ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз
дербестігін жоғалтады. Сондықтан да Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды
сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы
қойса, Аристотель бұған ашықтан-ашық қарсы шықты. Аристотельдің айтуынша,
мұндай жалғаң ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің қайнар бұлағын
сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит
сезімдік заттар үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізгі деп
есептеді ғой. Сондықтан да Аристотельдің ойынша Платон өзінің философиялық
жүйесінде Гераклиттің осы пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып
отыратын сезімдік заттар дүниесінде ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты идеяларды өз алдына бөлек болмыс
деп, оны сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына пайдасы
жоқ. Ал негізінде сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Ендеше, Платоннын, бұларды екіге бөліп: сезімдік заттар дүниесі мен
идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, Платонның ойынша
қарама-қарсы пдеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің
сыңары сияқты емес пе? Олай болса Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі
бір-бірімен бірігудің орнына алшақ кетіп, бізге ешқандай білімнің негізін
бермейді. Сондай-ақ, олар білімге негіз бола алмайды. Платонның айтуынша,
идеяларда жалпылық бар. Мұндай жалпылылық жекелеген сезімдік заттарға да
тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда ешбір мазмұнның болуы мүмкін
емес. Өйткені, сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай
шықты ғой. Айталық, адамның идеясының адамның сезімдік ортақ белгілерінің
жиынтығынан ешбір айырмашылығы жоқ.
Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі
теориясын айқындап беріп отыр ғой. Өйткені, Платон өзінің философиясында
мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) мен форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі)
бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір
процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы болмыстың мәнін аша
алмайды.
Аристотельдің философиялық көзқарастары
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында Платонның
идеялар дүниесін жеке бөліп алып, оның сезімдік заттар дүниесімен
арасындағы байланысты үзіп жібереді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға
әрекет етеді. Сондықтан да ол сезімдік заттар дүниесінің идеяларға біршама
қатысы бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы
пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар,
яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп
бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы идеяларын талдай келе оның
логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платонның идеялардың логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі тіпті
қисынға келмейді. Біріншіден, идеялардың арасындағы логикалық байланыс,
екіншіден, идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа
толы. Идеялар арасындагы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы
қатынас арқылы көрініп, жалпы жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал
идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста заттың да идеясы бір-
бірінен бөлек тұратыны көрінеді. Бірақ заттар дүниесі Платонның ойынша
идеялар дүниесінің бейнеленуі гана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның
идеяларының екеуіне де ортақ, жалпы бірдеңе болуы керек. Яғни бір сөзбен
айтқанда, Аристотель ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz