М. Әуезовтың педагогикалық еңбектері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: М. Әуезовтың педагогикалық еңбектері.
Орындаған: математика бөлімінің
3-курс студенті Оразбекова Д.
Тексерген: Қалиев С.
АЛМАТЫ 2006
Жоспар
Кіріспе
- Ұстаздық еткен жалықпас
- Мұхтар Әуезовтың ғылымдағы ерлігі
Қорытынды
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС
Мұхтар Әуезов ұлы жазушы, ғұлам ғалым әрі өз өмірінің саналы жылдарының бәрін де өнегелі ұстаздық жолына арнаған айтулы талант иесі. Оның, көреген ұстаздың ағарту майданында жүріп өткен ұзақ жолына көз жіберсек, дәріс оқып, тәлім-тәрбие берген өнеге үйреткен оқу ордалары Семей техникумынан басталып, ҚазПИ, ҚазГУ, МГУ-ге дейінгі аралықты қамтиды екен.
Ұстаздық жолға М. Әуезов кездейсоқ келген емес. Ол өзінің жастық шағын еске алғанда әу бастағы арманы қарапайым халық мұғалімі болғандығын айтады. Осындай арман қуған М. Әуезовтің ұстаздық жолы 1925 жылы Семей қаласындағы техникумда қазақ әдебиеті тарихынан дәріс беру әрі қалам қайраткерлерінің жазушылық, ұстаздық, журналистік әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүргізген қызу творчестволық өсу үстіндегі кезеңіне тұтас келді. Өйткені ол 1924 жылдан бастап Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуды қолға алып, ұлы ақын шығармаларын үздіксіз жинау, толықтыру, «Таң» журналында қызмет ету, қазақ әдебиетті тарихынан дәрсі беру әрі қалам қайраткерлерінің арасынан бірінші рет «Қазақ әдебиеті тарихы» деп аталатын көлемді монографиясын жазу үстінде болатын.
1923 жылдың ішінде-ақ Мұхтарды Абай мұрасының білгірі деген көзқарас баспасөзде қалыптасып қалғанды. Ал, Семей губревкомының Ленинград университетіне жолдаған ресми документінде қазақ әдебиеті тарихынан дәріс беруде талассыз кандидатура тек М. Әуезов қана» деп көрсетілген болатын (ЛММА п. № 448) .
М. Әуезовтің ұзақ жылдарға созылған ұстаздық жолы 1932-1949 жылдар аралығында жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ педагогика институтында өтті. Ол кезде бұл оқу орны екі жылдық оқытушылар институты және төрт жылдық педагогикалық институт деп аталатынды. Осы екеуінде де халық ауыз әдебиетінен дәріс беріп келді. Осында жүріп алғашқы оқулық ретінде «Қазақ әдебиеті» кітабы мен Абай мұрасы жайлы мақалаларын жазды.
Жазушының өз архивінде сақталған қойын дәптерлерінде сол кезеңде оқыған шәкірттерінің толық тізімі, оларға емтиханда қойған бағалары мен өзі үміт күткен үздік шәкірттеріне қоятын арнаулы белгілері сақталып қалған. Мысал ретінде атар болсақ, соғысқа дейін оқыған студенттердің арасынан филология ғылымының кандидаттары Төкен Әбдірахманов, Мәлика Ғұмарова, Сағынғали Сейітовті көрсек, соғыстан кейінгі жаңа буын студенттерге де Мұхаң сол машығын сақтаған. Оқытқан дәрісінен үздік баға алғандардың тұсына белгі қойған. Талапты шәкірттерін дәл тани алғандығына қазіргі филология ғылымдарының докторы Шәмсия Сәтбаева, Нығмет Ғабдуллин, филология ғылымының кандидаттары Айқын Нұрқатов пен Баламер Сахариевтердің қала-мынан туған еңбектері айғақ.
Мұхтар республикамыздың ірі ғылыми орталықтарының бірі С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін өмірінің соңғы күндеріне дейін қол үзбей ұстаздық жұмысын жүргізіп келді. Сондағы қазақ әдебиетінің профессоры ретінде жүргізген жұмыстарының ауқымы зор, бірнеше салаларды қамтиды. Ғұлама ұстаз қазақ ауыз әдебиетінен, СССР халықтары әдебиетінен дәріс оқу, өзі тарапынан ендірген Абайтану мен қырғыз әдебиетінен арнайы курс жүргізу, әрі арнайы семинар сабақтарын өткізу, диплом жүмыстарын жаздыру, ізденушілер мен аспиранттарға жетекшілік ету, ғылыми кеңестерге белсене қатысу - мол қажыр-қайратты, ұланғайыр білім мен жан-жақты даярлықты, шәкіртке деген қамқорлық пен төзімділікті тілейтін қызығы мен азабы көп жұмыстар болатын-ды. Дәріс оқу үстінде шәкірт санасына ғылым сырларын құюмен қатар оның қабылдану, дару жағына да ерекше мән берген. Әсіресе практикалық сабақтарда осы жағы қатты ескеріліп, әр-бір шәкірттің рухани өсуіне көп көңіл бөліп, жіті қада-ғалап отырған.
М. Әуезовтің лекция оқуындағы ерекшелік - оқылар дәріске үздіксіз даярлық пен ғылыми-зерттеу жұмысын ұштастыра жүргізуінде жатыр. Бұл жағдай оқылатын лекцияның құнын арттырып отырған. Мұхаң даяр деректі жүйелеп қана беретін ұстаздар типінен бөлекше жатыр. Ол ғылым саласын өзі жасап, оны жас ұрпаққа өзі үйретуші, интеллектуальдық жағынан үздіксіз өсу үстіндегі ұстаздардың көш басшысы бола білген саңлақ ұстаз дәрежесіне көтерілді.
Университет қабырғасында 1942 жылдан бастап Абайтанудан арнаулы курс жүргізе отырып, оның негізін салып, көлемді монографиялық зор еңбек беруі - осының айғағы еді. Мұхтар Әуезов оқыған лекцияларға жаңаны сезгіш студент қауымы таласа кіріп жатса, тіпті оған басқа ғылым саласының егде өкілдері де үнемі қатысып отырған.
Лекцияны әуелі бөгеліңкіреп барып бастағанымен қыза келе сөз ағыны мен ой тасқыны, тың да соны деректердің нөсері тыңдаушысын үйіріп әкетіп, сілтідей тындыратын ұстаз бейнесі шәкірт атаулының әлі күнге дейін көз алдында. Ұстаз шабыты дәріс үстінде көбінесе тыңдаушыларының ыстық ықыласы мен рухани талабына қарай өрістейтіні жұртшылық аузында көп айтылады.
Мұхтар тапқыр, шешен сөйлеумен қатар өнегелі тыңдаушы да бола білген. Жазушы архивінде жатқан Ленинград университетінде тыңдаған дәрістерінің конспектісі мен 1944 жылы майданнан келген Гвардия полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлының Қазақ ССР Ғылым академиясында Ұлы Отан соғысы жайлы апта бойы оқыған лекциясын зор зейінмен тыңдай отырып, бір том көлемінде жазып алған қолжазбасы - осының айғағы.
Мұхтар ерекше ықылас бөліп оқыған арнайы курс пен семинар сабағын өткізген Абайтануға қатысқан шәкірттерінің дәрісті ұғыну, меңгеру жағына айрықша мән бергендігі байқалады. Жазушы архивінде сақталған көптеген жазба деректер, студенттердің емтихан тапсыру, семинарда баяндама жасау, коллоквиум өткізу жайындағы ұстаз мәліметтері көп нәрседен сыр шертеді. Абайтанудан дәріс тыңдап, семинар сабағына қатысқан шәкірт атаулының аты-жөні, алған бағасы, жасаған баяндамаларының тақырыптары түгелге жуық сақталып қалған. Бір ғажабы, осы арнайы курсты тыңдаушылардың бәрі де білімі, сөйлеуі, жазу мәнері, материалды меңгеру дәрежесі жағынан көреген ұстаздың талғампаз сыны мен әділ таразысына бір түспей өткені шамалы. Әрқайсысының аяқ алысынан, сөйлеуі мен қалам тартысынан бұлжытпай танып отырған. Ой жарысында оза шабар деген талаптыға үздік баға қоюмен бірге арнайы белгі де қойған. Қөңілге ұялай білген шәкірт атаулының бәрі де соңыра өз саласында оза шауып, шаң тастап танымал ғалым, толғамды жазушы, талғамды журналист болмағаны жоқ. «Әке - балаға сыншы» дегендей, аға ұрпақтың жолын қуып, ізін жалғастырар шәкірттерінің ойы төлділерін ғана таңдай білуі - көреген ұстаздың шәкіртіне сыншы болудан туатын зор қасиеті десе болғандай.
Ұлы ұстаздың дәл осындай үміт артып, болашағынан жеміс күткен бір кездеге балаң шәкірттері, қазіргі филология ғылымының докторлары: Дүйсенов Мырзабек, Қабдолов Зейнолла, Болғанбаев Әсет, Құрышжанов Әбжан, Әміров Рахыш, Уахатов Бекмұрат, Аханов Кәкен, Томанов Мархабат; филология ғылымының канди-даттары: Тілешова Сәукім, Рүстембекова Рәзия, Ордалиев Сейділда, Ысқақов Бүркіт және басқалар республикамыздың рухани өміріне елеулі үлес қосты.
Мұхтар Абайтанудан дәріс оқумен бірге ұзақ жылдар бойы арнаулы семинар да өткізген. Өмірлік идеалы болған сүйікті кейіпкері Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой түйінінің өмірінің ғұмырлық ережесі ретінде ұстанып өткен. Алдында жазушылық зор міндеті тұра, ұзақ жылдар бойы әр күні жас буын, балауса ойлы шәкірттерімен күнделікті араласып, олардың санасына Абай ойының терең көздерінен нәр тартып, сыр құюмен болған. Бұларда әрбір шәкірт ұғыну, меңгеру, өз бетімен ой толғай түсіну жағын ерекше қадағалап отырған.
Шәкірт үшін ұланғайыр білімін, көлкөсір қайрат-жігерін, қайталанбас қымбатты уақытын бөліп, барын аяп тартынбай дәрісіне үлкен шабытпен құлшына кірісетін көреген ұстаз бейнесін шәкірттері әлі күнге дейін жыр ғып айтысады. Абайтанудан өтілетін арнайы семинарда ұлы ақын шығармаларынан сан түрлі тақырыптарға баяндама жасатып, оны сағаттар бойы жалықпай тыңдау, баяндамашылар мен пікір айтушылардың сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына, өлең оқу машығына, ой шалымына жіті барлау жасап, нақтылы сыны мен ұстаздық қуанышын да ортаға салып отырған. Пікірін ауызша түрде ғана айтпай, оны үнемі қағазға да түсіріп отырғанын архив деректерінен көре аламыз.
Мұхтар, әсіресе, Абайтанудан оқыған лекцияларының тыңдаушыларына қалай жетіп жатқанына, оны ұғыну, жазып алу дәрежесіне де үнемі назар аударған. Өйткені лекция әр жылы қайта оқылған сайын оны жаңа ой, тың деректермен үстемелеп, жетілдіре беру, дамыта түсу ұстаз машығы болатын-ды.
Мұхтар көптеген шәкірттеріне диплом жұмысын жаздыру, студенттердің ғылыми конференциясында баяндама жасату арқылы оларды біртіндеп ғылыми-зерттеу ісіне баулуда да тәрбиелік-жетекшілік жұмысына да қызу араласқан. Осы іспеттес жұмыстарға арналған тақырыптардың аумағы тек қана Абайтану саласымен шектелмей, халық ауыз әдебиеті, совет әдебиеті, СССР халықтарының әдебиеті, теориялық-сын мәселелеріне де арналып, шәкірттерін әр салаға салып, ой-өрісін кеңейтіп, танымын тереңдетуге бағыттап отырған.
Мұхтар қазақ әдебиетін зерттеуге, ғылыми кадрлар даярлау ісіне ерекше назар аударып, сол кездің өзінде-ақ (1951 жылға шейін) 22 адамның ғылыми атақ алуына жетекшілік, төрешілдік етті.
Ғылым кадрларын даярлауда кейбір өрісі тар ғалымдар сияқты жетелеп әкелуге тырысатын дерттен бойын аулақ ұстап, әкенің ұлы болмай, Абай аңсаған - халықтың ұлы бола білуінде де ұлылықтың белгісі жатыр. Аспиранттар мен ізденушілерге ғылыми жетекші болудан бұрын, оларға арнайы семинар сабақтарында баяндама жасату, диплом жүмысын жаздыру, ғылыми баяндама жазуға қатыстыру кейде, тіпті, мақала жаздырып икемін тану арқылы өз қабілетін көрсете алғандардың таңдаулыларын ғана сын елегінен өткізіп барып қабылдап отырған. Бұндай талаптың көрінісі, әсіресе, Мұхаңның архивінде сақтаулы жатқан М. Дүйсенов, С. Тілешова, Р. Рүстембекова, С. Ордалиев жайлы де-ректерден анық байқалады. Яғни ұлы Абайдың «шәкіртсіз ғалым - тұл» деген даналық сөзінің не екенін нақтылы ісімен де көрсете білген.
Қорыта айтсақ, Мұхтардың жарты ғасырға жуық созылған аса жемісті ұстаздық ұзақ жолы арнайы ғылыми зерттеуді қажет ететін тақырып дер едік. Бұл саладағы жүргізер жұмыстың бір арнасы, әсіресе Мұхтар алдынан өткен мыңдаған шәкірт атаулының қызу атсалысуы - азаматтық парызы деп білеміз. Өйткені олардың бәрі де ғұлама ұстазды әр қырынан көре білді, күнделікті сабақ үстіндегі жүріс-тұрысын, дәріс беру мәнерін, ұланғайыр тың ойлары мен соны деректерін біліп, мақтауы мен сынын естіп өсті. Бірге түскен суреттері, сыйға берген қолтаңбалары Мұхтар дәрісінен жазған конспектілерін отбасы шеңберінен шығарып, арнайы естеліктерімен М. Әуезовтің музей-үйіне топтастыру - мәні зор іс болар еді. 30-жылдардағы жазушы туындыларының сыртқы формасында ғана социалистік, таптық сипат болғанымен, ішкі тінінде, көркемдік қуатында руханияттық ізденістен алшақтау байқалмады
Ұрда жық идеология тым екіленгеңде, суреткер М. Әуезов бір кез көркем аудармаға түрен салды. Шекспирді, Гогольді, Треневті, Погодинді, Кронды қазақша сөйлетті. Сөйтіп ұлттық аударманың көкжиегін кеңейтті. Қайсыбір қаламгерлер жау іздеп әлек болып жатқанда, Мұхтар кейін роман-эпопеясына біртарау болып енген «Татьянаның қырдағы әнін» жазды. 1940 жылы М. Әуезов қаламынан әйгілі «Абай» пьесасы туды. Тұтастай алғанда, суреткер 30-жылдары түгелімен алдағы ірі һәм іргелі шығармасына даяр-ланды. Ол - «Абай жолы роман-эпопеясы еді. Бұл шығармасының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы «Абай» деген атпен жарық көрді. Кейін толықтырылып, 1950 жылы «Ақын аға», 1952 және 1956 жылы «Абай жолы» деген атпен оқушысына жетті. Төрт кітаптан құралатын осы ұлы туындыны жазушы он бес жыл жазды. Мұншама ұзақ жазылуының екі себебі бар. Біріншіден, ресми идеология мен тапшыл таяз әдебиетшілер романның бірінші кітабы шығысымен жазушының суреткерлік меселін қайтаруға ты-рысты. Қайсыбірі жалпы Абай туралы үлкен шығарма жазудың қажетсіздігін дәлелдесе, енді біреуі «кітаптың әрбір беті тұнған ұлтшылдық» деп мәлімдеді. Бұл жазушы шабытын шідерледі. Екіншіден, шығармашылықта «бір деммен жазып шығу» деген ұғым бар. Бірінші, екінші кітап жазылып біткенде, кейіннен «Ақын аға» оқырманға ұсынылғанда, идеологтар оның көп жерін жаратпай, жазушыны жөндеуге мәжбүрледі. Туындының бітіміне, ішкі логикасына обал жасамауды ойлаған автор жалпы оқырман түсіне бермейтін тәсілдерді пайдаланып шығарманың қайсыбір жерін қайта жазды. Мұның үстіне «кеңестік жылымыққа» (оттепель) дейін Мұхтардың Қазақстан саясатынан қашып, Мәскеуді паналаған кезі де болды.
Осыңдай қиындықтарға қарамай «Абай жолы» романы руханият тарихына классикалық шьғарма болып енді. Шьғыс пен Батыстың орталығында туып, қалыптасып, өрлеген қазақ халқының күллі болмыс-бітімі романда көркемдік шеберлікпен көрініс тапқан. Жазушы өз елінің һәм адамзаттың өткеніне, бүгінгісіне келешегіне ұлы тұлға Абай биігінен қарай алған. Романда ойшыл ақынның пайым-парасатына бұғау салуға социалистік реализмнің құдыреті жетпеген. Жазушы кеңес әдебиетінің айнымас серігі болған идеологиялық схематизмді шығарма идеясымен, қасаңдықты бұзған көркемдікпен, ойдан ой тұғызатын ізденіспен жеңе білген. Міне, суреткер Мұхтар Әуезов ұлылығының мәні осында болса керек.
Мұхтар Әуезовтың ғылымдағы ерлігі
Мұхтардың ғылымдағы ерлігі де бірқыдыру. 1927 жылы «Әдебиет тарихы» шыға салысымен кеңестік цензураның пышағына ілінді. 1926 жылдан бастап жинақтай бастаған Абай мұрасын 1945 жылы алғысөз жазып, редакциялап шьғарғаны болмаса, 50-жылдардың ортасына дейін ғалым ғылымға бірыңғай бет бұруға мұршасы жетпеді. «Жылымық» шақтан кейін Абай туралы топтама зерттеу, қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография, «Қазақ әде-биет тарихына» фольклор туралы ғылыми еңбек жазды. 50-жылдары «Қамбар батырдан» өзге жырлардың бәрінен безінген біз секілді қырғыздар да «Манастан» жерінгенде, ғалым М. Әуезов оларды сол республиканың Ғылым Академиясы мінберінен ақылға шақырғаны мәлім. Абайдың 150 жылдың мерейтойына қатынасқан Шыңғыс Айт-матов осы елеулі оқиғаны тебірене айтқаны есімізде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz