Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 Мұрагерлік қатынастарын реттейтін заңнамалардың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Мұрагерлік қатынастарының элементтері ... ... ... ... ...38


2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮРЛІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Заң бойынша мұрагерлік сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.2 Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ...59


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
Өзектілік негізі, тақырыпты зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңыздылығы. Жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырға аяқ басар алдында Қазақстанда орын алған демократиялық тың өзгерістер экономика, саясат, сонымен бірге құқық саласын да қоса қамтығаны белгілі. Бұл реформалардың басты бағыттарына жеке меншікке құқықты тану, жеке меншікті қорғау және әлеуметтік құрылымға әлемнің озық үлгідегі институттарын енгізу, оларды нығайту, дамытуды жатқызамыз. Мұрагерлік -қоғамның экономикалық дамуының жемісі. Мұрагерлік тәртібі өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен бірге өзгеріп отырады. Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алады. Сондықтан заңнамаларды зерттеп отыру және оның тәжірибеде қолданылуына түйін жасау қажет.
Азаматтардың мүлкіне мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылатындықтан мұрагерлік мәселесі үнемі теориялық және тәжірибелік мәселелерді ұштастыруды қажет ететіндіктен, аталған тақырып өзекті.
Зерттеу бағыты бойынша қойылатын сұрақтарды талдау жағдайы. Зерттеу негізінде мұрагерлікті құқықтық реттеудің тарихи даму жағдайы қандай және нормативтік актілердің түбегейлі өзгеруі орын алды ма деген сұрақтар бойынша тарихи дамуға адамзат пайда болған алғашқы қауым тұрғысынан қарастыру негізінде әдет-ғұрып бойынша, дамудың басқа да сатыларында және егеменді еліміздің құқығы бойынша тұжырымдалады. Зерттеу бағыты бойынша мұрагерліктің заң бойынша және өсиет негізінде жүзеге асырылуына қатысты негізгі ерекшеліктері зерттеледі.
Зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу барысында мұрагерлік түсінігі мен құқықтық табиғатын, оның ерекшеліктерін, мұрагерлікке қатысты құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу.
Зерттеу барысында алдымызға қойылған міндеттер:
- азаматтық құқықтың институты ретінде оның ерекшеліктерін қарастыру;
- қазіргі доктринаға сәйкес теориялық өлшемдерге сараптама жасау;
- мұрагерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұныны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу жұмысының пәні мұрагерлік қатынастарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Объектсі
Зерттеу әдісі мен методологиясы. Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және осы кодекске сәйкес қабылданған азаматтық заңдар мен азаматтық заң актілері.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы // 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен бірге) // Қазақстан Республикасының Парламентінің жаршысы.-1996.- № 4-217-қ.; 1998.-№20.-245-қ.; 2007.-№10.-68-қ.
2. Назарбаев Н. Казахстан- 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Білім, 1997.с.126
3. А.М. Немков. Очерки истории наследственного права. – Воронеж, Издательство Воронежского Университета, 1979.-500с.
4. Ермухаметова С.Р., Коваленко Е.Ю. Римское частное право: Учебное пособие.-Алматы:Казак университеті, 2005.-72с.
5. Дождев Д.В. Римское архаичное наследственное право.-М., 1993.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999 ж. 1 шілдедегі № 409-1) (ерекше бөлім) //Параграф ақпарат жүйесі
7. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы
8. Соттардың мұрагерлiк туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қаулысы
9. В.С. Антимонов, К.А. Граве. Советское наследственное право.- М.: Государственное издательство юридической литературы, 1955. -200с.
10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының Заңы
11. Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 31 наурыздағы № 214-1 Заңы
12. ««Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы
13. Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1 Қазақстан Республикасының Заңы
14. Комментарий Гражданского кодекса Республики Казахстан. Особенная часть. Ответственные редакторы: Сулейменов М.К., Басин Ю.М. Переизд.- Алматы, 2008
15. Гражданское право. Том 3. Учебник для вузов (академический курс).- Алматы., 2004.-500с.
16. Ж.Б.Кайсарова. Проблемы осуществления наследственных прав в Республике Казахстан/ мат. Ежегод. Респ. Научно-теоретической конференции аспирантов и соискателей. Алматы., 2002
17. В.И. Серебровский. Очерки советского наследственного права. _ М., Издательство Академии наук СССР, 1953 .-300 с.
18. «Селекциялық жетістерді құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы 13.17.1999//Параграф ақпарат жүйесі
19. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы 16 қаңтар 2001 жыл № 142-II 2001//Параграф ақпарат жүйесі
20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру» ережесі//Параграф ақпарат жүйесі
21. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы 10 июнь 1996 жыл № 6-I//Параграф ақпарат жүйесі
22. Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II Қазақстан Республикасының Заңы
23. Бондарев Н.И. Эйдинов Э.Б. Право на наследство и его оформление. – М.: Юридическая литература, 1971-250с.
24. Гражданское право. Учебник. Часть3. Под. Ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. – М.: Проспект, 1998-.494 с.
25. Никитюк С.. Наследственное право и наследственный процесс.- Кишинев: «Штиинца», 1973.- 250 с.
26. Бàÿíîâà À.Å.. Èçìåíåèÿ çàâåùàíèÿ ïî çàêîíîäàòåëüñòâó Ðåñïóáëèêè Êàçàõñòàí. Ìàò. Êîíô. Àëìàòû., 2002.
27. Дðîííèêîâ Â.Ê. Íàñëåäîâàíèå ïî çàâåùàíèþ â Ñîâåòñêîì ïðàâå.-М., 1996
28. М..Ã. Ïðîíèíà. Íàñëåäîâàíèå ïî çàêîíó è çàâåùàíèþ. Ìèíñê., 1978.-315с.
29. Ожегов. С.И. Словарь русского языка. – Под.ред. чл.- корр.АН СССР Н.Ю.Шведовой- М.: «Русский язык», 1998. - 342 с.
30. Гордон. М.В. Наследование по закону и по завещанию – М.: Юридическая литература, 1967. – 200с.
31. Дождев Д.В. Римское частное право.М., 2005.-780с.
32. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 ж. 27 желтоқсандағы) (жалпы бөлім) //Параграф ақпарат жүйесі
33. ҚР- ң «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңы 02.05.1995// Параграф ақпарат жүйесі
34. Гонт Т.И. Завещание: субъективная сторона сделки / Нотариус , 1999 г.-160с.
35. Мозжухина З.И. Наследование по завещанию в СССР. М.: Государственное издательство юридической литературы, 1955.-300с.
36. 1998ж. 28-шілде №539- ҚР Әділет Министрлігінің бұйрығымен бекітілген «ҚР нотариустарымен нотариалдық әрекеттерді жүргізу тәртібі туралы» Нұсқау// Параграф ақпарат жүйесі
37. 08.01.1998ж. Қ.Р. Әділет министрі бұйрығымен бекітілген, «Медициналық бөлімшелердің басшыларымен, орынбасарларымен, госпитальдердің, санаторилердің, басқа әскери- емдеу меекемелерінің жәнеде әскери бөлімдердің, бірлестіктердің мекемелердің және әскери-оқу орындардың басшыларымен немесе кезекші дәрінерлермен нотариалдық қызмен көрсететін органдардың жоқтығына байланысты, өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы» №5 Қаулысы.
38. Барщевский М.Ю. Если открылось наследство... –М.: Юридическая литература, 1989.- 192с.
39. Барщевский М. Ю. Наследственное право: Учебное пособие. - М.: Белые альвы, 1996.-225с.
40. Комаров П.К. Законодательство о наследовании. М.: Государственное издательство юридической литературы, 1963.-325с.
41. ҚР «ҚР-ғы тілдер туралы» 1997ж. 11 шілдеде қабылданған заңы// Параграф ақпарат жүйесі
42. Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы// Парагрф ақпарат жүйесі
43. Қазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 ж. 16 шілдедегі N 83 бұйрығы// Парагрф ақпарат жүйесі
44. « Кылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің басшыларымен өсиеттерді және сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы» Нұсқау// Парагрф ақпарат жүйесі
45. Рясенцев В.А Наследование по закону и по завещанию в СССР. - М.: Издательство Академии наук СССР, 1953.-340с.
46. Степаненко Г.М. Наследственное право РСФСР. – Издательство Саратовского университета, 1965.-260с.
47. Эйдинова Э.Б. Наследование по закону и завещанию. – М.: Юридическая литература. 1984.-225с.
48. Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II Қазақстан Республикасының Заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 99 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультетінің магистратурасы

Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы

Магистрлік диссертация

Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және
тәжірибе мәселелері

Орындаушы:
1-курс магистранты Сабитов С.С.
“____”____________2011 ж.

Ғылыми жетекшi: з.ғ.к., доцент Ермұхаметова С.Р.
“____” _____________2011 ж.

Жұмыс қорғауға жіберілді
“-------”------------------------20 11ж.
Азаматтық және кәсіпкерлік
құқық кафедрасының меңгерушісі,
з.ғ.д., профессор Жетпісбаев Б.А.
“________”_________2011 ж.

Алматы,
2011

Резюме
Объектом научного исследования являются общественно-правовые отношения
в наследствений (наследственные отношения).
Предметом исследования является гражданско-правовое обеспечение
наследственных отношений в Республике Казахстан.
Цель исследования – комплексное научно-теоретическое исследование
проблем гражданско-правового обеспечения наследственных отношений в
Республике Казахстан,
В соответствии с данной целью определены следующие задачи исследования:
- общая характеристика наследственных отношений;
- анализ и определение основных этапов развития законодательства,
регламентирующего наследственные отношения;
- выявление особенностей становления, единой системы
законодательства Республики Казахстан, обеспечивающей
всестороннюю защиту прав наследственников, как самостоятельной
отрасли законодательства;
- определение понятия наследование по законоу и по завещанию,
выявление и рассмотрение проблем;
- формулирование предложений по совершенствованию норм действующего
законодательства.
Методологическая основа исследования.
Научно-теоретическую основу диссертации составили научные труды и
публикации казахстанских и российских, зарубежных ученых-правоведов, ученых-
экономистов.
В ходе исследования автор придерживался современной научной методики
исследования: использованы диалектический, сравнительно-правовой,
исторический, логико-теоретический, статистический методы исследования, что
позволило диссертанту выявить круг взаимосвязанных проблем института
наследований.
Нормативно-правовую основу диссертации составили Конституция Республики
Казахстан и иные нормативные правовые акты и отдельные нормативные правовые
акты зарубежных стран.
Научная новизна исследования. Настоящая диссертация представляет в
правовой науке комплексное исследование проблем и новизна работы
заключается в следующих результатах:
- рассмотрены гражданско-правовые основы наследственных отношений;
- изучено развитие и становление законодательства и определены
основные этапы развития законодательства;
- определено понятие наследство и наследники и сформулировано
законодательное определение близкие родственники;
- предложены рекомендации, направленные на совершенствование
законодательства.
Теоретическая и практическая значимость работы заключается в том, что
результаты исследования могут быть использованы для дальнейшего
теоретического и практического развития института наследований.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1. Мұрагерлік қатынастарын реттейтін заңнамалардың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .10
2. Мұрагерлік қатынастарының элементтері ... ... ... ... ...38

2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮРЛІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Заң бойынша мұрагерлік
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..47
2.2 Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ...59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..77

ҚЫСҚАРТУЛАР:

ҚР-Қазақстан Республикасы
АК- Азаматтық Кодекс
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ШС-шпруашылық серіктестіктер
АҚ-акционерлік қоғам
ШФҚ-шаруа (фермер) қожалықтары

КІРІСПЕ

Өзектілік негізі, тақырыпты зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік
маңыздылығы. Жиырмасыншы ғасырдан жиырма бірінші ғасырға аяқ басар алдында
Қазақстанда орын алған демократиялық тың өзгерістер экономика, саясат,
сонымен бірге құқық саласын да қоса қамтығаны белгілі. Бұл реформалардың
басты бағыттарына жеке меншікке құқықты тану, жеке меншікті қорғау және
әлеуметтік құрылымға әлемнің озық үлгідегі институттарын енгізу, оларды
нығайту, дамытуды жатқызамыз. Мұрагерлік -қоғамның экономикалық дамуының
жемісі. Мұрагерлік тәртібі өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен
бірге өзгеріп отырады. Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен
кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа
алады. Сондықтан заңнамаларды зерттеп отыру және оның тәжірибеде
қолданылуына түйін жасау қажет.
Азаматтардың мүлкіне мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің
бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа
заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге
қолданылатындықтан мұрагерлік мәселесі үнемі теориялық және тәжірибелік
мәселелерді ұштастыруды қажет ететіндіктен, аталған тақырып өзекті.
Зерттеу бағыты бойынша қойылатын сұрақтарды талдау жағдайы. Зерттеу
негізінде мұрагерлікті құқықтық реттеудің тарихи даму жағдайы қандай және
нормативтік актілердің түбегейлі өзгеруі орын алды ма деген сұрақтар
бойынша тарихи дамуға адамзат пайда болған алғашқы қауым тұрғысынан
қарастыру негізінде әдет-ғұрып бойынша, дамудың басқа да сатыларында және
егеменді еліміздің құқығы бойынша тұжырымдалады. Зерттеу бағыты бойынша
мұрагерліктің заң бойынша және өсиет негізінде жүзеге асырылуына қатысты
негізгі ерекшеліктері зерттеледі.
Зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу барысында
мұрагерлік түсінігі мен құқықтық табиғатын, оның ерекшеліктерін,
мұрагерлікке қатысты құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді
зерттеу.
Зерттеу барысында алдымызға қойылған міндеттер:
- азаматтық құқықтың институты ретінде оның ерекшеліктерін қарастыру;
- қазіргі доктринаға сәйкес теориялық өлшемдерге сараптама жасау;
- мұрагерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұныны жетілдіруге
бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу жұмысының пәні мұрагерлік
қатынастарынан туындайтын қоғамдық қатынастар. Объектсі
Зерттеу әдісі мен методологиясы. Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және осы кодекске сәйкес
қабылданған азаматтық заңдар мен азаматтық заң актілері.
Зерттеудің теориялық негізін азаматтық құқық ғылымдарының дамуына
үлес қосқан отандық және жақын, алыс шетелдік заңгерлердің ғылыми еңбектері
құрайды.
Қортындылар мен алынған нәтижелердің қалыптасуы. Мұрагерлік құқықтың
маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра
ретінде өтетін мүлік – бұл олардың материалдық және рухани
сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егерде
азамат өлген жағдайға ешқандай өзінің мүлкіне қатысы өкім жасамаған
болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын
туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін
отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және пайдалану
мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын
толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар,
сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және
бекітеді, сондықтан диплом жұмысы азіргі қолданыстағы заңнама негізінде
кешенді зерттеледі.
Зерттеу үрдісінің кезеңдері. Зерттеу үрдісі аталған тақырып бойынша
ғылыми деректер мен әдебиеттерді жинақтаудан басталды. Екніші кезеңде
аталған тақырыпты зерттеу үшін жоспар жасалынды және ғылыми жетекшімен
талқылынды. Зерттеу кезеңі аталған тақырып бойынша ғылыми мақала жазу және
жоспар негізінде тақырыпты ашу үшін ғылыми талдау жасау арқылы магистрлік
диссертацияны жазумен аяқталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, негізділігі. Азаматтардың мүлкіне
мұрагерлік азаматтық құқықтың өзекті тақырыбы ретінде құқықтық-теориялық
және тәжірибелік тұрғыдан кешенді сараланып отыр. Зерттеу жұмысында
азаматтардың мүлкіне мұрагерлікті реттейтін нормалар жете сараланып, автор
тарапынан зерделеніп заңнамаға ұсыныстар жасаумен қорытындыланады.
Тақырыпты ашуға байланысты дербес көзқарас.
Тақырыпты ашу кезінде мынадай дербес көзқарастар пайда болды.
Біріншіден, мұрагерлік европадан келген институт және қазақ халқының енші
институтын заңды түрде жаңғырту қажет. Атап айқанда енші шартын жасау қажет
кейіннен қалған мүлікке қатысты даулардың болмауы немесе соттардың мүлікті
мұрагерлікке беруге байланысты істерді қарау кезінде құқықтық жеңілдіктер
болуы үшін.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне қабылданғаннан бері
көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл нені білдіреді, әрине
қоғамдағы өзгерістермен қатар заңдардың да өзгеріп отыруының әсері. Бірақ,
бұл өзгерістер қазіргі егеменді еліміздін жағдайына байланысты болып отыр.
20-ғасырдың басынан бастап мұрагерлік құқұық ең маңызды азаматтық
құқықтар ретінде танылып, осы кезде қабылданған конституцияларда көрініс
тапты. Мұрагерлік құқық адамдардың конституциялық құқығы ретінде
қорғалып,оған кепілдік берілетін болды. Сондықтан сол кезден бастап
мұрагерлік құқық өзінің өзектілігін сақтап келеді және өмірдің қарыштап
дамып, адамдардың меншігіндегі мүліктің құны мен саны шектелмейтін
болғандықтан оның маңызы арта түсуде. Себебі меншігінде белгілі бір
мөлшердегі мүлкі болғанда оны мұраға кімге, қандай үлесте қалдыруға болады
деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты мұрагерлік құқық
институтынан табуға болады.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа
адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық
мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше
туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
Қазақстан Республикасы конституциясының 26 – бабының 2 – тармағында:
Меншік,оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі - деп
жарияланған. Бұл конституциялық ереже[1]. Сондықтан аталған құқық
адамдардың конституциялық құқығы ретінде қорғалып, оған кепілдік берілді.
Сондықтан сол кезден бастап мұрагерлік құқық өзінің өзектілігін сақтап
келеді және өмірдің қарыштап дамып, адамдардың меншігіндегі мүліктің құны
мен саны шектелмейтін болғандықтан оның маңызы арта түсуде. Себебі
меншігінде белгілі бір мөлшердегі мүлкі болғанда оны мұраға кімге, қандай
үлесте қалдыруға болады деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты
мұрагерлік құқық институтына табуға болады.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 6 – тарауында
жоғарыда аталған құқық өз жалғасын тапқан. Бұл кодексімізде Мұрагерлік
құқық деп аталатын тарауда мұрагерлік институты толық
қарастырылған.Дегенмен, өмірде әртүрлі жағдайлар кездеседі және оларға
байланысты көптеген мәселелер мен сұрақтар пайда болып отыруы
қоғамның ілгері дамуымен байланысты болады және міндетіміз оларды тездетіп
шешу. Мұрагерлік – құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларға
байланысты сот және нотариат тәжірибесінде істер көп болатыны да
сол себептен.
Мұрагерлік меншіктің тоқтатылуының және ол мүлікке басқа тұлғаның
меншік құқығының пайда болуын туындататаын делдал институт. Қазақстан
Республикасының Конституциясында да меншікке қатысты бабында мұрагерлік
туралы ережелер қарастырылған. Менің таңдап алған тақырыбым өзектілігін
жоймаған және зерттеуді қажет ететін тақырып. Зерттеу жұмысының мақсаты
мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелуінің сұрақтарын терең қарастыру арықылы
түйіндеу.
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық
сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың
материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың
жеке меншігі. Егерде азамат өлген жағдайға ешқандай өзінің мүлкіне
қатысы өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын,
жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік
құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп,
сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың
жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет
етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты
ықпалын тигізеді және бекітеді.
Біздің заң бойынша азаматқа өлмей тұрып, өз мүлкіне билік
етуге, яғни өсиет қалдыру жолымен өкім тастай алады. Азамат өсиетте
өзі өлгеннен кейін берілетін мүліктің белгілі отбасы мүшелеріне
ұйымдарға және басқа да тұлғаларды көрсетуге болады. Сонымен, ол
өзінің өмірі кезінде өзінің мүлкін қалдыратын тұлғаларды анықтап
қоюы тиіс.
Азаматқа өз мүлкімен билік етуде кең құқықтар бере отырып, өсиет
қалдыруда мемлекет кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз отбас
мүшелерін қорғап, оларға міндетті мұрагерлік үлестің сақталуын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жекелеген азаматтардың қолында жеке
меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің
жоғарылауына және оның нәтижесінде мүдделлігін арттырады. Демек,
мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Президентінің Қазақстан – 2030 елдің халқына Үндеуінде,
жеке меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де
мұрагелік құқықты қорғайтын заңи жүйенің есебіненде бекітіледі [2].
Мұрагерлік –қоғамның экономикалық дамуының жемісі. Мұрагерлік тәртібі
өндірістің негізгі тәсілдерінің жетілдірілуімен бірге өзгеріп отырады.
Зерттеудің өзектілігі азаматтық құқықтың объектілерінің шеңберінің кеңеюі
және нарықтық қатынастырдың даму талаптарындағы мұрагерлік қатынастарының
құқықтық реттелуінің маңыздылығымен анықталады.
Азаматтардың меншігіне мұрагерлік сұрақтарын жаңа нормативтік
актілерге байланысты саралау. Аталған тақырыпта ғылыми зерттеу жазуға негіз
болған аталған тақырыпқа байланысты кешенді ғылыми жұмысты азаматтық
заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде теория және
тәжірибе барысында кездесетін сұрақтарға жауаптар іздеу магистрл3к
жұмысымның негізгі мақсаты.
1 МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1. Мұрагерлік қатынастарын реттейтін заңнамалардың даму тарихы

Қазақстан Республикасындағы экономиканың тұрақтылығының басты нәтижесi
қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам
мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк
институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы
Конституциясының қабылдануы болды.
Мұраға ие болу құқығы – бұл берілген тұлғанның субъективті
құқықтары. Ал мұрагерлік құқық – ол құқықтық нормаларды жүйесі, белгілі
қарым қатынастар тобын реттейді. Бұдан басқа мұрагерлік құқықты
субъективті және объективті мағынада айтуға болады. Субъективті мағынада
мұралық құқық мұрагерлік құқық болып қалады. Мұрагерлік құқық азаматтың
құқықтық бөлігі ретінде мемлекеттің белгіленген ережелер жинағын білдіріп,
мұра қалдырушының мұралық құқығымен міндетін мұрагерге ауысарда мұралық
құқық бойынша реттейді.
Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси жэне өзге де қоғам
өмірінің басқада жағдайларынан тәуелділігін анық көру ушін, оның
қалыптасу мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол
үшін мұра қалдыру тәртібін әр- түрлі әлеуметтік- экономикалық
нысандарын қарастыру керек. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа
қатынастар сияқты қоғам дамуымен қатар бірге дамып отырған. Олар
қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық
құндылықтар өндірісіндегі процессте адамның қарым қатынасы қоғамның
экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік қүштердің дамуымен
бірге экономикалық құрылыста өзгереді. Экономикалық құрылыстың
өзгеруімен қоғамның көз қарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің
дамуы құқықтың өзгеруіне алып қеледі, жекелеп айтқанда мұра қалдыру
қатынастарына.
Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде
мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис
әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр- түрлі
бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы
басқалар.
Мұра қалдыру және өзгеде қатынастардың өзгеруі, тек қоғам
нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде
экономикалық құрылыстың өзі өндірістік қүштердің дамуымен белгілі
бір өзгерістерге ұшырайды [3, 15б].
Қазақстан қазіргі өзінің экономикалық, рухани, қүқықтық жағынан қайта
құруларды басынан өткізіп отырған кезеңде ізденуші қауым қазақ халқының
құқық жүйесінің қайнар көзі болған әдет-ғүрып заңдарының қамтыған салаларын
жан-жақты зерттеуде. Соның ішінде кезек күттірмейтін институттың бірі -
мұрагерлік қүқық мәселесі болып отыр. Мұрагерлік институт мыңдаған
жылдармен өлшенетін дәуірлерден өтіп, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Алғашқы қауымдық құрылыс- адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық –
экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат
және патриархат қезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және
мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып
келген [3, 7].
Алғашқы қауымдық және рулық дәуірде мұрагерлік деген түсінік
қалыптаспаған еді. Мүмкін оның мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де
түсіндіруге болар. Себебі рулық қауым тұсында еңбек құралдары, аң терілері,
үй ішінде қажетті жабдықтар түгелдей ру мүшелеріне тиесілі болып, рудан
руға өтті. Бірақ кейін жеке меншіктің пайда болуына байланысты тіршілікке
қажетті еңбек құралдарымен құралған байлық әкеден балаға өтіп отырды.
Осылайша әкеден балаға қалдыру - мирас түсінігі пайда болып, ол ғасырлар
бойы қалыптасқан дәстүрлермен реттеліп отырды. Бұл қатынастарды орындау
қазіргідей мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа
беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылды.
Бертін келе шаруашылық салалары жіктеліп, қоғам әлеуметтік топтарға
бөлініп, жеке меншік қалыптасты да олармен бірге мұрагерлік те пайда болды.
Таптық қоғамда әдет-ғүрып алғашқы формасын сақтағанмен, оның мазмұны,
мағынасы өзгерді. Енді әдет мемлекеттік биліктен қолдану тауып, заңды норма
есебінде оның орындалуын күш қолдау арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Бұған дәлел ретінде ежелгі заңдар Үнді мемлекетінде Ману заңы, Римде XII
Кесте заңы, Франк мемлекетінде Салическая правда, Ресейде Русская
правда, Қазақтарда Жеті жарғы деген атпен біздің бәрімізге жетті.
Негізінен бұл заңдар жинағының барлығында біз сөз етіп отырған
мұрагерлік мәселесі жан-жақты заманына сәйкес қарастырылған. Дүние жүзін
қоныстанған басқа халықтар сияқты Азияны қоныстанған көшпенділер арасындағы
ғұн, үйсін, қаңлы және түркі сияқты ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр
деңгейдегі әдет заңдарын біртіндеп өмірге әкелгенді. Ол заңдар ұлыстың
орнығуына, қуат алуына, дамуына түрткі болды. Бірте-бірте көшпенділер
басқарудың құнды тәжірибесін меңгерді.
Мұның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғары нысаны мемлекеттік тақ
мұрагерлігі пайда болды. Тақ мұрагерлігі әр елде әр түрлі аталғанмен сипаты
жағынан бәрі монархиялық билеу түрінде еді.
Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан
бері мұрагерліктің әскери, әкімшілік, рулық, мүліктік және рухани
мұрагерлігі қалыптасқан болатын.
Көшпелі қоғамда ел қорғаны болған ерлер елдің, жердің билеушісі
болған, таққа отырған. Оның билігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тақ
мұраға айналған. Мұрагерлік үрдіс, мұрагерлік заң-мұрагерлік институттың
дәстүр жалғаудағы үйлестіруші тетігі, ал мұрагерлік институт- мұрагерлік
заңның жалғасу нысаны және нәтижесі. Біздің заманымызға дейін Қазақстан
территориясында өмір сүрген сақтар мемлекеті рудың әскери демократиялық
формасын қалыптастырып, оны кейінгі пайда болған үйсін, қаңлы, ғұн
тайпаларына мұра есебінде қалдырды. Үйсіндердің саяси өмірінде Билер кеңесі
болған. Билер мұрагерлік заңды бүзуға жол бермеген.
Біз жоғарыда атап өткеніміздей, мұрагерлік мұраға қалдырушының мүлкінің
мұргерлерге ауысуы. Саяси мұрагерлік үрдіс заңдары түркілерде де болған.
Түркілерде мұрагердің таққа отыруы:
- алдыңғы қағанның ауызша өсиеті,;
- тәңірінің қалауы;
- сайлап қою сияқты үш түрлі жолмен іске асырылды. Түркілерде әке өлсе
ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер деген өсиет сақталынды. Яғни,
түркі халықтарындағы саяси мұрагерліктің ерекшелігі биліктің бір
әулеттің дара билігінде болуын көздейтін қандастық негізде тұқым
қуалай жалғасатын үрдіс болғанын дәлелдейді.
Мұрагерлік мәселеге хандық дәуірде де ерекше көңіл бөлінген. Қасым
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы заңдарында саяси,
әкімшілік әскери мұрагерлікпен қатар отбасылық қарым-қатынастағы
мұрагерлікте қамтылған. Қазақтарда әке өсиеті көзінің тірісінде куәгердің
қатысуымен ауызша айтылып, орындауға міндетті болған.
Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам өміріне етене жақын
болғандықтан, қай дәуірде де өз жалғастығын тауып келген. Мысалы, қазақтың
көне халықтық тәжірибесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе жатқан бір
аңыз бар.
Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып, дүние салады.
Тұнғышына жартысын, ортаншысына үштен бірін,кенжесіне тоғыздан бірін
өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда бір арық
атты жолаушы кездеседі. Жолаушы өз атын әлгі жылқыларына қосып, Енді
үлестерінді ала беріңдер, - дейді, 18 жылқыдан тұнғыш баласы 9, ортаншысы
6, кенжесі 2 жылқы алып, бітіседі, Сөйтіп жолаушының арық аты артық
қалады.
Мұнан көретініміз, өте ертеде – ақ мұра жағдайы, оны бөлісу
сияқты мәселелер қазақ халқында да кездесіп, қал – қадірінше шешіліп
отырған.
Қазіргі заманда мұндай есептердің айтарлықтай маңызды орынға
ие болған. Мысалы, әйгілі ғалым Мұхаммед Әл – Хорезмидің (780– 850
жылдары өмір сүрген) Алгоритми айтады атты (830 – жылдар шамасында
жазылған) еңбегінде көзделген мақсатын кітаптың алғы сөзінде
автордың өзі былай баяндайды: Мен азаматтардың мұра бөлгенде, артына
өсиет қалдырғанда... әр түрлі жұмыстарда зәру болып жүргенін ескеріп...
жазуға тәуекел еттім.
Әдет-ғұрып құқы бойынша мұрагерлерге қайтыс болған адамның балалары,
әйелі, бауырлары, ең жақын туыстары, тіпті ешкімі болмаса аталас ағайындары
иелік ететін болған. Мұраны бөлу мәселесі әр түрлі жағдайларға байланысты
орындалатын. Ол өлген адамның жасына да байланысты еді. Егер әке орта
жастан асып, немесе қартайып өлген уақытта, көзінің тірісінде үйленген
балаларына енші беріп үлгерген болса, қара шаңыраққа, мал мүлікке ешкімнің
дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болатын.
Қазақ әдет-ғұрыппын зерттеушілердің мәлімдеуі бойынша еншінің көлемі
әкенің дәулетіне байланысты екен. Әдет заңдарында әмеңгерлік мәселе де
мұрагерлік жолмен жүзеге асты. Егер әке жастай өліп, артында жас
балаларымен жас жесірі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге
туған ағасы не інісі, олар болмаса немере, шөбере туыстары, қала берді
аталас інісі жеңгесіне үйленіп балаларды өз қамқорлығына алатын да, мал-
мүлкіне заңды түрде иелік ететін. Егер жесір қалған әйел күйеуге шықпай,
балаларымен елде отыра беремін десе, оған зорлық жасалмаған.
Бірақ өлгеннің отын өшірмеу, жетімін тентіретпеу үшін ең алдымен
жесірдің орнын дұрыстану керек болды. Жесір бір руға түскен кешегі келін
ері өліп, бағы тайған жесір, өзі түскен шаңырақтың мүшесі, оның орны,
мүддесі, адами құқы сол әулеттің өсуі мен өшуіне, абыройы мен ұятына
астасып жататын. Өлген әке ұрпағы сол әулеттің заңды тұқымы, ал жесірдің
әмеңгер болуы сол ұрпақтың аман-есен өсуінің алғы шарттары. Жесірін
әмеңгерлікке ала алмау, жесірін тентіретіп жіберу, сол әулеттің сүйегіне
басылған таңба.
Жесір төркініне кетсе, немесе басқа рудан ер таңдаса сүйгенімен қашып
кетсе, рулар арасында жесір дауы туындап, берісі шығын, арысы өлімге
апаратын. Әдет заңдарын әмеңгерлік мәселесінде адамгершілік, ізгілік,
қамқорлыққа байланысты күйеуінен қалған балаларымен бірге әйелдерді
жетімсіретпей, олардың қас-қабағына қарау, тек жанашыр туыстардың ғана
қолынан келетін.
Иә, үй қожасы қайтыс болғанда, оның мал – мүлкін талан – тараждан
сақтау үшін, бала – шағасына, әйеліне, туыстарына әділ және дұрыс бөліп
беру үшін мұндай есептеулер қажет – ақ болған. Мұндай есептеулер сол кезде
қабылданған ережелер арқылы жүргізіліп отырған. Ондай ережелер Қазан
төңкерісіне дейін Қазақстанда да әрекет еткені белгілі. Төңкеріске дейінгі
қазақ халқындағы барымта, мұраға таласу, жер және жесір даулары
осындай ережелермен шешіліп келген. Оған мысал ретінде, 1885 жылғы Семей
облысының қазақтары үшін қабылданған Қарамоладағы ережені айтуға болады.
Бұл ереженің соңында Абайдың да қолы бар. Ол осы ережені жасаушыларға ақыл
– кеңес беріп отырған сыңайлы. Міне, осы Қарамола ережесінде
мұрагерлікке қатысты мынадай қағидалар бар.
Егер ері өлген әйел, баласы бар болса да, жоқ болса да екінші
күйеуге тимей отырса, ерінен қалған барлық мал мен мүлікке өзі ие
болады.
Қалыңдық өлгенде балдызы жездесіне тимесе, қыз әкесі алған
қалың малын күйеуге қайтарады .
Осылайша, мұрагерліктен туындайтын қатынастар дәстүр ерекшелктерін
сақтай отырып, кеңес жылдарына дейін жалғасып келеді. Келесі кеңестік
жылдардағы мұрагерлік құқық, сол кеңестік үкіметтің бағыт – бағдарына
тәуелді болып, даму мүмкіндігін тежелген салалардың біріне айналды.
Мұрагерлік мәселеге мұсылман құқығында ерекше көңіл бөліп, мұраның
мұрагерлер арасында әділдікпен бөлінуін қатты қадағалаған. Мұхамбет
Пайғамбардың өзі де мұраға ерекше көңіл бөліп, мұраның әділ бөлінуіне мән
берген. Құранда бұл жайлы аяттар өте көп. Мұраның бөлінуі шариғат бойынша
туысқандықты ескеріп, үш дәрежеде бөлінеді: бірінші дәрежеде - ата-ана,
екінші дәрежеде - аға-іні, әпке-қарындастары, үшінші дәрежеде - ата-
анасының тікелей туыстары жатады. Әсіресе, шариғатта мына жәйттер мұрагер
болуға кедергі келтіреді: мұрагердің кәпір болуы, адам өлтірген қанды қол
болуы, азат емес құл болуы, хабар-ошарсыз кетуі (он жыл бойына).
Матриархаттың бастапқы кезеңінде топтық неке орын алды, онда
бір топ ер адамдар бір топ әйелдермен некеге тұрды. Өндірістің
негізгі құралдары ( жер, аң және балық аулайтын құралдар), сонымен
қатар бірге дайындалатын және пайдаланылатын ( тұрғын үй, қайық, азық-
түліқ және т.б.) заттар рудың жеке меншігі болып танылды.
Рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет-
ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген
адамға тиісті болған мүлік жақын туысқандардың арасында бөлінді.
Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді [4].
Жеке өзі пайдаланылатын құнды заттар олардың иесімен бірге көмілді.
Матриархат кезеңінде жеке меншіктің әр – түрлілігі мен мөлшері
аз болғандықтан мұрагерлікке ешкім мүдделі болған жоқ.
Патриархат кезеңі бірнеше өндірістік қүштердің адамның қызметінің
барлық шаруашылық саласында дамуымен сипатталады.
Жеке меншік ер адамның қолында болған соң, оның отбасы
шеңберінде сақтап қалу қажеттігі туды. Сондықтан меншік иесі өлген
соң мүлікке тек өзіне жақын адамдар мұрагерлер болғанын дұрыс
көрді. Мұрагерлік мүлікті өз балаларына қалдыру үшін, меншік
иесінен некеде туған баласы болуы қажет [3, 18 б].
Өндірістік қатынастары өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де
өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы,
мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Матриархат кезеңіндегі
мұра қалдыру тәртібі бойынша өлген адамның мүлігі барлық ру
мүшелерінің арасында бөлінген болса, патриархаттың алғашқы кезеңінде
мұрагерлік - агнаттық тәртіппен ауыстырылды. Өлген адамның мүлкі
патриархалды отбасының шегінен шықпай, агнаттар арасында бөлінді.
Қалған туыстары мұра ретінде тек агнаттардан ешкім қалмағанда ғана
алатын. Агнаттар- деп мұра қалдырушымен агнаттық туыстықтағы
тұлғаларды атаған. Агнаттық туысқандарға: отбасы иесі, оның әйелін,
олардың ұлдары мен қүйеуге шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен
оның балалары жәнеде асырап алған тұлғалар кірді [4].
Рулық қауымдастықтың соңгы қезеңінде өсиет бойынша мұра қалдыру
институты пайда болды.
Сонымен, алғашқы қауымдық құрылыста мұра қалдырудың ешқандай
тәртібі болмаған. Қоғамның экономикалық дамуының өнімі мұрагерлік
өмірдегі өндіріс құралдарының тәсілдерінде болған өзгерістермен бірге
ауысты. Өндірістік күштердің дамуымен тамақтану үшін туыстық
негізіндегі бір топқа жиналган тұлғалардың шеңбері тарылды. Сонымен
қатар, мұрагерлердің де саны азайды. Демек, шаруашылық жүргізудің
экономикалық негізі өндіріс құралдарына деген қауымдық меншік болған
соң мұрагерлік мүлік өндірістік колективтің шегінен шықпады.
Өндіріс құралдарына деген ортақ меншікті мұра қалдырушы өз
еркімен билей алмады. Сондықтан рулық қауымдастыққа өсиет бойынша
мұра қалдыру мәлім болмады. Жеке меншік пайда болған соң өсиет
бойынша мұра қалдыру институты пайда болды [3, 18 б].
Келесі даму сатысына сәйкес, құл иеленушілік қоғам екі негізгі
топқа бөлінді: құл иеленушілер және құлдар.
Құлдық құрылыстың экономикалық негізі болып, өндіріс құралдары
мен құлдарға деген құл иеленушінің меншігі табылды. Жаңа қоғамдық-
экономикалық формацияға өту сол уақытқа өндірістік қүштердің өсуі
қарқынды болды.
Біз білетіндей, мемлекетпен бірге құқықта пайда болды. Құлдық
мемлекеттердің алғашқы заңдары алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы
кезінде жүзеге асырылатын мұрагерліктің, үшінші мұрагерлік тәртіптегі
қатынастарды реттеп, бекітті. Сонымен қатар заңдарда мүлік иеленушінің
құқықтары, оған өсиет ету құқықтарын беру жолымен ұлғайтылды.
Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте
заң мен өсиет бойынша мұраға қалдыру мәлім болғанын көруге болады.
Мұра қалдырудың жариялық нысаны ғана рұқсат етілген. Мұра қалдырушы
жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды мұрагерлерді мұрадағы
үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Мұра қалдырушы өзінің мүлкін тек
заңды мұрагерлерге ғана емес, сондай ақ басқа тұлғаларға қалдыра
алды. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның мүлкі
заңды мұрагерлеріне беріледі. Мұрагерлердің бірінші кезегінде мұра
қалдырушының балалары тұрды. Мұрагерлік мүлік балаларының арасында
тең үлесте бөлінеді. Балалары болмаған жағдайда, мұрагер ретінде
өлген адамның ағалары мен апалары саналады.
Құл иеленушілік құрылыстағы мұрагерлік қатынастардың толық түрде
реттелуі Рим құқығында берілген.
Рим құқығының көне мұрасы болып, 12 таблица заңы болып
табылады. Онда патриархаттың соңғы кезеңіндегі мұра қалдырудың тәртібі
бекітілген болатын және мұра қалдыру екендігі танылды.
Рим құқығы өсиет бойынша немесе заң бойынша мұра қалдыруды
рұқсат етті. Мұра қалдырудың екі түрі де бір уақытта әрекет ете
алмады. Өсиет бойынша мұра қалдыру заң бойынша мұра қалдыруды
рұқсат етпеді [5].
Басқа да құл иеленуші мемлекеттердегі сияқты рим құқығы да мұра
қалдырудың жария нысанын қарастырды. Мұра қалдырудың бұндай нысаны
мұра қалдырушының отбасы мүшелерін мұрагерлік қателіктерінен
сақтаған. Өйткені, халық жиналысы мұра қалдыруды әділетсіз деп
таныса, рұқсат етілмеді.
Өсиеттің мазмұнына да қажетті талаптар қойылды. Соның ішінде
міндетті түрде мұрагер көрсетілуі тиіс. Егер де мұраны қалдырушы
туыстарының ішінде мұрадан айыратын тұлға болса, онда ол мұрасыз
қалған тұлғаларды жазуы тиіс. Егерде ондай тәртіп қолданылмаса,
өсиет жарамсыз деп танылады.
Империя кезеңіндегі рим құқығында легаттан басқа (өсиеттік бас
тарту) бас тартудың басқа түрін - фидеокомисс танылды.
Фидейкомисстің легаттан айырмашылығы тек қана өсиет бойынша
мұрагерге ғана емес, сонымен қатар заң бойынша мұрагерге де
қойылады.
Рим құқығында шартты түрде мұрагер болу мүмкіншілігі бар. Тұлға
егер өсиет қалдырушы шартын орындағаннан кейін ғана мұрагер болып
танылады. Егерде бұл шарт орындалмаса өсиет жазылмаған деп
танылды. Яғни, өсиеттің тиістілігіне әсер етеді.
Өсиет келісім шарт болып танылғандықтан , өсиет қалдырушы құқық
қабілетті және әрекет қабілетті болуы керек болды.
Рим құқығы мұра қалдыруды жан-жақты (әмбебап) мирасқор ретінде
қарастырды. Бұндай жағдайда мұрагер мұраны алған соң, бір актімен
өлген адамның құқықтары мен міндеттерінің барлық жиынтығын алды.
Мұрагерге мұра көшу үшін, ол мұраны қабылдап, алуы тиіс. Мұрагер
мұраны алды деп, мұрагерлік мүлікті басқаруға көшсе немесе қуәлердің
қатысуында мұраны қабылдау туралы мәлімдесе ғана танылады [4]. Рим
құқығында мұрагерлі даму сатысына байланысты түрлерге бөлінді.
Цивильдік құқық бойынша мұрагерлік. Римде, барлық жерлердегі сияқты
мұрагерліктің пайда болу мерзімі бойынша мұрагерліктің негізі заң бойынша
мұрагерлік болды (hereditas legitima). Бұл бойынша мүлік отбасында қалып
отырды. V кестеде екі негізгі қағида бекітілген: мұрагерлер қайтыс болған
адамның барлық борыштарын әр мұрагер өз үлестеріне қарай қабылдады және
барлық талаптарды өзара бөлді.
Рим мұрагерлік институтының сипаты, оның әр кезеңде де : nemo pro
parte testatus, pro parte intestatus decedere potest – бір адамның мүлкі
бір мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен
берілуі мүмкін емес-деген ережемен анықталады.
Мұрагерлік құқығының бұл кезеңде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік
қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде заң
бойынша мұрагерлікке құқық бермеді.
Преторлық құқық бойынша мұрагерлік. Цивильдік мұрагерлікпен қатар
преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында
айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен республика кезеңінде
басталып принципат дәуірінде аяқталды.
Агнаттық туыстыққа байланысты өмірдің жаңа сұрақтары барлық әлеуметтік-
экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық бойынша туыстық
заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш рет преторлық құқықта
танылды және император заңдарында көрініс тапты.
Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт –
interdictum quorum bonorum-ді бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор
наразылықты қарағаннан кейін цивилдік құқық бойынша кімді мұрагер деп
таныса соған берді. Мұндай жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға
байланысты қолдану мақсатында әрекет етті. Бірақ, жақын туыс мұрагерлікті
қабылдамаса, ол келесі туысқа өтпей иесіз болып қалатын немесе кез келген
тұлғаға берілетін, сондықтан осындай жағдайлардан арылу үшін және
мұрагерлік мәселесінің күрделілігіне байланысты претор мұрагерлік иеленуді
bonorum possessio берді, яғни мұрагерлік келесі туыстарға берілді. Бұл
жағдайларда претор цивилдік құқықты толықтыру үшін әрекет етті [4].
Кейін, bonorum possessio эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің
билігінен шыққан балаларына және мұрагерліктен шеттетілген балаларына
берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін, когнаттық
туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.
Осылайша мұрагерліктің цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты.
Цивильдік норманың ескірген нормаларының орнынан преторлық қағидаларға
негізделген норма келді.
Император заңдары бойынша мұрагерлік. Мұрагерлікке принципат дәуірінде
әсіресе империя дәуірінде көп көңіл бөлінді. Осы кезеңде мұрагерліктің
преторлық жүйесінің негізгі бастамалары бекітілді.
Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық тенденциясын
дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарын заңдандыруды
кеңейтті. Осы кезеңде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға қалдыру
мәселелері қалпына келтірілді.
Юстиниан құқық бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниан
новеллаларында аяқталды.
Рим құқығында өсиет бойынша мұрагерлік заң бойынша мұрагерлікке
қарағанда кейінірек пайда болды. Ульпиан өсиетке мынадай анықтама берді:
Testamentum est mentis nostrae iusta contestatio in id sollemniter factum,
ut post mortem nostram valeat – Өсиет еркімізді құқықтық білдіру, біз
қайтыс болғаннан кейін әрекет ету үшін жасалған.
Өсиет заңды нәтиже беру үшін мынадай талаптар қойылды: а) бекітілген
нысанда; б) белсенді өсиеттік құқыққабілетті тұлға жасауы; в) енжар өситтік
құқыққабілетті тұлғаны тұлғаның мұрагері деп бекіту.
Гайдың айтуы бойынша, ерте құқықта өсиеттің екі нысаны болған.
Біріншісі жылына екі рет шақырылатын халық жиналыстарында жасалды. Өсиет
қалдырушы ауызша нысанда өзінің еркін халыққа жариялады. Мұрагерді
тағайындады. Сонымен қатар легат туралы билік ете алатын, әйеліне және
балаларына қамқоршы бекіте алатын. Екінші нысан бойынша өсиет жария түрде
болды. Соғыс кезінде өсиет қалдырушының еркі солдаттар алдында
жарияланатын.
Өсиеттің екі нысанында кемшіліктер болды. Олар:
1) өсиеттің екі нысаны да жария түрде болды, бұл көп жағдайда өсит
қалдырушының мүдделеріне сәйкес келмейтін; 2) бірінші өсиет жылына тек екі
рет жарияланатын, ал екіншісі әскер құрамына кірмейтін тұлғалар үшін, соның
ішінде кәрі адамдар мен ауру адамдар үшін қолы жетпейтін өсиет.
Аталған өсиеттің нысандары қолайлы болған жоқ және өмірдің қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмады және тәжірибе тиісті қажеттіліктерді
қанағаттандырудың жаңа тәсілдерін манципацияны қолдану арқылы тапты. Осыған
байланысты рим құқығында өсиеттің үшінші нысаны пайда болды және ол
қорғасын мен таразының көмегі арқылы жүзеге асырылатын мұрагерлік деп
танылды.
Жоғарыда алғаш айтылған өсиеттің жалпы кемшілігі:
Familiae emptor өсиет қалдырушының барлық мүлкінің иесі болып танылды,
яғни ол heredis loco -мұрагер жағдайында болды. Бірақ оның міндеттерді
(nuncupatio) орындауы тек fides-адамгершілікпен ғана санкцияланған жоқ,
өсиеттте бас тартылған кез -келген тұлға қоюға құқығы бар талаппен де
санкцияланды. Бірақ, familiae emptor өсиет пен өсиет пайдасына жасалған
тұлғаның арасындағы заңи құрал болды.
Уақыт өте келе өсиеттің жазбаша нысаны ауызша нысанды ығыстырып
шығарды. Доминат кезінде өсиеттің жаңа жария нысаны пайда болды: соттың
алдында жарияланған өсиет және императорға сақтауға берілетін өсиет. Өсиет
заңды күшке ену үшін, өсиеттің нысанын сақтау жеткіліксіз, сонымен қатар
өсиеттік құқыққабілеттілік болуы керек.
Сонымен жеке меншіктің дамуы мен отбасы мүшелерінің еңбегін
құлдардың еңбегіне ауыстыру құл иеленуші қоғамдағы отбасын өндірістік
коллектив ретінде экономикалық ұя ретінде қарауды қойды.
Мұрагерлікке мұралық мүлікті жинауына және алуына қатысуына қарамай,
өлген адамның жақын қандық туыстары шақырыла бастайды. Өсиет мұра
қалдырудың басым нысаны болады.
Феодалдық құрылыстың мұрагерлік құқығы өндіріс құралдарының, одан
әрі дамуы енбеқтің өнімділігінің өсуімен қоса болады.
Құл иеленушілік өндірістік қатынастарда өнімділік қүштердің
өсуінің сәйкессіздігі құл иеленушілік құрылыстың біртіндеп феодалдыққа
ауысуына алып қелді.
Феодалдық құрылыстың сипаттамасы ретінде жер меншігінің
иерархиялық құрылымы танылды. Көптеген феодалдық меншіктер саяси
бытыраңқылық пен өзара соғыстардың арқасында жүйеленген заңдар
болған жоқ. Мұрагерлік құқықтың сұрақтары басқа құқық институттары
да нашар қарастырылған. Құл иеленушілік құрылыс сияқты, феодалдықта да
көптеген мұрагерліктің кезектілігі сақталды. Соңғы кезектегі
мұрагерлер алғашқы кезектегі мұрагерлер болса ғана шақырылмаған.
Мұрагерлік кезектердің жүйелілігі туыстық дәрежесіне негізделген.
Туыстық дәрежесі жақын туыстар алыс дәрежедегі туысқандарды шегеріп
тастаған.
Саксондық айна (герман құқығының 13- ғасырдағы ескерткіші)
мұрагерлер мұра қалдырушының арыздарын жылжымалы мүліктің бағасымен
жауапкершіліктің мөлшерін азайтқан [3, 17б].
Феодалдық құқыққа мұра қалдырудың тек заң бойынша ғана емес,
сонымен қатар өсиет бойыншасы да мәлім болған, бірақ мұра
қалдырушының құқықтары біршама шектелді. Мысалы: Егерде мұра
қалдырушыда ұлдар болса, онда мүлікті өсиет бойынша мұраға қалдыруға
болмады. Бұл жағдайда мұра қалдырушының еркінен тыс барлық мұралық
мүлік ұлдарының арасында бөлініп берілді. Егерде ұлдары болмаса,
мұра қалдырушы өз мүлкін кімге болса да қалдыра алды.
Полицтік статут (15- жүзжылдықтағы оңтүстік славяндардың
феодалдық құқығының ескерткіші) Бұл заңдар жинағында, мұра
қалдырушының ұлдарын мұрадан айырудың жекелеген және заңда
көрсетілген жағдайларын көрсеткен [3, 17б].
Феодалдық қоғамда мұрагерлік құқық қатынастарды реттеуде үлкен
әсерлерді көрсетті. Дін, идеология, әлеуметтану феодал таптарындағы
қоғамда басшылықтың еркін білдірді.
Құқықтың дамуына араб елдеріндегі дін ерекше үлкен әсер етті.
Бұл жерде діннің алғы шарттары мұсылмандық құқықтың негізі болды.
Мұсылмандардың мұрагерлік құқығы Құранның оқуында көрініс тапқан.
Еуропалық феодалдық мемлекеттердің мұрагерлік құқығын мұсылмандық
мұрагерлік құқығымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Атап
айтқанда біріншіден, мұрагерлік мүлік анасы жағынан туыстарына
көшпейді. Екіншіден, ер адамның мұрагерлік үлесі әйел адамның үлесіне
қарағанда, екі есе көп болады. Үшіншіден, мұрагерлікке ұсыныс
тәртібімен жүргізуге жол берілмейді. Төртіншіден, өсіп келе жатқан
мұрагерлерді толығымен шығарып тастамады. Бесіншіден, мұрагер мұрадан
бас тарта алмады. Сонымен қатар құлдыққа түскен тұлға мен діннен
безер заң бойынша мұрагер бола алмады. Келесі ерекшелік мұра
қалдырушының қарыздары бойынша жауапкершілік мұра көлемінің активімен
шектелді және мұра қалдырушы тұлга тек мұраның үштен бір бөлігімен
ғана басқара алды. Өсиет бойынша мұрагерлер болып, заң бойынша
мұрагерлерден басқа әр-бір тұлга танылады.
Сонымен, феодалдық құқықтың келесідей өзіне тән
ерекшеліктері бар:
- Феодалдық құрылыстың экономикалық негізі болып, феодалдардың жерге
деген меншігі мен крепостық шаруаға шектелген меншік болғандықтан,
заң бойынша осы меншік түрлерін феодалдарға жэне оның ұрпақтарына
қалдыруына өте маңызды рөль. Егерде құл иеленуші қоғамда мұраны
біртұтас ретінде барлық мұралық мүлікті мұраға қалдырудың бірңғай
тәртібін орнатса, феодалдық құрылыста жер және басқа жылжымайтын
мүлік жалпы мұрагерлік массадан бөлініп, мұрагерліктің жеке
обьектісі ретінде қарастырылды. Жылжымайтын мүлік мұрагерліктің басты
обьектісі болады;
- Жылжымайтын мүлікті мұраға қалдыру құл иеленуші құрылыстың соңғы
кезеңдеріндегі сияқты қандық туыстық негізінде емес, екі белгінің
бірігуі негізінде жүзеге асырылды. Олар; туыстық және мұрагердің
әскери қызметін өтеу жарамдылығы;
- Феодалдық мұрагерлік құқық сословиелік құқық болып табылатын.
Ерекше пұрсатты сословиелік мұрагерлік тәртібі төменгі сословиелік
мұра қалдыру тәртібінен ерекшеленеді;
- Патриархаттың қағидаларын қолдана отырып және діннің әсерінде
феодалдық құқықта ер адамдар мен әйелдердің арасында теңдік
болмады. Соңғыларының мұрагерлік құқығы шектеулі болды.
Буржуазиялық құрылыстың мұрагерлік құқығына тоқталатын болсақ,
буржуазиялық құрылыстың жеңісімен қондырма өзгеріске ұшырады.
Сословиелік- буржуаздық заңдар буржуазиялыққа өзгертіледі. Буржуазиялық
елдердің Конститутциясы дворяндардың артықшылықтарын алып тастап, заң
алдындағы формальді теңдікті жариялайды. Азаматтық кодекстер жеке
меншікті қорғау, шарттық қатынастардың еркіндігін, жұмыскер мен
кәсіпкердің арасындағы енбектік қатынастарға мемлекеттің араласпау
қағидаларына негізделеді. Буржуазиялық мұрагерлік құқықтың негізіне
мұрагерлік массалық тұтастық және ер адамдар мен әйелдердің
арасындағы мұрагелік құқықтардың теңдіқ қағидалары қойылады.
Буржуазиялық елдердің экономикалық мәні бір болғанымен,
буржуазиялық мұрагерлік құқық әр елде жекелеген мұрагерлік
қатынастарды әртүрлі реттейді. Елдердің бір тобына мұрагерлік құқық
1804 жылғы француз азаматтық кодексінің үлгісінде жасалған. Басқа
тобында Германдық азаматтық жинақ үлгісі бойынша; үшінші бір
тобында ағылшын-американдық құқық үлгісі бойынша.
Францияның мұрагерлік құқығы мұра қалдыруды әмбебап мирасқорлық
ретінде қарастырады. Ол мұраны заң бойынша және өсиет бойынша
қалдыруын қарастырады. Заң бойынша мұраны қалдыру келесі жағдайларда
орын алады: қайтыс болған адам өсиет тастамаса немесе мұрагерлік
туралы шарт жасамаса және өсиетті жарамсыз деп таныған жағдайда.
Заң бойынша мұра қалдыру өсиетпен көрсетілмеген мүлікке қатысты
жағдайларда көрініс табуы мүмкін.
Француздың заң шығарушысы кішігірім буржуазияның талаптарын
орындай отырып, мұрагерлік мүлікті бөлшектеуге және мұрагердің
құқықтарын теңеуге бағытталған бағыт жасайды. Сонымен қатар заң
шығарушы буржуазияның өзінің мүлкімен қайтыс болғаннан кейін де
басқару сияқты индивидуалистік ынталарымен санасты. Осыған байланысты
өсиет бойынша мұра қалдыруға үлкен шектеу қойылса да, рұқсат
берілді. Жекеменшік иесіне өзіне тиісті мүліктің бір бөлігіне ғана
өсиет етіп қалдыру еркіндігін анағұрлым шектеудің мақсаты болып, бір
адамның қолында байлықтың үлкен концентрациясына (шоғырлануына) жол
бермеу болды.
Заң мүлік иесінің өсиет бойынша мұрагерлерді таңдауда шектеу
қоймады. Мұраны заң бойынша мұрагерлерге және де өзге адамдарға
қалдыруға мүмкін болды. Бірақ, сонымен қатар мұра қалдырушыға өзінің
туыстарын заңды үлестерінен айыруға рұқсат берілмеді.
Мұрагерлерге мұраны алу немесе одан бас тарту құқығы берілген.
Мұрагер мұраны алды деп, егер ол мұрагерлік мүлікті басқаруға
кіріскен сәттен танылады. Тұлға мұрадан бас тартты деп, егерде ол
сотта ерекше реестрде бас тарту туралы тіркелген соң есептелді.
Мұрадан бас тартқанның үлесі басқа мұрагерлікке қатысатын
мұрагерлерге беріледі.
Герман заңдары француз заңдарына қарағанда мұрагерлікті
анықталған санды кезекпен шектемейді. Демек, мұрагерлік жүйесі
мұрагерлік мүліктің алыс туыстарына өтуіне мүмкіншілік тудырады.
1896 жылғы Герман азаматтық жинағы бойынша өсиеттік өкім жасау
кейінге қалдыру және жою шартымен құрастырылуы мүмкін. Мұра
қалдырушыға мұрагерді тағайындап қоюға рұқсат берілді.
Герман азаматтық жинағы бойынша мұрагерлерге мұраны алу немесе
одан бас тарту құқығы берілген. Бас тарту сотқа арыз берумен
жүзеге асырылады. Мұрадан бас тарту мерзімі өткен соң мұраны алды
деп саналады. Тұлғаның мұраға құқығын растайтын құжат болып,
мұрагердің өтініші бойынша сотпен берілген құжат болып табылды.
Ағылшын – американдық мұрагерлік құқығы француздық, германдық және
басқа буржуазиялық елдердің құқықтарынан ерекшеленеді.
Мұра қалдырушының құқықтары шектелмеген. Мұра қалдырушы әрбір
тұлғаға мұрагерлік мүліктің барлығын немесе бір бөлігін беруге
бұйыра алады. Ол әрбір заң бойынша мұрагерді мұрасыз қалдыра
алады.
Мұра қалдырушының құқықтары шектелмеген. Мұра қалдырушы әр- бір
тұлғаға мұрагерлік мүліктің барлығын немесе бір бөлігін беруге бұйыра
алады. Ол әрбір заң бойынша мұрагерді мұрасыз қалдыра алды.
Мұрагерліктің шектелмеген еркіндігі және міндетті үлес
институтының жоқтығы ағылшын- американдық мұрагерлік құқықтың өзіне
тән белгісі болып табылды.
Ағылшын- американдық мұрагерлік құқық өсиеттің жеңілдетілген
нысанын қарастырады. Әдеттегі өсиет үшін өсиет қалдырушының еркі
жазбаша нысанда, өсиетті өсиет қалдырушымен екі куәнің қатысуында
қол қоюы тиіс. Мұра қалдырушы өсиетті кейінге қалдыру немесе
белгілі бір жағдай туғанға дейінгі шартты түрде көрсетілуі мүмкін.
Заң бойынша мұраға ие болу ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы жерлерге меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрын нормативті - құқықтық реттеу
Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын басқару және реттеу
Қазақстан Республикасындағы білім берудің инновациялық дамуын экономикалық-құқықтық реттеу
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь