Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары

1. 1. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы . . . 5

1. 2. Зейнетақымен қамсыздандырудың шетелдік тәжірибесі . . . 9

2. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы

2. 1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі . . . 14

2. 2. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының қызметін талдау . . . 18

2. 3. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы . . . 23

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27

Қосымшалар . . . 28

Кіріспе

Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақыны зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп аталады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, оған ай сайынғы жарналарының уақытында төленілуіне өздері мүдделі. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:

1. Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.

2. Демографиялық - халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлу керек.

Әрбір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әртүрлі инструменттер, тәсілдер мен әдістер пайдаланады. Бірақ осы шаралардың барлығы бір жаңа мақсатқа бағытталған халықты әлеуметтік қорғау осы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе, бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дұрыс ұйымдастыру мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау - әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесін қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні - халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы - адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау.

Сонымен қатар, табыстылықтың анағұрлым жоғары нормаларының себебінен зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейін жасау үшін аударымдардың орташа мөлшерлемесі төмендейді және зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі жоғарылайды. Зейнетақы жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы - ел экономикасы үшін қор жинау жүйесінің ең басты маңызды тұсы мынада, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы халықтың көбейе түскен жинақ ақшалары инвестициялардың аса ірі көзіне айналады, ол бұрынғы кеңестік мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан үшін де маңызды. Одан басқа, жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде зейнетақылық қор жинауларды тек салымшылар жарналарының есебінен ғана емес, сонымен бірге оларды әр түрлі қаржы құралдарына инвестициялаудан түсетін инвестициялық табыстар алу арқылы да жүргізу мүмкіндігі пайда болады.

Жұмыс барысында мынадай мәселелерге талдау жүргізіледі : Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылымы; республикадағы зейнетақы қорларының құрылымы мен атқаратын қызметі; ел экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі;

Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - еліміздегі өзінің даму қарқынын жылдан-жылға табысты өсіріп жатқан және республика экономиакасының дамуы үшін ішкі инвестициялар көзінің бірі болып табылатын зейнетақы жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет ету барысын, ел экономикасына әсер ету деңгейін талдау . /3/

1. Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары

  1. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы

Халықтың қартаюы немесе демографиялық қартаю халықтың жалпы санында егде тартқан адамдар үлесінің көбеюін білдіреді.

Халықтың қартаю деңгейін өлшеу үшін түрлі көрсеткіштер пайдаланылады, солардың ішінде ең көп тараған екі коэффициент бар:

  • жалпы халық санында 60 жастағы және одан үлкен адамдардың үлесі;
  • жалпы халық санында 65 жастағы және одан үлкен адамдардың үлесі;

Егде жастағы адамдар үлесінің ұлғаюы экономикалық белсенді халыққа зейнеткерлік жүктемені өсіреді, әлеуметтік қамсыздандыру мен медициналық қызмет көрсетулерді кеңейту қажеттілігін туындатады. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың абсолюттік саны мен үлесті салмағының синхронды азаюы тұрғысында халықтың қартаюы демографиялық жүктемені ұлғайтып, егде адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуде қосымша қиындықтар тудырады. Халықтың қартаю мәселелері әлеуметтік саясат объектісі болып табылады.

Зейнетақы қорларының Халықаралық қауымдастығының президенті және Чилидегі зейнетақы реформаларының ең белсенді қатысушыларының бірі (зейнетақы жүйесін реформалау кезінде біздің еліміз осы елдің тәжірибесін алды) - П. Корона әлемдегі зейнетақымен қамсыздандыруды былайша сипаттайды: «Көпшілік елдерде зейнетақы саласындағы проблемалар барған сайын көбейе түсуде. Төлемдердің әлемдік жүйесінде түсімдердің шамасына қарай (яғни ортақ жүйелерде) дағдарыс орнауда. Ең алдымен демографиялық факторлар әсер етеді. Бала туудың деңгейі төмендеп, ал өмір сүру ұзақтығы өсіп барады».

Жас тәуелдігі коэффициентінің өсуі (халықтың еңбекке қабілетті бөлігі мен 65 жастан үлкен адамдардың арақатынасы) көптеген елдердің ортақ (ынтымақтастығы) бөлу жүйесінің дағдарысын туындатады. Одан басқа, еңбекке қабілетті адамдардың барлығы бірдей жұмыс істемейді және жұмыс істейтіндер жаппай зейнетақылық салымдар жасамайды. Қазірдің өзінде осы коэффициент 10, 5 құрайды. 2025 жылға ол 15, 2- ге дейін ұлғаюы мүмкін, яғни жұмыс істейтін әр адамға 15 жұмыс істемейтін адам келетін болады. Бай елдерде де солай болады.

Мәселен, ынтымақты (ортақ) жүйедегі Италия әлеуметтік қамсыздандыру саласында қазірдің өзінде ең үлкен тапшылықты бастан кешіп отыр. Сондай-ақ Канада, Франция, Германия және өзге де дамыған елдерде үлкен тапшылық бар. Осы дағдарыстың салдары - әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекетте одан сайын қымбатқа түседі, жәрдемақылардың мөлшері азаяды, ал әлеуметтік жарналардың мөлшері өседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 90-шы жылдардың аяғына қарай республикадағы 15 миллион халықтың 3 миллионы - зейнеткерлер, мүгедектер болып табылады немесе әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет өз міндетіне алған азаматардың өзге тобына жатады. Қалған 12 миллион адамның 6 миллионы - балалар. Еңбекке қабілетті халықтың ішінара жұмыссыздардың үлесіне 6 миллион адам келеді. Бірқатар ғалымдардың пікірлері, тәуелділік коэффициентінің шиеленісінің мәні 10 төлеуші - 1 алушы пропорциясына сәйкес келеді.

Адам дамуының аса маңызды компоненті - өмір сүру ұзақтығы, сондықтан зейнеткерлікке шығатын жастың түбегейлі мәні бар. Әлемнің көптеген елдерінде ол 60-65 жас болып белгіленген, әйелдер мен еркектердің жасы зейнетақы жүйелерінің тең жарымынан астамында бірдей. Бұл орайда адамдардың туған кездегі орташа болжалды өмір сүру ұзақтығы мен зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейінгі орташа өмір сүру ұзақтығы есепке алынады. 1990 жылы бұрынғы КСРО-да сол кезде орын алған өмір сүру ұзақтығы мен зейнеткерлік жастың межесі бойынша еркектердің зейнетақыда болуларының орташа ұзақтығы - 15, 4, ал әйелдерде - 24 жылды құрады. Еркектер бойынша осы көрсеткіштер дамыған капиталистік елдердің практикасына сәйкестенеді, КСРО-мен салыстырғанда олардағы анағұрлым жоғары өмір сүру ұзақтығы кешірек зейнеткерлікке шығумен теңгерілетін еді.

Сонымен бірге, зейнетақылық жастың шексіз ұлғайтылуы мүмкін емес, өйткені бұл, былайғы өзге факторлардан бөлек, қызметкерлердің зейнетақылық қор жинауларды жүзеге асыру мүдделерін азайтады, ал ақырында ол халықтың басым көпшілігінің зейнетақыға дейін өмір сүрмеулеріне әкеледі, яғни зейнетақы алатын жастағы адам қалмайды.

Реформа басталар алдында республикада бір зейнеткерге небәрі 1, 8 қызметкер келді. Мұндай коэффициент кезінде халықтың қартаюы одан әрі жалғасып жатқан жағдайда зейнетақылардың бөлу жүйесін сақтау зейнетақылық қорға жасалатан аударымдар мөлшерін ұлғайтуды немесе төленетін зейнетақы мөлшерлерін азайтуды талап етер еді. Қаржылық, саяси және әлеуметтік пайымдардан ҚР Үкіметі оның екеуін де жасай алмады. Соған қарамастан Үкімет зейнетақылық қор жинау қағидаларына көшу арқылы біршама түбегейлі нұсқаны таңдады.

Зейнетақы төлемі үшін жауапкершілік субъектісін - жұмыс берушіні немесе қызметкерді таңдауда кейбір түбегейлі айырмашылық бар. Көпшілік елдерде зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламасында зейнетақылар төлемінде жұмыс берушілерге басты роль босатылады. Қазақстанда 1998 жылға дейін жалақы қорынан 25% мөлшерінде мемлекеттік зейнетақы қорына жасалатын аударымдарды кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері жүзеге асырып отырды.

Осы практика алғашқы уақытта қор жинау жүйесіне көшуде небәрі мынадай айырмашылықпен ғана сақталады, жалақы қорынан 15%-ды жұмыс берушілер зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталыққа, ал 10%-ды жинақтау қорларына (кәсіпорынның таңдауы бойынша) қызметкерлердің жеке шоттарына аудара бастады. 1999 жылғы 1 сәуірден осы практика өзгертілді - зейнетақылық жинақтау қорларына 10%-ды жұмыс берушілер емес, қызметкерлердің өздері, яғни бұрынғыдай заңды тұлғалар емес, жеке тұлғалар төлейтін болды. Осы ірі институционалды жаңа енгізілім байқалмай өтті десе де болады, әйтсе де бұл ретте жалақы шын мәнінде 10%-ға азайтылды.

Барлық өркениетті әлемде, зейнетақымен қамсыздандыруды мемлекеттің реттеуі қабылданған. Ол көптеген себептерге байланысты: кейіннен зейнетақыға тіршілік ету үшін кейбір адамдар жеткілікті қаражат жинай алмайды; ұзаққа созылатын өмір кезеңі аралығында табысты жоғалту ықтимал; бір буындағы азаматтар арасында, сондай-ақ ұрпақтар арасында табыстарды қайта бөлу механизмі ретінде зейнетақылық жүйені пайдалану және т. б. зейнетақымен қамсыздандырудың өзін-өзі қаржыландыратын жүйесін жасау мен дамытуға қолайлы жағдайлар жасайтын орта құру үшін мемлекет қызметкерлердің қор жинау жүйесіне міндетті зейнетақылық жарна төлеулерін белгілейді. Сондай-ақ ол салымдарды жоғалту қауіптерінен және олардың құнсыздануынан сақтану мақсаттарына зейнетақылық қор жинауларды инвестициялау бойынша және зейнетақы жүйесіне қатысушылардың қызметін реттеу мен оған бақылау жасауды жүзеге асырады.

Зейнетақы реформасының қазақстандық нұсқасында (1998) бөлу жүйесінен бас тарту және қор жинау жүйесіне көшу түбегейлі болды. Жұмыс істейтін буынның барлық өкілдері дербес қор жинау шоттарына қаражаттар аудара бастады (1999 жылға дейін, яғни 1998 жылы мұны жұмыс берушілер жасады) . Бір мезгілде бөлу жүйесіне жасалатын төлемдер күрт қысқартылды (зейнетақы төлемі жөніндегі Мемлекеттік орталық) . Зейнетақыға бұрын, яғни реформаға дейін шыққан немесе дербес шоттарында жеткілікті қаражаттары жоқ адамдар, зейнетақылық төлемдерді бөлу жүйесінен алады.

Мына бір шешуші жағдайды атап көрсету маңызды. Жаңа зейнетақылық жүйеге ауысу кезінде зейнетақы төлемдері жөніндегі Мемлекеттік орталыққа жасалатын аударымдардың мөлшерлері едәуір азаяды (тағы да қор жинау шоттарына қаражаттар аудару қажет болғандықтан) . Басқаша айтқанда, ауыспалы ұрпақтардың жағдайларын нашарлатпайтын зейнетақы реформасын жүргізу едәуір мемлекеттік шығындарды талап етеді. Бұл әрекеттің мемлекеттік борыштың қосымша эмиссиясына, бюджет тапшылығының шиеленісуіне және негізгі салық салмағын болашақ ұрпаққа аударуға апаратыны сөзсіз. Осы жағдай зейнетақы төлемдерінің төмен мөлшерін белгіледі.

Қазақстан осы уақытқа дейін зейнетақы реформасының жаңа идеясы - зейнетақылық қор жинауларды инвестициялық ресурстарға түрлендіру де іске қосылмады, өйткені жинақтаушы қорлардың қаражаттары негізінен бюджет тапшылығын өтеуге алынады. Алайда салым ақшаларды сақтау үшін мемлекет бірқатар іс-әрекеттер қабылдауда.

Сәуірге дейінгі кезеңде (1999ж. ) теңгелік мемлекеттік бағалы құнды қағаздарға (МҚМ-ГКО) барлық зейнетақылық активтердің 96%-ға жуығы салынады. Соңғыларының көлемі ЖІӨ-дегі банктердің таза ішкі активтерінің тең жарымына пара-пар. Еркін құбылмалы бағамды енгізу мен теңгенің девальвациясы нәтижесінде жинақтаушы салымдардың құнсызданбауы үшін, зейнетақы қорларының қаражаттарына арнайы бесжылдық валюталық қазына облигациялары - АВМЕКАМ-ға айырбастауға рұқсат берілді, оларды сатып алуға 1999 жылғы мамыр айында-ақ қорлар өз активтерінің 70, 68%-ын жұмсады. Олардың қалған бөлігі 1999 және 2002 жылдары өтеу мерзімдерімен еуробондтарға (8, 67% активтер), Ұлттық банктің арнайы валюталық және қысқа мерзімді ноталарына, екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне, сондай-ақ эмитенттердің акциялары мен облигацияларына орналастырылды.

Мемлекеттік және жеке жинақтаушы қорлар (Қазақстанда бұлардың саны - 14) өз қаражаттарын көбіне инвестициялық емес сипаттағы мемлекеттік бағалы қағаздарға салады. 2001 жылдың аяғына қарай нақты секторға барлығы 15%-ға жуық зейнетақы активтері салынды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қоржынындағы мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі бұрынғысынша жоғары - 75%. Бұл, ең алдымен, ҚР жүзеге асырылған жекешелендірудің үмітті ақтамауының, қазақстандық рыноктардың қорлар рыногына шықпауының, ірі кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерінің нақты сатылымының болмауының, бағалы қағаздар рыногының өтімді емес күйде қалуының тікелей салдарлары болып табылады. Мынаны атап өту керек, осындай жағдай мемлекет бекіткен қаржы құралдары тізбесін ЖЗҚ (НПФ) сақтауы арқылы анықталады, оларды қорғау мақсаттарында зейнетақылық аударымдар салынады. Алайда зейнетақылық қорларға 30%-ға дейін жиналған қорларды Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың мемлекеттік емес (корпоративті) бағалы қағаздарына инвестициялауға, яғни «көгілдір фишкалар» аталатын акцияларға, немесе бағалы қағаздарының ресми тізімі қазақстандық қор биржасына енгізілген ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына инвестициялауға рұқсат етіледі.

Сондықтан зейнетақы реформасының даму стратегиясын капитал рыногын жасаумен, инвесторлар тартумен, жаңа қаржы құралдарын шығарумен, сақтандыру рыногын дамытумен және осының негізінде зейнетақы жүйесінің табыстары мен халықтың болашақ әл-ауқатын барынша арттырумен тығыз байланысты қарау қажет. /8/

1. 2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі

Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады. Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болғанымен, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттерде көбінде әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар:

  1. Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде) ;
  2. Зейнетақы қорлары;
  3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компаниялардың, фирмалардың, кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың зейнетақы қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жеке меншік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады.

Бір елдегі жеке меншік зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты. Жеке меншік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісінше, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Скандинавия мен Австралияда.

Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін реформалау тек қана дамушы елдерге ғана емес, тіпті жоғары дамыған елдерге де қажет. Өндірісі дамыған елдерде зейнетақымен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемімен қаржыландырылады.

Кесте №1 - Зейнетақы төлеміне бөлінетін ЖІӨ үлесі,

2002 жыл*

Елдер
ЖІӨ үлесі, %
№: 1
Елдер: Австрия
ЖІӨ үлесі, %: 15, 0
№: 2
Елдер: Бельгия
ЖІӨ үлесі, %: 9, 7
№: 3
Елдер: Дания
ЖІӨ үлесі, %: 8, 1
№: 4
Елдер: Италия
ЖІӨ үлесі, %: 15, 8
№: 5
Елдер: Жаңа Зеландия
ЖІӨ үлесі, %: 6, 7
№: 6
Елдер: Испания
ЖІӨ үлесі, %: 7, 9
№: 7
Елдер: Ұлыбритания
ЖІӨ үлесі, %: 10, 3
№: 8
Елдер: АҚШ
ЖІӨ үлесі, %: 5, 8
№: 9
Елдер: Жапония
ЖІӨ үлесі, %: 5, 0

Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрайды. Өндірістік дамыған елдерде жеке түрде қаржыландырылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді.

Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.

Латын Америкасының ескі зейнетақы жүйелерінің мынадай ортақ сипаттамалары болған:

  • Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етті;
  • Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасу мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады (Перу, Чили, Уругвай, т. б. ) ;
  • Мемлекеттік реттеу көптеген ведомстволар әрқайсысына арналған заңдар болды және өздерінің басқармасы, қаржыландыру жүйесі мен қамсыздандыру бағдарламалары болды. Нәтижесінде зейнетақы жүйесін мемлекеттік басқару пирамида тәріздес болып, оның таңдаулы, бай топтар үшін арнайы субжүйелері мен халықтың көпшілігі үшін кедей субжүйелері болды;
  • Сексенінші жыдардағы экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
  • Активті және пассивті еңбек етушілердің қатынасының күрт азаюы (жұмыскерлер/зейнеткерлер), нашар демографиялық жағдай;
  • Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеуметтік міндеттемелері көбейді;
  • Зейнетақы төмен болды;
  • Төленген жарналар мен зейнетақының сәйкес болмауы;
  • Әкімшілік басқарудың әлсіздігі мен қабілетсіздігі, бюракратизмнің өсуі, қызмет көрсетудің саласыздығы;
  • Әлеуметтік жүйенің қаржылық перспективасының болмауы;

Осы және басқа да факторлардың нәтижесінде Латын Америкасының көп елдерінде әлеуметтік жүйе мен зейнетақы жүйесінде дефицит өсті. Мысалы, 1982 жылы Уругвайда әлеуметтік сақтандыру жүйсінің тапшылығы елдің барлық табысының 81%-на дейін жетті. Жалпы тапшылықтың 79% зейнетақы бағдарламасына тиесілі болды. Инфляцияға байланысты зейнетақы автоматты түрде қайта есептелінбегендіктен төмендеді. Зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі үнемі өсіп отырды. Жеке жағдайларда ол жалақының 50% (Чилиде) және 65% (Уругвайда) құрады.

Жоғарыда айтылғанның барлығының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінде зейнетақы реформасы жүргізіле бастады. Кейбір елдер толығымен жеке мен капиталтандыру тәртібіне көшсе (Чили, Мексика), біраз елдерде жеке жинақтау жүйесімен бірге мемлекеттік тарату жүйелері де сақталынады, яғни аралас (Аргентина, Уругвай), қатар өмір сүруші (Колумбия, Перу) бірін-бірі толықтырушы жүйелер (Бразилия, Эквадор) .

Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШ долларын құрайды. Негізгі үлесі Бразилия мен Чилиге келеді.

Бразилия - 60, 29% Чили - 23, 26%

Аргентина - 8, 61% Мексика - 1, 3%

Колумбия - 0, 28% Перу - 1, 3%

Коста-Рика - 0, 05% Боливия - 0, 25%

Уругвай - 0, 28% Сальвадор - 0, 04%

Кесте №2 - Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері*

Көрсеткіштер
Чили
Перу
Колумбия
Арген-тина
Боливия
Мексика

Сальва-

дор

Көрсеткіштер: Зейнетақы қорларының саны
Чили: 9
Перу: 5
Колумбия: 8
Арген-тина: 15
Боливия: 2
Мексика: 14
Сальва-дор: 5
Көрсеткіштер: Салымшылар саны (млн. адам)
Чили: 5, 97
Перу: 1, 98
Колумбия: 2, 91
Арген-тина: 7, 07
Боливия: 0, 47
Мексика: 13, 83
Сальва-дор: 0, 57
Көрсеткіштер: Қорлардың жалпы капиталы, млрд. USD
Чили: 31, 14
Перу: 1, 74
Колумбия: 2, 11
Арген-тина: 11, 53
Боливия: 0, 33
Мексика: 5, 80
Сальва-дор: 0, 57
Көрсеткіштер: Қорлар рентабельдігі (%) / ЖҰӨ (%)
Чили:

11, 3

40

Перу:

5, 14

5, 52

Колумбия:

-

1, 61

Арген-тина:

12, 30

3, 5

Боливия:

-

0, 01

Мексика:

5, 62

1, 53

Сальва-дор:

-

-

Көрсеткіштер: Қызмет ету мерзімі (жыл)
Чили: 22
Перу: 10
Колумбия: 9
Арген-тина: 9
Боливия: 6
Мексика: 6
Сальва-дор: 5

Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әр түрлі және көрсеткіштері де өзгеше.

Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің сомасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. Келесі кестеде бұл көрсеткіштің өзгеру динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген.

Кесте №3 - Зейнетақы активтері / ЖҰӨ (%) *

Ел
1997 ж
2000 ж
2015 ж
Ел: Аргентина
1997 ж: 2, 8
2000 ж: 6, 0
2015 ж: 26, 1
Ел: Боливия
1997 ж: 39, 8
2000 ж: 43, 8
2015 ж: 32, 0
Ел: Бразилия
1997 ж: 10, 0
2000 ж: 11, 5
2015 ж: 24, 4
Ел: Колумбия
1997 ж: 1, 5
2000 ж: 3, 6
2015 ж: 26, 3
Ел: Мексика
1997 ж: 0, 2
2000 ж: 6, 2
2015 ж: 28, 5
Ел: Перу
1997 ж: 2, 3
2000 ж: 4, 1
2015 ж: 18, 5
Ел: Уругвай
1997 ж: 0, 7
2000 ж: 2, 3
2015 ж: 7, 8
Ел: Чили
1997 ж: 41, 8
2000 ж: 44, 3
2015 ж: 52, 9
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Жеке табыс салығының алыну механизмі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Интернеттегі құқық бұзушылықтар
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz