Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар



КІРІСПЕ
I ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі: экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері
1.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
1.3 Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері
II ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен құрылған банктердің құқықтық жағдайы
2.1 Шетелдің қатысуымен құрылған банктердің түсінігі, түрлері
2.2 Шетелдің қатысумен құрылған банктердің құрылуы және қызметін жүзеге асыруы
2.3 Шетелдің қатысуымен құрылған банктердің басшы қызметкерлері
III ТАРАУ Шетелдің қатысуымен құрылған банктердің құқықтық мәртебесін өзгерту және қызметін тоқтату ерекшеліктерінің шарттары.
3.1.Шетелдің қатысуымен құрылған банктерді ерікті түрде қайта құру.
3.2 Шетелдің қатысуымен құрылған банктерді консервациялау.
3.3 Шетелдің қатысуымен құрылған банктерді тарату және еріксіз қайта құру шарттары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен құрылған банктердің қызметін құқықтық реттеу мен оның дамуының құқықтық негіздерінің негізгі мәселелері қарастырылып, оның мазмұнына толық түсінік беріледі.
Егемен Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму қарқындылығы және тиісінше жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының экономикасын реттейтін құқықтық жүйесінің қазіргі заманғы айрықша маңыздылығымен шартталынған банк жүйсінің қызметіне, сондай-ақ банктік жүйені реттейтін нормативтік құқықтық реттелуі тиімділігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Өйткені Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жұмыс істеп жатқан банктік қызмет жүйесі мемлекеттің жұмыспен қамтамасыз ету саясатын іске асыруға, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпалын тигізеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу болып табылады.[1,4б]
Зерттелетін мәселенің өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының банк жүйесін құрайтын және оның жұмыс істеуі барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың тұрақты әрі міндетті субъектілері Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, коммерциялық банктер және т.б. қаржылық-несиелік институттар ішкі және сыртқы инвесторлардан тартылған уақытша бос ақша қаражаттары мен капиталды Қазақстан экономикасының басым әрі жоғары табысты салаларына құю функциясын орындайды, сондай-ақ елдің қаржылық нарығының дамуына, мемлекеттің халықаралық банктік қатынастарға қатысуына және халықаралық қаржылық-несиелік ұйымдармен ынтымақтасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде «шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді» көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін «инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау» белгіленген. «Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» деп айтылған 2,48-52б. Қазақстан Республикасының Президентінің 24 тамыздағы 2009 жылғы № 858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 - 2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты туралы» Концепциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген Қазақстан Республикасының ереже – экономикасы дамыған, оның ішінде банктік қызмет жүйесі дамыған мемлекет ретінде дамуына ерекше көңіл бөлетіндігі туралы айтылған.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. (2007 жылғы 21 мамырдағы №254-3 Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар )
2. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Қазақстан – 2030. - Алматы: Білім, 1997. – 176 б.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы 24.08.2009 № 858
« Қазақстан Республикасының 2010 - 2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты». // РГП «Республикалық құқықтық анықтамалық орталығы» МЮ РК: База данных «Закон», 2009 г. – 35 c.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2011жыл
5. Аралбаева А.А. Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастар: теориялық және қаржылық-құқықтық аспектісі: заң ғыл.канд. ... дисс. - Алматы, 2007. - 147 б.
6. Найманбаев С.М. Банктік құқық. Оқу құралы – Алматы. Жеті жарғы, 2005. 152б.
7. Л.Давыдов. Д.Раймов. Банковское право РК – Алматы, Жеті жарғы, 2005-156с
8. Банки и банковские операции/ Под.ред. Е.Ф.Жукова-М. «Банки и биржи» ЮНИТИ, 1997-с.130
9. Поллард А.М., Пейссек Ж.Г. Дейли Ж.П. Банковское право США. – Москва, «Прогресс», 1992-200с
10. Маркетинг в банке // Под ред. И.О. Спицына, Я.О. Спицына.
- Тернополь: Тарнекс, 1993. – 647 с.
11. Жумина М.Е. Қазақстан Республикасындағы банктік маркетинг: теориясы, тәжірбиесі және даму болашағы: заң ғыл.канд. ... дисс. 08.00.05.
- Алматы, 2009. – 129 б.
12. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚР Заңы (2007 жылғы 28 ақпанға берілген өзгерістермен) // РГП «Республиканский центр правовой информации» МЮ РК: База данных «Закон», 2007 ж. – 37 б.
13. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің активі мен пассивін басқару теориясы, әдістемесі және тәжірибесі: экон.ғыл.д-ры ... дисс. - Алматы, 2008. – 292 б.
14. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі №169-III Заңы. Соңғы өзгертулер мен толықтырулар 12.02.2009 ж.
15. Сман Б.Ө. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру құқықтық қатынастарын мемлекеттік реттедің тиімділігін арттыру: заң ғыл.канд. ... дисс. 12.00.02. – Алматы, 2002. - 154 б.
16. Управление финансами в коммерческих банках / Под ред. Б.Б. Тихамирова. – М., 2000. - 450 с.
17. «Банк секторын дамытудың жекелеген аспектілері туралы ақпараттық анықтама» http: // www.afn.kz/ attachments// cont/publish725780 _8150.rtf.
18. Хаджиева А.Б. Теоритические проблемы регулирования банковской деятельности в Республике Казахстан: дисс. ... канд.экон.наук. - Алматы, 2002. – 141 с.
19. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысы. Соңғы өзгертулер 2010 жылғы 7 маусымда // База данных «Закон». – 2011 – 44-б.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылғы есебі. - 90 б. http://www.afn.kz.
21. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007. – 471 б.
22. Гуев А.Н. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации для предпринимателей (2-ое изд.). – М.: Экзамен, 2002. - 368 с.
23. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации / Отв. ред. В.Т. Томина, В.В. Сверчкова. – М.: Юрайт-Издат, 2006. – 3-е изд., перераб. и доп. - 1228 с.
24. Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право Россйской Федерации // Под общ. ред. Б.Н. Топорнина. – М., 2001. - 448 с.
25. Вишневский А.А. Банковское право (Краткий курс лекций). – М.: Статут, 2004. - 2-е изд., перераб. и доп. - 335 с.
26. Братко А.Г. Банковское право Росии. – М.: Юридическая литература, 2003. - 848 с.
27. Ширинская Е.С. Операции коммерческих банков. М., 1995. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Заңтану /
28. Осипов Е.Б. Гражданско-правовые договоры с участием банков: - Дисс. канд. юрид. наук: 12.00.10. - Алматы, 1997. - 185 с.
29. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994ж. 27 желтоқсан №269-XIII (жалпы бөлім), 1999ж. 1шілде №409-I (ерекше бөлім) екі бөлім қосылған. Соңғы өзгертулер мен толықтырулар
30. Осипов Е.Б., Омурчиева Э.М. Қазақстан Республикасының банк құқығы: оқу құралы/ Алматы « Бастау», 2009.-252б.
31. Ақша, кредит, банктер // Сейітқасымов Ғ.С., Омарбекова А.Ғ., Сейітқасымова А.Ғ. // Оқулық – Алматы, «Экономика» 2006 – 480б.
32. Банк ісі // Ғ.С. Сейітқасымов, Д.М. Мәжітов, С.Б. Мақыш, Ә.Ә. Мусина, А.А. Ілияс, А.А. Нұрымов, А.Ғ. Сейтқасымов, Н.Н. Хамитов, К.М.Мәулетов, Ж.Б. Бекболатов. // Оқулық - Астана, 2009 – 586 б.
33. Банк ісі // Н.Н. Хамитов // Лекциялар курсы – Алматы, «Экономика» 2006 – 216б.
34. Банк менеджменті // Н.Н. Хамитов // Оқу құралы – Алматы, «Экономика» 2007 – 232б.
35. Құқық негіздері // С.Баққұлов // Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004-248б.
36. Маркетинг в банке // И.О. Спицын, Я.О. Спицын // Тернополь: Тарнекс, 1993 – с.647.
37. Қазақстан Республикасындағы банктік маркетинг: теориясы, тәжірбиесі және даму болашағы // М. Е. Жумина // Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы // 08.00.05.- Алматы, 2009 – 129б
38. Теоритические проблемы регулирования банковской деятельности в Республике Қазахстан» // А.Б. Хаджиева // диссертация на соискание учетной степени кандидата экономических наук. Алматы, 2002. стр.141.
39. О САМОУПРАВЛЕНІИ // сравнительный обзор русских и иностранных и общесовственных учережденiй. // Князя А.Васильчикова Томъ I. // С.Петербургъ-1869. стр. 352.
40. Банковское дело в России. Глоссарий банковских терминов.Т.9, М., 1994.
41. А.А. Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев // аудит теориясы (оқу құралы) // жалпы ред.басқ. э.ғ.д., проф. Г.С. Сейтқасымов. // Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті //Алматы, 2000ж, 145 б.
42. Травкин А.А. Банковское право. - М.: Юристъ, 2005. – 459 с.
43. «Банки Республики Казахстан» атты ақпараттық анықтама 2011 жылғы 3 наурыздағы мәліметтер http/www.banker.kz.
44. Ақша, несие, банктер / Жалпы ред. Ғ.С. Сейтқасымов. - Алматы: Экономика, 2001. – 466 б.
45. “БТА Банкі” АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама http/www contactcenter@bta.kz
46. «Банк ЦентрКредит» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама mail@centercredit.kz
47. «АТФБанк» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама info@atfbank.kz
48. «Kaspi Bank» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама office@ кaspiвank.kz
49. «Еуразиялық банк» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама info@eubank.kz
50. «Ситибанк Қазақстан» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама citibank.kazakhstan@citi.com
51. «HSBC Банк Қазақстан» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама Info@hsbc.kz
52. «RBS (Kazakhstan)» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама aabk@kz.abnamro.com
53. «Казинвестбанк» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама www.kib.kz
54. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама Infokz@alfabank.kz
55. «ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама kzibank.kz
56. «ДАНАБАНК» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама danabank@db.kz
57. «Казкоммерцбанк» АҚ 01.03.2011 жылғы жағдай бойынша ақпараттық анықтама www.kkb.kz
58. Эриашвили Н.Д. Банковское право. Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. - М: ЮНИТИ, 2000. – 471
59. Львов А.Ю. Основы экономики и организации бизнеса. - СПб., 1992. – 260 с.
60. Кулигин П. Становление и функции новой системы банков: опыт Восточной Европы // Вопросы экономики, - 1994. - № 4.- С. 50-53.
61. Деятельность коммерческих банков / Под ред. А.В. Калтырина. Ростов н/Д: Феникс, 2004. - 384 с.
62. Тасыбаева А.С. Банкілік құқық. - Алматы, 1999. - 196 б.
63. Банковское дело / Под ред. Г.Г. Коробовой - М.: Экономистъ, 2003. - 751 с.
64. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран. - М.: Новое знание, 2003. - 301 с.
65. Экономическая теория / Под общ. ред. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича. - М.: ИНФРА-М, 2000. - 714 с.
66. Матлин А.М. Деньги и экономические решения. - М.: Дело, 2001. - 272 с.
67. Финансовое право / Под ред. О.Н. Горбуновой. - М.: Юристъ, 1996. - 400 с.
68. Налоговое право / Под ред. С.Г. Пепеляева. - М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2000. -608 с.
69. 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Салық кодексі) // РГП «Республиканский центр правовой информации» МЮ РК: База данных «Закон», 2011 ж.
70. Химичева Н.И. Налоговое право. - М.: БЕК, 1997. - 336 с
71. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі №474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (07.07.04ж. №577-ІІ ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереже // СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 1996. – 2010.
72. Банковское дело: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 576 с.
73. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы, 2009. – 722 б.
74. «Банк секторын дамытудың жекелеген аспектілері туралы ақпараттық анықтама» http://www.afn.kz/attachments//cont/publish725780_8150. rtf 2010 жыл
75. Жумина М.Е. Қазақстан Республикасындағы банктік маркетинг: теориясы, тәжірбиесі және даму болашағы: заң ғыл.канд. ... дисс. 08.00.05.
- Алматы, 2009. – 129 б.
76. О состоянии финансового рынка и финансовых организаций на 1 августа 2007 года. Пресс-релиз № 84 Агенства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций. - Алматы, 2007. - 10 б.
77. Общие сведения о банковской системе. Пресс-релиз № 015 от 15 сентября 1995 года // Вестник Национального Банка. - 2009. - № 9 (9). - С. 11-12.
78. Итоги за 9 месяцев и сентябрь 1997 года. Пресс-релиз № 021 от 29 октября 1997 года // Вестник Национального Банка. - 1997. - № 43 (83). – С. 4-7.
79. Етекбаева Б.Н. Организационно-правовые основы банковской системы Республики Казахстан: Дис. канд. юрид. наук: 12.00.02. - Алматы, 2005. - 162 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы
шетелдің қатысуымен құрылған банктердің қызметін құқықтық реттеу мен оның
дамуының құқықтық негіздерінің негізгі мәселелері қарастырылып, оның
мазмұнына толық түсінік беріледі.
Егемен Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму қарқындылығы және тиісінше
жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының экономикасын реттейтін құқықтық
жүйесінің қазіргі заманғы айрықша маңыздылығымен шартталынған банк
жүйсінің қызметіне, сондай-ақ банктік жүйені реттейтін нормативтік құқықтық
реттелуі тиімділігіне тікелей байланысты деп санаймыз. Өйткені Қазақстан
Республикасының банктік заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерінің негізінде жұмыс істеп жатқан банктік қызмет жүйесі мемлекеттің
жұмыспен қамтамасыз ету саясатын іске асыруға, сондай-ақ елдің экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпалын тигізеді. Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика қызметінің
түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл
халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның
ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
болып табылады.[1,4б]
Зерттелетін мәселенің өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының банк жүйесін құрайтын және оның жұмыс істеуі барысында
туындайтын банктік құқықтық қатынастардың тұрақты әрі міндетті субъектілері
Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, коммерциялық банктер және
т.б. қаржылық-несиелік институттар ішкі және сыртқы инвесторлардан
тартылған уақытша бос ақша қаражаттары мен капиталды Қазақстан
экономикасының басым әрі жоғары табысты салаларына құю функциясын
орындайды, сондай-ақ елдің қаржылық нарығының дамуына, мемлекеттің
халықаралық банктік қатынастарға қатысуына және халықаралық қаржылық-
несиелік ұйымдармен ынтымақтасуына септігін тигізеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2030 атты халыққа
Жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының
деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы
деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағыттау
белгіленген. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың
нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп айтылған
(2,48-52б(. Қазақстан Республикасының Президентінің 24 тамыздағы 2009 жылғы
№ 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 - 2020 жылдарға
арналған құқықтық саясаты туралы Концепциясына сәйкес Қазақстан
Республикасының Конституциясында көрсетілген Қазақстан Республикасының
ереже – экономикасы дамыған, оның ішінде банктік қызмет жүйесі дамыған
мемлекет ретінде дамуына ерекше көңіл бөлетіндігі туралы айтылған. Осыған
орай мемлекеттің құқықтық-экономикалық саясаты қазіргі таңдағы
мемлекетіміздің бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Атап
айтатын болсақ, банктік жүйесі мен банктік қызмет көрсету салаларын
дамытуға алдағы уақытта осы салалардың маңыздылығына орай ерекше көңіл
бөлінеді. Банктік қызмет саласында халықаралық тәжірибедегі қалыптасқан
ережелерді енгізу қажет болып табылады (3,17б.(. Қазақстан Республикасы
Президентінің “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” атты Қазақстан халқына
Жолдауында Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан
астам шетелдік инвестиция тартылғандығы айтылып өткен. Сонымен қатар
Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін
реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған. [4,2б]
Қазақстанның банкілік жүйесінің қазіргі түріндегі қалыптасуы коммерциялық
банктердің қызметін реттеу жүйесінің қалыптасуы мен жетілдірілуімен қатар
жүріп отыр. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық қызмет стандарттарына
қол жеткізуі соларды қадағалау деңгейін баламалы түрде арттыруды қажет
етеді. Мұнысы банктердің үлестес тұлғалары қызметінің солардың қаржылық
тұрақтылығын теріс, сонымен бірге жанама әсерді барынша азайтудың қажетті
шарты болып табылады, кейінгісі ақыры негізсіз залалдарға және
салымшылардың банкілік жүйеге деген сенімінің жоғалуына әкеп соқтырады.
Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық банктер, әдетте, өздеріне қаржылық
ұйымдар, сондай-ақ өнеркәсіптік, сауда, делдалдық және өзге ұйымдар кіруі
мүмкін қаржы-өнеркәсіптік топтардың бір бөлігі ғана болып табылады.
Осылайша, қаржылық өндірістік топтар мен банкілік топтар банкті бақылаумен
банктің тартып отырған депозиттерін өзінің қалауынша иеленіп және банкті
артық тәуекелдердің әсеріне түсірумен солармен өз залалдарын өтеп отыру
мүмкіндігіне ие болады. Мұндай жағдайларда банктің рөлі қаржы-өнеркәсіптік
топтар мен үлестес тұлғаларға арзан несиелік ресурстарды ұсынумен ғана
шектеліп отыруы мүмкін. Сонымен қатар, банктің жарғылық капиталына салынып
отырған ақша одан акционерлермен мәмілелер жасасу арқылы, сонымен қоса
соларды несиелендіру арқылы шығарылып отырады. Өзге борышкерлерді мұндай
банктер несиелендірмейді немесе анағұрлым жоғары сыйақы мөлшерлемелері
бойынша несиелендіреді.
Банксіз бірде бір дамыған елді елестете алмаймыз. Өйткені қоғамда
банк арқылы көптеген операциялар жүзеге асырылады. Біз банк арқылы
аударымдар жүргіземіз, сатып алушы мен сатушы банк арқылы есеп айырысуларды
жүргізеді, жалақыны аламыз, депозит, несие немесе көптеген басқа
операияларды жүргізе аламыз. Бұл бізге мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуіне
мүмкіндігін береді. А.А. Аралбаева өзінің диссертациясында банк жүйесінің
ел экономикасында алатын орынды былай көрсеткен: бүгінгі нарықтық
қатынастарға негізделген экономикалық жүйедегі Қазақстан Республикасының
қазіргі заманғы банк жүйесі ел экономикасының маңызды секторы ретінде
дамуда. Осы банк жүйесінің банктік заңнамаға және өзге де нормативтік
құқықтық актілерге сай жұмыс істеуінің нәтижесінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық
банктер өз клиенттері мемлекетке, уәкілетті мемлекеттік органдарға, заңды
және жеке тұлғаларға қаржылық-несиелік, инвестициялық және есеп айырысу
қызметін көрсете отырып жалпы ұлттық өнімді құруға өз үлестерін қосады.
Сонымен бірге олар ақша қаражаттарын, оның ішінде салық төлемі сомаларын
бюджеттерге аудару, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын қарыз
алушыға немесе алушыға аудару, уақытша бос бюджеттік қаражаттарды депозитке
алу және осыған орай тиісті бюджетке сыйақы төлеу, мемлекеттік қарыз
қаражаттарын тапсырма бойынша аудару, банктік несиелеу барысында қоғамның
қаржылық инфрақұрылымының шешуші буыны сипатында, сондай-ақ тиісті банктік
құқықтық қатынастарда макроэкономикалық өсу көрсеткіштерінің ерекшеліктерін
есепке алатын мемлекеттің экономикалық тұрақтыландыру саясатының
жүргізушісі ретінде көрініс табады [5, 3б.]. Осыдан банктің қоғам және
мемлекет өмірінде алатын орынды көреміз.
Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен құрылған
банктердің қызметін құқықтық реттеу мәселелері осы дипломдық жұмыстың
негізгі тақырыбы болмақ. Шетелдің қатысуымен құрылған банктердің қызметін
құқықтық реттеу бүгінгі банк құқығы теориясында кешенді және толық түрде
зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың
ақтаңдақтары, қарастырған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеудің жоқтығы
зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді және жұмыстың мазмұнын, құрылымын,
мақсаттарын, міндеттерін анықтады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жұмыстың теориялық негізі ретінде
мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық, банктік және қаржылық құқық
салаларын зерттеуші ресей, қазақстан және ТМД елдерінің мынадай
ғалымдарының С.С. Алексеевтің, М.Н. Марченконың, М.М. Агарковтың, М.В.
Карасеваның, А.Ю. Викулиннің, О.Н. Горбунованың, И.С. Гуревичтің, Н.Ю.
Ерпылеваның, Л.Г. Ефимованың, О.Н. Олейниктің, Н.И. Химичеваның, Г.А.
Тосунянның, А.А. Тедеевтің, А.И.Худяковтың, А.Р. Аманчиева, С.В. Пыхтин,
Е.Г. Хоменко, Н.Н. Хамитов, И.Д. Мамонова, Э.М.Омурчиева, А.Ә. Ілияс Г.А.,
Тосунян О.М., Олейник А.В. Тютюнник, Сейітқасымова А.Ғ. Қ.Қ. Ілиясов, С.
Құлпыбаев Братко А.Г Г.Г. Коробова, Мақыш С.Б., Көшенова Б.А., Мельников
В.Д., Ильясов К.К. ,Г.С. Сейткасимов, О.Н. Горбунова А.А., Травкин О.,
Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М. және т.б. авторлардың ғылыми еңбектері
көрініс тапты.
Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Шетелдің қатысуымен құрылған
банктердің қызметін құқықтық реттеуге байланысты мәселелердің негіздерінің
жеке аспектілеріне байланысты түрлі ғылым салалары ғалымдарының салған
үлесін мойындай отырып, осы мәселеге қатысты барлық кешенді қамтитын арнайы
зерттеудің әлі де қажет екендігін айта кеткен жөн. Әрине, бірқатар
монографиялар мен жеке мақалаларда бекітілген өткен күн тәжірибесі осы
мәселенің негізін құрайды, бағыт береді. Алайда, кейбір тұстарда
зерттеулердің арасында қарама-қайшылықтар туындайды, сондай-ақ ғылыми-
зерттеу материалдарының қазіргі жағдай мен туындаған мән-жайларға сәйкес
келмеуі аталған бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастырудың себебі мен негізі
болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен
құрылған банктердің қызметін жүзеге асыру, банктердің құрылуы және
қызметін жүзеге асыруы, жалпы теориялық сұрақтарды талдау, шетелдің
қатысуымен құрылған банктердің қызметін жүзеге асыру барысындағы
заңдылықты анық білу, оның кемшіліктерін анықтау, ұсыныстар мен
тұжырымдарды дайындау болып табылады.
Жұмыстың міндеті. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеудің
міндеттерін мыналар құрайды:
– Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен құрылған
банктердің түсінігін, мазмұнын, түрлері мен дамуын анықтау;

– Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық
қатынастарын анықтау;

– Қазақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәнін,
сипатын, құқықтық негіздерін жетілдіру;

– Екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларын қадағалаудың
құқықтық негіздерін айқындау;

Зерттеудің ғылыми әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың ғылыми
әдістемелік негізі – талдау, ұқсастық, жүйелі құрылымдық, нақты әлеуметтік
әдістерден тұрады. Дипломдық жұмыста қолданыстағы заңнамаға талдау
жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысы Қазақстан
Республикасындағы шетелдің қатысуымен құрылған банктердің қызметін
құқықтық реттеу мен банктік қызметтің теориялық және құқықтық
мәселелеріне байланысты жүргізілген ғылыми ізденіс нәтижесінде жазылған
еңбектердің бірі болып табылатындықтан өзіне тән жаңалығымен, жұмыста
жасалған тұжырым-қорытындылар мен қалыптастырылған ұғым, түсініктемелердің
және алынған дәйекті ережелердің теориялық әрі тәжірибелік қажеттілігімен
ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Зерттеу жұмысының құқықтық
базасын: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы, Қазақстан
Республиксының Азаматтық Кодексі, Акционерлік қоғамдар туралы Заңы,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы Заңдары құрайды.
Зерттеу объектісіне. Қазақстан Республикасындағы шетелдің
қатысуымен құрылған банктер, банктік топтары, екінші деңгейдегі банктер
жатады
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысуымен
құрылған банктердің қызметін реттеуге байланысты банктік құқықтық
қатынастар және нақтылы бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ өзге де
нормативтік құқықтық актілердің нормативтік-мәнділік және құрылымдық-
функционалдық мән-жайларын, банктік қадалаудың ғылыми негіздемелерін
қалыптастыру және құқықтық жүйесіндегі мемлекеттік құқықтық іс-шаралардың
экономикалық-заңи табиғатын ашып көрсету.
Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің жалпы сипаттамасы мен
мақсаттарына негізделген. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, 10 бөлімшеден,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Еңбек көлемі 82
беттен тұрады.

I ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық
қатынастар

1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі: экономикалық мәні, сипаты,
құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның
экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі
елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі
орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланыста болады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден жоғарғы және төмен
деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы( бірінші) деңгейі егемен
Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен
тұрады. Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi
және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен белгiленедi. Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде
банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды
жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға
жәрдемдеседi. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк
кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға
бағытталған.
Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және
кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық
мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының төменгі (екінші)деңгейін :
а)мемлекетаралық банктер, ә ) Қазақстан Республикасының резидент банктері (
заңды тұлғалары – коммерциялық ұйымдары), б) Қазақстан Республикасындағы
резидент емес банктер, в) шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының
резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды. Қазақстанның Даму
Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi)
деңгейiне жатады. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының
үштен бiрiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу
үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi
еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды
тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; в) Қазақстан
Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына
билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан
Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында
болатын екiншi деңгейдегi банк. Ислам банкі - уәкілетті органның
лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып
табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам
банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.Мемлекетаралық банк -
халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған,
құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген
мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң
үкiметтерi болып табылатын банк.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін
құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар
өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық
және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында
жүзеге асырылатын банктік қызмет ( банктік операция, мәміле, іс-әрекет )
барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей
алатынын көрсетеді.
Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық) қызметтің
ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру негізі банк жүйесінің
экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және
құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иереархиялық,
біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше
қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы
банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен
ғана емес, сонымен бірге өзіндік ( корпоративтік ) басқаруға және
ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық
белгілері мынадай көрініс табады:
1) Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына
жатады;
2) Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін
оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық
актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер,
сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт
ережелері қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент
( мемлекеттік басқару-реттеу ықпалы ) ауқымында жұмыс істейді.
4) Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса
маңызды бір бөлігі болып саналады;
5) Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы,
біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып
табылады;
6) Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық
Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының
тұрғын үй жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, банктік
инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;
7) Банк жүйесінің жоғарғы ( бірінші) деңгейіндегі Қазақстан Ұлттық
Банкі белгілі бір дәреже – көлемде тиісті мемлекеттік билік
органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік – қаржылық сипатты айрықша
құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект – мемлекеттік монетарлық
биліктің басты органы болып табылады;
8) Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары
мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР
банктік заңнамалық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді;
9) Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға
айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы
халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас механизмін
құрайды.
10) Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын
және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді,
сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді.
11) Банк жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік-қаржылық қызметтер көрсетуді
тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті
мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс
табады.
Бүгінде нарықтық талаптарға және халықарлық банктік стандарт
ережелеріне сай жетілдірілген барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық
механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби
қызметін, экономикалық қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді, және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актілерінен, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жатқызылған
мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасының
Президенті актілерінің негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын
уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады. [6, 32 б]
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы банк жүйесінің
төменгі (екінші) деңгейін білдіретін, тиісті әділет органында банк ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткен, банктік заңнама мен Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалық актілері, банктік түрлі шарттар, сондай-ақ Қазақстан
Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі берген лицензиялар
негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға (коммерциялық ұйым) болып табылады.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы экономикасының банктік
секторында Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы,
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының
Заңдарында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, сондай-ақ Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасының Кодексінде (Салық кодексінде) көзделген барлық банктік
операцияларды, мемлекеттік қаржылық – құқықтық сипаттағы талаптарды және
міндеттерді тиісінше жүзеге асыруға, орындауға әрі атқаруға ат салысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес коммерциялық банктер тиісті
лицензиялар негізінде банктік шоттарды ашу және жүргізу, корреспонденттік
шоттарды ашу және жүргізу операцияларын, кассалық операцияларды, заем
операцияларын, сенімгерлік операцияларын, вексельдермен жасалатын
операцияларды, тазартылған қымбат бағалы металдармен жасалатын
операцияларды, лизингтік қызметті, факорингтік операцияларды, форфейтингтік
операцияларды, бағалы қағаздар да делдалдық және дилерлік қызметті,
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі, кастодиандық қызметті және т.б.
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес
мемлекеттің сенім білдірілген өкілі (агенті) ретінде бюджеттік бағдарлама
әкімшілерімен өзара қарым-қатынаста болады, салық қызметі органдарымен
бірігіп жұмыс істейді, уәкілетті банктер ретінде мемлекеттік валюталық
бақылау агенттері болып табылады, сондай-ақ экономикалық және құқықтық
табиғатына орай мемлекет пен экономика арасындағы делдал рөлін атқарады.
Демек, комерциялық банктер қоғам мен мемлекетке, елдегі әрбір заңды және
жеке тұлғаға аса қажетті қаржылық-несиелік қызметтер көрсететін, сенімділік
және экономикалық тиімділік (мүдделілік), халықаралық банктік стандарт
ережелері мен нарықтық талаптар негізінде әрі тиісті заңнамаға, лицензияға
және банктік келісімдерге (шарттарға) сай жұмыс істейтін нарықтық қаржылық-
несиелік институт болып табылады. Осы айтқанымызды белгілі бір дәреже-
деңгейде негіздеп, диссертациялық зерттеу міндеттеріне орай дәйектеу
мақсатында экономист-қаржыгер және заңгер ғалымдардың қалыптасқан пікірлері
мен қорытындыларына ғылыми шолу жасау қажет сияқты. Банк сөзінің шығу
тегіне тоқталатын болсақ, ол итальян сөзінен banco - ауыстыру лавкасы,
орны дегенді білдіреді.
Л. Давыдова және Д. Раймановтың еңбектерінде банк сөзінің
мағынасы өзінің шығу табиғатына орай құқықтық ұғымнан гөрі экономикалық
ұғымға жақын келеді, ал құқықтық ұғым тұрғысынан банк сөзін қарастырытын
болсақ заң шығарушы банктің ресми мәртебесі пайда болғанынан бастап,
тиісінше құқықтар мен міндеттердің пайда болуымен байланыстырады [7, 156
б].
Е.Ф. Жуковтың пікірінше банктер-ссудалық капиталдың
қозғалысымен, оны шоғырландырумен және бөлумен байланысты кәсіпкерлік
қызметтің ерекше түрімен айналысушы субъектілер болып табылады [8, 130 б].
Ал кейбір американдық мамандардың пікірінше: банктер әр түрлі есеп-
шоттарға ақша және мүліктік қаражаттарды салым ретінде қабылдайтын
мекемелер. Олар тек жеке салымшылар үшін қызмет көрсетпейді, сонымен қатар
мемлекеттік органдар және Үкімет үшін де ақша-қаражаттарының қозғалысын
жеңілдететін және қарыз беруші субъект болып табылады [9, 200 б ].

1.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің құқықтық
жағдайы

Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктер және
банктердің клиенттерінің арасындағы қатынастар тараптардың еркі негізінде
жүзеге асырылады, яғни клиенттің банк қызметін не пайдаланатыны немесе
пайдаланбайтыны өз еркінде. Кейбір ғалымдар банк қызметі дегеннің өзі
банктік операция деген пікірді қалыптастырған. Осы айтқанымызға мысал
ретінде И.О. Спицын. Я.О. Спицынның пікірлерін қарастыра кетсек: банктік
қызметтің өзі банк қызметін пайдаланатын субъектілер немесе клиенттер банк
қызметінің қандай да бір түрін пайдаланған кезде банктік операция болып
табылады [10, 23 б ]. Сондай ақ, қазіргі таңда екінші деңгейдегі
банктердің қызметі мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Еліміздегі банк
жүйесіндегі қатынастар мемлекет тарапынан қолдау тауып, қарқынды даму
үстінде. Еліміздегі банктердің дамуы ел экономикасының дамуына әсер етеді.
Осыған байланысты М.Е. Жумина өз еңбегінде Мемлекеттің экономикалық
стратегиясын іске асыру коммерциялық банктерге қаржыны экономиканың нақты
секторын дамытуға, тұрғын ел жағдайын көтеруге, тұтынушылық мәдениетті,
банк қызметінің жаңа технологияларын дамытуға жұмсауда және қайта бөлуде
белсенді орынға ие болуға мүмкіндік береді деп көрсеткен [11, 36 б.].
Елдегі банктер дамуының барысында қаржылық-банктік қатынастарда
клиенттермен қатынасқа түсетін болса, қазіргі кездері шағын бизнес пен орта
бизнесті дамытуға үлес қосады. Осы жерде айта кететініміз мемлекеттің шағын
бизнес пен орта бизнесті дамыту саясатының нәтижесінде банктердің бәсекеге
қабілеттілігінің артуы, банктердің тұтынушыларының санының артуына
мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер мен клиенттері арасындағы
банктік – қатынас коммерциялық негізде жүргізіледі, соған байланысты ол
өзіне тиімді есеп айырысу операцияларын, ақша аударымы, несиеалу т.б.
операцияларды пайдалана алады. Ал банктер өздеріне тиесілі пайыздарын ала
отырып клиенттерге қызмет етеді. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заң банктер және
клиенттердің мүдделерін қорғайды. Қазақстан Республикасындағы банктер және
банк қызметі туралы заңның 32 бабына сәйкес банкiнiң банк операцияларын
жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi көрсетілген:
- банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып
табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл
қалып Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңға
сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық
құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына
қолданылмайды.
- банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын
жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
- банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал
тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
- ислам банктері клиенттерге ислам банкінің банк операциялары және
өзге де операциялары ерекшеліктерін және солармен байланысты тәуекелдерді
түсіндіруге міндетті болып табылады.[12]
Банктердің экономикадағы орны мен клиенттермен қарым - қатынасы
банктерге клиенттерді немесе банк қызметін пайдаланушы субъектілермен өзара
қарым қатынасынан басталады. Банктердегі клиенттердің жеке шотымен кез-
келген банк операцияларын іске асыру банк қызметі болып табылады. Сонымен
қатар, банктер өз қызметтері шеңберінде клиенттерді тарту үшін және оған
сапалы банк қызметін көрсету үшін өзара бәсекелесіп отырады. Банктер банк
қызметін пайдаланушы субъектілердің немесе клиенттерінің алдында өздеріне
жүктелген міндеттерді орындауда жауапты болып табылады. Банктер өздеріне
клиенттерді тарту үшін, яғни дәлірек айтар болсақ банктер өз қызметі
шеңберінда банк қызметін пайдаланушы тұлғалармен қызмет тақару үшін
жарнамалар беру, түрлі шоттарды ашу үшін алдын – ала дайындау, банктердің
қаржы жағдайы алдын ала талқыланып отыруы тиіс. Яғни, бұлар банктің
қызметтері деп аталады. Ал банк қызметтері белсенді және бәсең (актив және
пассив) болып бөлінеді. Екінші деңгейдегі банктердің активті және пассивті
операциялатының маңызы С.Б. Мақыштың еңбегінде кеңінен көрсетілген:
Коммерциялық банктердегі активтер мен пассивтерді басқарудағы ең басты
мәселеде осы банк капиталының оңтайлы шамасын және құрылымын
қалыптастырумен тікелей байланысты. Әлемдегі банктердің банкроттыққа ұшырау
санының артуы және проблемалық банктер санының өсуі, өз кезегінде банк
қызметіне бақылау және қадағалау жасаушы ұйымдардың банктердің
капиталдарының жеткіліктігіне назар аударуға шақырады. Бұл бір жағынан
банктердің капитал жеткіліктігі көрсеткіштерін үнемі өсіріп отыру талабын
қоюға итермелесе, екінші жағынан жоғары мөлшерде табыс алуды көздейтін
банктің иелері мен менеджерлерінің мүдделеріне қарама-қайшы, нәтижесінде
мұның бәрі банк қызметінде жоғары деңгейде тәуекел туындауына әкеліп
соғады. Басқаша айтқанда, қадағалаушы ұйымдардың кредиторлар мен
салымшылардың банктік секторға сенімділігін қамтамасыз ету мақсаты мен
банктің иелері мен менеджерлерінің жоғары мөлшерде пайда алу мақсаты
арасындағы белгілі бір деңгейде қайшылықтың болатын көрсетеді [13, 66 б.].
Демек, банк жүйесінде болатын қаржылық құқықтық қатынастар банк
опрацияларының негізінен құралады, ал банк операциялары дегеніміз
банктердің актив және пассив операцияларынан құралған. Осы жерде жалпы
банктік қызметке несие беру қызметі, кассалық қызметтер, есептесу немесе
есеп айырысу қызметі, клиенттерге депозит шоттарын ашу немесе осы ашылған
депозит шоттарымен жұмыс жүргізу қызметі және басқа да шарт негізінде
жасалған қызметтер жатады.
Банктер мен клиенттер өзара құқықтық қатынастарға түскен кезде
олардың құқықтары мен заңды мүдделері және міндеттері, өзара пайыздық
келісім осы келісімшартта көрсетіледі. Банк жүйесінде қаржылық құқықтық
қатынастарға банктер өз клиенттерін несиелендіру барысында өзара қаржылық –
құқықтық қатынастарға түседі. Банктер өз клиенттерін несиелендіру
операциясы өзара шарт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, сол шартта
несиені төлеп біту мерзімі және оны төлеу тәртібі, екі жақтың өзара
құқықтары мен заңды міндеттері, несие бойынша пайыздың мөлшері және оған
қойылған кепілдік көрсетілуі тиіс. Осы айтылған негіздемелер бойынша
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңның 35 –
бабында Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету бойынша былайша
көрсетілген:
- несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен,
кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен
қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
- клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi
болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру
туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңның 35-
бабының 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен
кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады [12,
4 б.]. Демек, несиені берген кезде банктер өз клиенттерінің төлеу
қабілетіне сенімді болғаннан кейін немесе несие алушы клиенттің айлық
жалақысын тексеруден өткізгеннен кейін ғана несие беруге шешім шығарады. Ал
егер, осы несиені алғаннан кейін төлеуге қабілетсіз болып қалған жағдай да
аталған заңда қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы заңның 36-бабында төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты
қолданылатын шаралар қарастырылған.
Демек, банк жүйесінде қаржылық – құқықтық қатынастарда банктер несиелік
шарттар бірнеше жылға жасалады немесе бір жылға ғана жасалуы мүмкін. Соымен
қатар, несиенің тиімділігі және төлену мерзімдері туралы егжей – тегжейлі
шартта көрсетілуі тиіс. Көріп отырғанымыздай, банк жүйесіндегі қаржылық –
құқықтық қатынастарға банктер мен клиентер өзара қатынасқа түскен кезде
банк операциясы жүзеге асырылады. Ал осы банк жүйесіндегі несие қатынастары
қаржылық қатынастардың үлкен бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде банк жүйесіндегі қаржылық құқықтық қатынастарға
қатысты орын алып отырған мәселе банктерде клиенттер салған салымдарға
(депозиттерге) кепілдіктің сапасының төмен деңгейі. Осыған орай екінші
деңгейдегі банктерге клиенттер салатын салымдардың күрт азайып кетуі
банктерге әсер етуде. Клиенттердің банктерге деген сенімінің жоғалуы банк
жүйесімен қатар, елдің экономикасына әсер етуде. Өйткені елдің экономикасы
банк жүйесінің қызмет атқаруына байланысты. Осыған орай, осы мәселені
көптеген ғалымдар қарастырған, солардың бірі М.Е. Жуминаның осы мәселеге
байланысты айтуы бойынша Таяудағы бес жылда қазақстандық банктердің
активтері өсуін жалғастыра береді, ал шетелдік қаржы институттарымен
бәсекелестік ірі экспорттық компанияларды несиелеудің және ең бай
клиенттерге жеке қызмет көрсетудің жұтаңдығымен шектеледі. Қазіргі таңда
Қазақстандық банкингтің банк салымдары деңгейінің төмендеуіне негізделген
үдере өсуі банк қызметтері деңгейінің төмендеуіне ұласады, бұл клиенттерге
бірнеше банктерде бір мезгілде қызмет көрсетуге мәжбүрлейді. Бұл тұтынушы
қалауларының тұрақсыздығын білдіреді, ал бұл тұрақсыздық болашақта кері
нәтижеге әкелуі мүмкін [11, 50-б.]. Демек, банктерге клиенттің
тұрақсыздығы біріншіден, банктердің өзіне, содан соң мемлекет экономикасына
кері әсерін тигізетіні белгілі. Осы айтылған негіздемелеріміз үшін жеке
тұлғалардың салымдарын кепілдендіретін (сақтандыратын) ұжымның Қазақстандық
тәжіребиесін қарастырып кетсек. Осы бойынша Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі бенктерінде орналысырылған депозиттерге міндетті кепілдік
беру туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169-III Заңы қабылданған болатын.
Аталған заң бойынша депозиторлар - жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға
бағытталған және ол, талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам
банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда,
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық
негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның
құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге
қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды
[14, 3 б.] деп көрсетілген. Осы жерде көріп отырғанымыздай аталған ұйым
депозиттердің сақталуына кепілдік бере отырып, банк қызметінде пайда
болатын қаржылық қатынастарға қатыса алады. Олай дейтініміз банк жүйесінде
пайда болатын депозиттік опрация қаржылық операция болып табылады. Аталған
заң бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаттары мен
принциптерi келесідей деп қарастырып кеткен.
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк мәжбүрлеп
таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы
банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады. 2. Мыналар:
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды және
жүргізуді жүзеге асыратын банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесіне қатысу міндеттілігі;
- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз
ету;
- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне
байланысты тәуекелдерді азайту;
- кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервті
қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің негізгі принциптері болып табылады [14, 3 б.]. Яғни, заң бойынша
аталған ұйым осындай принциптер мен мақсаттарды жүзеге асыру негізінде
қызмет атқарады. Сонымен қатар, осы жерде айта кететін мәселе қоғамда
қаржылардың сақталуына кепілдік беру ұғымы мен қаржыларды сақтандыру ұғымын
бір бірінен айырау банк клиенттерінің арасында көп кездесіп,
түсініспеушілікке әкеп соғып отыр. Бұл ұғымдардың өз деңгейінде
ұқсастықтары да бір бірінен айырмашылықтары да бар. Сақтандыру құқықтық
қатынастары мен қаржылық құқықтық қатынастадың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын қарастыра кетсек, бұл жерде біз Б.Ө. Сманның еңбегіне көз
жүгірткенді жөн көрдік: 1. қаржылық қатынастар көбінесе тек мәжбүрлеу
сипатындағы мемлекеттік қызметтің нәтижесінде туындаса, сақтандыру
қатынастары мемлекеттік және мемлекеттік емес сақтандыруға байланысты пайда
болады.; 2. қаржылық қатынастар тек ақша нысанындағы құнды бөлу (қайта
бөлу) сипатында болады. Ал сақтандыру қатынастары да бөлу(тұйықталған
сақтандыру аумағында) сипатында болғанымен бұл жердегі бөлу тек сақтанушы,
сақтандырушы және пайда алушының, тағы да басқа көзделген болса солардың
арасындағы бөлу болып саналады. Тағы да бір айта кететін жайт, сақтандыру
қатынастары тек ақшалай нысанда ғана болып қоймай, сонымен бірге заттай
натуралдық күйде болу мүмкін; 3.қаржылық қаынастар әрқашан да баламасыз
болап келсе, сақтандыру қатынастары белгілі бір мүдделерді көздеуге
байланысты туындайтындықтан біршама-баламалы, толығымен баламалы сипатта
болады. Бұл жерде де сақтандыру мүдделерінің тек зиян, залалды қалпына
келтіруге қажетті өтемдік сомаларды алуға ғана бағытталмаған, сонымен бірге
осы аяда басқа да сақтандыру мүдделерінің (мол пайда табу) барекенін
білуіміз қажет. 4. қаржылық қатынастар тек мемлекеттің болмысының
материалдық негізі болатын базистік қатынастары болып саналса, сақтандыру
қатынастар көбінесе жеке меншік қаражаттарға негізделіп кәсіпкерлік
қызметтің бір айрықша түрі реінде көрініс табатын сақтандыру қызметінің
нәтижесінде жеке мүдделерге байланысты туындайды. 5. қаржылық қатынастар
әрқашан да құқықтық нысанда болса, ал көптеген сақтандыру қатынастары
(заңдармен тікелей көзделгендерден басқалары) көбінесе өзіндік реттеу
актілері-шарттардың негізінде пайда болатындықтан құқықтық емес нысанда
көрініс табады. Сонымен, тұжырым ретінде айтсақ, сақтандыру қатынастарының
қаржылық қатынастармен жақын белгілері-бөлу сипатында болу, ақша түріндегі
құнның біржақты қозғалысын (бұл жерде сақтандыру өтімін есепке алмағанда)
білдіру және белгілі бір көлемде мемлекеттің қаржы жүйесінің бір буыны
болып саналатын мемлекеттің сақтандыру резервтік қорын құруға байланысты
болуы [15, 103-104 бб.]. Демек, көріп отырғанымыздай қаржылық – банктік
құқықтық қатынастар мен сақтандыру құқығы қатынастарының арасында аздаған
ұқсастықтар болғанымен, айырмашылықтары біршама. Сондықтан, банк
жүйесіндегі депозиттердің қайтарымына кепілдік беру ол мемлекеттің қаржы
саласының тұрақтылығының негізі элементі ретінде қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бенктерінде орналысырылған
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңын енгізу банк салымшыларына
да мораль жағынан көмек берілді деуге болады. Аталған заң бойынша банк
клиенттерінің салымдары бойынша құқығы қорғалады. Бұл заң аз да болса
банкке деген кленттердің сенімін ұялата білді. Аталған заңның қолданысқа
енуі банктердің де, банк клиенттерінің де пайдасына шешілді.
Банк жүйесінде құқықтық қатынасқа түсу үшін, клиент пен банк өзара банк
қызметін, яғни опреацияларын жүргізуі тиіс, осы кезде пайда болған банк
операциялары банктің өнімі болып табылады. Осы айтқанымызды негізге ала
отырып Ресей ғалымдарының 1. банктіердің қызметі алуан түрлі нысанда
жүзеге асырылады, қаржылай (ақшалай) қызметтер; 2.шарт негізінде пайда
болатын қатынастар, яғни материалдық емес қатынастар; 3.ұзақ мерзімді
немесе созылмалы қатынастар, оларға банктер мен сол банктік қызметті
пайдаланушы тұлғалардың өзара белгілі бір мерзім ішіндегі қаынастары
жатады [16, 25 б.] пікірін қарастырғанды жөн көрдік. Осы жерде ұзақ
мерзімді немесе созылмалы қатынастарға мысал ретінде ипотека несие
қатынастарын қоса кеткен жөн болар еді. Демек, банк өнімі дегеніміздің өзі
банктік құқықтық қатынастар дегенді білдіреді. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңның 40-бабына сәйкес
банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар
жасауға тыйым салу көрсетілген. Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы
байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере
алмайды.
Банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне
қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар мен төлемдер
өндiрiп алу [12, 6 б.] болып табылады. Көріп отырғанымыздай банктік
құқықтық қатынастарға түскен адамдардың құқықтар мен міндеттері заң алдында
тең, егер ол бұзылса ҚР заңдарымен жауапқа тартылады.
Елімізде банк жүйесінің дамуы банк заңнамаларына байланысы, еліміздегі
банк жүесінің шектеулі ғана қызмет түрлерімен айналысатынын осы жерде атап
кеткен жөн болар деп санаймыз. Осыған байланысты Қазақстандық ғалым М.Е.
Жумина өзінің еңбегінде қарастырып кеткен: Қазақстандағы банктер ұсына
алатын қызметтер спектрінің жеткілікті түрде кеңдігіне қарамастан, осы заң
ережелеріне сәйкес, қазіргі таңда олар, негізінен дәстүрлі қызметтер
жинағымен шектеліп отыр. Бұл еліміздің банк секторының даму деңгейімен де,
Қазақстандық банк қызметтеріне қатысты тұтынушылық мәдениетке де
байланысты. Қазіргі Қазақстан банк жүйесін банктердің бірнеше категориясына
жіктеуге болады:
1. Шетелде Қазақстан банкі жүйесінің барлық шоттарының нақты
ұстаушылары-сыртқы әлемен қатынас жасай алатын және
экспортшылардың валюталық түсімін сатуда және алуда делдал бола
алатын банктер. Басқаша айтқанда, жүйе түзгіш банктер-бұл толық
нақты ұғым. Олар еліміздің қаржы өмірінің күретамыр жүйесін
құрайды, экономиканы несиелеу бойынша негізгі жүктемені мойнына
алады, олардың елеулі капиталы болуы қажет.
2. Ірі салалық кәсіпорын – экспортшылармен жасалған банкілік есептік
және әмбебаптық функцияларды орындайды. Әдетте, банкілердің
әлсіреуі өз саласының бақылауында болуында және осының салдарынан
проблемалық несие қоржындары болады.
3. Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен шетелдік
клиенттердің экономикалық айналымына қызмет көрсететін шетелдік
банкі топтарының еншілес құрылымдары.
Банкілік сектордың дамуындағы негізгі тенденциялар еліміздің
банкілеріне аса жоғары қарқынмен дамуға мүмкіндік берген әлемдік қаржы
нарығындағы салыстырмалы тұрақтылық пен жалпы қолайлы экономикалық
фактормен анықталады [11, 39 б.]. деген тұжырымға келген. Демек, банктік
құқықтық қатынастардың, банк операцияларының дамуы, жетілуі және банк
клиенттеріне көрсететін опеациялардың сапасы еліміздегі банк заңнамаларының
дамуына олардың жетілдірілуіне байланысты.
Сонымен қатар Банктер туралы Заңда банктің меншікті капиталының
теріс мөлшері белгіленген кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы
Үкіметінің келісімімен оның акционерлерінің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу
туралы шешім қабылдауға және оларды сатып алу бағасы бойынша жаңа
инвесторға банк капиталының ұлғаюына және инвестор қабылдаған
міндеттемелерді ескергенде оның қалыпты жұмыс істеуіне кепілдік беретін
шарттармен дереу сатуға құқылы екендігі көзделген. Демек, көріп
отырғанымыздай соңғы кездерде банк секорын дамыту мақсатында көптеген
шаралар жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан банк секторы заңнамалары
жетілдіруді қажет етіп отыр [17].
Бүгінгі таңда банк қызметіне әсер ететін факторлар өте көп. Осы жерде
банктік құқықтық қатынастарға түсетін екінші деңгейдегі банктер мен олардың
клиенттерінің және Ұлттық банкпен өзара қарым-қатынастын реттеп отыру қажет
және банктердің қызметін реттеуде Үкіметтің құзіретін арттыру керек. Ал ол
үшін, екінші деңгейдегі банктердің қызметіне мемлекеттің араласуы арқылы
екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеп отыру керек. Біздің ойымыз
бойынша, банк жүйесіндегі құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің ролі
мен мағынасын айқындау керек. Осы пікірімізді нақтылау үшін келесі
ғалымдардың пікірін қарастырып көрейік: А.Б. Хаджиева өзінің еңбегінде
банк қызметін реттеу ҚР ҰБ қолданыстағы бағдарламасына жанжақты
инструменттерінің жиынтығын, мөлшерін, әдісін, нақты қаржылық дисциплинамен
қамтылуын, банкроттық жағдайын алыстату және оңтайлы экономикалық
пропорцияны қолдау. Негізгі шаралары: тәуекелді тиімді басқару,
банкроттықтың жекелеген белгілерінен сақтану, банк қадағалауын
пруденциялдық жүргізу, банктердің төлеуге қабілетсіз потенциалын анықтау
үшін тексеру (ревизия) жүргізу деген болатын [18, 31 б.] банк қызметін
қадағалап отырудың негізгі мақсаты банктерде болатын тәуекелдерді бақылау
және банкроттықтың алдын алу болып табылады.
Банк жүйесін бақылаудың бүгінгі таңдағы банк қызметінде орын алатын
тәуекелді болжау және банктердің ұстанған бағыттарын тексеру, тұрақтылығын
қамтамасыз ету, сонымен қатар банк заңнамаларындағы нормалардың сақталу
деңгейін анықтау. Демек, екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік реттелу
және оның тиімді жолы – реттеу және қадағалау рәсімдерінің халқаралық
талаптарға сай келуі. Сондай – ақ, мемлекетте тұрақты жұмыс жасайтын қаржы
жүйесі мемлекеттің экономикалық саясаттың жүзеге асырылуының негізін
құрайды. Соңғы кездерде белгілі болғандай мемлекетіміздегі банк жүйесі ТМД
елдерінде жоғарғы деңгейде дамыған жүйе деп айтылып жүр. Дегенмен, ол
пікірге келісуге болмайды. Еліміздегі банктердің жағдайы бүкіләлемдік
қаржылық дағдарыс кезінде белгілі болды. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
банк мемлекет органдарының ықпалынан тәуелсіз болып келеді. Мемлекетіміздің
банк жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет жасауы Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының банк заңдарына, өзге де заңға
тәуелді нормативтік актілерге, Қазақстан Республикасының жоғарғы деңгейін
білдіретін Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен
реттеледі.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің құқықтық қатынастары қолданыстағы Қазақстан
Республикасының заңдарына, заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi туралы  1995 жылғы 30 наурыздағы заңына және 1995 жылғы 31
тамыздағы Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының заңына, 1998 жылғы 29 маусымдағы Ақша төлемi
және аударымы туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңдарға
негізделіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында
корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37
қаулысы қабылданған болатын. Аталған қаулы бойынша екiншi деңгейдегi
банктердiң және "Қазақстан Даму Банкi" АҚ-ның (бұдан әрi - банктер), сондай-
ақ банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi -
ұйымдар) корреспонденттiк есепшоттарын теңгемен және шетел валютасымен
Ұлттық Банкте ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн реттейдi. Корреспонденттiк
есепшоттар Ұлттық Банк пен банктiң жәненемесе ұйымның арасында
корреспонденттiк есепшот шарты жасалғаннан кейiн ашылады. Корреспонденттiк
есепшот шартының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк екiншi деңгейдегi банктiң
немесе ұйымның пайдасы үшiн түсетiн ақшаны қабылдауға, екiншi деңгейдегi
банкке, ұйымға немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру)
туралы екiншi деңгейдегi банктiң, ұйымның өкiмiн орындауға және
корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге
мiндеттенедi [19, 21 б.] деп жазылған.
Сондай-ақ, нақты айтар болсақ Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі
банктердің өзара құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының банктер және
банктік қызмет туралы заңның 41 – 45 баптарына негізделе отырып жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі
банктердің өзара қатынастарын реттеу мақсатында аталған заңның 41бабына
сәйкес, Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар
немесе банктiк реттеу тәсiлдерi қарастырылған: Банкiлердiң қаржы
тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап
тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның
iшiнде:
- күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса,
пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар
мен лимиттердi белгiлеу;
- банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып
шығару;
- банкiлердiң қызметiн тексеру;
- ертерек ден қою шараларын қолдану;
- банкiлерге ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
- банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына санкциялар салу арқылы
реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да,
шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге
асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган
белгілейді [12, 7 б.]. Демек, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктермен
қатынасқа түскен кезде мемлекеттің ақша – несие жүйесіне оңтайлы әсерінің
болуын көздейді. Сонымен қатар Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің
қызметін жеңілдету мақсатында нормативтік актілерді шығарады. Ал басқа
жағдайларда, яғни заңда көзделген жағдайларды қоспағанда Ұлттық банкке
екінші деңгейдегі банктердің қызметіне араласуға жол берілмейді.
Екінші деңгейдегі банктер қызметінде пруденциалдық қалыптар және
сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер көрсетілуі тиіс, ол
Қазақстан Республикасының банктер және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Қазақстан Республикасының банктерін соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің құрылуы, екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операция жасау ерекшеліктері
Пәндер