«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... . .5.7 б
І ТАРАУ «Қазақстан мен Ресей арасындағы көші.қон мәселелері ... ... ... ... ... ... ... » 8. 28 б
І.1 «Қазақстандағы көші. қон мәселесінің туындау салдары» ... ... ..8. 17 б
І.2 «Қазақстан мен Ресей: тарихы терең тамырластыққа жаңа көзқарас» ... ... ..18.28 б
І І ТАРАУ «БАҚ. тағы көші. қон мәселесі» 29. 52 б
2.1 «Қазақстандық БАҚ.тағы көші. қон мәселесінің көрініс табуы»..29.44 б
2. 2 «Ресейлік БАҚ.тағы ақиқат пен аңыздың арасы» ... ... ... .. 45. 52 б
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53. 54 б
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55 б
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... .56 б
Электрондық басылымдардағы материалдар ... ... ... ... ... 57 б

Адамзат баласының өмір сүру дағдыларының өзгеруіне байланысты көші- қон мәселесі өз кезегінде өте маңызды қырлы рөл атқарады.
Тұрғындар дың көші –қон мәселесі қай кезде, қай дәуірде болмасын өзектілі гі өте жоғары. Әлемдік деңгейде немесе бір мемлекеттің аймағында болсын көші- қон мәселесі, сол елдің гео- саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайы ның көрсеткіші тәрізді бет- бедерін жасап беретін маңызды құбылыс.
Бұл еңбектегі басты мақсаттар- бүкіл дүние жүзіндегі, Орта Азиядағы көші- қонның қазіргі таңдағы хал- ахуалын, даму және құлдырау себептеріне шолу жасай отырып, негізгі тақырыбымыз Ресей мен Қазақстандағы көші- қонның тарихи кезеңдерінен жалпы мағлұматтар беріп, БАҚ жүзіндегі көрініс іне мән береміз.
Ежелгі екі алып ел, көршілес Ресей мен Қазақстан мемлекеті арасындағы гео-саяси, әскери-стратегиялық, байланыстардың тарихы терең.
Тарихы өзектес ғасырлар бойы жалғасқан көршілес Ресей мен Қазақ стан ның әлемдік деңгейде мәні зор. Сондықтанда осы екі елдің мемлекетаралық қарым- қатынасы да көші- қон мәселесі де ең өзекті тақырыпқа айналуы заңды.
Бүкіл әлемдік деңгейде шет елдердегі қандастарын өз тарихи отанына шақырып жатқан екі мемлекет Израиль мен Қазақстан болса, соңғы жылдары Ресей де осы мәселеге жіті назар аударып келеді.
Қазіргі таңда Абай Құнанбаев атамыздың сөзіменен айтсақ «орыс теріс айтпайды»[1] дейтін орыс халқымен де дипломатиялық қатынастардың заманалардың саяси өзгерістеріне сәйкес бұрмаланып отырғаны белгілі бола ды.
Өз заманында Қазақстан тарихын зерттеген ұлт жанашырлары алғашқы Қазақстан тарихы туралы жазған ғалым Санжар Аспендияров және Кеңес дәуірін- дегі Ермұқан Бекмаханов осы заманғы т.б тарихшылардың жазбаларына сүйенсек, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон мәселесінің туындауы сонау «отарлау саясатынан» басталғанын аңғару қиын емес. «Отарлау саясатының» негізгі астары бүкіл бір халықтың «санасын отарлау» болып табылды.
XVІІІ- XXI ғасыр аралығында екі ел арасында ірілі- ұсақты тарихи маңызы зор талай уақиға өтті.
ТМД елдері арасында әлеуметтік әлеуеті, хал- ахуалы анағұрлым дамып келе жатқан зайырлы Қазақстан мемлекетінің гео-саяси саясатында көші- қон мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бұл орайда, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон мәселесіндегі бірнеше факторлар ғасырлар бойы жал ғасқан екі елдің шешілуі қиын түйінге айналғаны шындық.
Екі ел арасындағы саяси байланыстарды XVІІІ ғасырдан бастап осы замандағы уақытты бес кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең XVІІІ ғасырдан 1950 жылдар аралығы болса, екінші кезең 1950 жылдан 1980 жылдар аралығы, үшінші кезең 1980 жылдан 1991 жылдар аралығы, төртінші кезең 1991 жылдан 2001 жыл аралығы, бесінші кезең 2001 жылдан 2009 жыл аралығы.

1) С. Аспендияров «Қазақстан тарихының очерктері»\Алматы. Санат. 1994\
2) М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы. «Қазақстан» 1995
3) Е. Бекмаханов «Бекмаханов 20- 40 годы XІX» Алматы. «Қазақ Университеті» 1992
4) Ә. Әбдікаимов «История Казахстана» 1994 ж. Қаз ҰТУ
5) «Қазақ қалай аштыққа ұшырады?»\Алматы. Қазақ Университеті 1991 құрастырушылар:С. Әбдірайымов, И. Бухонова, Е. Грибанова;\
6) А. Сейдімбеков «Мир казахов» \Алматы. 1994ж\
7) Я. Бутаков «Великая антимиграционная стена» \Санкт-Петербург 2003 жыл\
8) Е. Ю. Садовская «Внешняя миграция в республике Казахстан в республике Казахстан в 1990- е годы: причины, последствия, прогноз»
9) М. Демурин «Россия и страны СНГ: цивилизационный вызов» \1998ж. Мәскеу.\
10) Н. Зубаревич «Социальное пространство России» 2000 ж. Санкт- Петербург «Светоч»
11) Ю. Красин «Социальное неравненство в политическом измерении» \2004ж. Мәскеу\
12) М.Тюркин «Стратегия развития миграционной политики в России»
13) А. Самарин «Социальная эмпатия: у истоков солидарного сознания»
14) А. Каменский «Утечка умов и национальная безопасность России»
15) А.Пикаев «Военное сотрудничество между постсоветскими государствами»1999 жыл. Мәскеу
16) «Астана» ғылыми- қоғамдық саяси журнал 2009 наурыз
17) «Степные зори» Ақбұлақ ауданы қоғамдық – саяси газеті 2007ж 3 мамыр
18) «Президент және халық» қоғамдық- саяси газеті
19) «Егемен Қазақстан» қоғамдық- саяси күнделігі 2008- 2009 жыл

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы:
• Ғылыми еңбекте бүкіл әлемдегі халықаралық көші-қонға шолу жасалына
отырып, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғасырларға
жалғасқан достықтың, саяси әріптестіктің астарына үңіліп, тарихи
кезеңдер жеке- жеке бөлініп талданды.
• Байырғы тарихшы Санжар Аспендияров, Ермұқан Бекмаханов, қазіргі
замандағы Серік Әбдіакимов секілді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін
негізге ала отырып, Қазақстан мемлекетінің көші - қон тарихы маңызды
бес кезеңге бөлініп талданды.
• Қазіргі таңда Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан Қазақстан
мемлекетінің де халықаралық көші-қонға белсене араласып,
мемлекетаралық, халықаралық көші-қонның белсенді мүшесіне айналып
отырғанына жете назар аударылып, саяси сараптама жасалынды. Сондай-
ақ екі достастық мемлекеттің көші- қон туралы Заң баптарындағы
ерекшеліктерге тоқталып өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының
қоғамдағы плюрализм тудыру дәрежесін анықтап, тұжырымдалды.
• Ғылыми еңбекте зерттеу жүргізілген экономикалық, әлеуметтік
зерттеулерді екі елдің саяси тыныс- тамырын дөп басу үшін әлемдік
деңгейдегі демограф- ғалымдар Дэвид Коулмэн, ресейлік ғалымдар М.
Демурин, М. Юсуповский, Е. Садовскаяның және А.Сейдімбеков, М.
Тәтімов, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Қазақстан
Республикасы Конституциясының баптары, Халықаралық көші- қон
басқармасы, облыстық, республикалық, статистика басқармалары ның
материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
• Қазіргі таңда халықтар көші- қонының күн санап өзектілігі артып
келеді. Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайы
көші- қонға да өз әсерін тигізіп отыр. Керісінше көші – қонда өз
кезегінде Қазақстанда бірнеше мәселелердің пайда болуына жол
ашты. Қалыптасып отырған көші- қондағы жағдай еліміздің
экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларына айтарлық тай әсерін
тигізіп отыр. Сондықтан да көші – қон жеке бір құбыл ыс ретінде
емес, мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында ғы ауқымды,
маңызды салаға айналып отыр.
• Өз кезегінде ғылыми еңбектің нысанына айналып отырған көші қон
мәселесінің ресейлік және қазақстандық БАҚ тағы көрінісіне
объективті талдау жасауды талап етеді. А. Байтұрсыновша айт сақ
елдің көзі, құлағы һәм тілі болып отырған БАҚ өз міндет ін,
көші қон мәселесін талдауда, зерттеу деңгейін анықтауды қажет
етеді.
Зерттеу жұмысының нысаны:
• Ресейлік және қазақстандық көші- қонның қазіргі таңдағы жағдай ын
сараптап, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларға
шолу жасап, салыстыра отырып ғылыми тұжырым дама жасау еңбектің
нысанына айналып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
• Ғылыми еңбектің мақсаты еліміздің және Ресей Федерациясының
арасындағы тарихи тамырластыққа жаңа көзқарас білдіріп,
объективті ой тұрғысынан сараптама жасай білу. Дербес екі
мемлекет арасындағы көші қон саясатының әскери стратегиялық,
саяси экономикалық, әлеуметтік мақсаттарға тигізетін әсері туралы
толғамды пікірлерге жүгініп, отандық және ресейлік бұқаралық
ақпарат құралдарының талдау және зерттеудегі ерекшеліктері мен
кемшіліктерін анықтау.
• Әлемдік деңгейдегі демографтардың, ғалымдар, көші- қон мәселе сін
зерттеуші экономист мамандардың ой болжамдары, пікірлері не
сүйене отырып біздің қоғамда және көршілес орыс елінде
жүргізіліп отырған сыңаржақты саясатты әшкерелеу.
Зерттеу құрылымы:
• кіріспе
• екі бөлім
• қорытынды
• сілтемелер тізімі
• пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу тәсілдері:
• тарихи талдау
• салыстыру
• жүйелеу
Ақиқатты жақтаушылардың аузын қанша
жаптым дегенмен, көзге көрінбейтін
жақтастарының бәрін жойып жіберу мүмкін емес
Клод- Адриан
ГЕЛЬВЕЦКИЙ
КІРІСПЕ
Адамзат баласының өмір сүру дағдыларының өзгеруіне байланысты көші-
қон мәселесі өз кезегінде өте маңызды қырлы рөл атқарады.
Тұрғындар дың көші –қон мәселесі қай кезде, қай дәуірде болмасын
өзектілі гі өте жоғары. Әлемдік деңгейде немесе бір мемлекеттің аймағында
болсын көші- қон мәселесі, сол елдің гео- саяси, әлеуметтік, экономикалық
жағдайы ның көрсеткіші тәрізді бет- бедерін жасап беретін маңызды құбылыс.
Бұл еңбектегі басты мақсаттар- бүкіл дүние жүзіндегі, Орта Азиядағы
көші- қонның қазіргі таңдағы хал- ахуалын, даму және құлдырау себептеріне
шолу жасай отырып, негізгі тақырыбымыз Ресей мен Қазақстандағы көші-
қонның тарихи кезеңдерінен жалпы мағлұматтар беріп, БАҚ жүзіндегі көрініс
іне мән береміз.
Ежелгі екі алып ел, көршілес Ресей мен Қазақстан мемлекеті арасындағы
гео-саяси, әскери-стратегиялық, байланыстардың тарихы терең.
Тарихы өзектес ғасырлар бойы жалғасқан көршілес Ресей мен Қазақ стан
ның әлемдік деңгейде мәні зор. Сондықтанда осы екі елдің мемлекетаралық
қарым- қатынасы да көші- қон мәселесі де ең өзекті тақырыпқа айналуы
заңды.
Бүкіл әлемдік деңгейде шет елдердегі қандастарын өз тарихи отанына
шақырып жатқан екі мемлекет Израиль мен Қазақстан болса, соңғы жылдары
Ресей де осы мәселеге жіті назар аударып келеді.
Қазіргі таңда Абай Құнанбаев атамыздың сөзіменен айтсақ орыс теріс
айтпайды[1] дейтін орыс халқымен де дипломатиялық қатынастардың
заманалардың саяси өзгерістеріне сәйкес бұрмаланып отырғаны белгілі бола
ды.
Өз заманында Қазақстан тарихын зерттеген ұлт жанашырлары алғашқы
Қазақстан тарихы туралы жазған ғалым Санжар Аспендияров және Кеңес
дәуірін- дегі Ермұқан Бекмаханов осы заманғы т.б тарихшылардың жазбаларына
сүйенсек, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон мәселесінің туындауы
сонау отарлау саясатынан басталғанын аңғару қиын емес. Отарлау
саясатының негізгі астары бүкіл бір халықтың санасын отарлау болып
табылды.
XVІІІ- XXI ғасыр аралығында екі ел арасында ірілі- ұсақты тарихи маңызы
зор талай уақиға өтті.
ТМД елдері арасында әлеуметтік әлеуеті, хал- ахуалы анағұрлым дамып
келе жатқан зайырлы Қазақстан мемлекетінің гео-саяси саясатында көші- қон
мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бұл орайда, Ресей мен Қазақстан
арасындағы көші- қон мәселесіндегі бірнеше факторлар ғасырлар бойы жал
ғасқан екі елдің шешілуі қиын түйінге айналғаны шындық.
Екі ел арасындағы саяси байланыстарды XVІІІ ғасырдан бастап осы
замандағы уақытты бес кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең XVІІІ ғасырдан 1950 жылдар аралығы болса, екінші кезең
1950 жылдан 1980 жылдар аралығы, үшінші кезең 1980 жылдан 1991 жылдар
аралығы, төртінші кезең 1991 жылдан 2001 жыл аралығы, бесінші кезең 2001
жылдан 2009 жыл аралығы.
Тек қана ТМД елдері арасындағы емес Орта Азия барысына айнал ғалы
отырған әні- міне дегенше азуын айға білеген азулы мемлекеттермен терезе
теңестіргелі отырған Қазақстанның саяси имиджі үшін де көші- қон
мәселесінің ретке келтіріліп, бақылауда болуы өте маңызды.
Жалпы Ресей Федерациясына қоныс аударып жатқан славян этносының жаппай
үдере көшу көрсеткіштері 1990-2001 жылдар аралығында жоғары болды. Бұл
мәселе еліміздегі қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық, саяси реформаларға
байланысты туындады. Бұл жөнінде Е. Ю.Садовская Внешняя миграция в
республике Казахстан в 1990 годы: причины, последствия, прогноз[2] атты
еңбегінде былайша ой түйіндейді: ТМД елдерінде соның іш інде Қазақстанға
тән болғандай көші- қон мәселесінің 1990 жылдары тез арада өзектілігі арта
түсті. Соныменен қатар, Кеңестер Одағының бұрынғы құрамындағы елдерге
қарағанда Қазақстаннан қоныс аударушы эмигранттар саны анағұрлым жоғары
болды.
1987 жылы Қазақстаннан 7,1 мың адам, 1988 жылы- 23,6 мың
(108,2мың), 1989 жылы 53 мың адам (235 мың сәйкес) қоныс аударды.
1990 жылдары көшіп –қонушылардың ағымы жедел өсе түсті 6 жыл ішінде
(1991- 1996ж) республикамыздан 2 млн адам қоныс аударды. Нәтижесінде
Қазақстан 1991 жылы- 22,2 % ал 1992 жылы -89,3 % халық табиғи өсімін
жоғалтты. 1993- 1994 жылдары көші –қондағы шығын табиғи өсімді жаныштап
қана қоймай, оны 1,4 және 2,8 есеге асрып жіберді.
1994 жылы көші –қон шыңына жетті яғни республикамызға 480 мың адам
көшіп келді. 1995 жылы тұрғындардың қоныс аударуы көшіп келгендерден 4,4
есе асып кеткендігін жазады автор.
Ал, А. И. Қаржаубаева Фронтерьские миграции [3] атты еңбегінде
1991 -2001 жылдары аралығында Батыс Қазақстан мен Ресейдің облыстары ара
сында көші –қон алмасуында 327, 9 мың адам қатынасты оның ішінде 227 мың
адам қоныс аударса, 187,7 мың біржолаға кетті. Бұл дегеніңіз тұрғындар
дың 8 %- ін құрайды.
1991- 2001 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстарының
ішіндегі Ресеймен көші –қон алмасуын, атап айтқанда Ақтөбе облысында 20
821 адам көшіп келсе, Ресейге 86 963 адам қоныс аударды. Көші қон өсімі-
66 142 мың теріс сальдо болды деп түйіндейді зерттеуін.
1990 жылдары еліміздегі ауқымды саяси реформалардың бұл мәселені
асқындырып жібергені рас. Себебі, Кеңестік Одақтан ыдыраған мемлекеттер
де дербестік пайда болғанының оң және теріс әсері білініп қалды.
Елді жайлаған жаппай жұмыссыздық, инфляция, саяси стратегиялық
бағыттардың барлығы Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың үдере
көшуіне мол себептер туғызды.
Қазақстанды мекен еткен әр түрлі ұлт өкілдерінің кейбір жылдары
үдере көшуін БАҚ сан- саққа жүгіртіп, қоғамда қарама – қайшы пікір тудыр
ды. Бұл мәселеде БАҚ- тың өзі екі топқа бөлінді. Бірінші топ – мемлекеттік
БАҚ, олар елдегі тыныштықты көздеп, көші- қон мәселесінің тек оң жақтарын
жазып, шешілуі қиын мәселелерді жабулы қазан жабулы күйінде қалдыр са,
оппозияциялық бағыттағы БАҚ бұл жүйенің тиімсіздігін, демографиялық
көрсеткіштердің төмендегенін, ұлт араздық тудырумен болды.
Бірақ, халық үшін бұл мәселенің ақ қарасының анық болғаны маңызды.
Мемлекеттік деңгейде шешілетін гео- саяси, стратегиялық мәні зор қадамға
жататын шет елдегі қазақтардың тарихи отанына оралуының өзі бірнеше кері
тартпа факторларға жол ашты.
БАҚ қандай бағыт, ұстанымына қарамастан халыққа көші- қон мәселесі
туралы объективті түрде ақпарат беруге тиіс. Шындық пен ақиқаттың арқа
сында қазіргі таңдағы көші- қон мәселесінде туындап отырған мәселелерді
шешуге мүмкін болады. Керісінше бұрмаланған ақпарат елді адастырып, саяси
сыртқы күштердің идеологиялық ықпалын арттырып жібереді.
І . ТАРАУ
1. 1. Қазақстандағы көші- қон мәселесінің туындау салдары
Қазақстандағы көші-қон мәселесі туралы сөз қозғамас бұрын жалпы
миграция яғни көші- қон мәселесіне түсінік бере кетейік.
Тұрғындардың көші- қоны яғни миграциясы (латын сөзі migratio яғни
қоныс аудару), мағынасы ерікті немес еріксіз түрде адамдардың мигрант
тар белгілі бір жер аумағының шекарасынан тұрақты түрде немесе уақытша
тұру үшін екінші бір келесі жер аумағына қоныс аударуы. Тұрғындардың көші-
қоны деген термин тұрғындардың механикалық қозғалысы деген ұғымға
жақын.
Еріксіз түрдегі эмиграция негізінен экономикалық- қаржы (қаржы
дағдарыс т.б); саяси (саяси қудалау); діни; экологиялық және басқа да
жеке себептердің пайда болуымен туындайды. Жалпы, аумақтық миграция,
сыртқы көші- қон (эмиграция және иммиграция) мемлекет шекарасынан тыс. Ал,
ішкі көші- қон дегеніміз- бір мемлекет ішіндегі көші- қон. Эмиграция мен
иммиграция жалпы қайтарымсыз болуы да мүмкін.
Эмиграция мен иммиграцияның айырмашылығы қандай?
Иммиграция (лат. сөзі immigro, қоныстанамын деген сөзінен
шыққан) дегеніміз- өзге мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ
тұлғалардың белгілі бір мемлекетке тұрақты қоныстануы үшін, жаңа азаматтық
алып қоныс аударуы. [4]
Эмиграция (лат. сөзі қоныс аударамын дегеніміз- бір мемлекеттің
азаматтарының өзге мемлекетке уақытша немесе тұрақты қоныстану үшін
азаматтығын өзгертіп немесе өзгертпей қоныс аударып кетуі.
Иммгирация дегеніміз- шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ
тұлғалардың белгілі бір мемлекетке уақытша әлде тұрақты тұру үшін қоныс
аударуы. [5]
Көші- қон мәселесі қоғамның әлеуметтік, жекелеген аймақтарды өн
діріс орындарының орналасуына да тығыз байланысты.
Тұрғындар көші- қонынының ең маңызды әлеуметтік- экономикалық
қызметі ол –халықтың аумақтық қайта бөлінісіне қарай өндіріс ошақтарына
шоғырлануына байланысты еңбек күшін және өндірістің дамуына үлес қосады.
Алайда көші- қон мәселесінің нәтижесі бірнеше қарама- қайшылықтар да
тудырады.
Тұрғындардың көші- қоны еңбек нарығында тепе- теңділікке алып келіп,
халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын өзгертуі де заңды. Әрине, бұл
орайда тұрғындарды оқу- ағарту, кәсіби дайындықты және көші- қонға қаты
сушы адамдардың қажеттілігін кеңейте түседі. Бір жағынан мигранттардың
үдере көшіп келуі, жұмыссыздық деңгейін асырып жібереді. Соныменен қат ар,
әлеуметтік инфрақұрылымдарға айтарлықтай салмақ түсіреді (тұрғын үй,
денсаулық сақтау т.б).
Көші қон жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді.
Тұрғындардың көшіп- қонуы аймақтардың бірінде халық саны азайып, келесі
бірінде көбейіп кетуіне ықпал етеді. Жоғарыда айтылып өткен жайттардың
бәрі мемлекеттік көші- қон саясатының құзырындағы іс болып табылады.
Тұрғындардың көшіп- қонуы елдің демографиялық құрылымна зор әсер
етеді.
Халық құрамының жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарай мигрант
тардың кетіп немесе қоныс аударған аймақтарындағы тұрғындардың өсу
қарқындылығының көлемінің әртүрлі болып, әсер етуші күшінің деңгейіне
байланысты, жедел және ұзақ уақытқа созылатын әсер деп ажыратуға
болады.
Ұзақ уақытқа созылатын әсер етуші күші- тұрғындардың өсу үрдісін
дегі рөліне байланысты.
Халықтың көші- қонының бір бөлігі аумақтық көші- қонға жатады.
Көші- қонның бірыңғай негізгі талаптары- өзге ел шекарасынан өту
немесе аудан, облысқа қоныс аудару болып табылады. Бұл орайда, ішкі және
сыртқы көші- қон деп екіге бөлінеді.
Сыртқы көші- қон (халықаралық) мемлекеттік шекрадан өту болып
табылады. Ол құрылықаралық және құрылықішілік болып екіге бөлінеді.
Ішкі көші- қонға белгілі бір мемлекет көлеміндегі әкімшілік-
басқару, әлеуметтік- географиялық аудандар, елді мекендер жатады.
Бір мекен, қаланың көлеміндегі тұрақты тұрғын жайды өзгерту, тұрғын
дар көші- қоны болып есептелмейді. Сонымен қатар, ауылдан қалаға, ауыл дан
ауылға, қаладан- қалаға (қаларалық көші- қон), қала тұрғындарының ауыл ға
қоныс аударуы деп жіктеледі. Маңызды болып саналатыны ауыл- қала көші-
қоны, урбанизация деңгейі өсуіне байланысты қала- қала болып дамып отыр.
Жер аумағының көлемділігіне байланысты облыс ішіндегі, облысара
лық, ауданішілік, ауданаралық болып саналады.
Көші қонның теориясы: тұрғындардың көшуін үш үрдіс деп алып
қарайды. Бастапқы кезең- тұрғындардың аумақтық қозғалысы, негізгісі- жеке
қозғалыс, соңғы кезең мигранттардың жаңа қонысқа жерсініп кетуі.
Осы тұжырымдама негізінде көші- қон процессінің әр кезеңіне сәйкес
туын дап отырған мәселелерге шешім табуға болады.[6]
Әлемдегі көші- қон мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналып
отыр. Көші- қонға біреулер әлеуметтік жағдай деп қараса, біреулер гео-
саяси жағдаймен байланастырады. Алайда көші- қон әлеуметтік, гео- саяси,
эконом икалық, стартегиялық маңызы бар күрделі механизмді құбылыс.
Көші- қонды популистік бағытта ұстанып, жалаң энтузиазммен саясат етіп
жасауға құмар жеке тұлғалар да, елдер де табылады.
Түптеп келгенде бұл мәселенің бүкіл бір мемлекеттің күре тамырына
айналып отырған инфрақұрылымдарға айтарлықтай әсерін тигізіп отырғаны
шындық.
Оксфорд Университетінің профессоры, ағылшын демографы Дэвид
Коулмэн Третий демографический переход
атты кітабында [7] жалпы әлемдегі көші- қон туралы, кеңінен таратып
жазады.
Д. Коулмэн XXI ғасырда көші- қонның өсімі Еуропадағы халық саны ның
өсіміне ықпалын тигізіп отырған бірден- бір тетікке айналғанын атап өте
ді.
Германия және Италия елдеріндегідей халықтың туылуынан өлім саны артып
тұрған мемлекеттерде тұрғындардың азаюына байланысты көші-қон тосқауыл
болуда.
Иммиграция егер көші- қон ағымына үлкен отбасылар, туыстық қарым-
қатынасы тығыз байланыстағы және бала туу көрсеткіштері жоғары тұрғын дар
қатысса қабылдаушы жергілікті тұрғындардың этникалық құрамына айт
арлықтай өзгерістер кіргізеді.
Осы ғасырдың орта тұсына қарай белең алып отырған жағдайларға бай
ланысты Батыс Еуропа мен АҚШ-тың 20- 30% бірінші, екінші ұрпағы өзге
мемлекеттердің азаматтары болған тұрғындардан құралатын болады.
Біз қазіргі таңдағы тұрғындардың көші- қонының бойынан көші- қоны
ның барша формаларын таба алмаймыз. Себебі, оның бірнеше жаңа түрлері
пайда болды. Ал, адамдардың бөлек кетуіндегі себептерінің ескі, дөрекі із
қал дырғандары, жоғалып отырды.
Егер де тұрғындар ұрпақтар ауысуын толық қамти алмаса, қорытынды туу
коофициенті: бір әйелге 2.1- 2.2 – ге жетпей және сол кезде (халық саны
нын бір деңгейде сақтап тұратын, керісінше сақтап тұра алмайтын) көші- қон
ағымы жүріп жатса, мигранттар және олардың ұрпақтары, аралас некеден
туғандар қазіргі кездегі тұрғындардың орнын басуы тиіс. Батыс Еуропа және
қазіргі заманауи мемлекеттер де бұл бағытта қозғалыс басталып та кеткен
болатын.
1960 жылмен 2004 жылдар аралығындағы салыстыруға келмейтін екі ағым:
АҚШ-тағы мигранттар ағымы мен Еуро Одақтың (15 мемлекетіндегі) ағым
жылына 1 млн адамнан астам көрсеткіштер көрсетеді. Соныменен қатар,
миграцияда туу және өлім үрдістерін қарапайым сараптауға болмайды.
Дейтұрғанмен де туу коофициенті жергілікті халық пен эмигранттар ара
сында әр түрлі. Батыс Еуропа елдерінде атап айтсақ, Франция, Голландия,
Ирландия, Швеция, Англия, Уэльсте жергілікті халықтың өсу көрсеткіші, им
мигранттардан 2. 2 - 3 деңгейге жетеді. Бірақ, бұл орайды Еуропа елдерінде
өмір сүретін шетелдіктердің туу көрсеткіштері өте жоғары деп есептеуге бол
майды. Еуропалық тектес тұрғындарда ғана төмен, ал африкалық, Сомали,
Пәкістандықтардың туу көрсеткіштері өте жоғары.
Көші- қонның жаңа толқыны туу көрсеткіші жоғары елдердің мигрант тарын
әкелуде. Бірақ қалыптасқан жағдайға туу көрсеткіштеріндегі айырма шылықтар
емес миграция әсер етеді.
1950 жылдары АҚШ-тың ақ нәсілді тұрғындары, ел тұрғындарының 87 %
құрайтын еді. Қазіргі кезде оның үлесі 71- 72 %- ға азайып отыр. АҚШ тың
ценз Бюросының болжамынша ғасырдың ортасына қарай олар тұрғындардың 50 %-
ын ғана құрайтын болады.
Қазіргі таңдағы жағдай өзгеше деп есептейтіндер бар. Бұған себеп бірін
шіден қазіргі көші- қонның өте ауқымды болуы. Екіншіден көптеген мигрант
тар Оңтүстік Америкадан, соның ішінде көршілес Мексикадан келіп жатыр.
Кейбір көршілес елдерге тән Мексика мен Американың арасындағы қарым-
қатынас шиеленсіке толы. Сол үшін де көптеген америкалықтар, мигранттар
ағымы АҚШ-тың ұлттық сипаты мен егемендігіне қауіпті екенін айтады.
Ұлыбритания мен АҚШ тың жергілікті тұрғындарының халық өсімі
мигранттардың өсімінен бірнеше есе төмен болғандықтан ұрпақтар алмасу ына
дәрменсіз. Мигранттардың тұрғындар өсіміне қосатын үлесі салмақты
болғандықтан, халық санының өсуіне миграцияның рөлі өте маңызды.
Швециядағы жағдай да мәз емес екені көрініп тұр, соңғы елу жыл ішінде
гі болжам бойынша тұрғындар саны 20% ға көші- қонның арқасында өсе
түспек.
Дэвид Коулмэнның тұжырымдамасы жергілікті халықпен мигранттардың туу
көрсеткіштері мен өлім- жітімі арасындағы айырмашылық емес, атап
айтсақ тұрғындардың табиғи болмысына тек қана көші- қон әсер етуші фактор
болады. Сондай ақ автор көші- қон мәселесіндегі шешуші фактордың рөлін
атқаратын тұрғындар құрамындағы мигранттардың болашақтағы әрекеті деп атап
өтеді. Олар қабылдаушы мемлекеттің тұрғындары ретінде кірігіп кете ме деп
әлде шетелдік, аралас некеден туылған тұлғалар ретінде оқшау топты құрай
ма?
Егер де олар сан жағынан асып түсе алмайтын жергілікті халықтан
өздерін айырықша санап сол мемлекеттің халықтық сипатына, әлеуметтік
жағдайына әсер етуі мүмкін. Ел ішінде алуан түрлі бағыттағы топ пайда
болып, әр түрлі тілдік, әр түрлі заңдық жүйені талап етуі де ықтимал.
Бірінші және екінші демографиялық кезеңдер мен салыстырғанда үшінші
демографиялық кезеңдегі адамдардың еркі, көші –қон деңгейі үкімет тарапы
нан ресми түрде бақылауда болуы керек.
Жоғарыда айтылған ой- болжамдар қабылдаушы мемлекеттің мигрант тардың
тіл, оқу- ағарту ісіндегі ассимилияцияға ұшырауына мүмкіндік беру. Бір
сөзбен айтқанда көшіп келушілер қабылдаушы мемлекеттің тілі мен мен оқу-
ағарту жүйесін қабылдап, кірігіп кетуі керек. Есіктен кіріп, төр менікі
дейтіндей күйге жеткізбеу қажет.
Д. Коулмэннің тұжырымдамасының Қазақстанға байланысты жақтарын әлі
талдай түсеміз. Әлемдік көші- қон мәселесінің күрделі механизмі тек қана
Қазақстанды ғана емес көптеген дамыған мемлекеттерді де тығырыққа тіреп
отыр. Жекелей алғанда Қазақстан әлемдік саясаттан, дағдарыстан тыс қала
ал майды. Алайда, бұл мәселеде Қазақстанның гео-саяси, топонимикалық,
стратегиялық жағдайын басты назарда ұстау маңызды.
Қазақстан халқының жалпы сауатты болуы яғни елімізде орта білім
(11 сыныпты) алу деңгейі жоғары. Соныменен қатар, ғылыми- зертеу,
ғарыштық жүйесі саласының қалыптасуы, шикізат өндіру саласының дамып келе
жатқанын атап өтуге болады. Көптеген аймақтардың экологиялық жағдайының
нашарлауы, шетелдік инвестицияларға қажеттілігі, жаңа технологиялар
импортына қажеттілігі, инфрақұрылымдардың қауқарсыздығы. Бұныменен қоса,
құрылық ішінде орналасып, көлемі өте үлкен табиғи ресурстары мол,
этникалық құрамы ала- құла мемлекет.[8]
Қазақстанның осы айтылған ерекшеліктерін қорыта келіп, дамушы мем
лекеттер қатарының қатардағы жауынгері рөлінен дамыған 50 мемлекеттің
қатарына кіреміз деген үмітімізді маздатып отырған факторлар әзірге саусақ
пен санарлық.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы көші- қон бірнеше себептермен
байланысты. Бұл жөнінде Ю. Садовская Внешняя миграция в Республике
Казахстан 1990 годы: причины, последствия, прогноз [9] атты кітабында
төмендегідей пікір білдіреді:
Сыртқы көші- қонда әлеуметтік- экономикалық, саяси үрдістер ішкі көші-
қонда әлеуметтік, экологиялық факторлар маңызды рөл атқарып отыр.
Әлеуметтік- экономикалық жағдайлар яғни тұрғындардың өмір сүру
деңгейінің төмендеуі, Кеңестер Одағының құлдыраған соң өндіріс ошақтарының
істен шығуы, жұмыссыздық, инфляцияның өршіп кетуі әлеуметтік хал- ахуалды
одан әрі өршітіп жіберді. Мұның бәрі де елдегі сыртқы көші –қон мәселесін
күрделендіре түсті.
Қазақстан Республикасы – өндіруші және өңдеуші салалы индустриальды,
аграрлық мемлекет.
Ауыр өнеркәсіптің 75 пайызын құрайтын салалық құрылымда еңбек етуші
жұмысшылар механизациялану деңгейі төмен, ауыр, физикалық, денсаулыққа
зиянды мекемелерде еңбек етеді.
Халық шаруашылығын да өнеркәсіпте қол еңбегі көп жұмсалады.
Сондықтан да солтүстік облыстар тұрғындарының көбі ауыр өнеркәсіп
саласын меңгергендіктен мигрант ретінде олардың Ресей еліне кәсіби
білімділігі төмен мамандар ретінде қажеттілігі аз. Сондықтан да
Қазақстанның солтүстік өңірлерінен кетуші эмигранттар қайтарымсыз біржолаға
көшіп кетеді.
Сондай ақ, егер экономикалық хал- ахуал түзелсе қайтарымды, мерзімді
көші- қонның Ресеймен шекаралас облыстарда көлемі ұлғаюуы мүмкін.
Ресейдің еңбек нарығының көлемділігіне байланысты қайтарымды, еңбек
көші- қоны өсе түседі.
Славян тектес ұлттардың шоғырланған жері Алматы қаласының астана лық
статусынан айрылып қалуы да олардың өз тарихи отанына қоныс аудара
бастауын үдетіп жіберді.
Көші –қонның көп айтыла бермейтін түрі ол- географиялық-экологиялық дп
аталады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік- шығыс облыстарының
сейсмологиялық, экологиялық ахуалынан қауіптенген тұрғындар саны арта
бермек.
Алыс шетелдерге эмиграция қазіргі таңда да жалғасын таба береді. Атап
айтқанда: Германия, Израиль, Греция, АҚШ.
Германия мен Израиль репатрианттар жөнінде арнайы саясат ұстануда.
Германия жылына Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңестер Одағынан келген
репатрианттарға 240 мың неміске квота бөлуде.
Германия Федеративті Республикасының нарықтық экономикасының
дамығандығы және тұрмысқа жайлы жағдайларына байланысты ел үкіметі
немістердің қазіргі таңдағы тұрып жатқан жерінде тұруға қолдау
көрсеткеніне қарамастан, Қазақстандағы этно-саяси бағыттағы себептерге
байланысты эмиграция үрдісі жалғаса береді.
Немістердің тарихи отанына кетуге үлес қосып отырған тағы бір фактор
ол қазақстандық немістер жөніндегі герман- қазақстандық, үкіметаралық
Келісім, яғни осы құжаттың талаптары Қазақстан тарапынан жүзеге аспауда.
Атап айтқанда, білім беру, мәдениет, қарым- қатынас, шағын және орта
бизнес дамытуда шағын немістер тұратын аумақта шешілмеуі 0,3 млн
немістің тарихи отанына қоныс аударуына жол ашуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2015 жылы ортаазиялық аймақта
1,5 есе, 1994 жылдың 54 млннан 75 млн-ға дейін өседі.
Аймақтың мұндай демографиялық өсімінің зардабынан алдағы 15-20 жылда
экономикалық тұрғыдан (жұмыссыздық кең етек алып кетуі) жылда тек қана
орыс тілді тұрғындар емес, жергілікті халық та мигрантқа айналуы ғажап
емес.[10]
Негізінен Қазақстандағы көші-қон оңтүстік еңбек күші мол облыстарда
жайыла бермек. Қазақстан арқылы халық көп шоғырланған және еңбек күші мол
ортаазиялық республикалардың жергілікті тұрғындары көші-қоны өтетін
болады. Еңбек көші-қонының бақылаудан тыс болуы әлеуметтік тығырыққа
тірейтін құбылыс болуы ықтимал.
Көші-қонның тұрақтануы үшін елдегі әлеуметтік- экономикалық, сая
си- құқықтық, қаржыны ұйымдастыру сияқты кешенді шаралар қолға алынуы
қажет.
Елімізде жасыратыны жоқ көші-қон мәселесінде бірнеше жылдар бойы
жүйесіздікке жол берілді. Көші- қон және демография саласының министрлері
тиімді жүйе ұсынып, айтарлықтай жақсарта түсер жоба ұсына алмады.
Елбасы Н. Назарбаевтың қазақтарды тарихи отанына оралдыру саясатын әрі
қарай жетілдіріп келелі істер атқарылуы қажет болды.
Баяғы КСРО құрамында болған бауырлас діні, ділі бір мемлекеттердегі
көші- қонның да өзіндік тарихы бар. Бір құрлықта орналасқандықтан
Қазақстанның Орта Азия елдерінен тағдыры бөлек деп айту қиын.
Орта Азия мен Қазақстанда соғыстан соңғы жылдары Кеңестік дәуірдегі
денсаулық сақтау жүйесі мен өмір сүру деңгейінің жақсаруы демографиялық
жарылыс тудырды. Ресейде 1959-1989 жылдары тұрғындар саны 1,3 есе
көбейіп отырса, Орта Азия елдерінде және Қазақстанда 2. 1 есе көбейді.
1951- 1982 жылдары осы уақыт арасында дүниеге келген тұрғындардың
1\4 қоныс аударды. КСРО-ның ыдырауымен қала тұрғындары азайып, ауылдың
тұрғындары көбейе түсті.
Баяғы 1990 жылдардың өзін алып қарасақ елімізде жүріп жатқан
нарықтық экономикаға көшу бағыты жабайы капитализмді дүниеге алып келді.
Сол жылдардағы экономиканың құлдырап, ауыл-аймақ, қалада жаппай тұрмыс
деңгейінің төмендеп кетуі сыбайлас жемқорлыққа жол ашты.
Оған фактілерден мысалдар келтірер болсақ, 1993 жылы Орта Азия
мемлекеттерінен көшіп келген 13 отбасының аянышты халін тілге тиек етуге
болады. Шілде айында Түркменстаннан келген оралмандар, Ақтөбе облысының
алыс аудандарының бірі Бөгеткөл ауданына қоныс аударады. Ауыл әкімі
арасында керекті мамандары бар адамдар келді деп құшақ жая қарсы алғанмен,
оралмандарды жер аударылғандар тәрізді жаңа үйлердің құрылысы аяқталған
жоқ деген сылтауменен ауыл сыртындағы алаңқайға үш ай бойы күркеде
ұстайды.
Шілденің аптап ыстығы, ақ жауынның астында бала-шағасымен
қысылып- қымтырылып өмір сүрген оралмандарға жаңа үйлердің құрылысы
аяқталысымен де баспана берілмеді. Жаңа үйлерді жергілікті тұрғындар
біздер баяғыдан тұрып келеміз, олар неге жаңа үйде тұруы керек?! деп
қарсылық көрсетіп, жаңа үйлерге өздері күшпен көшіп алады. Ауыл әкімі ақыр
аяғында оралмандарға уәде еткен жаңа үй, мал, дүние мүліктің мәселесін
оңай шешті. Баспана ретінде ескі құлағалы тұрған жер үйлерді, әр үйге бір
бас сиыр, бір қап ұн беріп құтылып кетеді.
Сол кездегі ауыл әкімі Қ. Аяпов көп ұзамай аудан орталығына басқа қыз
метке ауысады да орнына басқа әкім келеді. Бірінен соң бірі келген ауыл
әкім дері елді жұтатып тынды.
Сол кезеңдер тұсау салмаған асаудай сыбайлас жемқорлықтың құрыққа
ілінбей тұрған кезі болатын.
Еліміз тәуелсіздігін жария еткені күні кеше. Экономикалық хал ахуал
екі жүзді қанжардың жүзіндей қауіпті болып тұрған болатын.
Көші- қон туралы заңның да кемшін тұстары көп еді.
Отанына оралғандарға көптеген жеңілдіктер, шекарадан өту, дүние-мүлкін
жаңа мекенге көшіріп әкелу тегін жүргізіле бастады. Сондай-ақ, жұмыспен
қамту, кәсіби білімін жетілдіру, мемлекеттік тіл үйрену білім алу,
медициналық көмек көрсету, зейнетақы, төлемақы, жер орын беру, тұрғын үй
алу үшін ұзақ мерзімге несие берілу мәселесі қағаз жүзінде болмаса іс
жүзінде экономикалық қиындықтармен көші-қон және демография Агенттігінің
қызметкерлерінің бұрмалаушылықтарына байланысты жоғарыда айтылғандар дың
көбісі жүргізілмеді.
Оралман ретінде Үкімет тарапынан бөлінген қаржыны оралмандарға үй
жиһаздарын, теледидар бердік деп қағаз жүзінде қағаз толтырып бармақ басты
көз қыстының тәсілімен ат төбеліндей топ өз ұпайын түгендеп кетті.
Жемқорлықтың құрбаны болған оралмандар ғана емес бүкіл халық зардап
шекті және әлі де шегумен келеді. Әрине, сол жабайы капитализімнің
дәуірінен өтіп кетсек те қазіргі таңдағы жағдайымыз да көш ілгері дей
алмаймыз.
Бұл орайда айта кететін бір жайт сол 1990 жылдары Қазақстаннан біраз
орыс ұлтының өкілдері тарихи отанына көшіп кетті. Өкінішке орай, 1990 жыл
дардағы аудандық көші-қон басқармасының бөлімшесі толық бере алмауына
байланысты, деректер көзі жоқтың қасы. Алайда мамандардың айтуы бойын ша,
жылына 10 шақты адамның Қазақстанға қайта оралу фактілері кездесіп тұрады
дейді. Ресейлік Орынбор қаласымен Ақтөбе облысының саяси эконом икалық
байланыстары ғасырларға жалғасып жатқандықтан, екі елдің де тұрғындары
қойы қоралас болмаса да етене аралсып тұратыны рас.
Мәртөк ауданының аудандық көші-қон басқармасы ның бөлімшесінің
берген мәліметтеріне сүйенсек 1992- 2009 аралығында 3640 адам
Өзбекстаннан, 96 адам Моңғолиядан, 404 адам Түркменстаннан, 60 адам Ресей
Федерациясынан қоныс аударса 200 адам өзге елдерден келіп орналасқан.
Ресеймен шекаралас ауданы Мәртөктік тұрғындар туралы тағы да тілге
тиек етсек Ирина Гордеевна Цыба атты славян ұлтының азаматшасы да
отбасыменен тарихи отанына қоныс аударған болатын. Сол кездегі Ресейдің
әлеуметтік хал-ахуалының қиындығына төзбей, жаппай жұмыссыздық жайлаған
елден қайта Мәртөк ауданына көшіп келді. Содан бірер жыл өтпей- ақ
Қазақстанға келіп бұрынғы бақ- қуатты күйлі тұрмысына қайта оралды.
Соныменен бірге қызметі жоғарылап, қазір аудан әкімінің орынбасары
қызметін атқарып жүр. Бұндай жекелеген фактілер өте көп, себебі көші- қон
ның қайтарымды немесе қайтарымсыз болуына қабылдаушы елдегі
экономикалық- әлеуметтік жағдай өте үлкен рөл атқарады. Егер де Ресейдегі
халық тың тұрмыс деңгейі өсе түссе әрине Қазақстаннан эмигранттар саны
артады. Оған дәлел ретінде Еуропаға қоныс аударып жатқан эмигранттарды
айтуға болады.
Осы күнгі Ресеймен Қазақстан арасындағы көші-қон біраз дамыл тауып,
баяғы қарқынынан айырылып отыр. Себебі, біріншіден экономикадағы алға
ілгерілеулер, саяси тұрақтылық, шетелдердегі Қазақстанның имиджінің арта
түсуі. Сондықтан да дәл қазіргі таңда елімізде Ресеймен арадағы көші-қонда
қайтарымды факторлар кездесе бастады.
Қазіргі таңда көші–қон мәселесі неге өзектілігі артып отырғандығын
жоғарыда айтып өткеніміздей бірнеше қоғамдық факторлармен тығыз
байланысты. Себебі елдің берік іргесі болып саналатын халықтың ең бірінші
бірлігі яғни рухы бір болуы, этникалық құрамының жергілікті халықтың
мейлі сан, сапа жағынан басымдылық көрсетіп отырғаны дұрыс.
Соңғы жылдары көші-қон саласындағы туындап отырған мәселелердің
құқықтық- заңнамалық, елімізде үстемдік алып отырған қос тілділік мәселесі
не байланысты шиеленістер Моңғолия, Қытай, Еуропа елдерінен келген
қандастарымыздың қайта қоныс аударып кетуіне мол үлес қосуда. Мұның өзі
көші- қондағы бейберкеттілікті тудырып қана қоймай, бүкіл елдің саяси
имиджіне сын болары сөзсіз. Тіл мәселесінің қозғалуы іс жүзінде қазақ
тілінің қол даныс деңгейінің төмен болуы, орыстілділік мінез-құлықтың
басымдылық көрсетіп отырғаны ресми мекемелерде айқын көрініс тауып
отырғаны жасырын емес.
Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан аңыз бойынша хан ел саясатын түсін
дірмек болған ниетпен киіздің қақ ортасынан алманы қойып уәзірлеріне киіз
дің үстінен баспай сол алманы алып беріңдер деп жарлық қылған екен.
Ханның осы жарлығын тереңнен ұққан Жиренше шешен, киізді бір шетінен
шиыршықтап келіп ортасындағы алманы алып берген екен. Сонда хан тұрып
халыққа көрдіңдер ме мынау алма біздің еліміз, жау келсе қиялап шеттен
кел еді. Осы киізді шиыршықтаған тәрізді шетімізден бастап жаулап ала
бастай ды. Ақыр аяғында бас ордамызға да жетіп талқандауы мүмкін. Сол
үшінде ір геміз берік, ел астанасы мықты болуы керек дейді.
Осы көнеден келе жатқан аңыздың даналығына сүйенген Елбасымыздың
астанамызды Алматыдан Астана қаласына көшіру саясаты да ел жүрегінің
мемлекетіміздің орталығында болуын талап етті.
Тарихтың теперішін көрген қазақ халқының мызғымас бірлігі, жерінің,
елінің тұтастығы сақтап қалуды қадағалаған жанкештілігінен де болар. Бұл
саяси яғни ұлттық мүдде тұрғысынан алғандағы жағдай. Енді келесі бір
мәселе ол халықтың әлеуметтік, демографиялық жағдайы. Өз тұрғысынан бұл
өте маңызды, мемлекеттік деңгейде аса мән беретін мәселе.
АҚШ пен Еуропадағыдай көші-қонның жергілікті халықтың табиғи өсімін
басып озып, мемлекеттің негізгі ұстанған бағытын өзгертуге үлес қосатындай
жағдайға әлі жете қойған жоқ. Алайда жері аумақты Қазақстан сияқты
мемлекет, көршілес елдерге байланысты гео-саяси хал-ахуалды тепе-
теңдікте ұстап тұру басты шарт. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресей еліндегі
көші- қон мәселесін алайық, ол ел экономикасына айтарлықтай тұсау салып
отырған құбылыс. Орта Азиядағы бейберекет көші- қон Ресейде елдің
экономикасы мен демографиясында белгілі дәрежеде тәртіпсіздік тудырды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон алмасуының өзі бірнеше
кезеңдерді басынан өткерді. БАҚ-та өз кезегінде әр түрлі пікірлер пайда
болғаныменен терең зерттеуді біржақты емес жан-жақты зертеуді талап ететін
жағдай.
Жалпылай алғанда әлемдік деңгейдегі көші қонда Еуропа мен АҚШ-тың
саясаты мигранттарға жағдай жасап, халықтың жалпы құрамын арттыруға күш
салады. Сондықтан да барша үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдарының
бағдарламалары ұлттық мүддеге сәйкестендірілген. Ал, Қазақстандық жүйе
мүлде басқаша себебі мұнда халықтың ерекшеліктері де бар, мемлекет
саясатындағы өзіндік бағыт бағдарларында да ұқсастық байқалмайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей американдық демограф Дэвид Коулмэннің
мигранттардың жергілікті халықтың ұлттық құрамында басымдық көрсетіп, әр
түрлі бағыттағы топтар мен әр түрлі тілдік, заңдық жүйені талап етуі
мүмкін деген болжамының, Қазақстандағы орыс шашыранының әсірежақтас тарын
мысал етуге болады. Олар қазіргі таңда Қазақстанда қостүлділік жүйені
талап етіп, сонымен қатар елдің географиялық-ономастикалық саясатына
баспасөз бетінде наразылықтарын білдіріп отырады.
Қайсыбір мемлекет немесе ел жергілікті халықтың мүддесін,
мигранттардың мүддесінен төмен қойған емес.
Ел біртұтастығын қорғау мақсатында мигранттардың барынша жергілікті
халықпен ұлттық, мәдени, тұрмыстық тұрғыдан ассимилияцияға ұшырауына
жағдай жасайды.
Қазақстандық көші қонның қазіргі жағдайы жалпы қоғамда екі түрлі
пікір қалыптастырып отыр.
Бірі ел болашағы үшін, жергілікті халықтың этникалық құрамын көбейту
мақсатында оралмандарды тарихи отанына оралдырған дұрыс деп қызу қолдау
білдірсе, ендігі бір топ мүшелері өзге елден келгендер оралман дар (осы
сөздің өзіне ерекше бір екпінмен аса бір наразылықпен айтады) оралуы
еліміздің экономикасына зор шығын әкеліп қылмыстық істердің көбейіп
кетуіне үлес қосады деп есептейді.
Қазақстандағы көші-қон мәселесі Ресей еліндегі байбаламшыл, шовинистік
пиғылдағы шағын топтың қолшоқпарына айналғаны қашан. Алайда, екі ел де
өзара гео-саяси, тарихи байланыстардың мызғымастығына кесірін тигіз
бейтіндей болуын мемлекетаралық қарым- қатынастарына жік түспеуін
қадағалап отыр.
І. ІІ Қазақстан мен Ресей: тарихи тамырластыққа жаңа көзқарас
Екі жүз жылдық тарихы бар, ТМД елдері арасындағы географиялық,
топонимикалық, тарихи, саяси салмағы бар дербес екі мемлекет Ресей мен
Қазақстан арасындағы байланыстың тарихы өте терең.
Сонау байырғы байланыстың бастауы ХVІІІ ғасырдан басталатынын тарихтың
тарғыл беттері арқылы білгенімізбен байыбына бара алмағандықтан заманның
ағымына қарай талай бұрмаланғаны шындық. Мұны өз кезегін де тарих шылардың
жүрек жұтқандары ғана айтпаса көбісі аш құлақтан тыныш құл ақ қара
бастың қамына көп алаңдады.
Қазақстан мен Ресейдің сананы отарлау саясатын тереңнен сарала
сақ, он сегізінші ғасырдан бастау алған бұл үрдіс қазіргі таңда сол
кездегі дей басымдық көрсете алмағанмен өз кезегінде едәуір ықпал етіп
отырғанын айтып өтуіміз керек. Бұл жөнінде тарих беттеріндегі фактілерге
жүгінсек: Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты бес кезеңге бөліп
қарауға болады.
Қазақ елін, жерін, патшалық Ресей XVІІІ ғасырдан бастап Отарлау
саясатына енгізгенін жоғарыда атап өттік. Осы отарлау саясатының негізгі
бағыттары болған Ресейдің Сібір облыстарынан крепостной шаруа, казак
тарды күшпен қазақ жеріне қоныстандыру үрдісі кең етек алды.
Тарихшы Санжар Аспендяровтың жазбаларында: ... .патша өкіметі қазақ
жер ін, орыстың дүбара помещик Дворян- помещик табының мүддесі үшін
отарлады. [11]
Ал, тарихшы Е. Бекмахановтың пікірінше орыстардың ағылшындармен
шайқасының орыс елінің иелігінен тыс жатқан Хиуа- Бұхара- Қоқан- Иран-
Ауғанстан- Үндістан бағыты бойынша жүргізілетін соғыста Қазақстан таяу
дағы тыл, мықты бекініс, плацдарм болды. Бұл мемлекеттерге жүретін сауда-
саттық жолы Қазақстан арқылы өтіп әрі қарай Ауғанстан Үндістанда жалға сып
жатты. Әсіресе, Қазақстандағы позициясын мызғымастай етіп алғаннан соң
ғана ортаазиялық хандықтарға жорықтар жасауына мүмкіндік туатынын білген
Ресей патшалығы Қытай, Хиуа хандықтары арасында жатқан Қазақ станның
стартегиялық маңызы арта түсті.
Қазақстандағы құзырын бекіту арқылы Орта Азиялық хандықтармен бүкіл
Орта Азияда құдіретті жорықтар жасап, әмірлігін жүргізе алатын. Сонымен
бірге, енді қанат жая бастаған орыс капитализмі үшін Қазақстанда бекіну
әлеуметтік зор қызығушылық туғызды.
Себебі, Орта Азия тұтастай Патша өкіметінің отарлау саясатының пайда
күнемдігін арттырып, арзан шикізатты шексіз қолдануына мүмкіндік ашылды.
1 кезең:
ХVІІІ ғасырдан ХІХ -50 жылдар аралығындағы маңызды бағыттар \1сурет\
Патшалық Ресейден Кеңестер Одағына мирас болып келген қоныстандыру
саясаты, социалистік құрылыстың дәурен құрған елу жыл ішінде жалғасын
тапты. Өзге ұлттардың жер аударылғанын, депортацияға ұшырағандарын
Қазақстанға еріксіз қоныстандыру үрдісі жүріп жатты. Ғасыр басынан бастал
ған столыпин реформасы батыс және орталық облыстардан миллионнан
астам орыс, украин шаруалары көшірілді.
1916 жылы Қытайдан дүнгендер қоныс аударды. 1941 жылы соғыстың
уақытында Повольжеден, Украина, Солтүстік Кавказдан жарты миллион немістер
келді. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 95 мың корей, одан сәл кейінірек 102 мың
поляк қоныс аударды. 1944 жылы Кавказадан жарты миллионнан астам
шешен, ингуш, қарашай, балкар, қалмақ көшіп келген болса сол жылы- 4,5 мың
қырым татары, 1948 жылы оңтүстік шекаралардан 27,7 түрік – месхет тер
келді.
Голощекин 1925 жылы Қазақстанның аумақтық комитетінің бірінші хатшысы
қызметіне кіріскеннен зұлматты жылдар басталып кеткен еді.
Голощекиннің сыңаржақ саясаты қазақ халқына келген зор нәубет, тарих
парақтарын қанды дақтарға толтырды. Кіші Октябрь орнатпақ болған
Голощекин қазақ даласындағы әлеуметтік- экономикалық жүйені бұзып қана қой
май, байлар мен кедейлер арасындағы араздықты тудырып, көзі ашық, көкірегі
ояу азаматтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ә. Бөкейханов сынды
азаматтарды опат қылды.
1930 жылдан 1931 жылдың ортасында Қазақстан аумағынан 281230 қожа лық
иелері көшіп кетті. Олардың басым бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстан жеріне бет
алды. Қазақстандағы ашаршылық жылдары 1 млн 130 мың адам қоныс ау дарса,
оның ішіндегі 676 мыңы ғана қайта қоныс аударды.
30 жылдардағы халықтар санының азаюын мына таблицадан көруге болады.
(№1 кесте)
Қазақтар 2 млн 2 000 49 %
Қырғыздар 300 000 25 %
Мордва 400 000 12 %
Украин 100 000 11 %
Неміс 6 000 11 %
Белорус 300 000 10 %
Дүнген 1 000 10 %
Татар 9 000 10 %
Өзбек 20 000 8 %
Ұйғыр 10 000 8 %
Орыс 85 000 6 %
Қалғандары 9 000 10 %
1929-31 жж ГПУ-дың кезенген қаруы 883 мың адамның өмірін қиды. Ал,
атышулы үш әріптен қаза тапқандары қаншама, ашаршылық пен әртүрлі жұқ палы
аурулардан 49% қазақтар көз жұмды.
Соғыстан бұрын Қазақстанда 6, 2 млн адам өмір сүрген болса, соғыс жыл
дары 1,2 млн адам қазақстандық майданға аттанған екен.
1937- 1938 жылдар
1937-1938 жылғы қызыл қырғыннан басқа да Қазақстан үшін зор қасірет
ке айналған 1921-1922 жж, 1931-1933 ашаршылық жылдары 3 миллион адам нан
айрылып, ұлт ретінде жоғалып кету қаупі төнді. Иран, ирак, Ауғанстан,
Түркия, Қытай, Моңғолияға 400 000 адам еріксіз қоныс аударды. Қазақ
халқының 30 мың азаматы атылды, жүз мыңдағаны ГУЛАГ- тер, концлагер лерге
жабылды.
Мұрағат құжаттарына сүйенсек Қазақстанның бірнеше облыстарында соғысқа
дайындалған тұрғындар ішінде жергілікті халық
(қазақтар авт) 50,60 пайызды құрады. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысынан
қайтпай қалған қазақтар демографтардың болжамы бойынша 350 мың адам.
Бүкіл халқымыздың тамырына балта шабуға арналған ғасырлардан
ғасырларға жалғасқан жымысқы саясат неше дүркін қазақ халқының жер
бетінен ұлт ретінде жойылып кетуіне барын салғаны менен арам ойы іске
аспады.
1916 жылдар тарихына көз жіберсек сол кездегі қараңғы қазақ халқының
зиялы тобы ат төбеліндей ғана еді. Байырғы пасық саясатын іске асырудан
тай ынбай келе жатқан Патшалық Ресей қазақ даласына орыстар мен
казактарын, еріксіз қоныстандыруын жалғастырып жатты. Сол жылдардағы
жылнама да Орыс патшасының әр жан басына салық салып, халықты аяусыз қанай
баста ғаны және ел билеген қазақтың сұлтан, билерінің шен- шекпенге
сатылып елі нің мүддесін қорғай алмауы қасіретке айналды. Ақ патшаның
саясаты ел биле ген бай- манаптардың өз жағында болуын қадағалады. Соның
нәтижесінде Патша жарлығына қарсы шыққандар қатаң жазаланылып отырды.
Бұл орайда атақты Июнь жарлығы Кенсарының қозғалысы, Амангелді
Иманов, Сырым Датұлының елі мен жері үшін шайқасқан ерліктерін атап өт сек
артық емес.
Сонау қалмақ- жоңғар шапқыншылығынан аман қалған қазақ халқының
қалғаны Х1Х ғасырдың зобалаңынан аман қалмады. Голощекиннің ашаршылығы,
37-38 жылдағы қызыл қырғын, 1940-45 жылдардағы соғыс қазақ халқының
әлеуметтік, демографиялық хал- ахуалын ойсыратып кетті.
2 кезең:
1950 жылдан - 1980 жылдардағы бағыттар
2 сурет
Қазақстанның халықтық құрамының әртүрлілігі сонау он сегізінші ғасыр
дан басталды деп айтып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz